Ұлттық салт-дәстүр, ата бабамыздың сара жолы жобасы бойынша «Жаса, наурыз дәстүрі !»



жүктеу 157.34 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі157.34 Kb.
Ұлттық салт-дәстүр, ата бабамыздың сара жолы

жобасы бойынша « Жаса, наурыз дәстүрі !»



этнографиялық мейра

1-жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталды,

Қызықтан құр қалмаңыздар!


Ұлыстың ұлы күніне

Жиналыңдар алаңға.

Салт дәстүрмен жараса,

Қайта құрып жаңаша,

Той тойлайық тамаша!

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар оқушылар сіздерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгін «Ұлттық салт-дәстүр, ата бабамыздың сара жолы» жобасы бойынша «Жаса, наурыз дәстүрі !» атты этнографиялық мейрамға қош келдіңіздер.

1-жүргізуші: наурыздың аппақ қарындай, ақ кимешекті аппақ әжеміз немерелерімен келе жатыр.Қош келіпсіз әже!

Немерелерін ертіп әже кіреді( (Шашу шашылады) немерелерінің қолдарында



Наурыз көже,шашау,дән су сүт,шелпек т.б. қыздар иіліп, ұлдар қолдарын кеуделеріне қойып сәлем береді.)

Әже: Уа халайық , бүгін мейрамға жиналып қалыпсыздар ғой. Наурыз мейрамы құтты болсын. Наурыз мейрамы әр шаңыраққа бақыт ,табыс, құт, береке, қуаныш әкелсін «Өлі риза болмай, тірі байымайды » деп Мен жеті шелпек әкелдім, Алыңыздар, ауыз тиіңіздер!

Ал енді мына менің немерелерімнің өнерін тамашалаңыздар:


Жансая: Әжем наурыз көжеге,

Жеті түрлі ас салады

Бидай,тары,күріш бар

Айран-құрты тағы бар,

Көже-елдін ырыздығы

Жарқырап тұр күніміз,

Жайқалсын жас гүліміз,

Бақта бұлбұл сайрасын,

Мерекесін көктемнің,

Бүкіл әлем тойласын!


Айым: Наурыз тойы, наурыз тойы,

Құтты болсын, халайық!

Күй төгілсін, жыр төгілсін

Шырқап әнге салайық!

 

Айым: Наурыз келді, наурыз келді , ағайын,

Құмарлана құшағымды жаяйын.

Көктем туып, күлімсіреп көк аспан,

Ән мен күйге толды менің маңайым.

 

Перизат: Сәлем бердік, жас Наурыз, жылдың басы

Жұрттың күткен, мінеки ықыласы

Көже құйып, күйбеңдеп, басын асып

Бермек әркім барынша қонақасын.

 

Наурыз қайтып оралды, аты да аңыз



Ризамыз бұл мейрамға әрқашан біз

Мол дастарқан, даламыз - сахнамыз

Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз.

 

Келіңіздер Наурыз күнін қарсы алайық,



Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.

Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,

Арқаңды кеңге салшы, уа, халайық!
Рахмет сендерге

2-жүргізуші: Қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі-Наурыз. Бұл күн жыл сайын Наурыз айының 22 жұлдызында мерекеленетін болған, яғни күн мен түннің теңеліп, көк шыға бастайтын көктем айы. Сондықтан, Наурыз күнін ертедегі адамдар Жаңа жылдың басы- ұлыстың Ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек , зор қуанышпен қарсы алған, жұрт ел аралап, үйлерге кірген, наурыз көже ішіп, жастар ән шырқап, палуандар күресіп, ойын сауықпен өткізген.

1-жүргізуші: Наурыз мейрамын жыл басы ретінде тек қазақтар ғана емес, Шығыс елінің бәрі де бүгін Наурызды тойлап жатыр.

2-жүргізуші: Көне парсылар ұғымы бойынша 21-наурыз күні сағат түнгі үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен. Қыдыр бабаны қарсы алған.Осы түні әр адам қандай ой арман ойласа, сол арман тілегі жаңа жылда қабыл болады деп ырымдаған. Сол күні үйді аластап, түнде ыдыстарға тағамдарды толтырып шырақ жағып қояды екен.
1-жүргізуші: Төрлет, Наурыз,жарқыра көгім,

Бақ дәулет әкел халқыма менің.

Көктем жетті көл көсір шуақ құрып,

Қыс барады қиылып жылап тұрып,

Шатырынан сүмбіл дер су бүркеді

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.



2-жүргізуші: Наурыз айы келді, міне халайық,

Татулықпен оны қарсы алайық.

Күмбірлеген домбырадан күй төгіп,

Мың бұралып билеп, ән салайық.



Тұралы асылмұрат :Ән орындалады: «Наурыз»

1-жүргізуші Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.

 2-жүргізуші: Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.


1-жүргізуші: Ұлысм күні кәрі- жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен.



Осы кезде жақын тұрған топ ортасынан сәлемдесіп төс қағытқан

Ал қазір балалар мен сендерге Наурыз мерекесіне қатысты сұрақтар қоямын соған қолдарыңды көтеріп жауап беретін болыңдар .


Ән :«Сәлем саған туған жер»

  • Жыл басында алғаш жауған қар қалай аталады? (Ақша қар)

  • Жыл басының алғашқы күні? (Ұлыс күні)

  • Жыл басының алғашқы желі? (Алтын күрек)

  • Жыл басының алғашқы төлі? (Дүбір аяқ)

  • Жыл басының алғашқы сүті?(Уыз)

  • Жыл басының алғашқы көгі? (Бәйшешек)

  • Жыл басының алғашқы асы (Наурыз көже)

  • Жыл басының алғашқы белгісі (Көрісу)

  • Жыл басының алғашқы сый тамағы (Ұйқыашар)

  • Жігіттердің қыздарға беретін сыйы (Селтеткізер)

  • Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы (Наурызек)

Наурыз айында өсетін жапырақты, қауашақты түрлі гүл (Наурыз шешек)
Оқушылар: Наурыз туралы өлеңдер оқылады.

Тоқжан, Махаббат
Домбырам –досым менің күй аңсаған,

Өзімді, өмірімді қиям саған.

Шағымда шабыттанған, қиялданған,

Шанағың бар шаттығын қияр маған,



Жандос : Күй «Тойбастар»
Наурыз туралы өлеңдерін оқиды.Тоғжан,Махаббат, Ақниет



2- жүргізуші: халқымызның Салт дәстүрлеін кім айтып береді?

  • -«Бесікке салу»,

  • «Тұсау кесер»,

  • «Келін түсіру»,

  • «Бата беру» т.б.

  • Наурыз дегеніміз не?

  • Наурыз туралы қандай мақал - мәтел білесің?
    Наурыз туралы ән немесе өлең айт.

  • Жеті қазынаны ата.
    Жеті ата дегеніміз қандай ұғым? Атауларын ата.
    Үш алысты ата.

  • Үш арсыз не?
    Шұбат дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?
    Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? Аттарын ата.

  • Наурыз көже дегеніміз не? (жауап берген оқушыларға сыйлық беріледі)

1 Жүргізуші: Наурыз тойы- көңіл тойы, көктем тойы,

Жақсылық болса дейтін өмір бойы.

Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін.

Елдегі, бақыт ,байлық бақ көбейсін.



2 Жүргізуші: Көргенше қуанасың таза ауаны,

Құлаққа естілгендей жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи

(Бірге) Наурызың құтты болсын, қазақ елі!

Жүргізуші: Шаттықтап көңілім аспандай,

Биге бір жаным басқандай.

Биші қыз би билей жөнелсе

Шаттықтың нұры тасқандай

Би: Айым «Восточные танцы »

Енді ортаға Қыдыр бабаны шақырамыз:

Қыдыр баба атамыз,

Айтылсын бізге батаңыз (Бата айту)


Мирас бата:
Жүргізуші: Наурыз тойы асқақ әнмен шарықтасын,

Халқымыз той-думаннан жалықпасын.

Жер жүзі бейбітшілік заман болып,

Ұрпақтар әрқашанда аман болсын!

би «Қаражорға»
Жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған іс шарамыз аяқталды.Сау саламатта болыңыздар!

___________________________________________________________________________



10В сынып оқушысы Қаратаева Ажар

Наурызым!


Көктемгі күндей күлімдеп, сәулесін шашқан Наурызым! 
Қызғалдақтай құлпырып, жайнап келген Наурызым!
Бар ағайын – туысқа ынтымақ берген Наурызым!
Ағыл – тегіл несібең, төгіліп жатқан Наурызым!
Шашбаулы қыздай сыңғырлап, гүлденіп келген Наурызым! 
Арайлап атқан ақ таңдай жарқырап келген Наурызым! 
Ақ жаулықты әжемдей жадырап келген Наурызым! 
Ежелгі қазақ салтындай шашулатқан Наурызым!

_______________________

1-жүргізуші:

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай наурыздың

Жарапазан жыры бар.

 2-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, ағайын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

 1-жүргізуші:

1-жүргізуші: Қадірлі ағайын, біз бүгінгі мерекелік кешімізді сайыс түрінде өткізуді жөн көріп отырмыз. Алдарыңызда 4 киіз үй тігіліп, яғни, төрт ауыл салтанат құрып отыр. Бүгін осы төрт ауыл мынадай сайыстар бойынша сынға түседі:

І. Ұлттық киім

ІІ. Ұлттық тағамдар

ІІІ. Ұлттық өнер

ІV. Наурызға байланысты сұрақтарға жауап беру.

V. Салт-дәстүрді сахнада көрсету.

 2-жүргізуші: Ауылдарымызға «Бәйшешек», «Наурызша», «Қызғалдақ», «Рауғаш» деген аттар бердік.

 1-жүргізуші:  Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын үш биімізден бата сұрап алайық:

Төле би рөлінде:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Қазыбек би рөлінде:

Өрендерің ер болсын,

Көре алмаған бағыңды,

Сындыра алмаған сағыңды

Бетін басып жер болсын!

Әйтеке би рөлінде:

Жарылқа, Алла, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Ізет, абырой, бақ-дәулет,

Қызыр қарап бақ қонып,

Жақсылық үшін қызмет ет!

 2-жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз! Алдарыңызда «Наурыз думан» әнімен Бақбергенова Арайлымды шақырамыз.

 

1-жүргізуші: Алғашқы кезеңімізді бастаймыз. Әрбір ауыл өздері дайындағын киім үлгілерін ортаға шығарса екен (қазақ күйлері қойылады)



Көрініс.

(Күн мен түн ортаға шығады)

Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн: Жұлдызы көп түнмін.

Екеуі: Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін.

Түн: Ал ертең күн ұзақ,

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып

Жүрмеңдер тек жылап.

 

2-жүргізуші: Бауырласқан тәнтіміз,



Бұзылмаған салтымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр менен салтымыз, - дей отырып келесі кезеңді бастайық. Әділ-қазы алқасы әрбір ауылды аралап, ұлттық тағамдарға баға қояды. Олар өздеріне берілген тапсырманы орындап болғанша өнерпаздарымыздың өнерін тамашалайық: «Наурыз көктем», «Наурыз тойы» әндері орындалады.

 

1-жүргізуші:



Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!

 

2-жүргізуші:



Жақындатып өткенге, кеткенге енді,

Көктем келді балбырап, көктем келді.

Суық сорған жаныма шуақ құйған,

Осы еді ғой күткенім көптен бері.

 

1-жүргізуші. Ауылдарымыз өз өнерлілерін бәйгеге қосады! Бірге тамашалайық! (Төрт ауыл би, ән, күй өнерін көрсету керек)



 

2-жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!

 

1-жүргізуші: Енді ортаға әрбір ауылдың басшыларын шақырайық. Олар Наурыз



2-жүргізуші: Барлық кезеңнің тапсырмаларын сәйкесінше орындадық деп ойлаймыз, ендеше әділ-қазылардың бағасын білейік.

 

1-жүргізуші: 



Шыға келді сыланып сылаң келер,

Қияңдағы қиылды қыранға ерлер.

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.

 

2-жүргізуші:



Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым!

 

1-жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!



Мақсаты:
1. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2. Оқушылардың ойлауын дамыта отырып, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт - дәстүрін қастерлеуге, оларды сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Буклет, шарлар, қанатты сөздер, үнтаспа, көрме, қазақтың үйінен көрініс.

Аяулым:
Тыңдаңыздыр, тыңдаңыздыр!


Босқа қарап тұрмаңыздар.
Той дабылын қағып тұрған,
Мұнда қауым думан бар!
Ақмарал:
Наурыз тойы басталды,
Көргендерде арманда,
Көрмегенде арманда,
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Би: «Шашу» биі – бишілер тобы
Аяулым:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман - есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет - тілектеріңіз қабыл болсын! №14 мектеп - гимназиясының 8д және 9д сынып оқушылары дайындаған «Армысыз, Әз Наурыз» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
Ақмарал:
Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыздың 22 - де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі. Наурыз мейрамы - өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсыша «Нау - рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.
Аяулым:
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық
Есік ашып шашу шашып
Ел боп қарсы алайық.
Шашу шашылады
Ақмарал: Аяулым:
Той пердесін ашайық Ұлыс күні қазан толса,
Тойға шашу шашайық Ол жылы ақ мол болар.
Той шашуға тойыңдар Ұлы кісіден бата алса,
Бұдан кейін ойын бар. Сонда олжалы жыл болар.

Ән «Наурыз - думан» орындайтындар Света мен Диана


Ақмарал:
Қош келдің жас Наурыз жылдың басы,
Батаңды бер, жарылқа жыл мырзасы.
Әумин деп қол жайдық әз ақсақал,
Бата сұрап өзіңнен Қыдыр баба!

Қыдыр ата:(Санжар)


Жаңа жыл бақыт жылы болсын,
Күніміз ұлысты болсын.
Жеріміз ырысты болсын
Дастарқаның мол болсын
Абыройың зор болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлысты бақты болсын
Қайда барса жол болсын!
Еліміз, жеріміз тыныш болсын!
Тәуелсіздігіміз берік болсын!
Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті
50 елдің бірі болсын! Әумин
Аяулым:
Қош келдің жас Наурыз жылдың басы
Жұрттың күткен, мінеки ықыласы
Көже құйып күйбеңдеп басын асып,
Бермек әркім баршаға қонақасы.
Ән «Қазақы дастархан» орындайтындар Света, Диана, Ақерке
Наурыз көже тарату (қыздар наурыз көже таратады)

Ақмарал:
Наурыз көже – Наурыз мейрамының символы. Ендеше Наурыз тойымыздың


көжесіз сәні болмас.
Аяулым:
Наурыз көжеден дәм татыңыздар!
Ақмарал:
Наурыз көже 7 түрлі тағамнан жасалады. оның мәні - жаңа жылда тойымшылық, молшылық болсын деген ұғымды білдіреді. Наурыз көженің құрамына - айран, сүт, құрт, ірімшік, су, тұз, соғымнан қалған сүр ет т. б тағамдар қосылады.

Ән «Бір бала» орындайтын Бағдат

Аяулым:
Ұлыстың ұлы күні 22 Наурыз жыл басы. Күн ұзарып, түн қысқарып, еліміз елжіреп, жеріміз жұмсарып Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түн теңеледі.
Көрініс. Күнмен түннің теңелуі

Күн (Феруза)


Армысың түн! Барша жер бетіндегі тіршілік иесіне тыныс алдырып, жаңа әлемдегі жаңа жас Қазақстанның дамуына қосар азамат баласымен тыныштыққа қауышу бақытың құтты болсын! Ортамыз өзіңмен ажарлансын!

Түн( Диана)


Армысың күн! Тылсым тыныштыққа жатсам да, жер бетіндегі тіршілік иелерінің тіршілігінен хабардармын. Өзің айтқандай елбасының жолдауындағы халқымыздың тұрмыс - тіршілігін, әл - ауқатын көтерудегі оң қадамдары менің де қуанышым, сондықтан ашық аспан аясында жүздерінен бақыт нұры төгілген халқымды өзіңмен құшақ айқастыра тұрып, құттықтағалы келдім. Екеуі құшақтасып төс қағыстырады(көңілді музыка ойнап тұрады)

Жер ана шығады: ( Маржан ) Уа халқым, күн мен түнің теңеліп, ортамызға келгені құтты болсын! Менде қалың ұйқымнан оянып, жан дүнием бусанып, өздерінің ырзық несібелеріңді, өндіретін мерзімнің келіп жеткеннің хабардар еткелі алдарыңа келіп қалдым.

Күн (Феруза)
Жер ана! түн бауырым өз ұясына қонғалы өзіңіздің рұқсатыңызды күтіп тұр.

Жер ана: ( Маржан )


Алдың тұнық, тынысың тыныш болсын!
Қазағымның әр үйінде күнделетіп той болсын! (үшеуі кетеді)

Ақмарал:
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,


Мейірін танысын деп тасып өткен.
Наурыз - сән - салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым!
Күй «Балбырауын»
Аяулым:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығымен, шуағымен күн - ана,
Алып кетіп жер бетіне гүл көктем!
Шығыс биі орындайтын 7 г сыныбының бишілер тобы
Ақмарал:
Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурыз тойы пәктігінің,
Тойы деп айтуға да болатындай. Бесікке салу салтынан көрініс
Аяулым:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күні жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
Ән «Қазақтың жігіттері» орындайтындар Бағдат пен Нұрболат
Ақмарал:
Қазақ халқының тамаша музыкалық аспаптарының бірі – домбыра. Қазақ халқы домбырада ойнап ән айтқан, күй тартқан. Домбырада ойнай отырып күй айтысын жасаған.
Күй айтысынан көрініс
Аяулым:
Ал, қане, жастар бастаңғымызды бастайық. Қазақтың көптеген ұлттық ойындары бар. Солардың бірі «Сақина салу» ойыны. Қане бастайық.
(Жастар жиналады, Аяулым сақина салып жүреді.)
Қане, менің сақинам кімде екен? Ортаға шық! 1 - 2 рет ойнату керек.
(Дилназ ұсталып қалу керек.)
Аяулым: Қане айыбыңды қалай өтер екенсің?
Дилназ: Наурызда ән айтпай, би билемей кету айып болар.
Халық әні «Дедім-айды» айтып берейін, қабыл алыңыздар!
Ақмарал:
Құтты болсын Наурыз той!
Құлпырып тұр ғой қыр мен ой
Күн мен Түн теңелді
Жер шуаққа кенелді.
Ән «Жылайды жапырақ» орындайтындар Диана мен Ақерке
Аяулым:
Қош келдің жаңа жыл!
Жаңа бақыт жаңа нұр.
Төрлет төріме жыл басы
Береке бер еліме! Ортаға жыл басы ұлуды шақырайық.
Ұлу. (Жандар)
Ассалаумағалейкум халқым менің!
12 жылды артқа тастап менде алдарыңызда келіп қалдым. Соңғы келгенімде
тәй - тәй басқан ертеңіңе сеніммен қарай бастаған жас буын едіңіздер, енді міне толықсыған алдыңғы қатарлы 50 елдің құрамына кіруге ұмтылған басқа мемлекеттермен терезесі тенеліп, бәсекеге қабілеті артқан, өздеріңіздің жүздеріңізді көріп қуанып тұрмын. еліміздің ертеңі, келешегі жас жеткіншек өздеріңсіңдер. Салауатты өмір салтын ұстанып, жаман әдеттен аулақ болғайсыңдар! Жаңа жыл сіздерге бақ береке, шаттық сыйласын! Жер бетінде тыныштық әлемі бұзылмасын!
Ән «Астана» Орындайтын: квартет
Ақмарал:
Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніне!- деп ортамызға тазша бала да келіп қалған сияқты. (Осы кезде Тазша бала дорбасының ішінде нөмірленген асықты оқушыларға үлестіріп береді. Содан соң осы асықтың нөмірін атап, сұрақтар қояды. сайыс түрінде өтеді.
№1. Наурыз дегеніміз не?
№ 2. Наурыз туралы қандай мақал - мәтел білесің?
№3. Наурыз туралы ән немесе өлең айт.
№4. Жеті қазынаны ата.
№5. Жеті ата дегеніміз қандай ұғым? Атауларын ата.
№6. Үш алысты ата.
№7. Үш арсыз не?
№8. Шұбат дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?
№9. Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? Аттарын ата.
№10. Наурыз көже дегеніміз не? (жауап берген оқушыларға сыйлық беріледі)
Ән «Атамекен» орындайтын Нұрболат ( барлық қатысушылар сахнаға шығып, әннің қайырмасын бірге орындайды )

Жүргізушілер бірге:


Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!

Кері қайту

Материал рейтингісі:
: files -> chinovnik
chinovnik -> БАҒдарламасы қарағанды қ., 2015 бағдарламаның паспорты 4
chinovnik -> Бірегей жоспар баянды болашаққа бастайды
chinovnik -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
chinovnik -> Хит парад новинок за ivквартал 2015 год Мінез-құлық әліппесі
chinovnik -> Жұмыс жоспары Қарағанды облысы білім басқармасы жүйесінің құрылысы
chinovnik -> Абай ауылдық округінің әкімі Ә. Нүркенованың 2015 жылғы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі Өздеріңізге белгілі Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім
chinovnik -> Құрметті жерлестер, ардақты ағайын! Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
chinovnik -> Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті
chinovnik -> Правила проведения Республиканского слета туристско-краеведческих экспедиционных отрядов «Менің Отаным Казахстан» ( «Ұлы Дала Елі»), посвященного 25-летию Независимости Казахстана




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет