Мероприятия по развитию спорта и физической культуры в Тюлькубасском районе



жүктеу 94.72 Kb.
Дата26.06.2016
өлшемі94.72 Kb.
Мероприятия по развитию спорта и физической культуры в Тюлькубасском районе

Түлкібас ауданында спорт және дене тәрбиесін дамыту бойынша атқарылған іс-шаралар

Ауданда 2 спорт мектебі балаларға, халыққа қызмет етеді. Осы аталған 2 мектепте 878 оқушы спорттың 11 түрінен 10 ауылдық округтерде қамтыған





Спорт мектептерінің мекен жайы

Спорт түрі

Қамтитын ауыл округі

Штат саны

Жаттықты

рушылар саны

Топтар саны

Оқушы

лар саны

1

БЖСМ

Т.Рысқулов ауылы,Ахметов көшесі  101



1.Футбол

2.Баскетбол

3.Волейбол

4.Қаз.күрес

5.Еркін күрес

6.Грек-рим күресі

7.Дзюдо

8.Бокс


9.Жеңіл атл.

10. Ауыр атл.



1.Майлыкент

2.Шақпақ/баба

3.Түлкібас

4. Келтемашат

5.Састөбе

6.Ақбиік


7.Машат

8.Мичурин




17,5

20

45

594

2

Шақпақ баба БЖСМ

Шақпақ баба ауылы



1.Жеңіл атл.

2.Бокс


3.Волейбол

4.Кикбоксинг

5.Футбол


1.Шақпақ/баба

2.Абай


3.Жабағылы

4.Майлыкент



4,5

6

17

284




Барлығы

11

10

22

26

62

878

            Салауаттты өмір салтын насихаттау мақсатында 2012 жылдың 4 айында жоспар және жоспардан тыс 21 спорттық  іс-шаралар және жылдық бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес спорт түрлері бойынша  мектеп оқушылары арасындағы аудандық спартакиадасы білім бөлімімен бірлесе отырып өткізілуде. Ұйымдастырылған  спорттық іс-шараларға 3000 жуық спортшылар қамтылды.

            Атап айтар болсақ ақпан-наурыз айларында кіші футболдан Түлкібас ауданының ІІІ-чемпионаты өткізілді. Чемпионатқа ауданымыздың округтерінен құралған 16 команда тапсырыс беріп, жақсы ойын өрнегімен көзге түсті. Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі  І орын аудандық БЖСМ, ІІ орын Әкімшілік, ІІІ орын Састөбе  командалары жеңіп алды. Және де жақсы ойын өрнегін көрсеткен үздік ойыншылар мен ардагер ойыншылар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды

            Нашақорлыққа қарсы Жастар мен жасөспірімдерді нашақорлыққа қарсы үгіттеу мақсатында жылдық іс-шара жоспары бекітіліп, бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жарыстар ұйымдастырылуда. Атап айтар болсақ Т. Рысқұлов ауылындағы, БЖСМ спорт залында 18 ақпан күні «Спорт нашақорлыққа қарсы» атты ұранымен баскетболдан 1995-1996 ж.т жасөспірімдер арасында аудандық турнирі, еркін күресінен 1999-2000 ж.т жасөспірімдер арасында 25 наурыз күні «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты ұранымен ауданның ашық біріншілігі, Футболдан «Есірткісіз болашақ атты ұранымен» жасөспірімдер арасында 20-21 сәуір аралығында облыстық турнирі сынды жарыстар өткізілді.

            11 ақпан күні Кіші футболдан 1998-1999 ж.т жасөспірімдер арасында Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алуға арналған аудандық турнирі болып өтті. Жарысқа 13 команда қатысты.  Тартысты өткен жарыс нәтижесінде жүлделі І-орынды Майтөбе, ІІ-орынды Састөбе, ІІІ-орынды БЖСМ командалары иеленді. Сонымен қатар көптеген аудандық турнирлер ұйымдастырылды.

            22-наурыз Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай ауданның орталық саябағы және БЖСМ спортзалында қазақ күресі, арқан тарту, нысана көздеу, асық ату және гир көтеруден аудандық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа мерекеге қатысқан жастар мен жасөспірімдер қатысып, жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің сыйлықтарымен марапатталды.  Бокстан 27-28 наурыз күндері 1995-1996 ж.т жасөспірімдер арасында Машат ауылындағы Есей Баймаханұлы атындағы спорт кешенінде аудандық турнир өткізілді. Жарыс жеңімпаздары ОҚО аудандық БЖСМ-дер арасында өткізілетін 3-Спартакиадасына жолдама алды. Таеквондодан жастар мен жасөспірімдер арасында 31 наурыз күні аудандық турнир ұйымдастырылды, жарыс жеңімпаздары 6 сәуір күні өткізілетін облыстық турнирге жолдама алды. 6 сәуір күні аудан орталығы Т. Рысқұлов ауылында ОҚО №3 ОРМБЖСМ-нің ашық біріншілігі өткізілді. Жарысқа облысымыздан 200 ден аса жас спортшылар қатысып, аудан спортшылары жақсы нәтижеге қол жеткізді. Үстел теннисі және шахматтанқарттар арасында аудандық турнир 13 сәуір кұні аудандық БЖСМ-де ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 35 қарттар тартылып, жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Аудан спортшылары облыс чемпионаттары, республикалық және халықаралық турнирлерде топ жарып келеді.

Еркін күресАтап айтар болсақ 2012 жылдың 28-ші ақпаны мен 1-ші наурыз аралығында Өскемен қаласында еркін күресінен өткен  жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында ауданымыздың екі палуаны Іңкәр Ермұханбет 96 кг және Жолаев Нұрғали 66 кг салмақта І-орынды иеленіп, ҚР құрама команда сапына алынып, мамыр айында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. 17-19 ақпаны аралығында Шымкен қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасында өткен Республика біріншілігінде Б. Төребек пен Ж. Әлментай жеңімпаз атанды.

            Кик-боксинг: Ағымдағы жылдыңнаурыз айының 1-4 аралығында Қостанай қ. кик-боксингтен 1995-1996 ж.т жастар арасында өткен ҚР Чемпионатында Шақпақ-баба БЖСМ-нің оқушысы Абилов Рамазан 81 кг салмақта І-орынды иеленіп, Югославияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Таеквондо: 19-28 ақпан аралығында Америка Құрама Штаты, Лас-Вегас қ. өткен АҚШ-тың ашық чемпионатына ауданымыздан қатысқан Қожахмет Алмат 40 кг салмақ дәрежесінде ІІІ-орынды иеленіп қайтты. Облыстық, аудандық жарыстарда да аудан спортшыларының қол жеткізген жетістіктері жетерлік.



Еркін күрес: 17-19 наурыз аралығында Қарағанды қ. өткен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирінде ауданымздан барған Тастанбек Дархан 46 келі салмақта және Әбілхан Ерлан 50 келі салмақ дәрежесінде І-орынды иеленіп, ағымдағы жылдың маусым айында Якутяда өтетін «Азия балдары» халықаралық турниріне жолдама алды.  Наурыз айының 23-25 аралығында Болгарияда жастар арасындағы Халықаралық турнирге ауданымыздан ҚР құрама сапына енген қос палуанымыз барып қайтты. Жарыс нәтижесінде Іңкәр Ермұханбет 96 кг салмақта ІІ-орын және Жолаев Нұрғали 66 кг салмақта   ІІІ-орынды иеленіп қайтты. 29 сәуір – 1 мамыр аралығында Азербайжан мемлекеті, Баку қ. жасөспрімідер арасында Әлем біріншілігі жалауын көтерді. Аталға жарысқа ауданымыздан шыққан қос палуан Төребек Бауыржан 54 келі салмақта жүлделі І-орынды, Әлментай Нұрбол 85 келі салмақта ІІ-орынды иеленіп қайтты. Сонымен қатар 25-27 сәуір аралығында  Қытайда өткен олимпиадаға лицензия алуға арналған халықаралық турнирде жерлесіміз Ермек Байдуашов жүлделі ІІІ-орынды иеленіп, Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алды.

                      Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы                                           П.Әбіханов



Түлкібас ауданында спорт және дене тәрбиесін дамыту бойынша атқарылатын іс-шаралар

             Ауданда спорт пен дене тәрбиесін дамыту мақсатында алдағы уақытта жоспар бойынша спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар барлық елді мекендерден футбол, волейбол және баскетбол сынды спорт алаңшалары ашылып жатыр. Осы ашылған алаңшаларда спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына бос уақыттарын тиімді пайдалануға, спортпен шұғылдануға берілді. Кешкі сағат 7 ден кейін барлық ЖОМ-нің спортзалдары ауыл тұрғындарына аптасына 3 күнге спортпен шұғылдануға берілген. Аудандық БЖСМ-ге қарасты спортзалдар күндіз спорт түрлері бойынша ауыл жастары мен жасөспірімдерді спортпен шұғылданса, ал кешкі сағат 7 ден кейін ауыл тұрғындарынынң бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін спортпен шұғылдануға берілген. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар жалғасын табады. Биылғы жылы аудан орталығы Т. Рысқұлов ауылындағы орталық стадионға ағымдағы жөндеуге 22 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде, Майтөбе, Келтемашат ауылдарындағы спортзалдарға да жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аяқталған жағдайда халыққа, ауыл тұрғындарына спортпен айналысуға жағдайлар жасалынады. Алғабас және Т. Рысқұлов ауылдарынан алдағы уақытта қазіргі заман талабына сай спорт кешендерін салу жоспарлануда, осы аталған спорт кешендері ашылған жағдайда ауыл тұрғындарының спортпен көптеп шұғылдануына және облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шаралар ұйымдастырып, ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдайлар туар еді.



Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен алдағы уақытта өткізілетін спорттық іс-шаралар

ЖОСПАРЫ



Аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізу,

оның ішінде



өтетін мерзімі

Күтілетін нәтиже

1

ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай Мемлекеттік қызметкерлер арасында спорт түрлері бойынша спартакиада

Маусым

Облыстық спартакиадаға іріктеу

2

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай жасөспірімдер арасында футболдан облыстық турнир

Маусым

Ауданда жастар мен жасөспірімдерді нашақорлық пен есірткіге қарсы үгіттеу

3

Балаларды қорғау күніне орай Мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер арасында шахмат және дойбыдан спорттық ойындар өткізу

Маусым

Салауатты өмір салтын насихаттау

4

Волейболдан  жасөспірім қыздар арасында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні мерекесіне орай облыстық турнир

Маусым

Ауданда жастар мен жасөспірімдерді нашақорлық пен есірткіге қарсы үгіттеу

5

Жасөспірімдер арасында нашақорлық бизнесіне қарсы күресу мақсатында суға жүзу және кіші футболдан аудандық турнир

Шілде

Салауатты өмір салтын насихаттау

6

Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай аудандық турнир

Шілде

Салауатты өмір салтын насихаттау

7

Спорт күні мерекесіне орай еркін күрес, үстел теннисі, гир көтеру және волейболдан аудандық турнир

Тамыз

Салауатты өмір салтын насихаттау

8

ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл толуына және Конституция күні мерекесіне орай Денсаулық тобының арасында кіші футболдан турнир

Тамыз

Салауатты өмір салтын насихаттау

9

*Денсаулық фестивалі*атты Республикалық акция (2400 м. жүгіру)

Қыркүйек

Салауатты өмір салтын насихаттау

10

«Есірткіге жол жоқ» атты ұранымен жеңіл атлетикадан аудандық турнир

Қыркүйек

Ауданда жастар мен жасөспірімдерді нашақорлық пен есірткіге қарсы үгіттеу

11

Мұғалімдер күні мерекесіне волейболдан аудандық турнир

Қазан

Салауатты өмір салтын насихаттау

12

«Есірткісіз болашақ, жастар нашақорлыққа қарсы» атты ұранмен жаппай жүгіру марафоны

Қазан

Ауданда жастар мен жасөспірімдерді нашақорлық пен есірткіге қарсы үгіттеу

13

Футбол маусымының жабылуына орай футболдан аудандық турнир

Қазан

Салауатты өмір салтын насихаттау

14

Халықаралық жастар күні мерекесіне орай баскетболдан жасөспірімдер арасында аудандық турнир

Қараша

Салауатты өмір салтын насихаттау

15

Футболдан  аудандық турнир

Қараша-желтоқсан

Салауатты өмір салтын насихаттау

16

Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында спорт  түрлерінен жарыстар

Желтоқсан

Салауатты өмір салтын насихаттау

17

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай спорт түрлерінен аудандық турнир

Желтоқсан

Салауатты өмір салтын насихаттау

18

Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында аудандық турнир

Желтоқсан

Салауатты өмір салтын насихаттау

19

Жаңа жыл мерекесіне орай баскетболдан ересектер арасында аудандық турнир

Желтоқсан

Салауатты өмір салтын насихаттау










барлығы

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы                        П. Әбіханов
: sites -> default -> files -> pages
pages -> ЭҚабж мо 17. 2 версия) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
pages -> Бухгалтерский учет У052. 9(2К)243я7 Д70
pages -> Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты»
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында
pages -> 2015 жылдың тамыз айы бойынша Қазақстан Республикасы мойындаған авиациялық персоналды оқыту үшін шетелдік авиациялық оқыту орталықтарының тізімі
pages -> Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім астана қ. 2016 жылғы «5» ақпан Бұдан әрі «Қол қоюшылар»




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет