«Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 372.46 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі372.46 Kb.



Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы _____________
№ бұйрығына

4-қосымша





«Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын
ұйымдастыру жөніндегі қызметке
лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі.


      3. Мемлекеттік қызметті сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);

2) www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

     1) орталыққа немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап лицензия беру, заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру және заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеу үшін он бес жұмыс күнін, лицензияның телнұсқасын беру, жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезінде қайта ресімдеу үшін екі жұмыс күнін құрайды (өтініш пен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды;

      3) жүгінген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

     6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға, қайта ресімдеуге және лицензияның телнұсқасын қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен куәландырылады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

Лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 471-бабына сәйкес алынады және ол лицензия беру үшін 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) және лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды.

Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқаларын беруге электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

8. Жұмыс кестесі:

1) орталық – көрсетілетін мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесі бойынша күн сайын, дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық кезек» тәртібімен жеделтетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Қызмет алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;

2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы мынадай құжаттардың тізбесін ұсынады:

1) бірінші кезеңде лицензия алған кезде орталыққа:

заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

заңды тұлға үшiн – өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;

жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жеке кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнi жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

жобалау компаниясына меншік құқығында немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;

құрылыстың нөлдік сатысындағы жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысының көшірмесі;

агент-банкпен шарттың көшірмесі;

тұрғын ғимартты салу үшін агент-банктің тұрғын ғимаратты салу құнының кемінде он бес пайызы мөлшерінде немесе нөлдік циклдегі құрылыс құнына балама мөлшерде меншікті қаражатының бар екені туралы анықтамасының көшірмесі;

қол қойылған пайдалануға беру актілерінің, жобалау компаниясының жарғылық қорында елу пайыздан астам жарғылық капиталы бар құрылтайшының, оның ішінде тапсырыс беруші ретіндегі құрылтайшының тұрғын ғимараттарды тұрғызуда кемінде үш жыл тәжірибесінің бар екенін растайтын қосалқы мердігерлік шарттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

қол қойылған пайдалануға беру актілерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері, жобалау компаниясының жарғылық қорында елу пайыздан астам жарғылық капиталы бар құрылтайшының кемінде жүз пәтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде пайдалануға беру тәжірибесінің болуы;

жобалау компаниясының жарғылық қорында елу пайыздан астам жарғылық капиталы бар құрылтайшының кемінде жүз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде меншікті капиталының бар екені туралы агент-банк анықтамасының көшірмесі;

2) екінші кезеңде лицензия алған кезде орталыққа:

заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

заңды тұлға үшiн – өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;

жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жеке кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнi жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

құрылыс объектісінің жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысының көшірмесі;

құрылыстың нөлдік циклінің аяқталғаны туралы аралық қабылдау актісінің көшірмесі;

агент-банкте үлескерлердің тұрғын ғимарат құрылысы құнының кемінде он бес пайызы мөлшерінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға сәйкес енгізілген депозитінің бар екені туралы агент-банк анықтамасының көшірмесі;

құрылысты аяқтау үшін толық көлемде меншікті қаражатының не тұрғын ғимарат құрылысы құнының кемінде жиырма бес пайызы мөлшерінде меншікті қаражатының бар екені туралы агент-банк анықтамасының және құрылысты аяқтау үшін жеткілікті инвестиция беру туралы инвестормен келісімнің көшірмесі;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсететін ұйыммен шарттың көшірмесі;

3) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеген кезде орталыққа:

заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);


      «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері;

4) лицензияның телнұсқасын берген кезде орталыққа:

заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат – салыстырып тексеру үшін;

лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы; дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін; лицензия туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында орталықтың қызметкері өзі алады;

5) бірінші кезеңде лицензия алған кезде порталға:

заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сканерленген көшірме түрінде қоса беріледі);

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

осы стандарттың 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттар, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;

6) екінші кезеңде лицензия алған кезде порталға:

заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сканерленген көшірме түрінде қоса беріледі);

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

осы стандарттың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттар, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;

7) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеген кезде порталға:

заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі);

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың сканирленген көшірмелері.

8) лицензияның телнұсқасын берген кезде порталға:

заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық ұсынған нысан бойынша жазбаша келісім береді.

Құжаттар орталық арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:

сұратудың нөмірі мен қабылданған күнін;

сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;

оса берілген құжаттардың саны мен атауларын;

құжаттардың берілетін күнін (уақытын) және орнын;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдап алған орталық қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын;

көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын, көрсетілетін қызметті алушының өкілінің тегін, атын, әкесінің атын және олардың байланыс телефондарын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін, лицензия туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында қызмет беруші өзі алады.

10. Егер:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынса;

2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмесе;

3) қызмет алушы біліктілік талаптарына сай келмесе;

4) өтініш берушіге қатысты оның қызметтің жекелеген түрімен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса;

5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес қолхат береді.
3. Шағымдану тәртібі
     11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым қызмет алушының қалауы бойынша:

1) қызмет берушінің интернет-ресурсындағы орналасқан азаматтарды қабылдау кестесі қызмет берушінің басшысына;

2) қызмет берушінің интернет-ресурсындағы орналасқан нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

3) қызмет берушінің интернет-ресурсындағы «сұрақ-жауап» бөліміне;

4) қызмет беруші басшысының блогына;

5) қызмет берушінің шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;

6) қызмет берушіге жазбаша шағым беру арқылы жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде дөрекі қызмет көрсету туралы шағымды қызмет алушы мынадай жолмен береді:

1) орталықта – орталық филиалының басшысына тікелей не Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А үй мекенжайы, 8 (7172) 94-99-95 телефоны, www.con.gov.kz. интернет-ресурсы бойынша орталық басшысына береді;

2) порталда – мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірі бойынша (1414) береді.


      Шағым құзыретіне шағымда көтерілген мәселелерді шешу кіретін субъектінің немесе лауазымды адамның атына жіберілуге тиіс.

Шағымда шағым берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болса), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға қызмет алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде іс-әрекетіне шағым беріліп отырған субъектінің атауы немесе лауазымды адамдардың лауазымы, тегі және аты-жөні, шағым беру себебі мен талаптары көрсетіледі.


      12. Қызмет беруші мен орталықтың атына түскен қызмет алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Қабылданған шағым қызмет берушінің ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі, бұл ретте қызмет алушыға күні мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.


      Орталықта қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның орталықтың кеңсесiнде тіркелгені болып табылады (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркелген күні шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады). Қызмет алушының шағымы қабылданғаны туралы растау үшін оған шағымды қабылдаған адам талон береді, онда шағымның нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiледі.

Шағым тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қызмет алушыға оны қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

Қызмет алушының уәкілетті органның атына түскен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Шағым тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қызмет алушыға оны қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.


      Портал арқылы электрондық өтініш жіберілгеннен кейін порталда қызмет алушы өзінің «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, ол мемлекеттік орган өтінішті өңдеген кезде жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

13. Қызмет берушінің шағымды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



4. Өзге талаптар
      14. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа өзінің келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушыдан (қағаз жеткізгішті толтырған кезде) мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды орталықтың қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің kds.gov.kz және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген мемлекеттік органның minregion.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

Орталықтардың мекенжайлары www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

16. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы сұрау жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.

17. Қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету дәрежесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі қызмет алушының «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады.

18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414.


______________________________


«Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша


Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны



алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
___________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

___________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

___________________________________________________________________

(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің (-лері) толық атауы көрсетiлсiн)


жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын

Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

___________________________________________________________________

(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

Электрондық пошта _________________________________________________

Телефондары _______________________________________________________

Факс ______________________________________________________________

Банк шоты _________________________________________________________

(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің


мекенжайы ________________________________________________________

(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)


______ парақта қоса беріліп отыр
Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

Жеке тұлға __________ ________________________________________

(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)


Мөр орны Толтыру күні: 20___ жылғы «__» ___________


«Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша


Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны



алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
___________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

___________________________________________________________________

(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

___________________________________________________________________

(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)

___________________________________________________________________________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын

Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________

(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

Электрондық пошта _________________________________________________

Телефондары _______________________________________________________

Факс ______________________________________________________________

Банк шоты _________________________________________________________

(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы _________________________________________________________

(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)


______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).


Басшы ______________ __________________________________________

(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)


Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________


« Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша


Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны



қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
___________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

___________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

___________________________________________________________________

(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)

______________________________________________________жүзеге асыруға

20___ жылғы « »___________ № _____________, _______________ берілген,

(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы)

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

(керектің асты сызылсын)

қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі _______

2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______

3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі _______

4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________

5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______

6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______

7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________

8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _________________________

___________________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

Электрондық пошта _________________________________________________

Телефондары _______________________________________________________

Факс ______________________________________________________________

Банк шоты _________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ________________________________________________________

(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)

______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ____________ ______________________________________

(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)


Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» ________________

« Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

4-қосымша




Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
___________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

___________________________________________________________________(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

_____________________________________________________ жүзеге асыруға

(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лері) толық атауы)

20___ жылғы « » _____________ № ____________, _____________ берілген,

(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы)

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

(керектің асты сызылсын)

қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

бірігу ____

қайта құру ____

қосылу ____

бөліп шығару ____

бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы

2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____

5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____

6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____

7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____

8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

Заңды тұлғаның мекенжайы

___________________________________________________________________

(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

Электрондық пошта _________________________________________________

Телефондары _______________________________________________________

Факс ______________________________________________________________

Банк шоты _________________________________________________________

(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің


мекенжайы ________________________________________________________

(шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

Басшы ______________ ________________________________________

(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _______________



«Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

5-қосымша




Нысан
Кімге _____________________________________________________________
                        (лицензиардың толық атауы)
кімнен ____________________________________________________________
        (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН деректемелері)
ӨТІНІШ
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)

жүзеге асыруға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның


телнұсқасын беруді сұраймын.

Тұратын жері _______________________________________________________


Жеке басын куәландыратын құжат: түрі __________, сериясы ___________,
№ ______________, кім берді _______________ қашан берді _____________
Банктік шоты (бар болса) ____________________________________________
                  (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________


___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
____________                      ____________________________________
   (қолы)                             (тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш 20__ жылғы _______________________________ қарауға қабылданды.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     (лицензиардың жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)


«Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

6-қосымша




Нысан
Кімге _____________________________________________________________
                        (лицензиардың толық атауы)
кімнен ____________________________________________________________
              (заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

ӨТІНІШ
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
        (қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)

жүзеге асыруға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның


телнұсқасын беруді сұраймын.

Мекенжайы ________________________________________________________


___________________________________________________________________
  (индексі, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс, e-mail)
Банктік шоты ______________________________________________________
                (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Филиалдары (өкілдігі, объектілері, пункттері, учаскелері) _________________
___________________________________________________________________
                (орналасқан жері және деректемелері)
Қоса берілген құжаттар:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Басшы ____________               ____________________________________
         (қолы)                        (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөрдің орны 20__ жылғы ___________________
Өтініш 20__ жылғы _______________________________ қарауға қабылданды.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
           (жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)


«Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

7-қосымша




нысан
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, бар болса –

әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) ұйымының атауы)

                                  
________________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет
көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды
қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында
көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________; 2) ___________________________________________________________;


      3) ….

ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.



Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
      Аты-жөні (ХҚО қызметкері)                                  (қолы)
      Орындаушы: Т.А.Ә. _____________________________________________
      Телефоны ______________________________________________________
      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
      20__ ж. «___» ________________
: upload -> files -> Proekty standartov
Proekty standartov -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа
Proekty standartov -> «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Proekty standartov -> «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының режимін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Proekty standartov -> «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
Proekty standartov -> «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Proekty standartov -> «Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат»
Proekty standartov -> «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Білім беру қызметіне лицензия беру»
Proekty standartov -> Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын
Proekty standartov -> «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
Proekty standartov -> «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет