Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутин ауылы «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі



жүктеу 72.04 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі72.04 Kb.
Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Баутин ауылы

«Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі

Амирова Гульмира Догдырбаевна

Білім беру саласы : Қатынас. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті . Тіл дамыту. Тақырыбы : Қыс қызығы . Мақсаты : Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп , жыл мезгілдерінің ерекшелігін айтуға , көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға , байланыстырып сөйлеуге үйрету . Дамытушылық: Қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету . Тәрбиелігі :Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, табиғатты аялап ,әсемдікті көріп , сезінуге тәрбиелеу Көрнекілігі : Слайд, қыс мезгіліндегі орман табиғат көрінісі . Әдіс - тәсілдері : Әңгімелесу , көрсету ,үйрету , сұрақ – жауап , сергіту сәті ,д/ойын , тақпақ , қорыту , мадақтау . Билингвальді компонент : Қыс-зима , аяз- мороз ,қар –снег, аққала –снеговик. Жаңа сөз : Коньки .

Оқу іс –әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын ,амандасып алайық .

-Салеметсіңдер ме?

Шаттық шеңбер :

Кәне балалар, шаттық шеңбер құрып, бір –біріңнің қолдарыңнан ұстап ,жылы лебіздерімізді тақпақпенен білдірейікші

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап, Шаттанамыз бәріміз.

Айтқан тілді аламыз,

Достарымды көргенде.

Қуана қарсы аламыз .


-Салематсіз ба ?

Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар мен сендерге өлең оқимын, бұл қай мезгілді білдіріп тұр .

Аяз қысып,

Өрнек сызып.

Терезені торлайды,

Қар омбығып.

Бет домбығып,

Балдырғандар ойнайды .

-Жарайсыңдар дұрыс айтасыңдар !

Сұрақ –жауап :

-Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

-Қыс мезгілінің ай аттары қалай аталады?

-Қыс мезгілінің ерекшелігі қандай ?

-Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар ?

-Қыс мезгілінде қандай ойындар білесіңдер?

Сергіту сәті :

Алақай ,алақай ,

Шапалақ ұрамыз.

Алақай қыс келді .

Қар лақтырып ойнақтап ,

Топ –топ алға басамыз.

Айналамыз , айналамыз,

Әсем әнге саламыз .

-Балалар қардың түсі қандай?

-Сендер қарды басып жүргенде қандай дыбыс естисіңдер?

-Ендеше орманға саяхатқа барсақ қайтеді ?

-Немен барайық?

-Шанаға дұрыстап жақсылап отырайық Алдымыздан ұйытқып қар боран соғады. Сақ болыңыздар !

(Топты іші безендірілген орман )

Міне орманға да келіп жеттік. Қандай неткен көркем тамаша табиғат . Барлығымыз таза ауа мен терең тыныс алайық .

(Осы уақытта боран соғылған әуеннің даусы естіледі )

-Қар ханшайым : Кім орман тыныштығын бұзған !

-Тәрбиеші : Сәлеметсіз бе? Қар ханшайым, біз орманның тыныс-тіршілігін тамашалауға келіп едік .

-Қар ханшайым: Егер сендер менің жүрегімді жылытып,суытпасаңдар мен сендерді мұзға айналдырып жіберемін !

-Менің мезгілімде келіп қалған екенсіңдер, қыс туралы не білесіңдер !

-Тәрбиеші: Қар ханшайым , біздің балалар

қыс мезгіліне байланысты тақпақтар біледі .

-Кім айтады балалар ?

Әділжан : Өстіп міне қар түсті ,

Бола қалды дала аппақ.

Қар лақтырып үсті-үсті,

Балалар жүр жүгіріп .

Әмина : Бір топ бала сырғанап ,

Барады әне жарысып.

Қалады артта қар алап ,

Іздеріңнен қар ұшып .

Сержан : Далада қар борайды ,

Ақ мамыққа орайды .

Мұз болады қатады ,

Жып - жылтыр боп жатады .

Қар ханшайым : Балалар мен сендерге сұрақтар қойғым келіп отыр ? Егерде сұрақтарыма жауап бермесеңдер мен сендерді мұзға айналдырып жіберемін !

Тәрбиеші : Балалар қар ханшайымның сұрақтарына жауап береміз ба ?

-Ағаш басына назар аударыңдар!

-Балалар,қандай құстар ағаш басында отыр ?

-Олар қандай құстар екен?

-Жарайсыңдар балалар !

-Қар ханшайым :

-Мына бұта түбіне қараңдаршы , мұнда бізден жасырынып қандай жануар отыр? Жүні қандай ?

Тәрбиеші : -Балалар, біз қоян туралы ән білеміз ғой ? Кәне қар ханшайымына ән айтып , би билеп берейікші .

Қар ханшайым : Бұл сұрақтардан сүрінбей өттіңдер !

Олай болса , мен сендерге қыс мезгіліне байланысты жұмбақ жасырамын алсендер шешіп көріңдер!

Жұмбақ :

  1. Жайған жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді .



  1. Терезеге қонады ,

Әсем ою салады .



  1. Қайық тұмсық,

Темір табан арғымақ .

Мініп алар,

Қар үстінде әркім-ақ .

-Қарханшайым : -Балалар жарайсыңдар ?

Сендер менің жүрегімді жылыттыңдар!

Ал мен әбден еріп кетпей тұрғанда , мен өзімнің елдігіме оралайын . Сау болыңдар!

-Тәрбиеші : Балалар біраз серуендедік енді осы орманнан алған әсерімізді балабақшаға барып әңгімелейміз .

(Балалар әуенмен балабақшаға оралып , қызықты басынан кешкен жағдайларын топқа барып әңгімелерімен бөліседі)

Қар жауса ауа тазарады . Қар жауғанда алақанымызды ашқанда қар түседі Қар алақанымыздан еріп кетеді .

Себебі : Бізде жылу күші көп,біздер жаттығулар жасаймыз .

Балалар қыс мезгілінде қар жауғанда біз далада аққала құрастырамыз . Ал ендеше сол аққаланы біз бірігіп кезекпен тақтаға шығып құрастырып көрейікші .

-Тәрбиеші : балалар аққала қандай пішіндерден тұрады ?

-Дұрыс айтасыңдар ?

Д/о: « Аққала»

ш/ы : Балалар үстел үстіндегі аққаланың бөліктерін , дөңгелек қиындыларды көлеміне қарай , орналастыру керек .

-Өте жақсы жарайсыңдар !




  • Қыс .

-Қыс мезгілі , үш айдан тұрады.

-Желтоқсан,қаңтар, ақпан.

-Қар жуады,боран соғады, жел еседі, жылы киімдер киеді .

-Жаңа жыл, Тәуелсіздік күні мерекесі .

-Шанамен сырғанау , шаңғы тебу , қар лақтырыспақ ойнау .

Коньки тебу .

-Қардың түсі аппақ .

-Қырт-қырт .

-Жарайды .

-Шанамен .

Балалар қыс мезгіліне байланысты тақпақтарын айтады .

-Ия, жауап береміз .

- Қарға, торғай, жабайы кептер, сауысқан .

-Жыл құстары .

-Қоян отыр , жүні аппақ .

-Балалар қояндар әнін айтып, би билейді .(қимыл-қозғалыспен)

Қараңдаршы қоянға, Құлақтары ұп-ұзын .

Жылпылдайды көздері ,

Аяқтары билейді .

Секен еткен қояндар, Билеп кетті көңілді .

Жылпылдайды көздері ,

Аяқтары билейді

Айналамыз бәріміз,

Ән айтамыз көңілді . Жылпылдайды көздері ,

Аяқтары билейді.

-Қар.

-Аяз .

-Шана.

-Балалар қызығушылық танытып ,құрастырады .

-Дөңгелек .

-Балалар қызығушылық танытып ,құрастырады .


Рефлексиялық

Қозғаушылық .

-Балалар ! Біз қайда барып серуендедік .

-Балалар орманнан кімді кездестірдік .

-Балалар қыс несімен қызықты екен ?

-Жарайсыңдар балалар,бүгін сендер оқу іс- әрекетіне барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар!

-Орманға .

-Қар ханшайымын .

Ақ ұлпа қарыменнен , шырша тойыменнен, қар жауғанда сырғанап ойнайтын шанасымен , қардан тұрғызылған аққаласымен қызықты


Күтілет ін нәтиже :

Біледі: Табиғат мезгілінің ерекшелігін ,

Меңгереді :

Қолданады :


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет