«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



жүктеу 4.06 Mb.
бет6/29
Дата30.06.2016
өлшемі4.06 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29



ІІ сәбилер тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі

«Қатынас» білім беру саласы

Көркем әдебиет





Мазмұны

Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны

1

Тақырыбы: «Торғай мен мысық» Мәнерлеп оқу.

Мақсаты:Өлеңді есте сақтауға, тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету. Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.

1

2

Тақырыбы: Р. Қунақова «Жемістер жыры» оқу.

Мақсаты: Коммуникативті дағдыларын дамыту. Көкөністерді (қызанақ, қияр, сәбіз, қырыққабат, пияз, картоп) атау барысында балалардың сөздік қорларын жетілдіру. «Көкөніс» туралы жалпы түсінікті игерту. Өсімдік әлемі туралы мәліметтер аясын кеңету.

1

3

Тақырыбы: Н. Жанаев «Бұлақ» өлеңін мәнерлеп оқу

Мақсаты: Көрнекіліктер арқылы өлеңді мәнерлеп оқуға және есте сақтауға, барлық дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.

1

4

Тақырыбы: К.Чуковскийдің «Шырша» өлеңін оқу

Мақсаты: Өлең мазмұнымен таныстыру, жүгірер едім, билер едім… етістік жақтарының жіктелуіне қарай баяу және белсенді сөздіктер байланысы арқылы сөйлеу қабілеттіліктерін дамыту.

1

5

Тақырыбы: А. Асылбеков «Қыс»

Мақсаты: Ақын туындыларына деген көтеріңкі көңіл күйді қалыптастыруға баулу. Іс-қимыл әрекеттердің атауы: қалтырайды, ағарды, қар, қыс, үлбіреген, аққала сөздерін қолдану арқылы сөздік қорларын кеңейту.

1

6

Тақырыбы: К.Чуковский, «Телефон» оқу.

Мақсаты: Көркем сөздерге деген көңіл күй деңгейлерін дамыту, кейіпкер бейнесін сомдауда, қарқынды сөйлеуде мәнерлі дауыс ырғағы арқылы сөйлеу көркемдігі мен орындау қабілеттіліктерін қалыптастыру.

1

7

Тақырыбы: Жазда

Мақсаты: Жыл мезгілдері жайлы ойларын кеңейту, туынды мазмұнын өзіндік тәжірибе тәлімімен байланыстыру.Белсенділік дағдыларын қалыптастыру. Жаз, ағаш, шатыр, торай, қаз, тарту, қорсылдау, шикі сары, ағаш тәрізді қатты және т.б. сөздер арқылы сөздік қорларын байыту.

1

8

Тақырыбы: Т. Мұратов «Наурыз мейрамы» оқу

Мақсаты: Шығарманың мазмұнын ұғынуға көмектесу; мейрам, наурыз және тағы да басқа жаңа сөздердің лексикалық мағынасының ауқымына сай белсенділік дағдыларын дамыту.

1

9

Тақырыбы: «Неге мысық тамақтан соң жуынады?» литва халық ертегісі.

Мақсаты: Халық ауыз әдебиеті шығармаларына деген қызығушылықтары мен ынта-талаптарын дамыту. Кейіпкерлердің мінез-құлықтарына, олардың жасаған іс-әрекеттеріне қарапайым сипаттама беруге үйрету. Ертегіге арналған жабдықтарымен таныстыру.

1




Барлығы:

9

ІІ сәбилер тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Қатынас» білім беру саласы

Қоршаған ортамен таныстыру






Мазмұны

Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны

1

Тақырыбы: «Бақта ма,әлде бақшада ма?» (дидактикалық ойын)

Мақсаты: Баланың сөздік қорын байыту, сөйлеу барысында көкөністер мен жемістер атауын, олардың құрамы мен сапасын білдіретін сөздерді қолдана білуді бекіту. Балаларға сөйлеу барысында заттардың (көкөністер, жемістердің) топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.

1

2

Тақырыбы: «Қуыршақтың бөлмесін даярлайық»

(дидактикалық ойын)

Мақсаты: Баланың сөздік қорын жетілдіру, сөйлеу мәнерінде жиһаз бен ыдыс-аяқ заттарының атауларын, олардың құрамы мен сапасын білдіретін сөздерді қолдана білуді бекіту. Балаларға сөйлеу барысында заттардың (жиһаз бен ыдыс-аяқтың) топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.

1

3

Тақырыбы: «Жануарлар мен оның төлдері» дидактикалық ойын

Мақсаты: Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін қолдану білігін дамыту. Балаларға сөйлеу барысында зат есімдердің (үй жануарларының) топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.

1

4

Тақырыбы: «Төлдерін ата?» дидактикалық ойын

Мақсаты: Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін ілік септігіндегі зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін қолдану білігін дамыту. Балаларға сөйлеу барысында зат есімдердің (үй жануарлары мен жабайы аңдардың) топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.

1

5

Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені» (дидактикалық ойын)

Мақсаты: Ойыншықтар жайлы және олардың бағыт-бағдары мен белгілері туралы түсініктерін кеңейту. Өзін қоршаған ортадағы жақын заттардың көлемін, түсін, пішінін, бөліктері мен бөлшектерін еркін атай білуді және айыруды игерту. Балалардың сөздік қорына ойыншық заттарын білдіретін сөздерді енгізу.

1

6

Тақырыбы: «Құс ауласында» (бейне түсірілім қарау)

Мақсаты: Балалардың сөздік қорында үй құстары атауына қатысты сөздерді қолдана білуді жетілдіру. Балалардың тілдерін ішкі себептер мен іс-әрекеттерді білдіретін сөздермен байыту. Балалардың сөздік қорына үй құстарына қатысты заттарды білдіретін сөздерді енгізу.

1

7

Тақырыбы: «Ғажайып қапшық» (дидактикалық ойын).

Мақсаты: Өзін қоршаған ортадағы жақын заттардың көлемін, түсін, пішінін, бөліктері мен бөлшектерін еркін атай білуді және айыру, сенсорлық белгі бойынша бірнеше түрге: сипалау арқылы (жұмсақ не кедір-бұдыр) айыруға, дәміне қарай (тәтті не қышқыл) ажыратуға, дыбысталуына қарай (шытырлайма, әлде тарсылдайма) бөлінуінде заттардың іс-әрекет кезін зерттеуді еркін игерту білігін жетілдіру.

1

8

Тақырыбы: «Біздің көйлектеріміз бен шалбарларымыз неден жасалған?» дидактикалық ойын.

Мақсаты: Балалардың сөйлеу барысында заттардың құрамы мен жабдықтарының ерекшеліктері мен сапасы жайлы түсініктерін жүйелеу және жетілдіру. Балалардың сөздік қорына киімге қатысты заттарды білдіретін сөздерді енгізу.

1

9

Тақырыбы: «Ботагөзге қонаққа» (ойын жаттығулары)

Мақсаты: Қонақ келген кезде өзін дұрыс ұстай білуді, қарым-қатынаста және ілтипаттылық пен кішіпейілділік таныту кезінде: сәлемдесу, қоштасу, алғыс білдіруде де мәдениеттілікті таныту дағдыларын еркін игеруді дамыту. Бір-біріне «Өтінем, көмектесші!» немесе «Менімен отыра тұршы» деген ұсынысты жасай білуді үйрету.

1




Барлығы:

9


ІІ сәбилер тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Қатынас» білім беру саласы

Мемлекеттік тілде оқитын топтардағы орыс тілі








Мазмұны

Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны

1

Тақырыбы: «Танысу»

Мақсаты: Балалар сөздігіне сәлемдесуді, қоштасуды білдіретін сөздерді кіріктіру, орыс тіліндегі заңдылықтарға сәйкес (сәлеметсіз, сау болыңыз) сөздерді қолдануды үйрету. Ересетерге «Сіз», - деп сөйлеуге үйрету. Өз құрбы- құрдастарына ілтипатпен қарауға, өзін таныстыра білуге, «Сенің атың кім?» сұрағына жауап беруге үйрету.

1

2

Тақырыбы: «Менің сүйікті балабақшам»

Мақсаты: Күні бойы жасалатын іс-әрекеттерді білдіретін етістіктер есебінен балалардың сөйлеу белсенділігін арттыру. Етістіктің «Сен не істеп жатырсың?» - «Мен ойнап жатырмын»; «Сіз не істеп жатырсыз?» - «Біз ойнап жатырмыз»; «Сіздер не істедіңіздер?» - «Біз тамақ іштік» деген зат есімнің мезгілін, мекенін, шақтарын білдіретін сұрақтарға жауап бере білуге үйрету.

1

3

Тақырыбы: «Кемпірқосақ шуақ шашады»

Мақсаты: Негізгі түстердің атауымен таныстыру. Сын есімнің зат есімге, сан есімге байланысын (көк қарандаш, қызыл қарандаш, жасыл шар) бекітуді үйрету.

1

4

Тақырыбы: «Бақшамызда өседі...»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорына (сәбіз, қияр, қызанақ) көкөніске қатысты заттарды білдіретін сөздерді енгізу. Негізгі түстерді бекіту. «Түсі қандай?» сұрағына жауап беруге үйрету. Сын есімнің зат есімге және сан есімге түрленуін (қызыл қызанақ, жасыл қияр) үйлестіруге үйрету.

1

5

Тақырыбы: «Өсімдік әлемі»

Мақсаты: Балаларды айналасындағы ағаштар: ақ қайың, емен, терек және табиғат қойнауында өсетін гүлдер атауымен таныстыру. Негізгі түстерді бекіту.




6

Тақырыбы: «Жыл мезгілдері».

Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдерінің атауымен және оның жылы, суық, ыстық негізгі сипаттық белгілерімен таныстыру. Сөйлеу барысында: «Қазір күз мезгілі. Күн жылы (суық, ыстық)» cөзтіркестерін қолдануға үйрету.

1

7

Тақырыбы: «Көлем»

Мақсаты: Заттың көлемін анықтауда қолданылатын (үлкен-кішкентай, ұзын-қысқа, биік-аласа) сөздерді ұғындыру. «Көлемі қандай?» сұрағына жауап беруге үйрету.

1

8

Тақырыбы: «Жеміс-жидек пісіпті, ағаштан үзіліп түсіпті»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорына жемістер (алма, алмұрт, апельсин) атауын енгізу. Сын есімнің зат есімге және сан есімге түрленуін үйлестіруді үйрету. «Түсі қандай?», «Көлемі қандай?» сұрақтарына жауап беру білігін бекіту.

1

9

Тақырыбы: «Ойыншықтар»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорына ойыншықтардың атауын және оның түрлерін (жұмсақ, ұлпа, ағаш, қатты, темір) енгізу. Жай сөйлемді қолданып сөйлеуге үйрету. (Бұл - қонжық. Қонжық - ұлпадай жұмсақ).

1

10

Тақырыбы: «Киім-кешек және аяқ киім»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорына киім және аяқ киім атауларын енгізу. Жай сөйлеммен сөйлеуді жалғастыра отырып, «Бұл не?», «Қандай түсті?», «Көлемі бойынша қандай?» сұрақтарына жауап беруді үйрету.

1

11

Тақырыбы: «Дастарқан» (ыдыс-аяқ және азық-түлік)

Мақсаты: Балаларды ыдыс-аяқ және азық-түлік атауларымен таныстыру. Сөйлеу барысында зат есімге көмекші сөздер қолдануға үйрету (тарелкедегі ботқа, ыдыстағы нан және т.б.).

1

12

Тақырыбы: «Дене мүшелері»

Мақсаты: Балаларды дене мүшелерінің атауымен таныстыру. Көлемді анықтау және түс атауларын қайталау. Сөз тіркестерінің, сөз таптарының түрленуін қолдануды бекіту (көзі көк, шашы қара, ұзын).

1

13

Тақырыбы: «Жанұя»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорына жанұя мүшелерін және олардың басты мінездік ерекшеліктерін білдіретін (кең пейіл, нәзік, қатал, көңілді) сөздерді енгізу. Өз жанұясы жайлы жай сөйлемдермен айта білуге үйрету.

1

14

Тақырыбы: «Мен тұратын үй» (жиһаз)

Мақсаты: Балаларды жиһаздық заттар атауымен және тұрмыстық электр құралдары – кір жуу машинасымен, тоңазытқышпен, шаң сорғышпен, теледидармен таныстыру. Жиһаздың заттық сипатын білдіретін (жұмсақ, ағаш) сөздер атауын, (орындықта, үстел басына отыру және т.б.) зат есім мен сын есімнің көмекші сөздерін қолдану білігін бекіту.

1

15

Тақырыбы: «Әжемізде тұрғанда» (үй жануарлары мен құстары)

Мақсаты: Балалардың сөздік қорына үй жануарлары мен үй құстарды (ит, мысық, түйе, сиыр, әтеш, тауық, үйрек, қаз) және олардың төлдері мен балапандарының атауын енгізу. Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерін (үйрек-үйректер; үйректің балапаны - үйректің балапандары) білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрде жіктелуін қолдана білуді үйрету.

1

16

Тақырыбы: «Жабайы аңдар мен құстар».

Мақсаты: Балаларды Қазақстанның жабайы аңдары (қасқыр, аю, қоян, түлкі) мен құстарының (торғай, қарға) атауларымен таныстыру. Сөздік қорларын негізгі сипатты білдіретін сөздер: зұлым, арам, қорқақ сөздерімен кеңейту. Атауын, түсін және көлемін (қоян - ақ, кішкентай және т.б.) қолдану арқылы сөз тіркестері мен жай сөйлемдерді айта білу білігін бекіту.

1

17

Тақырыбы: «Көлік»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорына көлік түрлері мен олардың бөлшектері (кузов, руль) атауын енгізу. Түс, көлем атауларын бекітуде зат есім мен сын есімдерді байланыстыра білуге үйрету. Жолда жүру ережесі бойынша түсінік беру: бағдаршам,көше, аяқжол, жолдан кесіп өту жолдары.

1

18

Тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»

Мақсаты: Балаларды Елорда, Республика, қала, көше, мекен-жай сөздерімен таныстыру. «Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Қазақстанның елордасы — Астана. Мен Қостанай қаласында тұрамын. Менің мекен-жайым…» тақырыбында шағын әңгіме құрай білу білігін бекіту.

1

Барлығы:

18
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет