Мектебімізідің 5-6 сыныптары арасында «Достық қымбат өмірде» атты психологиялық тренинг өткізілді.Тренинг мақсаты: сыныптағы балалардың бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын нығайту. Достық ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде маңыздылығын ашу.
Міндеттері:- Достық өзара сыйластық туралы түсінік беру.
Балалар мен шеңберге тұрып Ж.Бакиновтың «Қандай жақсы» өлеңін бірге айтамыз.
СахналауМимикамен 1 оқушы өзіндегі тәттіні бөлісіп жегені, оған достары ризашылығын білдіретіндігі туралы көрсетеді. Басқа балалар не
түсінгені туралы өз ойларын айтуы керек.
Мультфильмнен үзінді:«Достар»- ертегісінен үзінді көру /3-4 мин үзінді/ достар арасындағы достық қарым-қатынастары туралы.
Ойға шабуыл:«Қандай жақсы өлеңімен» - көріністі салыстыру.Ортақ ойды айтып жеткізу, өздеріне жасаған қорытындыны ортаға салып, ой бөлісу.
Дәйек сөз:«Өзің жақсы болсаң, досың көп.» - деген халық даналығы тақтада ілініп тұрады.Мұғалім сөздің мағынасын түсіндіріп айтып береді.
Тыныштың сәті:Бояу музыка қойылып – балалар денесін бос ұстап, терең тыныстап 1 сәт демалып алу / досымен жүрген көңілді сәтті елестету/
Мәтінмен жұмыс:М.Төрежановтың «Достар» әңгімесін оқып беру. Әңгіме желісі бойынша төмендегідей сұрақтар қойып, бала ойын білу.
«Сиқырлы әріптер»ойын жаттығу:Қ, Ж, Ш, М, Н – сияқты өтілген әріптерді ортаға қойып осы әріптен басталатын жақсы тілек сөздер айтып, өз достарыма сол сөзді сыйлау.Ойын барысында досына айтылған жақсы сөздер, сабақ дәйек сөзімен байланыстырып өткен сабақпен сабақтастыра отырып қорытынды жасау.
«Жүректен –жүрекке»:Шеңберге тұрып, достығымыз берік болса бізде бір-бірімізге көмек, шуақ, жылылық бере аламыз. Әр уақытта көмектесіп отыратын боламыз.«Дос болайық бәріміз» - өлеңін бірге айтамыз.