Методикасы кафедрасы



жүктеу 278.85 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі278.85 Kb.
ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА АРНАУЛЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
НИЗАМИ АТЫНДАҒЫ ТАШКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК

ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ

МЕТОДИКАСЫ КАФЕДРАСЫ

КУРС ЖҰМЫСЫ

Тақырып: ОРТА МЕКТЕПТЕ ЛЕКСИКАНЫ ОҚЫТУ

ӘДІСТЕМЕСІ

Қабылдады: Абдувалитов Ергеш

Орындады: Абдуллаев Асет

ТАШКЕНТ – 2013
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе..............................................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім. .................................................................................................6
1. Әдістеме туралы жалпы түсінік....................................................................6

1.1 Қазақ тілін мектепте оқытудың әдістемелік ерекшеліктері..........................6

1.2 Көп мағыналы сөздерді оқытудың тиімділігі................................................9
2. Мектепте лексиканы оқытудың міндеттері.............................................16

2.1.Тұрақты тіркестері және сөйлеммен жұмыс істеу жолдары.......................16

2.2. Кірме сөз және оның мағынасын оқыту.......................................................20
III. Қорытынды....................................................................................................25
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................27

КІРІСПЕ

Курс жұмысының көкейкестілігі: Қазақ тілін оқыту методикасы – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен білу беру арқылы оқушының өзін қоршаға көз қарасын қалыптастырады. Сонымен бірге методика мұғалімді педогогиканың қыр-сырымен жете таныстырып қана қоймайды, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді. әдістеме мұғалімнің шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге сабақ берудің тиімді әдіс тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.

Ғылым ретінде қазақ тілін оқыту методикасының дамуы, ең алдымен, тәжірбиеде жиналған фактілермен бақылау жұмыстарының деректеріне аса көңіл бөлініп, қолданылып жүрген әдіс тәсілдердің кемшілік жақтары анқталып, онан ғылыми қорытынды жасауға талаптар қойылуында. Әсіресе оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына, жетілуіне, сондай-ақ олардың сөлеу және есту қабілеттеріне, зеініне көңіл бөле отырып, тілдік материалдарды қолдана білу сияқты іс-әрекеттерді арттыру негізгі мәселелердің бірі.



Курс жұмысының мақсаты: Қазақ тілін оқыту методикасы –мектепте оқылатын қазақ тілі материалдарын практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым саласы. Мектеп бағдарламасында лексиканы оқыту мәселесіне тоқталар болсақ,лексика тіліміздегі сөз байлығын тексеретін ғылым саласы.Қазақ тілін оқытумен байланысты, атап айтқанда, фонетика , морфология,синтаксисті оқыту сөзден тыс қарастырылмайды. Тіліміздегі сөздер тіл дыбыстары арқылы, морфология сөздің лексикалық,, грамматикалық мағынасына қарай, ал синтаксис сөздердің мағыналық, әрі грамматикалық байланысына қарай көрінеді.

Курс жұмысының міндеті: Лексиканы оқытудың білімдік, танымдық маңызы тіл білімі туралы ұғымды терең меңгертумен қатар тілдің ең кіші бөлшігі – сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксис және стилистикамен байланысын түсіне білуге, яғни, бүкіл тілдік жүйені меңгерумен орай оқушының ана тілі арқылы көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік жасайды [1].

Лексиканы оқытудағы қойылатын талаптар оқушыларды дұрыс сөйлеу, ойын жеткізіп, айта білуге тәрбиелейді. Тура және ауыспалы мағналы сөздерді, оның ішінде ауыспалы мағналы сөздерді айыра білуге содықтан лексика бөлімінің материалдарын жаңа білім беруге байланысты да, пысықтаумен байланысты да осы айтылғандарды ескеріп отыру қажет [2].




  1. Әдістеме туралы жалпы түсінік

    1. Лексика тақырыбын қазақ тілі сабағында оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

Лексика туралы жалпы түсінікті өткенде, мұғалім сөз мағыналарындағы өзгерісті кесте арқылы түсіндіргені жөн.Тіліміздегі сөздердің бір күн, бір жыл немесе он жыл ғана өмір сүріп қоймайтындығын,бірнеше мыңдаған жылдар бойы өмір сүретіндігін, қолданылу барысында тіл өңделіп, жетіліп, кейде жойылып, кейде түрлі өзгеріске түсіп отыратындығын, бірақ бұл құбылыс өте баяу жүретіндігіне мысалдар арқылы көз жеткізген дұрыс [3]. Бұған кесте көмекке келе алады.


Реті

Түрлері

Мысалдар

1

Сөздің мағынасы да, дыбысталуы да толық сақталған түрі

Ата,ана,ақ қара, кел, бар,күн, адам т.б.

2

Мағынасы сақталған да, сыртқы дыбысталуы өзгеріске ұшыраған

Йер (жер), йасыл(жасыл), көкбөрі (көкпар), товар (тауар), сұғ (су)т.б.

3

Дыбысталуы сақталған да жеке өзіндік мағынасы жойылған

Асты, үсті екен, еді, соң,-ау, -мыс,бері т.б.

Бұл кестеде сөз мағыналарының өзгеруін көре аламыз. Бір айта кететін нәрсе: кестедегі рет саны екінші қатардағы мысалдарды оқушыларға түсіндіріп, оларға ол жөнінде мәлімет беруге болады, бірақ оларға осы тәріздес мысалдар теріп жазып келіңдер немесе біліп келіңдер деп тапсырма беруге болмайды. Мәселен, товар деген сөздің орыс сөзі емес, көне түркі тілінде (оны М. Қашқари сөздігі дәлелдейді) бар сөз екенін,оның орыс тілінде қолданылатынын мұғалім ғана білуге тиіс екенін, оқушының білмеуі заңды екенін ескеру керек және осындай сөздерді өзің біліп кел деп тапсыру сыйымсыз болады.Кестедегі рет саны бірінші картадағы мысалдарды тіліміздің сөздік қорын құрайтын сөздер бойынша толықтыруга болады.Ал рет саны үшінші картадағы сөздерге тіліміздегі көмекші сөздер – көмекші есімдер , көмекші етістіктер, шылаулар жататындығын ажырата алса және өздері мысалкелтіре алса жеткілілікті [4]. Лексикаға қатысты жаттығулардың бірінде (34 әр сөздің грамматикалық белгілерін – қай сөз табы , қандай сөйлем мүшесі, қандай формада тұрғанын дәлелдеңдер деген тапсырма берілген. Бұның лексикаға қатысы болмаса да, оқушылардың 4- сыныпта өткендерін жаттығу жұмысы арқылы қайталау мақсаты көзделінді және сөздегі лексикалық мағына мен грамматикалық мағыналардың бір еместігін, грамматикалық мағынаны грамматикалық форма беретіндігіне алдын ала жүргізілген қажетті тапсырма деп ұққан жөн.

31-жаттығуда да ана тілі жайлы жазылған өлең оның соңынан берілген тапсырма бұдан бұрынғы орындатқан тапсырмаларды қайталаған сияқты болмау үшін, ақынның айтқандарын шумақ-шумақпен анықтап, ана тілі жайлы өздері жазған шығармаларымен құрастырған мәтіндерінде осыларды айта алды ма, әлде ұмыт қалдырды ма, осы жайында чсараптай алсын, -жаттығуды жаппай орындау міндетті емес: тауып жаза алғандар ғана жазсын .

Сөз мағынасын оқытқанда сөзбен мағына деген үлкен бөлімді оқытуды бастамас бұрын сөз мағынасын айырудың тілді үйретуші мен қолданушылар үшін мәні зор екенін мұғәлімнің сөзбен айтып түсіндіруі бір басқа, сөз мағынасын түсінуге көмектесетін сөздіктерді сабаққа алып келіп, көзге көрсетіп, олармен жұмыс жүргізудің нәтижесі бір басқа болмақ.Сөздік оқушылардың бәріне бірдей жете бермейтін болғандықтан, сыныпты бірнеше топқа бөліп, сөздіктер тауып беріп, топпен жұмыс жүргізген жөн.Айталық, құралай сөзі нені білдіреді деп оқушы сұраса, қыздың аты деп жауап бере салмай киіктің лағы екенін оқушыларға түсіндіріп айтып жөткен жөн сияқты. Немесе әй, дер әже қой дер қожа жоқ деген тұрақты тіркес ертеден келе жатыр.Бұның мағынасын түсінбейтін қазақ жоқ осы тіркес ішіндегі «Әжеге түсіндірмелік сөздікте: «Әже-ауылдың сыйлы құрметті адамы» деген түсінік берілген.Олай болса, ол ажа деген сөз емес екен » ендеше сөз мағыналарын тарихи тұрғыдан түсіндіретін «Қазақ тілінің этималогиялық сөздігін», Ә.Нұрғаманбетовтың «505 сөзі», Р.Сыздықованың «Сөздер сөйлейді», дейтін кітаптарымен «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» қатар, ұштастыра пайдаланған дұрыс.Бұл үшін оқушылардың арнайы оқу дәптері болуы керек.Сөздік дәптерге түсірілген сөздер саны бойынша жарыс ұйымдастырып, отыру да артық болмайды.Жарыс ойын түрінде өткізіледі.Сынып оқушылары үш топқа (командаға) бөлінеді: бірі-жас «Сөздер тобы» яғни тілімізге жаңадан еніп жатқан жаңа сөздер, екіншісі-«қарт» сөздер тобы, яғни бұрыннан қолданылып, келе жатқан сөздер, үшіншісі – қартайып барып қайта жасарған сөздер.Қай топ сөздерді көбірек тауып келтірсе, сол топ жеңіске жетеді.Әрине, бұлардың саны бірдей болмайды, әсіресе топтағы сөздерді табуға мұғалім алдын ала дайындық жүргізгені дұрыс.Оқулықта 37-жаттығу солдайндық үшін берілген.Мұндай жарыс-ойынды КВН-ге айналдыруға болады. КВН де сол сөздермен сөз тіркес терін, сөйлемдер мен мәтін құрастыру тапсырмалары қамтылады [5].

41-жаттығу ес, зерек, ойлау тәрізді абстрактілі ұғымдардың мағнасын білгізу үшін беріліп отыр.Бұл сөздердің мағынасын «Түсіндірмелік сөздіктен» қарап анықтаған жөн.Мұнымен қоса, Абайдың 31-қара сөзі бұл сөздердің мағынасын түсінуге кқөмегін тигізеді.31-сөзді тұтастай немесе авзацтарға бөліп жазып, кабинетке көрнекілік іліп қойса да болады [6].

Сөздің тура және ауыспалы мағынасын түсіндіргенде, көп сөйлеп, оқытушыларды шаршатып алмас үшін оқушылардың өзін қатыстыра отырып, әңгімелеген дұрыс.Оқушыларды әуел баста –ақ топ топқа бөліп қойған жөн.Сонда әр оқушы қай топта екекнін күні бұрын біліп, дайын отырады.Бір топтағы оқушылар тура мағыналы сөзді айтады, ал екінші топтағы оқушылар сол сөз емін еркін қарым-қатынасқа түсе алатын,яғни тіркес құрай алатын сөздерді атайды.Әр-бір тура мағыналы сөздің қанша сөзбен тіркес құрағандығы тақтаға жазылып отырады немесе тура мағыналы сөз тіркестер тырнақша «Қоржынына» салынып отырады.Осыдан кейін келесі топ ауыспалы мағнада жұмсалатын сөздерді айтады да, басқа тоаптар сол сөздің қарым қатынасқа түсе алатын сөздерін атап, тіркес құрайды.Соның бастапқы мағынасымен құралған тіркесті ойынды жүргшізуші анықтап, тура мағыналы сөз тіркес терінің қатарына қосады.Ауыспалы мағынасымен құралған тіркестер келтірінді мағыналы сөз тіркестер тырнақша «Қоржынына» салынады [7].

44-жаттығудағы Абайдың «Өлең-сөздің патшасы, сқөз сарасы» деген өлеңінде сөз өнеріне қойылатан талаптарды анықтау оқушыларға оңай тимейді.өлең бойынша, ең алдымен, ауыспалы мағыналы сөздерді: Сөз патшасы, сөз сарасы (Сара деген сөз мағнасына көңіл бөлу керек), тілге жеңіл, жылы тию, жұмыр келу, бөтен сөз, іші алтын, сырты күміс, сөз жақсысы деп анықтап, бастапқы мағнасын айтып бере алса болғаны.Содан кейі мұғалімнің Абайдың айтуынша өлең қандай болу керек? деген сұрағына жауап берсін.

49-жаттығуда Ғ.Мүсеріповтың сөзі берілген. Ондаға мақсат –ауыспалы мағыналы сөздерді тапқызу ғана емес , ойдың биіктігі, адами сезім деген тіркестердің мәнін ұғындыру. Үнемі биікке ұмтылу, жоғары мұраттарды мақсат ету, ешкімнің табанының астында қалмау-жазушының өзіне де замандастарына да, өкшелес буын мен кейінгі ұрпаққа да бағыттап айтқан ұлы арманы екені белгілі [8].

Егер оқушылардың әрқайсысы әр түрлі жауап беріп беруі Ғ. Мүсірепов сөзіндегі адами сезім-аталық, екіншісі-ұстаздық, үшіншісі-достық, төртіншісі- жанашырлық, бесіншісі-ұлылық т.б. деп жауап беріп жатса , оларды түзетем деп әуре болудың қажеті жоқ, себебі бұл мәтінде жағымды адами сезімдердің бәрі бар.

50-жаттығуда берілген А. Тоқпановтың мәтінінде ауыспалы мағынада жұмсалған сөз тіркестерін оқушылардың бәрі бірдей таба алмауы мүмкін. Осы сипаттағы жаттығуды мүмкіндік деңгейінің тапсырмаларын орындай алатын оқушыларға жүктеген дұрыс.Міндетті деңгей үшін ауыспалы мағына түрін құрап тұрған ұшқын, оятқан , қанат бітірген, жүйрік, шебер, қоңыр, шоқ тастап, мектеп, ұйып сөздерінің сатын сцзып беріп, қандай сөздермен тіркес құрап тұрғанын тапқазу да жеткілікті. Осы тіркестерді оқушы лексикасына енгізу үшін сөздік дәптерге немесе арнаулы дәптерге жазып жүруін қадағалау қажет.Сонда ғана жай жаттығу көлемінде ұмытылып қалып қоймайды.
1.2. Көп мағыналы сөздерді оқытудың тиімділігі

Көп мағыналы сөздерді оқытқанда көп мағыналы сөздерді оқушылар көп жағдайда омоним сөздермен шатастырыды. Көп мағыналы сөздердің омоним сөздермен ұқсастығы – екеуінің де бірдей дыбысталатындығы, айырмашылығы- көп мағыналы сөздер мағыналары жағынан жақын болып келетіндігі, ал омоним мағыналары жағынан басқа- басқа болатындығы. Көп мағыналылық – бір сөздің әр түрлі контексте әр түтлі мағына беруі. Көп мағыналылыққа жататын сөздердің мағыналары арасыпда мағыналық байланыс, жақындық, ортақтық болады.Ондай жақындық, ортақтық сөздің негізгі, тура мағынасынан шығады. Мағыналық жақындықты айыру үшін , Сөздің келтірінді мағыналарын негізгі мағынасымен салыстыра қарағанда түсінікті болады. Мәселен , адамның басы дей отырып , төбенің басы , таудың басы, жұмыс басы , бұлақ басы дей береміз, көйлектің етегі дей отырып, таудың етегі дейміз.Мұндағы бірінші тіркестегі сөздер-өздерінің тура мағынасында, соңғы тіркестегі сөздер ауыспалы мағынада тұр. Бұлардың әрқайсысы әр түрлі сөзбен аталмай , бірақ сөзбен айтылуында бір заңдылық бар. Ол – ұқсастық заңдылығы. Мәселен, көйлектің етегі бірнеше метр – ақ болсын дейік, ал таудың етегі ондаған, жүздеген шақыоымға созылуы мүмкін. Бірақ көйлектің етегімен таудың етегіндегі ұқсастық – екуіде заттың ең төменгі жағы, төменгі бөлігі. Көп мағыналы сөздерде айыру үшін және оқушылар шатаспай ажырату үшін сөздердің мағыналарының арасындағы осындай ұқсастықты, ортақтықты іздеп, таба білу қажет. Оқушылар мағыналық жақындығы бар сөздерді жаттанды емес, саналы түрде айыра білу үшін, олардың өз айналасындағы, жүрген ортасындағы бірдей атаумен аталатын ұқсас, жақын, ортақ нәрселерді тапқызып көру қажет [9].

Осы жұмыстарды орындатқан соң, мәтіндердегі, сөйлемдрдегі көп мағыналы сөздерді тапқызған жөн.

Ақанның Құлагері жайында айтылған мәтіннен көп мағыналы сөздерді табыңдар деген тапсырманы орындату оңайға түспейді, себебі мәтінде көп мағыналы сөздер қатар, жарыса қолданылып тұрған жоқ. әуелде оқушылар мәтінде қатар қоланылып тұрған көп мағыналы сөздерді іздейтіні белгілі. Дағдарып қалған оқушыларға мұғалім ән аяқталғанда деген тіркесті мысалға келтіріп, аяқталғанда сөздің тағы басқа қандай сөздермен тіркестіруге болатынын естеріне салу керек.

Тапысмада көрсетілгендей , осы мәтіндегі оқйғаны диалогсіз баяндап жазудың не айтудың өзіндік тәсілдері бар, олар: бірінші жақтан баяндауды үінші жақтың формасына тсіріп баяндау, төл сөзді төлеу сөзге айландыру. Мәселен, Ақан жиналған жұртқа бір-екі ауз өлең айтып бермекші болып, домбырасын қолына алдыда, «Маң-маңгерді» шырқап берді. Жұрт бір-біріне сыбырласып, бұл әннің ақының өзінің құлагеріне шығарған әні екенін, аты да дәл тауып қойылғанын, тіпті аттың желмайадай жүрісіде әнде айнытпай берілгенін айтты [10].

Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдарын бесінші сынып оқушылары білмейтіндіктен, мұғалім кез-келген диалогты мысалға алып, ғылымы түсініксіз ақ төл сөзді төлеу сөзге айландырып ауызша айтып көрсеткеі жөн. Мұнысз тапсырма нәтижелі орындалмай қалады.

Көп мағыналылыққа қатысты соңғы жаттығулардың бірінде «Сөздің көп мағыналылығын тілдегі рөлі қандай?» деген мәселе төңірегінде өз ойын айтқызу үшін мынадац сұрақтар қажет:


  1. Көп мағыналы сөздердің басқа сөздермен тіркесу мүмкіндіктері қандай?

  2. Бір сөздің көп мағыналы болуының себебі неде?

  3. Көп мағыналы сөздерді сөздік ретімен жазар болсақ тіліміздегі сөздердің саны молайарам еді?

  4. Көп мағыналы сөздер тек тура мағынасында қолданылама әлде ауыспалы мағынада да қолданыла ма?

Омонимдер мен синоним сөздерді оқытқанда омонимдердің омоним екеніне көз жеткізу үшін ондай сөздерге сионим іздеп көру керек. бірдей дыбысталатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздерге синоним мағыналы сөздердің ешқандай қатысы болмайды. Мысалы, ат – есім, ат – жылқы, ат – мылтық ат деген етістіктік мағынада ешқандацй синоним, ешқандай көп мағыналық ортақтық байланыс жоқ.

Омонимдермен синонимдерді салыстырмалы түрде оқыту қажеттігі мынада:



  1. омонидердің дыбысталуы бірдей болуы керек болса, синонимдердің дыбысталуында өзгешелігі болуы керек;

  2. омонимдер әр түрлі сөз табына қатысты болса синонимдер бір сөз табына қатысты болады;

  3. синонимдер мәтінде бірдей сұраққа жауап беріп, бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарса, омонимдер әр түрлі сұаққа жауап беріп, басқа-басқа сөйлем мүшесінің қызметін атқарады;

Мұндай қорытындыны оқушылардың өздеріне де жасатуға болады. Ол үшін омонимдерді бір бағанға, синонимдерді екінші бағанға жазып, олардың дыбсталуына назар аудару қажет. Мұнан кейі олар қандай сөз таптарына жататынын ажыратып жазады. Соңында әр қайсысын сөйлем ішінде келтіріп, сұрақтарын қойғызып, қандай сөйлем мүшелерінің қызметін атқарып тұрғанын талқыланады [11].

Мұнымен қатар, синонимдер тақырыбын оқытқанда оқушылардың сөйлеу, жазу дағдысында ең қажетті белглердің бірі – синонимдік қатарға енетін сөздердің бірәзі бірінің орынына бірі қолданылса, кейбіреулерінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болатындығы. Оқушыладың сөздерін орнымен қолдану біліктілігін дамытуда синоним сөздерді қолдану мүмкіндіктеріне қарай пайдалана білуге төселдірудің мәні зор. Синонмдік сөздіктен теріп жазған синонимдік қатардағы сөздердің әр қайсысын байланысуға қабілетті сөздермен тіркестіріп, сәтті сөз тіркестері және сәтсіз сөз тіркестері деп топтаған әрі қызық, әрі тиімді тәсіл.

«Шежіре үйрету» мәтінін оқытудың мақсаты рушылдыққа бөліну емес, ауыз біршілікке үндеу, ағайын, туыс жекжат, ауыл адамдарының арасында татулықты сақтау, мұнымен қоса тарихын жетік білу мақсаты көзделеді. Осы жағдайды оқушыларға баса ескерткен жөн. Оқушыға өзіңнің жеті атаңды атап бер деге тапсырманы кеңейтіп, әдебй ғұмырнамалық кешке айландыруға да болады.

Шежіре үйренуден басталған ойдың желісі синоним тақырыбына қатысты бүкіл жаттығулардың өн бойында сақтала отырып, 85-жаттығудағы өз өмір баянын шығармашылық пен жазып шығу жұмысымен қорытындыланады.

Антонимді оқытқанда көңіл бөлетін нәрсе – антоним сөзднрдің қатар қолданысы мәтіннің көркемдік қуатын арттыратын қарама-қарсы ұғымдағы сөздердің қатар қолданысы мәтіннің көркемдік қуатын арттыратыны. Қарама – қарсы ұғымдағы сөздерді салыстырмалы сипатта жұмсау шешендіктің ең үздік тәсірдерінің бірі болған. Мұндай тәсіл суреттеп отырған затар мен құбылыстардың қасиеттерін айқын көрсетіп, әсерлі жеткізген.

Шешендік ғылымында оны антитезалы суреттеу дейді. Құбылыстарды қарама-қарсы қойып суреттеуге оқушыларды төселдіру үшін халық ауыз әдебиетіндегі үзінділерді, шешендік сөздерді пайдалану керек. Мысалы: «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүніс пен Қартқожақтың сөйлесуі, Байдалы бидің «Ағасы бардың, жақсы болса, жағасы бар», Төле бидің « Халқыңа әділ бол», тағы басқа шешендік сөздері [12].

Осындай материалдарды оқытып, талдатып, оқушылардың көңіл-күйін, ақындық (поэтикалық деген мағынада шартты түрде алынып отыр) шабытын көтеріп тастағаннан кейін өздері де мысал келтіруге дайын болады. Мысалдарды оқушыларға таныс ортада, белгілі нәрселерден іздеттіру қажет. Мысалы: ақ қар-қара жер, ыстық бу-суық су, ақ жүрек-қара жүрек, үлкен-кіші, жылы қабақ-салқын қабақ, т.б.

Осылайша тура мағыналы және ауыспалы мағыналы тіркестерді тауып құрастырғаннан кейін, сол тіркестерді айқындауыштық сипатта кеңейтуді тапсырған жөн: қараңғы түн-жарық түн; тастайқараңғы немесе көзге түртсе көргісіз, қараңғы түн – сүттей жарық немесе айлы жарық түн; батыр адам – қорқақ адам; арыстандай айбатты батыр адам – қоян жүрек қорқақ адам; жылы хабар – суық хабар; жайлы (жағымды, жылы) хабар – суық хабар т.б. Келесі орындалатын жұмыс түрі – осы тіркестерді сөйлем және мәтін ішінде қолдану.

Табу, эвфимизм мен дисфемизмдерді оқыту.

Табу (ағылшын uboo – қасиетті, тыйым салынған) – наным- сенімге, әдет-ғұрыпқа байланысты сөздердің балама түрінде айтылуы.

Табу сөздері оқушылардың бәріне бірдей белгілі емес; ауылдың балалары ата – енесі, қайындары мен қайын сіңілдеріне ат қойған жеңгелердің сөздерін естіп өссе, қала балаларының көбісіне мұндай сыпайыгершілік атаулар белгісіз. Табиғат құбылыстарына қойылған атаулар мен аурулардың өзгертілген аттарында мұғалімнің жинастыруына тура келеді. Бұларды көркем әдебиеттен көптеп табуға болады [13].

Табу мен эвфемизм қате түсінік пен ескі көз қарастан тумағанын, қайта әдепті, сыпайы сөйлеуден туғандығын оқушылар жете түсінуге тиіс. Эвфемизмнің мағынасы (грек eu – жақсы, phemi – айтамын) – сыпайы сөз, мағынасы тұрпайы сөздеді сыпайылап жеткізу. Эвфемизмдер – сыпайыгершілікке, әдептілікке байланысты туған сөздер, ол –тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың бірі. Мысалы, адамның дене мүшелеріндегі кем-кетікті жеңіл сөздермен алмастырып қоланады (саңырау – құлағының мүкісі бар). Ол әдетте фразеологизмдер түрінде болады. Мысалы, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты – сөзге келді, тіл тигізді, жүз шайысты сияқты тұрақты тіркестер ұрысты, ренжісті, ауыр сөздер айтты деген мағынаны білдіреді. Олай болса, эвфемизмдерді фразеологизмдер тобынан да іздеуге болады деген сөз [14].

Дисфемизмдер – оқулықта айтылғандай, тілдің әдепті сөзді әдепсіз сөздермен ауыстырып айту. Белгілі бір контексте жөнімен, дұрыс жазылған сөздің мағынасын неғұрлым дөрекілеу сөзбен алмастыру – сөзді ауыспалы мағынада (троп) қолдаудың бір түрі. Мысалы: Бұт артары мен шаңырақ саларын жауға берді. (К.Оразалин). Өздерің бір-бір тулақтарыңа мініп- ақ шапқылап кетерсіңдер. Жеңілетініңді білетін болсаң, сен бес қырт атанар ма едің? (М.Әуезов). Осындағы бұт артар деген «көлік» орнына, шаңырақ салар «күш көлік» (түйе, өгіз) орнына, тулақ «мінетін ат» орнына, қырт «көк мылжың» дегеннің орнына жұмсалып отыр. Сол арқылы сан қилы жағымсыз эмоциялық мән тудырған. Осыдан аңғарғанымыздай, дисфемизм кез келген жазушының – ұлы болсын, кіші болсын – көркем шығармаларында кездесетін. Бұлар көбінесе ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі ретінде кейіпкердің тілінде ұшырасады. Сол арқылы әр жазушы өз қаһарманының мінез-құлқын, іс-әрекетін, ой-өрісін бейнелеп, нақтылы шынайы бейнесін жасайды.

Әдістемеде бұл мәселеге көбірек тоқталып, кең мәлімет беріп отырғанымыз – бұл тақырыптың кеңінен зерттелмегендігіде кез келген жерде жиі айтыла бермегендігінде. Бұлар жайында сөз қозғап, қазақ тілі лекциясы құрамында қарастырған - Ә Болғанбайұлы мен Ғ.Қалиев қана.

Эвфимизм сөздер мен дисфемизм сөздерді бір бірінен ажырату, олардың қолданылу мақсатын білу тіл мәдениеті үшін өте-мөте қажет. Сондықтан оқушыларға қандай сөздер екеніне ғылыми түсінік беру жеткіліксіз. Эвфимизмдер мен дисфемизмдерді сөйлеу тілі мен байланыстыра алып, талдату қажет. Ол үшін не істеу керек? Эвфемизмдер мен дисфемизмдерді көркем әдебиеттен көптеп тапқызып бұл сөздерді қолданушы кейіпкерлерге мінездеме бергізген жөн. Сөйтіп сыпайы, әдепті сөйлеушіні мәдениетті деп тауып, оны өнеге тұтып, дөрекі сөздерді көп қолданушы кейіпкерлерге мінездеме берілген жөн болады. Сыныпта бір-екі апталық немесе бір айлық сөйлеу этикетінен сынақ өткізіп, оқушыларды жауапты сөйлеуге щақыратын жұмыс түрлерін жүргізу әбден орынды болмақ.


2. Мектепте лексиканы оқытудың міндеттері

2.1.Тұрақты тіркестері және сөйлеммен жұмыс істеу жолдары
Тұрақты тіркестер мен мақал- мәтелдерді оқытқанда, оның не екенін , қандай белгілері бар екенін, білгізіп қана қоймай, тұрақты тіркестерді оқушының сөздік қорына көптеп енгізуді, сөйлеу мен жазу дағдысына .белсенді түрде жұмсатқызуды мақсат ету керек.

Ол үшін фразеологизмдерді әрбір сөз табына қатысты алып,»Кім көп біледі» жарысын топтар арасына өткізіп, отырған жөн болады. Фразеологиялық синонимдер және фразеологиялық антонимдік сөздік кітабын оқушылардың өздеріне құратуға болады.( көбіне демалыс күндеріне арналған тапсырма ретінде беру керек. Сыныпішілік немесе мектеп ішілік тапсырма ретінде « кім фразеологизмдерді белсенді түрде қолданады» деген апталық жарыс өткізу өте пайдалы.

Тағы бір айта кететін нәрсе – фразеологизмдер тұтастығының сақталуы. Сөйлем ішінде фразеологизмдерді тауып, талдағанда, оның әрбір сыңарын жеке-жеке сөз табына жатқызып талдауға болмайды. Мысалы, Дәл осылай болады деген Бектің үш ұйықтаса түсіне кірмеген болатын. Деген сөйлемде фразеологизм-үш ұйықтаса түсіне кірмеген болатын. Бұны үш-сан есім, ұйықтаса етістік , түсіне- зат есім, кірмеген болатын- етістік деп талдау -үлкен қате. Сол сияқты кірмеген болатын – баяндауыш, түсіне- толықтауыш, үш ұйықтаса- пысықтауыш деп талдауға да болмайды. Дұрысы мынау: үш ұйықтаса түсіне кірмеген болатын- күрделі етістік, сөйлемдегі қызметі- баяндауыш [15].

Оқушыларға фразеологизмдердің біртұтас тілдік құбылыс екендігін білгізу қажет болса, олар сөйлемде,мәтінде даяр қалпында қолданылатынына көз жеткізу керек болса, оқулықта тапсырма ретінде берілмесе де, кей- кейде фразеологизмдердің қай сөз табына жататынын, қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын талдату артық болмайды.

Кейбір мәтінде кейде фразеологизмдердің арасына басқа сөз еніп кетіп қолдану құбылысы кездесіп қалады. Оны жазушы белгілі бір стильдік мақсатта өзгертіп жұмсайды. Мысалы:

Есіткенде бұл сөзді

Жасыды менің сүйегім.

Көзімнің жасы егілді,

Қабырғам менің сөгілді.

Қосалқы сыңарлар фразеологизмдердің алдына не соңына , не арасына сыналып енгізіледі. стильдік мақсатта ( оқиғаны нақтылау үшін, ойды ұлғайтып , қоюландыру үшін , контексті әзірлеу үшін т.б.), жұмсалғанда , фразеологизмдердің өзгеріске түсіп қолданылуы қате емес, қайта қажет құбылыс болады.Мұндай жағдайда тұрақты тіркестерді жақсы білетін оқушылар мәтіннен фразеологизмдерді дәл тауып алады оларға үстелген қосымша тілдік элементтерді қатесіз ажырата алады.

Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы, өмірде болатын әр- түрлі жағдайларды ұғындыратын , түсіндіретін оқу құралы іспетті. Мақал да, мәтел де- түйінделген ой қорытындысы.Онда жалпы ереже, анықталған қағидалар айтылады, түрі жағынан тілге жеңіл, құлаққа жағымды дыбысқа, ырғақ- ұйқасқа құрылады, көбінше көркем тілмен- өлеңмен өріледі.

«Мақал мен мәтел-егіз жанр, туыс жанр»,- дейді Б. Адамбаев. Дегенмен, мағынасына, құрылысына, атқаратын қызметіне қарағанда әрқайсысының өзі не тән ерекшеліктері де бар. Мақал аяқталған бір тиянақты ойдыбілдіреді, өз алдына тұрып та дербес мағына береді. Мысалы: Оқу инемен құдық қазғандай [16].

Мәтел жеке тұрып тиянақты ойды бере алмайды, тек белгілі бір ойды, пікірді ажарлау, айқындау үшін қолданылады,эпитет, теңеу қызметтерін атқарады.Мысалы: Ат қайыр , айдар тағып. Көргеннен көз ақты.

Мақал – мәтелдерді оқытуда есте болатын нәрсемынау: мақал- мәтелдерді оқушылар айыра алады, жатқа да айта алады, бірақ сөйлеу не жазу дағдысына сөйлем ішіне еркін кіріктіре енгізіп кете алмайды. Мақал- мәтелдерден жинақтаған бәілімін өмірде кіріктіре қолдана салу оңай щаруа емес Мұғалімнің міндеті оқушылар мақал- мәтелдерді деп, дегендей көмекші етістіктер арқылы кез келген тақырыпта, мәтінде ой толгай алуға төселдіру болып табылады. Бұл да оңай жұмыс емес. Кейде мақал- мәтелдер енгізілген мәтіндерден үзінділер, мейлі олар автор сөзі болсын, жаттатқан жөн, шешендік сөздерді жатқа айтқызған орынды. Сонда оқушылардың ойы да тілі де жаттығады.

Сөздік қор дегенде оқушы қазақ тілінің байлығы мен тазалығын түсінуі керек және ұлттық сөз өрнектері деп қабылдау керек . Сөздік қор тақырыбына қатысты қосымша теориялық мәліметтер беріледі. Қосымша мәліметті оқушының оқу- оқымауы өз еркінде. Яғни бәріне бірдей осыны біл деп міндеттеуге болмайды. Қосымша мәлімет, негізінен, тілге қызығатын оқушылар үшін беріледі. Ұлттың тұрмыс- тіршілігіне , ұғым- түсінігіне, мінез-құлқы мен наным- сеніміне, ұлттық салт – дәстүрлер мен тәлім- тәрбиеге қатысты сөздердің бәрі (этнолингвистика) сөздік қорда болатынын пайымдаттыру қажет.

Сөздік қор тақырыбына арналған жаттығулардың днеі осы мақсатты көздейді.Оқушылардан ең басты мәселені талап етуді ұмытпаған жөн: ол- оқушының өзі білмейтін сөздерін (жаттығулардағы) сөздік дәптерлеріне жазып, жаттап алуы, сөйтіп өзінің сөздік қорын байыта түсуі [17].

Қазақ тілінің сөздік құрамын өткенде, бірінші өтілетін тақырып- қазақтың байырғы төл сөздері. Осы байырғы төл сөздердің сөздік қорға жататынын білгізу үшін сөздік қор тақырыбына жалпы мағлұмат қана берілсе, байырғы төл сөздер тақырыбында сөздік қорға жататын сөздер санамаланып, нақтыланып беріледі.

Көнерген сөздер – қазіргі әдеби тілде қолданылмайтын сөздер, бірақ мүлде керексіз сөздер емес, оқушылар білуге тиісті сөздер. Өйткені бұл сөздерді олар көркем шығармадан кездестіреді, тарихи деректерден оқиды, мұнымен қоса көнерген сөздер белгілі бір уақыттан кейін, қоғамдық- әлеуметтік өзгерістерге сәйкес тілімізге қайтып оралуы да мүмкін болатын сөздер. Қайтып оралған көне сөздер қазіргі тілімізде көптеп кездеседі.

Көнерген сөздердің екі түрін тарихи сөздер мен архаизмдерді, әдетте, оқушылар еркін ажырата алмай жатады. Тарихи сөздер -аты айтып тұрғандай , тарихи жағдайларға қатысты айтылған тарихи-қоғамдық атаулар. Тарихи атаулардың қолданысын шамамен кезеңдерге бөліп түсіндіруге болады.

Жаңа сөздерді оқытқанда қоғамдық қатынастардың, ғылым мен техниканың мәдениеттің өсіп дамуына байланысты тілге енген жаңа атаулар, сөз тіркестері мен фразеологиялық оралымдар.Неологизм лексикалық және семантикалық болып екі түрге бөлінеді. Лексикалық неологизмдердің жаңа ұғымдардың дүниеге келуімен бірге пайда болған жаңа терминдер жатса , семантикалық неологизмге калька тәсілімен сөзбе- сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. / 1;6 Мысалы: жүйе ( система), қор (фонд), талдау (анализ), шарт (договор), кесте (таблица), шөгінді (осатки) т.б. Олар төл сөзбен аударылғанда негізгі сөздік қордың негізінде сөз тудырудың барлық тәсілдері арқылы жасалады. Мысалы: аялдама, өміршең (жұрнақтар жалғану арқылы), балмұздақ, баспасөз зейнетақы (бірігу арқылы), ғарыш кемесі, жер серігі (тіркесу долымен) т.б.

Неологизм екі түрлі жолмен жасалады: бірінші, бұрын соңды тілде болып көрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты. Мысалы: кино, театр, ғарыш. Екінші, бұрыннан тілде бар атауларды жаңғыртып, жаңаша мән беріп, түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады. Мысалы кеден, құжат, құн т.б.

Жаңа сөздерді оқыту кезінде мұғалімге көмекке келетін құралдардың бірі – «Қазақ лексикасындағы жаңа сөз қолданыстар» деп аталатын еңбек бадаға түгел бір кітапты құрайтын сөздерді ұсыну, әрине, дұрыс болмас. Оның үстіне мұндағы көптеген сөздерді қайта қарау керек. Мұның ішіне баланың ұғым түсінігіне жақын келетін немесе оның қолданатын біраз сөздерін «Жаңа сөздер қоржынына» салып қоюға болар еді. Мәселен: автотұрақ, ғарыш кемесі, жолсерік, зейнеткер, кепілдеме, өмірнама т.б. сөздер тақтаның жанына ілінген «Жаңа сөздер қоржынына» салынады да, олармен оқып танысу жұмысы оқушыларға тапсырылады. Бұл оқушылардың өзін һзі бақылауға және берілген тапсырмаға жауаптылығын тексеруге мүмкіндік береді [18].


2.2. Кірме сөз және оның мағынасын оқыту

Ал кірме сөздерді оқытқанда бір тілден екінші тілге сөз ауысу құбылысы үнемі болып тұратын және барлық тілдерге де тән құбылыс екенін ұқтыру қажет. Әрбір тіл өз табиғатында өзіндік даму үлгілерін жасаумен бірге өзге тілдік элементтерді де қолдану арқылы өрісін кеңейтеді. Қай тілдің құрамында болсын басқа тілден енген сөздер көптеп кездеседі. Мысалы, еуропа тілдерінің көбінде грек, латын элементтері көп болса, парсы мен түркі тілдерінде араб сөздері біраз баршылық. Жалпы, белгілі бір тілде басқа сөздердің көп-аздығы ел басынан өткен тарихи жағдайларға байланысты. Түрік иелігінде үш жүз жылдай болып келген балғар тілінде түрік тілінен енген сөздер саны өте көп.

Қазақ тіліне енген кіріме сөздердің тарихы өте ұзақ. ІХ-Х ғасырлардан бастап араб, парсы сөздері кірсе, ХІХ ғасырдан бері қарай орыс тілі арқылы енген интернационалдық сөздердің саны өте көп. Араб, парсы тілдерінің сөздері бірнеше ғасыр бойы қолданылу барысында, өздерінің бастапқы қалпын мүлде өзгертіп, қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп біржолата кірігіп кетті. Мысалы, адам, қоғам, ғалам, ғылым, мәдениет, білім т.б. Осындай құбылысты қазан төкерісіне дейін орыс тілінен енген сөздерден де байқаймыз. Мысалы: болыс, нөмір, сот, қамыт, жәшік, бәтеңке т.б. Кеңестік дәуірде кірген интернационалдық терминдермен кірме сөздер табиғаты біраз өзгешелеу. Орыстандыру саясатының әсерінен орыс тілінен енетін сөздер өзгеріссіз сол қалпында алынуы керек деген қағида қалыптасты. Кірме сөздердің негізінде жаңа сөздерді білдіретін жаңа ұғымдар пайда болды. Ол – халықтардың экономикалық, мәдени қарым-қатынасының негізінде орын алып жататын заңды құбылыс. Ауызша енеген сөздер тұрмыс қажетін өтейтін зат атаулары болса, жазбаша енегн сөздер ғылыми техникалық, әдебиет пен өнер арқылы енген. Тілімізге енген кірме сөздерді қазақ тілі сабағында мұғалімнің және сөздіктердің көмегімен анықтауға болса, керісінше, қазақ тілінен мысалы, орыс тілінен енген сөздерді орыс тілі сабағында мұғалімнен сұрап білуге тапсырма берген жөн. Мұның өзі әрі пән аралық байланысты күшейтеді, әрі оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады.

Кірме сөздерді игерту барысында орындалуға тиісті маңызды жаттығулардың қатарына кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдерін тауып жазу жұмысы жатқызылады. Мұндай тапсырма оқушылардың сөздік қорын молайтуға септігін тигізсе, әрі қазақ тілінен бай, оралымды, қолдануға икемді тіл екенін ұғынуға көмектеседі.

Диалект сөздер мен кәсіби сөдерді және терминдерді оқыту.

Диалект сөздер қазақ халқы біртұтас халық болып қалыптаспай тұрғанда қолданылған тайпа тілінің қалдықтары болғандықтан, олардан әдетте тарихи тілдік ерекшеліктерді байқауға болады.Өте ертеде тіліміздің сипаты қандай болғандығын, қандай дыбыстық өзгеріске ұшырағанын диалект сөздерге қарап біраз тұжырымдар жасауға болады. Диалект сөздерді оқытудың тарихи мәні осында. Қазіргі тіл тұрғысынан алғанда, диалект сөздер- қолдануға тыйым салынған сөздер, өйткені олар әдеби тілдің нормасына жатпайды және диалект сөздердің әдеби тілімізде баламасы бар. Әдеби тілдегі баламалары-жалпы халыққа түсінікті, бәрі бірдей қолданатын сөздер. Тіліміздегі әдеби тілге еніп, нормаға түсіп қалыптасқан диалект сөздер де бар. Бұлар- белгілі бір аймақтарға белгілі бір атаулы кәсіптерге байланысты айтылған жергілікті тіл ерекшеліктері. Осы себепті диалект сөздер мен кәсіби сөздерді қатар оқытып, оларды байланыстыратын ортақ жайттарды іздестіріп байқау проблемалап оқытуға жатады. Мұндай зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар оқушыларға бірден берілмейді. Әуелі диалект сөздерді, сонан соң кәсіби сөздерді оқытып, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін танытқаннан кейін, әрбір аймақтағы жергілікті сөздер мен сол аймақта қолданылатын кәсіби сөздерді әбден меңгерген соң іздендіру мақсатындағы тапсырмалар ұсынылады. Мысалы: балық шаруашылығынан әдеби тілге енген сөздерді іздестір. Олар балық аулайтын аймақтың диалект сөздері болсын. 2. Егін шаруашылығы түрлерінен әдеби тілге енген сөздерді іздестір. Олар күріш не астық өндіретін аймақтардың диалект сөздері болсын.3. Мақта шауашылығынан әдеби тілге енген сөздерді іздестір. Олар мақта өсіретін аймақтардың диалект сөздері болсын.т.б.

Мұғалім мұндай тапсырмалар оқушылардың ізденушілік бағытындағы алғашқы қадамы болғандықтан және балалардың жас ерекшелігін ескеріп, олардың кез келген алғашқы талпынысын қолдап, марапаттап отырғаны жөн./3;26/.

Термин сөздерді оқытудағы басты мақсат- оқушылар оларды басқа сөздерден ажырата алуға, яғни сөздің термин екенін тануға және оларды орнымен қолдана білуге үйрету.

Ғылым салаларына қатысты арнаулы терминдерді меңгерту қиын емес. Бұл арада оқушылар күнделікті өтіліп жатқан оқу пәндерінен кездестірген аудармасы жоқ халықаралық сипаттағы сөздерді атап, мағынасын түсіндіріп бере алса болғаны.

Қазақшаланып, орыс тіліндегі терминдерге балама ретінде алынғанатауларды оқытқанда, мына нәрсе есте болғаны жөн: ол-тілімізге жаңа сөздер деп танылып жүргендердің біразы осы терминдер екені, яғни екі түрлі жолмен қазақшаланған термин сөздер тілімізге соңғы кездееніп, енді-енді ғана жаппай қолданысқа түсіп жатқандығы. Тіл мәдениеті үшін балаларға осы терминдердің орыс тіліндегі атауын емес, қазақ тіліндегі қолдану қажеттігін ұғындыру керек. «Тіл тазалығы үшін күрес терминдерден басталады.» деген айдармен тіл апталығын өткізу, онда: газет шығару, түрлі жағдаятта тілдік сайыстарға түсу, кеш өткізу, шағын көріністер қою т.б. жұмыстың түрлерін ұцымдастыруға болады [19].

Лексика тарауына жаңа бір оқу тақырыбы енгізіледі. Ол – сөздердің қолданылу түрлеріне қатысты түрлері. Қазақ тіліндегі сөздер қолданылу өрісі жағынан әр түрлі болып келеді. Сөздік қорды құрайтын негізгі лексика стильдің барлық түрлерінде жаппай қолданыла береді, сонықтан оларды жалпылама лексика дейді . жалпылама лексикаға жататын сөздер адам тіршілігіне, күнкөрісіне, тұрмысына қатысты сөздер болғанықтан оларды үлкендерде, кішілерде, ғалымдарда, оқушыларда, журналистеде, заңгерде ,сатушы да банкирде, қысқасы, мамандығына, кәсібіне қарамастан адамдардың бәрі бірдей түсініп қолданылады. Міне, осыған оқушылардың көздерін жеткізу үшін әр мамандықтың иелерінің сөйлеген сөздерінен үзінділер жинатқызып немесе оқулықта берілген әр түрлі сипаттағы (тақырыбы мазмұны әр түрлі) мәтіндерден үзінді келтірткізіп, олардың бәрінде бірдей қолданылған ортақ сөздерді тапқызуға мұғалім уақыт таба білуі керек.

Қолданылу өрісі тар лексиканы оқыту кезінде кәсіби сөздермен тарминдерген және диалектілерге қайта оралуға тура келеді. Мұндай қайталау олардың қолданылу өрісін кеңейтіп түсіндіру тұрғысынан ғана болуы керек. кәсіби сөздер деген не ? термин сөздер деген не? Диалекті дегне не? Дейтін сұрақтарға жауап беру тұрғысынан емес, кәсіби сөздерді кімдер, қашан, қайда қолданылады, терминдерді кімдер қашан қолданылады, диалекті сөздерді кімдер қайда қолданылады дегендерді анықтау мақсатын көздейтін жұмыс түрлері жүргізілуі тиіс. Диалекті сөздерді қосып сөйлеушілерді қаланың болсын, ауылдың болсын оқушылары іздеп тауып, одан интервью ала алмайды, өйткені оқушылар да сол аймақта тұратындықтан, олар айтқан сөздерді өздеріде қолданады, ал оның диалектімен сөйлеп отырғанын басқа аймақтың адамдары ғана ажыратады. Сондықтан, диалекті сөздерді көркем әдебиеттегі кейіпкерлер тіліне ғана тауып, жинастыруға болады.

Ал кәсіби термин сөздерді кімдер қолданатынын оқушылар өздері анықтап алады. Ол үшін белгілі кәсіп иелерінен не пән мұғалімдерінен «сіздің кәсібіңіз не?, өз пәніңіз жұртшылыққа не үшін керек деп ойлайсыз?, кәсібіңіздің немесе пәніңіздің ерекшелігі неде?, сіздің ең жиі қолданатын сөздеріңіз қандай?, өз әріптестеріңізбен кездескенде, сіз не жайында сөйлесесіз?» т.б. сұрақтардың біріне интервью алуға болады.

Мүмкіндік болса түрлі мамандық иелерін мектепке шақырып, кеш өткізуге болады. Мамандық иелерін дәл осы тақырып өтіліп жатқанда шақырғанмен, тәлімгерлермен келісіп, сыныптың тәрбие жоспарында көрсетілген уақытты-ақ ұйымдастырып, айтылған сөздерді үнтаспаға жазып алып, оны лексиканы қайталау сабақтарының бірінде талдауға болады. Не болмаса, жануарлардың айтысы тәрізді әр қандай мамандық иелерінің айтысын ертегі стиліне салып газет шығаруға да болар еді.

Оқулықта лексиканы қайталауға және өтілгендерді жинақтап, түйіндеуге арналып бізаз тапсырмалар мен жаттығулар берілді. Жаттығулар да, сызба түріндегі тапсырмалар да тақырыптарды бір бірімен салыстырып, шашыранды ой-пікірлерді тұжырымдау мақсатын көздейді [20].
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ тілін оқыту методикасы тіл ғылымының осындай дамуына, оның қойып отырған талаптарына сай жетіліп келеді.Мектепте оқытылатын қазақ тілі материалдарының қандай саласы болмасын қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі объектісі болып табылады.Сондықтан қазақ тілі мектепке арналған программа бойынша белгілі пән ретінде танылса, қазақ тілін оқыту методикасы оның оқыту әдістерімен – тәсілдерін белгілейтін ғылым демекпіз.

Лексиканы мектепте оқытуға қазіргі таңда көп мән беріледі.Себебі еліміз егемендігін алғаннан кейін тіліміздің де мәртебесі өсіп отыр.Тілді меңгертудің басты ошағы мектеп екені аян.Қазақ тілін үйретудің ең бір ірі бөлімдерінің бірі лексика болып табылады.Лексика сөз мағнасын оқытатын болғандықтан бұл көп жағдайда орыс тілді немесе басқа тілді мектептерде сабақ беру кезінде ең бір көңіл бөлінетін тақырыптардың бірі. Лексика тарауына жаңа бір оқу тақырыбы енгізіледі. Ол – сөздердің қолданылу түрлеріне қатысты түрлері. Қазақ тіліндегі сөздер қолданылу өрісі жағынан әр түрлі болып келеді. Сөздік қорды құрайтын негізгі лексика стильдің барлық түрлерінде жаппай қолданыла береді, сонықтан оларды жалпылама лексика дейді . жалпылама лексикаға жататын сөздер адам тіршілігіне, күнкөрісіне, тұрмысына қатысты сөздер болғанықтан оларды үлкендерде, кішілерде, ғалымдарда, оқушыларда, журналистеде, заңгерде ,сатушы да банкирде, қысқасы, мамандығына, кәсібіне қарамастан адамдардың бәрі бірдей түсініп қолданылады. Міне, осыған оқушылардың көздерін жеткізу үшін әр мамандықтың иелерінің сөйлеген сөздерінен үзінділер жинатқызып немесе оқулықта берілген әр түрлі сипаттағы (тақырыбы мазмұны әр түрлі) мәтіндерден үзінді келтірткізіп, олардың бәрінде бірдей қолданылған ортақ сөздерді тапқызуға мұғалім уақыт таба білуі керек. Мектепте лексиканы оқыту әдістемесін қорыта келе лексика тіліміздегі сөз байлығын тексеретін ғылымның бір саласы.Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге ойын жеткізіп айтуға тәрбиелеу басты мақсаты. Лексиканы мектепте оқытуда көптеген әдіс тәсілдер қолдана аламыз.Себебі тақырып, оийн түрінде болсын, немесе модульдік болсын барлық әдістерді қолдануға оте қолайлы.Сонымен қатар кейінгі жаңа технологиялар бойынша да оқытуға әбден келетін тақырыптардың бірі.

Сыни тұрғыдан ойлау сынды әдістемелер арқылы баланы оқытар болсақ, оқушының көп мәлімет алары анық.Қазақ тілінің саласы лексиканы оқушыға дұрыс үйрету, жеңіл әдістер қолдану оның болашақта шешен әрі саутты сөйлеуін қамтамасыз етеді.

Лексиканы оқытқанда тек тар аяда ғана шектелмей басқа да пәндермен байланыстыра оқытқан жөн.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Б.Құлмағамбетова. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1988ж.

  2. Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2001ж.

  3. Қазақ тілі мен әдебиеті 2005ж. №3.41-43бб.

  4. Қазақ тілі мен әдебиеті 2005ж. №9.39-42бб.

  5. Ізденіс 2003ж.№4. 129б.

  6. Жұлдыз 2003ж.№6. 87б.

  7. Қазақ тілі мен әдебиеті 2002ж. №5. 68б.

  8. Қазақстан мектебі 1999ж.№4. 48б.

  9. Қазақстан мектебі 2000ж.№8. 57б.

  10. Б.Айғабылова «Лексиканы оқыту әдістемесі» Алматы, 1968ж.

  11. Қазақ тілі мен әдебиеті 1999 ж. №8.484-49бб.

  12. Қаражігітқызы А. Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары. // Қазақ тілі мен әдебиеті 2005 №2 3-9бб.

  13. Ахметкәрім Қ. Қазақ тілін оқыту негізінде басқа пәндерді меңгерту. // Ұлағат 2003, №6 47-49бб.

  14. Қалниязова А. Жаңа технологияның қазақ тілінде алатын орны. // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2002 №12 3-7бб.

  15. Нұржанова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің түрлері. // Қазақ тілі мен әбебиеті 2002. №9 3-12бб.

  16. Әлметова Ә. Көп мағыналы сөздерді оқыту. // Қазақ тілі мен әдебиеті 1999, №6 7-9бб.

  17. Дүсіпова Қ. Қазақ тілі сабақтарын түрлендіріп өткізудің тиімділігі. // ұлағат 2001, №6 30-34бб.

  18. Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы. Алматы, 1974.

  19. Абылқаев Ә. Қазақ тілінде сөз тіркестерінің дамуы мен лексикалану процесі. Алматы, 1997.



©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет