Модульдік кітап Ғылыми бағдар



жүктеу 274.73 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі274.73 Kb.


Модульдік кітап

Ғылыми бағдар

.
https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcryrnimnmpnsctlsmkipv3wo1tlxs0faauljygf7zr_pyycu0zc


Астана- 2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК ДАЯРЛЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«БЕКІТЕМІН»

ЖББПжТДЖМ директоры

________ Р.Қ. Жолаев

«____»_________ 2015 ж.





Модульдік кітап
ҒЫЛЫМИ БАҒДАР

Модульдің жауапты координаторы _ф.ғ.к. доцент Дүсіпбаева Қ.С.

Модуль координаторының электрондық поштасыkarlygash-23@mail.ru

Модуль координаторының телефон номері 8-775-391-82-05




Пәндер

сағат

кредит

Философия және этика

135

3

Информатика

135

3

Академиялық жазылым және оқылым

135

3

Қазақ тілі

45

1

Дене тәрбиесі

60




Студенттердің жүктемесінің саны

510

10


МОДУЛЬ МАЗМҰНЫНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

«Ғылыми бағдар» модулі төмендегі пәндерден тұрады:



  • Информатика

  • Философия және этика

  • Академиялық жазылым және оқылым

  • Қазақ тілі

  • Дене тәрбиесі

«Ғылыми бағдар» модулі студенттердің болашақ мамандықтары бойынша және пәнаралық контекст аясында философиялық дүниетанымының қалыптасуына, оқу тілінің лингвистикалық нормаларына сай ғылыми жұмыстар жазудың негізгі және танымдық дағдыларын игеруге, заманауи ақпараттық технологияны қолдануға бағытталған.



Құзыреттіліктер:

Модульді игергеннен кейін нәтижесінде студент

  • әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен фактілерді талдау мен бағалау үшін философиялық категориялар мен қағидаларды пайдаланады; интеллектуалды дамуы үшін танымның негізгі тәсілдері мен құралдарын қолданады;

  • құжат, есеп, сайт, презентация мәтіндерін құрастыру тәжірбиесінде қолданбалы бағдарламаларды MS Word, MS Exel, Google Document, Presi com, Pecha Kucha, Corel Video және т.б пайдаланады (мәліметтерді енгізу, өңдеу және талдаудың ақпараттық технологиясын қолдана білу);

  • ғылыми-практикалық зерттеулер үшін керекті ақпаратты табалады және пайдалану;

  • кәсіби және ғылыми мәтіндерді құрастыру барысында академиялық талаптарға сәйкес ғылыми-кәсіби зерттеулерді жинақтау, талдау, салыстыру, түсіндіру;тілдік білімдерін қолдану;

  • кәсіби-бағытталған байланыс аясында және мәдениаралық қатысым контексінде ғылыми-публицистикалық тілдің ауызша және жазбаша мәдениетін қолдану;


Модуль бойынша тапсырманың қысқаша сипаттамасы:

Модульдік тапсырма дегеніміз модуль аясындағы пәннен алған білімінің мазмұны мен деңгейін анықтайтын белгілі бір тақырып бойынша топта(4-5 студент) атқарылатын жұмыс. Жұмыстың нәтижесінде ғылыми жобаның мәтіні жазылып, сол мәтіннің негізінде слайд презентация дайындалады. Бақылаудың қорытындысы студенттердің ғылыми практикалық конференциясында ғылыми жобаны қорғау болып табылады.

Ғылыми жоба дегеніміз философия, әлеуметтану, лингвистика немесе басқа да ғылымдар бойынша нақты бір ғылыми мәселені немесе сұрақ аясында зерттеу жүргізу. Ғылыми мәтіннің құрылымына сыртқы мұқаба, мазмұн, кіріспе, екі немесе үш тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиет тізімі және қосымша жатады. Ол жеке туынды болуы керек ( жазылған мәтіннің Қорытынды баға алу үшін студент модуль тапсырмасы бойынша белгіленген уақытта ғылыми жұмыстардың мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптарға сай ғылыми мәтінді және конференцияда сөйлейтін презентациясын әкелуі керек.
Ғылыми жоба жазуға ұсынылатын нұсқау:
Кіріспеде жобаның өзектілігі, мақсаты, міндеттері, қолданылған әдіс-тәсілдері, нәтижесі, жұмыстың құрылымы жазылады.

Негізгі бөлімнің мәтіні 7 беттен аспауы керек, ол 2-3 тараудан болуы мүмкін. Бірінші тарауда осы мәселе бойынша ғылым әдебиеттерге шолу жасалып, отандық және шетелдік ғылымда зерттелуі болу керек, ал екінші тарауда ( практикалық бөлімінде немесе өзіндік зерттеу бөлімінде) ғылыми мәселенің нәтижесінің нақты талдауы (өткізілген сауалнаманың салыстырмалы талдауы) көрініп тұруы керек.

Қорытынды да кіріспеде қойылған міндетке сәйкес негізгі нәтижелері, сондай ақ осы ғылыми мәселенің болашағы туралы жазылуы тиіс.

Пайдаланылған әдебиет тізімінің құрамында ғылыми жобаның тақырыбы бойынша кем дегенде 10 дереккөзі болуға тиіс.



Слайд презентация жазылған мәтіннің негізінде құрастырылып, ғылыми жобаның мазмұнына толық сәйкес болып, ғылыми зерттеу жүргізген студенттің ой өрісін көрсету қажет.
Модуль тапсырмасын бағалау межелері

1

Ғылыми жобаның құрылымы (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), ғылыми жобаның тақырыбы бойынша кем дегенде 10 дереккөзінен тұратын және талапқа сай ресімделгенәдебиет тізімінің бар болуы. Ғылыми жобалар тән академиялық, логикалық, дәлелдемелік ерекшеліктердің болуы.

20 %

2

Ғылыми жобаның негізгі ережелері туралы білуі және сұрақтарға жауап беру дағдысы мен ғылыми пікірталасқа қатысуы ( жоба тақырыбы, ғылыми түсініктер мен терминдер мазмұны, жоба тақырыбының өзектілігі, қолданылған әдістер, зерттеу нысанының ерекшелігі, алынған мәліметтердің талдауы, нәтижелердің растығы, қорытынды жасау дұрыстығы және т.б.)

20%

3

Ғылыми жобаның мазмұн бойынша негізгі талаптар мен ғылыми жоба мәтінін ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігі (тарау атауларының жинақылығы, дәйек сөздер, әдебиет тізімі, сілтемелердің ресімделуі, абзацтардың қатаң сақталуы).

20%

4

Ғылыми жобаның мәтін және слайд презентациялардың мазмұнына сәйкестілігі, сонымен қатар қолданылған бағдарламаның, суреттердің, диаграммалардың, кестелердің және т.б. тиімділігі.

20%

5

Ауызша сөйлдеудің академиялық сипаты, соның ішінде әдеби тілде сөйлей алатынын көрсете алуы, ғылыми жобаны қорғау ғылыми сөйлеу техникасына қойылатын талаптарды білуі (ауызекі сөйлеу стилінің болмауы, терминологиялық нақтылық, комплиментарность и т.б.)

20%




Қорытынды

100%


Модульдік жобаның тақырыптары:

Модуль тапсырмасының тақырыптары

Әдебиет

Апта




  1. Қазақстандық жастардың тілдік бейнесі (ғаламтор, әлеуметтік желі, микроблог, блог материалдары бойынша): әлеуметтік-философиялық аспект

  2. Қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтар иерархиясындағы «достық» ұғымы

  3. Ғаламтордағы тілдік агрессия: себептері, салдарлары, мәселені шешу жолдары




  1. Радаев В.В. Как организовать и представить исследовательский проект: 75 простых правил. - М.: ГУ ВШЭ, ИНФРА М, 2001. – 202 с. (Элек. вер.: http://narod.ru/disk/2882665000/radaev.rar.html)

  2. Короткина И. Академическое письмо. Учебно-методическое для руководителей школ и специалистов образования. Lap Lambert Academic Publishing GmbH and Go. Saabrucken Germany, 2011. –P.179.

  3. Исенова Ф.К. Учебно-методическое пособие по изучению дисциплины «Академическое письмо и чтение» (Модуль 2 «Научная ориентация»). – Астана: Изд-во Университета КАЗГЮУ, 2015. – 144 с.

3 апта-

алғашқы есепті өткізу


5 апта -

есепті талқылау

7 апта


модуль тапсырмасын өткізу


МОДУЛЬ ПӘНДЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ

ИНФОРМАТИКА


Тақырып

тақырыбы

Өткізу формасы

Контактілі сағаттардың саны

СӨЖ тапсырмасы/

Ескерту



Кіріспе Студенттердің ақпараттық мәдени деңгейі

кіріспе дәріс

1

Студенттердің таңдаған мамандықтарына байланысты бағдарламалық қамсыздандырылуына шолу жасау.



Ms Word құжаттарын өңдеудің кешенді технологиялары

практ., лабор.

2

Типтік құжатты құру: жөнелтпе құжат, орындаушы парағының бланкін құру.



Интернет құжаттарын құру технологиясы

лабор.

1

Сауалнама, тест, презентацияларды құру және толтыру.



Ақпараттық қорғаудың әдісі мен технологиясы

лабор.

кейс- метод



1

Кейс: «Ақпараттық қауіпсіздікті құқықтық реттеу»



Деректерді талдау

СОӨЖ

1

Кейс: Кәсіби қызметте ақпаратты өңдеу, сақтау және жіберуде ДК үшін оптималды конфигурациясы мен БҚ таңдау.



Жобалаудың Интернет технологиялар ы және Web-порталдарды қолдану

практ., лабор

2

Өзінің компаниясы(туристік фирма, нотариалды контора, жеке кәсіпкерлік т.б.) туралы сайтты ұсыну.



MS Equation құралы көмегімен модульдік тапсырма тақырыбына сәйкес құжатты рәсімдеу тапсырмасын шешу.

СОӨЖ

1

Таңдалған тақырып бойынша модульдік тапсырманың мәтінін ресімдеу жұмысы


MS EXCEL ЭЛЕКТРОНДЫ КЕСТЕСІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



Электронды кестелерде автоматты толтыру және есептеу: формулалар, функциялар, салыстырмалы, абсолютті және аралас сілтемелер.

практ.

1

MS EXCEL-дің параметрлері бойынша қарапайым есептеулерге есептер шығару.



ЕГЕР логикалық функциясы көмегімен пайыздарды, үстемелерді, коэффициенттерді есептеу.

практ.

кейс-әдіс




1

Кейс: «Қылмыскерді ізі бойынша физикалық деректерін анықтау»



Ұяшықтарды шартты форматтау. Қорытынды кестелерді қолдану.

лабор.

2

Жасалған келісім шарттардың пайдалану мерзімін бақылауда MS Excel-ді қолдану.



Бірнеше офистік бағдарламаларда жұмыс: ақпаратты ауыстыру және алмасу (MS Excel-ден MS Word-қа) .

СОӨЖ

1

Ақпаратты алмастыру және ауыстыру (MSExcel-ден MSWord-қа).



Тиімді жоспарлау

лабор.

2

Кейс: Неғұрлым көп пайданы қамтамасыз ететін өндірістің жоспарын қалай құру қажет?»

«Поиск решений» құралы арқылы тиімді жоспарлау. Кейс: «Қазылар жүктемесі».





MS EXCEL-де корреляциялық тәуелділікті есептеу.


лабор.

2

«Банктік карточка түрінің идентификаторын алғашқы төрт цифры арқылы анықтау», «Қызметкерлердің ай сайынғы үстемақысын анықтау».



Консолидация құралдарын қолдану арқылы тізім берілгендерін талдау. Консолидация әдістері: категория бойынша, орналасуы бойынша.

практ.

кейс- метод



2

Кейс: «Демалу турының құнын есептеу».

Қонақ үйінің жұлдызшасына, тасымалдау, авиакомпанияны таңдау, сақтандыру компаниясын таңдау, визалық сүйемелдеуге байланысты турдың құнын есептеу.





Графикалық талдау. Жоспарлау мен басқарудағы іскерлік графика.

практ

1

Тапсырма: «Қылмыстықты түрлері бойынша жылдарға қарай салыстыру деңгейі», «Аудармашыларға арналған бағдарламалар рейтингісі».



Тапсырмаларды, кейстерді шешу

СОӨЖ

1

Тапсырма : «Сатудан түскен пайда», «Жалақыны есептеу», «Валютаны айналдыру пункті», «Маусымдық қылмыстылықтың индексін есептеу».



Сәйкестендіру кестесі негізінде деректерді талдау. Кірістірілген функцияны қолдану механизмі, негізінде берілгендерді талдау.

практ

1

Ұзақ мерзімді салымдардың, депозиттердің, қарыздардың, кредиттердің тапсырмалары.



Регрессиялық модельді кестелік процессор арқылы құрастыру. Регрессиялық модель бойынша болжамдау.

практ.

кейс- метод



1

Кейс: «Қылмыстылықтың даму динамикасын болжамдау».



Сұрыптау арқылы деректерді талдау.

Сүзу негізінде деректердегі тізімдерді талдау



лабор

2

Ақпараттық қорларды құру



MSExcel-де макростарды қолдану. Автоматтандырылған есептеулерді құру.

лабор

1

Автоматтандырылған есептеулерді құру

МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР КӨМЕГІМЕН АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ



Мультимедиа-қосымшалар және оларды жасақтау орталары.

практ

1

Презентацияларды SlideRocket, 280 Slides, AppleKeynote, Haiku Deck бағдарламаларында ұсыну.



Бейне файлдармен жұмыс істеу.

практ.

2

SONY Vegas Pro, Pinnacle Studio, Movavi Video Editor-дабейнефильмдерқұрастыру.



Электрондық құжаттарды плагиатқатексеру бағдарламалары (Text.ru, antiplagiat.ru, etxt.ru). Модульдік тапсырма мәтінінің уникалдық бағасы

СОӨЖ

1

Модульдік тапсырма элементтерін (электронды құжат, видео, презентация және т.б.) қорғауға дайындаудың техникалық жабдықтауының талаптары

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ҚҰРУ



Автоматтандырылған жүйелер. Деректер қорын құру. Деректермен автоматтандырылған жұмыс.

практ

1

ДҚБЖ-де ақпаратты таңдау, іздеу және өңдеу.



«Электрондық үкімет» мүмкіндіктерін қолдану. «Cabinet.salyk.kz» салықшының кабинеті: жеке және заңды тұлғалар үшін салық декларациясын тапсыру.

практ

1

Сайтқа тіркелу, өтініш толтыру, ХҚКО арқылы шифрлеу кілтін алу), ЭЦҚ –ны қолдану арқылы қызметтер түрлерін рәсімдеу (мекен – жай анықтамасы, жылжымайтын мүлік күйін анықтау, сотты болушылық күйі, зейнетақы туралы анықтама т.б.).



Құқық, экономика және білім берудегі ақпараттық экспертті жүйелер. Білім қорларының моделі негізінде эксперттік зерттеулерді автоматтандыру.

практ

1

Ақпараттық – құқықтық жүйелерге шолу: «Сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрі», «Қадағалау» АЖ.



Ақпараттық технологиялардың болашағы

мульт.дәріс

1






ФИЛОСОФИЯ. БИЗНЕС ЭТИКАСЫ




Тақырып

Өткізілу түрі

Байл. сағ. саны

СӨЖ тапсырмасы/ Ескерту

1

Философия, пәні мен қызметтері. Философия және бизнес этикасы: мәселеллері мен дамуы

Кіріспе дәріс

2

Осы тақырып бойынша «Философия» курсына кіріспе атты дәріс.

Философияның мәні, пәні мен қызметтері.

Семинар

1,5

Конспект дайындау

2


Философия тарихы.

Ежелгі дүние философиясы. Ежелгі Шығыс философиясы.



Дәріс

1,5

Ежелгі Үнді және ежелгі Қытай философиялық идеялардың салыстырмалы анализ (ерекшеліктері мен айырмашылықтары)

Ежелгі Шығыс философиясы.


Семинар

3

Топтық жұмыс.


Философия, пәні мен қызметтері. Қазіргі заманда философиялық пән ретінде этиканың пәні мен мағынасы.

Ежелгі Шығыс философиясы.




Кеңес беру сағаты


2

ТТөмендегі тақырыптар бойынша эссе жазу немесе бірнеше шешімдермен кейс құрастыру:

а) «Мораль және бизнес»;

б) «Моральдік жауапкершілік және

моральдік сана»;



3


Антикалық философия


Дәріс

3

Өзбетінше Зенонның апорияларын қарастыру

Антикалық философия


Семинар

3

Топтық жұмыс, презентация дайындау

Антикалық философия


Кеңес беру сағаты

2

Көрсетілген философиялық бағыттар бойынша өз бетінше қарастыру, конспект жазу

4

Ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы.

Дәріс

3




Ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы


Семинар

3

Семинарға инллект-карта дайындау: сұрақтың мазмұны суретте, схема көрсетілуі керек, қорғау

Өтілген тақырыптар бойынша аралық бақылау өткізу

Кеңес беру сағаты

2

Ауызша қорғау

5

Қайта Өркендеу дәуірі философиясы

Дәріс

1,5




5

Қайта Өркендеу дәуірі философиясы


Семинар

1,5

Сұрақтарды қарастыру: Бизнестегі саяси принциптер. Макиавеллизм. Абстрактілі гуманизм.

6

Жаңа Дәуір философиясы

Дәріс:

1,5




Жаңа Дәуір философиясы


Семинар

1,5

Интеллект-карта құрастыру.


XVIII ғасыр Европаның Ағартушылық философиясы

Кеңес беру сабағы

2

кейс және презентация құрастыру.

7

Классикалық неміс философиясы

Дәріс



1,5

Берілген тақырып бойынша алдын ала оқу және дәріске жазбаша конспект дайындау

8

XVIII ғ.соңы – XXI ғ.басындағы философия.

Дәріс


3

Аудиторияның алдында ауызша қорғау

9


Қазақ философиясы

Дәріс

1,5




Қазақ философиясы

Семинар


1,5

Конспект дайындау

10

Дүниені философиялық түсіну негіздері.

Дәріс

1,5




11

Диалектика теория мәселелері.

Дәріс

1




12

Даму мен іздеу жолындағы философия. Философиялық антропология.



Семинар

3

«Зерттеу интервью» жүргізу:

13

Әлеуметтік философия. Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін философиялық пайымдау

Семинар

2

Кестеде толтыру




Өтілген тақырыптар бойынша білімді тексеру, аралық бақылау

Кеңес беру сағаты




1.Рефлексивтік журнал

2. 1 жылға жеке даму жоспарын құрастыру



14

Мультимедиялық немесе он-лайн дәрісі




2




15

Қонақ дәрісі




2







Барлығы: байланыс сағаттар




45

Кеңес беру сағаттар (сабақ кестеге сәйкес) -10 сағат


АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚЫЛЫМ


апта

Тақырып

Өткізу түрі

Байл. Сағат саны

СӨЖ тапсырмасы/

ескерту

1

Ғылым дегеніміз не? Ғылыми зерттеуді қалай жүргізуге болады. Зерттеу тақырыбын таңдау және мәселені анықтау. Ғылыми әдебиетпен жұмыс.

практикалық

5 с.




2

Ғылыми мәтіннің басты жанрлары. Академиялық мәтінді жазуға дайындық (эссе).

Қателерді талдау (құрылымы, тірек сөздер, идея)



практикалық

5 с.

Тақырып: «КАЗГЮУ кітапханасының ғылыми залында жұмыс жасау»

  1. КАЗГЮУ Университеті кітапханасының жұмысымен танысу.

2. Орындалған жұмыс бойынша жазбаша есеп дайындау ( көлемі 1 бет)

3. Берілген тақырыпқа эссе жазу (1-параграф - кіріспе) (20 сағ.)



3

Ғылыми жоба жазу. Кіріспенің құрылымы мен мазмұны. Ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдіс-тәсілдер.

Эссенің кіріспе бөлімін жазудың ерекшеліктері. Эсседе дәйектер келтірудің тәсілдері.



практикалық

5 с.

Тақырып: «Модуль тапсырмасы тақырыбы бойынша жұмыстардың алғашқы кезеңі»

  1. Модуль тапсырмасының құрылымдық элементтерін (тараулар мен тараушалардың тақырыптарын) көрсете отырып, конспект-жоспарәзірлеу (көлемі – 1 бет).

  2. Модуль тапсырмасы кіріспесінің алғашқы нұсқасын оқытушыға тексеруге ұсыну (көлемі - 1 бет).

3. Ғылыми жоба тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстар тізімін дайындау (кемінде 10 дереккөз).

4. Берілген тақырыпқа эссе жазу (3 параграф - дәйектер) (19 сағ.)



4

Ғылыми стиль. Академиялық мәтін тілі.

Ғылыми мақала - ғылыми зерттеулерді таныстырудың бір түрі. Ғылыми мақалаға берілетін пікір. Абстракт және аңдатпа.




практикалық

5 с.




4

Бақылау жұмысы:

Абстракт өткізу (Көлемі -150-200 сөз).

Құрылымы (өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны мен пәні, әдістер, нәтиже, тірек сөздер).











5

Академиялық мәтіннің құрылымы. Ғылыми жобаның алғашқы нұсқасымен жұмыс.


практикалық

5 с.




6

Ғылыми жобаны аяқтау және редакциялау.

Ғылыми жобаны (модуль тапсырмасы) қорғауға дайындық. Ғылыми мәтінді редакциялаудың тәсілдері.

Академиялық стильге қойылатын талаптар.


практикалық

  1. с.

Тақырып: «Модуль тапсырмасы тақырыбы бойынша жұмыстардың негізгі кезеңі»

1. Ғылыми жоба 1-тарауының алғашқы нұсқасын көрсету

2. Ғылыми жоба 2-тарауының алғашқы нұсқасын көрсету

Титулдық бет, әдебиет тізімі мен қосымшаларды ресімдеудің алғашқы нұсқасын көрсету



3. Берілген тақырыпқа эссе жазу (5 параграф; 1,5-2 бет, А4 пішімде) (18 сағ.)

7

Мәтінмен жұмысты ұйымдастырудың тәсілдері. Сыни ойлау. Қателерді талдау.


практикалық

5 с.

Тақырып: «Модуль тапсырмасы тақырыбы бойынша жұмыстардың қорытынды кезеңі»

1. Ғылыми жоба мәтіні бойынша презентация әзірлеу. Презентация құрылымы мен мазмұнын, оның жоба мәтініне сәйкестігін талдау (10-12 слайд).

2. Қорғауда сөйлейтін сөздің мәтінін дайындау (А4 пішімде 2 бет) (18 сағ.)


8

Курс/диплом жұмысы – студенттің ғылыми жұмысының негізгі бір түрі. Академиялық мәтіндердің күрделі түрлері.

Пікір – орындалған ғылыми жұмысты бағалаудың формасы.



практикалық

4 с.




8

Бақылау жұмысы:

Абстракт өткізу (Көлемі -150-200 сөз).
















Барлығы




39 с.

75 с.


Экскурсия, мультимедиялық, кіріспе дәріс


Апта

Тақырыбы

сағат


5


Экскурсия. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс.

Ұлттық кітапханадағы ғылыми әдебиеттер каталогімен танысу.



2




Барлығы:

2

ҚАЗАҚ ТІЛІ






Тақырыптар

Өткізу түрі

Сағат саны

СӨЖ тапсырмасы/

ескертулер

1

Эссе, оның стилистикалық ерекшеліктері туралы жалпы түсінік

Практикалық сабақ

1

  1. Эссе жазу тәртібі туралы ғаламтор қорындағы дереккөздерден конспект әзірлеу:

2) Түрлі тақырыптағы эсселерді талдау

2

Эссе құрылымы (жоспар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды)

Практикалық сабақ

2

1) Төмендегі тақырыптар бойынша эссе жоспарын құру: а) «Сенім мен білімнің қарама-қарсы және түйісетін тұстары (ортағасырлық философия материалдары бойынша)»

ә) «Қоғам мен идеалды мемлекет туралы платондық тұжырымдама»

2) Жоспардың дұрыстығына дәлелдеме келтіру.


3

Дәйексөздерді қолдану және ресімдеу


Практикалық сабақ

2

Берілген эссе тақырыбына дәйексөздер әзірлеу (ғылыми жоба тақырыбына қатысты материалдар негізінде).

4

Қазақ тілінің лексикалық нормалары


Практикалық сабақ

2

  1. 1) Модуль тапсырмасы тақырыптарының біріне эссенің жоспарын құру және негізгі бөлімін жазу (таңдау бойынша).

  2. 2) Лексикалық құралдардың қолданылуын негіздеу.

5

Бақылау жұмысы:

Өтілген материалға шолу. Қатемен жұмыс



Практикалық сабақ

1

  1. «Ортағасырлық араб философиясындағы адам мен оның өмірі туралы көзқарастар» тақырыбына эссе жазу. Талаптар: эссе мазмұнының берілген тақырыпқа сәйкестігі және эссе құрылымының сақталуы

6

Қазақ тілінің грамматикалық нормалары


Практикалық сабақ

2

  1. 1) Модуль тапсырмасы тақырыптарының біріне эссенің жоспарын құру және негізгі бөлімін жазу (таңдау бойынша).

2) Қазақ тілінің грамматикалық нормаларының сақталуын негіздеу.

7

Қазақ тілінің фразеологиялық, стилистикалық нормалары

Практикалық сабақ

2

Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігімен жұмыс. Сөздіктен 10 фразеологизмнің мағынасын түсіндіру.

8

Эссе жазу кезінде салыстыру, жинақтау, қорытындылау әдістерін қолдану

Практикалық сабақ

2

1) «Ортағасырлық араб философиясындағы адам мен оның өмірі туралы көзқарастар» тақырыбына жазылған эсседен мәтін бөліктерін байланыстырушы құралдарды көрсету.

2) Мәтіннен салыстыру, жинақтау, қорытындылау әдістері қолданылған фрагменттерді көрсету және оларды қолданудың уәжділігін дәлелдеу.



9

Бақылау жұмысы:

Эссе. Қатемен жұмыс



Практикалық сабақ

1

Эссе жазу

БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

Бағалау жүйесі студенттерді жоспарлы, жүйелі түрде өзіндік жұмысына ынталандыру үшін бағалау межесіне төмендегі компоненттер енгізілді:

Бақылау түрі

Өткізу түрі


Балдары

Жұмыс саны

 

Ағымдық (АБ)



Дәріс, семинар/ практикалық, зертханалық, СӨЖ

0-100

Пән силлабусына сәйкес

Модуль бойынша бақылау


Модульдік тапсырма

(7-8-апта)



0-100

1

Қорытынды (ҚБ)

Экзамен

0-100

1

Студенттердің рейтингісі рейтинг аптасында өткізіледі (4 және 8-апта)

Кеңес беру сағаттарында (СОӨЖ) студенттердің қатысуы есепке алынбайды. Сабақтың бұл түрінде сонымен қатарпән бойынша бақылау тапсыру қарастырылған.

Рейтинг балдарының қосындысы мен модуль тапсырмасының балынан жинақталған бағасы бойынша емтиханға жіберіледі.

Емтиханға 2 рейтинг (Р1 және Р2) бойынша қосындысында 100 балл және модуль тапсырмасынан(Р3). 50 балдан төмен алмаған студент жіберіледі.

Пән бойынша емтихан 9-10-апталарда өткізіледі. Емтихан материалында курс бойынша оқылған барлық материалдар қамтылады: дәріс материалдары,семинар/ практикалық, зертханалық сабақтар. Пән бойынша қорытынды баға (100%) төмендегі формуламен есептеледі:



И% = ((Р1+Р2)/2+Р3)/2 * 0,6 + Э*0,4

САБАҚҚА ҚАТЫСУ

Сабақтарға қатысу есебіпәнніңәр кредитіне дәріс, семинарлық, практикалық, лабораториялық сабақтары бойынша 3 сағаттан артық жіберілген жағдайда пәннен алыстату ережелерін қолдану мақсатында жүзеге асырылады.



2-Қосымша Ғылыми жобаны ресімдеуге қойылатын талаптар
Ғылыми жоба мәтінін ресімдеуге қойылатын талаптар:

Ғылыми жұмыстың мазмұны мен құрылымы:

- мәтінге келесі құрылымдық бірліктер енеді: титул парағы (1 бет), мазмұны (1 бет), кіріспе (1-1,5 бет), екі тарау (6 бет), қорытынды (1 бет), әдебиет тізімі (1 -2 бет), қосымша (жұмыс көлеміне кірмейді);

- кіріспеде жобаның өзектілігі, мақсаты, міндеттері, қолданылған әдіс-тәсілдері, нәтижесі, жұмыстың құрылымы беріледі;

- теориялық бөлімінде:жоба тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерге шолу;

-практикалық ( зерттеу) бөлімінде: жоба тақырыбы бойынша өткізілген талдаудың нәтижесі;

- қорытындыда: жоба міндеттеріндегі қойылған қорытынды мен нәтиже шешімі;

- пайдаланылған әдебиет тізімінің құрамында ғылыми жобаның тақырыбы бойынша кем дегенде 10 дереккөзі болуға тиіс.





Техникалық ресімдеу:

- мәтінді техникалық талаптарға сәйкес ресімдеу::Windows-қа арналғанMicrosoftWordредакторы,бет өрістері: сол – 3 см, он – 1,5 см, жоғарғы және төменгі – 2 см.; шрифт TimesNewRoman, өлшемі – 14 пт; жоларалық интервал – 1; ені бойынша түзету; абзац шегінісі 0,8 см; интервал – 0 см, парақ бағдары – кітаптық; бет саны төменгі жағында ортасынан (выравнивание по центру); суреттер (диаграммалар, кестелер) нөмірленуі және мазмұнына сәйкес аталуы қажет.

- бөлім аталуары жұмыстың мазмұына сәйкес келуі қажет ( кіріспе және қорытынды нөмірленбейді);

- көлемі – А4 форматындағы 10-15 бет.

- мәтіннің тұпнұсқалығы мақала көлемінің кем дегенде 75% болуы қажет (Антиплагиат бағдарламасына тексерілуі қажет);

- жоба қорғауға жіберу: бақылау нормасынан өту.




Презентацияға қойылатын талаптар
  • Слайдардың саны жобаны қорғау мазмұны мен ұзақтығына сәйкес келуі қажет (5-минуттық қорғауда 12-15 слайдтан артық болмауы қажет)
Көрнекілік:
  • Суреттер тақырыпты неғұрлым ашып тұратын, мазмұннан назарды аудартпайтындай болуы қажет;
  • Суреттің сапасы жоғары, анық болуы шарт
  • Ақпараттың көрнекілігі қолданылуы қажет (кестелер, сызбалар, диаграмма, графика және т.б.)
Дизайн және баптау
  • Слайдтарды ресімдеу тақырыпқа сәйкес, мазмұнын қабылдауға кедергісін тигізбеу қажет
  • Барлық слайдтар үшін ресімдеудің бір шаблоны қолданылады
  • Мәтін оңай оқылады (түстері, өлшемі ескерілу қажет, мысалы мәтін түсі мен фон түсі бір түстес, туыс түстер болмауы қажет)
  • презентация эффектілермен тым жүктелмеуі қажет
Мазмұны:
  • презентация зерттеудің негізгі кезеңдерін көрсетуі қажет (мәселе, мақсат, гипотеза, жұмыстың барысы, қорытынды, ресурстар)

Ғылыми жобаның титулдық бетін ресімдеу үлгісі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК ДАЯРЛЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ


ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ
ҒЫЛЫМИ ЖОБА


Орындағандар: М-105 тобының студенттері

Төлеутаева П.Н., Ахмадиева К.Г.



Хамитова Қ.Ы., Ысқақова М.Д.

АСТАНА-2015

МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ

2

1ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЗЕРТТЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

3

1.1 Қазақ терминологиясының зерттелуі мен дамуы

4

1.2 Салалық терминдер – лексиканың ерекше қабаты

6

2 ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ АУДАРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

8

2.1 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі экономикалық терминдердің лингвистикалық сипаты

8

2.2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі экономикалық терминдердің аударылу жолдары

10

ҚОРЫТЫНДЫ


13

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ


14

ҚОСЫМША

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ

15


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ



  1. Короткина И. Академическое письмо. Учебно-методическое пособие для руководителей школ и специалистов образования. - LAPLAMBERTAcademicPublishingGmbH&Co. Saarbrucken, Germany, 2011. - 180 с.

  2. ДжеймсЭ. Райнкинг, ЭндрюУ. Харт, Роберт фон Дер Остен. Композиция. Шестнадцать уроков для начинающих авторов. – Москва, «Флинта», 2009. -467 с.

  3. Исенова Ф.К. Академическое письмо и чтение. Учебное пособие. –Астана, «КАЗГЮУ Консалтинг» ЖШС, 2015. -123 с.

  4. Сыздықова Р. Тіл мәдениеті. Монография. –Алматы: Ғылым, 2013. -230 б.







©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет