Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім. Математика сабағындағы өз бетімен жасайтын жұмыстарды ұйымдастыру Математика сабағында өз бетімен жұмысты ұйымдастыру кезеңдері Математика сабағында оқушылардың өз бетімен есептерді шығару белсенділіктерін



жүктеу 300.23 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі300.23 Kb.
Математика сабағында өз бетімен жұмысты ұйымдастыру әдістері.

Жұмағанбетов Дархан Шырақбайұлы

№13 жалпы орта білім беретін мектептің
математика пәні мұғалімі
Құлсары қаласы

2013-2014 оқу жылы



Мазмұны
1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім.

2.1. Математика сабағындағы өз бетімен жасайтын жұмыстарды ұйымдастыру

2.2.Математика сабағында өз бетімен жұмысты ұйымдастыру

кезеңдері

2.3. Математика сабағында оқушылардың өз бетімен есептерді шығару белсенділіктерін арттыру.


3.Қорытынды.

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.



Тақырыптың өзектілігі: Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. «Математика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді» - деген атақты ғалым Писарев Д.И. Сондықтан, математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.

Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.

Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.

Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі.

Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу.

Осы заман талабын ескере отыра, мен педагогика, психология ғалымдарының еңбектерімен таныса келе «Құзретті жеке тұлға қалыптастыруда, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру» деген өзекті тақырыппен жұмыс істеймін. Өйткені «Шайнап берген ас болмас» деген ата – баба сөзіне сүйенетін болсақ. Өздігінен. өз бетімен алған білім мен ғибрат қана адам ойында қалып, дағдыға ұласады. Яғни қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу - тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден-бір жолы ғылым негіздерінен білім берумен қатар, сол білімді алуға ынталылықты, яғни оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті өз бетінше ізденуді арттыру.

Оқушының білім алу үрдісіндегі өзіндік пікірі мен ой жүйесінің негізі бастауыш сатыда қалыптасатыны белгілі. Сондықтан оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге бастауыш сыныптан дағдыландырған дұрыс.

Жұмыстың мақсаты: Математика сабағында өз бетімен жұмыстың педагогикалық-психологиялық теориялық негіздемесін жасап, өз бетімен жұмысты практикалық жүзеге асырылуын көрсету.

Жұмысты жасау үшін келесі міндеттер атқарылды:



  1. Математика сабағындағы өз бетімен жұмыс теориялық жағынан негізделді

  2. Бір математика сабағы мысалында өз бетімен жұмыс сипатталды.

Зерттеу объектісі: математика сабағындағы өз бетімен жұмыс істейтін оқушылар.

Зерттеу пәні: математиканың оқыту әдістемесі.

Жұмыстың ғылыми болжамы: Егер мұғалім математика сабағында өз бетімен жұмысты ұйымдастырса, онда оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қасиеттері артады.

Зерттеу жұмысының әдістері.

1.Педагогикалық-психологиялық, математикадан әдебиеттерге, оқулықтарға, әдiстемелiк материалдарға талдау.



  1. Педагогикалық бақылау.

  2. Педагогикалық эксперимент.

  3. Озат ұстаздар тәжiрибесiн талдау.

Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді.

Математиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға, олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.[11]

Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.

Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар ұсынылады. Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып, сараптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.

Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.[4]

Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К. Крупская: «Балаларды өздігінен жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе екендігін, техниканың ғылымның алға басып өркендеуі, жаңадан пайда болған проблемаларды ойланып шеше білудің қажеттігі адамның өздігінен үйреніп, білімін толықтырып отыруын талап ететіндігін, жасөспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істеуге үйрете білуіміз керектігін» - көрсеткен болатын.

Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:

1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.

2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.

4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карточкалар, сауалнама,өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы жүзеге асады. Тоқсандық бақылау, өздік 5-10 минуттық бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Соның ішінде мен бірінші сауалнамаға тоқталғым келіп тұр. Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде, соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр.

Тест – ағылшын сөзі, аударғанда «байқау», «бақылау», «зерттеу» деген мағына білдіреді. Педагогикада тестті пайдалану 130 жылдан артық уақытты қамтиды. Ең алғашқы тестіні 1864 ж. Ағылшын Джордж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Содан бері білімді тесттік жүйемен тексеру Америка, Франция, Англия сияқты елдерде кеңінен тараған.

Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтер, тесті – оқушылардың өз-өзін тексеруіне мүмкіндік ашатын есеп беру – оқыту әдісі деп есептейді. Сондықтан, бұл әдіс – сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр. Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділіктері артады. Тест тапсырмасын құрудың әдістемесіне тоқталайын.

Жұмыс тестің мақсатын анықтаудан басталады. Одан соң тексерілетін білім, білік элементтері анықталып, әр түрлі кезеңде білім берудің жалпы және дара мақсатымен деңгей эталондары нақтыланады. Тест тапсырмаларының қандай түрін болмасын сұрақ не тапсырма ретінде бергеннен гөрі қайтарылған жауапқа байланысты бекіту, қорытынды ретінде құру тиімді болады.
Тестік тапсырмалардың әр түрлі типтері болады. Олар: толықтыру тесті, еске түсіру, балама, таңдау, салыстыру, ретімен маңызына қарай тізбелеу, құрастырмалы, кәсіптік бағдарлы тестілер. Тест тапсырмаларының жауабын цифр немесе перфокартаның көмегімен беруге болады.

1. Ашық тапсырма немесе толықтыру тесті – сөйлемдегі жетіспей тұрған сөздің сөз тіркесінің, сандар мен формулалардың орнындағы көп нүктенің тиісті жауаппен алмастырады.

2. Еске түсіру тесті – сөз, сан, формула, бейне түіндегі бір ғана жауапты керек етеді.

3. Таңдау тесті – онда сөйлемнің басы беріледі де, соңынан бірнеше үлгелері жауап ретінде ұсынылады, оның ішінде дұрысы да, қатесі да бар. Дұрыс жауап нөмірін карточкаға белгілеп көрсетуге болады.

4. Балама тесті – Қандай да бір ұғымды растайтын сөйлемдерден құрастырылады. Жауап дұрыс немесе қате, немесе жоқ түріндегі сөздермен беріледі.

5. Салыстыруға арналған тест – ол да бір бағанада тапсырма тек сөйлеммен, ал екінші бағанада берілген сұрақтан екі-үш есе көп жауап беріледі.

6. Ретіне қарай тізбелеу тесті құбылыстар, шамалар, сипаттаммалардан тұрады.Оларды тәртіппен, яғни маңыздылық мөлшері бойынша реттеу керек .Берілген тізім жауаптың құралуына негіз болады

7. Құрастырма тест - әр түрлі типтегі тапсырмалардан тұрады. Оқушылар оның жауабын берілгендердің ішінен таңдайды.

Тест оқушылардың білімін салыстыруға, мұғалім әдістемесінде жіберілген олқылықтарды ашып көрсетуге, білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге, әр түрлі оқу әдісін салыстыруға мүмкіндік туғызады. Оқу процесі тек нәтижелі болуымен ғана бағаланады. Оқу процесі нәтижелі болу үшін оны бағалай білу керек.

Енді тест жұмыстарына кеңінен тоқталайық.

· Тест жұмысының үйретушілік мәні- оқушылардың игерген білімі, біліктілігі мен дағды деңгейлерін одан әріжүйелеп жетілдіру, тілі мен ойын, зейіні мен зердесін дамыту.

· Тест жұмысының бағыттаушылық мәні- жеке оқушы мен бүкіл сыныпты оқытудың түпкі мақсатына қарай жетелеу.

· Тест жұмысының тексерушілік қызметі – оқытудың белгілі бір кезеңінде бағдарлама талабына сай оқушылардың білімі мен біліктілігі, оларды қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау

· Тест жұмысының тәрбиелік мәні- оқушылардың жауапкершілк сезімін арттыру, сол арқылы еңбек сүйгіштікке, әділдікке, төзімділікке баулу.

Тест оқушының білім дәрежесінің қандай екендігін анықтайтынжәне ол білімдерді түрлі жағдайда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жолдардың бірі.

Тест тапсырмаларын құрастыруға көп уақыт жұмсалады, бірақ тексерудің тездігі арқасында мұғалімның жұмысын жеңілдетеді.

Тест негізінен мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

1. Тапсырманың тұжырымдамасы мен жауаптары қысқа және қарапайым болуы керек. Қарапайымдылық оқушының тапсырманы орындау тездігімен бағаланады.

2. Тапсырманың сұрағынан оқушыға қандай амалдарды орынлап, қандай тәсілді қолдана білу керектігі айқын болуы тиіс.

3. Дұрыс жауап беру керек. Кейде бірде –бір дұрыс жауап болмауы мүмкін.

4. Тест бірнеше нұсқада жасалынатын болса, оның қиындық дәрежесі шамалас болып, тапсырма сұрақтары бірдей мазмұнда болғаны пайдалы.

Тест тапсырмалары оқушылардың пән бойынша дайындығына қойылатын талаптар мазмұнына сәйкес алынады. Нәтижеде әрбір оқушының бағдарламалық материалды минимальді деңгейін қалай игергенін дәл анықтауға мүмкіндік болады. әрине тапсырмаға барлық оқушыға бірдей міндетті емес, білім дәрежесі жоғары, қабілетті оқушылар үшін арнаы есептер мен сұрақтар енгізілуі мүмкін.барлық оқушының шамасына лайықтап тапсырмалар таңдап алу білім нашар және орта дәрежедегі оқушылар үшін өз ісі мен білміне деген сенімділік туғызып, пәнге деген внтасвн арттырса, қабілетті оқушыларды терең білім алуына бағыттайды. Оқу тесті негізінен тақырыпты, тарауды немесе курсты оқушылардың қандай дәрежеде меңгергенін қысқа мерзімде анықтау үшін құрылады. Ол мұғалімнің оқушы білімінде қандай олқылықтар бар екенін анықтаумен қатар, оқушының өзі де қандай қажетті білімдерді игермегенін біледі. Тест жүйесі оқушының тоқсандық, жылдық және қорытынды білім дәрежесін тексерудің тиімді жолы болып табылады.

Тест материалдары 2 дейгейде құрылуы мүмкін.

1. Міндетті оқу нәтижесі талаптарына сай дейгейдегі бөлім.

2. Қиындық дәрежесі жоғарырақ, оқушының алған білімін жаңа жағдайларға қолдана білу мен шығармашылық іс-әрекеттерді қажет ететін деңгейдегі тапсырмалар.

1-деңгейдің тапсырмаларын барлық оқушылардың орындауы міндетті. Тест бойынша білімді анықтау үшін оқушыларға тест сұрақтары мен жауап парақтары да беріледі.

Негізгі бөлімнің тапсырмаларын толық орындаған оқушы 4 –пен бағаланып, ал негізгі бөлімнің тапсырмаларын толықорындаған, екінші деңгейдегі тапсырмаларын ішінара орындаса ол оқушыға 5 деген баға қойылады.

Оқушы білімін ұпай санымен бағалау үшін әрбір сұрақ 1 ұпаймен бағаланады. Әрбір бағаға қанша ұпай сәйкес келетінін білу үшін сұрақтар санын 4-ке бөледі. Сонда әрбір баға қанша ұпаймен анықталатыны шығады. Мысалы 40 сұрақ болса әрбір баға 10 ұпай, 20 сұрақ болса 5 ұпай.

Тест дайындау мұғалімнің көп уақыты кетеді соған байланысты қазіргі таңда электронды тесттер жасадым.Мұнда әрбір оқушы тестті жеке орындайды.Тесттің деңгейіне және санына қарай белгілі бір уақыт беріледі.Уақыт біткен кезде тест аяқталады,тест аяқталған соң оқушы бағаланады.Бұл жерде мұғалім тексеріп бағасын қойып отырмайды.Компьютер өзі тексеріп өзі бағасын қояды.

Өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.[10]

Өзіндік жұмыс оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетінің формуласының бірі болып табылады. Сондықтан бұл жұмыстың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекетті дұрыс жоспарлау біліктілігіне байланысты болады. Белсенді оқу танымдық іс-әрекет оқушылардың ой-еңбегімен практикалық қызметінің әрекетін болжайды.Тәжірибеден өз бетінше ізденуді, оқушылардың өзіндік жұмысын ебін тауып ұйымдастыра алатын, керек кезінде проблемалық жағдайлар туғызып олардың назарын басты проблемаларды өз бетінше шешуге құштарландыра алатын мұғалімнің оқытуда жететіндігін көруге болады.

Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап оқушылардың белсенді іс-әрекетін сезімін басқара білу. Ол біріншіден тек дайын ақпаратты деректер, заңдар, ережелер түрінде ғана беріліп қана қоймай оқушыларды өз бетінше іздендіретін одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалдарды берудің құрылуын қайта құруды талап етеді.

Екіншіден оқушылардың іс-әрекетіне деген мұғалімнің іс-әрекетінің көзқарасын өзгеруді талап етеді, яғни мұғалім оқушылардың өзі белсенді, жасампаз күш болатын оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет. Ол оқытудың әр кезеңінде үй жұмысын тексерген кезде,оқушылардың жауап беруді . Меңгеруге дайындығы кезінде жаңа білімді енгізіп, оны тұжырымдаған және оларға сүйенген кезде алынған білімді қорытып бір жүйеге келтірген кезде де көрініп отыруы керек. Осы орайда математика сабағының әртүрлі кезеңдеріне тоқтала кетейік.

Оқу тәжірибелерінде жиі кездесіп жүргендей тиімді жұмысқа жеке емес, барлық оқушыларды қатыстырады яғни оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруды,сабақтың бас кезінде дедактикалық ойындардың көмегімен үй жұмысының орындалуын мұғалімнің ұсыеған үлгісі мен салыстыру, түсінік беру, кішкене өзіндік жұмыстар,математикалық диктанттар арқылы жүзеге асыруға болады.

Жаңа білімдерді енгізу езеңінде оқушылардың оқу танымдық іс-әректін белсендіру анықтамаларды,ережелерді,заңдарды,типісті қасиеттерді тұжырымдардың айқындылығын дәлелдейтін шығармашылық тапсырмалар арқылы жүзеге асырады.Алынған біліммен білікті баянды еткен кезде әртүрлі танымдық,есептер шығарылады. Мұғалімнің берген ақпараты оқушыларардың өзіндік жұмысына сай келеді және оқушылардың ізденімпаздығының дәрежесі үлгі білім орындалатын белгілі амалдар принцпті жаңа жағдайға орындалатын обьектілермен құбылыстарды салыстыру арқылы орындауға дейін өседі.[14]
Өз бетімен істейтін жұмыс деп берілген тапсырманы мұғалімнің басшылығымен, бірақ оның тікелей қатысуынсыз оқушылардың өздері атқаратын жұмыстарды айтады.

Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету кезінде екі міндетті ескерген дұрыс. Бұл міндеттердің біріншісі-оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту,оларды білімді өздігінен игеруге,дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйрету; екіншісі –оқушылардың алған білімін іс жүзінде қолдана білуге баулу.

Өз бетімен жұмыс істей алатын оқушы, тек білім білік дағдысы ғана емес, сонымен бірге ойлау қабілеті, еркін сөйлеу мәдениеті, саяси сауаттылығы өзіне деген сенімділігі, пәнге деген қызығушылығы, шығармашалық қабілеті оянады. Сондықтан өз бетімен жұмыстың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы қажет. Өз бетімен жұмыс тапсырылғанда оның ауыр – жеңілділігі, қанша уақыт орындалатынына назар аударған жөн. Өз бетімен жұмыс сабақтың кез келген уақытында беруге болады:


  • Жаңа сабақ түсіндіру кезінде

  • Қайталау сабағы кезінде

  • Сабақты бекіту кезінде

1-сабақ


Сабақтың күні: 06.12.13ж

Пәні: алгебра

Сыныбы: 7 «в»

Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырымы


Сабақтың міндеті:

І Білімділік: Екі өрнектің айырмасын олардың қосындысына көбейту, білік дағдыларын қалыптастыру, есептерді шешу кезінде тиімді пайдалана білуге үйрету.

ІІ. Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, дәлдікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұжымдастыққа, достыққа тәрбиелеу.

ІІІ. Дамытушылық: Өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданған әдістер: СТО әдістері,түсіндіру,сұрақ жауап,сауалнама.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, информатика.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар,кеспе қағаздар, компьютер.

Пайдаланылған әдебиеттер: Алгебра 7 сынып, дидактикалық материал, «Математика және Физика». «45 минут» журналдары
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

1. Қызығушылықты ояту. «Логикалық есептер»

ІІҮй тапсырмасын тексеру

№151

ІІІ.Өткенді қайталау:



  1. Ой қозғау сұрақтары

Негіздері бірдей дәрежелерді қалай көбейтеміз?

Негіздері бірдей дәрежелерді қалай бөлеміз?

Нөлге тең емес кез-келген санның нөлінші дәрежесі неге тең?

кез-келген санның бірінші дәрежесі неге тең?



 - дәрежесі неге тең?

Бірмүше дегеніміз?

Көпмүше дегеніміз?

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің неше тәсілі бар?


ІV.Жаңа сабақ

Қорытынды: Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі сол өрнектердің квадратының айырмасына тең болады.




V. Ой толғаныс.

№152(тақ),№153(тақ),№154(тақ),

Сергіту сәті «Жаңбыр»

Тест жұмысы

Жікте:


  1. 25 а2-16в2

а) (5а-4в) (5а+4в)

б)(25а-16в) (25а+16в)

в)(5а-4в) (5а-4в)

2.(2х-4) (2х+4у)

а) 2х2-4у2

б) 4х2-16у2

в) 4х2+16у2


  1. -а2в2

А) () ()

Б) () ()

В) () ()

4. өрнекті ықшамда:

А)5 б)1 в) 1

5. Теңдеуді шеш:Х2-225=0


А)Х1=25 Х2=-25

Б)Х1=15 Х2=-15

В)Х1=225 Х2=-225
ІҮ. Қорытындылау: «Топтастыру стратегиясы»(1-сурет)


Тепе-теңдікті дәлелдеуде


Көпмүше түрінде жазғанда

Амалды оорындауда

Өрнекті ықшамдағанда

Көпмүшелерді көбейтуде




Теңдеуді шешуде

Ү. Үйге тапсырма: №152-№154(4-6)

ҮІ. Бағалау.


2-сабақ

Күні: 14.12.12ж

Пәні:Алгебра

Сыныбы:8 «б»

Тақырыбы: Виет теоремасына есептер шығару
Мақсаты:

а). Виет теоремасын қолдана отырып есептер шығаруға оқушыларды баулу және дағдыландыру. Оқушыларға Виет теоремасын қолдану тәсілдерімен таныстыру және квадрат теңдеулерді шешуді үйрету;

ә)Оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру,логикалық ойлау қабілетін дамыту.

б)Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, шапшаңдылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Типі: ашық сабақ

Түрі: білімді бекіту

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,семантикалық карта сауалнама

Көрнекілігі: интерактив тақта,слайдтар

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

а)амандасу

ә)түгелдеу

б)оқушыларды саб.назарын аударту


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

№158


 2)





,, 









ІІІ.Өткенді қайталау

1. түріндегі қандай теңдеу?

2.Виет теоремасын айтыңыз?

3. Егер D>0 болса, онда квадраттық теңдеудің неше түбірі болады?

4. Егер D=0 болса, онда квадраттық теңдеудің неше түбірі болады?

5. Егер D<0 болса, онда квадраттық теңдеудің неше түбірі болады?

6. Қандай жағдайда квадраттық теңдеу келтірілген квадраттық теңдеу деп атайды?

7. Егер квадраттық теңдеуінде коэффициенттердің бірі – b не с немесе b мен с-ның екеуі де 0-ге тең болса, мұндай теңдеулерді қалай атайды?

8. Виет теоремасына кері теорема?


ІV. Семантикалық картаны толтыру.(16-слайд)
V.Оқулықпен жұмыс

№151(2-сурет)



Теңдеулер

Түбірлерінің қосындысы

Түбірлерінің көбейтіндісі




-






-7






2,5






-0,2


№156,№157(тақ сандары)(3-сурет)



Түбірлері

Қосындысы

Көбейтіндісі

Теңдеу















18








-1






а + b

ab


Сергіту сәті логикалық есептер

№1

Тарелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір – бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады?



№2

Ағып жатқан өзеннен 3 л және 5 л ыдыстар көмегімен

4 литр су алу керек.

№3

Жауаптар:Дискриминант,теңдеу,коэффицент

Деңгейлік тапсырма

А.

В.

С.

Сауалнама(25-слайд)

VI.Үйге тапсырма беру:№156,№157(жұп)№162(2,3,4)

VII.Бағалау

VIIІ.Қорытындылау


(4-сурет)


Өзіндік жұмысты орындау кезінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс әрекет барысында ойлау қабілеттері дамиды,ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну қалыптасады.Соның нәтижесінде оқушылардың мынадай қабілеттері дамиды:



  • кез келген қосымша әдебиетпен өздігінен жұмыс істеуге жаттығады

  • белгілі ғалымдардың тарихымен танысып мәліметтер жинақтауға, тарихи мағлұматтарды өз бетінше ізденуге мүмкіндіктер алады

  • әр түрлі тарихи есептер, логикалық ойлауды қажет ететін қызықты есептерді шығаруға жаттығады

  • өз жұмысының нәтижесін талдап, қорытынды жасап, шешім қабылдайды

  • өз ойын толық айта білу, қабылдай білуге үйренеді

Оқушылардың осындай шығармащылық қабілеттерін дамыту барысында төмендегідей нақты жұмыстар атқаруға болады:

сынаптарда аптасына 2 сағат бейінді оқыту курсына бөлінген қосымша сабақты жоспарлы түрде ұйымдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында жұмыстар жүргізуге.Сабақта оқушылар қиын деңгейлі есептерді шығаруға әр түрлі әдісті қолдана отырып, тиімді, ықшамды жолмен шығаруға қалыптастырады.Әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен оқып, қосымша анықтамалық материалдарды қолдануды меңгергендіктерін байқатуға болады.Оқу жылының соңында мектеп психологы мен бірлесіп, сауалнама жүргізу керек. Сауалнамаларға жауап алу арқылы математикаға қабілетті оқушыларды іріктеу жүргізілдеді.Осы оқу жылының қыркүйек айынан бастап, ата-аналардың өтініші бойынша математикадан тереңдетіп оқыту сыныбы ашылу керек. Математиканы тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлама бойынша жылдық жоспар жасалып, бекітілу қажет.[12]

А.Байтұрсынов: «Оқыту біткеннің беретіні- өлі білім»-деген көргендігін сараптай келе «оқыту» - бұйрық мағынасындағы сөз, яғни біреудің басшылығымен, үстемділігімен жүзеге асырылады, ал оқи білуге баулу, үйрету – технологизациялау талабын жүзеге асыру деп пайымдауға болады.[1]

Сондықтан қазіргі уақытта педогогикалық ғылымныңбір ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялар шығаруда.


(5-сурет)











Бүгінгі мектеп

оқушысы






















Сурет 1. Құзіретті тұлғақалыптастыратын факторлар
Егер «жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ: «Жеке тұлға» - бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:

  • Адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;

  • Өзіне және өзімен - өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;

  • Мінез - құлық әрекеттерінің жиынтығы;

  • Айналасындағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;

  • Қажеттлік жүйесі;

  • Шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жиынтығы;

  • Сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы деп атап көрсеткен өз еңбектерінде Г.К. Селевко

Орта білім берудің мақсаты Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудідамыту тұжырымдамасында былайша нақтыланады. «Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағалай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» [6]

Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзреттілік тәсілді алу ұсынылып жүр.

«Competent» сөзі фрацузша «құзретті», латынша сай болу «талап қою», ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны береді.
Ал «құзретті тұлға» деген ұғымға ғалым Н.В. Кузьмина әр тұлғаның бойында:


  • Арнайы құзреттілік іс - әрекеттерде қолданатын білімі жоғары деңгейі, жұмысқа өзіндік шығармашылықпен қарау қабілетін;

  • Әлеуметтік құзреттілік - өзіндік жауапкершілікке алу және шешім қабылдау қабілеті;

  • Психологиялық құзреттілік – ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеті;

  • Ақпараттық құзреттілік – интернет, компьютерлік сауаттылық ақпарат көздерін меңгеру қабілеті;

  • Коммуникативті құзреттілік - өз тілінде сөйлеу және шет тілін меңгеру қабілеті;

  • Экологиялық құзреттілік – экологиялық жауапкершілік, экологиялық мәдениетті меңгеру қабілеті;

  • Валеологиялық құзреттілік - салауатты өмір салтын білу қабілеті;[13]

Сабақтың мазмұнына, тақырыбына қарай сабақта бірнеше өз бетімен жұмыс тапсыруға болады. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда болатын жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей саралап оқыту әдісін қолданған жөн. Өйткені әр оқушының танымдық қабілеті, қызығуы білім бейімділігі әр түрлі болады. Өз бетімен жұмыс әрекетін ұйымдастыруға бейімделген оқушының әрекеті зерттеу әрекетіне көшеді. Оқушының өз бетімен жұмыс істеу жүйелілігі,бірізділікпен ұйымдастыруға баулу біртіндеп зерттеушілік әдісін қолдануға әкеледі. Нәтижесінде оқушының өзіндік терең ізденіске бастайды. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізу, оның жеке талабын қанағаттандыруға, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білімнің көзін ашады

Мен, өз тәжірибемде СТО бағдарламасының стратегияларын пайдаланып жүрмін.

Өйткені бұл технология стратегияларын пайдалану тиімділігі:



  1. Оқушылардың жас ерекшелігі

Мұғалім тек бағыттаушы, ал оқушы жаңа білімді, ақпаратты өз бетінше меңгеру;

  1. Әр оқушыдан еркін жауап алуға жағдай жасалады;

  2. Қиялын дамытуда «менің ойымша» деген жауапқа дағдыланып ауызекі сөйлеу дағдылары жетіледі;

  3. Тіл байлығын дамыту үшін,қандай жауапты соңына дейін тыңдау

  4. Стратегиялар барлық пән сабақтарына және тәрбиелік шараларда пайдалануға болады.

  5. Ең бастысы өзімнің өзекті деп таныған оқушыға білімді,ақпаратты өз бетінше меңгеруіне үлкен мүмкіндіктер жасалған.[9]

Әр пәнде тақырыпты ашуда,оқушылардың қызығушылығын оятуда әр түрлі ребус, математикалық сөзжұмбақтар шешу арқылы,біріншіден өткенге қайталау болса, екіншіден тақырып ашылады.Сол тақырып төңірегінде не білетіндері туралы «миға шабуыл» жасалады.Оқушылар сабақ тақырыбын өздері шығарып алып, осы тақырыпқа деген қызығушылықпен құлшына сабақ барысын тосатын болады. Оқушылар кластер құрады, әртүрлі сызба, тірек схемаларына сүйене отырып тақырыпқа байланысты не біледі соны жазады (өз біліміне, тәжірибесіне сүйенеді). Бұл жұмыстарды орындау барысында оқушыларда өз күшіне деген сенімділік пайда болады.

Есепті топ ішінде талдап, өз ойларын көршілес топтардың ойларымен салыстырып, негізгі ойды табу арқылы мәтінге ат қояды. Бұл кезде бастауыш сынып оқушыларының әлі қалыптаспаған зерттеу, сынау, салыстыру, ажырату қабілеттері дамиды.

Өтілген тақырыпқа байланысты график сызуға, есеп мәтінін құрауға, шағын шығарма жаздыруға болады. Ондағы жұмыстың ең үздігін топта өздері талдай отыра ортаға, яғни сынып алдына шығарады. Бұл кезде өзіндік бағалауға үйренеді.

Кей кезеңде әр бала немесе әр топ бар жұмыстарын қорғайды, оқушылар бір – біріне қол созады. Бұл кезде ұжым мүшелерін біріктіретін кез болады.

Сондықтан өз сабақтарымда СТО бағдарламасының «Білемін, білгім келеді, үйрендім», «Менің ойымша», «Топтастыру», «Ой қозғау», «Бес жолды өлең» және т.б. стратегияларын көбірек пайдаланамын.

Сонымен СТО бағдарлама стратегияларын пайдалана отырып өз бетімен жұмыс істеуге баулу не береді?



Оқушы үшін:

  1. Сыныпта мықты ұжым қалыптасады;

  2. Оқушылардың сөздік қорлары, ауызекі, жазбаша сөйлеу дағдылары, сөйлеу мәдениеті қалыптасады;

  3. Үлгерім, білім сапасы артады;

  4. Сабаққа қызығушылық пайда болады, белсенділігі артады;

  5. Оқушыларда ізденушілік, шығармашылық қабілеттері ашылады;

  6. Өз ісіне деген жауапкершілік, сенімділік пайда болады;

Мұғалім үшін:

  1. Мұғалім тек бақылаушы, жетекші;

  2. Көрнекі құрал оқушы қолымен жасалады;

  3. Уақыт тиімді, үнемді пайдаланылады;

  4. Оқушымен қарым – қатынас түсіністік, сыйластық принциптері құралады;

  5. Шәкіртіне дәріс беруден тек ләззат алады;

  6. Еңбегінің жемісін көре біледі;

СТО бағдарламасы бойынша жұмыс жасаған мұғалімдер мен оқушылар арасында «субьект-субьект»қарым-қатынасы қалыптасып, құзретті тұлғаға бағытталған оқыту жүзеге асады.[3]






2011-2012,2012-2013,2014 оқу жылдары










1-тоқсан










Пән аты:

математика

























Мұғалім:

Жумаганбетов Д.Ш




























Оқу жылы

2011-2012

2012-2013

2013-2014




"5"

11

8

12




"4"

32

50

65




"3"

59

72

72




"2"

 

 

 




Оқушылар саны

102

130

149




Орташа баға

3,5

3,5

3,6




Үлгерімі

100%

100%

100%




Сапасы

42%

45%

52%
















(6-сурет)































































































































































































2011-2012,2012-2013,2013-2014 оқу жылдары










2-тоқсан










Пән аты:

математика

























Мұғалім:

Жумаганбетов Д.Ш




























Мерзімі

2011-2012

2012-2013

2013-2014




"5"

7

7

11




"4"

36

50

66




"3"

59

73

73




"2"

 

 

 




Оқушылар саны

102

130

150




Орташа баға

3,5

3,5

3,6




Үлгерімі

100%

100%

100%




Сапасы

42%

44%

51%

























































































































(7-сурет)

Сабағымда өзбетімен жұмыстың қолданудың нәтижесінде оқушылардың білім сапасы жоғарыда көрсетілгендей біршама көтерілді.

Еліміз тәуелсіздік алып, басқа елдермен иық теңестіру үшін, келешек қоғам иелерін, ұлтымыздың болашағын тәрбиелеу-құрметті де, қадірлі міндет болғанымен, ал оны іске асыру оңай іс емес.Әрбір ұстаз өзінің алдындагы шәкірттеріне бойындағы барлық күш қуатын жұмсай отырып, оны еліміздің білімді, имандылығы мол, зиялы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті екенін естен шығармағанымыз жөн.

Оқушылардың танымдық қызығушылығы оянбаған жерде пән бойынша сапалы білім болуы мүмкін емес.Ол үшін міндетті түрде оқушылардың өздері талаптану керек.Сондықтан әр шәкірттің ойына өзгеріс енгізіп, санасына сілкініс туғызу біздерге, яғни ұстаздар қауымына байланысты.

Оқушының білім алу үрдісіндегі өзіндік пікірі мен ой жүйесінің негізі бастауыш сатыда қалыптасатыны белгілі. Сондықтан оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге бастауыш сыныптан дағдыландырған дұрыс.

Өз бетімен істейтін жұмыс деп берілген тапсырманы мұғалімнің басшылығымен, бірақ оның тікелей қатысуынсыз оқушылардың өздері атқаратын жұмыстарды айтады.

Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету кезінде екі міндетті ескерген дұрыс. Бұл міндеттердің біріншісі-оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту,олардыбілімді өздігінен игеруге,дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйрету; екіншісі –оқушылардың алған білімін іс жүзінде қолдана білуге баулу.

Өз бетімен жұмыс істей алатын оқушы, тек білім білік дағдысы ғана емес, сонымен бірге ойлау қабілеті, еркін сөйлеу мәдениеті, саяси сауаттылығы өзіне деген сенімділігі, пәнге деген қызығушылығы, шығармашалық қабілеті оянады. Сондықтан өз бетімен жұмыстың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы қажет. Өз бетімен жұмыс тапсырылғанда оның ауыр – жеңілділігі, қанша уақыт орындалатынына назар аударған жөн.

Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы / Ә. Бидосов.-Алматы: Мектеп, 1981.-221 бет.

2. Гоноболин Ф.Н. Психология / Ф.Н. Гоноболин.- Алматы: Мектеп, 1976.

3. Дарменова Қ. Көрнекілік арқылы ойлау қабілетін арттыру / Қ. Дарменова // Бастауыш мектеп.- 1991.- № 4.- 12-14 бет.

4. Корпешова Г. Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы көрнекіліктің рөлі / Г.Корпешова // Қазақстан мектебі. - 1986.- № 4.- 20-21 бет

5. Қаниева Г. Оқушының ойлау қабілетін дамыту / Г.Қаниева // Қазақстан мектебі.- 1991.-№ 5.- 3-10 бет.

6.М.М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінді»

7. Құдайбергенова К.С «Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары»

8. Мінайдарова «Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету» //Математика және Физика//

9. Мақал- мәтелдер жинағы

10. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы

11. Математика және физика. № 2,5. 2005 жыл.

12.Математика және физика. № 1. 2006 жыл.









©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет