«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ 12 жылдық білім беруге көшуде мектепалды даярлық топ балаларын психологиялық-педагогикалық Қолдау



жүктеу 480.43 Kb.
бет1/2
Дата01.07.2016
өлшемі480.43 Kb.
  1   2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕ

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

_____________________________________
Әдістемелік ұсынымдар


Астана

2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ


12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕ

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

_____________________________________
Әдістемелік ұсынымдар

Астана


2013
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген


Пікір жазғандар:

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А. И. Омарбекова

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ж. Салиева

Астана қ. №38 «Шаттық» балабақшасының әдіскері Қалдыбаева Ш.С.



12 жылдық білім беруге көшуде мектепалды даярлық топ балаларын психологиялық-педагогикалық қолдау: әдістемелік ұсынымдар. – Астана, 2013. – 33 б.

Аталған әдістемелік құрал 12 жылдық білім беруге көшуде 5-6 жастағы балаларға мектепалды даярлықты ұйымдастыру бойынша ұсынымдардан тұрады.

Құрал мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына, әдіскерлері мен психологтарына арналған.

«Мектепке дейінгі балалық шақ»

республикалық орталығы, 2013

КІРІСПЕ
12 жылдық білім беруге көшуде мектепалды даярлықтың басты мақсаты – болашақ мектеп оқушыларының старттық мүмкіндіктерін теңестіру. 12 жылдық оқытуға көшуге даярлық мектепке дейінгі білім жүйесіне әсер етпей қоймайды: мектепке дейінгі ұйымдарға, мектепалды даярлыққа, шағын орталықтарға – себебі осы жаста ғана мектепке дейінгі жастағы бала тұлғасының басты базисі қаланады және формаланады. Алайда, бүгінгі күні мектепке дейінгі жастағы балалардың «старттық позициялары» «жасаруда»: бес жастағы балалардың өзі мектепалды даярлықты меңгеруде. Мектептің 12 жылдық жалпы орта білімге көшуі мақсат пен міндеттерге, мектепке дейінгі ұйымдарда оқытуға қажетті түзетулер енгізеді.

Мектепалды даярлық қана баланың қоршаған әлеммен қарым-қатынасында рухани-адамгершілік құндылықтар, интеллект, таным белсенділігі, іс-әрекеттерінің іргетасын қалауға бағытталған. Оқытудың алғашқы сатысының жетекші идеясы - сыйластық пен сенім жағдайында ғана жүзеге асырылатын тұлғаның толық дамуы, баланың жеке қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне көңіл аудару болып табылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде заманауи өзгеріп отыратын әлемге бейімделе алатын бала тұлғасын қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар құрады. Ғалымдардың көп жылдық зерттеулері мектепке дейінгі жас адамның интеллектуалды, жеке, әлеуметті және эмоцианалды даму жағдайларын анықтаушы болып табылады. Біздің еліміз алты жастағы балаларға мектепалды даярлықты меңгертудің үлкен тәжірибесіне ие, алайда ол алты жастағы балаларға арналған. Бұл тәжірибе мазмұнын бес жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту, дамыту ерекшеліктеріне бейімдеу сұрағы туады, себебі 5 жастағы балалардың өзіндік психологиялық-физикалық ерекшеліктері болады: көрнекі-бейнелі ойлау, есте сақтау, қабылдау, көңіл бөлу және т.б.

Сондай-ақ, мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты және мемлекеттік саясаттың бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Және 12 жылдық білім беруге көшуде мектепалды даярлық топ балаларына психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу қажеттігі туындайды.

Біздің мақсат - 12 жылдық білім беруге көшуде 5-6 жастағы балаларға мектепалды даярлықты ұйымдастырудың ұсынымдарынан құрылатын әдістемелік құрал әзірлеу.

5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ТҮСІНІГІНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
Баланың өмірі ортаның күрделі ұйымдастырылған, әртүрлі формасы мен бағыттары бойынша ағыммен өтеді. Табиғатынан бұл орта әлеуметтік, өйткені ол баланың құрбыларымен, әр жастағы балалармен, педагогтармен, ата-аналармен, өзге ересектермен әртүрлі қарым-қатынас жүйесін ұсынады.

Мазмұны бойынша бұл орта эмоционалды, интеллектуалды, эстетикалық, тұрмыстық және т.б. болуы мүмкін. Бала өмірдің барлық жағына қатысты көптеген әртүрлі таңдаулар алдында болады: қалай оқу және ересектермен қандай қарым-қатынас құру, құрдастарымен қалай сөйлесу, қазіргі және өзге талаптарға, ережелерге қалай бағытталу, т.б. Көмекке өздерінің әлеуметтік, кәсіптік немесе жеке айқындамаларымен балаға әртүрлі қолдау бере алатын ересектер ұсынылады. Ең алдымен бұлар – педагог, ата-ана және психолог.

Сол себептен, психологиялық-педагогикалық қостау түсінігін ашу мақсатында өзара қарым-қатынас, әріптестік, жағдайлар құру, көмек, қызмет бағыты, объектімен жұмыс сияқты ұғымдар қолданылады.

Психологиялық-педагогикалық қолдауды бірнеше аспектілермен қарастыруға болады:

- балаға жеке білім беруде көмек пен қолдау көрсетуге қабілетті педагог-психологтың кәсіптік қызметі сияқты;

- білім беру міндеттерін шешу кезінде балаға рухани дербес таңдау жасауға көмектесетін мақсатқа бағытталған педагогикалық әрекеттер кешенін құрайтын үдеріс сияқты;

- жетекші мен жетеленушінің өзара іс-әрекеті сияқты;

- оқушылардың оқу жетістіктерін қамтамасыз етуде педагог, психолог, және т.б. мамандар әрекетінің дәйекті кезеңдерінің қатарын құрайтын технология сияқты;

- мақсатты, мазмұнды, үдерісті және нәтижелі элементтердің өзара қарым-қатынасын мінездейтін жүйе сияқты.

Соңғы жылдары психологиялық-педагогикалық қолдаудың теориясы мен практикасының жіті дамуы білім беру мақсаты туралы ұсынымды кеңейтуге байланысты болды. Бұл мақсатқа тәрбиелеу, дамыту мақсаттары, бала денсаулығын физикалық, психологиялық, психикалық, рухани және әлеуметтік қамтамасыз ету енеді.

Қолдаудың негізі келесі ұстанымдардан болады:

1. Ізгілендіру - бала мүмкіндігіне сенуге болжанған.

2. Жүйелі тәсіл – біртұтас жүйе ретінде адам түсінігіне негізделген.

3. Кешенді тәсіл- бала дамуын қолдауға бағытталған.

4. Баланың жеке мүмкіндігіне, оның даму қарқынына сәйкес қолдаудың мазмұнын, формаларын және тәсілдерін болжайтын баланың жеке және жас ерекшеліктерінің есебі.

5. Білім беру үдерісінде баланы қолдаудың үздіксіздігі.



Мектепалды білім беру жалпы білім беру жүйесінің 5-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі білімнен бастауыш білімге үйлесімді көшуін, сабақтастығын қамтамасыз ететін толық құқылы буыны болып табылады.

Психологиялық-педагогикалық қолдау – бұл мектепалды даярлық үдерісінде әрбір баланың табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметті-психологиялық және педагогикалық жағдайлар құратын толық, жүйелі ұйымдастырылған қызмет.

Психологиялық-педагогикалық қолдау объектісі болып білім беру үдерісі (оқу-тәрбие үдерісі) табылады.

Қызмет пәні – бала қатынасының жүйесі ретінде бала дамуының жағдайы:


  • әлеммен;

  • айналасындағылармен (ересектер, құрбылар);

  • өзімен өзі.

Оқу-тәрбие үдерісінде бала дамуын психологиялық-педагогикалық қостау мақсаты баланың қалыпты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Психологиялық-педагогикалық қолдау міндеттері:

- бала дамуында туындаған мәселелерді ескерту (ерте диагностика және дамуындағы бұзушылықтарды коррекциялау);

- даму, оқыту, әлеуметтенудің өзекті міндеттерін шешуде балаға көмек (ықпал) беру: мектепке дайындықты қамтамасыз ету, оқу қиындықтары, білім беру маршруттарын таңдау мәселелері, эмоциялы-жігерлі шеңбердің бұзушылықтары, құрбыларымен, педагогтармен, ата-аналармен өзара қарым-қатынас мәселелері;

- тәрбие-білім беру бағдарламаларын психологиялық қамтамасыз ету;

-ата-аналар, педагогтардың психологиялық-педагогикалық құзырлығын дамыту.

Баланы қолдау бойынша жұмыстың тізбектілігі келесі алгоритмді ұсынады:

1. Мәселенің қойылымы. Сұраныстың түсуінен, мәселенің мәнін түсінуден, бала туралы жиын жоспарын әзірлеуден және диагностикалық зерттеу жүргізуден басталады.

2. Алынған ақпараттың сараптамасы. Барлық қызығушылық танытқан мүдделермен мәселені шешудің мүмкін жолдары мен тәсілдерін бағалау және талдау, әртүрлі шешімдердің жағымды және теріс жақтарын талқылау.

3. Кешенді көмек беру жоспарын әзірлеу. Әрекет тізбектілігін анықтау, тараптардың функциялары мен жауапкершіліктерін, іске асыру мерзімдерін бөлу:бала, педагог, ата-ана, мамандарға арналған бірлескен ұсынымдар өндіру. Барлық қатысушыларға бала мәселелерін шешу жолдары мен тәсілдері туралы кеңес беріледі.

4. Мәселені шешуде жоспарды іске асыру. Әрбір қатысушымен ұсынымдарды орындау.

5. Қостау қызметі нәтижелерінің мәнін ұғыну және бағалау. Не сәтті болды? Қандай сәтсіздік пайда болды? Неліктен? сұрақтарына жауаптар болжайды. Жеке мәселенің шешімі немесе бала дамуына одан әрі дамуын жүргізу. Одан әрі не істеу қажет? сұрағына жауап.



Жоғарыда аталғандай, тәрбие – білім беру үдерісінің психологиялық–педагогикалық қостауымен бала тұлғасын зерттеудің толық үздіксіз үдерісі, оқыту мен тәрбиелеудің барлық жас ерекшелік кезеңдерінде әлеуметке бейімдеу, оны формалау қызметтері ұғынылады.

Мектепке дейінгі оқытудың психологиялық-педагогикалық диагностикасының мазмұны. Мектепке дейінгі оқыту пәні баланың психологиялық дамуының әртүрлі компоненттері болып табылатын психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді.

  • Біріншіден, бағдарламаны диагностикалық рәсімнің шағын көлемі

ажырата біледі. Мұнда мектеп үлгерімі үшін маңызды негізгі процестер көрсетілген. Көлемі жағынан үлкен диагностика мектепке дейінгі жастағы балаларды тиімді оқыту мен дамуына жағдайлар құруға қажетті уақыт пен күшті алып кетеді. Аталған бағдарлама – көптеген әдістемелердің талдау және қолдаудың мақсаттарын таңдау нәтижелері.

  • Екіншіден, оқу дағдылары және таным процестерін дамытудың контекстінде қандай да бір диагностикаларды жүргізудің тиімді уақытын құру. Яғни, нақты психологиялық функциялары бар қандай да бір білімді, дағдыны меңгерудің сензитивті кезеңдері анықталады. Бұл дер кезінде оқытудың мәселелерін ескертуге, балаларға көмек көрсетуге, бағдарламаға түзетулер енгізуге және т.б. мүмкіндік береді.

  • Үшіншіден, әрбір диагностикаланатын параметр оқыту кезінде екі рет өлшенеді. Бұл даму динамикасын құруға, бір деңгейден екіншісіне көшуге қажет. Біз оқытудың әр кезеңінде қолдана алатын, ал нәтижелерін бір-бірімен үйлестіретін әдістемелер қолданамыз.

Төртіншіден, зерттеу нәтижелері дамытудың биологиялық факторларын диагностикалауға, оқу және таным әрекеттерінің сәттілігін болжауға, шамадан тыс қажытуды, эмоционалды бұзушылықты ескертуге мүмкіндік береді.

  • Бесіншіден, көптеген әдістемелерді психологтарға да, педагогтарға да қолдануға болады. Бұл нәтижелерге психологиялық-педагогикалық талдау жүргізуге, алынған мәліметтер есебінен оқыту үдерісін жоспарлауға мүмкіндік береді. Диагностика нәтижесінде педагог пен психологтың кеңес беру, коррекциялау, ағарту бойынша біріккен қызметі қарастырылған.

  • Алтыншыдан, психологиялық-педагогикалық әдістемелер мен әдістерді меңгеру барысында психологиялық білім бастауыш сынып педагогтарының жеке тәжірибесіне қосылады және өз жұмыстарында қолданылады.

Психологиялық-педагогикалық диагностика психологиялық мониторингтің мақсатына жетуге, яғни мектепке дейінгі жастағы балалардың білім беру, танымдық және әлеуметтік міндеттерін сәтті шешуге арналған қажетті жағдайлар құру үшін қажет.

5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
5-6 жас тұлғаның психологиялық тетіктерін шын мәнісінде қалыптастыратын кезеңі болып табылады.

Бұл жаста бала организмінің қарқынды жетілуі жалғасады, жүйке жүйесі дамиды. Алайда, организм әлі де қалыптаспаған, сондықтан алты жастағы балаларға мектепте оқытуды ұйымдастыру кезінде мұны есепке алу керек.

5-6 жастағы балалардың психикалық дамуы өзіндік сана-сезімнің қалыптасуымен – өзін сезінумен және өзіне физикалық, рухани және қоғамдық жан ретінде қарауымен тығыз байланысты.

С.Л.Рубинштейн көрсеткендей, өзіндік сана - сезімнің қозғалыс күші «оның қарым-қатынасының өзгерістерінде байқалатын жеке адамның өскелең шынайы дербестігінде» қорытындыланады. Бала мектепке дейінгі жас соңында ересектерге тәуелсіз дербес бола бастайды, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы кеңейеді, күрделенеді.

Бұл жаста өзін-өзі бағалау қарқынды қалыптасады. Және баланың бағалау пікірі ересектердің өзіне берген бағалау қатынасымен бірге ілеседі. Бала өзінің әрекетін басқа адамдармен салыстыруға қабілетті. Бірақ бірінші кезекте балалар құрбыларының топтағы жағдайына (жақсы жауап береді, тапсырманы дұрыс орындайды) қарай қасиеттерін бағалайды.

Мектепке дейінгі жас соңына қарай баланың өзара түсінісуге деген ынтасы, өзін –өзі бағалауда ересектердің пікірімен санаса білуі артады.

Өзін-өзі бағалау негізіне талаптардың деңгейі – баланың пікірі бойынша шамасы келетін жетістіктер деңгейі жинақталады.

Мектепке барған сәтте баланың мотивациялық шеңбері шынайы өзгерістерге ұшырайды, себебі 5-6 жастағы балалардың қылықтары, қоршаған ортаға қарым-қатынасы күннен-күнге айқындала бастайды. Бала қылығына келесі себептер тобы ықпал етеді:

- Үлкендерге ұқсағысы келген ынтадан туындаған ересектер әлеміне деген баланың қызығушылығына байланысты себептер;

- Отбасында, мектепте, балабақшада ересектермен жағымды қарым-қатынас құру мен сақтау себептері. Бұл балаларды педагог, ата-аналар бағасына ерекше сезімтал етеді, олардың талаптарын, ережелерін орындау ынтасын оятады. Балалар «ризашылық» алуға, өздеріне ұнайтын балаларға ұнауға тырысады, топта беделі пайда болады.

- 5-6 жастағы балалардың әрекеттері және жеке жетістіктері, өзін-өзі сүюі, өзі-өзі бекіту себептері жиі шығады. Олар бала ұмтылысында басты рөлдерде, яғни мектепте «үздік» рөлінде және т.б. байқалады.

- Балалар бойында ынта негізінде өзін-өзі бекітуге жарыс себебі пайда болады. Балалар өздерінің жетістіктерін басқалармен салыстырудан, мақтанудан, сәтсіздіктерін қатты уайымдаудан қашпайды.

5-6 жас ерекшелігінде баланың танымдық шеңберінде даму жалғасады: барлық анализаторлар біркелкі нысанға келтірілген, сезімталдықтың барлық түрлері жүзеге асырылады: көру қабілеті, түстерді ажыратудың дәлдігі мен нәзіктігі артады (бала барлық түстерді және оның реңдерін ажыратады), тактикалық сезімталдықты жүзеге асыратын есту қабілеті артады. Қабылдаудың барлық түрлері (уақытты, кеңістікті қабылдау) қалыптасады. 5-6 жастағы балаларда өз еркімен есте сақтау жақсы қалыптасады, олар мақсат қоюға, онымен жүруге, өзін-өзі бақылауды жүзеге асыруға қабілетті.

Бұл жастағы ойлаудың негізгі түрі – көрнекі-бейнелі ойлау. Алайда ол нақты бейнемен шектелмейді, маңыздырақ қадам - көрнекі-схемалық ойлауға көшеді. Оның көмегімен жеке ерекшеліктер ғана емес, одан да маңызды байланыстар мен пәнаралық қатынастар ерекшеліктерімен анықталады.Ойлаудың бұл түрі сөздік-логикалық ойлауды дамыту үшін негіз болып табылады. 6 жасқа қарай бала пікірлер жүйесін құра алады, өзінің біліміне қарай дұрыс қорытынды жасауға тырысады.

Бұл жаста балада түсінік қалыптасады, ол нақты көрнекі көрсетілген нәрселер туралы меңгеріп қана қоймайды, балада уақыт қатынастары, себебі мен салдары, кеңістік, шама, саны және т.б.туралы абстрактілі түсінік қалыптасады.

Мектепке барған сәттен-ақ бала өмірінің жаңа кезеңі басталады. Ол көбінесе ауыр, талай сынақтар арқылы өтеді. Сол себепті, бұл кезеңге бала жеткілікті дайын болуы қажет.

Мектепте оқуды бастау және оған даярлық бала дамуының маңызды психологиялық заңдылықтарының қажеттілігіне байланысты.

Баланың интеллектуалды шеңбері жүйелі оқытуға дайын ғана емес, оны талап етеді. Бала оқушының жаңа әлеуметтік позициясын қабылдауға тырысады. Оларды көбінесе ішкі жағы тартады – жаңа портфель, кітапшалар, парталар, белгілерімен күнделік және т.б. Бірақ тек оқушы болу ниеті жеткіліксіз, бұл ниетке өзінің импульсивті талаптарын бағындыру, яғни өз әрекетін басқара білуі керек.

Оқытудың ішкі жағы тартатын балалар жуық арада үлкен қиындықтарға тап болады, себебі мектеп - тек қана мереке емес, ол- жұмыс, еңбек. Мұндай балаларда оқуға деген қызығушылығы тез басылады.

Балалардың әрекетін қоғамдық-маңызды себеп «Адамдарға көмектесу,әжемді емдеу үшін оқығым келеді» басқара алады. «Мектепте екі кояды», «мұғалім жазалайды» деп мектепке барғысы келмейтін балалар да бар. Мектепке деген мұндай қатынастың себебі – тәрбиедегі қателік, балаларды мектеппен қорқыту.

Баланың мектепке даярлығы мектеп туралы дұрыс ақпаратқа байланысты болады. Балаларға дұрыс объективті білім, мектеп туралы мәлімет берілгені (мектепке саяхат, әңгіме жүргізу, оқушылармен қарым-қатынас) маңызды. Біз баланың мектепке қызығушылығын дамытып қана қоймай, оқуға да үйрету қажетпіз.

Баланың мектепке даярлығы кезінде танымдық, интеллектуалдық жағы да маңызды. Ол өзіне арнайы шеберлік пен дағдыларын, қажетті сөздік қорды, нақты білім деңгейін қамтиды. Мектепте сәтті оқуы үшін бала бойында ойлау, есте сақтау, шығармашылық қиял қабілеттері даму қажет. Осы сатылар ғана әркеттің жаңа түріне баланың қатысуын қамтамасыз етеді, яғни ойыннан өзгеше, бала бойынан нақты қасиеттерді міндеттейді. Бала оқу тапсырмасын анықтай алуы, оны өз еркімен әрекетінің мақсаты ете білуі қажет. Бұл балаға «оқытудың жоғары деңгейін» қамтамасыз етеді.

Бала оқи білуі қажет. Оқуға оны балабақшадан бастап баулыған жөн. Дидактикалық ойындарда бала ойлау есептерін шешудің (талдау, жинақтау, қорыту) тәжірибесін жинақтайды.

Баланың мектепке даярлығының тағы бір түрі – физикалық даярлық. Бала мектепке физикалық дамыған, дені сау болып баруы қажет. Балада барлық физикалық қасиеттер – ептілік, икемділік, жылдамдық, күш –жігер және кез-келген істе табысқа жету үшін қажетті қасиет-шыдамдылық жақсы дамыған болуы керек.

Баланың мектептегі алғашқы күндері үлкен қиыншылықтарға байланысты болады. Ол тіпті мектепке даярланған балаларда да кездесуі мүмкін. Олар:


  1. Бала өмірінің мазмұны өзгереді. Бала өмірінің балабақшасы – мектеп жағдайына өзгереді. Күн тәртібі, өмір мазмұны өзгереді.

  2. Бала сабақта тәртіпті қатаң сақтауы қажет. Ұзақ уақыт тыныш отыру керек.

  3. Үй тапсырмасын міндетті орындау қажет.

  4. Әрекеттің жетекші түрі ойын – оқуға өзгереді.

  5. Мұғаліммен жаңа қарым-қатынастар құрылады. Іскер қарым-қатынасқа айналады.

  6. Баланың жағдайы өзгереді. Балабақшада ол ересек еді, ал мектепте ең кішісі болып қалады.

  7. Баланың қоршаған ортасы толық өзгереді – ол бөтен балалар тобына келеді.

  8. Баланың отбасындағы жағдайы да өзгереді.

Бұл қиындықтарды ересектер, мұғалім ескеріп, балаға көмек беруі қажет.

Бұл жұмыс балабақшадан басталғаны дұрыс. Яғни бала жағдайының кенеттен өзгергенін сездірмеу үшін мектеп пен балабақша арасында сабақтастық болуы керек.



  1. Жағдайлар құру қажет: балалармен ойындар ұйымдастыру, алғашқы күндері ойын элементтерімен оқу түрінде емес, оқу элементтерімен ойын түрінде өткізу.

  2. Балалармен тығыз эмоционалды байланыс құру.

  3. Көрнекі құралдарға ойыншықтар, ойын элементтерін көбірек қолдану.

  4. Балаларға жоғары сынып оқушыларымен байланыс орнату, өзара жақсы танысу үшін біріккен әрекет ұйымдастыру.

Бұл әдістерді пайдалану баланың мектеп жағдайына жылдам әрі қиналмай бейімделуіне мүмкіндік береді.


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТА ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНІҢ МӘНІ
Мектепке дейінгі жаста оқытудың өзгешелігі

Оқыту – мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы.

Л. Г. Семушинаның анықтамасы бойынша «Оқыту – бұл баланың танымдық қабілеттерін дамытудың жүйелі, жоспарланған және мақсатқа бағытталған үдерісі, олардың жүйесін элементарлық білімдермен құралдандыру, балабақшада қарастырылған бағдарламамен шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру». В. И. Логинова, П. Г. Саморукова «Балабақшада оқыту үдерісі – қатынастар тәрбиесі мен мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған формалау үдерісін, дидактикалық принциптерге құрылған дағдылар мен әрекет әдеттерін, арнайы құрылған жағдайдағы нақты бағдарламаны ұсынады» деген аныұтама береді.

А. П. Усова, А. М. Леушина, А. В.Запорожец, Н. Н. Поддъяков, Л. А. Венгер, А. А. Люблинскийдің психологиялық-педагогикалық зерттеулері мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту үдерісін жылдамдатуға оқытудың ықпалын дәлелдеді.

В. И. Логинова, С. Н. Николаева, Е. Ф. Терентьева, И. А. Хайдурова және т.б. заманауи зерттеулері оқыту үдерісінде қалыптасатын білім мазмұнының нақты құрылымы кезінде балалар жүйелі білімді меңгеретінін атап көрсетті. Бұл жалпы ақыл-ой дамуының жоғары деңгейін және баланың мектепке жақсы даярлығын қамтамасыз етеді.

Оқыту үдерісінде балалар оқыту әрекетінің маңызды компоненттерін меңгереді:



  • Оқу тапсырмасын қабылдай білуі;

  • Өзінің қызметін жоспарлау және жоспар мен ересектер тапсырмасы бойынша әрекеттену;

  • Өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі бағалауға алғашқы элементарлық қабілеттің қалыптасуы;

  • Естуге және ересектер мен жолдастарын тыңдауға үйрену.

А.П.Усованы балабақша дидактикасының негізін қалаушы деп айтуға болады:



  • Ол мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту қызметіне сипаттама берді;

    • Оқыту қызметін қалыптастыру ерекшеліктерін қарастырды;

    • Оқыту мазмұнын ашты;

    • Сабақтарда оқыту әдістемелерін негіздеді.

Заманауи кезеңде ұйымдастырылған оқытудың мәні арта түседі:

- балалардың ақыл-ой дамуын жетілдіру;

- мектептегі жүйелі оқытуға балаларды даярлау.

Барлық балада қабылдау, тілін жаттықтыру, санау және т.б. қабілеттерін дамыту бірдей деңгейде емес, егер балаларды үйретпесе онда міндеттер қатары жүзеге асырылмайды, бала дамуы қажетті бағытта болмайды.

Балабақшада білім беру мазмұны – бұл дамудың аталған сатысы – қоршаған ортаны тану үшін қолжетімді мазмұн. Ол зор тәрбиелік мүмкіндіктерге ие, себебі оқыту тәрбиелеу құралы болып табылады.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мектепке дейінгі білім саласында мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуы үшін жағдайлар құруды ұсынады. Мұнда жетекші орынды оқуға қызығушылығын қалыптастыруға және балалардың мектепке даярлығына бағытталған әдістер иеленеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту қызметінің спецификасы:

Бала өмірінің 5 жылына қарай оқыту қызметі қалыптасады.

Оқыту қызметі – бұл білім білік дағдыларын меңгерудегі бала қызметі, әрекет тәсілдері, ересектердің басшылығымен жүзеге асырылады.

Балалар бойында білімді меңгерумен қатар оқу қызметінің негізгі компоненттерін қалыптастыру оқытудың басты міндеттерінің бірі болып табылады.



Алғашқы ептіліктің дидактикалық жағдайлары:

  1. сабақтың түрлерінде бала қызметінің нәтижелерін бағалау (бұл нәтижелердің нақты мазмұнын тапсырмалармен салыстыру);

  2. қандай да бір қабылдау объектісі немесе оқиғамен сұрақты дәл келуі (мысалы, сол әрекет кездегі сұрақ: «Шоқыған кезде құс не істейді);

  3. баланы тексеру немесе жаңарту әрекеттерімен сұрақ-тапсырманың үйлесуі (мысалы, «Шарды домалат, ал енди шаршыны. Қайсысы жақсы домалайды?»).

Ортаңғы (ересек) топта практикалық және оқу-танымдық міндеттер бірте-бірте саралана бастайды.

Оқу міндеттерінің мазмұнына біліммен бірге әрекеттер тәсілін меңгеру де жатады (көбінесе сабақтың түрлерінде қолданылатын практикалық сипаттама ретінде). Балалар сабақтың басында ұсынылған ортақ оқу міндеттерін қабылдайды, алайда оны жүргізу кезінде міндеттерді нақты анықтау, яғни айқын тапсырмалар мен сұрақтар қатарына бөлу қажеттігі туады.

Балаларда одан әрі дамыту жағдайларын қалыптастыру үшін оқу-таным міндеттерін қабылдай білу болып табылады:


    • оның нақтылығы мен анықтығы;

    • практикалық міндеттермен байланыс;

    • бала тәжірибесіне жақындық.

Ересек жастағы балаларға барлық сабақ бойына оқу міндеттерін толықтай зердесінде сақтап тұру қиынға соғады.

Балалар бойында дидактикалық жағдайларды қалыптастыру- оқу-танымдық міндеттерді қабылдау мен қоя білу:



  1. мектепке дейінгі ересек жас кезінде оқу міндеттерін бірте-бірте логикалық күрделендіру; балаларды бір сипаттағы нақты ұсынымдарды меңгеруден жүйелі ұғымдарға және элементарлы түсінікті енгізумен білім жүйесін меңгеруге көшіру.

  2. Оқу міндеттерінде меңгеруге жататын ақыл-ой және практикалық қызметтердің тәсілдерін айқындау: талдау бағыты, тексеру мен өзгерту әректтерінің сипаттары; бағыттар және салыстыру; жалпылау және оның негіздері; жоспарлау мазмұны; өзін-өзі бағалау нәтижелерінің негізгі критериялары және өзгелердің нәтижелерінің бағалары; дағдылар мен ептілік, өзінің танымдық қызметінің нәтижелерін баяндап жазу.

  3. Оқу қызметінің нәтижелерін талдау, оларды міндеттерді түсінумен, қызметтің берілген тәсілдерін қолданумен байланыстыру;

  4. Оқу міндеттерін қою, оған сабақты өткізу кезінде қосымша нақты оқу міндеттерін бекіту;

  5. Құрылған бала тәжірибесіне тірек болу және бала қызығушылығын есепке алу.


Жолдар мен құралдарды таңдау (нені және қалай жасау керек?) – қызметті жоспарлау.Оның фукциясына қызметтің құралдары мен тәсілдері, жүйелі әрекеттерді құру, тәрбиешіге ұсынылған жоспар бойынша балалармен және ортаңғы топпен бұл ептіліктерді қабылдауға әрекеттену, бірте-бірте жоспарлауға балаларды қосу жатады. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар қызметтің өнімді түрлерін меңгере алады. Оларға оңай әңгімені жоспарлау, шағын көркем шығарманың мазмұнын айту қолжетімді болады.

Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау.

Оқу міндеттерін орындау нәтижелерін немесе шешу нәтижелерін салыстыра білуді шамалайды. Балалар бойында өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі бағалау қабілеттерін дамыту – ақыл-ой дербестігі мен белсенділігін қалыптастырудың маңызды шарты. Өзін-зөі бақылау мен өзін-өзі бағалау кезінде озық нәтижелерге жетуге тырысу баланы міндеттерді шешудің жаңа құралдары мен тәсілдерін іздеуге ұмтылдырады.
Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың

педагогикалық шарттары:


  1. тәрбиешінің міндеттерді орындау жүрісін талдау және оны сабақ соңында алынған нәтижелермен салыстыру;

  2. балалар алдында өзін-өзі бағалау нәтижелерінің қателіктері мен кемшіліктерінің себептері анықталған міндеттерін қою.

Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау мектепке дейінгі ересек жаста және қызметтің өнімді түрлерінде қалыптасады.

Зерттеулер дәлелдегендей, оқыту үдерісінде төмендегілер есепке алынса ғана, балаларға оқыту қызметі қызықты болады:



  1. балалардың жас ерекшеліктері;

  2. балалардың мүмкіндіктері.

Мектепке дейінгі жастағы балалар оқуға әртүрлі себептермен талаптанады.

Танымдық қызығушылығын қалыптастыру шарты мектепке дейінгі ересек жастың танымдық қызметінің себебі ретінде:



  1. баланың белсенді қалпын таным үдерісінде қамтамасыз ету;

  2. білім мазмұнын бірте-бірте күрделендіру.


МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДА ПСИХОЛОГ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
М
Педагог-психолог
ектепалды даярлықты қолдауда психолог қызметіне педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларымен, яғни педагогтар, ата-аналар, балалармен жұмыс жатады. Сондай-ақ келесі жұмыс түрлері қолданылады: диагностикалық, консультациялық, түзету-дамытушылық, ағартушылық. Бағыттардың әрқайсысы жеке және топтық формаларды ұсынады. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін келесі схема түрінде көрсетуге болады.


Жұмыстың жеке және топтық формалары




Ата-аналар



балалар

педагогтар






  • Алдын-алу

  • Диагностика

  • Кеңес

  • Түзету

  • Сараптау

  • Ағарту





Психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысының басты бағыттары:

- Алдын-алу – бұл қандай да бір мәселенің пайда болғанын ескертетін қызметтің негізгі бағыттарының бірі. Мектепке дейінгі жаста алдын-алудың ерекшелігі - ата-аналар мен тәрбиешілер арқылы балаға ықпал ету.

- Диагностика (жеке, топтық (скрининг). Жас ерекшеліктерін, сонымен бірге мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде психологиялық-педагогикалық қолдаудың мақсаттары мен міндеттерін есепке ала отырып, қолдауға қажетті негізгі бағыттарды анықтауға болады. Яғни оларды диагностикалау қажет: бала дамуының нормасын бақылау және әр жас ерекшелігіндегі күйзеліс кезеңдерін, жаңалықтарын білу арқылымәселелелі аумақтарды табуға болады.

- Консультациялау (жеке, топтық), ережеге сай, педагогтармен де, ата-аналармен де арызданған мәселе бойынша жүзеге асырылады.

- Дамыту жұмысы (жеке, топтық). Дамыту жұмысында маман бала өзінің оптимальды даму деңгейіне көтеріле алатын жағдайлар құру үшін дамудың орта жастағы нормаларына қарай бағытталады. Сондай-ақ дамыту жұмысы нақты қабілеттің жай ғана тренинг емес, ол оқыту жұмысындағы басқа факторлармен де жұмысқа үйлестірілген.

- Коррекциялық жұмыс (жеке, топтық). Қолдау жүйесінің маманы баланы жақындатуға тырысатын психикалық дамытудың нақты эталонын иеленеді. Коррекциялық жұмыстан соң ауытқуды «түзету» ұғымы, ал дамытудың соңында баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ашу мағынасы бекітіледі.

- Психологиялық ағарту мен білім беру: психологиялық мәдениетті қалыптастыру, білім беру мекемелерінің әкімшілігі, педагогтар, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзырлығын дамыту.

- Сараптау (білім беру және оқу бағдарламаларын, жобаларды, құралдарды, білім беру ортасын, білім беру мекемелері мамандарының кәсіптік қызметі).

Мектеп психологы көптеген әртүрлі технологияларды, әдістер мен түрлерін, оларды жинақтай білуі қажет. Бірақ бұл да аз. Психолог қызметін өнер деуге де болады, сондықтан шығармашылық – оның кәсіптік жауапкершілігі. Психолог кез-келген уақытта қалыпты алгоритмді ұмыта білуге, іс барысында жаңа әдістерді пайдалана білуге дайын болуы қажет.

Өз қызметімде әртүрлі технологиялар қолданамын: денсаулық сақтау, жобалық-зерттеушілік, топтық, ақпараттық.

Топтық технологияға ерекше көңіл бөлемін. Топтық технологияға алдымен топтық және топаралық жұмыстар жатады.

Мектеп психологына көп баламен жұмыс жасауға тура келеді. Сондықтан топтық технологиялар көп баламен өзара әрекет етуге, белгілі нәтиже көруге мүмкіндік береді. Аталған технологиялар жұмыста барлық жастағы балалар және ересектер (мұғалімдер, ата-аналар) үшін де тиімді.

Топтық жұмысты қолдану мақсаты:


  • Оқу-тәрбиелеу үдерісіндегі өзара әрекет және мектептен тыс қызмет жүргізу кезінде балаларды тиімді әріптестік дағдыларға оқыту;

  • Қажетті дағдылар мен компетенцияларды қалыптастыру;

  • Өзін-өзі ашу, өзін-өзі зерттеу және өзін-өзі тану үдерістерін өзектендіру.

Топтық қызмет топтың әрбір қатысушысының жеке дамуының факторы болып қызмет етеді. Психологтың әсері жанамалау сипатын алады: «топ арқылы – жеке тұлғаға».

Топтық жұмыс формалары:

  • топтық диагностика

  • дамыту және түзету-дамыту сабақтары

  • тренингтер

  • психологиялық ойындар

  • ересектер үшін шеберлік сыныптар.

Топтық жұмыс әдістері:

  • Ойын терапиясы;

  • Ертегі терапиясы;

  • Музыка терапиясы;

  • Гүл терапиясы.

Топтық жұмыс тәсілдері: ойын жаттығулары, рөлдік және үстел ойындары, миға шабуыл, модельдеу, пікір талас, диалог және т.б.
Үлкен және кіші топтарда топтық жұмысты

ұйымдастырудың ерекшеліктері

Топтық жұмысты ұйымдастырудың негізгі мәселесі балалардың әрқайсысы біріккен жұмыста ерікті субъект боп шығуымен қорытылады. Сондықтан топтың әрбір мүшесі мен топтың арасындағы қарама-қайшылықты назарға алмауға болмайды. Бұл қарама-қайшылық жойылып кетпейді, ол «топтық субъект» («полисубъект») деп қараған жағдайда ғана шешіледі. Сондықтан психологтың басты міндеті - бірнеше адамдардың жиынтығын бірыңғай қызмет организмі - біртұтас субъектіге айналдыру.

Біртұтас субъект – бұл үш және одан да көп адамдардан тұратын, біріккен қызметтің мақсатын түсінетін қызмет тобы. Мұнда әрбір қатысушы бұл қызметте өзі үшін жеке мағына табады және сондықтан өндірілген іске өзіне жауапкершілік алады.

Екі сызықтың қабысуы: бірінде – топтық қызмет, екіншісі – жеке қызмет, топты біртұтас субъектіге өзгерту үдерісінде өтеді. Қарама-қайшылық аталған сұрақ бойынша кеңістікте рұқсат етіледі: психологтың мұндай өзертуі сәтті бола ма әлде жоқ па? Сәтсіздік болған жағдайда біз келеңсіздіктерге тап боламыз, топ баланың жеке дамуына кедергі келтіреді немесе бала топтан шығып қалады.

Жекелік тек қана өзін басқалармен салыстыру арқылы көрсете алады. Бірақ өзін жекелік ретінде бірдей жұмыста,әрқайсысының жеке қасиеттері мен қабілеттері айқын көрінгенде ғана бекіте алады.

Топтық жұмыс дағдыларына балаларды оқытуды мектепалды даярлықтан бастауға болады. Мектепалды даярлық бойынша бағдарлама топтамаларының бірі «Достықпен жұмысқа үйренеміз» деп аталады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды алдымен жұппен, содан кейін балалардың жалпы санына байланысты топ құрамын көбейте отырып, шағын топтарда («үштік», «төрттік» және т.б.) үйрету қажет.



Мектепке дейінгі жастағы балалармен топтық жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыру

1. Жұмыс мақсаты және соңғы нәтиже. Анық және тартымды ұсына отырып, қызметтің нақты мақсатын анықтау қажет.

Топтық қызмет туралы сұрақ туындағанда, балалар үшін мақсат нақты заттық және нәтижеге қол жеткізуді сезіну мен түйсіну түрінде болады. Егер нәтиже байқалмаса, онда балалар күш-жігерін салмайды. Алайда алынған нәтиже тағы бір жағдайды қанағаттандыру керек: оның сапасы қуаныш пен сүйсінушілік шақыру керек. Балалар қайталап көшіруді ұнатпайды, олар шығармашылықты жөн көреді.

Топтық жұмысқа мектепке дейінгі жастағы балаларды қызықтыру үшін мен жұмыстың стандартты емес тәсілдері мен жұмыс формаларын қолдануға тырысамын. Мысалы: «Ғажайып ағаш» әдістемесінде қайшымен жұмыс орнына түсті қағазды жұлу әдісі қолданылады.

«Автопортрет» әдістемесінде автопортретті толық бойымен балалардың өзі ұсынған тәсілмен салу ұсынылады. «Картина» әдістемесінде жұмыс үшін материал ретінде балмұздақ орнына ағаш таяқшалар қолданылады.



2. Топты қалыптастыру тәсілдері.

  • Өз еркімен. Бұл тәсіл шағын топ құруда тиімді. Мысалы, жұп немесе үш адам боп жұмыс істеу. Көбінесе мектепке дейінгі жастағы балалар өздері жақсы білетін баламен жұп құрады. Бірақ бұл жағдайда топық жұмыс тиісті эффектіге жетпейді.

  • Жетекшінің қарауы бойынша (принцип бойынша: бірінші,екінші – екі айналым; таңдау мадақтау ретінде).

  • Нақты белгі бойынша (жыныс белгісі: қыздар-ұлдар; бойы, шашының, көзінің түсі, киіміндегі нақты түсі, туған күні бойынша және т.б.) Бұл жағдайда әртүрлі жаттығуларды орындау кезінде қысқа мерзімді топтар құрылады.

  • «Жеребе» тәсілі. Бұл тәсіл топтық қызметті ұйымдастыру кезінде тиімді. Жеребе вербальды немесе нәрселер болуы мүмкін. Нәрселік жетондары ретінде мен тастар, түсті дөңгелектер, медальондар пайдаланамын. Нәрселік жетондар кіші және үлкен топтар құру кезінде қолданылады.

Егер сіздер заттық жетондар қолдансаңыз, онда кейін балалардың жетонды қайда жинайтындығын ойлау қажет. Топты құрғаннан соң жетондарды алу немесе одан әрі қолдану тәсілдерін ойластырғпн дұрыс. Мысалы, «Ғажайып ағаш» топтық жұмыс кезінде жетондар ретінде үш түсті (қызыл, алқызыл, ақшыл көк) жүректер-медальондар пайдаландым. Бұл медальондар өздерінің қарауы бойынша балалармен таңдалады және мойындарына киіледі. Сөйтіп, үш топ қалыптасады. Әрбір топтың жұмыс орны аталған түспен үлкен жүрек бейнесі бар кілемде анықталады. Медальондар біріккен жұмыс туралы естелік ретінде балаларда қалады.

Жетондардың әртүрлілігі кезінде олардың бірдей мәнділігі мен тартымдылығына көңіл бөліну қажет. Кейбіреулеріне ашық түс,ал енді біріне суық, көңілсіз түстерді мүлде беруге болмайды.



3. Қолжетімді нұсқаулық, рөлдерді бөлу.

Балаларға әрқайсысына көмектесетін,ортақ нәтижеге жетуде өз рөлін лайықты орындайтын қолжетімді нұсқаулық ұсыну қажет. Нұсқаулық жалпы (топтық жұмыс бойынша) және нақты (аталған әдістеме бойынша) бөлімді мазмұндау керек.

Жалпы бөлім. «Достықпен жұмыс істейміз» белгісі

Сондықтан топтық немесе топаралық жұмысты орындау алдында біріккен жұмыстың ережесін балалармен талқылау қажет.



- Балалар, қане, жұмысты бастамай тұрып еске түсірелікші, бұл белгі нені білдіреді?

  • Алған тапсырманы бірлесе талқылау керек.

  • Бір-бірінің сөзін бөлмей кезекпен сөйлеу және мұқият тыңдау керек.

  • Топтағы міндеттерді бөлу керек.

  • Бір-бірімен келісу керек.

  • Бір-бірімен тіл табыса білу керек.

  • Жұмыста бір-бірімен көмектесу керек (егер бірінде келіспей жатса, екіншісі көмектесу қажет)

  • Жұмыс нәтижесін бағалау керек (балалардың көңіл-күйі, топтың ынтымақтастығы, тапсырманы орындау сапасы және т.б.)

  • - Жарайсыңдар, балалар, «Жұмыс» белгісінің нені білдіретінін еске түсірдіңіздер.
  1   2


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет