Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі



жүктеу 20.5 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі20.5 Kb.
Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі

А.Қ.Джумадилова педагогика және психология пәндерінің оқытушысы


«Болашақта өркениетті дамыған елдердің   қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған   50 елдің қатарына жеткізетін, терезесі   тең ететін – білім»

ҚР Президенті   Н.Ә.Назарбаев.
Елбасымыз дамыған 30 елдің қатарынан көрінуіміз үшін «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты   Жолдауында басым бағыттарды нақтылап берді. Қазақстанның болашағы-білімді жастардың қолында. Сондықтан да, білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына бүгінгі таңда үлкен талап  қойылып отыр.

Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған деңгейлік курс  бағдарламасы негізінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары бүгінгі таңда Қазақстанның барлық аймақтарында жүйелі жұмыс жасап, жетістіктерге қол жеткізуде. Бұл курстардың мақсаты– болашақ педагогтардың қосымша білім мен дағдыларын көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, оқу үрдісіне әлемдік озық тәжірибелерді енгізе отырып, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, олардың әлеуметтік жағдайын көтеру болып табылады. Жаңа бағдарламаның бізге берері мол. Курстан кейінгі мұғалімдермен сұхбаттасқанда, олардың  бағдарлама жайлы ойлары, көзқарастары маған оң пікір берді. Бағдарламадағы әдіс-тәсілдер жүйелі, оқушының жас ерекшелігіне бағытталған, қызығушылығына оята алатын жаңа форматта енгізілген.   Дәріс алу барысында  – өзімнің ұжымдастарыма білім беру жүйесіне өзіндік үлес қосатын  қоғамдастық құру, мұғалімдермен тығыз байланыс жасай отырып, оқу үрдісін алға жылжыту, білім сапасын көтеруді көздедім. Оқытудың жаңа технологияларын:  7 модуль, іс - әрекетті зерттеу, көшбасшылық, топтық жұмыстарды іс-тәжірибеге енгізілім. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер 7 модуль бойынша түрлі топтарға жаңаша сабақтар өткізіп, студенттерге интербелсенді әдіс – тәсілдерді таныстырып, алдағы уақытта өндірістік тәжірибеде қолданудың тиімділігін атап көреттім.

Алдағы уақыттағы мақсатымыз басқа әріптестерімізбен тәжірибе алмаса отырып, бағдарламаның негізгі идеясымен таныстыру, нәтижеге қол жеткізу. Ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналған халқымыздың   ұлы ағартушысы А. Байтұрсыновтың: "Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады", - деген сөзіне назар аударуымыз қажет. Сондықтан бұл бағдарлама  бала тәрбиесіне және оларды біліммен қаруландыруға жол ашады деп білемін
Пайдаланылған әдебиеттер

 

        1 Күнпеиіс Ж. Технология пәнін оқытуда мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптаструдың негіздері. Монография. Түркістан-2011.



        3 Қоянбаев Р. Педагогика.  Алматы., 1997 ж.

        4 Қазіргі заманғы мұғалім.// Қазақстан мектебі. 2003 ж.  №6.



        5 Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. //Білім әлемі. Алматы., 2004 ж. №6.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет