МКҚК «Айгүл» балабақшасының әдіскері А. Баянова



жүктеу 93.03 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі93.03 Kb.
Бекітемін: ___________________

МКҚК «Айгүл» балабақшасының әдіскері А.Баянова

«Жасыл шырша жанында!»

(Ересектер, «Құлыншақ» тобы, ертеңгілік)
c:\users\6\desktop\аудио, видео, фотки\ф о т к и\2014-2015 о ж\декабрь 2014\оформление зала к новому году\20141218_151640.jpg

Тәрбиешілер: Жамишова Г

Жүсіпова М


2014-2015 оқу жылы

  • Жаңа жыл мерекесіне орай зал іші әсем безендірілген. Қонақтар жайғасып отырғанша үнтаспадан әсем әуендер топтамасы ойнатылып тұрады.

  • Жүргізушінің нұсқаулығы бойынша әндер тоқтатылып, «Jingle bells» әуенімен мерекеге орай әсем де көрікті киінген балалар ортаны бір айналып келіп, екі жаққа бөлініп тұрады.

1-Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар мен балалар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Жаңа жыл әр жанұяға бақ-береке ала келсін.

2-Жүргізуші: Ақ көңілім айналды, аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуанышы көп болсын жаңа жылда-дей, келе жаңа жылдық «Жасыл шарша жанында» атты кешімізге қош келдіңіздер.
Мекеме директорының құттықтау сөзі.

1-Жүргізуші: Безеніпті шырша да,

Түрлі моншақ таққандай.

Көз тоймайды қараса,

Ойыншықтары көп қандай.

Ал, балалар бәріміз,

Қол ұстасып алайық.

Шыршамызға бәріміз,

Көңілді ән салайық.



Ән: «Жасыл шырша жанында». Орындайтын: топ бүлдіршіндері.

2-Жүргізуші: Ал, балалар келіңдер,

Мерекеге сән беріп,

Тақпақ айтып беріңдер.

1.А.Мәдина: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған,

Келді сұлу шыршамыз,

Көптеп күтіп сағынған.
2.Бердібек: Жаңа жылың жол болсын,

Басқан қадамың оң болсын,

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.
3.Алдияр: Бізбен бірге ойнайды ,

Жаңа жылды тойлады.

Барлық бала бақытты,

Болса екен деп ойлайды.
4.Жайна: Төрлет енді жаңа жыл,

Үлестір құт береке.

Көп қуаныш ала жүр,

Көп болсыншы мереке.
5.Сәбина: Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылда жайнаймыз,

Шаттанамыз бәріміз.
6.Меруерт: Біздің балабақшада,

Шырша тойы болады.

Аяз ата, ақшақар,

Біздермен мәз болады.
7.Н.Аружан: Тамаша ғой қыс деген,

Қуанады бар бала.

Шырша тойын тойлайды,

Аяз атамен қосыла.
8.А.Аружан: Жаң жылмен шаттанып,

Жаңарады бар бала.

Шырша тойын тойлайды,

Дөңгеленіп бар бала.
9.Мансур: Жүзімізде күлкі ойнап,

Шаттанады жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.
10.Еркеназ: Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

1-Жүргізуші: Әкелді жыл ырыс құт,

Әлемде той тыныштық.

Ән салайық тамаша,

Би билейік жаңаша-дей, келе ортаға биші бүлдіршіндерімізді шақырамыз.

Би: «ЧА-ЧА-ЧА» . Орындайтындар: Нұр, Жанболат, Ақжол. Сабина, Аружан, Аружан, Жаннұр, Әсемай, Ақерке.

Осы кезде залға мыстан кемпір келеді.

Мыстан кемпір: Ой, мыналар той тойлап жатыр ғой маған айтпай. Мынау шырша ғой. Шыршаны қазір бүлдірем. Неге мені тойға шақырмадыңдар?
(Мыстан шыршаны құлатқысы келеді және балаларды қорқытады)
Жүргізуші: Мыстан әже, біз шырша тойын тойлағалы отырмыз. Қазір, Аяз ата мен Ақшақарды шақырамыз. Бізбен бірге шырша тойын тойлаңыз.
Мыстан: Тойға қатысатын мені әдемі көйлегім жоқ қой.
Жүргізуші: Әже біз қазір сізге көмектесеміз. Ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Ауууууууууууу, аяз ата! Аууууууууууу, аяз ата! Аууууууууууу, аяз ата!

(Ортаға қонақтарды шақырады, Аяз ата келеді. Ақшақар жоқ)
Аяз ата: Сәлеметсіңдерме, балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын! Жаңа жыл бақыт әкелсін. Шыршаларың қандай әдемі. Тамашаааа!!!
Жүргізуші: Ата төрлетіңіз. Біздің балалардың сізге дайындаған өнерін тамашалаңыз. Балалар байқадыңдар ма?Аяз ата қасында Ақшақар жоқ, қайда ол?
Аяз ата: Соны өзім де білмедім. Жаңа қасымда келе жатқан,аяқ асты жоғалып кетті.

Мыстан кемпір: Ендеше Ақшақар мен болам. Мені сиқырлы таяғыңмен Ақшақарға айналдыршы.
(Жылтыр матаның ішіне мыстан мен ақшақар тығылды).
Ата сиқырлы таяғымен матаны түртіп:

Жалмауыз кемпір,

Ақшақарға айналсын,-дейді.

(Мата астынан көрінбей мыстан кемпір кетіп қалады да, мата астынан ақшақар шығады.)
Ақшақар: Сәлем, достар, аман ба?

Келіп жеткен сендерге,

Ақшақармын арайлы.

Жауған аппақ қарымен,

Қуаныш елге тарайды.

Балалар, қандай әдемі киінген. Мерекелік көңіл күйлері де тамаша екен. Ой, мына шыршаларың неткен әдемі ойыншықтармен безендірілген. Бірақ шамы неге жанбаған? Ата, мына сиқырлы таяғыңызбен шыршаның шамын жағып, кешімізді одан әрі жарқырата түсейік.
Аяз ата: Шырша, шырша

Шамдарыңды жарқырат,

Би билейміз айнала,

Балаларды таңырқат.
(Шырша шамдары жанып, кеш әрі қарай жалғасын табады).

1-Жүргізуші: Аяз ата біздің балалрдың сізге арналған өнерін тамашалаңыз.
Ән: «Бала қиялы». Орындайтын Қ.Мәдина.
Би: «Көңілді жұп». Дархан, Нұрхан, Бердібек, Фариза, Фатима, Еркеназ.
c:\users\6\desktop\аудио, видео, фотки\ф о т к и\2014-2015 о ж\декабрь 2014\2015 жана жыл\кулыншак жана жыл\20141226_154944.jpg c:\users\6\desktop\аудио, видео, фотки\ф о т к и\2014-2015 о ж\декабрь 2014\2015 жана жыл\кулыншак жана жыл\20141226_155031.jpg

2-Жүргізуші: Ата, біздің балаларымыз қазақ тілінен басқа өзге тілдерді де меңгеріп жатыр. Оған өзіңізде куә болыңыз. Ортаға балаларымыздың ағылшын тілінде дайындаған «Кішкентай үйшік» ертегісін тамашалаңыз.

Ертегі: «Кішкентай үйшік».

Орындайтындар: Тышқан - Рауан, Бақа – Диас, Қоян- Асыл, Түлкі- Іңкәр,

Қасқыр -Айбек, Аю - Нұрхан

c:\users\6\desktop\аудио, видео, фотки\ф о т к и\2014-2015 о ж\декабрь 2014\2015 жана жыл\кулыншак жана жыл\20141226_155205.jpg c:\users\6\desktop\аудио, видео, фотки\ф о т к и\2014-2015 о ж\декабрь 2014\2015 жана жыл\кулыншак жана жыл\20141226_155225.jpg c:\users\6\desktop\аудио, видео, фотки\ф о т к и\2014-2015 о ж\декабрь 2014\2015 жана жыл\кулыншак жана жыл\20141226_155304.jpg
c:\users\6\desktop\аудио, видео, фотки\ф о т к и\2014-2015 о ж\декабрь 2014\2015 жана жыл\кулыншак жана жыл\20141226_155325.jpg c:\users\6\desktop\аудио, видео, фотки\ф о т к и\2014-2015 о ж\декабрь 2014\2015 жана жыл\кулыншак жана жыл\20141226_155400.jpg c:\users\6\desktop\аудио, видео, фотки\ф о т к и\2014-2015 о ж\декабрь 2014\2015 жана жыл\кулыншак жана жыл\20141226_155433.jpg

2-Жүргізуші: Ән: «Джингл белс» (ағылшынша).

Орындайтындар: Фариза, Фатима, Мансур, Дархан, Жайна, Меруерт, Жарқынай, Жанболат, Нұркен, Сабина, А.Аружан.

c:\users\6\desktop\аудио, видео, фотки\ф о т к и\2014-2015 о ж\декабрь 2014\2015 жана жыл\кулыншак жана жыл\20141226_155725.jpg c:\users\6\desktop\аудио, видео, фотки\ф о т к и\2014-2015 о ж\декабрь 2014\2015 жана жыл\кулыншак жана жыл\20141226_155734.jpg
1-Жүргізуші: Жаңа жылдық кешімізге алыстан үнді қыздарымыз келіпті. Ендеше, үнді биін тамашалаңыздар.

Би: «Үнділер».

Орындайтындар: Еркеназ, Сабина, Мадина, Аружан, Іңкәр.

c:\users\6\desktop\аудио, видео, фотки\ф о т к и\2014-2015 о ж\декабрь 2014\2015 жана жыл\кулыншак жана жыл\20141226_160003.jpg c:\users\6\desktop\аудио, видео, фотки\ф о т к и\2014-2015 о ж\декабрь 2014\2015 жана жыл\кулыншак жана жыл\20141226_160000.jpg
Аяз ата: Ой, қыздарым неткен биші. Менде сендермен би билеп, ойын ойнап бой бой сергітіп алайын. Ендеше ортаға келе қойыңдар. Сендермен «Қатырмақ» ойынын ойнайын.

Ойын: «Қатырмақ».
2-Жүргізуші: Балалар, сендерге ойын ұнады ма?

Балалар, қыста біз тағы қандай ойындар ойнаймыз?

Ендеше ортаға Аққалаларымызды шақырайық.
Би: «Аққалалар».

Орындайтындар: Рауан, Әсет, Айбек, Нұркен, Ақдәрі, Жайна, Асылзада, Іңкәр.
c:\users\6\desktop\аудио, видео, фотки\ф о т к и\2014-2015 о ж\декабрь 2014\2015 жана жыл\кулыншак жана жыл\20141226_160512.jpg c:\users\6\desktop\аудио, видео, фотки\ф о т к и\2014-2015 о ж\декабрь 2014\2015 жана жыл\кулыншак жана жыл\20141226_160648.jpg

Ән-хор: «Ақшақарлар».
Ән: «Мен қазақтың қызымын».

Орындайтын Ақерке.
Би: «Орыс биі».

Орындайтындар: Диас, Мансур, Алдияр, Жарқынай, Мадина, Меруерт.
1-Жүргізуші: Ата-аналар, қонақтар, біздің балаларымыздың өнері ұнап жатыр ма? Ендеше қаттырақ бір қол соғып, балаларымызды қошеметтеп отырайық. Біздің балалар, ән салып, би билеумен қоса сиқыр да жасай алады. Ортаға Жайна қызымызды сиқыр өнерімен шақырамыз.
Сиқыр көрсетіледі. Сиқыр соңында жаңа қой жылы ортаға шығады.
Қой жылы: Мен жаңа жылмын,

Мен жаңа нұрмын,

Нұрымды да себейін,

Жырымды да төгейін.
Ән: «Қошақан». Орындайтындар. Ақжол, Айбек
Ән: «Тамаша».

Орындайтын: Топ бүлдіршіндері.
Жүргізуші: Балалар, біздің аяз атамыз бен ақшақарымыз асығып отыр екен. Баратын тағы да көптеген балабақшалары бар екен. Келесі сөзді аяз ата мен ақшақарға берейік.
Аяз ата: Барлықтарың білімді де, ақылды, өнерлі екенсіңдер. Біздің сендерге арнаған сыйлықтарымыз бар. (балаларға сыйлық таратады). Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал, енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Балалар сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер! Қош, болыңдар!
Ақшақар: Жаңа жылдың шырақтары тұр жанып,

Бара жатыр қараңғы күн нұрланып.

Шырқай берсе таусыла ма әніміз,

Бір тарқайық үйімізге қуанып.
(Аяз ата,ақшақармен қоштасып, шығып кетеді).
Жүргізуші: Құрметті ата аналар, балалар сіздерді тағы да келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық, табыс тілейміз. Жаңа жыл құтты жыл болсын! Осымен ересектер тобының «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігі аяқталды. Қош, сау болыңыздар!


  • Ата-аналармен бірге естелікке суретке түсу.

  • Көңілді би билеу.

: aigulskom -> files
files -> Бекітемін мкқК «Айгүл» балабақшасының
files -> Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары
files -> МКҚК «Айгүл» балабақшасы «Құстар біздің досымыз»
files -> Наурыз тойы
files -> Бекітемін: мкқК «Айгүл» балабақшасының
files -> Баянова Алмагуль Ерболатовна Жаксылыкова Айгуль Алиаскаровна
files -> Бекітемін: мкқК «Айгүл» балабақшасының
files -> Сабақтың тақырыбы: «Құлын, қозы, лақ»
files -> Сабақтың жүрісі: Кәне, балалар біз сабақта қалай отырамыз? Өте жақсы
files -> Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығы мемлекеттік мекемесі Оқу іс-әрекеттер жоспары




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет