Литосфера және жер бедері



жүктеу 373.93 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі373.93 Kb.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Сырттай оқыту факультеті

Биология және география кафедрасы

ЛИТОСФЕРА ЖӘНЕ ЖЕР БЕДЕРІ

Курстық жұмыс

Орындаған: Қонарова А..,

1 курс студенті география 4 жыл

Тексерген: Құмаров М.Қ.

Қостанай


2013

Мазмұны:

  1. Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті.



  1. Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары



  1. Топырақтың ластануы.



  1. Топырақтың бүлінуі (деградациялануы)



  1. Жерді қайта құнарландыру



  1. Пайдаланған әдебиеттер


Кіріспе

Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті.

Литосфера – Жердің қатты бөлігінің сыртқы қабығы, ол біртіндеп заттектердің беріктілігі азаятын сфераларға өтеді және оның құрамына жер қыртысы мен Жердің беткі мантиясы кіреді. Литосфераның қалыңдығы 5-200 км, оның ішінде жер қыртысы – құрлықта 50-70 км дейін, мұхиттың астында төменгі шегі 5-10 км шамасында.Литосфера (немесе ,басқаша жер) – қоршаған табиғи ортаның ең маңызды бөлігі, ол көлеммен, бетінің пішінімен топырақ жамылғысымен, өсімдіктермен, кен қазбаларымен, сонымен қатар әр түрлі салаларының кеңістікте орналасуымен сипатталады.Табиғи күштер мен адамның іс әрекеті нәтижесінде уақытқа байланысты литосфераның жағдайы өзгеріп отырады.Табиғи күштер (жылу, ылғалдылық, жел, радиация және т.б) және олардың салдарынан орын алатын геологиялық құбылыстар (жанартаудың атқылауы, жердің сілкінуі, судың тасыуы т.б) жеке аймақтарда литосфераның сипаттамасын едәуір өзгертеді.

Жер қабатының үстінгі қабатын топырақ дейді.Топырақ – ол аналық жыныстардың, ауар райының, өсімдіктер мен жануарлардың, жергілікті жер бедерінің күрделі өзара әрекеттестігі нәтижесінде қалыптасқан жаратылыстық – тарихи дене.

Топырақ – сыртқы орта жағдайлары: жылу, су, ауа, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдердің біріккен организмдерден қалыптасқан жердің беткі қабаты.Топырақтың ең маңызды қасиетінің бірі оның құнарлығы.Топырақтың құнарлығы дегеніміз – оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті.Ол топырақ түзілу процессі барысында және адамның топыраққа әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.Ол бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің, ауылшаруашылық дақылдары өндірісінің негізі.

Топырақ – барлық элементтердің акумуляторы:ол оларды өзінде жинақтап,сумен шайылып кетуден сақтайды.Өзінің қалыптасқан зат алмасу қасиеті бар,тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар әсеріне қарсы тұра алады.Бірақ топырақ көптегн антропогендік факторлардың ұзақ уақытқа созылатын әсеріне сезімтал келеді.

Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі.ол азық түлік,малға жем,киім үшін талшық,құрылыс материалдврын береді.топырақтың ең маңызды байлық екендігін айта келіп,К.Маркс,еңбек – байлықтың әкесі болса,топырақ – анасы деген.

Топырақ еш нәрсеге айырбасчталмайтын табиғи ресурс.Қазіргі таңда,ғылым әлі күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ.Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды.

Топырақтану ғылымының негізін көрнекті орыс ғылымы В.В Докучаев (1846-1903 ж ж) қалады.Ол бірінші рет «топырақ» және «топырақ құрылымы» ұғымдарының анықтамасын берді, топырақ түзілу процесінің мәнін ашты және басты ерекше қасиеттерін тапты.

В.В Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады.Оларға бастапқы жыныстар, ауа райы, жер бедері және уақыт, өсімдіктер мен жануарлар жатады.Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жер асты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылады.

Топырақтағы заттектердің миграциясы мен трансформациясына байланысты топырақ құрлымы бірнеше қабаттарға немесе горизонттарға дараланады.Қабаттардың ара қатысы мен байлығы топырақ түріне байланысты.Ең жоғарғы органикалық заттектердің шіруінен пайда болған өнімінен тұратын қабат ең негізгі құнарлығы жоғары горизонт болып саналады.Оны гумусты немесе қара шірінді деп атайды, құрылымы қиыршықты – түйірлі болады.Гумус немесе қара шірік жиынтығы деп крахмал, целлюлоза, белок қосылыстарын ыдырататын микроорганизмдер әсерінен пайда болған өсімдіктекті мен жануар текті қалдықтарды айтады.Топырақ құнарлығы негізінде осы өсімдік текті және жануар текті қалдықтардың биохимиялық ыдырауынан түзілген қара қоңыр гумусқа байланысты.Қарашірінді негізінде гумминнен,гумминқышқылынан және фульвоқышқылынан,сонымен қатар белоктардан,көмірсуларынан,майлардан,шайырлардан және т.б. тұрады.

І. Литосфераның құрылысы құрамы және қасиеті.

Литосфера — жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шегінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның калыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.



Литосфера – Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінәра балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді. Литосфера – жердің қатты қабығы.



Литосфераның даму заңдылықтары

Жер шарын салыстырмалы түрде жұқа, біртұтас қатты қабық түрінде көмкеріп жатқан литосфера — географиялық қабықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Литосфераның жоғарғы бөлігі болып табылатын жер қыртысының 90%-дан астамын 8 химиялық элемент: оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, натрий, калий, магний құрайды. Тектоника ғылымында ұзақ уақыт бойы жер қыртысының платформалық-геосинклинальдық дамуы жайлы тұжырымдама басым болып келді. Бұл тұжырымдама бойынша, материктік жер қыртысы салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерге — платформаларға және қозғалмалы бөліктерге — геосинклинальдарға жіктеледі. Жер қыртысының үздіксіз дамуы нәтижесінде геосинклинальдар платформаларға айналады, бұл процесс екі кезенде жүзеге асады. Ұзаққа созылған алғашқы кезеңде қатты майысып, су басқан жер қыртысының ойыстарында қалыңдығы 15—20 км-ге жететін шөгінді жыныстар жиналады. Салмақ күшінің артуына байланысты Жердің ішкі қойнауындағы күштер арасалмағы өзгереді. Соның нәтижесінде геосинклинальдарда жерсілкінулер, жанартау атқылаулары күшейіп, қатпарлану жүреді. Осылайша биік таулар түзіледі. Ал неғұрлым қысқа уақытты қамтитын екінші кезеңде түзілген тау жүйелері сыртқы күштердің әсерінен үгіліп аласарады. бұл процесс көбінесе материктер аумағында жүзеге асатындықтан, «платформалық-геосинклинальдық» дамуы жайлы тұжырымдама Литосфералық тақталар саны тұрақты емес; геологиялық уақыт аралығында олар рифтілер арқылы бөлшектеніп немесе тектоникалық қозғалыстар әсерінен қайта бірігіп отырады. Материктер мен мұхиттар географиясынан сендер жер қыртысының даму барысында бірнеше ірі тақталардың болғанын және олардың бөлшектенгенін білесіңдер (оларды еске түсіріндер). Қазіргі кезде Жер шарында 7 ірі және ондаған ұсақ литосфералық тақталар ажыратылады. Тектоникалық картадан ірі литосфералың тақталарды, рифтілердің және шұңғымалардың таралу аудандарын анықтаңдар. Материктпік және мұхиттың жер қыртысы. Литосфераның беткі жұқа қабығы жер қыртысын құрайды. Ол құрамы мен құрылысына қарай материктік және мұхиттық деп бөлінетінін білесіндер (олардың айырмашылығын естеріңе түсіріңдер). Материктік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде шөгінді жыныстар қабаты, ал одан төменде геофизикалық деректер бойынша, гранит және базальт қабаттары орналасқан. Гранит және базальт қабаттарының шекаралас бөліктерінде сейсмикалық толқындардың жылдамдығы күрт өзгеретіні байқалған. Мұхиттың жер қыртысында гранит қабаты болмайды және шөгінді жыныстар қабаты салыстырмалы түрде жұқа болып келеді. Материктер мен мұхиттардың шекаралас аймақтарында жер қыртысы өтпелі сипат алады. Жер қыртысының осындай құрылымы Еуразияның Тынық мұхитпен шектескен бөлігінде кездеседі. Оған аралдар доғасы мен оны бойлай орналасқан терең мұхит шұңғымалары дәлел болады. Материктік жер қыртысы платформалар мен геосинклинальдарға жіктелетінін білесіңдер. Платформалар аумағында жер бедері кебшесе жазық болып келеді. бұл — ұзақ уақыт бойы сырткы күштер әсерінен жер бедерінің тегістелуінің нәтижесі. Жазық-платформалық аймақтар құрлық ауданының шамамен 53%-ын алып жатыр. Дүниежүзіндегі аса ірі Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Ұлы Қытай, Ұлы жазық пен Орталық жазық, Амазонка, Ла-Плата және т.б. жазықтар платформалық құрылымдарда орналасқан.

Негіздері архей мен протерозойда қалыптасқан ежелгі платформалар қалқандар мен тақталардан құралады. Қалқандарда платформаның негізін құрайтын кристалды жыныстар жер бетіне шығып жатады, оларға көбінесе қыратты-үстіртті жер бедері сәйкес келеді. Қалкандарды құрайтын жыныстардың ерекшелігіне байланысты оларда үгілу біршама баяу жүреді. Платформаның қалқаннан тыс, шегінді жыныстармен жабылған бөлігін тақта деп атайды. Неотектоникалық қозғалыстар әсеріне ұшыраған платформалар қозғалмалы сипат алады. Мәселен, мезозой және альпі қатпарлықтары әсерінен Қытай платформасының тұтастығы бұзылып, бірнеше беліктерге ажырап кеткен; қазіргі кезде оның аумағында жерсілкіну жиі байқалады. Сондықтан оны параплатформа (қозғалмалы) деп атайды. Тттжі күштердің әсерінен кейбір платформалардың іргетасында терең жарықтар пайда болып, интрузивті жыныстардың жоғары көтерілуі жүрген. Соның әсерінен жарылыс күшті жүрген Сібір және Үндістан платформаларында бағалы металдар мен асыл тастардың бай кен орындары түзілген.Геосинклинальдар аумағында тектоникалық жарықтар жиілігі жоғары болғандықтан ішкі күштердің ықпалы күшті байқалады. Сондықтан магманың жоғары көтерілуі қарқынды жүреді, бұл өз тарапынан жанартау атқылауы мен жерсілкіну құбылыстарына себепші болады. Геосинклинальдарда ішкі күштер әсерінен қатпарлану қозғалыстары жүреді. Соның нәтижесінде антиклинорийлер (тау жоталары) мен синклинорийлер (тауаралық және тауалды ойыстары) түзіледі. Мәселен, Кавказ таулы аймағында Үлкен Кавказ, Кіші Кавказ жоталары антиклинорийлерге, ал олардың арасындағы Колхида мен Ленкорань ойпаттары синклинорийлерге сәйкес келеді. Мұндай құрылым Гималай тауы мен Үнді-Ганг ойпатына да тән.

Жер сілкіну себептері және оның түрлері.


  1. Жер сілкіну дегеніміз не?

  2. Жер бетіндегі елді мекендерді аямай киратып, өзендерге бөгеу болған, жер бедерін адам танымастай өзгертетін, орасан зор алып күш қайдан пайда болады?

Бұл сұрақтарға қазіргі кездегі ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, жауап беруге болады. Жер беті үнем қозғалыста болып турады. Оның дәлелін жер шарының кейбір аудандарынан байқаймыз. Мысалы, дүниежүзіндегі әсем қалалардың бірі Венеция (Италияда) қазіргі кезде жартылай су астында қалған, ал Голландия жері жылы-на 1 мм төмен шөгуде. Егер арнаулы бөгеттер жүйесі (плотиналар мен дамбалар) болмаса, оның көп аудандары су астында қалған болар еді; Скандинавия жері, керісінше жылына 1 см шамасында жоғары көтерілуде. Ертедегі теңіз толқындарының сақталған ізі қазіргі кезде су деңгейінен ондаған; метр жоғары биіктікте орналасқан жартастардан байқалады.

Жер қыртысын құрайтын заттарға (қатты күйдегі тау жыныстарына) өте қысқа уақыт аралығында үлкен күшпен (сығым күші) әсер еткен жағдайда, олар тез арада морт сынған болар еді. Ал, ұзақ уақыт бойы (мыңдаған немесе миллиондаған жылдар бойы) әсер етсек онда жер қыртысынан сағыздай созылып немесе иіліпі әр түрлі қатпарлар түзілер еді. Қейбір жағдайларда бұлі әрекеттер жер бетінде (өте қысқа уақыт аралырында) серпімді күшті тербеліс немесе жер сілкінісін тудырады. Жер сілкінудің басым көпшілігі, әсіресе аса күшті дүмпулер (мысалы, Орта Азияда, Қазақстанда) тектоникалық қозғалыстармен (ығысу-ыдырау, қатпарлану, жылжу әрекеттерімен) тікелей байланысты.

Тектоникалық козғалыстарға қатысты туатын жер сілкіністері үш түрге ажыратылады (ошақтарының тереңдігіне қарай):


  1. “қалыпты” (нормалық) жер сілкіну (ошағының тереңдігі 10—60 км);

  2. “аралық” жер сілкіну (ошағының тереңдігі ~60—300 км);

  3. “терең фокусты” жер сілкіну (ошағының тереңдігі >300 км).

Орта Азия мен Қазақстан жерінде байқалған жер сілкінулер көбінесе “қалыпты” (нормалық) түрге жатады; Гиндикуш тау аймағында (Ауғанстан мен Тәжікстан 1966 ж. Ташкентте болған жер сілкінуінің механизмі (В. И. Уланов бойынша, 1967):

  1. — шөгінді жыныстар,

  2. — фундамент;

  3. — жыртылымдар;

  4. — негізгі соққы мен афтершоктардың (соңғы соққылардың) гипо- центрі,

  5. — сейсмикалық станция; 6 — жарылган блоктардың ығысып жылжу бағыттары;

  6. — фундаменттік тау жыныстарының шартты жағдайда ығысып жылжу сипаты;

  7. — жер бетінің жоғары көтерілуі (геодезнялық өлшеулер бойынша).

ТМД-ның Қуриль және Камчатка аралдарында “кальшты” (нормалық) және “аралық” сілкіністермен қатар “терең фокустық” жер сілкіністері болып тұрады. Ал Қиыр Шығыста тек терең фокустық сілкінулер ғана байкалады.

Жер сілкінудің басқа бір түрі вулкандық_әрекеттермен (вулкан атқылау алдында немесе вулкан атқылау барысында) байланысты кездеседі. Олар магмадан бөлінген газдардың (вулкан өзектерінде) қопарылысы кезінде байқалады. Жер сілкінудің үшінші бір түрі — денудациялық немесе кенеттен опырылып құлау әрекеттерімен байланысты байқалады. Мұндай жағдайлар таулы аудандарда карсттық үңгірлерде жиі кездеседі.

Соңғы жылдары жер сілкінудің техногендік себептері анықталып отыр. Бұл себептер адамдардың инженерлік іс-әрекеттерімен (гидротехникалық құрылыстар салу, ірі бөгеттер тұрғызып су коймаларын жасау, мұнай мен газ өндіру және т, б.) тығыз байланысты. Мысалы, Үндістанның батыс бөлігінде орналасқан Қойна ауданында байқалған жер сілкіну кезінде (1967) 180 адам қа-заға ұшырап, екі мыңдай халық жараланады. Сол секілді АҚШ-тың Оровилл қаласының маңында (Калифорния штаты) болған (1975) жер сілкінудін, қарқындылығы VII балға дейін жетеді.Біздің елімізде де мұндай жағдайлар Тәжікстанда тереңдігі 317 м-лік Нурек су қоймасын толтыру, Қырғызстанда — Тоқтағүл, Дагестанда — Чиркей, Өзбекстанда — Чарвак су электрстанция-ларын салу барысында байқалады. Ал Грозный қаласының оңтүстік бөлігінде (1976) және Газлиде (1976, 1984) болған жер сілкінулер мұнай мен газ өндіру ісімен тікелей байланысты деп саналады. Дегенмен, жер сілкінудің техногендік түрлері дүмпу күшінің әлсіздігімен және таралу өрісінің тарлығымен (жер сілкінудің тектоникалық түрімен салыстырғанда) сипатталады.

Олар бір-бірінен құрылымдық және орналасымдық ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.



Интрузивтік тау жыныстары жердің ішкі қойнауында (әр түрлі терендікте.) алғашқы магманың біртіндеп суынып, қатаюы нәтижесінде әр түрлі мөлшердегі (үлкенді-кішілі) кристалданған денелер түрінде пайда болады.


Тереңдігіне қарай



Желілі дайкалар (тау жыныстарының ірілі-ұсақты жарықтары мен жарықшақтарын толтыра өскен)



Жыныстар

Тереңдік (абиссалдық)



Жартылай тереңдік (гипабиссалдық)


Жердің терең қабаттарында магма өте баяу суиды. Ал минералдардың түзілуі газдар мен су буынын, қаты-суымен байланысты өтеді. Осы жағдайда түзілген интрузивтік тау жыныстарын құрайтын минералдардық кристалдық пішіндері толық жетілген түрде болады.Эффузивтік жыныстар жердің бетіне ақтарыла төгілген магмадан (лавадан) қатайып, пайда болады. Лаваның суынып-қатаюы өте тез. Оның құрамындағы газдар мен су буы тез ұшып кетеді де, ал минералдық қосындылар кристалдар құрап үлгермейді. Сондықтан эффузивтер көпшілік жағдайда, шала кристалданған немесе кристалданбаған біртектес шынылы массалар құрайды. Дегенмен, кейде олардың арасында жекеленген ірі кристалдар кездесіп қалады. Мұндай жағдайда порфирлі құрылым құралады. Эффузивтік тау жыныстары кеуек түтіктер мен қуыстар түріндегі (көбікті, миндалинді-тасты) және флюидалдық текстуралар құрайды. Кеуекті немесе көбікті текстура вулкандық лаваның суынып-қатаюы кезінде, оның алғашқы құрамындағы ұшпалы жеңіл компоненттердің тез арада ұшып кетуіне байланысты қалыптасады. Осындай жолмен пайда болған кеуек түтіктер мен қуыстар, кейінірек кварц және кальцит сияқты (екінші рет пайда болған) минералдармен толып қалыптасқан жағдайда миндалинді-тасты текстура құралады. Ал, кейде эффузивтік тау жыныстарын құрайтын минералдық түйіршіктердің белгілі бір бағытта созыла орналасуы алғашқы лаваның қозғалыс бағытын көрсетеді. Мұндай текстура флюидалдық деп аталады. Кристалдану дәрежесіне қарай магмалық тау жыныстары толық кристалданған және жартылай кристалданған болып ажыратылады. Минералдық түйіршіктердің (ірілі-ұсақты) салыстырмалы көрсеткіштеріне қарай, олар біркелкі түйіршікті (минералдық түйіршіктері бірдей болып келген жағдайда) және әркелкі түйіршікті құрылымдар болып бөлінеді. Сонымен қатар, минерал-дық түйіршіктердің ірілі-ұсақты абсолюттік мөлшері бойынша: ірі (>5 мм), орта (2—5 мм) және ұсақ түйіршікті (2 мм-ге дейін) құрылымдарға ажыратуға болады. Ал минералдық түйіршіктердің кристаллографиялық пішіндерінін, өзара қарым-қатынастарына қарай, олар идиоморфтық (жан-жағы толық шектелген дұрыс пішінді кристалдар) және ксеноморфтық (жан-жағы көрші кристалдармен шектелгең бұрыс пішінді кристалдар) болып ажыратылады. Минералдық түйіршіктердің идиоморфтық дәрежесінің жоғары болуы минералдардьщ кристалдану жағдайы мен кристалдану қабілетіне тікелей бағынышты. Химиялық құрамына қарай (кремний тотығыньщ мөлшеріне) тау жыныстары: қышқыл (>65% SЮ2), орта (65—52%), негізді (52—45%) және ультранегізді немесе өте негізді (<45%) топтарға ажыратылады. Қышқыл тобына жататын тау жыныстарының құрамындағы кремнийдің артық мөлшері кварц минералы-түрінде түзіледі. Егер тау жынысының құрамында оливин минералы көп болса, онда ол ульдранегізді жыныс болып саналады. Орта топтағы жыныстарда ашық түсті дала шпаттары көптеп кездеседі, ал түсті минералдардан слюдалар, алдамшы мүйізше (роговая обманка); негізді жыныстарда лабрадор, авгит секілді минералдар жиі кездеседі. Магмалық жыныстарды түр-түсіне қарай да ажыратуға болады. Мысалы қышқыл жыныстар — ашық түсті (лейкократты); негізді және ультранегізді жыныстар қою көк немесе қара түсті (меланократты); орта қыш-қылды жыныстар ашық сұр және сұр түсті болып келеді. Тау жыныстары тығыздығына қарай да ажыратылады. Олар қышқыл жыныстарынық ультранегізді жыныс-тарына қарай 2,6—2,7-ден 3,3-ке дейінгі аралықта өзгереді.

Интрузивтік тау жыныстары

Жердің ішкі терең қабаттарында кристалданған магмалық тау жыныстары (интрузивтік) ең алдымен құрылымдық (толық криста-лданған) және орналасымдық ерекшеліктерімен (тығыз орналасқан массивты ерекшеліктерімен) ажыратылада. Одан ары қарай, олар химиялық (кремний тотығының мөлшеріне қарай) және минералдық құрамы бойынша жеке топтарға жіктеледі. Желілік жыныстар (мысалы, аплит, пегматит) тамыр-секілді тарамдальш, интрузивтік массивтердін, маңайында (көпшілік жағдайда) жер қыртысынын, жарықтарм мен жарықшақтарын бойлай түзіледі.



Интрузивтік тау жыныстарының жіктелуі.

Аплит өте ұсақ түшрішктерден тұратын, тақталанып жұқа плиталар түрінде құралған, құрамы граниттік (кварц, дала шпаттары және слюдалар) ашық түсті жыныстар. Ал пегматит дала шпаттары, кварц және слюдалардың (мусковит, кейде биотит) өте ірі кристалдарынан тұратын, өзіндік (пегматиттік) ерекше құрылы-мымен сипатталатын тау жынысы.



Эффузивтік тау жыныстары

Жер бетіне шығып ақтарыла төгілген вулкандық лаваның суынып-қатаюынан пайда болған эффузивтік тау жыныстары жартылай кристалданған құрылымымен және кеуек-қуысты (көбікті, миндалинді-тасты) флюидальдық орналасымымен ажыратылады.



Порфирлі құрылым құрайтын эффузивтік жыныстар

(интрузивтік жыныстар секілді) химиялық және минералдық құрамына қарай жеке топтарға жіктеледі. Олардың ішінде кайнотектік (құрамы мен құрылысы өзгеріске ұшырай қоймаған, жас) және палеотектік (өзгерістерге ұшыраған, ескі) түрлері ажыратылады. Палеотектік жыныстар порфир немесе порфирит деп аталады. Оған қосымша кайнотектік жыныстардық атауы қосыла айтылады. Порфирлі құрылым құрайтын эффузивтік тау жынысының құрамында калийлі дала шпаттары (ортоклаз) болған жағдайда порфир деп, ал болмаған жағдайда порфирит деп аталады. Жасырын кристалды (немесе микрокристалды) минералдық түйіршіктер фельзиттік құрылым құрайды. Мысалы, фельзит және базальт. Олар түсіне қарай оңай ажыратылады: фельзит құрамы қышқыл, ашық түсті жыныс; базальттың құрамы негіздік, қою қара-көк түсті болып келеді. Құрылымы шынылық болып келетін жыныстарға мысал ретінде обсидианды және пемзаны айтуға болады. Обсидиан (вулкандық шыны) — қүрамы көбінесе қышқыл түсі әр түрлі (сұр, сұрғылт, қара-қоңыр және қара түсті) болып келетін, сынығы ұлу қабыршағы секілді жыныстар. Пемза — ашық түсті, құрамы қышқыл, кеуекті түтіктер түрінде кездесетін өте жеңіл жыныстар.



Пирокластикалық тау жыныстары

Вулкан атқылауы кезінде атмосфера қабатына ыстық лаваның ірілі-ұсақты кесек бөлшектері (вулкандық шыны, әр түрлі минерал-дардың кристалдары) және кездейсоқ кездескен жыныстардың кесек сынықтары (орасан-зор мөлшерде) лақтырылып тасталады. Осындай жолмен пайда болған материалдар қабатталып жинала келе пирокластикалық (отты-кесек бөлшектерден құралған) жыныстар түзіледі. Кесек бөлшектердін, ірілг-ұсақты мөлшеріне қарай олар бес топқа бөлінеді: 1) вулкандық күл (1 мм-ге дейін); 2) вулкандық құм (1— 2 мм); 3) вулкандық қиыршықтар (2—10 мм); 4) лапиллилер (вулкан атқылауы кезінде ауа қабатында қатайып пайда болған лаванын, 10—30 мм-лік бөлшектері); 5) вулкандық бомбалар (көлденең қимасы 5—10 см-ден бірнеше м-ге дейін жететін ірі кесектер). Вулкандық күл-топырақтар тығыздала келе вулкандық туфтарра айналады, ал әр түрлі мөлшердегі (ірілі-ұсақты) вулкандық материалдардың бірігіп цементтелуінен вулкандық брекчия (женттас) құрылады.

Магматизм — жер қыртысының құралуында атқаратын ролі зор, ең маңызды эндогендік геологиялық процестердің бірі больп саналады.
Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының 95%-і магмалық процестердің нәтижесінде пайда болады.

Магматизм — өте күрделі геологиялық процесс. .

Бұл процесс магманың жер қыртысында (немесе одан да терен, қабаттарда) пайда болып, кейінірек жоғары қабаттарға немесе жер бетіне көтеріліп (біртіндеп суына келе), кристалдық денелер түрінде магмалық тау жьшыстарьшьщ түзілуімен аяқталады. Сонымен магма (грекше “магма” — қою май, қамыр деген сөз) дегеніміз еріген газдармен қаныққан, негізгі құрамы силикаттық балқыған қою заттар. Магманьщ құрамында жер қыртысын қүрайтын химиялық элементтердің (оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, калий, натрий) барлығы да кездеседі. Әсіресе, ұшпалы (жеділ) компоненттердің (су буы, күкіртті қосын-дылар, көмірқышқыл газы, хлорлы және фторлы сутегі,


хлорлы аммоний, сутегі, азот және т. б.) көптігімен сипатталады. Олар жердің ішкі терең қойнауында байқалатын өте жоғары қысым күштеріне байланысты еріген күйде кездеседі. Бұл жағдай магманың қоюлырын азайтып, онын, қозғалу немесе жылжу жылдамдығынын, (химиялық активтігі) өсуіне әсерін тигізеді. Эксперименттік зерттеулер бойынша, магманьщ құрамындағы ұшпалы компоненттердің мөлшері 12%-ке дейін жетеді. Магмалық ошақтар және олардың пайда болу жолдары. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, жер қыртысын немесе мантия қабатын құрайтын заттар термодинамикалық жағдайлардын, (қысым және температура) өзгерістері нәтижесінде белгілі бір аймақтарда периодты түрде әлсін-әлсін балқу әрекеттеріне ұшырап отырады. Жер қойнауына тереңдеген сайын температура белгілі бір заңдылық бойынша, біртіндеп артып отыратындығы белгілі. Мысалы, 100 км-лік тереңдікте температура 1300—1500°С шамасына дейін көтеріледі. Осы жағдайда, егер қысымның шамасы атмосфералық қысымға тең келетін болса, тау жыныстары балқыған – күйде болар еді. Бірақ, мұндай тереңдікте байқалатын қысымның шамасы тау жыныстарының балқу температурасынан әлдеқайда жоғары болғандықтан (мыңдаған мегапаскаль), олар балқыған күйге ауыса алмайды. Белгілі бір аудандарда тектоникалық ірі жарықтардың пайда болуына байланысты қысымның кенеттен күрт төмендеуі немесе басқа себептермен температураның жоғарылауы заттардың сұйық күйге ауысып, магмалық ошақтардың пайда болуына әкеледі. Әдетте, алғашқы (түпкі) магмалық ошақтар жер қыртысының төменгі қабаттарында немесе жоғарғы мантияның астеносфера қабатында астенолиттер түрінде құралады. Олар жер қыртысының жоғарғы қабаттарына қарай көтеріліп, қайта қалыптасқан жағдайда аралық магмалық ошақтар пайда болады. Сонымен, магматизм әректтёрі тектоникалық қозралыстармен тікелей байланыста болып, геосинклиналдық аймақтарда жиі байқалады. Жер қойнауында температураның жоғарылауы әр түрлі физикалық-химиялық әрекеттермен байланысты түсіндіріледі:

  1. радиоактивті элементтердің ыдырауы , нәтижесінде бөлінетін жылу мөлшеріне;

  2. гравитациялық жіктелу кезінде және т. б. химиялық реакциялар } кезінде бөлінетін жылуға байланысты.

Магманың жоғарғы қабаттарра көтерілуі, гидростатикалық қысым күштерімен және тау жыныстарының
(қатты күйден балқыған күйге ауысқан жағдайда) жалпы көлемінің ұлғаюымен байланысты деп саналады.

Магманың түрлері. Магмалық ошақтар әр түрлі термодинамика-лық жағдайда және әр түрлі тереңдікте әр түрлі заттар негізінде құралады. Соған байланысты жер қыртысында кездесетін магмалық тау жыныстарынын, алуан түрлі болатындығы ең алғашқы магмалық ошақтардың түрлері мен құрамы қандай болған? — деген заңды сұрақ туғызады.

Бұл сұраққа тікелей жауап беретін ортақ пікір геология ғылымында әлі қалыптаса қойған жоқ. Қейбір ғалымдар (В. Н. Лодочников) химиялық құрамы әр түрлі магмалық жыныстардың жеке топтарына сәйкес келетін алғашқы магманың өзіндік жеке түрлері болады деп санаса, басқа бір ғалымдар тобы (Н. Боуэн, А. Н. Заварицкий) табиғатта тау жыныстарының барлық түрлері алғашқы құрамы негізді (базальттық) ортақ магмадан құралады деп санайды. Жер бетінде көптеп кездесетін эффузивтік (базальтты) жыныстар алғашқы базальттық магманың өзгермеген түрі деп саналса, ал интрузивтік граниттер алғашқы базальттық магманың біртіндеп өзгеруіне, жіктелуіне байланысты түзіледі деп түсіндіріледі. Қазіргі кездегі зерттеушілердің көпшілігі ғалым Ф. Ю. Левинсон — Лессингтің (1920) пікіріне сәйкес, алғашқы магма құрамына қарай екі түрлі болып (базальттық және граниттік) кездеседі. Олар бір-бірінен химиялық құрамына және физикалық қасиеттерінің ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Қышқыл (граниттік) магма негіздік (базальттық) магмаға қарағанда, жеңілірек, қоюырақ және ұшпалы компоненттерге (газдарға) бай болып келеді. Базальттық магма ошақтары жоғарғы мантия қабатында, ал граниттік магмалар жер қыртысында түзіледі деп санайды. Американ ғалымы А- Холмстың пікірі бойынша, алғашқы магма құрамына қарай базальттық, граниттік және перидотиттік болып үш түрге бөлінеді. Перидотиттік магманың болу мүмкіндігі жер қыртысының жеке аудандарында кездесетін ультранегізді белдеулерді зерттеу негізінде дәлелденеді. Олардың химиялық құрамы базальттық магма негізінде құралған ультранегізді жыныстармен салыстырғанда, өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады. Магмалық тау жыныстарының әр түрлі болу себептері. Қазіргі кезде магмалык, жыныстардын, жалпы жер
бетінде таралу мөлшерін көрсететін деректер (бүкіл жер шарын түгел қамтитын) әлі де толық емес.

Ең ірі екі мемлекетте (АҚШ, ТМД) жүргізілген есептеулер бойынша, магмалық жыныстардың таралуы

Магмалық жыныстардың басты тұрлерінің АҚШ және ТМД территориясында таралу (%) көрсеткіші (А. Н. Заварицкий)

А. Б. Ронов пен А. А. Ярошевскийдің есептеулері бойынша, жер қыртысының жалпы көлемінің 10,4%—граниттер; 11,2% — гранодиориттер мен диориттер; 42,2% — габбро, базальттар және т. б. құрамы негіздік жыныстар; 0,4%—сиениттер мен нефелинді сиениттер; 0,2%—дуниттер мен перидотиттер құрайды. Бұл деректерге қарағанда құрамы қышқыл және негіздік жыныстардың жер қыртысында ең көп таралғандығын көруге болады. Олардың ішінде қышқыл жыныстардың арасында интрузивтік жыныстар (граниттер мен гранодиориттер), ал негіздік жыныстардың арасында эффузивтер (базальттар) жиірек кездеседі.



Қазіргі уақытта тау жыныстарының алуан түрлілігІ алғашқы магманың дифференциациялық (жіктелу), сонымен қатар ассимиляциялық және гибридизациялық процестерімен тікелей байланысты деп түсіндіріледі. Магманыц дифференциациялык, жіктелуі деп, біртекті алғашқы балқыманың химиялық құрамы әр түрлі фракцияларға бөлініп, соған сәйкес олардан минералдық құрамы өзгеше әр түрлі тау жыныстарының түзілуін айтады. Магманың жіктелуі алғашқы кристалдардың түзілуіне дейін де (ликвация) және кристалдардьщ түзілу барысында да (кристаллизациялық жіктелу) жүріп жатады. Ликвациялық процесс кезінде магма құрамына және меншікті салмағына қарай өзара араласпайтын екі түр-
лі фракцияға ажырайды: ауыр салмақты темірлі-магнийлі қосындылар төмен қарай ағып ығысады, ал салмағы жеңілірек қышқылды қосындылар жоғарры қабаттарда жиналады. Кристаллизациялыц дифференциация магманын, кристалдарға жіктелуімен аяқталады. Магманық салқындап суыну барысында, оньщ жоғарғы бөліктерінде ең алдымен балқуы қиын, температурасы жогары және салмары ауыр силикаттар (темірлі-магнийлі силикаттар және негіздік плагиоклаздар) кристалдар түрінде түзіледі. Кейінірек, оңай балқитын жеңіл салмақты силикаттар (калийлі дала шпаттары және кварц) кристалданады Кристалдану барысында ауыр салмақты минералдар балқыманық төменгі қабаттарына ауысады, ал қалдық магманын, құрамында темірлі-магнийлі қосындылар азайып, кремнийлі қосындылар көбейеді. Сонымен, гравитациялық жіктелуге байланысты, негізді магманын, кристалдануы нәтижесінде, төменгі қабаттарда ультра-негізді жыныстар, ал жоғарғы қабаттарда диорит, сиенит, кейде граниттер де түзіледі. Дифференциациялық процестер терең қабаттарда (магмалық ошақтарда) және жер қыртысынын, жоғарғы бөліктерінде де жүріп жатады. Магмалық ошақтарда байқалатын дифференциациялық жіктелу нәтижесінде алғашқы магмадан бөлініп шыққан заттар құрамы әр түрлі жыныстар түрінде кристалданып өзіндік пішіні бар ірілі-ұсақты денелер құрайды. Ал жер қыртысынын, жорарры бөліктерінде, магмалық камерада байқалатын дифференциациялық жіктелу кезінде, тау жыныстарының қатқабат массивтері құралады. Мұндай қабатталран массивтерді құрайтын тау жыныстарьшың негізділігі төменнен жоғары қарай барытта біртіндеп азайып отырады. Магмамен жапсарлас және кездейсоқ жыныстардын. (ксенолит) магма қызуына ұшырап, сонын, нәтижесінде балқып қатая келе қайтадан кристалдануы ассимиляция деп аталады. Бұл процестердің нәтижесінде алғашқы магма өзінің бастапқы құрамын өзгертіп, тау жыныстарыньщ жаңа түрлері пайда болады. Гибридизация деп, магмамен жапсарлас жыныстардың ыстық магма әсеріне байланысты жартылай балқьш әр түрлі өзгерістерге ұшырауын айтады. Бұл процестердің барысында будандастырылған жыныстар түзіледі. Олардың құрамы таза магмалық жыныстармен салыс-
тырғанда өзгеше болып келеді. Көпшілік жағдайда жапсарлас жыныстардың кесек бөлшектері ерімеген күйінде қалдық жыныстар (ксенолиттер) түрінде бірге кездеседі. Магмалық денелердің сырт көрінісі әр түрлі болып келеді. Әсіресе, интрузивтік денелер алуан түрлі пішінде кездеседі. Тау жыныстарының кеңістікте орналасу жағдайына қарай олардың қандай генетикалық топқа жататындығын анықтауға болады. Эффузивтік жыныстар жер бетінде лава тасқындары мен лавалық жамылғылар түрінде түзіледі немесе лавалық күмбездер мен конус пішінді шыңдар құрайды. Интрузивтік жыныстар жер қыртысынын, терең (абиссалдық) қабаттарында кристалданған жағдайда, қоршаған ортаны құрайтын жыныстарды бұзып-жарып, немесе жолында кездескен басқа жыныстарды ығыстырып, бұрыс жатысты ірі денелер (батолит, шток түрінде) түзіледі (VI. 33-сурет). Ал гипабиссалдық жағдайда, олар айнала қоршаған ортаны құрайтын көне жыныстардьщ жатыс жағдайына сәйкес орналасқан денелер (лакколңт, лополит, факолит, силл түріндегі қабатаралық интрузиялар) құрайды (VI. 34-сурет). Сонымен қатар бұрыс жатысты кішігірім денелер де (дайка, желі, некк) жиі кездесіп отырады. Құрамы негізді сұйық магма жер бетіне жақын аудандарда шөгінді қабаттардың жапсарларын бойлай көтеріліп сәйкес пішінді денелер қалыптасқан жағдайда — силдер деп аталады. Мысалы, Сібір платформасында кеңінен таралған силдер (карбон және пермь жүйелерін құрайтын) шөгінді жыныстардьщ қабатаралық жапсар-ларында қабаттаса орналасьщ “сібір траптары” деген атпен белгілі болды.

Лакколиттер (грек тілінде “лакос” — шүңқыр деген мағынада) шөгінді қабаттар арасында диаметрі жүз метрден бірнеше километрге дейін жететін саңырауқұлақ пішінді денелер құрайды. Әдетте, олар құрамы қышқыл қою магмадан суына келе қатайып астыңғы жағы тегіс, ал үстіңгі жағы дөңес пішінді болып қалыптасады. Мұндай пішіндер Солтүстік Кавказда (Машук, Бештау атты таулы аудандарда), Қырымда (Аю-Даг, Кастель және т. б. таулар) және баска таулы аймақтарда кеңінен таралған.

Лополиттер (грек тілінде “лопос” — табақ деген мағынада) шөгінді жыныстар арасында құрамы негізді магмадан суына келе қатайып жайпақ пішінді, табақ тәрізді қабатаралық денелер түрінде қалыптасады. Олар жүздеген км-ге дейін созылып жатады. Мысалы, Бушвельд лополитінін, (оцтүстік Африка) ұзындығы 300 км-ден астам.

Факолиттер (грек тілінде “факос” — жасымық немесе жасымық дәні деген мағынада) көбінесе қатпарлы құрылымдардың (антиклиналь немесе синклиналь) иілімдерінде қол орақ тәрізді пішінде қалыптасып, кішігірім денелер құрайды. Олардың кұрамы негізді магмадан тұрады.

Батолиттер (грек тілінде “батос” — тереңдік деген мағынада) қатпарлы тау жыныстарыныд орталық бөліктерінде ондаған кейде жүздеген мың шаршы км-ге созыла орналасқан интрузиялық ен, ірі денелер құрайды. Олардың негізгі құрамы көбінесе граниттер мен гранодиориттерден тұрады, ал шеткі бөліктері диориттер мен сиениттерден кұралады. Бұрынғы (ескі) көзқарас бойынша батолиттік денелер түпсіз болып келеді немесе магмалық ошақтармен тұтаса жалғасып жатады. Соңғы жылдары жүргізілген геофизикалық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде олардың (тік бағыттағы) қалыңдығы 5—10 км-ден аспайтындыры анықталды. Батолиттердің пайда болуы жөніндегі проблема — осы уақытқа дейін шешімін таппай жүрген, талас пікір-тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып саналады. Кейбір пікірлер бойынша, магманың (жоғары қарай) көтерілу барысында оның жолында кездескен тау жыныстары опырылып құлап түсіп, магманың ішінде біртіндеп ери келе, ассимиляциялық және гибридизациялық әрекеттер байқалады. Соньщ нәтижесінде пайда болған бос кеңістік магмалық заттармен толып, интрузиялық ірі денелер (батолиттер) қалыптасады. Басқа бір көзқарас бойынша, тау құралу барысында қатпарлы тау жоталарының жаппай көтерілу (орогенез) сатысыньщ соңына қарай олармен ілесе көтерілген магмалық ерітінділер үстіңгі қабатты құрайтын жыныстарды ығыстырып, батолиттер түрінде қалыптасады; қоршаған ортаны құрайтын жыныстардың жатыс жағдайлары бұзылмай бұрыңғы күйінше сақталады. Соңғы көзқарастарда көпшілік ғалымдар батолиттердің жаратылысы гранитизациялық және метасоматикалық әрекеттермен тығыз байланысты деп санайды. Басқаша айтқанда, жер бетіне жақын орналасқан бір кездегі шөгінді жыныстар мен вулкандық лавалар және туфтар кейінірек, жер қыртысының терен, қабаттарында жаңа термодинамикалық (жоғары қысым, жоғары температура) жағдайда метаморфтық өзгерістерге ұшырап, қайта кристалданады. Сонымен қатар, ман-тиялық ыстық ерітінділер (флюидтер) жер қыртысының жарықтары мен жарықшақтарын бойлап жоғарғы қабаттарға көтеріліп (шөгінді жыныстардың жатқан жеріне) магмалық немесе метасоматикалық орын алмасу процестері байқалады. Бұл әрекеттер жалпы айтқанда гранитизациялык, процестер деп аталады. Олар метаморфтық әрекеттерден соң, ал кейде қатар жүріп жатады. Осындай процес-тердің нәтижесінде, ең соңында кұрамы магмалық жыныстарға ұқсас, ал құрылымы өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын гранитоидтар тобы, пайда болып батолиттер түріндегі ірі денелер қалыптасады. Штоктар цилиндр пішінді, кейде бұрыс пішінді интрузиялық денелер құрайды. Олардың көлемі батолиттерден кіші болып келеді. Штоктың көлденең қимасының ауданы әдетте жүз шаршы км-ден аспайды. Олар әр түрлі бағыттағы тектоникалық жарықтардың қиылысқан зоналарында жиі кездеседі. Штоктарды құрайтын тау жыныстарының құрамы әр түрлі (қышқыл топтағы жыныстардан ультранегіздік жыныстарра дейін) болып келеді. Кейде штоктар, ірі батолиттердің тармақтары мен тарамдарын құрайды, ал көпшілік жағдайда жер бетіне жақын қабаттарда магмалық диапирлер түрінде түзіледі.

Дайкалар (шотландия тілінде “дайка” — қабырға деген мағынада) жер қыртысынын, жарықтары мен жарықшақтарын толтыра өскен тау жыныстары түрінде тік қабырғалы интрузиялық кішігірім денелер құрайды. Олардың құрамы әр түрлі болып келеді. Дайкалардың қалыңдығы бірнеше сантиметрден ондаған м-ге, кейде жүздеген м-ге дейін өзгеріп отырады, ал ұзындығы ондаған м-ден ондаған км-ге дейін жетеді. Мысалы, Зимбабве жеріндегі Ұлы дайканың үзындығы 540 км, ал юрташа қалыңдығы 5 км екендігі белгілі. Қейде минералдық заттар бұрыс пішінді жарықтармен жарықшақтарды толтыра өсіп, ирелеңдеген жіп тәрізді магмалық желілер құрайды.

Нектер (ағылшын тілінде “некк” — мойын деген мағынада) диаметрі бірнеше м-ден 1,5 км-ге дейін жететін ескі вулкандық аппараттардың өзегін толтыра өскен магмалық заттардан құралады. Олардың құрамында кейде шөгінді жыныстардьщ кесек бөлшектері бірге кездеседі. Интрузиялық денелер әр түрлі тереңдікте қалыптасады. Мысалы, батолиттер мен батолиттік штоктар әдетте тереқ қабаттарда түзіледі. Оларды абиссалдық деп, ал қалғандары жер қыртысының жоғары қабаттарында түзілетін болғандықтан гипабиссалдық денелер деп аталады.

Литосфера – Жер плитасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінәра балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.



ІІ. Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары

Жер бедерінің барлық пішіндерінің қалыптасуына әсер етуші күштер екі топқа — ішкі (эндогендік) және сыртқы күштерге (экзогендік) жіктеледі. Ішкі күштер әрекеті. Ішкі күштер (оны кейде тектоникалық қозғалыс деп те атайды) Жердің ішкі қойнауындағы жылу, химиялық және радиоактивтік энергия әсерінен жер қыртысында таy тузілуі мен тербелмелі қозғалыстарды туғызады. Тау түзілуі жер қыртысындағы катпарлықтардың түзілуіне, терең тектоникалық жарықтардың пайда болуына және осы жарықтар бойымен жекелеген жер қыртысы бөліктерінің тік қозғалыстарға ұшырауына, магманың сыртқа шығуына әсер етеді.

Тербелмелі қозғалыстар жер қыртысының біртіндеп көтерілуі мен төмен түсуіне, соның нәтижесінде мұхит деңгейінің көтерілуі мен төмендеуше себепші болады. Тербелмелі қозғалыстар қайтымды сипатта болады, яғни жоғары көтерілген жер қыртысы қайта төмен түсуі немесе майысып, төмен түскен жерлер қайта көтерілуі мүмкін. Ал тау түзілуі кезінде қатпарлануға ұшыраған жерлер, сондай-ақ жарықтар бойымен жылжып кеткен бөліктер енді қайтып қалпына келмейді. Жанартау атқылауы мен жерсілкінуі де осы ішкі күштердің нәтижесі болып табылады. Демек, литосфералық тақталар қозғалысқа түсіп, материктер пішіндері мен мұхиттар айдының өзгертуші басты күш те осы ішкі күш болып табылады. Материктердегі ірі жазықтар мен таулар, мұхит табанындағы қазаншүңқырлар мен суасты орта жоталары да ішкі күш әрекеті нәтижесінде түзілген жер бедерінің ірі құрылымдары болып саналады.



Сыртқы күштер әрекеті. Сыртқы күштер болып табылатын Күн сәулесі энергиясы мен қысым күші эндогендік әрекет нәтижесінде қалыптасқан жер бедері пішіндерін бұзумен қатар, жер бедерінің жаңа шгттіндерін де түзеді.

Үгілу әрекеті нәтижесінде тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамаса физикалық үгілу, ал минералдық құрамы өзгеріске ұшырай отырып үгітілсе химиялық үгілу деп аталады.

Тау жыныстарының кристалдық торларының температуралык, өзгерістер әсерінен кеңеюі мен сырылуының түрліше болуы физикалық үгілуге негіз болады. Бұл өзгерістер жыл маусымдары айқын ажыратылатын аудандар мен климат континенттілігі жоғары болатын, әсіресе тәуліктік температура үлкен айырма- шылық жасайтын жерлерде каркынды жүреді. Мұндай аудандарда үгілу әсерінен киыршьщтасты қорымдар түзіледі. Тау жыныстарындағы ұсақ. жарықшақтарға су кіріп, ол кеңейеді, түнге қарай мұз қатып, жарықтар одан әрі ұлғаяды. Мұндай құбылыс поляр маңы мен биік таулы жерлерге, сондай-ақ Сахара сияқты табиғаты "қатал" шөлдерге тән.



Химиялық үгілу дегеніміз — тау жыныстары мен минералдардың құрамындағы реакцияға тез түсетін заттардың (оттек, кемір қышқылы, тұздар, қышқылдар, негіздер) ауадағы су буының көмегімен өзгеруі және өзара әрекеттесуі нәтижесінде бұзылуы. Сондықтан химиялық үгілу ылғалды, ыстық климат жағдайындағы субтропиктер мен тропиктерге, сондай-ақ теңіз маңы аудандарына тән. Әдетте, үгілудің барлық әрекеттері қатар жүріп отырады, сондықтан айқын басымдылық танытатын әрекет түрі бірінші кезекте айтылады. Өсімдіктер өлемі мен жануарлар дүниесі де белгілі дәрежеде физикалық және химиялық үгілу әрекеттеріне қатысып, кейде тіпті оның жүру қарқынын күшейтеді.

Үгілген тау жыныстары салмағына қарай төмен сырғуы немесе тік беткейлерден етекке құлауы мүмкін. Олар кейде өздерімен бірге басқа да тау жыныстарын сырғытып, ілестіре кетеді. Етекке құлап түскенде тау жыныстары көбінесе өзара соқтығысып, сынып, ұсақталады. Неғүрлым майда бәлшектер желмен ұшырылып, шаң-тозаңға айналады. Түптеп келгенде, үгілудің барлың түрлері биік таулардың аласаруына, керісінше неғұрлым ойыс жатқан жерлерді толтыру арқылы жер бедерінің тегістелуіне себепші болады.

Үгілу енімдері мен борпылдақ жыныстарды тасымалдау арқылы жер бедерін өзгертуде желдің маңызы зор. Жел әрекетінен қалыптасатын жер бедері пішіндерін золдық деп атайды. Әсіресе шөлдердегі құрғақ климат жағдайында жел әрекеті айқын көрінеді, мұнда құмды тебелер мен жалдар, толқын тәрізді эолдық пішіндер таралған. Теңіздер мен көлдердің жағалауларында да жел әрекетінен түзілген мұндай пішіндер жиі кездеседі.

Үгілген тау жыныстарын тасымалдауда ағын су әрекетінің алатын орны ерекше. Жаңбыр кезінде су беткейлер аркылы ағып, бір арнаға тоғысады. Ол әрі карай жер бетін тілімдеп, жыралар, сайлар жасайды. Тіпті жазық жердегі өзендер де еңкіштігі төмен, ағыны баяу болғанына қарамастан, өзімен бірғе көптеген жыныстарды тасымалдайды. Ал тау өзендері ағыны қатты болғандықтан қүм, саз сияқты майда жыныстармен қатар, өте ірі тастарды да ағызып әкетеді.

Шөлді аймақтарда жаңбыр өте сирек болғанымен нөсерлетіп жауып, борпылдақ жыныстарды тез арада шайып, оларды өзімен бірге ағызып кетіп отырады. Сондықтан шелдердің басым көпшілігінде ежелгі және қазіргі ағын су әрекеті нәтижесінде түзілген жыралар мен сайлар, құрғақ өзен арналары кептеп кездеседі. Тау бөктеріндегі өзендер жер бедерін өте күшті тілімдейді, жыралар мен сайлардың жиілігі соншалықты, олар лабиринт сипатты болып кетеді. Өйткені мұнда көбінесе борпылдақ, бос жыныстар жинақталған әрі өзен ағыны еңкіштікке байланысты өте жылдам. Осындай жолмен түзілген жер бедерін бедленд деп атайды. Бедленд ағылшын тілінде "жаман жер" деген ұғымды білдіреді. Бедлендтер түгелдей жарамсыз жерлер больш табылады, олардың кең таралған аудандары: АҚШ жеріндегі Ұлы жазықтар, Орта Азияның, Кіші Азия және Үндістан түбектерінің тауалды жазықтары.

Тұрақты ағыны бар ірі өзендер ағын әрекетімен өнделген үлкен аңғарлар арқылы ағады. Өзендердің қазу, шаю, тасымалдау және түндыру әрекеті өзеннің еңістігі мен ағыс жылдамдығына тәуелді. Өзен аңғарының кез келген бөлігінен тұнба жыныстарды кездестіруге болады, әсіресе өзен ағысы баяулап, атырау жасап құятын өзендердің сағасында олар өте қалың жиналады. Ағаш су әрекетінен түзілетін жер бедері пітттіндерін беті қалың мұз басып жатқан Антарктида мен Гренландия жерінен басқа барлық аймақтардан кездестіруге болады.

Жер бедерін қалыптастырушы сыртқы күштер қатарына мұздықтардың әрекеті де жатады. Алып жатқан ауданы шағын болғанымен, тау мұздықтарының жер бедерін қалыптастырудағы әрекеті қарқынды жүреді. Мұздықтар, әсіресе биік тау басындағы тау жыныстарының үгілуі мен тасымалдануына себепші болады. Тау мұздықтары әрекетінен айрықша пішіндегі трогты аңғарлар (неміс. Трог — астау) қалыптасады. Мұздықпен өнделген тау жоталары үшкір шынды, беткейлері тік, терең шатқалды болып келеді. Ондай жер бедерін, әдетте, альпілік, ал мұздықтармен өңделіп, тасымалданған жыныстарды морена деп атайды.

Жерасты суларының әрекеті суда тез еритін әктас, тас тұзы, гипс сияқты жыныстар таралған аудандарда болады. Бұл жыныстарды су еріте отырып, бос кеністіктерді — кеуектерді қалыптастырады. Кеуектер ойылып, олардың орнында түрліше пітттіндегі қуыстар түзіледі. Тау жыныстарының суда еру процесі карст деп аталады. Карст пішіндері беткі ағын әрекеті әсерінен де пайда болады. Ондай жағдайда өзендер жер астына сіңіп кетіп, екінші бір бөлікте қайтадан жер бетіне ағып шығуы мүмкін. Карст пішіндерінің шетіндегі ең кең тарағаны — үңгірлер. Жер шарындағы ең ұзын үңгір — Аппалачта, ең терең үңгір — Кавказда орналасқан. Карст нәтижесінде қалыптаскан жер бедері пітттіндері Балқан және Кіші Азия түбектері мен Оңтүстік - Шығыс Қытай жерінде, Аппалач тау жүйесінде кең таралған.



Сонымен сендер жер бедерін өзгертуші сыртқы күштермен таныстыңдар. Барлық әрекеттердің қозғаушы күші — күн сәулесінің түсу мелшері мен соған сәйкес климаттағы езгерістер. Мәселен, климаттық жағдай ылғалды немесе құрғақ сипатқа ауысса; таулардың биіктеуі бәсеңдесе немесе тез арада қарқынды түрде биіктесе, сыртқы күш әрекеттерілін жүру сипаты мен жылдамдығы да өзгереді. Яғни, жаңа жағдайға бейімделеді. Сонымен қатар жер бедері өзгерісі ішкі тектоникалық қозғалыстарға да тәуелді. Демек, қазіргі жер бедерінің қалыптасуы ішкі және сыртқы күтердің ұзақ геологилық уақыт аралығындағы өзара әрекетінің нәтижесі болып табылады.

ІІІ. Топырақтың ластануы

Топырақтың ластануы — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластағыштар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы). Топырақтың ластануы топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Мұның бәрі ауру қауіптілігін және микробиологиялық ластануды туғызады. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және қылау қоздырғыштары 2—3 тәулік бойына сақталса, ластағыштармен әлсіреген топырақтың өзін-өзі тазалай алмайтын кезінде дизентерия қоздырғыштары бірнеше ай, сүзек пен қылау қоздырғыштары бір жарым жылға дейін сақталады. Топырақтың ластануы кейде әр дәуір аумаққа жайылады.

Топырақтың химиялық ластануы — топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы. Топырақтың химиялық ластануының көздеріне өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғылар мен минерал тыңайтқыштар жатады. Өнеркәсіптік кәсіп орындардың құбырлары арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар жел арқылы 50 км өңірге таралады. Бірақ ластағыштардың негізгі массасы 8—10 км жердегі топыраққа түседі. Мұнай-химиялық завод кешендерінің төңірегіндегі аумақтар қатты ластанады. Көп жағдайда бұл жерлер ауыл шаруашылығына немесе бақ өсіруге пайдалануға жарамайды. 3 км-ге дейінгі қашықтыққа Топырақтың химиялық ластануы мұнай-химия кәсіп орындарының тұған-тұндырғыштары маңында көмірсутек бұларының тұнуынан болады. Түсті металл кендерін алу және байыту процестерінен де топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың химиялық ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Соңғы кездері мұнайға байланысты ластану жиі кездеседі. Мұнаймен ластанған топыраққа лады. Мұнайдан топырақтың химиялық ластануының төменгі деңгейінде топыраққа микрофлора мен өсімдік дамуын реттейтін тыңайтқыш енгізу керек. Үлкен мөлшердегі және ұзак мерзімдік ластанудан топырақта қайтымсыз өзгерістер жүреді — топырақ асфальтқа ұқсас массаға айналады. Бұл кезде едәуір ластанған қабаттарды алып тастауға тұра келеді.

IV. Топырақтың бүлінуі (деградациялануы)

Деградация (лат. деградатіо – біртіндеп нашарлау, құлдырау) - біртіндеп жағымды қасиеттердің нашарлауы, төмендеуі немесе жойылуы, құлдырау, жойылу.

Биологияда – қоршаған ортаның біртіндеп нашарлап тозуы, қандай да болмасын биогеоценоздың экологиялық үйлесімділігінің бүлінуі. Деградация мынадай түрлерге ажыратылады: ландшафттық Деградация – ландшафтының табиғи немесе антропогендік тұрғыдан жұтаң тартып, эстетикалық және әсемдік түрінен айрылып, шаруашылыққа жарамсыз күйге түсуі; топырақ Деградациясы – табиғи құбылыстар немесе адамның іс-әрекеті нәтижесінде топырақ құрылымының өзгеруіне байланысты оның құнарлылығының біртіндеп нашарлауы; қоршаған орта Деградациясы – адам өмір сүріп отырған ортаның бүлінуі; кейбір қалалар мен елді мекендерде әлеуметтік тіршілік ортасы мен табиғат жағдайларының бірдей нашарлауы; көп жылдық тоң Деградациясы – климаттың жылынуына байланысты көп жылдық тоңның еруі.

Деградация, кұлдырау режимі. Бұл режимдегі саяси практика саяси жүйенің қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ете алмайтын ерекше қалпын көрсетеді. Онда биліктің ықпалына берілмейтін деструктивті, қиратушы күштер үстемдік етеді. Билік дағдарысы, саяси жүйенің дағдарысы қоғамның демократиялық саяси мәдениетінің әлсіздігін, дамымағандығын көрсетеді. Тек охлократиялық тенденцияларға арандататын сөз жүзіндегі демократия дағдарысты тереңдете түседі, саяси күштердің қақтығысты қайшылықтарын тудырады. Осындай жағдайда саяси процестің мазмұны өзгереді. Саяси күштердің қарсы тұру тенденциясы пайда болып, қақтығыстар мен әлеуметтік жарылыстарға алып келетін конфронтация күшейеді. Осы ретте қоғамның саяси жаңаруының демократиялық формаларын іздеу, жағдайдың әлеуметтік жауапты бағасының дамуы, саяси күштер арасындағы диалогтардың әр түрлі формаларының жолға қойылуы, компромисс, консенсус принциптерінің басымдығын қамтамасыз ету дағдарыстық жағдайдан шығудың тиімді жолын қалыптастырады. Осы жағдайда барлық саяси күштер, мемлекеттік билікті қоса алғанда, конституцияны, құқықтық нормаларды сақтауға міндетті және мемлекеттік билік органдары мен күштік құрылымдар ғана мемлекеттің тұгастығы мен қоғамның тұрақтылығын сақтау үшін қажетті күш қолдану функциясын заң жүзінде қолдана алатындығын ескеру қажетті. Алайда, саяси практикадағы деградация мен құлдырау режимі басқа бағытты ұстануы да мүмкін. Бұл демократиядан бас тарту, тәртіпті сақтаудың күш қолдану методтарына өту, күш қолдану мәдениетін жандандыру мен дамыту. Сол себептен деградация мен құлдырау режимінің саяси практикасы аса күрделі. Мұнда көп нәрсе саяси күштердің нақты қарым-қатынастарына, халықтың менталитетінің ерекшеліктеріне, оның тарихи тәжірибесіне және байланысты болады.

Саяси практиканың маңызды проблемасы саяси қатынастар субъектілерінің саяси процестердегі өкілдігін қамтамасыз ету. Өкілдікті қамтамасыз ету формасы саяси партиялардың, партиялық жүйелердің, биліктің сайланбалы өкілдік органдарының құрылуына негізделеді. Демократиялық саяси мөдениеттің құндылығының өзі сонда, ол осы қалыптасқан әлеуметтік жағдайда саяси процестегі саяси қатынастар субъектілерінің толықтай өкілеттілігін қамтамасыз ететін тетіктерге ие. Осы тетік үздіксіз жетіліп отыру мүмкіндіктеріне ие. Саяси процестегі белгілі бір тенденцияларды көрсететін азаматтар ұйымдасқан түрде өздерінің мүдделерін жүзеге асыру үшін саяси ықпалдың методтары мен құралдарын жасақтай алады. Сайлау өкілеттілігі шешуші мәнге ие демократиялық қоғамда бұқара халық өзінің саяси процестерге катысуын, негізінен электорат ретінде жүзеге асырады. Электораттың қалыптасуы — саяси процестің қалыптасуының мәнді аспектісі. Саяси партиялардың. сайланбалы мемлекеттік құрылымдардың электоратқа тәуелділігі — саяси шынайылық. Сондықтан үкіметтің қалыптасуына, олардың шешім қабылдауына, ол шешімдердің жүзеге асуына ықпал етуге қабілетті барлық күштердің сайлау процесіне қатысуын қамтамасыз ететін сайлау туралы заңды жетілдіре түсу қажет. Осы жағдайда, сайлауларға азаматтардың саналы қатынасу деңгейін ескерген жөн, өйткені сайлау — саяси қатынастардың барлық субъектілері үшін сайлау туралы заңмен шектелген ерікті қызмет алаңы болып табылады Саяси процестің маңызды тұстары шешімдерді қабылдау жөне оларды жүзеге асыру үшін қажетті еріктің көңіл-күйін жасақтау болып табылады. Мұнда да қоғамның демократиялық саяси мәдениеті мен оны азаматтардың игеру дәрежесі шешуші мәнге ие. Саяси процеске қатысушылардың саяси мәдениеті ғана шешімдердің жетілгендігін, жауапкершілігі мен байсалдылығын анықтайды, ал олардың еріктік көңіл-күйі әлеуметтік сақтық пен сыншылдықпен байланысты. Саяси процестің ақырғы кезеңі саяси қатынастар субъекгілері қабылдаған шешімдердің жүзеге асуы болып табылады. Мұнда да саяси мәдениет саяси процестің мазмұнын анықтайды, шешуші түрғыда субъектілерге ықпалын тигізеді, олар қолданатын формалар, методтар мен құралдарды және олардың әрекеттерінің нәтижелілігін анықтайды.

Алайда осындағы ескеретін нәрсе, көп жағдайда мақсатқа жету саясаткерлер үшін шешуші мәнге ие болғанымен, қол жеткізілген нәтиже, жүзеге асқан мақсат оның барысында қолданылған кез келген құралды ақтай бермейді. Саясаттанулық түрғыдан алғанда қандай құралдар мен метод- тар арқылы мақсатқа жеткені және осы ретте саяси практиканың субъектісі қалай қалыптасқаны айтарлықгай маңызды, өйткені жеткен мақсат — үздіксіз саяси процестегі өтпелі кезең ғана, ал адамдардың тіршілік әрекетіндегі қызмет етуші саяси мәдениет мәні бойынша оның фундамен- талдігі , мәңгі негізі болып табылады. Демокрит айтып кеткендей, "азаматтық соғыс жауласушы екі жақтың қайсысына болса да қасірет. Өйткені оның салдары женуші үшін де, жеңілуші үшін де бірдей".





V. Жерді қайта құнарландыру

Жерді қайта құнарландыру, рекультивация(лат. ре — қайта не кері әсерді білдіретін қосымша және цұлтіво — өңдеу) — бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, оны халық шаруашылығына пайдалануға беру және қоршаған ортаны жақсарту үшін жүргізілетін кешенді жұмыс. Жердің құнарсыздануы — әр түрлі шаруашылық әрекеттерінен — жер асты пайдалы қазбаларын өндіру, геологиялық барлау және әр түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізуден болады. Осындай әрекеттердің салдарынан топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты жойылады, гидрологиялық жүйелер өзгереді, техногендік рельеф түзіледі. Жерді қайта құнарландырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына қажетті жерлер жақсарып, су құбырлары іске қосылады, дем алатын орындар мен құрылысқа қажетті аймақтар пайда болады. Жерді қайта құнарландыру үшін топырағы құнарсызданған, қоршаған ортаны ластайтын жерлерді және ластанған су құбырларын биологиялық, техникалық, және химиялық әдістермен қалпына келтіреді. Жерді қайта құнарландыру 2 кезеңде жүргізіледі; техникалық жерді қайта құнарландыру — бүлінген жерлерді халық шарушылығына мақсатты түрде пайдалану үшін жер бетін тегістеу, құнарлы және құнарландыруға болатын топырақ пен тау жыныстарын жиыстырып жер бетіне төсеу, жолдар салу, әр түрлі гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар салу, т.б.; биологиялық Жерді қайта құнарландыру — топырақтың құнарлы қабатын қайта қалпына келтіретін агротехникалық және фитомелиоративтік жұмыстар жүргізу, топырақтың құрылымын жақсартатын процестердің жүруін тездету, құнарланған жерлерде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қалпына келтіру мен оның өнімін арттыру.



Пайдаланған әдебиеттер

  1. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова.

  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме

сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасыныњ ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов

  1. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің, орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға

еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов.

  1. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика

бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б.
: download -> version
version -> Коучинг сессиясының орта мерзімді жоспар Тақырыбы
version -> Сабақ тақырыбы Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс Жалпы мақсаты
version -> Тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Секция: қазақ әдебиеті
version -> Жалпы орта білім деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Қазақстан тарихы сұрақ кітапшасы
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Тип урока: изучение нового материала, урок-соревнование. Педагогические технологии
version -> БАҒдарламасы 10-11 сыныптар жаратылыстану-математикалық бағыт
version -> [Қарақытай] 1217-1218 ж. Хорезм шахы Мұхамет Текеш теңге соқтырған қала: [Отырар]




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет