Үлгі тақырыпнамасы «Жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары» секциясы



жүктеу 235.37 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі235.37 Kb.
Қазақстан Республикасы Білім

және ғылым министрінің

2013 жылғы «15» шілде № 276   

бұйрығына 2-қосымша



Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің 2013 жылғы тамыз педагогикалық кеңестерінің секция отырыстарының

үлгі тақырыпнамасы

«Жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары» секциясы


  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында білім беру ұйымдарын басқару.

  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы аясында білім беру ұйымдарының міндеттерін іске асыру.

  3. Стратегиялық талдау – инновациялық процесті басқарудың негізі.

  4. Жалпы білім беретін мектепте критериалды бағалау үлгісі негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.

  5. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды басқару: проблемалары және жүзеге асыру жолдары.

  6. Электронды психологиялық-мониторингтік жүйені құру тәжірибесі.

  7. Білім ұйымдарында электронды құжат айналымын енгізу.

  8. Мониторинг – білім беру сапасын қамтамасыз ету құралы.

  9. Білім беру менеджерінің 12 жылдық оқытуға көшудегі кәсіби құзырлылығын дамыту.

  10. Біліктілік арттырудың деңгейлік Бағдарламасы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың жаңа амалдары.


«Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары» секциясы


  1. Қазақстан Республикасының тәрбие беру саласындағы ұлттық саясат: өзекті проблемалары және даму болашағы.

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жастардың бойында патриоттық сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу.

  3. 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында қазіргі заманға лайық бала тұлғасын қалыптастырудың тұжырымдамалық амалдары.

  4. Қазіргі қоғамдағы білім алушылардың азаматтық белсенділігі мен әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру.

  5. Электронды мектеп жағдайында тәрбие процесін басқарудың қазіргі әдістері және автоматтандырылған жұмыс орнын құру.

  6. Мониторинг негізінде тәрбие процесін жетілдіру – білім беру менеджменті жүйесі ұстанымдарының бірі.

  7. Тәрбиедегі кедергілерді жеңуде коучинг технологиясын пайдалану.

  8. Оқушылардың бойында этностық және діни толеранттылықты тәрбиелеу, экстремизм мен радикализмге қарсы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.

  9. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.

  10. Педагогикалық ұжымның ата-аналар қауымымен әрекеттестігі.


«Әдістемелік қызмет мамандары» секциясы


  1. Әдістемелік қызметті дамыту – білім беру ұйымдарында инновациялық қызмет сапасын қамтамасыз ету факторы.

  2. Біліктілікті арттыру жүйесін жаңғырту жағдайында әдістемелік қызметтің жаңа амалдары.

  3. Коучинг және менторлық арқылы педагогтардың кәсіби дамуын жетілдіру әдістері.

  4. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында әдістемелік қызметті жобалау.

  5. Үздік тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату – инновациялық педагогикалық идеялар мен технологиялар қорын әдістемелік қамтамасыз ету жолы.

  6. Сыни тұрғысынан ойлау теориясы негізінде педагогтың кәсіби құзырлылығын жетілдіру.

  7. Біліктілікті арттыру жүйесінде электрондық оқытуды енгізу: проблемалары және даму келешегі.

  8. Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда «виртуалды кабинет» құрудың ғылыми-әдістемелік негіздері.

  9. Біліктілікті арттырудың көпдеңгейлі жүйесі негізінде әдістемелік қызметті он-лайн тәртібінде ұйымдастыру.

  10. Әдістемелік жұмыстың портфолиосы – педагог кадрлардың кәсіби өсу құралдарының бірі.


«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары» секциясы


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын еңбек нарығының талаптарына сай техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білікті мамандарды дайындау.

  2. Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту – еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің маңызды факторы.

  3. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын» жүзеге асыру барысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру проблемалары.

  4. Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жағдайындағы әлеуметтік серіктестік.

  5. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жұмыс берушілер және бизнес-қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен дамыту.

  6. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын тиімді басқару – мамандар даярлаудың сапасын арттыру жолы.

  7. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сапа менеджменті жүйесін енгізу тәжірибесі.

  8. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындарда дуалды оқыту жүйесін енгізуді жандандыру.

  9. Басқарудағы жобалау – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жетілдірудегі тиімді амалдардың бірі.

  10. Басшылардың басқарушылық құзырлылығы – кәсіптік білім беру сапасын дамытудың негізі.


«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнаулы пән оқытушылары» секциясы


  1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мамандарының кәсіби құзырлылығын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.

  2. Кәсіптік білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі құзырлылық амал.

  3. Арнайы пәндерді оқытуда кіріктірілген оқу-өндірістік орта құру.

  4. Мамандыққа оқыту процесінде тұлғаны дамытудың психологиялық-педагогикалық шарттары.

  5. Оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының кәсіби бағыттылығы.

  6. Арнайы пән педагогтарының бейіндік-мамандану құзыреттіліктерін қалыптастыру.

  7. Арнайы пән оқытушысының өзін-өзі жүзеге асыру факторлары мен шарттары.


«Өндірістік оқыту шеберлері» секциясы


  1. Өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби қызметін ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету.

  2. Өндірістік оқыту шеберлері жұмысын ұйымдастырудың жаңа түрлері мен әдістерін әзірлеу және енгізу.

  3. Техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында өндірістік оқытудың заманауи сабақтары.

  4. Электрондық оқыту жүйесін енгізу жөніндегі эксперименттік жұмыстар.

  5. Өндірістік оқыту процесінде «портфолио» технологиясын жүзеге асыру тәжірибесі.


«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметкерлері» секциясы


  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары.

  2. 2010-2014 жылдарға арналған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ететін «Балапан» бағдарламасы аясында мемлекеттік-жеке әріптестік жүйені қалыптастыру.

  3. Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім берудің проблемалары және оны шешу жолдары.

  4. Мектепке дейінгі жастағы балаларға мемлекеттік тілді оқыту тәжірибесі.

  5. Әл-ауқаты төмен отбасының мектепке дейінгі жастағы балаларына білімдік қызмет көрсетуді кеңейту.

  6. М.Монтессори, Н.Зайцев, «Step bу step» білім беру технологиялары мен әдістемелерін қолдану.

  7. Мектепке дейінгі ұйым басшыларының басқарушылық құзыретін қалыптастыру.

  8. Коучинг технологиясы негізінде мектепке дейінгі ұйымдарды басқару.

  9. Арнайы (түзету) ұйымдары педагогтарының мектепке дейінгі жастағы балалармен жүргізетін жұмыстарына жағдай жасау.


«Мектепалды даярлық тобының мұғалімдері» секциясы



  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында мектепалды білім беру сапасын арттыру мүмкіндіктері.

  2. Қазақстанның 12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы ұлттық саясаты – мектепалды білім берумен толық қамтамасыз ету.

  3. Мектепалды топтар мен сыныптардағы балаларға мемлекеттік тілді оқытудағы проблемалар.

  4. Мектепке дейінгі ересек бүлдіршіндердің зерттеушілік, жобалаушылық дағдыларын дамыту.

  5. Мектепке дейінгі ересек бүлдіршіндердің төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру.

  6. Мектепалды жұмыстарына тиімді педагогикалық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу.

  7. Мектепке дейінгі ересек бүлдіршіндерді оқыту мен тәрбиелеудегі тұлғаға бағытталған және құзырлылық амалдар.


«Бастауыш сынып мұғалімдері» секциясы


  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда бастауыш білім берудің өзекті мәселелері мен даму болашағы.

  2. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларының дамуын басқару.

  3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының озық тәжірибесін ескере отырып бастауыш мектепте оқытудың қазіргі әдістерін енгізу.

  4. Бастауыш мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.

  5. Бастауыш мектепте педагогикалық, ақпараттық және денсаулықсақтау технологияларын жүзеге асыру.

  6. Бастауыш мектепте ағылшын тілін 1-сыныптан оқыту – заман талабы.

  7. Бастауыш мектепте «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың жаңа амалдары.

  8. Бастауыш мектептің инклюзивтік сыныбында білім беру процесін ұйымдастыру.

  9. Шағын жинақты бастауыш мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың ерекшелігі.

  10. Бастауыш мектептегі білім беру процесінің субъектісі ретіндегі ата-аналардың рөлі.


«Филологиялық пәндердің мұғалімдері» секциясы


  1. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының негізгі бағыттарын жүзеге асыру аясында филологиялық пәндерден білім сапасын арттыру.

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында мемлекеттік тілдік саясаттың орындалуы.

  3. Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басымдықтары: көптілділік – халықаралық стандарттың сапалы деңгейінің жетістігі.

  4. Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру мен дамытуда халық педагогикасын пайдалану.

  5. Орта мектепте үш тілді кіріктіре оқыту мәселелері.

  6. Филология пәндерін оқытуда электронды білім беру ресурстарын қолдану - қазіргі ақпараттық-коммуникациялық білім беру парадигмасының құралы.

  7. «Тілдің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік тілді оқытудың мәдениаралық аспектілері.

  8. Қорытынды аттестаттаудың жаңа нысандары негізінде қазақ тілі мен әдебиетін тиімді оқытуға педагогикалық-ұйымдастырушылық жағдай жасау.

  9. Қазақ тілін өзге тілді мектептерде тілдерді меңгертудің еуропалық стандарты негізінде оқыту.

  10. Коммуникативтік құзырлылықты қалыптастыру – орыс тілі мен әдебиетін оқыту сапасын арттыру кепілі.

  11. Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбынан ағылшын тілін оқыту мен әдістемесінің мәселелері.



«Қоғамдық пәндердің мұғалімдері» секциясы


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы аясында және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру.

  2. «Мәдени мұра» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында қоғамдық пәндерді оқытуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.

  3. Оқушыларды ұлттық-мәдени ортада тәрбиелеудегі Қазақстан тарихының алатын орны.

  4. Қазақстан тарихын үш тілділік жағдайында оқыту ерекшеліктері.

  5. 12 жылдық білім беруге көшу негізі ретінде Қазақстан тарихы мазмұнын өзгерту жолдары, проблемалары мен даму келешегі.

  6. Қазақстан тарихынан ҰБТ-ге жүйелі түрде дайындау.

  7. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында қоғамдық пәндердің білім беру мазмұнын оқытудың өзекті мәселелері.

  8. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының озық тәжірибесін ескере отырып қоғамдық пәндерді оқытуда заманауи әдістерді енгізу.

  9. Оқу процесін қоғамдық пәндерді меңгертуде критериалды бағалау үлгісін пайдалану негізінде ұйымдастыру.

  10. Он-лайн тәртібінде интерактивтік сабақтарды ұйымдастыру – қоғамдық пәндерді оқытуға ынталандыру құралы.

  11. «Дінтану негіздері» курсын оқытудың өзекті мәселелері.



«Жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері» секциясы


  1. Жаратылыстану пәндерін оқыту сапасын арттыру – Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарының өзекті мәселесі.

  2. Жаратылыстану пәндерін оқытудың PISA,TIMSS халықаралық зерттеулері талаптарына сай дидактикалық негіздері.

  3. Жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру мазмұнын кіріктіру –нәтижеге бағытталған білім беруді іске асырудағы дидактикалық ұстаным.

  4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – нақты нәтижеге жетудің негізі.

  5. Жаратылыстану пәндері сабақтарында денсаулықсақтау ортасын құру.

  6. Жаратылыстану ғылымдары бағытындағы пәндер бойынша бейінді оқытуды жүзеге асыру тұлғаны әлеуметтендірудің шарты.

  7. Жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру мазмұны арқылы оқушылардың экологиялық құзырлылығын қалыптастыру.

  8. Жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша білім беруде оқушылардың салауатты өмір салты мен қауіпсіз мінез-құлықтарын қалыптастыру аспектілері.

  9. Мониторинг – мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін зерттеу құралы.


«Физика-математика пәндерінің мұғалімдері» секциясы


  1. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сай физика-математика пәндерін оқытудың басым мақсаттары және оны іске асыру жолдары.

  2. 12 жылдық білім беру үлгісіне көшу жағдайында физика-математика пәндерін оқыту сапасын қамтамасыз ету.

  3. ТIMMS, PISA халықаралық зерттеулерге сәйкес оқушылар жетістігін бағалаудың психологиялық-педагогикалық негіздері.

  4. Заманауи сабақ – физика-математика пәндері мұғалімдерінің жаңашыл әрекеттерінің көрінісі.

  5. Тұлғаны дамытудың маңызды факторы – физика-математика пәндерін оқыту процесінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру.

  6. Физика-математика пәндері бойынша оқу сапасын критериалды бағалау жүйесін енгізу.

  7. Білім беруді дамыту жағдайындағы физика-математикалық бейінді курстар: тұжырымдамалық идеялары мен тәжірибелері.

  8. Дарынды балалармен білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жүргізу.

  9. Қазіргі мектептегі физика және математика сабақтарында электронды білім беру ресурстарын пайдалану.

  10. Физика-математика пәндері педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру – білім алушылардың құзыреттілігін қалыптастыру шарты.


«Көркем-эстетикалық пәндердің мұғалімдері» секциясы


  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы көркем-эстетикалық пәндерді оқытудағы жаңа амалдар.

  2. Тұлғаға бағытталған білім беруді жүзеге асыру – қазіргі мектепте музыкалық білім берудің басты міндеті.

  3. Көркем-эстетикалық пәндерді оқыту процесінде тәрбиелік, қолданбалы және тәжірибелік бағыттарды күшейту.

  4. Тұлғаға бағытталған білім беру жағдайында бейнелеу өнері және сызу пәндерін оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі.

  5. «Өнер» білім беру саласында оқушылардың эстетикалық және мәдени құзырлылығын дамыту.

  6. Бейнелеу өнері және сызу пәндері бойынша үйірме жұмыстарын жүргізудегі педагогикалық процестің нәтижелілігі.

  7. Көркем-эстетикалық пәндерді оқытуда интерактивтік-коммуникациялық технологияларды қолдану.

  8. ЮНЕСКО және «Әлем мәдениеті» жастардың клубтары мен бірлестіктерінде жасөспірімдерге көркем-эстетикалық тәрбие беру.

  9. Біліктілікті арттыру жүйесін жаңарту жағдайында көркем-эстетикалық пәндер мұғалімдерінің кәсіби келбетін (имиджін) қалыптастыру.


«Информатика пәнінің мұғалімдері» секциясы


  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық міндеттері негізінде тұлғаны қалыптастырудағы информатика пәнінің ролі және мүмкіндіктері.

  2. Электрондық оқыту (e-learning) жүйесін енгізу жағдайында сыныпты (CRMS), оқу процесін басқару (LMS) проблемалары.

  3. Информатика бойынша әдістемелік жұмыстың «виртуалды бірлестіктерін» құрудың ғылыми-әдістемелік негіздері.

  4. Информатиканы оқытуда оқу процесін тьюторлық қамтамасыз ету.

  5. Информатиканы 5-сыныпта оқытуды ұйымдастыруға және мазмұнына қатысты жаңа амалдар: тұжырымдамалық идеялар мен практикалық шешімдер.

  6. Жалпы білім беретін мектептердің 5-сыныбында информатиканы оқыту моделі және оқу-әдістемелік кешендерін талқылау.

  7. Информатика сабақтарын 5-сыныпта интерактивті технологиялар арқылы он-лайн тәртібінде ұйымдастыру әдістері.

  8. Қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда ІТ-технологияларының мүмкіндіктері.

  9. Оқушыларды информатикадан олимпиадаға және ғылыми жобаға дайындау барысында олардың ғылыми-ізденістерін, шығармашылық жұмыстарын жетілдіру жолдары.

  10. Электрондық портфолио – информатика пәні мұғалімінің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру құралы.


«Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық мұғалімдері» секциясы


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы аясында дене шынықтыру пәнін оқытудың мазмұнын жаңарту.

  2. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы талаптарына сай алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырудағы жаңа көзқарас.

  3. 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу жағдайында дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндері мазмұнының ұлттық аспектілері.

  4. Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларды пайдалану мүмкіндіктері.

  5. Жасөспірімдерді халықаралық стандарттарға сәйкес әскери қызметке дайындау тәжірибесі.

  6. Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың дене дайындығы мен денсаулық жағдайына мониторинг жүргізу.

  7. Дене шынықтыру пәнін оқыту мен қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын кіріктіру – салауатты өмір салтын қалыптастыру кепілі.

  8. Әскери-спорттық ойындар арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

  9. Дене шынықтыру бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді әдістері.

  10. Үздік тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату – дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндері мұғалімдерінің кәсіби қызметін қалыптастырудың педагогикалық кепілі.


«Технология пәнінің мұғалімдері» секциясы


  1. Технологиялық білім беру саласында сапалы қызмет көрсетуді кеңейту – технология пәні мұғалімінің Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы негізгі мақсаты.

  2. «Технология» білім беру саласын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.

  3. Технология пәнін 12 жылдық білім беру жағдайында оқытудағы тұлғаға бағытталған білім беру ортасы.

  4. Құзырлылық амал негізінде технология пәнінің мазмұнын жаңарту.

  5. Оқу-әдістемелік кешенді жетілдіру – технология пәнін оқытудың сапасы мен тиімділігін арттыру шарты.

  6. Технологиялық дайындық процесінде оқушыларға экономикалық тәрбие беру және экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

  7. Технология сабақтарында шығармашыл, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудағы кәсіптік бағдарлаудың ролі.

  8. Қазіргі мектептегі технология сабақтарында электронды оқытуды қолдану.

  9. Технология пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыретін дамыту мониторингі.


«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері» секциясы


  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында адамгершілік-рухани білім берудің инновациялық амалдары.

  2. Оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтары мен адамгершілік сапасын дамытудағы «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі мен мәні.

  3. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани-адамгершілік білім беру процесінде құзырлылық амалды іске асыру.

  4. «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.

  5. «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту процесінде интерактивтік технологияларды пайдалану.

  6. Жалпы білім беретін мектепте «Өзін-өзі тану» пәнін психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету.

  7. Білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесіне «Өзін-өзі тану» пәнінің идеясын енгізу жөніндегі жұмыстың тәжірибесі.

  8. Балалар құқығын қорғауда әлеуметтік серіктестік үлгісін жобалау.


«Сынып жетекшілері» секциясы


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы аясында оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

  2. Сыныптың тәрбие жүйесін жетілдірудегі кешенді амал.

  3. Тұлғаны әлеуметтендіру процесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

  4. Сынып жетекшісінің инновациялық және ғылыми-зерттеушілік әрекеттері.

  5. Өзара қарым-қатынас, шығармашылық бірлестік, серіктестік – оқушыға қазіргі жағдайда тәрбиелік ықпал етудің негізгі нысандары.

  6. Коучинг және тәлімгерлік негізінде сыныптағы тәрбие жұмысын жетілдіру.

  7. Сыныптағы тәрбие жұмысының тиімділігін болжалдау (диагностика) және бақылау жүргізу (мониторинг).

  8. Сынып жетекшісінің портфолиосын жасау және оны қолдану жұмыстары.

  9. Оқушылар арасындағы нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің және АҚТҚ-инфекциясының алдын алу.


«Ата-аналар қоғамдастығы» секциясы


  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында тұлға қалыптастырудағы отбасы тәрбиесі.

  2. Отбасылық тәрбие жұмысы мазмұнының негізгі компоненттері. «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі» кешендерін дамыту жолдары.

  3. Отбасылық тәрбие негізінде баланың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

  4. Қазақстан Республикасының заңнамалары аясында ата-аналардың құқықтық жауапкершіліктері.

  5. Қазіргі заман талаптарына сәйкес ата-аналар қоғамдастығы қызметінің тиімділігін арттыру.

  6. Ата-аналар университеттерінің қазіргі қоғам міндеттеріне сәйкес қызметі.

  7. Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі – баланы тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік-мәдени ортасы.


«Білім беру ұйымдарының психологтары» секциясы


    1. Білім беруді жаңарту жағдайында психологиялық қызметті ұйымдастыру мен үйлестірудің жаңа амалдары.

2. Девиантты мінез-құлықты оқушыларды анықтау мен зерделеу, проблемаларын шешу жолдары.

3.   Мектептегі оқу-тәрбие процесінде оқушыларға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету мониторингі.

4.   Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезеңінде оқушыларға психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету.

5.   Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық көмек көрсетудің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері.

6. Мектептегі әлеуметтік-психологиялық қызметке жаңа білім беру технологияларын енгізу.

7. Мектеп жағдайында жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауын болдырмаудың, алдын алудың психологиялық-педагогикалық негізі.



  1. Оқушылар арасында лаңкестіктің, әсіре ұлтшылдықтың, экстремизмнің алдын алу бағытында психологиялық қызмет көрсету.

  2. Жас мамандардың кәсіби құзырлылығын дамыту жолдары және педагогикалық ұжымда психологиялық оң ахуал туғызу.


«Қосымша білім беру педагогтары» секциясы
1. 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында қосымша білім беру жүйесін жаңарту.

2. Балаларға қосымша білім беру жүйесін жаңарту: инновациялар енгізу және қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету.

3. Қосымша білім беру жүйесі – үздіксіз білім берудің ажырамас бөлігі және оқушылардың түрлі бағыттағы функционалдық сауаттылығын дамыту факторы.

4. Балаларға қосымша білім беру жүйесінің жеке тұлғаның мүдделері мен қабілеттерінің дамуын, жеке-дара білім алу жолын қамтамасыз етудегі орны.

5. Қосымша беру ұйымдарындағы денсаулық сақтау және денсаулық қалыптастыру ортасының педагогикалық модельдерін құрудың инновациялық тәсілдері.

6. Қосымша білім беру жүйесі – қазіргі заманғы әлеуметтік–мәдени жағдайда балалардың әлеуметтік бейімделуін және кәсіби жолын анықтауын қамтамасыз ету факторы.



7. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгерту арқылы қосымша білім беру педагогтарының кәсіби шеберлігін арттыру.
«Әлеуметтік педагогтар» секциясы


  1. Қазақстан Республикасында білім беруді жаңарту жағдайында әлеуметтік-бағытталған білім беру процесін ұйымдастыру.

  2. Әлеуметтік педагогтың 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында оқушылар және ата-аналармен жүргізетін жұмысының жаңа нысандары мен әдістері.

  3. Балалар мен жасөспірімдердің девианттық мінез-құлқының алдын алу бойынша әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің өзекті мәселелері.

  4. Қорғаншылық пен қамқоршылықты қажет ететін балаларды анықтау және есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру.

  5. Қылмыстың, құқық бұзушылықтың, маскүнемдіктің, токсикоманияның, нашақорлықтың және т.б. асоциалдық мінез-құлықтың алдын алу жұмыстары.

  6. Балалар мен жастардың салауатты өмір салтын ұйымдастырудағы әлеуметтік-педагогикалық проблемалар .

  7. Балалардың өмір сүру жағдайын және микроортаның психологиялық, медициналық, педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу.

  8. Әлеуметтік педагогтың «қауіп-қатерлі топтағы» оқушылармен қазіргі жағдайдағы жұмысы.

  9. Толық емес отбасының жасөспірім балаларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету.

  10. Инклюзивті білім беру саласындағы әлеуметтік педагогтың рөлі.


«Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының қызметкерлері» секциясы


  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес арнайы білім беру жүйесіндегі білім беру қызметі сапасын қамтамасыз ету.

  2. Білім беруді дамытудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру мақсатында арнайы білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдау.

  3. Білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізетін түзету жұмыстарының психологиялық аспектілері.

  4. Даму мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды үйде оқытудың ұйымдастыру-педагогикалық негіздері.

  5. Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарындағы оқушыларды кәсіби баулу, еңбекке даярлау.

  6. Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру бойынша жұмыс тәжірибесі: проблемалары және оны шешу жолдары.

  7. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және дамыту барысындағы отбасы мен арнайы білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысы.


«Кешкі (сырттай) жалпы білім беретін ұйымдардың қызметкерлері» секциясы


              1. Кешкі (сырттай) жалпы білім беретін ұйымдары оқушыларының Қазақстан Республикасы заңнамаларында кепілдік берілген құқықтары мен әлеуметтік қорғау шараларының сақталуы.

              2. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен халықаралық сапа стандарты негізінде кешкі мектепте білім беру процесін ұйымдастыру.

              3. Кешкі мектептердің әр түрлі типтері үшін пәндер бойынша тақырыптық-күнтізбелік жоспар жасау – білім беру сапасын қамтамасыз етудің кепілі.

              4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы аясында кешкі мектептегі оқу-тәрбие процесін педагогикалық жобалау.

              5. Жасөспірімді кешкі оқу нысанына ауыстырудағы психологиялық аспектілер.

              6. Кешкі мектеп жағдайында түзете-дамыта оқыту.

              7. Кешкі (сырттай) білім беретін мектеп оқушыларын бейіндік дайындау – тұлғаны нарық жағдайына бейімдеудің басты шарты.

              8. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен байланысты жетілдіру – кешкі (сырттай) жалпы білім беретін ұйым оқушыларының өз кәсібін ертерек анықтауының кепілі.

              9. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында кешкі (сырттай) білім беретін мектеп түлектерін ҰБТ-ге дайындау.


«Балалар үйі, мектеп-интернат, арнайы мектептің қызметкерлері» секциясы


  1. Қоғамның әлеуметтік жаңару кезеңінде балалар үйі, мектеп-интернат, арнайы мектеп қызметінің дамуы.

  2. Тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіби өсуі үшін тиімді жағдай жасау.

  3. Инновациялық процесті дамыту арқылы ата-анасының қамқорынсыз қалған және жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру.

  4. Жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды қазіргі қоғам жағдайына әлеуметтік бейімдеу.

  5. Интернаттық білім беру ұйымдары түлектерінің интернаттан кейінгі өмірге бейімделуінің тиімді үлгісі.

  6. Бағып алушы (патронаттық) отбасының институциалды-құқықтық негіздерін қолдау және дамыту.

  7. Отбасының келеңсіз жағдайын ерте анықтау жүйесі – әлеуметтік жетімдіктің алдын алу.

  8. Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығының жұмысына әлеуметтік және құқықтық кепілдікті қамтамасыз ету.

  9. Санатория типті мектеп-интернаттағы балалардың жеке дамуына психологиялық-педагогикалық, дәрігерлік-әлеуметтік қолдау көрсету.


«Білім беру ұйымдары мұражайының қызметкерлері» секциясы


  1. Мектеп мұражайы – білім беру жүйесінде тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру орталығы.

  2. Мектеп мұражайы жәдігерлерінің материалдарын «Мәдени мұра» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында оқу-тәрбие процесінде пайдалану.

  3. Туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу және сақтаудағы білім беру ұйымдары мұражайларының қызметі.

  4. Бала тәрбиесінің рухани-адамгершілік негіздерін қалыптастыру - мектеп мұражайы жұмысының басым бағыты.

  5. Әскери және Еңбек Даңқы мұражайы – оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие берудің негізі.


«Білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлері» секциясы


  1. Білім беру ұйымы кітапханасының Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын насихаттау жөніндегі жұмыстары.

  2. Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру – кітапханада сапалы қызмет көрсетуді кеңейту жолы.

  3. Білім берудің жаңа үлгісіне көшу жағдайында жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы кітапхананың білімдік ресурстары.

  4. Кітапхананың жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі рөлі.

  5. Кітапхана және жалпы білім беретін мектеп оқушыларының құқықтық білімі.

  6. Кітапхананың электрондық білім беру ресурстарының тұлғаны дамыту бағытындағы ролі.

  7. Маркетингтік қызмет – кітапхана жұмысының сапасын арттыру жолы.

  8. Электрондық оқыту жүйесін (e-learning) енгізу жағдайында білім беру ұйымы кітапханашыларының ақпараттық мәдениетін жетілдіру.

  9. «Электронды кітапхана» құру тәжірибесі: мазмұны, құрылымы және жүзеге асырылуы.

: files -> infootdelov
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
files -> Қазақ әдебиетінен тапсырмалар. Құрастырған: ф.ғ. к.,проф. Б.Қ.Қапасова
files -> «№ `мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> «№мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Тест. 9-сынып. Сын есім қандай сұраққа жауап береді?
infootdelov -> Павлодар қаласы №15 кәсіптік лицейдегі мереке
infootdelov -> Рогаланд (Норвегия) округының кәсіптік дайындау орталығы делегацияларының Павлодар облысына келуі




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет