«Мен таңдаған мамандықтың бағасы » «Тәуелсіздік»



жүктеу 45.99 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі45.99 Kb.
«Мен таңдаған мамандықтың бағасы...»c:\users\admin\documents\мама фото\20141215_152123.jpg

«Тәуелсіздік»... Осынау ширек ғасыр тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді. Бұл қол жетпес бақытқа жету жолында Алаш ардақтыларының басын бәйгеге тіккені, әсіресе 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар замандастарымыздың ұмытылмас ерліктері жадымызда. «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы  қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.» дейді Елбасымыз.

Қазіргі жастар бақытты, себебі олар тәуелсіз елдің ұрпақтары. Тұңғыш рет қолымызға тиген тәуелсіздіктің асыл құсын ұшырып алмай берік ұстау бүгінгі ұрпақтың қолында. Сондықтан, егеменді еліміздің қазіргі өскелең ұрпақтарына тәуелсіздіктің тарихын тереңірек түсіндіру, қастерлете білу баршамыздың әсіресе ұстаздар қауымының міндеті болуы тиіс.
Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын, мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азамат тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз.

Мектептегі ұстазыма деген еліктеушілігім мені ұстаздық жолды таңдауыма алып келді. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін бұл кәсіптің маманы болғаныма жиырма алты жыл болыпты. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе? Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам - мұғалім. 


Шындығында, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып, үйрететін абзал жандар, ал мұғалімнің - мұғалімі ол ізгілікті жандар.  Елбасымыз

Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар - біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім.

Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты, жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім. Елбасымыз «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.

Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Осындай істі абырой мен атқаруға үлесімді қосу, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстайтын, жас жеткіншекті тәрбиелеу мақсатында математика пәнін таңдадым. Бүгінгі өскелең ұрпақ өмір сүріп отырған уақыт өткен буын заманына мүлдем ұқсамайды. Бұл ерекшелік бала болашағының, оның жаңа ұғымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, бүкіл ғұмыр бойында өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты.

Соңғы кездері мына ойлар мазалай беретін. Не мен сабақ түсіндіре алмаймын, не біздің қолданып жүрген әдіс тәсіліміз ескірді ме? Оқушы неге сабақ оқымайды? Бұрынғы оқытқан сыныптарымыз біздің ымымызды түсіне қоятын еді ғой. Оқушы партада да отырғысы келмей жыбырлай беретін болған. Бұл ойымды әріптестерім де қолдайтын. Өзімнің оқытқан сабағыма өзімнің көңілім толмайтын. Балаға тәрбие мен білімді дұрыс жеткізе алдым ба? – деген ой мені көп мазалайтын.

Осы ой жетегінде жүргенде аяқ астынан мектебіміздің директоры, ұстаздардың ұстазы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Нүрия Альмухановна «үш айлық курсқа барасың» деді. Алғашқыда барғым келмей, отбасымды ойлап, бізді неге сонша үш айлап оқытпақ, ол жерде не үйретеді екен деген уайым болды. Ол жерде Кембридж университетінің қолданған жаңаша оқыту әдіс-тәсілдерін үйрендік. Cабақ жоспарлары біздікінен өзгеше, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, орта мерзімді жоспар жазуды үйрендік. Сабақ өту әдіс - тәсілдері де өзгеше. Ең бірінші орында тәрбие, әдептілік тұрады. Сабақтың жүрісі де, өзгеше, мұғалім сабақ түсіндірмейді, оқушы сол күнгі тақырыпты сыныпта өз бетінше үйреніп, тобымен ақылдасып, ұйымшылдықпен білгенін бір - біріне үйретіп, содан нәтиже шығарып, постер қорғайды. Баланы сабақ кезеңінде ұйымшылдыққа, бір - бірінің айтқанын тыңдауға, әдептілікке, көпшілдікке баулимыз, ойын ойнайды, бірін - бірі бағалайды, сабақтан алған әсерін стикерге жазып кері байланыс жасайды, мұғалім сол кері байланыстан нәтиже шығарып отырады.

Жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни дарынды шығармашыл тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдерін сабақта кең қолдану бүгінгі күннің талабы болып отыр.
Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болу, қайырымдылық, мейірімділік, рақымшыл болу, ата - ана қартайса оны бағып қағу тәрбие негізі. Қазақ халқының қанына сіңген әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру ұстаздар қауымы мен ата - ананың міндеті. Соған байланысты өз сыныбмен жүргізетін тәрбие сағаттарының тақырыбын өмірдің өзекті мәселелерін қозғайтындай етіп құрдым. Сынып жетекшісі тәрбие арқылы баланың айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады.

Адам тұлға ретінде өмір бойына қалыптасып отырады. Осы қалыптасу процесінде басты рөлді қоғам атқарады. Қоғамнан дербес өмір сүру мүмкін емес. Адам қоғамда өмір сүре отырып өмірінің мәнін, маңызын, мағынасын табады.

Сонда өмірдің мәні неде? Әркім оны өзінше пайымдайды. Біреулер оны еңбекте, енді бірі күресте, құдайға құлшылық етуде деп білсе, енді бірі мағыналы өмір азамат ретінде қоғамға қызмет етуде деп біледі. Адамның басты ерекшеліктерінің бірі - еңбекке қабілеттілігі, қызмет ете білуі. Ал кез-келген еңбек түрі-іс - әрекет болып табылады. Замандастарыма қандай әрекет жасасақ та, жасаған әрекетіміз біздің тағдырымызға, болашағымызға әсер ететінін ұмытпайық дегім келеді. Сондықтан дұрыс әрекет етіп, дұрыс жолмен жүріп, қоғамға адал қызмет етуге шақырамын.

Ж. Аймауытов айтқанындай «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, мен өзім таңдаған ұстаздық жолымды «Мамандығым - мақтанышым» дей аламын.


Қ.И.Сәтпаев атындағы №7 мектеп-лицейінің

математика пәнінің мұғалімі,

6 «Б» сыныбының жетекшісі

Ташенова Гулмира Абдиманаповна.



Қарағанды облысы

Жезқазған қаласы
: 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Эссе Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарламаға байланысты көзқарасым Жазған
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> 1-ж: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Сабақтың мақсаты: Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет