«Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбындағы мақалаға талдау

жүктеу 42.97 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі42.97 Kb.
«Мамандықтың бәрі жақсы»

тақырыбындағы мақалаға талдау

«Ана тілі» газеті

№2, 14-20 қаңтар, 2016жыл

Бағдагүл Балаубаева

2017 жылдан бастап кәсіптік-техникалық білім беру орындарында жұмысшы мамандықтары мемлекет есебінен тегін оқытылмақ. Бұл білім саласындағы жағымды жаңалық болды. Бұған дейін ақылы оқу орындарына түсуге қаражаты болмай, грантқа іліге алмай, белгілі бір мамандық иесі атана алмай жұмыссыз қалғандарға, сол олқылықтың орнын толтыруға мол мүмкіндік беріліп отыр.

Орта мектепті бітіре салысымен, бірден тегін оқуға құжатын тапсырып, аспазшы, шаштаразшы, құрылысшы, дәнекерлеуші, автомеханик немесе электр мамандықтарын игеріп, дипломды маман болып шыға келеді. Әрі қарай жоғары білім алып, оқуын жалғастыруға, болмаса кәсіптің көзін тауып жеке кәсіпкер атануға құқы бар. Қазір жұмысшы мамандықтарына мұрнын шүйіріп қарайтындар да кездесіп қалатыны жасырын емес. Бірақ бүгінгі қоғамда дәл осы мамандықтар үлкен сұраныс тудырып отыр. Демек, сұраныс бар жерде ұсыныс болуы заңдылық. Яғни еңбекпен тапқан нанның тәттілігін түсінетін, еңбек адамын бағалайтын заман келді.

Оның үстіне Елбасы «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласында біліктілікті көтеру мәселесін де сөз етті. Біліктілікті көтеру – білім сапасын арттырудың басты негізі. Қарапайым жұмысшыдан басталған еңбек тәжірибесі кәсіби түрде әрі қарай жоғарылап, таңдаған мамандығы бойынша қызмет саласында өсуге зор құлшыныс береді. Әрі қарапайым еңбек адамды шыңдап, өмірге деген көзқарастары өзгереді, өзіне қояр талаптары молаяды. Қажыр- қайратыңды, жастық жігеріңді көрсетеді. Білімін көтере отырып, көздеген мақсатына жетуіне, мүддеден шығуына жол көрсетеді. «Қазақстанның жас азаматтары білімді, еңбекқор, бастамашыл болуы тиіс. Жұмыс пен сұранысы бар өңірге батылдықпен барулары керек. Егер шеберліктің шыңына жете білсеңіздер – «мамандықтың бәрі жақсы», деген дұрыс екен. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен адамның өмір сапасы озады, тұрмысы жақсы болады. Ең ақыры бүгінгі жасап жатқан жақсылықтарымыздың барлығы – жастар болашағы үшін» деді Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында. Тегін білім – ұлтқа жанашырлық. Білім мен ғылым, оның артында ұлттың тағдыры тұрғандығын аңғару қиын емес. Мемлекет оқу шығынын өз мойнына алып отырған тұста осы мүмкіндіктерді пайдаланып, қажетімізге жаратқанымыз жөн.

Ендеше, халыққа үміт отын жаққан жаңалықтың елге берері көп болсын. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген халық нақылына сүйене отырып, жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, салауаттылыққа, жетістікке жетуге ұмтылдырып, өмірге құштарлықтарын арттырып, жаңа идеяларымызды жүзеге асыруға бел шеше кірісейік. Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі жолында жаңа кәсіпорындар мен инновациялық жобалар үшін қажет мамандарымыз молайып, еңбегіміз өнімді болсын. Жастарымыздың сапалы білім алып, саналы ұрпақ өсетініне, ұлтын, елін сүйетін патриоттар қалыптасатынына сенім мол.

Кураторлар Кеңесінің төрайымы Смагулова Н.А.

«Серпін-2050» оқу орталығының жетекшісі Жетпісбай Ш.А.
: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> «Педагогика тарихы» пәнінен дәрістер тезисі №1 Дәріс тақырыбы: Педагогика тарихы пәні мен міндеттері. 2 сағат Дәріс тақырыбының мақсаты
2016 -> "Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" Сайыс тақырыбы: “1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліске 100 жыл”
2016 -> Қазақстан республикасының отбасы-неке қатынастарын реттеу заңЫ

©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет