Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз



жүктеу 78.34 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі78.34 Kb.
001

Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз.

«1991 жылы 21 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 30 минутта тәуелсіз мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президентінің резиденциясында жиналды. М.С.Горбачев бұл жиынға шақырылған жоқ. Сағат 15-ке қарай күні бұрын дайындалған құжаттарды талқылау аяқталды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 17-де он бір республиканың басшылары мәжілістің қорытынды құжаттарына қол қойды. Осы уақыттан бастап КСРО іс жүзінде өзінің өмір сүруін тоқтатты...»:

A)ТМД-құрылуы

B)ЕурАзЭҚ-ның құрылуы

C)ШЫҰ-ның құрылуы

D)АӨСШК-ның құрылуы

E)ҰҚШҰ-ның құрылуы

002


Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз.

«Бұл күн 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алудың бес жылдығымен тұспа тұс келді. Алматыда өткен митингіде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, академик С.Зиманов, желтоқсан оқиғасына қатысқандар, алыс және жақын шет елден келген қонақтар сөз сөйледі. «1986 жылы желтоқсанда екі күш – жас, қатайып үлгермеген демократия мен тоталитарлық жүйе қақтығысты, - деді митингіде сөз сөйлеген М.Шаханов. – Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген демократиялық бой көрсетулер болып өтті, тоталитарлық жүйе күйреді...»:

A)Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы

B)ТМД-құрылуы

C)Қазақстан егеменділігінің жариялануы

D)Қазақ КСР-і атауының Қазақстан Республикасы деп өзгертілуі

E)Қазақстан Республикасының алғашқы Президентінің сайлануы

003


ҚР Президентінің Жарлығынан үзіндіні оқып шығып, оның қай жылы шыққанын анықтаңыз.

«...Теңгені Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысандарын қарамастан барлық жеке заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде, сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттарға қосу үшін банктер қабылдауға міндетті...»:

A)1992 ж.

B)1995 ж.

C)1993 ж.

D)1991 ж.

E)1994 ж.

004


Мәтінде үзінді берілген ҚР Президентінің Жарлығының шығуына ықпал еткен басты себепті анықтаңыз.

«...Теңгені Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысандарын қарамастан барлық жеке заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде, сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттарға қосу үшін банктер қабылдауға міндетті...»:

A)Зейнетақы реформасын белгілеу

B)Жекешелендіруді жүзеге асыру

C)Нарықтық экономикаға өту үшін бастама жасау

D)Республикада еркін экономикалық аймақтар құру

E)Инфляцияға қарсы күрес

005
Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз.

«Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет елдің ауыр экономикалық және саяси жағдайын суреттей келіп, барлық кінәні реформа саясатына аударып, кеңес халқына үндеу тастады. Үндеу өткен уақыттың дақпыртты ұрандарымен көмкеріліп, аяғында өздігінен құрылған комитетке жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды... ТЖМК-ның №1 қаулысы бойынша... одақтық және автономиялы республикалар, өлке, облыс, қала, аудан, кенттер және ауылдар төтенше жағдай тәртібін мүлтіксіз орындауға міндеттенді. Осы қаулы негізінде саяси партия, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылды, митинг, шеруге шығу, ереуіл жасауға тыйым салынды»:

A)Тамыз төңкерісі

B)Қайта құру саясаты

C)Целиноградтағы оқиғалар

D)ТМД-ның құрылуы

E)Желтоқсан оқиғасы

006

Мәтінде берілген үндеуді қай үкімет жариялағанын анықтаңыз.

«...Ресей мұсылмандары... Бұдан былай сіздердің діндеріңіз бен әдет-ғұрыптарыңыз, сіздердің ұлттық және мәдени мекемелеріңіз еркін деп, оларға ешкім қол сұқпайды деп жарияланады. Өздеріңіздің ұлттық өміріңізді еркін және кедергісіз құра беріңіздер. Сіздердің бұған хақыларыңыз бар. Біліп қойыңыздар, Ресейдің барлық халықтарының құқықтары сияқты, сіздердің құқықтарыңыз революция мен оның органдарының, жұмысшы, солдат және шаруа депуттары Кеңестерінің бар күшімен қорғалады... Осы революцияны және оның өкілетті үкіметін қолдаңыздар!..»:

A)Кеңес үкіметі

B)Түркістан мұхтариаты

C)Уақытша үкімет

D)Комуч (Бүкілресейлік Құрылтай жиналасы комитетінің мүшелері)

E)Алашорда үкіметі

007


Мәтінде сипатталған тарихи оқиға қай кезеңге жататындығын анықтаңыз.

«Тек аңыздардың айтуы бойынша, қырғыз-қазақтардың арасында....(Тәуке) қалпына келтірген тыныш та бейбіт өмір ұзаққа созылмады. Көп ұзамай-ақ олардың арасындағы алтыбақан алауыздық қайтадан басталды да, көрші халықтар бұл жағдайды өз мақсаттарына пайдалана қойды. Батыстан Еділ қалмақтары, солтүстіктен – башқұрттар мен Сібір казактары шабуылға шықты. Бұларды ол кезде өте күшті қоңтайшы Галдан-Церен (Черен) басқарды. Мұның бәрінен де өте-мөте қауіптісі шығыстағы жоңғарлар болды. Ол өзінің көшпелі көршілерінің бәріне де тітіренткен үрей туғызып қана қойған жоқ, сонымен қатар тіпті Ресей мен Қытайды да ойландырды»:

A)XVIII ғ. басы

B)XVIII ғ. 50-60 жж.

C)XVII ғ. соңы

D)XVII ғ. 40-50 жж.

E)XVIII ғ. 40-50 жж.

008


Мәтінде қай тарихи оқиға сипатталғанын анықтаңыз.

«... келген шенеуніктердің өздеріне жүктелген қызметіне сай жылы қарсы алынбағаны былай тұрсын, олар тіпті келген бойда-ақ өз өмірлерінен айырылып қала жаздады. Қырғыздар (қазақтар) өздерінің тағылық табиғи бостандығын жоғалтып алатыны жөнінде ойланған кезде ашу-ызаға булықты... Тевкелевті тіпті сол жерде-ақ құрбандыққа шалып жібере жаздады. Оны ханның өзі қорғап қалды... кейбіреулері ханның өзіне қол салып, бұлардың ешқайсысының келісімінсіз шетелдік мемлекетпен неге келісім жасасқаны, оған бас иіп, бағынуға өз атына ғана емес, бүкіл орданың атынан уәде еткені туралы есеп беруді талап етті»:

A)Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуі

B)Абылай ханның Қытай билігін мойындауы

C)Орта жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуі

D)Кіші жүз қазақтарының қалмақтардың қол астына өтуі

E)Орта жүз қазақтарының жоңғарлардың қол астына өтуі

009


Мәтінде қай тарихи тұлғаның билік еткен тұсы сипатталғанын анықтаңыз.

«Өзінің артықшылықтарына әбден сенімді ол өз жақтастарының бәрін де айбынымен, салиқалы мінез-құлқымен таңғалдыра қызықтырып, өзіне тарта білетін, өзінің жауларын күш көрсете қорқыта алатын, ал әрбір қалыптасқан нақты жағдайға қарай өзін бірде орыстардың қол астында, бірде қытайлардың қол астында болғандай ұстай білетін, бірақ іс жүзінде ешкімді мойындамайтын тәуелсіз билеуші еді. Оның бұл қасиеті әсіресе 1771 жылдан кейін ерекше айқын көрінді»:

A)Абылай хан

B)Әбілқайыр хан

C)Қайып хан

D)Әбілмәмбет хан

E)Тәуке хан

010


Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз.

«Оралға қарай жатқан жерлер, өзеннің жоғарғы ағысынан төменгі ағысына дейінгі таяу жатқан жерлер, түгелдей дерлік аса күшті қауіпті жағдайда қалды, өйткені (Орал) Жайық казактары арам ойлы жалған Петрдің алғашқы қолдаушылары, ал башқұрттар бірінші одақтастары болды. Шекара күзетіндегі әскерлер шекараны бүлікшілерден қорғау орнына ең басты ірі әскери бекіністерге жиналып, шекара қорғаусыз қалып қойды ... . Жергілікті әкімшілік қырғыздар (қазақтар. – авт.) мен казактар бүлікшілерге қосылып кетіп, империяның шегіне басып кіреді, шекара шебіндегі елді мекендердің бәрін тонап, талан-таражға түсіреді, қайыршыландыра күйзелтеді деп қорықты».

A)1836-1838 жж. көтеріліс

B)1868-1869 жж. көтеріліс

C)1837-1847 жж. көтеріліс

D)1783-1797 жж. көтеріліс

E)1773-1775 жж. көтеріліс

011


Мәтінде қай екі батыр туралы сипатталғанын анықтаңыз.

«... Бұл екі батыр да Арал теңізінің төңірегіндегі орасан зор кеңістікте көшіп-қонып жүретін үлкен ру – шектіден шыққан... Бұл екі батыр Кенесары Қасымов қайтыс болып, тарих сахнасынан кете салысымен-ақ шекті руын өздерінің қалаулары бойынша басқара бастады. Олар ешқандай да сыртқы билікке бағынбағандығымен қоймай, өздерінің ықпалын көрші руларға да күшейтуге, кеңінен таратуға тырысуда. Орынбор басшылығының жиырма жыл бойы осындай беделді адамдармен санасуына тура келді»:

A)Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы

B)Сейіл Түркібайұлы мен Беркін Оспанұлы

C)Аббас Қошайұлы мен Лаубай Мантайұлы

D)Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы

E)Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы

012


Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз.

«Сібір әкімшілігі орталықтың берген өкімі бойынша, қазақ даласына татарлардың агенттер (өкілдер – авт.) жіберді. Олар «жаңа құрылымды қабылдаудың» пайдалы екеніне қазақтардың көзін жеткізіп, кәміл сенуін қамтамасыз етуге тиісті еді... Жаңа округтердің ашылуына қазақтардың жерге таласып, өзара дүрдараздығын Сібір әкімшілігі жалма-жан пайдалана қойды – округтер құруды қолдағандарға жәрдемін аямады»:

A)XIX ғ. 80-90 жылдардағы реформалар

B)XIXғ. 20-жылдардағы реформалар

C)XIX ғ. 60-жылдардағы реформалар

D)Столыпин реформалары

E)Игельстром реформалары

013


Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның салдарының ішінде қате берілгенін анықтаңыз.

«Сібір әкімшілігі орталықтың берген өкімі бойынша, қазақ даласына татарлардың агенттер (өкілдер – авт.) жіберді. Олар «жаңа құрылымды қабылдаудың» пайдалы екеніне қазақтардың көзін жеткізіп, кәміл сенуін қамтамасыз етуге тиісті еді... Жаңа округтердің ашылуына қазақтардың жерге таласып, өзара дүрдараздығын Сібір әкімшілігі жалма-жан пайдалана қойды – округтер құруды қолдағандарға жәрдемін аямады... Орыс империясының қол астына өтуді қазақтардың қабыл алуына олардың арасындағы жер дауы ғана емес, сонымен қатар әр түрлі болыстардағы сұлтандар арасындағы билік үшін жанталасқан алауыздықтар да ықпал етті».

A)Бұрыннан қалыптасқан рулық ұжымдар бір-бірімен мидай араласып кетті

B)Кіші және Орта жүз қазақтары дәстүрлі билігінен айырылды

C)Округтер әскери-отаршылдық әрекеттерді өршітудің алаңдарына айналды

D)Қазақтардың көші-қон шеңбері тарылып, еркін көшу мүмкіндігі болмай қалды

E)Қазақстанға орыс шаруаларына өз еркімен қоныстануға рұқсат берді

014


Мәтінде сипатталған жағдай қандай тарихи оқиғаға ұласқанын анықтаңыз.

«... тобыр комиссияға өз талаптарын қойды... Ол жаңа ережені қабылдағысы келмейтінің айтты... басқарудың сұлтандар арқылы жүзеге асырылатын бұрынғы жүйесі мен алым-салық түрлерін өзгеріссіз қалдыруды сұрады. Комиссия мүшелерінің жағдайды түсіндірмек болған әрекеттерінен түк те шықпады. Қырғыздар (қазақтар. – авт.)... бұрынғы тәртіпті қолдарына қару алып, ақырына дейін қорғауға әзір екенін мәлімдеп тұрып алды...»:

A)1856-1857 жж. көтеріліске

B)1868-1869 жж. көтеріліске

C)1836-1838 жж. көтеріліске

D)1916 ж. көтеріліске

E)1837-1847 жж. көтеріліске

015


Мәтінде берілген Патша жарлығы желеу болған тарихи оқиға.

«...Соғысып жатқан армия шебінде қорғаныс құрылыстары мен әскери қатынастар салу жөніндегі жұмыстарға, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс үшін қажет өзге де барлық жұмыстарға осы соғыс барысында империяның төменде аталған 19 жастан 43 жасқа дейінгі бұратана еркек халқы тартылсын...»:

A)1905-1907 жж. революция

B)1917 ж. буржуазиялық-демократиялық революция

C)1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс

D)1918-1920 жж. азамат соғысы

E)1917 ж. социалистік революция

016


Қай партияның бағдарламасынан үзінді келтірілгенін анықтаңыз.

«Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе бірден-ақ өз алдына жеке болу... Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу... Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу... Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу... Салық әл-ауқат, табысқа қарай байға – байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу... Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу... жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін...»:

A)«Шура-ислами» партиясы

B)Кадеттер партиясы

C)«Үш жүз» партиясы

D)Большевиктер партиясы



E)«Алаш» партиясы
: upload -> iblock
iblock -> Поэмасын табыңыз. A «Ескендір». B «Ақын өлімі туралы аңыз»
iblock -> Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: Қызылорда хбб нзм уақыты: 25. 11. 2013 ж
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы
iblock -> «Бекітемін» Қр бғМ вице-министрі Иманғалиев Е. Н
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы
iblock -> Қазақстан тарихы пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған тест спецификациясы
iblock -> Сабақ жоспарының құрылымы Қазақстан тарихы 9-сынып
iblock -> Сабақ 2 сағат Мектеп: Семей қаласы фмб нзм
iblock -> Елена воевода по пути евразийских караванов: проблемы сотрудничества и межкультурной коммуникации




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет