Мектеп информатикасы курсындағЫ «компьютердің архитектурасы» тақырыбын оқыту ерекшеліктері



жүктеу 71.72 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі71.72 Kb.
МЕКТЕП ИНФОРМАТИКАСЫ КУРСЫНДАҒЫ «КОМПЬЮТЕРДІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Компьютерді, оның құрылымы мен қызмет ету принциптерін білмей тұрып сауатты пайдалану мүмкін емес. Бұл тезисіміздің дәлелі ретінде Питер Нортонның: «Сіз компьютердің қызметін, оның ішінде не болып жатқанын түсінбей-ақ сәтті қолдана аласыз. Дегенмен ДК де болып жатқан процесстерді сіз тереңірек түсінген сайын, оның мүмкіндіктерін жақсырақ пайдалана аласыз... Егер компьютермен жұмыс істеу барысында бірдеңе бола қалған жағдайда, сіздің ешқандай әбестік жасамай дұрыс шешім қабылдау ықтималдығыңыз жоғары болады».

Заманауи компьютерлердің қызмет ету негізінде өте көп идеялар, теориялар, принциптер мен техникалық шешімдер жатыр, олар тұрақты түрде жетілдіріліп отырады. Компьютерлердің жалпыланған құрылымы, тұрғызылуы мен қызмет етуінің іргелі принциптері мектеп информатикасы курсындағы «Компьютер архитектурасы» тақырыбын оқытудың пәні болып табылады. Бұл курсты оқытуда қазір қолданылып жүрген тәсілдерді үлкен үш топқа бөлуге болады:


  • Материалды декларативті баяндау;

  • Шынайы бар ЭЕМ бірімен байланыстыру;

  • Есептегіш машиналардың программалық моделдерін пайдалану.

«Компьютер архитектурасы» ұғымы әртүрлі әдебиет көздерінде әртүрлі пайымдалады. Мысалы, әдебиет көздерінің бірінде компьютердің архитектурасы деп оның компоненттерінің жиынтығын, ал компьютердің компоненттерін компьютерлік «темір» деп атайды[2]. Ал енді басқа бір әдебиет көзінде «компьютер архитектурасы» сөзі тар және кең мағынада қолданылады. Тар мағынада архитектура деп командалар топтамасының архитектурасын түсінеді. Командалар топтамасының архитектурасы аппаратура мен программалық қамсыздандыру арасындағы шекара болып табылады және жүйенің программистке немесе компилятор жасаушыға көрінетін бөлігі болып табылады. Кең мағынада архитектура төмендегідей компьютер жасаудың жоғары деңгейлі аспектілері жадылар жүйесін, жүйелік шина құрылымын, енгізу/шығару ұйымдастыру және т.т. қамтиды [3]. Үшінші бір әдебиет көзінде ЭЕМ архитектурасы деп техникалық сипаттамасын (электронды схемалар, конструктивті бөлшектер және т.т.) толық түсіндіріп жатпай-ақ, ЭЕМ құралдары мен жұмыс істеу принциптерін сипаттауды түсінеді. Архитектура сипаттамасы – бұл компьютерде жұмыс жасайтын, бірақ оны құрастырмайтын немесе жөндемейтін басқа сөзбен айтқанда жай ғана қолданушы адамға арналған компьютер туралы түсінік [3].

Бірақ үйренушілер «компьютер архитектурасы» ұғымының нені білдіретінін айқын ұғынуы, және компьютер архитектурасын сипаттау деңгейлерін айыра білуі керек.

Компьютер архитектурасын сипаттаудың әртүрлі деңгейлері бар. Компьютер архитектурасын сипаттаудың ең үстірт деңгейі – бұл компьютер құрамына кіретін негізгі құралдар мен олардың арналымы жайлы ұғымдар. Компьютер архитектурасын сипаттаудың ең терең деңгейі – процессордың командалар жүйесін (машиналық командалар тілі), программаны орындау кезіндегі процессор жұмысының ережелерін сипаттау.

Негізгі жалпы және орта (толық) жалпы білім берудің негізгі міндетті бағдарламаларының мазмұнының міндетті минимумына сәйкес компьютер архитектурасымен байланысты төмендегідей тақырыптарды бөліп алуға болады:



  1. Компьютер ақпараттарды өңдеудің әмбебап құралы ретінде.

  2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) негізгі құралы.

  3. Компьютер ақпараттық процесстерді автоматтандыру құралы ретінде.

  4. АКТ құралы.

Информатиканың базалық курсында «Компьютер ақпаратты өңдеу құралы» бөлімін оқыту үшін 2 практикалық жұмысты қоса есептегенде 10 сағат беріледі, ал «Компьютер архитектурасы» тақырыбын оқыту үшін 2 сағат беріледі.

«Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы» тақырыбын X сыныпта базалық деңгейде оқыту үшін 2 сағат бөлінеді, соның ішінде 2 практикалық жұмыс. «Компьютер архитектурасы» тақырыбын информатиканың профильді курсында базалық деңгейде оқыту үшін 1 сағат бөлінеді.

«Компьютер архитектурасы» тақырыбы қарастырылған әртүрлі оқулықтар мен оқу құралдары бар. Әдетте, оларда ЭЕМ нақты бір маркаларымен байланыстырмай архитектураның жалпы ұғымы түсіндіріледі. Практикалық жұмыс компьютерлердің белгілі бір моделдерінде жүреді. Осындай себептерге байланысты мұғалім шешуге тиісті жалпытеориялық білімді практикамен байланыстыру проблемасы туындайды.

Информатика бойынша мектеп оқулықтарын бізді қызықтырып отырған тақырып бойынша мазмұндық көлемі мен толықтығы бойынша талдайық.

«ЭЕМ архитектурасы» ұғымын ашу үшін И.Г. Семакин 7-ші сыныпқа арналған «Информатика» оқулығында аналогияның дидактикалық тәсілін пайдаланады. Бұл оқулықта ДК минимальды комплекті, ДК құрылғыларының өзара әрекеттесуінің магистральдік принципі, ДК негізгі сипаттамалары қарастырылады.

«Компьютер архитектурасы» тақырыбы Н. Ермеков, Н. Стифутиналардың 7-ші сыныпқа арналған «Информатика» оқулығында толық және түсінікті түрде ашылып берілген.

Е.В. Шевчук өзінің 8 сыныпқа арналған «Информатика» оқу құралында «Дербес компьютер» тарауын ашу үшін келесі параграфтарды пайдаланады: «Қазіргі заманғы дербес компьютерлер мен оның құрамдас бөліктерінің түрлері»; «Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі»; «Магистраль» және осы «Дербес компьютер» тарауы бойынша екі практикалық жұмыс орындауды ұсынады: «Компьютерді тестілеу» және «Дискіні тестілеу».

10-11 сыныптарға арналған «Информатика» оқулықтарында «Компьютер архитектурасы» тақырыбы тіптен қарастырылмайды.

Информатиканы тереңдетіп оқитын сыныптарда «Компьютер архитектурасы» тақырыбын оқыту үшін сондай-ақ Л.З. Шауцукованың 10-11 сыныптарға арналған оқу құралын пайдалануға болады. Бұл оқулықта компьютердің қалай құралғаны, компьютерлер қандай принципте құралған, команда деген не және ол қалай орындалады, архитектура деген не, компьютер құрылымы және компьютер құрылғылары толық қарастырылған.

«Компьютер және программалық қамсыздандыру» тақырыбын 10 сыныптар үшін (Н. Ермековтің 10 сыныптарға арналған «Информатика» оқулығының негізінде) сабақ бойынша жоспарлауды 2 зертханалық жұмыстан, 1 практикалық жұмыстан және 2 оқушылардың білімін бақылау мен тексеруге арналған жұмыстарды қамтыған 10 сабақ түрінде беруге болады.

Сабақ 1. Компьютер тұрғызудың магистральды-модульдік принципі.

Сабақ 2-3. Компьютердің аппараттық іске асырылуы.

Сабақ 4. Өзіндік жұмыс. Операциялық жүйе.

Сабақ 5. Операциялық жүйені жүктеу. Зертханалық жұмыс.

Сабақ 6. Файлдар және файлдық жүйелер. Зертханалық жұмыс.

Сабақ 7. Дискілердің логикалық құрылымы.

Сабақ 8. Дискілердің логикалық құрылымы. Практикалық жұмыс.

Сабақ 9. Компьютерлік вирустар және вирусқа қарсы программалар.

Сабақ 10. Бақылау жұмысы.

Компьютердің аппараттық бөлігін оқытқанда компьютер тұрғызудың магистральды-модульдік принципі қарастырылған; процессорлар жасалуының қысқаша тарихы және олардың негізгі сипаттамалары; жедел және сыртқы жадының функциялары мен негізгі сипаттамалары; жүйелік блоктағы құрылғылар; аналық платаның логикалық схемасы, ақпараттарды енгізу және ақпараттарды шығару құрылғылары. Оқушылардың білімдерін бақылау мен тексеру үшін оқытылған мәселелердің қортындысы бойынша өзіндік жұмыс ұсынылады.

Информатика курсын оқу барысында оқушылар біртіндеп компьютер архитектурасы бойынша өз білімдерін тереңдетіп машиналық командалар тілі мен процессор жұмысы жайлы түсінік алуға дейін жетуі керек. Негізінен, информатиканың профильді курсының базалық деңгейінде компьютер архитектурасының үстіртін деңгейлі білімі беріледі. Бірақ, кейбір мектептердің профильді сыныптарында «Программалау» бөлімін оқығанда қарастырылатын ассемблер сияқты төменгі деңгейлі программалау тілі оқытылады. Ассемблерді оқытқанда оқушыларды бұл тілдің жасалу тарихымен, ассемблер түрлерімен, олар не үшін арналғандығымен, басқа программалау тілдерінен айырмашылығының неде екендігімен таныстырып, олардың артықшылығы мен кемшіліктерін атап өту керек. Бұдан әрі, «регистрлер» сияқты ұғымдарды енгізіп, регистрлер типін және тілдің негізгі командаларын беріп, жеткілікті терең және толық оқығаннан кейін осы тілде программа құруға көшу жүзеге асырылады. Бірақ, ассемблер тілі түсіну үшін айтарлықтай күрделі, және оқушылардың көпшілігінде қарапайым программалар жазудың өзінде қиындықтар туады. Ассемблер тілін оқыту үшін, мұғалімнің өзі оны жақсы білуі керек, деген бұл саладағы мамандар өте аз. Сонымен бірге жалпы білім берудің Мемлекеттік стандарты ассемблер тілін оқыту бойынша мәселелерді қамтымаған. Сондықтан «Компьютер архитектурасы» тақырыбын базалық деңгейде оқытқанда оқушыларға ассемблер сияқты төменгі деңгейлі программалау тілінің бар екендігін және ассемблер тілінің командаларының процессар командаларына дәлме дәл сәйкес келетіндігін айтуға болады. Профильді дайындық ассемблерді жеке элективті курс шеңберінде, және сондай-ақ тақырыптық жоспарлауға олар енген жағдайда информатика бойынша сабақ жүргізу барысында ұсынылуы мүмкін.

«Компьютер архитектурасы» тақырыбы мектеп информатикасы курсының оқытудың әртүрлі деңгейлерінде оқытылатын ең маңызды тақырыптарының бірі. Бұл тақырыпты оқытуды оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың профильдік бағыттарын ескере отырып жүргізу керек.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. 7 класс. Информатика. Ермеков Н., Стифутина Н. - Алматы: Атамура, 2007.

  2. 8 класс. Информатика. Ермеков Н., Стифутина Н. - Алматы: Жазушы, 2008.

  3. 9 класс. Основы информатики и вычислительной техники. Бурибаев Б., Накисбеков Б., Мадьярова Г. – Алматы: Мектеп, 2009.

  4. 9 класс. Информатика (Паскаль). Н.Ермеков, В.Криворучко, Л.Кафтункина – Алматы: Мектеп, 2009.

  5. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ногайбаланова С.Ж. Учебник для 10 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения (естественно-математическое направление). – Алматы: Жазушы, 2006.

  6. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ногайбаланова С.Ж. Учебник для 10 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения (общественно-гуманитарное направление). – Алматы: Жазушы, 2006.

  7. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ногайбаланова С.Ж. Учебник для 11 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения (естественно-математическое направление). – Алматы: Жазушы, 2007.

  8. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ногайбаланова С.Ж. Учебник для 11 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения (общественно-гуманитарное направление). – Алматы: Жазушы, 2007.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет