Мақсаты: Оқушыларды «Сөз мәйегі мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу



жүктеу 53.87 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі53.87 Kb.
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

         Мақсаты:

         1. Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.

         2. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.

         Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар.

         Өтілу барысы:

         Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

         Бүгін біздің сыныбымызда «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны өткелі тұр.

        

         Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек:

         Мақал-мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.

         Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.



Сайысқа қатысушыларды ортаға шақыру.
Әр топ өздерін таныстырады.

         Құрметті ұстаздар сіздердің іштеріңізден әділ қазыларды сайлап алсақ.



Әділқазылармен таныстыру

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кай топтың жауаптары кәдік шықты.
«1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысында.
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.

         1-тур: «Кім көп біледіҚатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады)

         2-тур: Мақалсөздің мәйегі

(тақтада мақал-мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)

1. Жақсы кісі байқап сөйлер, ...(жаман кісі шайқап сөйлер)

2. Оқусыз білім жоқ, ... (білімсіз күнің жоқ)

3. Балапан ұяда не көрсе ... (ұшқанда соны іледі)

4. Өнер - ағып жатқан бұлақ, ...(Білім – жанып тұрған шырақ)

5. Жақсының аты өлмейді ...(Ғалымның хаты өлмейді)

6. Көз жетпеген жерге, ...(сөз жетеді)

7. Отыз тістен шыққан сөз, ...(отыз рулы елге тарайды)

8. Дұшпаны көптер сақтана жүреді, ...(Досы көптер мақтана біледі)

9. Жалған достан ...(жау артық)

10. Өнерлінің қолы алтын, ...(өлеңшінің сөзі алтын)

11. Еңбек етсең ерінбей, ...(тояды қарның тіленбей)

12. Отан үшін күрес - ...(елге тиген үлес)

13.Оқу – білім бұлағы, ... (білім – өмір шырағы)
14.Оқу білім азығы,... (білім ырыс – қазығы)
15.Білім ер азығы ... (е р – ел азығы)
16.Ақыл тозбайтын тон, ... (білім – таусылмайтын кен)
17 . Қына тасқа бітеді, ... (білім басқа бітеді)
18 . Білім – қымбат, ... (білу – қиын)

         3 – тур: Кім тапқыр?

         -Ал балалар, мен Сіздерге жұмбақ айтамын. Жұмбақ деген алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап сипаттап айтады. Мысалы:

         Шарты: Мұғалім жұмбақ жасырады, жауабын айту керек, сол жұмбақтың жауабын үш тілде тауып айтқан соң, жауабына сәйкес мақал айту керек.



1.Жұмбақ:

Шыңдары шырқау,

Көшіп жүр бір тау. (Түйе)

Мақал: Көрмес түйені де көрмес.



2. Жұмбақ:

Жайған жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді. (Қар)

Мақал: Қалауын тапса қар жанар.



3. Жұмбақ:

Желден желігеді

Судан шегінеді. (От)

Мақал: Отан оттан да ыстық.



4. Жұмбақ:

Жылт-жылт етеді

Жылғадан өтеді. (су)

Мақал: Судың да сұрауы бар.



5. Жұмбақ:

Өзімнен өзгенің бәрін көремін. (Көз)

Мақал: Көз қорқақ, қол батыр.

6. Жұмбақ:

Сылдырдан қорқады, шошынып жортады. (Қоян)

Мақал: Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.

4-тур: Даналық ойдан дән ізде

Шарты: Топтар сандарды таңдау арқылы өздері аудармасын айтатын мақал-мәтелді таңдап, талдайды.

1- ұяшық: :Жұмыла көтерген жүк жеңіл. 20



2-ұяшық: Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді. 30

3-ұяшық: Екпей егін шықпас, үйренбей білім шықпас.40

4-ұяшық: Тіл қылыштан да өткір. 10

5-тур: Келесі кезекті «Ұйқасын тап» сайысына берелік.Ұйқас сөздің орысша, ағылшынша баламасын беру керек.

1.Екі көзін қысып
Пеш үстінде отыр... (мысық)

2.Қысқа ғана құлақты,
Шақырамын ...... (лақты)

3.Желбіреген тұлымды,
Шақырамын ...(құлынды)

4.Білмейтұғын тұсауды
Шақырамын....(бұзауды)

5.Қонды барып талға, 
Ала қанат .......(қарға)

6.Жұмыртқасын тауып,
Қыт-қыттайд...(тауық)

7.Таппай тағат
Тықылдайды......(сағат)

8.Үсті толы түрпі
Домалайды..... (кірпі)

Айбат шеккен алыстан,
Аң патшасы .....(арыстан)

Құйрығы он қарыс,
Бұл айбатты .....(жолбарыс)
Осымен сайысымыз аяқталды.

Сөз кезегі қазылар алқасында.



Жеңген топты марапаттау.

Қорытынды.
: files -> loader
loader -> Негізгі орта білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> Сабақтың тақырыбы: Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері Сабақтың мақсаты
loader -> 9- сыныптарға арналған Дүние тарихынан емтихан сұрақтары
loader -> 1. Адамзат тарихының дамуының алғашқы кезеңі
loader -> 9- сыныптарға арналған Қазақстан тарихынан емтихан сұрақтары
loader -> Бастауыш сынып және орта буын арасындағы сабақтастық
loader -> 2-тоқсан 1-нұсқа 11 сынып Негізгі зат есімдерді көрсет
loader -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығы оқу жетістіктерін сырттай бағалау
loader -> Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет