Ұлттық құндылықтарымыздың ең басты көрсеткіші ұлттық сана



жүктеу 64.7 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі64.7 Kb.
Ұлттық құндылықтарымыздың ең басты көрсеткіші – ұлттық сана.

Қазіргі кезде біздің Республикамыз тәуелсізді болғандықтан ежелгі мәдениеттің қайта өрленуі жүріп жатыр, сонымен қатар өздерінің құрамына кіретін бай пласттер, өнер мен әдебиеттегі ұлттық дәстүрлер дамып келеді, қайсыларына халық ойындары да кіреді. Бұлар, ғасырлар бойы өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеу құралы ретінде қолданған және мәдени мұра болып келеді.

Ұлтымыздың ежелден өшпей бүгінгі күнге жетіп, қазір қарқындап дамып отырған құндылығымыздың бірі, ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақ. Бұл халқымыздың тамырын тереңге жайған төл мұрасы. Бұл спорт түрі – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен иық теңестіре алатын, қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани, логикалық ойлау өнері.Тоғызқұмалақ ойыны адамға сәйкес, тарихи жасалынған қоғамдық туындама және өзара іс-әрекет түрі.Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін он тоғыз жылдан кейін ғана әлем біріншілігін ұйымдастыра алдық. Тоғызқұмалақ ойыны демалыстың, өзара танудың, денелік және жалпы әлеуметтік тәрбиенің, спорттың құралы бола алады.

КСРО ыдырап, еліміз өз билігін қолына алғаннан кейінгі кезеңде өзгеге телінген көптеген ұлттық жәдігерліктерді жаңадан саралап, қеңестік кезеңде өз орнын ала алмаған, біржақты қараланған рухани мұраларды дамыту үшін көп жұмыс істеу керек болды. ХХ ғасырдың отызыншы жылдары «байлардың ойыны» атанып, қуғынға ұшыраған, елуінші жылдары қайтадан қоғамдық өмірде орнын тапқан, сексенінші жылдардан бастап, ресми чемпионаттар бірде өтіп, бірде өткізілмей келген тоғызқұмалаққа да жаңаша көзқараспен қарау керек еді. Өкінішке қарай, экономикасы енді қалыптасып келе жатқан елімізде ұлттық ойындарды бірден дамытып кететіндей күш-қуат, қаржы болмай, зияткерлік ойынымыз дағдарысқа ұшырады. 2004 жылы бұл қоғамдық ұйымның басшысы болып Әлихан Бәйменов сайланды.

Тоғызқұмалақ ойынының қазіргі қағидалары – заманалар бойы жаңашаланып, өз кезеңінің ең озық рухани қасиеттерінің негізінде жасалған, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараса да, 1948 жылы халықтың қалаулы ұлдары М. Әуезов, Қ. Қуанышбаев сынды азаматтардың білім-білігімен бекітілген – озық ережелер. Қазіргі тілмен айтқанда – классика! ХХ ғасырдың аяғында, ХХІ ғасырдың басында ойын ережелеріне өзгеріс енгізейік дегендер болған, болашақта да болуы мүмкін. Бірақ біз осы қазіргі қағидалардың өзін әлі толық сараптай алмай отырмыз. Тоғызқұмалақтың жөні бөлек. Ол шахматтан да, дойбыдан да күрделі.

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз. Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестер қолданамыз. Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады:

1. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп тартамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластарың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2,4,6,10,12), сол отаудың құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа) тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.

2. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.

3. Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды. Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады.оны ежелден – «тұзды үй», қазіргі тілде – тұздық деп атайды.

4. Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек. Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады.

5. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.

6. Тұздық аттас отаулардан алынбайды.

Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.

Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші тауысып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.

Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салады.

Егер «атсырау» жағдайына қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді. Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс.

Тоғызқұмалақ ойынындағы жүріс жасау бағыты дәстүрлі дүниетамындық негіздерден туындаған. Мәселен, Қ.Сапарбеков: «Қазақ атқа мінгенде үзеңгіге сол аяғын салып, оң аяғын ердің оң жағына асырып түсіреді. Былайша айтқанда оң жағына бағыт ұстайды. Сол секілді тоғызқұмалақшылар да құмалағын жүріс кезінде оң жағындағы отауларға салып отырады», - дейді. Қазақстан тәуелсіздін алған жылдан бері тоғызқұмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде тоғызқұмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғызқұмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.

Қазіргі уақытта тоғызқұмалаққа тек қазақтар ғана емес шет ел азаматтары қатты қызығушылық танытып отыр. Әлем чемпионатының арқасында тоғызқұмалақтың танымалдығы интернетте де, жалпы басқа елдерде де арта түсті. www.iggamecenter.com сайтының көрсетуінше, тоғызқұмалақ рейтингі және ойнаушылардың көптігі жағынан зияткерлік 103 ойынның арасында 2010 жылдың қарашасынан бері бірінші орында келе жатыр. Қазіргі кезге дейін бұл сайтта 1 миллионнан астам партиялар ойналды. Интернетте танымал болуымыздың арқасында көптеген елдерден тоғызқұмалақ тақталары мен оқулықтарына сұраныстар түсуде. Түркиядағы әріптестеріміз қашанға дейін тақтаны Қазақстаннан тасисыңдар, енді өзіміз шығарайық деп ұсыныс айтуда. Португалия, Чехия, Испанияда мектеп оқушылары арасында ұлттық біріншіліктер өткізілуде. Мәселен, Португалияда тақта жоқ болғандықтан, олардың жарыстары компьютерде ойнау арқылы жүруде. Швейцария, Антигуа-Барбуда, Англия және басқа елдер кітаптар сұрауда, бірігіп кітап жазу туралы мәселелер көтеруде.

Тоғызқұмалақтың қалай дамитыны ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарының санасына байланысты. Бұл ойынды дамыту тек жеке Қауымдастықтың ғана немесе Спорт комитетінің шаруасы емес. Бұл ұлттық мұра болғандықтан, оған қолдау көрсету – бойында қазақтың қаны бар әр азаматтың шаруасы.

Қазақтың төл зияткерлік ойы¬ны – то¬ғызқұмалақ соңғы жыл¬дары жоғары қар-қынмен дамып келеді. Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде тоғызқұмалақ жақсы насихаттап жатыр.Халықаралық тоғызқұмалақ қауымдастығы құрылды. Оған алғашында 7 мемлекет мүше болса, қазіргі кезде 16 ел мүше. Еуропада өткен зияткерлік олимпиадалардың арқасында тоғызқұмалақ көп елдерге танылып, әлем чемпионатын өткізуге мүмкіндік туды. 19 жыл өтсе де, біз тұңғыш рет мангала ойындарының тарихында тоғызқұмалақтан дүниежүзілік чемпионат өткіздік. Бұл – үлкен жетістік. Тәуелсіздігін ерте алған қаншама мемлекеттер әлі күнге дейін ұлттық ойындарынан құрлықтық біріншілік өткізе алмай жүргенін ескерсек, Қазақ елі түркі және араб халықтарының ішінде бірініші болып бұл белесті бағындыра білді.

«Елiмiздiң, ертеңі-бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында»,- деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай әр оқытушы өзінің бiлiмiн үздiксiз көтеріп отыруы қажет. Бiлiмдi, жан-жақты қабілетті ұрпақ: - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.

Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 20 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу.

Қазақ халқының ежелгі заманнан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық спорт ойындарының қай-қайсы да балаларының батыл да батыр, қайсар да қайратты, ақыл-парасатының мол, ойлау қабілетінің ұшқыр болып ержетуіне арналған. Ең алғашқыда-ақ оны ойлап табушылардың соны мақсат тұтқаны анық. Елімізде ерте кезден-ақ «қойшылар алгебрасы», «малшылар математикасы» деп аталып кеткен тоғызқұмалақ – сондай ойындардың бірегейі. Тоғызқұмалақты қазақтармен бірге қырғыздар да, қарақалпақтар мен алтайлықтар да ойнайды. Тоғызқұмалақ ойнайтын бар халықтың да айтатыны: «Біздің түркі халқы ұрпақ тәрбиесіне қаншама мән-маңыз береді, мұны бір ғана тоғызқұмалақ ойынынан-ақ көріп, білуге болады».

«Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек» – деп ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, атадан балаға мирас боп, бүгінге жеткен мәдени құндылығымыздың бір бөлшегі, ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты бүгінгі тарих бетінен өшірмей, келер өскелең ұрпаққа жеткізу біздің басты – парызымыз. Олай болса ұлттық ойынды тек қана ұлықтап, болашақ та олимпиада ойындарының қатарынан көрейік.



Міне, осындай ұлтымыздың ежелден өшпей бүгінгі күнге жетіп, қазір қарқындап дамып отырған құндылығымыздың бірі, ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақ. Бұл халқымыздың тамырын тереңге жайған төл мұрасы. Бұл спорт түрі – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен иық теңестіре алатын, қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани, логикалық ойлау өнері.


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет