Ұлыстың ұлы күні ұлықталды



жүктеу 10.15 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі10.15 Kb.
Ұлыстың ұлы күні ұлықталды
Сайын сахараны жайлаған, еркін де азат ғұмыр кешкен көшпенді халқымыздың ең бір қадірлі де құрметті, дәстүрлі мейрамы - Әз-Наурыз. Бұл күнді «ұлыстың ұлы күні» деп атап, ерекше мән береді, алаш жұрты үшін ерекше мейрам.

Осы бір ерекше мерекені кеше, яғни, үстіміздегі жылдың 19 наурызында «Халыққа қызмет көрсету Орталығының» Арал аудандық бөлімі атап өтті. «Жыл бастауы -Әз-Наурыз» деп аталған салтанатты кеште бөлім қызметкерлерінің барлығы қазақтың ұлттық киімін киіп, ән салып, би билеп, кеш көрігін қыздыра түсті. Кеш барысында қазақи салт-дәстүрлерінен «қыз бен жігіт айтысы», «беташар» көріністері қойылып, ұлттық ойындар ойналды. Арқан тарту, қол күрестіру, зілтемір көтеруден алдына жан салмаған өнерпаз жігіттер бөлім тарапынан арнайы дайындалған сыйлықтарға ие болды. Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына орай түрлі ұлт өкілдері де мерекеге шақырылып, Ұлыс күніне арнап тілектерін айтып, өнерлерін көрсетті. Аулаға қазан асылып, Әз-Наурыздың ерекше дәмді , дәстүрлі тағамы - Наурыз көже дайындалды. Кең жайылған дастархан басында ұлттық тағамдардан, наурыз көжеден дәм татысқан қонақтар, ғимаратқа келушілер қазақтың Жаңа жылына жоғары деңгейде дайындалған бөлім ұжымына алғыстарын білдірісті.


А. Абишева

ХҚКО Арал аудандық

бөлімінің инспекторы
: img lib
img lib -> Арал ауданындағы білім саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама (12 ай 2014 жыл) Жалпы білім беру ұйымдары туралы мәлімет
img lib -> Арал ауданындағы білім саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама (2014 жыл, 3 ай) Жалпы білім беру ұйымдары туралы мәлімет
img lib -> Атқарылған жұмыстар туралыаны қ т а м а
img lib -> Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелердің аудан әкімінің ресми веб порталына енгізілетін материалдар тізімі




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет