Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын!



Дата06.07.2016
өлшемі44 Kb.
Жүргізуші ;Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдееген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа жыл келді! Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!


Ән ; Наурыз
Санжар; Көктем келді, балақай

Жасарды жер, алақай.



Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.


Гүлнәр; Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.
Айгерім: Жылдың басы наурыз

Жердің басы наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр - әніміз


Жүргізуші: Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Наурыздың 22-сі мұсылман халқы үшін Жыл басы,күн мен түн теңелетңн уақыт.Сондықтан да Наурыз Ұлыстың ұлы күні деп аталады. «Ұлыс» деген сөз мемлекет деген мағынаны білдіреді.Бұл табиғаттың жер беті бусанып,қар еріп,көктемнің шыға бастайтын уақыты.Көктемде мал төлдеп,қыстан қиеалып шыққан халықтың аузы аққа тиіп,бір жасап

қалады.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл мейрам тойланатын болады.Халық наурыз мерекесіне алдын-ала дайындалады.Киіз үйдің керексіз заттарын тазартып,үйдегі ыдыстарды сүт,айран,бұлақ суымен толтырған.Бұл-тоқшылықтың белгісі.Мереке сәлемдесуден басталады.Ер адамдар қос қолдап амандасса,әйелдер құшақтасып амандасады.Сәлемдескенде «Жасың құтты болсын! Ұлыс береке берсін!» деп тілектер айтады.Күн шыңып келе жатқанда «Армысың,Қайырымды Күн-АНа !» деп күнге басын иеді.Күнге тағзым еткен соң,ер адамдар қолдарына күрек алып,бұлақтарды тазартады. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген сөздер айтылады.Бұлақ қасына ағаштар отырғызады. «Бір тал кессең,он тал ек!» деген сөз осыдан қалса керек.Түсте бүкіл жұр жеті түрлі тағамнан жасалған наурыз көже ішеді.Дастарханға ет тағамдары қойылады.Наурыз көжені тойып ішу керек,сонда жыл бойы тоқшылық болады.Дастархан басында жастар үлкендерден бата алған.Кешке жақын жұрт жұр айтысқа жиналады.Жастар алтыбақан тебеді,ұлттық ойындар ойнайды,ән айтадығби билейді.Наурыз-бақыттың бастамасы,ұлылықтың ұйытқысы,жақсының жаршысы,ынтымақтың белгісі,өмірге нұр сыйлаған,сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейітін күн.Наурыз құтты болсын!

Ерасыл; Наурыз тойы – жыр, аңыз,

Қызыл дулы мереке

Қызық думан құрамыз

Күн әкелген жыл керім

Күллі дүние жайдары

Желкілдетіп гүлдерін

Жер айнамыз жайнайды.

Наурыз – шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз

Ән салып жас – кәріміз,

Би билейік бәріміз.




Ақтолқын; Наурыз тойы – тамаша,

Наурыз тойы – жаңаша.

Табиғатта тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз келді сән құрып,

Жасарып жаңғырып

Құлпырды жер мен көк,

Мейірім таң күліп.



Наурыз тойы – салтанат,

Наурыз тойы – мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.






КӨРІНІС; МЫҢЖАСАРОВТАР ӘУЛЕТІ
Жүргізуші:Енді біздің сіздерге наурызға байланысты бірнеше сұрақтарымыз бар, сол сұрақтарға жауап берсеңіздер?

Жыл басында алғаш жауған қар қалай аталады? (Ақша қар) Жыл басының алғашқы күні? (Ұлыс күні) Жыл басының алғашқы желі? (Алтын күрек) Жыл басының алғашқы төлі? (Дүбір аяқ) Жыл басының алғашқы сүті?(Уыз) Жыл басының алғашқы көгі? (Бәйшешек) Жыл басының алғашқы асы (Наурыз көже) Жыл басының алғашқы белгісі (Көрісу) Жыл басының алғашқы сый тамағы (Ұйқыашар) Жігіттердің қыздарға беретін сыйы (Селтеткізер)

БИ: ҚАМАЖАЙ
Жүргізуші:
«Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қыдыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қыдыр Ата келе жатыр дейді. «Қыдыр Ата» келеді Бізге бата береді.(Осы кезде Қыдыр ата келеді)

Қыдыр ата. Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейін
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын
Қуаныштарың көп болсын
Аумин!

Жүргізуші: Уа халайық, халайық.

Ақ сандықты ашайық.



Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық. (әже шашу шашады)

БИ: ҚАРА ЖОРҒА

Әже : Ал, құрметті қонақтар!

Айналайын балалар

Жеп - ішсін деп, тамсанып

Жеті түрлі дәм салып Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас - кәріңді,
Шақырамын бәріңді.

КӨРІНІС: ШАТАСУ

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар және көрермендер, тағы да мерекелеріңізбен!
«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын»
«Наурызға ақ жол»
«Жыл басы наурыз»
Мол болсын дәм - тұз» демекші
Бүгінгі Досанова Гүлбану Жолболдықызы дайындаған мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!!!!!






©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет