Куттыгулова Салима География пәні мұғалімі М. Сиранов атындағы орта мектеп Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы



жүктеу 68.69 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі68.69 Kb.
Куттыгулова Салима

География пәні мұғалімі

М.Сиранов атындағы орта мектеп

Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы



География

9 - сынып

Сабақтың тақырыбы:

Түсті метталлургия

Сабақтың жалпы мақсаты:

Түсті металлургияның маңызын, құрамын және Қазақстанның түсті метал түрлері бойынша дүние жүзіндегі орнын анықтау. Ауыр металдар, жеңіл металдар, бағалы және сирек кездесетін металдардың және Қазақстанның металлургиялық базалары ның географиясы туралы білімдерін қалыптастыру.

Сілтеме:

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы.География және табиғат журналы.№6.2013

Оқу нәтижесі:

Түсті метталдардың топтасуын, қасиеттерін біледі, зауыттардың орналасу принциптерін анықтайды. Қосымша мәліметтермен жұмыс жасауды үйренеді.

Негізгі идеялар:

Дүние жүзінде 70-тен астам түсті метал балқытылады .Оларды 14 сала өндіріледі. Барлығы қосылып,түсті металлургия құрайды. Түсті металдар:ауыр,жеңіл,бағалы металдар болып топқа бөлінеді.Ауыр металды кендердің құрамы өте көп. Шымкентте қорғасыннан басқа 14 түрлі өнім алынады. Бір ерекшелігі – құрамында пайалы компонент тердің аз болуы. Сондықтан балқыту зауыттары шикізат көзіне таяу орналаса ды. Осы себептен мұнда көп кезеңді флотация қолданылады. Елімізде ауыр түсті металдарды мыс және қорғасын-мырыш (полиметалл) өндірісі салалары шығарады. Полиметалл өндірісінің басты ауданы– Кенді Алтай. Мұнда үш ірі орталық бар – Зырян, Риддер, Өскемен. Ауыр металдар ға қарағанда жеңіл металдар кендерінде пайдалы компоненттерінде көп болады. Бірақ оны өңдеуге көп электр қуаты қажет.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Қазақстанның экономикалық картасы, плакаттар, интерактивті тақта, слайдтар,оқулық,электронды оқулық, Атлас. Флипчарт, қағаздар, стикер, суреттер

Оқу әдістері:

Жаңа әдістер: сұрақ –жауап, диалог, ой шақыру, Блум таксономиясы, топтық жұмыс, танымдық ойын

Дерек көздері:

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы оқулығы В.Усиков т.б.2013ж. Интернет материалдары «Түсті метталлургия» География және табиғат журналы

Тапсырмалар:

Топтық жұмыс,постер қорғау,сұрақ-жауап, «Кім шапшаң!» сәйкестендіру,Қазақстанның пайдалы қазбалары кескін карта толтыру. Мыс қорытпалар, Түсті металлургия зауыттардың орналасу ерекшеліктері кестемен жұмыс,Сандар сөйлейді.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әректі:

I.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2мин)

Мұғалімнің іс-әректі

Оқушының іс-әрекеті




Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Топқа бөлу

Әр түрлі іс-әрекет бойынша топқа бөлінеді.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау ( 5 мин)

Мұғалімнің іс-әректі


Оқушының іс-әрекеті




Білімді тексеруге арналған сұрақтар 1.Конструкциялық материалдар деп нені атайды? 2.Металлургиялық кешен дегеніміз не,ерекшеліктері қандай? 3.Қара металлургияға қандай шикізат қажет? 4.Толық циклді металлургия комбинаты деп қандай комбинатты атайды? 5.Ферроқорытпа қандай өндіріс қай жерде орналасқан? 6.Тест

1.Сұрақтарға жауап береді

2.Білгендері ортаға салады.

3.Тестіні тексеріп,бірін-бірі бағалайды.


ІІІ.Жаңа тақырып

(7 мин)


Power Point презентация арқылы таныстырылым жасау, сабақты түсіндіру шешімін талдату Алдыңғы тақырыппен байланыстыра отырып, мағынаны тану

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау; тақырыптың мағына сын ашу; салыстыру

Компьютерде жеке жұмыс

(10 мин)


Компьютерге енгізген тапсырмаларды ашу,орындау ретін түсіндіру.Бағалау кретерийлермен таныстыру.

1.Кен орындарды орналастырады. 2.

Сергіту сәті (2 мин)

«Қара жорға») музыкасы бойынша билету

Қозғалыс қимылдарын қайталап, билейді

Топтық жұмыс

(7 мин)


1.Ауыр металдар өндірісінің географиясы.

2.Жеңіл металдар металлургиясы

3.Бағалы және сирек кездесетін металдар.


Постерге тапсырманы орындайды. Оқушылар қорғап,түсіндіреді. Әр топ «Екі жұлдыз,бір тілек» бойынша бағалайды .

IV.Қорытындылау

(5мин)


Салыстырмалы түрде ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындап, «Мені түсін» тапсырма бойынша сұрақтар беріледі

Салыстырмалы түрде ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айтып , жауап береді.

V.Үй тапсырмасын беру (2 мин)

§ 22-23 Түсті металлургия.Ауыр және жеңіл метталдар металлургиясы. Тапсырмалар. Тест.Мақал-мәтелдер.Интернет материалдары.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу.Сұрақ қою арқылы түсінбегенін сұрау,білу.

VI.Бағалау ( 2 мин)

Формативті бағалау: смайлик; Екі жұлдыз,бір тілек Суммативті бағалау:жеке оқушыға стандарт талаптары бойынша баға қою.

Бағалауды қабылдау, өз ойын білдіру

VII.Рефлексия (3мин)

Сабақтан алған әсерлерін

«Тор көзді талқылау»



Ұнағаны

Ұнамағаны

Таң қалдырды

Сұрағым бар



Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын қысқаша эссе арқылы жеткізу,

Тапсырмалар:

Мыс қорытпалары

1. Қалайы 1. Қола

2. Никель 2.Мельхиор

3. Алюминий 3. Дюралюминий

4. Мырыш 4.Латунь

Қазақстанның пайдала қазбалары

р/с

Пайдалы қазбалардың аты

Кен орындары

Шартты

белгілері

Химия лық

белгісі

Пайдалануы


1

Алюминий

Арқалық




AI

Электр сымдар, ыдыс аяқтар

2

Мыс

Жезқазған,Саяқ,

Қоңырат,Бозшакөл,

Жыланды,Ұлытау





Cu


Электр сымдар, электр техника машина жасау

3

Мырыш

Оңтүстік Қазақстан,

Шығыс Қазақстан






Zn

Мырыштан қапталған темірді тот баспайды. Шелек,тұрмысқа пайдаланады.

4

Қорғасын

Оңтүстік Қазақстан

Бозшакөл,Риддер

(Шығыс Қазақстан)





Pb

Аккумулятор жасауға,электр кабельдердің сыртын қаптауға

5

Алтын

Юбилейное (БҚ),

Жітіқара (СҚ),

Васильков,Жолымбет

Степняк,Бестөбе, Ақбақай, Бақыршы






Au


Әшекейлерге, электр тогын өткізгіштік заттар

Түсті металлургия зауыттарының орналасу ерекшелігі

р/с

Зауыт орналасқан қаланың аты

Зауыттың аты


1

Павлодар

Алюминий зауыты

2

Шымкент

Қорғасын зауыты

3

Балқаш

Мыс комбинаты

4

Жезқазған

Мыс комбинаты, «Қазақмыс» корпарациясы

5

Өскемен

Қорғасын-мырыш комбинаты

6

Риддер

Полиметалл комбинаты

7

Ақтөбе

Хром және никель зауыты

8

Өскемен

Титан-магний комбинаты

«Ойлан тап !» ойыны

Алтын Сирек кездесетін

Титан Ауыр

Уран Жеңіл

Молибден Қымбат

Қорғасын Баяу балқитын

Платина Бағалы

Cандар сөйлейді

1960- 1960жылдан бастап түсті металлургияның алюминий, титан, магний салалары дамыды.

16- Вольфрам металының 16 кен орны бар.

1- Дүние жүзінде кен орнының қоры жөнінен вольфрам 1-ші орын алады.

1717- 1717 жылы Алтайда қорғасын және мырыш анықталды.



1997- 1997жылы «Қазақмыс»корпорация құрылды

1800- 1т алюминий балқытуға1800 квт.сағ энергияжұмсалады.
: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет