Конституциялық құқық ұғымы. Конституциялық қыұқықтың қайнар көздері. Конституциялық-құқықтық нормалар. Құқық ұғымы



жүктеу 68.51 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі68.51 Kb.
Конституциялық құқық ұғымы.

Конституциялық қыұқықтың қайнар көздері.

Конституциялық-құқықтық нормалар.
Құқық ұғымы.
Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, тісіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады.

Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.

Құқық нормалары өзара үйлесімді жұмыс істеуі қажет.Осы мақсатта олар салаларға, салашықтарға және құқық институттарына бөлінеді. Мұндай құрылым құқық жүйесі деп аталады.

Құқық жүйесі құқық нормаларынан тұрады, аталған нормалар құқық саласын құрайды, салалар ішінде құқық нормалары құқық институттарына топтастырылады.Бірқатар іргелі құқық салалары құқық салашықтарына бөлінеді.

Кез келген құқық саласы өзінің пәні мен құқықтық реттеу әдістеріне ие. Құқық нормалары арқылы реттелетін біртектес қоғамдық қатынастар құқықтық реттеу пәні болып табылады. Құқықтық реттеуді жүзеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер.

Құқықтық реттеудің мынадай негізгі әдістері бар:

императивті (тегеуірінді түрде) – тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;

диспозитивті – рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құқықты әдісі.

Сондай-ақ қосымша әдістер де болады:

►көтермелейтін – құрметтеуге лайықты іс-әрекет үшін марапаттау әдісі;

►ұсынылатын – мемлекет пен қоғам үшін лайықты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.
Конституциялық құқық ұғымы.

Құқық жүйесінің басты саласы – конституциялық құқық болып табылады )кейбір елдерде ол « мемлекеттік құқық » деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.

Конституциялық құқық маңызды мынадай мәселелерді:

► қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;

►мемлекеттік билік пен жегілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;

►адам мен азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Конституциялық құқық – адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте қажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды.
▲ Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім қамтамасыз етеді?Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар.

Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауга, басқа тұлғалардың құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында жауап беруге тура келеді.

Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:

► міндеттеу әдісі;

► тыйым салу әдісі;

► ерік беру әдісі;

► мойындау әдісі.
▲ Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті.

Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді.

Біздің еліміде әркім өзінің ана тілін, мәдениетін пайдалануға, қолдануға құқығы бар екендігі белгілі.

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі.


Конституциялық құқықтың қайнар көздері ұғымы және оның

түрлері.

Қоғамдық құбылыс ретінде құқықтың ішкі және сыртқы түрі болады. Құқықтың ішкі пішіні – оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен жүйесі. Құқықтың сыртқы пішіні – құқықтық тәртіп ережелері арқылы бекітілетін заңдық қайнар көздердің жиытығы. Құқықтық нормалардың жиынтығын құқықтың қайнар көздері деген ұғымға жинақтауға болады. Құқық тек мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады.

Конституция;

► конституциялық заңдар;

► әдеттегі заңдар )жай заңдар);

► президенттің нормативті жарлықтары;

► үкімет қаулылары;

► қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік билік ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құқықтық-нормативтік актілер Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының қайнар көзі болып табылады.

Көрсетілген актілердің әрқайсысының нақты заңдық күші, оны қабылдаудың, жариялаудың, күшін жоюдың тәртібі болады. Аталған мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының «Нормативті құқықтық актілер туралы» Заңында толық қарастырылған.

Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының ең басты қайнар көзі Конституция болып табылады.

► Конституцияның ең жоғары заңдық күші болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағына тікелей ықпал етеді. Бұл құқықтың басқа барлық қайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және оған қайшы келмеуі қажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні қабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы қолдана алады.

► Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал етеді. Олар қоғамдық қатынастардың басты жақтарын реттейді.

► Конституция тек конституциялық құқықтың ғана қайнар көзі емес, сонымен қатар басқа құқық салаларының да қайнар көзі болып табылады.

► Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі бекітілген.

Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда қабылданады, заңдары Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының келесі қайнар көзі – конституциялық заңдар болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген нормаларды нақтылайды және тек Конституцияда көрсетілген мәселелерді ған реттеуде қолданылады.

▲ Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы және оны ресми қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру тәртібі; республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканың сот жүйесі бекітіледі; президенттің құқықтық мәртебесі; парламентті құру және қызметін ұйымдастыруб оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; үкіметті құру және оның қызметін ұйымдастыру құзыры айқындалады; Конституциялық кеңестің қызметі және оны ұйымдастыру тәртібі реттеледі.


Жай заңдар – қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлық жақтарын реттейді. Елімізде көптеген жай заңдар әрекет етеді. Солардың қатарына кодекстерді жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті жарлықтары – мемлекет пен қоғам өмірінің әр түрлі мәселелеріне қатысты президент қабылдайтын акті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары – үкіметтің өз қызметі шеңберінде қабылданған, конституциялық-құқықтық мазмұндағы актісі.

Халықаралық келісімшарт нормалары да конституциялық құқықтың қайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар.

Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті ұйымдастыруымен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жатқызылуы мүмкін.



Конституциялық құқықтық нормалар.
Конституциялық-құқықтық нормалар мемлекеттік органдар арқылы қабылданады. Олар, басқа да заңдық нормалар сияқты екі түрлі: реттеуші және құқық қорғаушылық қызметтерін атқарады. Осыған сәйкес реттеуші және құқық қорғаушылық нормаларына бөлінеді.

Реттеуші нормалар – құқықтық қатынасқа түсушілерге құқық беру және міндеттер жүктеу арқылы мемлекет пен қоғамға пайдалы мінез-құлықты белгілейді. Мұндай нормалар Конституцияның ІІ тарауында адам және азаматтарға құқықтар мен еркіндіктер беру, міндеттер белгілеу арқылы көрінеді.

Құқық қорғаушылық нормалары – мұндай нормалардың талаптары бұзылған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу қарастырылған.
▲ Парламент депутаттары Респулика Президентіне Қазақстан Республикасы заңдарын орындамағаны үшін Үкімет мүшесін қызметтен босату туралы өтініш жасай (ұсыныс беру) алады.
Сонымен қатар конституциялық-құқықтық нормалау өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлінеді.

Өкілеттік беруші нормалар мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, азаматтарға қандай да бір іс-әрекет жасауға құқық береді. Тыйым салушы нормалар қандай да бір әрекетті жасауға тыйым салады. Міндеттеуші нормалар азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік органдарға белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды міндеттейді.
▲ Конституция Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік органдарға сайлауға , сайлануға құқық береді.

Конституция Республика президентіне депутат болуға тыйым салады. Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаның мүшесі бола алмайды. Біздің елімізде цензураға тыйым салынған.



Қазақстан Республикасын қорғау оның барлық азаматтарының қасиетті борышы мен міндеті болып табылады. Парламент депутаты оның жұмысына қатысуға міндетті.
Сонымен, конституциялық құқық, құқық жүйесінің жетекші саласы болып табылады. Конституциялық құқық арқылы реттелетін қоғамдық қатынастар қоғам мен мемлекеттің негізгі құрылымын, адам және азамат құқықтары мен міндеттері жүйесін, мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

Конституция – ең жоғары заң, мемлекеттің ең басты нормативті құқықтық актісі, конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі. Конституциялық-құқықтық нормалардың жоғары заңдық күші бар. Конституцияға қайшы келетін құқықтық актілердің заңдық күші болмайды және оның күші сөзсіз жойылады.
: ld
ld -> Сабақ тақырыбы, мақсаты Сабақ үрдісінде қолданылатын модульдер, әдіс-тәсілдер Сабақтың нәтижесі
ld -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қарсы мәндес сын есімдердің жасалу
ld -> Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев.
ld -> Қазақ мемлекеттік қыздар
ld -> 1. Отбасын таныстыру. Қай істеде өнер қолдан өнерлі адам жеңер болған
ld -> Мұқағали Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі Опечатка
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ана өмір гүлі




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет