«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ


Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің



жүктеу 4.06 Mb.
бет14/29
Дата30.06.2016
өлшемі4.06 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29

Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Таным» білім беру саласы

Экология негіздері







Мазмұны


Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны

1

Тақырыбы: «Қош бол, жайдарлы жаз айы»

(табиғатқа саяхат)

Мақсаты: Табиғатта, өсімдік әлемінде, адамдардың киімінде қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету. Табиғи құбылыстарды дербес бақылау тілегін, себеп-салдардық сипаттағы сұрақтарды қоюға тәрбиелеу. Қоршаған ортаның сұлулығына және оған қамқорлық қатынасқа байланысты мейірімді, құмарлық сезімдерін тәрбиелеу.

1

2

Тақырыбы: «Әжеге қонаққа»

(суреттерді немесе бейнефильмдерді қарау)

Мақсаты: Үй жануарлары, құстар мен жануарлардың қайда өмір сүретінін, немен қоректенетінін, қалай қозғалатынын, қандай дыбыстар шығаратынын және құстар мен жануарларды күтуде үлкендердің еңбегі туралы білімін бекіту. Саралап ойлауды дамыту (салыстыру - ойша пайымдау).

1

3

Тақырыбы: «Орманға саңырауқұлақ пен жидек теруге барамыз»

(дидактикалық ойыны)

(жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқұлақтар мен жидектер)

Мақсаты: Балалардың адам өмірінде орманның маңыздылығы туралы түсініктерін анықтау. Орманның өсімдік әлемінің әрқилы екендігін көрсету (орманда не өседі).

1

4

Тақырыбы: «Табиғат бұрышының су патшалығы»

(бақылау)

Мақсаты: Балалардың балықтар туралы түсінігін анықтау және кеңейту, саралау, бақылау, нәтижені қорытып, оны тіл арқылы көрсете білуін дамыту. Табиғат бұрышын мекен етушілерді (тотықұс, балықтар, тасбақа) бақылауға үйрету. Табиғат бұрышының мекендеушілерінің күтіміне шамасы келетін іс-әрекеттерге қосу.

1

5

Тақырыбы: «Алтын шашқан күз айы» (табиғатта бақылау)

Мақсаты: Балалардың күз айының қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатта, ауа райында, өсімдік әлемінде, адамдардың киімінде қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету.

Қоршаған әлемнің сұлулығы мен оған қамқорлық қарым-қатынаспен байланысты эстетикалық қабылдауды, әсерленушілікті тәрбиелеу.

Балаларға табиғатта ауа райының жағдайын (күн, жаңбыр, тұман түсу) бақылау нәтижелерін табиғат күнтізбесінде белгілеп отыруға үйрету.

1

6

Тақырыбы: «Ұша білетіндер туралы» (табиғатқа бақылау жасау)

Мақсаты: Балалардың құстар мен жәндіктер туралы түсінігін анықтау және кеңейту. Ерекшеліктері мен ұқсастықтарын табуға, жалпы қасиеттері бойынша топтауға үйрету.

1

7

Тақырыбы: «Күз бізге не әкелді» (дидактикалық ойыны)

Мақсаты: Балалардың көкөністер мен жемістер туралы түсінігін кеңейту, жидектерді топтық қасиеттері бойынша топтауға үйрету. Өсімдік әлемінде маусымдық өзгерістерді (астық жинау) байқауға үйрету. Табиғи құбылысты бақылау тілегін, себеп салдарлық сипатта сұрақтар қоюға тәрбиелеу, қоршаған табиғатқа деген қызығушылығын ояту.

1

8

Тақырыбы: «Кім қайда өмір сүреді»

(суреттерді немесе бейнефильмді қарау)

Мақсаты: Балаларға түрлі жануарлардың тіршілік ету ортасы, сипатты ерекшеліктері, қозғалу әдістері туралы білім беру. Салыстыруға, сәйкестендіруге, танымдық мүмкіндіктерін дамытуға үйрету. Жануарлардың тіршілік етуі үшін су, ауа, тамақ, жылу қажет екендігі туралы түсінік беру.

1

9

Тақырыбы: «Саябаққа саяхат» (табиғатқа саяхат жасау)

Мақсаты: Балалардың ағаштар, гүлдер, жемістер, бұталар туралы білімдерін бекіту. Өсімдік әлемінде, адамдардың киімдерінде маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету. Табиғат құбылыстарын бақылау тілегін, себеп-салдардық сипатта сұрақтар қоюға тәрбиелеу, табиғатқа деген қызығушылығын ояту. Саралауға, нәтиже алуға үйрету.

1

10

Тақырыбы: «Жануарлар қысқа қалай дайындалады»

(бейнефильм көру)

Мақсаты: Жыл мезгіліне сәйкес жануарлардың тіршілік етуі өзгеретіні туралы білімін анықтау. Қазақстанның жабайы аңдары, олардың тіршілік ету ортасы (аю, қоян, түлкі, тиін, кірпі, киік, қосаяқ) туралы түсінігін кеңейту.

1



11

Тақырыбы: «Шоқ гүлдері» (практикалық іс-әрекет)

Мақсаты: Бақылауға, ойша пайымдау жасауға үйрету. Бөлме гүлдерінің өсуі үшін не қажет екендігі, олардың ұрықтану әдістері (тұқым, сабақтары) туралы түсінік беру. Фикус, герань, бальзамин – бөлме гүлдерін тану және анықтай білуін дамыту. Өсімдіктің бөлімдерін: сабағын, жапырағын, гүлін анықтауға және атауға үйрету.

Бөлме гүлдерін күту ережелерімен таныстыру.

1

12

Тақырыбы: «Құстар алаңында»

(ойын, суреттерді және бейнефильм қарау)

Мақсаты: Үй құстары: тауық, үйрек, қаз туралы түсінігін анықтау. Балаларды себеп-салдарлы сипатта сұрақ қоюға ынталандыру. Үй құстарын күту ерекшеліктері туралы түсінігін кеңейту.

1

13

Тақырыбы: «Не қайда өседі»

(ойын, суреттерді және бейнефильм қарау)

Мақсаты: Балаларға өсімдік әлемінің түрлілігі және оның тіршілік ету ортасымен байланысы, сонымен қатар кейбір өсімдіктердің өсу орындары (бақша, саябақ, бау бақшада, орманда) туралы түсінік беру.


1

14

Тақырыбы: «Анашым естісін»

(ойын, суреттерді және бейнефильм қарау)

Мақсаты: Балаларға жануарлар өз баласын қалай қорғайтыны туралы білім беру: қоректендіреді, қамқорлық көрсетеді, әдеттерін үйретеді, індерін әзірлейді. Жануарлар және олардың балалары туралы білімдерін бекіту. («Не, ненің баласы»).


1

15

Тақырыбы: «Ызғарлы қыс келді» (табиғатқа саяхат жасау)

Мақсаты: Табиғатта, ауа райында, өсімдік әлемінде, адамдардың киімінде қарапайым өзгерістерді байқауға үйрету. Себеп-салдарлық сипатта сұрақ қоюға тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген қызығушылығын ояту. Балаларға табиғатта ауа райының жағдайын (қырау, қар) бақылауға және табиғат күнтізбесінде белгілеп отыруға үйрету.

1

16

Тақырыбы: «Шөлдала кемесі» (суреттерді және бейнефильм қарау)

Мақсаты: Қазақстанның үй жануарлары, оларды қамтамасыз ету ерекшеліктері туралы түсінігін кеңейту. Түйемен таныстыру. Тіршілік ету ортасы, сипатты ерекшеліктері, қозғалу әдістері, қосалқы шаруашылықта қолдану ерекшеліктері туралы білім беру.

1

17

Тақырыбы: «Аққала» (ойын, практикалық іс-әрекет)

Мақсаты: Балалардың қыстың жылы күндерінде қардың қасиеті (жабысқақ, оны домалатып, мүсіндеуге болады) туралы түсінігін кеңейту. Өлі табиғат құбылыстарына деген қызығушылығын, тәжірибелік іс- әрекетін қалыптастыру.

1

18

Тақырыбы: «Тасбақаны бақылау» (табиғат бұрышына бақылау жасау)

Мақсаты: Табиғат бұрышының мекендеушілерін бақылауға үйрету, тасбақаның тіршілік ету ортасы туралы білім беру, экологиялық тәжірибені практикада қолдануға үйрету. Балаларды табиғат бұрышының мекендеушілерін күтуде шамасы келетін іс-әрекеттерге қосу.

1

19

Тақырыбы: «Құстар біздің достарымыз» (табиғатқа бақылау жасау)

Мақсаты: Балалардың құстардың қыста өмір сүрулері (немен қоректенеді, неге бірі қалап, екіншілері жылы жаққа ұшып кетеді, маусымдық құстар қашан ұшып келеді) туралы түсінігін анықтау, тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын көрсету. Құстар-торғай, сауысқан туралы түсінігін кеңейту.

1

20

Тақырыбы: «Ауа райы болжамы» (табиғатқа саяхат жасау)

Мақсаты: Табиғат құбылыстарын бақылауға, нәтиже алуға үйрету. Себеп-салдарлық сипатта сұрақ қоюға тәрбиелеу, қоршаған табиғатқа деген қызығушылығын ояту. Бақылау нәтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілей білуін бекіту.

1

21

Тақырыбы: «Шортанның бұйрығымен әмір етемін»

(табиғат бұрышына бақылау жасау)

Мақсаты: Балаларға балықтарға тән сипаттық ерекшеліктері (тіршілік ету ортасы, қоректенуі, қозғалу әдістері) туралы білім беру, көл мен суаттарды мекендеушілерге деген қызығушылығын ояту. Саралау, бақылау, нәтиже алу, оларды тіл арқылы жеткізе білуін дамыту.

1

22

Тақырыбы: «Не ексең, соны орасың» (практикалық іс-әрекет: пияз егу, сұлы себу)

Мақсаты: Балалардың өсімдіктерді өсіру жағдайлары (жылу, жарық, су, күтім) туралы білімдерін жалпылау. Өсімдікті күту еңбегі туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру. Шамасы келген еңбекте а т салысу тілегін тәрбиелеу.

1

23

Тақырыбы: «Жануарлар әлемінде»

(суреттерді және бейнефильм қарау)

Мақсаты: Қазақстанның жабайы жануарлары (түлкі, қоян, киік, қосаяқ), олардың тіршілік ету ерекшеліктері, әдеттері мен тіршілік ету ортасы туралы түсінігін кеңейту.

1

24

Тақырыбы: «Көктемгі құпиялар» (табиғатқа саяхат жасау)

Мақсаты: Балалардың табиғаттың маусымдық өзгерістер туралы түсінігін қалыптастыруды жалғастыру. Табиғатта, ауа райында, жануарлар мен өсімліктер әлемінде, адамдардың киімінде қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету. Қоршаған ортаның сұлулығы мен оған деген қамқорлық қарым-қатынасқа байланысты мейірімді, құмарлық сезімдерін тәрбиелеу. Балаларға табиғатта ауа райы жағдайын бақылауға және нәтижесін (жаңбыр, қар, тұман) табиғат күнтізбесінде белгілеп отыруға үйрету.

1

25

Тақырыбы: «Алты аяқты балақайлар»

(бақылау, тәрбиешінің әңгімесі)

Мақсаты: Жәндіктер, оларға тән сипаттық белгілері, мінез-құлықтары, тіршілік ету ортасы туралы түсінігін кеңейту. Қоршаған ортаның сұлулығы мен жәндіктер әлеміне деген қамқорлық қарым-қатынасқа байланысты мейірімді, құштарлық сезімдерін тәрбиелеу.

1

26

Тақырыбы: «Батпақтағы концерт»

(суреттерді және бейнефильм қарау)

Мақсаты: Балаларға кейбір қосмекенділер (бақалар), бауырымен жорғалаушылар (кесірткелер), олардың сыртқы түрінің ерекшеліктері, тіршілік ету ортасы, шығаратын дыбыстары туралы түсінік беру.

Жануарлар әлемі және оған деген қамқорлық қарым-қатынасқа байланысты мейірімді, құмарлық сезімдерін тәрбиелеу.

1

27

Тақырыбы: «Нулы орман болды, олар ну ғажайыпқа айналды»

(ойын, суреттерді және бейнефильм қарау)

Мақсаты: Балаларға өсімдіктер (қылқанды, жапырақты, бұталар, шөпті, гүлдер, саңырауқұлақтар, жидектер) түрін жіктеуге, тануға, атауларын атауға үйрету. Қоршаған әлемнің сұлулығы мен оған қамқорлық қарым-қатынаспен байланысты эстетикалық қабылдауды, әсерленушілікті тәрбиелеу.

1




Барлығы

27


1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет