Методическое пособие по современной методике обучения иностранным языкам методическое пособие



жүктеу 2.03 Mb.
бет3/11
Дата20.06.2016
өлшемі2.03 Mb.
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Рекс жаман Фелерді тістеп алды» деген сөйлемді балалар сурет түрінде оңай меңгере алады және көз-алдына елестете алады.

Осылайша, таныстыру кезеңі бастапқы мектептің оқушыларын түрлі тіректер қолдануын қарастырады.

Мектепте оқушы жаңа грамматикалық материалмен танысқан кезде логикалық, түсініктемелік ойлауға үйренеді, дедуктивті және индуктивті әдістер: индуктивті – оқушылар өздері нақты мысалдарды бақылау негізінде қорытынды жасайды, дедуктивті – оқушыларға ереже арқылы мәліметті түсіндіру, бұған мысал ретінде әртүрлі көрнекіліктерді ұсынуға болады.

Е.И. Пассовтың көз-қарасы бойынша ережені схемалық және вербальді деп бөлуге болады, және аралас нұсқа – вербальді-схемалық болуы мүмкін. Вербальді ережеде формалық сөздік сипат болуы керек. Мысалы; «Futurum-ды (The Future Indefinite Tense және т.б.) қолданының» деп айтуға болмайды, ал егер сізге келер шақта бір нәрсені айту керек болса «Futurum формасын қолданыныз» деп айту керек. Вербальді ереже қысқа және нақты болуы керек, ал қосымша роль, оперативті құжаттама ролін атқарады.

Мысалы, неміс тілінің жай сөйлем структурасы:

Бастауыш сынып оқушыларында грамматикалық формалар әртүрлі схемалар арқылы баста қалады. (Мотивациялау туралы және қосымша геометриялық фигураларды енгізу туралы 2-сыныптағы оқитындардың «Deutsche Grammatik» оқулығынан білуге болады).

Оқушыларға грамматикалық ұғымдарды түсіндірген кезде, тек схемаларды ғана емес, жаттығуларды да қарастыруға болады.

Схемалық ережелер танысу кезеңінде ғана емес, жаттығу кезеңінде де қолданылады. Бұл жағдайда олар жаттығуға қатысыты нақты болуы керек. Мысалы – ағылшын тілі үшін - 3 схема.




Иммитациялау
Қойылуы
Трансформация

Дайындық схемалық ережесі


Функцианалды және формальді қиындықтардың үлкен жинағы кезінде Е.И. Пассов ережелердің кванттық белгісін қолданып көрсетеді.

Дедуктивті әдіс кезінде грамматикалық материалмен таныстыру кезеңі келесідей болуы мүмкін: түсіндірме – ереже-құжаттама – сөйлеу үлгісі.

Қазіргі кезде оқытушылардың көбі оқытуда мнемотехникалық әдістерді қолданады.Мысалы:

Өзім туралы айтамын, түбірге қосамын «е»

Өзің туралы айтамын, түбірге қоямын «s», «t»

Ол туралы, сол туралы айтқым келеді,

«t»-ны мен түбірге қосамын.

Көмекке орыс тілі осында келеді,

Өзін мында солай көрсетеді;

Ол өлең айтады – sie singt,

Ол секіреді – er springt.

Біз туралы, олар туралы айтқым келеді,

«en» мен сөзді құрастырамын.

Достарымнан сұрағым келеді,

Осында маған «t» көмекке келеді.
Жаңа грамматикалық құжатпен танысу көп уақыт алмауы керек. Негізгі уақыт дайындық жаттығуларды орындау жолында алынады.

Жаңа құрал енгізілгеннен кейін, сөздік үлгі көрсетілген соң, оқушылардың келесі дайындық этапы болады. «Әрбір грамматикалық оқиғалардың қолданылуы – дейді А.П. Леонтьев – жаңалық деңгейіне дейін жетілдірілуі керек. Автоматизм тек форма функциясымен үйретілгенде ғана жетіледі. Оқушы етістіктің жіктелуінің парадигмасын жатқа айта алады, етістіктің негізгі формаларын қатесіз айта алады, бірақ сол кезде ең жай ойды айта алмайды. Сондықтан, үйрету кезінде сөздің грамматикалық жағы – грамматикалық форманың дұрыс қолдануына тікелей байланысты.

Шет тілін оқытқанда грамматикалық жаттығулардың жоғарыда айтылғандай маңызы өте зор. Грамматикалық жаттығулардың саны өте көп. Олар сөйлеу жаттығулары, ситуациялық жаттығулар да бола алады. Бұл жаттығуларға әртүрлі ойындарды жатқызуға болады. Өйткені ойындар арқылы балалар өзінің қабілеттерін ашады. Олар ойынға кірісіп, грамматикалық әрекеттерді пайдаланады. Ол оның тек грамматикалық дағдыларын емес, сонымен қатар балалардың шапшандығын да дамытады. Ойын барысында оқушылар Нені? Қашан? Қалай? Жасау керектігін біледі.

Сөйлеу жаттығуларының палитрасы өте әртүрлі. Мысалы, қаңдай да бір тақпаққа сүйене отырып, өз тақпағын құрастыру:



Model Text

If they asked me to cut my hair

I’d grow it long.

If they told me to tide up my room.

I’d make a mess.

If they ordered me to study harder.

I’d bum my books.

But the trouble is

that they leave me alone

and I hate them for that.

Тақпақты оқығаннан кейін оқушылар тірек-сөйлем негізінде өзінің өлеңдерін жазады.

If they asked me...

I’d...

If they told me...



I’d...

If they ordered me...

I’d...

But the trouble is that...



and I...
Модель бойынша кішкентай балалар да өзінше өлеңдерді жаза алады, мысалы:

Ich arbeite Ich fahre

Du arbeitest Du fahrst

Er arbeitet Er fahrt

Sie arbeitet Sie fahrt

Wir arbeiten Wir fahren

Ihr arbeitet Ihr fahrt

Sie arbeiten Sie fahrn

Und wer hilft? Wohin?
Грамматикалық материалдар арқылы оқушыларда творчестволық, ақындық қасиетті дамытуға болады.

Жұмыстың көрсетілген түрлері грамматикалық құралдың пайдаланыуын қамтамасыз етеді, онда грамматикалық жаңалық дамиды, жетілдіріледі.

Рецептивті грамматикалық жаңалық – бұл грамматикалық форманы танудағы және оның мағынасына қатысты синтезді әсер. Рецептивті грамматикалық дағды рецептивті грамматикалық жаттығулардың қолдануы арқылы жүзеге асады.

Грамматикалық формаларды танып білу оның бағдарламалы сигналдың белгісін үйренуді көрсетеді, олардың саны тілде пассивті грамматиканың шағын көлемімен байланысты шектелген.

Рецептивті грамматика активті негізде үйретіледі. Танысу үшін алгоритмдер кең қолданылады, бірақ екі бөлімнен көп емес. Дайындық жаттығулары грамматикалық оқиғалардың бағдарламалы түрінен автоматизациялауына бағытталған, мысалы:

1) схема бойынша баяндауыштың формаларын және сөйлем түрін анықтау;

2) анықталмаған схемаға қатысты сөйлемдердің мәтіндерін мүшелеу;

3) грамматикалық оқиғалардың шифровкасы және дешифровкасы;

4) етістіктер функциялары омонимді формаларды тануға арналған тесттер;

5) контекстті формаларды сөздік және т.б. айналдыруға арналған жаттығулар.

Барлық жаттығулар рецептивті грамматиканы үйрену үшін, оқушыларды текстті оқуымен бірге бағдарламалы белгілерін қағып алуға және үйрету үшін жылдам темпте өткізілуі керек.

Грамматикалық жаңалық тек қана оны үйреніп алуына ғана емес, оны автоматтандыруға байланысты болады. Сондықтан грамматикалық материалдың қайталануы және жүйеленуі бойынша жұмыс істеу қажет. Әдістемешілер жүйеленудің екі түрін белгілейді: таза грамматикалық және лексико-грамматикалық. Біріншісі грамматикалық білімдерді жүйелеуді болдырады, грамматикалық парадигманы қайта құрады, бұл ойда жақсы сақтауға көмектеседі, грамматикалық оқиғалардың терең түсінуіне, оқушының филологиялық тәжірибесіне көмектеседі.

Осындай жүйелеуге контурлы карталарды ұсынуға болады. Контурлы карталарда таблица түрінде рубрикалар толтырылады, олар бүгінгі күнде оқушылардың тәжірибесіне қатысты болады. Контурлық карталардағы «Ақ нүктелер» келесі сабақтарда бұл грамматикалық формаға әрі қарай ие болуға бағыттайды, және оқытудың келесі кезеніне өтуіне мүмкіндік беред.

Оқушылар үйретудің ерте этапында «Менің компьютерім» немесе «Білгіштің дәптерін» жүргізе алады, онда олар грамматикалық құрылымды жаза алады, және олардың грамматикалық түрлерінің схема суреттерін және т.с.с. жаза алады Тілді оқиғалардың жүйеленуі таза грамматикалық периодтты түрде өткізіледі.

Лексико-грамматикалық жүйелену тұрақты өткізіле алады, өйткені сөздің әрбір порциясы сайын ереженің өзі актуалданады, оқушылармен грамматикалық жаңалығы танымал грамматикалық категорияның ішінде жетілдіріле алады.

Мұндай жүйелену санаулы сипат алады, тұрақты үйренуді тудырады, бұл грамматикалық жаңалыққа тұрақтылық және қатаңдық береді.

ШТ коммуникативті тұрғыдан оқығанда іскер мінездемелі коммуникативті тапсырмалар қолданылады. Оларды екі үлкен топқа бөлуге болады: «функционалды-коммуникативті» және «топта әрекет жасау». Функционалды-коммуникативті тапсырмалар құрамына сурет және бейне, фотография сериясында немесе сұрақтарға барлық фактілерді қосу жолымен жауаптар табу кіреді.

Топтағы өзара әрекет жасау қатысушылардың бос қарым-қатынасын пікір алмасу, дискусиялар, рольді ойындар, импровизациялар, скетчтер және т.б. арқылы ұйымдастырылады. ОТЖ шартарын шын қарым-қатынасқа жақындату үшін және оларды алдынғы өмірдегі ЕТЖ шарттарына алдын ала жақындатуға мүмкіндік алу үшін өмірдегі қарым-қатынастың негізгі ерекшеліктерін анықтау қажет. Анализ бойынша бұл ерекшеліктер үш топқа бөлінеді:

1) өмірдегі шын жағдайлар;

2) сөйлесушілердің сөйлеу маңызына көңіл бөлу;

3) шетел тілінде сөйлеудің қажеттілігі – әйтпесе информация қабылданылмайды.

Қолданылатын ОТЖ көбінде шындық келесі жағдайларда нәтижелі болады: «сатушы мен сатып алушы арасында диалог құрыңыз» немесе «жол сапары туралы айту». ОТЖ бойыншы оқушылар осы ойындарға қатысу арқылы шет тілінде сөйлесудің дағдылары қалыптасады. Ол үшін олар ең алдымен ауызша сөйлеудің мазмұнын ойластыру қажет.

Шын қарым-қатынастын үшінші шарты – бұл шетел тілінде сөйлеудің қажетілігі және информацияны шетел тілінде беру. Мысалы, басқа ұлттың адамына өзінің қала туралы, хобби және т.б. туралы хат жазу. Егер бұл іске асырылатын болса бұл шынайы жағдай, ал егер жоқ болса ОТЖ қызығушылықты туындатады. Ауа райы туралы мәлімет беріп, Берлинде ертен қандай ауа райы болады деп сұраймыз. Егер хабар радио арқылы берілсе сонда ол ШТЖ, егер мұғалім сол туралы айтса ОТЖ.

Дәстүрлі жатықтыру жаттығулардан гөрі тіл формасында және оның жиі қайталуында көңіл бөлінетін коммуникативті ойындар оқушылардың көнілін – мазмұнына аударады, бірақ тілдік форманың жиі қайталануын, дағдылардың барлық түрлерін жатықтырады, оқуды, жазуды, тындауды және сөйлеуді үйренуге талап етеді. Коммуникативті ойындар жоғары дәріжелі үлгілерді қамтиды және оқушыларға жұмысты шын қарым-қатынас ретінде қабылдауға мүмкіндік береді. Сонда тілдің практикалық сапасы жоғарлайды, себебі тіл формасын техникалық емес, жан-жақты қарастырып, қолдануға мүмкіндік береді.

Берілген ойындар түрлерін методикасын және ұйымдастыруын жүргізу келесі топтардан тұрады:

1) барлық топқа ойынның ережесін және мақсатын түсіндіру;

2) ойынның барлық қатысушыларына инструтивті, ленгвистикалық материалдарын қамтамасыздандыру;

3) ойыннан бір бөлігін оқушымен мұғалім арасында жүргізіп басқаларға көрсету;

4) барлық топтын алдында алдын-ала кіші топпен ойын жүргізу;

5) сүйенетін материалды қолданып бүкіл топтын ойыны;

6) ойыннан кейін мүғалім мен топтың фронтальді қарым-қатынасы;

7) қатысушылардың әрекеттерін анализдеу.

Тәжірибе көрсеткендей барлық 7 пункттің орындалуы оқытудың бастапқы кезеңдерінде ғана қолданылады. Келесі кейбір пунктер орындалмау да мүмкін, мысалы, 3 және 4 пункт. Ойынға қатысушылардың өзара араласуы әртүрлі орындалуы мүмкін: жұптарда және минитоптарда; қатысушылардың бір- бірімен кезекпен кездесуі; өзінің тапсырмасын орындап отырған оқушылардың басқалармен қарым-қатынасы; бөлек минитоптардың арасындағы өзара алмасу процесі; барлық топтардың ісіне бағытталған процесті орындаған кезде (газет шығару, коллаж құрастыру, радио бағдарлама дайындау, сценарий және т.б.) іске асады. Мұғалім ролі ойынның деңгейі және ойыннан кейінгі кезеңдерде маңызды. Ойын кезенінде мұғалім ролі қатысушылардың әсер етуін бекітуге және байқауға бағытталғанның болуы қажет.

Шет тілін оқытудың коммуникативті жағына келсек, оның келесі принциптерін ажыратуға болады:

1) жағдайлық принцип;

2) функционалдық;

3) тіл ойлау активтілігі;

4) жаңа мәлімет қолдану;

5) өзіңдік қасиеті.

8.1.1 Келесі коммуникативті тапсырмаларда, оқулы тіл жағдайларында және коммуникативті ойындарда берілген принциптерді өтімділігін байқайық.

1) ілікпе сөздердің қатарынан біреуін таңдап алып, оған байланысты өмірде болған жағдайды топқа немесе тіл серігіне Perfekt түрінде сипаттау - Es tut mir Leid. Mach dir keine Sorgen. Auf Wiedersehen. Super! Vielen Dank! Willkommen. Kommt nicht in Frage! Das ist doch selbstverstaendlich! Einverstanden. Das kann doch nicht wahr sein. Schade. Oh! Au!. Топ немесе серік бұл жағдайда контекстке байланысты сәйкес жауап беру керек.

Бұл сабақта мотивациялық стимул және көңілді арттырғыш ғана емес оқушылар арасындағы қайырымдылық атмосферасын туғызады.

2) сұрақты құрастыруды үйрету үшін кейбір мұғалімдер дайын жауаптан қайта құру жолын таңдады, бұл жағдайда кейбір дағдылар жақсарылып жетілдіріледі, бірақ оқушыларға ол шын қызықты емес деп саналады. Бұл тапсырманы бір-біріне анкетаны толтыруға арналған сұрақ қою арқылы орындауға болады. Тағы бір сұраққа жауап беру үлгісі – фотодағы адамның роліне кіріп одан бұрын және содан кейін болған оқиға туралы Perfekt және Futurum I түрінде жауап беру.

3) әрбір оқушы адам бейнеленген сурет алып оған атын береді, бастапқы формаға келтіріп баяндауыш белгілеп, оның хобби туралы айтқызу керек heute, morgen, am Abend, jetzt, gestern, morgens, jeden Tag және т.б. сөздерін қолданып бұл адам туралы уақыт формасына сәйкес әңгіме құрастыру.

4) коммуникативті грамматика – қатынас жағдайына тәуелді тілдер құралдарының вариативті қолдануын қарастырады. Бұл жағдайда «Квартет» ойыны арқылы «Сын есімнің жіктелуі» тақырыбын талдауға болады. Ойынның мақсаты – мүмкіндігінше көп комплектерді түрлі түсті және бастауыш грамматикалық түрдің бейнесімен 4 сурет бойынша табу. Ойыншыдан қажетті карточканы сұрап артикальдың бастауышын, баяндауыштың және сын есімнің жіктелуін, сонымен қатар сұрау және баяндау сөйлемдерін жаттықтырамыз. Мысалы Ich brauche einen roten Ball. Geben Sie mir das Bild des roten Balls. Mir gefehlt der rote Ball ең көп комплект жинаған ойыншы жеңілпаз аталады.

5) карточкаларда жазғы демалысты сипаттайтын сөз тіркестер жазылған. Ойыншының біреуі пантомима арқылы бұл сөз тіркесті көрсетеді, қалғандары оны шешеді. Сонда көргендерде әртүрлі интерпритация туы мүмкін. Мысалы am Strand Baskettball spielen, in die Disko gehen, Pilze und Beeren im Wald suchen, mit der Katze spielen..

6) «бөлмелі шайқас» (екі ойыншы ғана қатысады.) Әрбір ойыншы өз бөлмесінің жоспарын суретке салады, сонымен қатар бос квадратты салады. Оны ол қарсыластың бөлмесі ретінде санап, ойын барысында жиһазбен толтырады. Сонымен қатар бөлмелердегі жиһаздың саны және атаулары алдын ала келісімделеді. Содан кейін бір біріне бөлмедегі жиһаз туралы сұрақ қоя бастайды. Мысалы: Gibt es einen Tisch in der Mitte des Zimmers? Steht das Sofa links an der Wand? және т.б.. Егер жауап дұрыс болса сұраған ойыншы бос квадратта жауапқа сәйкес жиһаздың бір түрін бейнелеп келесі сұрақ қоя бастайды, ал егер жауап қате болса ол сұрақ қою құқығын жоғалтып өзі жауап беруге мәжбүр болады. Бос квадратты жиһазбен толық толтырған ойыншы жеңілпаз аталады.

7) «интервью»

Өзінің жолдастарымен сөйлескен кезде әдепті болыңыз: олардын жұмысын (әңгімесін) бөлгендерініз үшін кешірім сұраңыз, олармен сөйлесу үшін және оларға сұрақ қою үшін рұқсат сұраңыз, әңгіменің соңында жауаптар үшін рақмет айтыңыз. Әңгімелесудің берілгендерін кестеге еңгізіп түсінік беруге және шешім шығаруға дайын болыңыз.

Тәжірибе көрсеткендей комуникативті технологияларды қолданатын ең бастапқы кезеңде грамматика – деп қолдануы мүмкін және ол сөйлеу , оқу материалдарында зерттелінеді. Грамматикаға комуникативті -ориентациялық үйренуі – мотивацияны жоғарлатуға, тілдің экспресивті мүмкіндіктерін кеңейтуге және оқушылардың оқу шартарында шың мәнінде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Граматикалық материалмен әрекетесу процесінде оқушыларда тілдік білімдер жинақталады және грамматикалық машықтар құрала бастайды.

И.Я. Зимнейдің берген анықтамасы бойынша, сөйлеу қызметі тілдік арқылы және қарым-қатынас жағдайына қатысты хабар беру мен қабылдаудың белсенді, мақсатты үрдісі, яғни өнімділік пен рецепция үрдісі.

Рецептивтілігі мен өнімділігіне, сол сияқты қатынас тұлғасына (ауызша немесе жазбаша) қарай сөйлеу қызметі төрт түрге бөлінеді, оқу, аудирование, сөйлеу және хат. Сөйлеу қызметі тақырыптылығымен, пайымдылығымен, мақсаттылығымен, саналылығымен сипатталады. Іс-әрекет қызметінің құрылымдық бірлігі, ал операция іс-әрекетті өткеру тәсілі болып табылады. «Сөйлеу дағдысы» мен «сөйлеу іс-әрекеті» психологиялық ұғымдармен сәйкеседі.

Дағды мен шеберліктің қатаң дифференциясы, оларды тұтас бірлік екенін естен шығармай бір-біріне қатаң оппозицияда қарастыру отандық әдістемелік мектептің өзіне тән сипаты болып табылады.Осы ұғымдардың мәні, дағдылармен шеберліктердің типтері мен түрлері, үйлесулері мен ара қатынасы, дағдылардың қалыптасу кезендері, сөйлеу дағдылармен шеберліктерінің параметрлері-осылардың бәрі зерттеушілірдің басты назарында. Жекелеген авторлар ұсынған анықтамалармен түсіндірмелердегі кейбір айырмашылықтарғы қарамастан дағдылар мен шеберліктердің отандық теориясының жалпы қағидаларын бөлуге болады:

- дағдылар-іс-әрекетінің автоматтындырылған тәсілі;

- сөйлеу қызметінде дағдылар жетілген дәрежедегі сөйлеу операциялармен сай келеді. Автоматизм, беріктік, икемділік, қателеспеу, тіл нормасына сәйкестік, орындалуынаң барынша жылдамдығы – осы қасиеттер сөйлеу дағдыларын жасақтағанда негізгі критерийлер болып табылады;

- сөйлеу, ырғақтық, орфографиялық, лексикалық және грамматикалық дағдылар айрықшаланады, олар рецепцияға немесе өнімділікке бағытталуына қарай рецептивтік немесе өнімділік болып анықталады;

- сөйлеу дағдысының жасақталу кезендері бойыншв бөлінеді: бағдарлық – дайындық; стереотиптелген- жағдайлық; варияциялық – жағдайлық;

- дағды шеберліктің жасақталуының, қызметінің табысты атқарылуының қажетті факторы және шарты болып табылады.

Сөйлеу білу- қалыптасқан дағды мен меңгерілген білімнің негізінде коммуникативтік міндеттері шешу жағдайында адамның белгілі бір сөйлеу іс-әрекетін жүзеге асыруға қабілетті.

- сөйлеу білуде сөйлеу дағдысы тәрізді өзінің оңтайлы параметрлері бойынша жүзеге асырылады: мақсаттылық, өнімділік, дербестік, динамикалық, түсініктілік, еркіндік, саналық, дұрыстық, иерахиялық;

- сөйлеу шеберлігінің типологиясы мен иерархиялылығы коммуникация құралы ретінде сөйлеу қызметінің әр тұрлерін түрлі дәрежеде жетілдіруінен танылады. Өз кезегіндегі төрт кешенді шеберліктің (сөйлеу, оқу, аудирование және хат) әрқайсысы өзіне сөйлеу автоматтылығы (дағдылар) мен білімдеріне арқа сүйеген жеке шеберліктерді жинақтаған.

4) сөйлеу қызметінің рецептивтік түрлері ауызша және жазбаша түрде ақпаратты қабылдап, түсінуге бағытталған. Оған аудирование мен оқу жатады. Психологиялық тұрғыда аудирование мен оқу негіздерінде жатқан сөздердің ұғымдармен сәйкестілігінің күрделі механизмін, ұғымдары арасындағы байланыстарды анықтауды және сөз хабарының мазмұны мен автордың (сөзді жолдаушының) ойын ашуды жақындастырады. Сөйлеу механизмі мен ақпаратты қабылдап, өңдердің ортақтығымен қатар қызметтің рецептивтік түрлері сөйлеу қызметінің тақырыптық мазмұнымен және ұйымдастыру құрылымымен беріктірілген. Сөйлеу қызметінің атқаралуының түрлі шарттарына орай аудирование мен оқудың елеулі айырмашылықтары бар. Оқу мен салыстырғанда ақпарат алудың қиындау тәсілі.

Есту арнасының өткізу қабілетінің аздығы, дыбысталған мәтінің бір-ақ рет берілуі, ағымдылығы мен қайтарылмайтыны, дауыс пен акцентінің жеке ерекшеліктері, айтылу стилінің, айтушының сөйлеу тақырыбының толымсыздығы – осының бәрі барынша зейін қоюды, есте тұту механизмдерінің қарқынды жұмыс істеуін, ықтималды болжау мен қажет етеді.

Шет тілді оқытуда тұп нұсқалық ұстанымды барынша толық және тиімді өткеруге мүмкіндік беретін тұпнұсқалық тапсырмалармен ілеспелі аудирование мен оқуға арналған байланысты тұпнұсқалық мәтіндерді басымдылықпен пайдалану сөйлеу қызметінің рецептивтік түрлеріне оқытудың қазіргі жолдарының айрықша белгісі болып табылады.

Сөйлеу қызметінің өнімді түрлері – сөйлеу қызметінің экспрессивті түрлерінің өнімі ретінде айтылым мәтін териализованное воплощение речевой деятельности (Зиман И.Я.) көрінеді.

Ауызша және жазбаша айтылымдардың тууының шарттары мен сипатын айтылу мен хаттың ерекшеліктері анықталады. Айту мен хат рецепцеттерге түрліше бағдарланған. Негізіне айту ақпаратты тікелей жеткізуге арналған. Айту диолог және монолог түрінде, хат көбінесе монолог сөз де өткеріледі. Ауызша сөйлеу қызметінде айтылатын, лекциялық және грамматикалық дағдыларының жатықтылығының жоғары деңгейде болуы талап өтіледі.


8 Оқуға үйрету

8.1 Ұйретудің мақсаты


8.1.1 Еліміздің ақырғы 10 жылдық бағдарламаларында оқуға үйретудің мақсаты – оқушылардың әр-түрлі деңгейдегі мәтіндерді оқып түсінуі болып табылады:

- мәтіннің негізгі мазмыны түсіну ( танып оқу);

- мәтіннің мазмұнын толық түсіну (зерттеп оқу);

- керекті ақпаратты теріп алу (ізденіп оқу).

90-шы жылдарға дейін қолданылып келген бағдарламада (олардың кейбіреулері бүгінгі күнге дейін танымал. Мысалы шет тілін тереңдетіп оқитын мектептерді бағдарламалар). Көбінесе лингвистикалық оқытуды қолданылған. Кез келген оқу түрініңі негізінде оқушының ойында базалық білім болу керек.

1) негізгі мазмұнын түсіну: мәтіннің негізгі ақпаратын белгілеу және тану; негізгі және қосымша ақпараттарды бір-бірінен айыру; оқиғалар және фактілер арасында (логикалық және хронологиялық) байланыс орнату; іс-әрекеттің дамуы мен аяқталуын алдын ала білу; мәтінде берілген фактілерді жалпылау; оқығанды қортындылау және басқалары;

2) мәтіннен толық ақпаратты алу: фактілермен бөлімдермен толық және дұрыс түсіну, қандайда бір нәрсені дәлелдейтін ақпаратты белгілеу; оқиғалар арасында байланыс орнату; оқиғалар арасындағы себептермен байланыстарды анықтау; негізгі идеяны анықтау, ақпараттарды салыстыру және т.б.

3) керекті қызықтырушы маңызды ақпаратарды түсіну: жалпы мәтіннің тақырыбын анықтау; мәтіннің жанырын анықтау; қандай да бір сұрақ пен байланысқа ақпаратты шығару; ақпараттың маңыздылығын және бағалылығын анықтау және т.б.

Сонымен қатар бүгігінгі күнгі басты мақсат – оқушыларды аутотекстерді оқуға үйрету және ең маңыздысы әр типті мәтіндерді оқу стратегиясына үйрету. Мұндағы оқу стратегиясы дегеніміз – білім жинағы және іскерлік. Бұл оқушылардың келесі нәрселерді жұзеге асыруды көмектеседі:

- мәтіннің түрін, спецификасын және мақсатты бағдарын түсіну;

- берілген мәтінмен жұмыс жасай білу;

- әр түрлі деңгейдегі ақпараттарды табу;

- компенсациялық іскерлікті қолдана білу.

Осыған мәтін бойынша таныс емес, кездеспеген сөздердің мағынасын сөздіксіз аудару, ана тіліндегі сөздермен үндестіру, сөз жасаушы элементтенріне көңіл аудару; мәтіндегі кездесетін және шешуші позицияларды ұстанбайтын бейтаныс сөздерді теріп, бөлек шығару; мәтінде кездесетін (тірек сөздер, суреттер, анықтамалар және т.б) сүйенетін элементтерді, анықтама әдебиеттер мен әр түрлі сөздіктермен қолдану.

Нәтижесінде оқушылар аутотекстегі бейтаныс сөздердің мағынасын сөздіксіз түсінуді үйрену керек. Ол үшін оқушылар текстпен жұмыс істеудің келесі ережелерін білу керек:

- шетел тілінде мәтіндерді оқу дегеніміз - әр сөзді аудару керек деген сөз емес;

- әр мәтінді аудару үшін оқушының осыған бейімделген тәжірбиесі үлкен рөл атқарады;

- мәтінді түсіну үшін (немесе оның не туралы болатынын алдын ала білу үшін) мәтінге қоса берілген схемалардың; суреттердің, таблицалармен басқа қосымша нәрселерге сүйену керек;

- мәтінді оқыған кезде бұрыннан белгілі сөздерге, сөйлемдерге сүйеніп бейтаныс сөздердің мағынасын түсінуге, мәтіннің жалпы мазмұнын түсінуге талпыну;

- сөздіктің көмегіне тек қана мүлдем басқа амал қалмағанда сүйену керек. Оқу процесінде берілетін мәтіндер оқушылардың комуникативтік білімпаздық қызығушылықтары мен талаптарына сай болу керек және ана тілі мен шетел тіліндегі сөйлеу тәжірбиесімен тілдік нормаларына сәйкес болу керек.мәтіндер тіл тасушы лингвистикалық жағынан емес, мазмұнды ақпаратты тасушы ретінде қабылдану керек. Тек қана шетел тілі факультетінің студенті шет тілдегі мәтінді тек оқи отырып, оның тілдік формасын қабылдап, жақсы әсерлер алады. Ал мектеп оқушыларының көпшілігінен мұндай жағдай жат: оларға тек қана жаңа проблемалық ақпараттары бар басқа әлем мәдениетіне «терезе ашатын» , оның эмоцияларымен сезімдеріне түрткі болатынмәтіндер қызықты. Оқу процесінде әр түрлі жанрдағы және функционал стильіндегі мәтіндер қолдануы керек. Сол мәтіндерді теріп алу және ұйымдастыру жұмыстары оқу кезеңдеріне сәйкес болуына тура келеді.

1) бастауыш мектеп: өлеңдер, қысқа әңгімелер, ертегілер, комикстер: оқытылып жатқан тіл елінде тұратын құрбыдан хат, сонымен қатар, газетке, балалар журналына открытка; қарапайым тағамды рецепті, жол жүру билеттері, телидидар бағдарламалары , афишалар меңгеріліп жатқан тіл елінің картасы;

2) 5-7 сыныптар:Жоғарыда айтылған мәтіндер түрлері, сонымен қатар дүкендегі, вокзалдағы көрсеткіштер, тауар этикеткалаы, поездардын жүру кестесі, қала көрсеткіштері, хабарламалар, ауа райы болжамы, журнал мен газеттер мақалалары, каталогтар, әдебиеттерден үзінділер жэне т.б. ;

3) 8-9 сыныптар: жоғарыда айтылған мәтіндер турлері, сонымен қатар жарнамалар, жастар журналы мен газеттерінен алынған эр түрлі мақалалар (очерктер, интервью, статистика, хабарлама) жэне т. б. ;

4) 10-11 сыныптар Жоғарыда айтылған мәтіндер түрлері, сонымен қатар инструкциялар, елтану, мәдениеттану туріндегі периодикадағы жеке қарым-қатынастар проблемалары туралы басылымдар.

Кез келген мәтін оқушыға қандай да бір әсерін тигізеді. Ол қандай да бір ақпарат береді, немесе оның сезімі мен көзқарастарына, тәртібіне әсер етеді. Бұл мәтіндердің мазмұндық жағы оқу процессінде үлкен рөл атқаратын дәлелдейді.

Оқушыларға оқудың әр кезеңінде берілетін мәтіндер қарым-қатынастың коммуникативтік функцияларын көрсету тиіс. Олардың көмегімен оқушының әлемді тану көзқарасы тани түседі.

Оқу процессіне оқу техникасын, мазмұнын түсінуді дамыту жатады. Оқу техникасына уйрету тілге бецімделудің бастапқы кезінде жүзеге асырылады. Бұған оқушылардың мәтінді оқыған кезде бейне материалдарын мағыналық топтарға (синтагма) бөлу бөлу жатады.

Сондықтан оқу техникасын дамыту жаттығулары айтылу мен интонацияға көңіл бөлуді көздейді. Бейтаныс мәтінде тыныс сөздерді бірден аңғару керек. Бастапқы кезеңде бұған келесі жаттығулар жатады:

- көшіру-жазып алу –сөздерді белгілі бір қасиеттерге байланысты оқу, яғни алфавиттік тәртіпте, сөздің бастапқы формасында, сөздегі орны бос әріптерді толтыру т.б.;

- әріптерден сөздер құрау;

- мәтінде кездесетін таныс-таныс емес –интернационалды сөздерді іздеу (оқу, көшіріп алу, астын сызу);

- ссөздері, әріптері босатылған мәтіндерді оқу;

- фонограммамен оқу (тыңдап отырып оқу) және т.б.

Барлық бұл тапсырмаларға ойындақ мінезі бар, мысалы сөзжұмбақтарды шешу, ребустар құрау, мозайка және т.б., әр мұғалімде осындай ойын –сабақ түрлері өте көп.

Оқу техникасы тек жеке сөздерді емес, сонымен қатар мәтінде автоматтандырылуы керек. Оқушыларды олардың деңгейлеріне сәйкес және шет тілінде оқу жылдамдығын дамытатын мәтіндер берілу керек. Егер мұғалімде қажетті материалдар болмаса, бұл мақсатта творчествалық, яғни оқушылар оны жеке немесе топпен істейтн тапсырмалар беруге болады:

- таныс емес мәтін мағына жағынан бірнеше бөлшектерге бөлінеді; оқушылар бұл бөлшектерден мағынасы бар мәтін құрайды және оны тұпнұсқанмен салыстырады;

- оқушылар мағыналы бөлшегі жоқ көшірме алады, оны топнұсқамен сәйкестіріп, босатылған бөлшегін іздеп тауып алады;

- мұғалім байланыстыратын элементі жоқ бейтаныс мәтінді оқушыларға тарады. Оқушылар бос орындарды толтырып, тұпнұсқаны алған соң өз нұсқалармен салыстырады;

- оқушылар алдын ала тәртібі бұзылған сөйлемдерді алады, дұрыс тәртіпке келтіргеннен кейін, тұпнұсқаны оқып, салыстырады;

- оқушыларға дара сойлемдер таратылады, олардың мақсаты бұл сөйлесдердің мәтін мазмұнына жататындығын (жатпайтындығые) анықтау т.б.

Мәтінді түсіндіру процессінде әр түрлі коммуникативті мақсаттар алға қойылады: мәтінің мазмұнын толық түсіну немесе негізгі ақпаратты мәтіннен теріп алу, неимесе мәтіннен тек қана керекті ақпаратты іздестіру. Бұл ақпараттарды іздестіру кезінде оқушылар бір немесе бірнеше міндеттерлі оқи отырып, тірек конспекттер жасау керек. Жалпы білім беру мектептерінде жазуға үйрету екінші орында болды. Хат көбінесе сөйлеудің басқа түрлерін үйрету құралы ретінде болды.Оқу материалын жақсы қабылдау, сөйлеу қабілеттерін тексеру құралы ретінде қолданған. Тек қана шет тілін тереңдетіп оқитын мектептерде (сыныптарда) бағдарламаға хаты үйрету негізілген, талап етілген. Қазіргі кезде оқушыларды жазуға үйрету мен өз ойларын жазбаша деген талаптар едәуір өзгереді.


: fulltext -> buuk
buuk -> МӘШҺҮр-жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдинеті
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Монография Павлодар 2011 м инистерство образования и науки Республики Казахстан
buuk -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
buuk -> Саяси партиялар және партиялық жүйелер
buuk -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
buuk -> Автокөлік психологиясы
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет