Ұлттық паркке саяхатқа шығу Жас саяхатшылар!



жүктеу 49.15 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі49.15 Kb.
ұлттық паркке саяхатқа шығу
Жас саяхатшылар!

Ұлттық паркте серуендеу – әсем табиғат әлеміне саяхатқа шығу жарқыраған, жарық күнмен, шексіз аспанмен, ғажайып аңдармен және құстармен, гүлдермен және ағаштармен сырласу әрі тамашалау. Ұлттық паркте сіз сан түрлі айрықша және тылсым кереметтерді көресіз.


Серуенге шығу алдында Табиғатпен кездесуге дайын болу маңызды.

Құдыретті табиғат, өзіңе деген құрметім мен сүйіспеншілігімді білдіремін! Мен Сені ренжітпеймін, Сені аялайтын жолдасың болғым келеді. Мен Сенің бөлшегіңмін, сондықтан Сенімен егізбін.



Ұлттық паркте серуендеу сіздерге тек жақсы әсер егуі үшін бірқатар өте оңай ережелерді білу және сақтау қажет.
Жорыққа жиналғанда...

Тек қажетті заттарды ғана алыңыздар. Артық бір түйір кәмпиттің өзі де жорық – саяхатта бірнеше сағаттан кейін ауырлап кетеді. Спорт киімін киіңіз. Жаңа аяқ киім мұндай жорықта ыңғайсыз болады.

Ыңғайлы рюкзакке келесі заттарды салуды ұмытпаңыз:


  • дәрі қобдишасы;

  • жылы киім (кеудеше, шұлық, жаңбыр өткізбейтін күрте), өйткені жазда да ауа райы, әсіресе тауда, өте құбылмалы;

  • күннен қорғайтын көзілдірік пен крем және күн көзінен сақтайтын бас киім;

  • жеңіл қораптардағы құнарлы азық (шоколад, кептірілген жемістер);

  • сусындар (қыста ыстық шәй өте жақсы болады).

Қоқыс салатын пакет, қалақша және дәретхана қағазын ала жүріңіз.

Дұрыс жүрудің сыры

Жол жүрудің басында туристердің бәрі де өте қатты шөлдейді. Шыдамдылық танытып, аялдайтын орынға жеткенше еш нәрсе ішпеңіз.

Екінші деміңіз ашылғанша, бөкеннің желісіне салмаңыз. Ауызбен емес, мұрынмен демалатындай жылдамдықпен жүру керек.

Әдетте жорықтың алдында..., ең мықты қатысушысы емес, ең әлсізі жүреді. Оған бүкіл топтың қарқыны бағынады. Шерудің соңында тәжірибелі турист жүру керек, ол жүрісті бағыттайды және бақылап отырады. Қатысушылардың бәрі көз алдында болатындай кішігірім топтармен жүрген жақсы болады.

Бұрын салынған соқпақ жолдармен жүруге тырысыңыз. Бұл соқпақтарды жол білетін адамдар салған болса, тіпті жақсы. Егер сіз, мысалы, суырдың ізімен жүрсеңіз, аяғыңыз оның іңіне түсіп кетуі мүмкін. Ал таутекенің жолы сізді тіпті құзға әкеп тіреуі мүмкін.

Ақырын сөйлеңіз, табиғаттың дыбыстарына құлақ салыңыз, жануарларды бақылаңыз.

Қасыңызда итіңіз болса, оны жабайы аңдардың мазасын алмау үшін ұзын қарғы бауда ұстаңыз.

Сіз тапқан қызықты табиғи нысандарды басқалар да көре алу үшін, оларды өз орындарында қалдырыңыз. Жаңа әсерлермен бөлісудің ең жақсы жолы – фото, видео немесе сіз салған сурет!



Алақай, аялдау!

Аялдайтын орынды таңдау – аса жауапты міндет. Тік жарлардан алысырақ болыңыз – әйтпесе көшкінге ілесіп кетуіңіз мумкін! Жалғыз тұрған ағаштардан, жартастар мен тас түскен жерлерден де әрмен отырыңыз. Өзендердің жағалары, кеуіп кеткен арналар өте әдемі болады, бірақ олар қауіпті де болуы мүмкін.

Ақыры, су ішуге де болады! Ауыз суды бұлақтың таза екенін көргеннен соң ғана алыңыз.

Алаудың жанында жылынып отыру қандай керемет! Отты рұқсат етілген жерде жағыңыз, және де оны бұрынғы орнында жаққан дұрыс, бірақ ағаштардың түбінде емес және қалың шөп арасында емес. Жерге түскен құрғақ бұтақтар – шөмшекті пайдаланыңыз. Ағаштарды, олар қурап қалған болса да, шаппаңыз және сындырмаңыз. Олардың үстінде жабайы аралардың ұялары болуы мүмкін... Қоқысты жақпаңыз.

Кетер алдында отты өшіріңіз, оған су құйыңыз немесе қармен жауып тастаңыз.

Сөндірілмеген оттың салдарынан сан ғасырлық ағаштардың отқа оранып, мыңдаған тірі жандіктердің өртеніп кетуі мүмкінін екенін естен шығармаңыздар!

Дәретке отыру үшін шұңқыр қазып, оны сосын топырақпен жауып кетіңіз.
Паркте ерекше ережелер!

Мұнда:


  • бұталар мен ағаштарды шабуға және сындыруға;

  • ағаштарға, тастарға, жартастарға және т.б. жазу - сызуға;

  • гербарий жинауға;

  • жәндіктерді аулауға;

  • аңшылыққа;

  • гүлдерді, жеміс-жидекті, дәрілік өсімдіктерді және саңырауқұлақтарды коммерциялық мақсатпен жинауға;

  • археологиялық материалды жинауға тиым салынады.

Велосипед, шаңғы және шананы тек арнайы жерлерде ғана тебуге болады.
Бірақ...

Қоқысты қалдырмау керек. Ол өте көпке шыдайды. Шыны мен пластик – бұлар мәңгі дерлік сақталады, консерв банкалары көп жылдар бойы шіриді. Қоқысты қалдыру арқылы, сіз бұнымен адамдар мен жануарларға қауіп төндіресіз. Үйге қайтар алдында пакетке көзіңізге түскен «бөтен» қоқысты да жинай салыңыз. Құттықтаймыз! Бұл сіздің табиғатты қорғауға қосқан қомақты үлесіңіз.


Қауіпсіздік негіздері

Жорыққа шыққанда парктің картасымен жақсылап танысыңыз. Мүмкіндігіңізге қарай бағдарды таңдаңыз. Ауа райын алдын ала біліңіз!

Егер жолда ауа райы нашарлап кетсе, үйге қайтыңыз, немесе қауіпсіз жерді паналаңыз: өзен арналарынан және таудың тік баурайларынан қашығырақ болыңыз.

Күн күркіреген кезде жалғыз тұрған ағаштардан аулақ болыңыз – оларға жай түсуі мүмкін.

Паркте қауіпті аңдар мен жәндіктердің бар екенін есте сақтаңыз. Мысалы, көктемде және жаз басында кенелер өте қауіпті болады. Егер сіз кене энцефалитіне қарсы егілмеген болсаңыз, бұл мерзімде қала сыртына серуенге шықпағаныңыз дұрыс.

Жабайы аңдарды тамақтандырмаңыз. Олардың балаларымен ойнамаңыз. Мазасы кеткен ата­-аналары сізге бас салуы мүмкін.

Таныс емес шөп, гүл, жидек мен саңырауқұлақ улы болуы мүмкін. Абай болыңыз. Мысалы, теріде қорқынышты күйіктер қалдыратын күймесгүл, бірінші қарағанда зияны жоқ әдемі гүл болып көрінеді.

Өртті байқасаңыз, оны өз күшіңізбен өшіруге талпынбаңыз, парк әкімшілігіне, орманшыға, қорықшыға ол туралы хабарлаңыз. Кездескен адамдардың бәріне кері қайтуға кеңес беріңіз.

Жолдағы көшкін қауіпі бар жерлерді екі-үш адамнан тұратын топтарға бөлініп тез өтіп кеткен жөн. Жақындап келе жатқан селдің гүрілін естісеңіз, төменге емес, баураймен жоғары қарай жүгіру керек!

Не болса да бірге жүріңіз, ешкімге де қалып қоюға немесе озып кетуге мүмкіндік бермеңіз.

Зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсетуді үйреніңіз, бірақ біреу өзін жайсыз сезінсе немесе ауырып қалса, үйге қайтқан дұрыс.

Паркке кірер алдында өрт сөндіру және құтқару қызметімен қалай байланысуға болатынын біліп алыңыз.


Енді аңсап күткен жорыққада да шығуға болады. Осы оп-оңай ережелерді сақтап, серуеннен ләззат алатыныңызға және ұлттық парктерді сақтайтыныңызға кәміл сенеміз. Паркке келушілер – оның ең жақсы қорғаушылары!

Сіздерге тамаша демалыс тілейміз!


Издан при финансовой поддержке Фонда «Институт открытого общества». Венгрия.

© «Зеленое спасение» экологиялық қоғамы, 2010

© Суретшісі – Е.Панюкова, 2010
Қазақстан Республикасы,

050000, Алматы қ.,

Шағабұтдинов көш., 58, 28 пәт.

Тел.+7 (727) 234-17-60, 253-62-56.

E-mail: grsalmati@gmail.com

Сайт: www.greensalvation.org



Таралымы: 1000 дана.





: uploads -> Publish
uploads -> Тесты по казахской литературе для подготовки к ент 2013
uploads -> Ф-об-001/033 мазм ұ н ы кіріспе
uploads -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
uploads -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
uploads -> Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту. Жұмыстың жалпы сипаты 1-3 І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
uploads -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі: Сөз таптары туралы білімдерін еске түсіру, қайталау, бір жүйеге келтіру
uploads -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
Publish -> Рассказ "Старуха Изергиль"
Publish -> «Выделительные знаки препинания при вводных словах, вводных словосочетаниях и вводных предложениях»




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет