«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандарты Жалпы ережелер «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»



жүктеу 106.55 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі106.55 Kb.
Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2014 жылғы 24 сәуірдегі

№ 123/4 бұйрығымен бекітілген



«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»

мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

1. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.


  1. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1)  құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн.

Материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу немесе қайта тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады. Сараптама жүргiзу мерзiмі сараптама объектісі келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды. Сараптама жүргiзу үшiн сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеуі қажет болған жағдайда, сараптама жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн.

Мемлекеттік қызметті көрсету ұзартылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету ұзартылғандығы жайлы мерзімін көрсетіп, ұзартылған күннен үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің және басқарманың жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушы паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі;

3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар діни бірлестік берген құжат;

4) куәлік көшірмесі* немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар және миссионер өкілі болып табылатын діни бірлестіктің жарғысының көшірмесі;

Ескерту:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы күшiне енгiзілгенше дейін берілген заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі заңды тұлғаның қызметі аяқталғанша жарамды болып табылады.

5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасында миссионер ретінде тіркелу үшін қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат;

2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжаты.

Шет тіліндегі құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашының қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде ұсынылады.

Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп мөртаңба қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.

10. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтен бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) дінтану сараптамасының теріс қорытындысы;

2) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндіретін миссионерлік қызмет.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің атына жазбаша нысанда берiледi.

Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері

ескерілген өзге де талаптар
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.


_______________________________________________

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттіккөрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

куәлік нысаны




___________________________________________ әкімдігі

(облысының, республикалықмаңызы бар қаланыңжәнеастананың)


Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы

куәлік

________________________


(тіркеу нөмірі)
_______қаласы                                20 жылғы « »
Осы куәлік «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес_____________________________________________________берілген
(куәлік берілетін адамның тегі, аты, әкесініңаты (бар болса))
және миссионер ретінде 20___жылғы «___» __________ тіркелгенін растайды.
Өз қызметін жүзеге асыратын аумақ шегі: _____________________________.
Алғашқы тіркелген күні 20___жылғы «___» __________

(қайта тіркелген кезде көрсетіледі)


Паспорт немесе жеке куәлігі: _______________________________________.

(берілген күні, нөмірі, құжатты берген орган)

Азаматтығы:___________________________________________________.

____________________________________________________________________________.

(дiни ұстанымы және атынан миссионерлік қызмет атқаратын діни бірлестіктің атауы)
Осы куәлік 20___ жылғы «___» ________ дейін жарамды.

Көрсетілетін қызметті беруші уәкіл еткен лауазымды адам (лауазымы мен тегi, аты-жөні) __________________________________________________________________ Қолы__________________________________ Мөр

Бланк сериясы Бланк №

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша        
өтініш нысаны

көрсетілетін қызметті берушіге ________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші уәкіл еткен лауазымды адамныңлауазымы, тегі, инициалы)
көрсетілетін қызметті алушыдан ___________________________

көрсетілетін қызметті алушыныңтегі, аты, (әкесінің аты (болған жағдайда), мекен-жайы және телефоны)


Миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты:_________________________________
Орналасқан (тұратын) мекенжайы:______________________________________
Паспорт немесе жеке басын куәландыратын басқа құжат (күні, нөмірі, құжатты берген орган)________________________________________________________.
Азаматтығы:_____________________________________________________.
_________________________________________________________________.
(дiни ұстанымы және атынан миссионерлік қызмет атқаратын діни бірлестіктің атауы)

Миссионерлік қызмет мерзімі:______________________________________.

Визаның қолданылу мерзімі_________________________________________.

Қызметтіжүзеге асыру аумағы: ______________________________________.

(облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана)

Мен, ___________________________________________________ миссионерлер

(тегi, аты, әкесiнiңаты)

Қызметін реттеуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен танысқанымды растаймын __________________(қолы).


Қосымша:

Қолы ____________ Өтініш берілген күн _________________
: upload -> files -> Standarty -> 10 2014
files -> ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2016 жылдың 1-31 ақпан аралығында жариялаған хабарламалар тізімі
files -> Павлодар облысының аумағын дамытудың
10 2014 -> «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
10 2014 -> Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау»
10 2014 -> «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
10 2014 -> «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Элиталық тұқымдарды субсидиялау»
10 2014 -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет