«музыкалық білім» кафедрасы



жүктеу 0.51 Mb.
бет1/2
Дата04.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ» КАФЕДРАСЫ

Құжат СМК 3 уровня

ПОӘК


ПОӘК

042-18.1.32/02-2014

ПОӘК «Дауыс қою» пәннің оқу-әдістемелік құралы

Редакция № 1 28.08.2014 ж.

« Дауыс қою»

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010600 «Музыкалық білім» мамандығы үшін




2014-2015 оқу жылы





ПОӘК

042-18.1.32/02-2014

Ред. № 1 29.08.2014 ж.

Бет 2/ 31

Мазмұны:





1

1 Глоссарий













2

2 Тәжірбиелік сабақтар













3

3 Студенттің өздік жұмысы














































































ПОӘК

042-18.1.32/02-2013



Ред. № 1 29.08.2014 ж.

Бет 3 /31


ГЛОССАРИЙ

Вокализ” – дауысты дыбыстардың көмегімен әуенді айту.



«Артикуляция» -сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметі.

«Фонема» - тілдегі сөздің мағнасын және сөздің тұлғалық көріністің түрлендіруге себеп болатын тіл дыбыстары

«Фонация – (phone)» – (звук., грек тілінде) - дыбыс алу.

«Резонатор» - дыбысты маңғыртып күшейтуші қызмет атқаратын мүше, немесе күшейткіш орынды, аумақ. Резонаторлар кеуде және бас резонаторлары болып екіге бөлінеді.

«Регистр» - лауыс диапозонының дыбыс қатарының өзінің дыбыс бояуымен ерекшеленуі

«Орфоэпия» - грек тілінде «огfоc» - дұрыс, «eроэ» - сөз.

«Ырғақ» - дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасы. Ырғақтың музыкада атқаратын ролі ерекше.

«Лад» – тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың үндесеінен пайда болған дыбыс қатары. Түрлері:

«Мажорлық лад» - ашық, көңілді, салтанатты сезімді білдіреді.

«Минорлық лад» - жұмсақ, мұңды,ұяң, ой туғызады. Лад башқыштары жетеу болады. (Тоника, қосымша басқыш, медианта, субдоминанта, доминанта субмедианта және қосымша басқыш). Олар I-II-IV-V-VI-VII болып рим сандарымен белгіленеді.



«Тональдік» – лад дыбыстарын өзара бірмстігінің қандай биіктікте тұратын білдіретін ұгым.

«Ырғақ» - дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасы.

«Екпін, темп (жылдамдық, шапшаңдық)» – музыкалық шығарманың ойналу жылдамдығын желісі.

Екпін түрлері: Presto - шапшаң, тез

Allegro – екпіні жылдам жүруін.

Moderno - умеренно, орташа, асықпай

Andante – не спеша, спокойно, асықпай, байсалды.

Gento – медленно, жай

Yardo – широкий, өте жай, кең, шалқыта.

«Агогика» – (грек тілінде – қозғалыс, қимыл). Әндегі агогика суреттеу құралдарына жатады.



Acce Merando – ускоряя, шығарманың шапшаңдығын жылдамдату;

Pitenuto – замедляя, шығарманың шапшаңдығын жайлату;

Allarando – расширяя, замедляя, шығарманың шапшаңдығын кеңейту, жайлату;

PuuMosso – более подвижно, жылдамдата;

MeneMosso – менее подвижно, жайлата;

«Дикция» – (латынша) – айтылу, айту деген мағына.

«Дауыс биіктігі» - әншінің дауыс желбезектерінің бір секунд көлеміндегі тербеліс жиілігімен (амплитудасы) анықталады. Дауыс тембрі (әуезділігі) дыбыс желбезектерінің тербелісі нәтижесінде обутондармен байытылуы барысындағы әрленуі.



«Дауыс күші» - дыбыс желбезектерінің амплитудасы, яғни тербеніс қозғалысының қорқындылық кеңдігі.

«Фальцеттік» (италия тілінде жасандылық деген мағына береді) - қасиет тон.

«Дыбыс» - әуеннің ең бір кішкене белгісі.

Әнші дауыстары ерлер дауысы, әйелдер дауысы, балалар дауысы және әліңішпе дауыстар, жуан, төменгі дауыстар болып бөлінеді.



«Тенор» – лирикалық және драмалық болып бөлінетін, ерлердің әліңішпе дауысы. Тенордың дауысдиапозоны 1 октаваның ре – кейде кіші октаваның «ми» дыбысы мен 2 октаваның «ре», «ми» дыбыстары аралығын қамтиды.

Бас және баритон ерлердің жуан дауыстары. Борибоның диапозоны үлкен октаваның «ЛЯ» және І октаваның «ФА», «СОЛЬ» дыбыстары, ал бас дауысының диапазоны үлкен октаваның «МИ» және І октаваның «ФА» дыбыстарының ауқымын алады. Бас дауыстылардың контроктаваның «СОЛЬ» және кіші октаваның «СИ», «СИ» «СИ-БЕМОЛЬ» дыбыстарының аралығында еркін ән сала алатындар ең төменгі жуан дауыстылар «бас неофунде» немесе октавиеттер деп аталады.

Әйелдер дауыстары сопрона, мецо – сопрано, контральто деп бөлінеді.

«Сопрано» – лирикалық, драмалық және лирика – драмалық болып жіктелетін әйелдердің жіңішке дауысы.



«Ән» – үнділік, көркемдік қасиеттері бар әуеннен құралады.

«Романс» – испан тілінен алынған. Орта ғасырда Испанияда жергілікті роман тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда болып, ХҮІ ғасырдан бастап «романс» жанр болып тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналған, музыкалық сүйемелеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармалардың қатарына енеді.

Романстың әннен айырмашылығы, екі – үш бөлімнен құралып, кең ауқымды, терең сезіммен, баяу екпінмен орындалатын ән. Жай әндер мен романстардан басқа көлемді әндер де бар, олар ария, ариетта, аризо, каватина, баллада және т.б.

«Баркаролла» – (Италия тілінен қайық) қайықшылардың, балықшылардың әні. Өте салмақты, өлшемі көбінесе 6/8 (мысалы: «Венецианская ночь» М.Глинки, «Спит безмятежно моря», Моцарттың «Идоменей» деген операсынан алынған.

«Элегия» – (грек тілінен аударғанда арыз айту әні). Ән көңілсіз, терең ойлы мінезі болады. Фортепианоға арналған атақты элегиялар С.Рахмановтың, Чайковскийдің шекті оркестрге арналған Серенададан алынған элегия, дауысқа, фортепианоға, виоленчельге арналған Вик.Калинкованың элегиясы жатады.

«Кантата» – (латын тілінен аударғанда Kantate - өлең айту). Ең басында аспаптық сүйемелдеу жалғыз дауысты айтылатын пьеса түрінде пайда болады. ХҮ – ХҮІ ғ.ғ. басқа еуропалықтар сияқты италияда кәсіби музыкалық қалыпта, үлкен полифониялық стильде дамыды. Контатада операдан кейін дамып кең ауқымды тарала бастады. Ол өзіндік ерекшелігімен қалыбы жағынан арниялық, мінезі жағынан речитативтік жағынан операға жақын болады.

ХҮІ ғ. Аяғында Флоренцияда композиторлар мен әншілердің қауымдастығы мен көркем үйірме ашылып, өнердің көне түрін қалпына келтіруге үлкен жұмыс жасады. ХҮІІ ғ. Италия контантаның маңызы, бөліктері махаббат лирикасымен ерекшеленеді. Кантата жанры пайда болғаннан кейін оның жаңа түрлері пайда бола бастады. Мысалы, рухани кантатада.

Кантата кең қанат жайды. Көбінесе Германия мен Англияда хор кантаталары көп тарады. Кантата немістің атақты композиторы И.С.Бахтың мәдени шығармашылық өте жоғары орын алады. Бах шіркеудің жанынан кеңсе ашып, кұдайға сыйына отырып әуен шығарады. Осылайша Бахтың 300-ге жуық кантатасы жарық көреді. Олар философиялық, лирикалық, рухани, комедиялық кантата болды. Бахтың кантаталарының тақырыбы терең ойлы және халықтың үміті мен күресі қайғы – қасіреті жайында болады.

«Оратория» – қуатты католик шіркеуі әлсіреп тұрған кезде католиктер өздерінің дінін қалпына келтіру үшін әр түрлі шаралар қолдана бастады. 16 ғасырда Рим шіркеушілері халықты бибилия оқуға тарта бастады. Бос уақыттарында шіркеуден тыс бір ерекше жерлерде, яғни «ораторияларда» библия оқып отырып ерекше бір сарынмен рухты жандандыратын әуендер шығарған. Сондықтан бұл шіркеу әндерін оратория деп атап кеткен.

«Ария» - италиян сөзінде ән деген сөз.

Ария-опералық музыкада әрбір кейіпкердің ішкі жан дүниесіне байланысты айтылатын әуен. Орыстың классиякалық опера музыкасында шығарманың идеясын ашып, бас кейіпкердің бейнесін беретін ұлттық тамаша ариялар бар.



«Вариация» - құбылту деген сөз. Вариацияда алынған негізгі әуен сақталады да, оның өлшемі, ырғағы, екпіні немесе тональдігі өзгеріп, үнемі құбылып отрады.

«Вокалдық» музыка – (вокале-дауыс деген сөз). Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуімен жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығарма.



«Акапелла» - музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз айтылатын көп дауысты хор немесе жеке ән.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік статусын алуы қоғам өмірі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен өзгерістер әкелумен катар, ғылым мен білім беру саласына жаңа талаптар кояды.

Жас жеткіншектерді биік өнер шыңына терең талғампаздыққа ұмтылуы - эстетикалық тәрбие берудің, тұлғаны жан-жақты, кеңпейілдікке, кішіпейілдікке, мейірімділікке, имандылыққа, ина-баттылыққа талпынтудың негізгі нысанасы деп түсінген жөн. Әлбетте, адамның өнерге деген ұмтылысы сана-сезімімен, көркемдік тұрғыда түйсінуі мен талғампаздығы арқылы байқалады.

Әншілер әр аймақтың, өлкенің, жүздің өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері композиторлары, суырып - салма ақындары өздерінің бойына сақтаған ата-бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп, қалдырып отырды. Олар шәкірттерін әр шығарманың өзіндік ерекшелігін тыңдаушының сезім пернесін дәл басатындай етіп жеткізе білуге, орындау мәдениеттілігі мен дауысты меңгерудің жоғарғы шеберлігіне баулыды.

Жалпы адамзат дамуының заңдылықтарына көз жіберсек, жеке тұлғаның рухани дамуына өнер мен мәдениеттің әсері туралы мағлұматтар ерте кезден бастау алады. Бұл жөнінде ұлы ғұламалар (Әл-Фараби, Дәуріш Әли, Ибн Сина т.б) музыка өнерінің теориялык және тәжірибелік негіздерін дамытуда маңызы зор ғылыми еңбектер, тұжырымдар қалдырды.

Халыққа білім беру жүйесінің үнемі дамып, оқу және тәрбие жұмыстарының жақсы жолға қойылып, уақыт талабына сай дамуына қазіргі кезде еңгізіліп отырған мектеп реформасының маңызы зор. Осыған байланысты эстетикалық білім мен тәрбие берудің қаншалықты маңызды роль атқаратындығы белгілі, әсіресе бұл ретте, Вокал пәнінің алар орны ерекше. Вокал пәні жалпы оқыту жүйесінің бөлінбес негізгі бір бөлігі - жастарды сезімталдыққа тәрбиелеуде, жан-жақты дамуына әсер етудегі қосар үлесі орасан зор. Вокал сабағында балалардың алдынан бұрыннан таныс емес, ғажайып дыбыстар әлемі көрініс береді, мұғалім оларды аталған әлем көкжиегіне жетелей отырып, шәкірттерін ести және де сезіне білуге, халықтың жан - дүниесі туғызған өнерді түсіне білуге баулиды.

Музыка сабағы - бастауыш сынып оқушылары үшін ең бір әдемі кең тараған музыкалық тәрбиенің түрі. Олар ән айтуды сүйеді, жан тәнімен беріле орындайды, мұның өзі олардың ішкі сезімдерін сыртка шығара білуге, музыканы терең түсіне білуге жол ашады.

Әсіресе окушылардың ән айту қабілетіндегі жеке музыкалық дамуын бақылау, олардың дауыстарын сақтауға жэне ең жаксы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуге м?мкіндік туғызады. Бұл мәселелер И.И.Левидовпен, А.А.Сергеевпен,И.Малининамен,Н.Д.Орловпен, Н.Н.Добровольскаямен, Т.Н.Овчиниковамен жэне басқалармен зерттеліп, бірнеше рет қарастырылған.

Бірқатар еңбектерде балалар даусын тәрбиелеу аркылы эстетикалық тәрбие беру Ә.Нұғманова, халык әндері аркылы музыкалық - эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру Дүйсенбінова Р.Қ., өндік дауыс дағдыларын қазақ тілі фонетикасы негізінде қалыптастыру Қожахметова А.Ш. зерттеулерінде жан-жақты талданды.

Дегенмен. осы жолда көптеген еңбектер істелді, көптеген же-тістіктерге қол жетті дей отырсақ та, балаларды әнге баулу ең бір киын жұмыстардың бірі болып отыр. Бұл көптеген жылдар бойы осы мәселе төңірегінде бастауыш мектеп мұғалімдерінің «Вокал» сабағында жеткілікті көңіл бөлмеуінен болса керек.

Фарабидің музыкалық еңбектерінің ішіндегі ең көрнектісі -«Музыканың ұлы кітабы». Трактаттың алғашкы бөлімінде Фараби жалпы музыка ѳнеріне қатысты пікірлер айтады. Мысалы, музыка өнерін тәжірибелік және теориялык дел екіге бѳледі. Музыка әуен імен оның қоғамдық қызметіне тоқтала келіп, адамды ләззатқа бөлейтін әуен, әдеби текспен (өлеңмен) байланысты әуен және белгілі бір эмоциялық әсер туғызатын әуен деп үшке бөледі. Атап өтерлік бір жай Фараби музыка мен поэззия арасында?ы табиғи бірлікті мойындайды. Мұның өзі ғалымның өнердің синкреттік сипатынан хабардар болатындығын дәлелдесе керек. Ол дауыстарды бірнеше түрге жіктей отырып, ән - әуен сөздерін де үлкен мән береді. Дауысты (созылыңқы) және дауыссыз (қысқа) дыбыстардың ерекшеліктерін саралайды. Сѳз буындарын мен бунақтарды талдайды, олардың музыкалық ырғақпен байланысын зерттейді. Поэзиия түрлері мен ашык, яғни жабық тондарды анықтай отырып, музыкалық әуен мен сөз тексінің ара - қатынасын сөз етеді. Одан әрі ән әуені ырғақ және сөздің өзара байланысын теориялық тұрғыда зерттей түседі. Әуеннің басталуымен аяқталуы, басқа бөлімдеріне өтудің ерекшеліктері, әуенді түрлі мелизмдік өрнектермен көркемдей түсу, кемел әуендерінің түрлері, адамға тигізер әсері туралы толғанады. Мұның бәрі биік профессионалдық - теориялық және тәжірибелік арнада зерттелген.

Фарабидің көңіл қойған басты мәселелерінің бірі – тәжірибе. Ол жүре біткен музыкалық тәжірибе арқылы әсем әуендерді әсерсіз, жасық мамандардан ажырата білуге болады дейді: «Музыка шығаруды үйретуге келсек, ол үшін әр түрлі жанрдағы музыка үлгілерін көп тыңдап, ұзақ уақыт жүйелі түрде үнемі жаттығу керек», - деген (16).

Кез-келген әдет - ғұрыпты белгілі музыкалық мақаммен атқару ежелден келе жатқан мәдени құбылыс. Мақам бір үлгіде түрленіп қайталана береді. Мұны ғылым тілінде варианттылық немесе вариациялық деп атайды.

Кейде музыкалық мақамда өзара жақын орналасқан дыбыстардың күрделі байланыстарымен арақатынастары (хроматизм) да кезедсіп отырады. Бірақ мақамның ауқымы кең емес. Негізгі басқыштан бесінші басқышқа (примадан квинтаға) дейінгі аралықпен шектеледі. Мұның бәрі ладтық ерекшелікті құрайды.

Кәсіби маман дайындау барысында, студенттердің вокалдық өнер саласында алған білімдерін, дағдыларын мектептегі музыкалық сабақтармен түрлі көркем - өнерпаздық жұмыстарға дарыта білуінің құндылығын ескерсек, пәннің өте қажет екендігі айқындалады.

Жоғарғы оқу білім беру кешеніндегі оқу мақсатынан туындайтын аталған пәннің негізгі міндеті академиялық ән салу мәнерін қалыптастыратын вокалдық-педагогикалық біліммен қаруландыру және осы кәсіби ән салу қағидаларын алған білімдерін оның әдістемелік принциптерін бала дауысымен жұмыс барысында пайдалана алу. Вокалдық білім мен ілімнің қорытындысы академиялық концерттерде, тыңдауларда, рубеждік бақылау, сынақ, емтихандарда анықталады.



ПӘННІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Пәннің мақсаты – студенттер дауыстарына деген көбірек қамқорлық көрсету және олардың дауыс ережелерін к,атаң сақтауына үнемі көңіл бөліп отыру.

Музыкалық-педагогикалық талдау, әдістемелік әдебиеттер ән айтуды музыкалық шығармашылықтың жүргізушісі ретінде қарастырады. Жалпы мақсатқа ие бола тұрып, ол музыка сабақтарында әртүрліше жүргізіледі.

Вокал сабағынын негізгі басты шарты - студенттердің музыкалық қабілеттерін дамыту, музыкалық денгейін кеңейту, музыкаға, ән айтуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту тәсілдерін үйрету болып табылады. Ән айту музыкалық қабілетін дамытуда, рухани жан дүниесін тәрбиелеуге, мінез-құлқын қалыптастыруда өз әсерін тигізеді. Ән айту балалардың музыкалық, әрі эстетикалық талғамын арттырып, ой - өрісін ұштап, таным - түсінігін жетілдіре түседі.

Дұрыс ән айтуға үйрету арқылы студенттердің дауыс аппараты жақсы дамиды. Әнді өз нышанына келтіріп айту үшін көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни әннің мазмұнын тыңдаушыға жеткізу, дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық шығуын, әнді жинақы жабық дауыспен академиялық үлгіде айтып жаттықтыру керек.

Ән айту балалардың орындаушылық үрдісіне белсенді қатысуына, музыкалық қабілетінін дамуына, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеуге жағдай жасайды.

Ән айту – педегогикалық деңгейде дұрыс ұйымдастырылса, музыкалық эстетикалық тәрбиелеудің ең тиімді жолы болып есептелінді. Жоғары деңгей туралы айта отырып, педагогикалық үрдіс тек техникалық нәтижелер дәрежесіне жеткендегі қауіпті аңғару керек, сонда ән айту тәрбиесі «таза» ән айтуға айналады. Балалар әнді қалай орындап тұрғанына яғни ән айту үрдісінің техникалық жағына жауапкершілікпен қарау өте қажет. Ән айту сапасы - мұғалімнің сол соңғы «азық-түліктік» негізге ала отырып, осы арқылы балалардың ән айту қабілеттеріне белсенді кіреді.

Дыбысталу сапасын қалыптастыруда, дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокальды есту мәдениетін білуіне мұғалімнің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады.

Вокал сабағында және студенттердің өздік жүргізілетін жұмыстары арқылы дауысын дұрыс дамыту жолдары мен оны жүзеге асыруға септігін тигізетін педагогикалық қолайлы жағдайларды анықтау.


Пәннің негізгі міндеттері:

  • әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауысты вокалдық – техникалық жағынан жетілдіру резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдану.

  • Студенттердің вокалды-педагогикалық білімін нығайта отырып, академиялық ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету.

  • Вокалдық-музыкалық оқу – тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға дайындау.

  • балалар дауысымен жұмыс жүргізу әдістемесімен үйрету.

Музыкалық бейнелер, жағымды саз арқылы студенттерді патриотизмге, елін сүюге, еңбекке, тәртіпке, адамгершілікке, ынтымактастыққа, достыққа тәрбиелеу мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі.

Әншілер әр аймақтың, өлкенің, жүздің өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері композиторлары, суырып - салма ақындары өздерінің бойына сақтаған ата-бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп, қалдырып отырды. Олар шәкірттерін әр шығарманың өзіндік ерекшелігін тыңдаушының сезім пернесін дәл басатындай етіп жеткізе білуге, орындау мәдениеттілігі мен дауысты меңгерудің жоғарғы шеберлігіне баулыды.

Қазақ мектептерінде сауат ашу сабағын әуенмен айту тәсілі қолданылғандығы революцияға дейінгі оқымыстылардың кейбір еңбектерінде көрсетілген. Онда «мұғалім әрбір сөз бен буынды айтып, балаларға қайталату арқылы үйреткен»- деп жазылған.

Оқытудың мұндай тәсілі, яғни әндетіп айту арқылы үйрену көптеген Азия жэне Африка халықтарында да кеңінен таралған. Баланың көпшілікпен қосылып әуенмен айтуы музыкаға деген қызығушылығын, таза айтуын, есту және есте сактау қабілетінің дамуын арттырып отырған. Оның әсерімен бала өзінің отбасындағы басқа балалармен, үйренген әуенді күнделікті бірігіп айтып, кейде өзі де әртүрлі ойындарға әуен шығаратын болған.
ЖЕКЕ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ

Жеке сабақ № 1,2, Дауыс аппаратының құрылымы.

1.Вокалдық техникалық жаттығулар.

2.Студенттің дауыс көлемін анықтау.

1.Ән өнері жайлы әңгіме



  1. Дауыс аппараттарымен таныстыру

Ән өнеріне кіріспе. Ән салудың тәрбиелік маңызы:

Көптеген алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері әншіліктің адам өміріндегі ролін жоғары бағалапп келеді. Н.Г.Чернышевский әншілікті “жоғары” жетілген өнер қатарына жатқыза отырып “Ән айту – сөйлеудің әуелі және елеулі негізі іспеттес” деп атап айтқан. Ән тыңдаушыға жарасымды музыка мен сөз арқылы әсер ете отырып, айтушының өзіндік сезімін білдіруге мумкіндік тұгызып қана қоймайды, сонымен қатар өзгелерді де эмоциялық ұлгі, түсіну сезімдерін оятады. Оның балалардың қабылдауна айрықша оңай болатыны да осыдан. Адам дауысының әсерлі ырғақтары мен бет – бейнесінің тиісті жерде құбелеп отыруыбулдіршіндері елітіп әкетеді. Балалар бүлдіршін шағында – ақ, әннің мазмұнын толық түсінбесе де онан әсер алады. Ойы мен сөйлеүінің жеті – лүіне қарай жинақтаған жаңа ұғымдарының молаюына байланысты баланың толғаныстары күрделіленеді, сөйтіп, ән айтуға талаптанғаны сияқты оның айтылуына да ынтасы артады.



  1. Ән – төңіректегі шындықты терең тусінудің, жарқын, бейнелі формасы. Ән айту баланың әсемдік атаулының бәріне, ізгілікке деген дұрыс көзқарасын, ықылас – ілтипатын тұғызады, ал кейде оған басқа информациялардан гөрі өзгеше қуатты сенімге бөлейді. Отан туралы, бақытты балалық шақ туралы, Астана туралы әндер аса бір асқақтықпен орындалады.

  2. Ән айтуға үйрету процесс баладан үлкен белсенділікті және ой қуатын талап етеді. Ол өзінің ән айтуын басқалардың ән айтумен салыстыруды, фортепианода орындалып отырған әуенге зейін бөлуді, музыкалық фразалардың, жаттығулардың әр түрлі сипаттарын салыстыруды, әннің орындалу сапасын бағалауды үйренеді.

  3. Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қаблетін жетілдіруіне, тынысын тереңдетуіне, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі.

  4. Ән айту үйрету процессінде баланың негізгі музыкалық қаблеттері: эмоциялық әсер алғыштығы, музыкалық естү қаблеті, ырғақты сезінүі айрықша тез дамиды.

суретте адамның тыныс алу мушелері салыңған. Ол үш салады тұрады:



    1. Енді сендерге және сөз “диафрагма” – кеуде қуысы мен асқазан ортасындағы дене мүшесі. Оны міне өзі денемізде көруге болады. №1,1-40с

    2. Қолданылатын әдебиеттер:

    3. №2, 1-40с

    4. №3, 1-37с

    5. №5 1-137с

    6. № 14, 16-30с


Жеке сабақ № 3,4 Әуедегі тыныс алу оның түрлері: тыныс алу, бекіту, шығару жаттығулары.

Сабақ мақсаты: тыныс алудың ережесімен таныстыру және оны дұрыс қолдану әдісі

1) Білімділік: Оқушылардың вокалдық білімділігін жетілдіру

2) Дамытушылық: Орындаушылық шеберлігін дамыту

3)Тәрбиелік мәні: Вокалдық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: тыңдау, орындау, жаңа вокалдық техникалық әдістерімен танысу вокалдық терминологиямен танысу.

1) тыныс алудың түрлері;

2) ережелерді айту;

3) плакат пен видео көрсету (диафрагма)

4) балалармен осы жаттығуларды көрсету (практич.)

5) шығармалар

ІV. Бекіту, қортынды

V. Үйге тапсырма

Әнді орындамас бұрын бір қалыпты ұстап, денені тік, басты жоғары, екі қол ыңғайлы екі жағына турғаны дұрыс. Бұл тәртіп әншінің эстетикалық көрініуіне ғана емес, ол дауыстың ашық және еркін шығуына көмектеседі.

1) жаттығулар: жабық ауыз, иекті төменге қарай түсіру, ерін еркін, жұмсақ болуы тиіс, ауз суға толы сияқты, дыбысты жоғары жіберіп “мыйға”- қарай до-ре – дыбыстарын кезек, кезек “қайық” – (бір октава ішінде).

2) дауысты дыбыстарды айту – ма, ме, ми, мо, му – ашық дыбыстарды жинақы (үш дыбыстың біктігінде).

3) дауыс аппаратын қыздыру үшін, легатоға, стоккатоға, диапозонды кеңейтуге.

Мына суретте адамның тыныс алу мушелері салыңған. Ол үш салады тұрады:

І – тыныс мүшелері.

ІІ – тамақ.

ІІІ – қуыс мүшелері.

1) Тыныс мушелеріне ең басты - өкпе, екінші қолқаның, көмекейдің және жоғарғы резонаторлардың құрылысы.

2) Тамақ және дауыс шымылдығы. Дауыс шымылдығы тамақтың ішкі жағында кенірдектің екі жағынан бір біріне қарсы біткен жиырмалы қыртысты ет.

3) Қуыс мүшелеріне мұрын қуысы, ауыз қуысы жатады

а) ауыз қуысына: тіл, ерін, тіс, таңдай, кішкентай тіл, иек

б) мұрын қуысының дыбыс шығарудағы қызметі кішкене тілмен тығыз байланысты (суреттерді көрсету, анықтау)

Тыныс алудың 3 түрі:

1. Мұрын арқылы – ол шулы естіледі – қолайлы емес

2. Ауыз қуыс арқылы – ол тамақты кептіреді – қолайлы емес

3. Аралас – мұрынмен және ауыз қуысы арқылы “гүл искегендей” – қолайлы және қажетті тыныс алу.

Плакаттағы жазуларды оқытып оқушыларға жаттығулар көрсету



Тыныс алу ережесі

1. Тыныс алу шулы болмау керек

2. Тыныс алғанда оны бекіту

3. Тыныс шығару экономно болуы керек

(Мысал келтіру)

Енді сендерге және сөз “диафрагма” – кеуде қуысы мен асқазан ортасындағы дене мүшесі. Оны міне өзі денемде көрсетейін. Осыған байланысты сендерге “Мастер класс” бейнефильм көрсетейін. 2007 жылдың тамыз айының 14-28 жұлдыздары аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Жазғы халықаралық “Мастер класс” “Балдаурен” қазақ музықалық ұлттық академиясы ұйымдастыруымен өтті. Бұл мастер-курсқа Республика көлемінде дарынды, талантты оқушылар шақырылған. Онда вокал, скрипка, баян, фортопиано, домбра, баян, виолончель номинациялары бойынша оқушылар профессорлардан сабақ алды. Енді сіздердің назарларыңызға сол сабақтардың үзіндісін ұсынамын. (Мысал келтіру)

Пайдаланатын әдебиеттер:


      1. № 4, 4-17с

      2. №9, 347-365с

      3. №9,435-365с


Сабақ тақырыбы: Дыбыс шығаруы.

Дыбыс тіреуі және оны атакалау.

Сабақтың мақсаты: Орындаушылық шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Көркемдік, мәнерлік, шеберлікті теориялық біліммен ұштастыру.

Дауысты дыбыстарды жинақтау және ауыз қимылын калыптастыру жаттығулары.

Дауысты құбылтып айту, легато, стаккато, нон легато тәсілдерін меңгеру.


  • Тек қана әуеннен тұратын, сөзсіз айтылатын шығарманы “Вокализ” дейміз. Сендерге бұл жаңа сөз. “Вокализ” – дегеніміз дауысты дыбыстардың көмегімен әуенді айту. Вокализ тек қана ән айтуда ғана қолданылмайды, ол этюд және концерттік пьесаларда, жеке және хор шығармаларында да қолданылады. Ол көбінесе “а” дауысты дыбысына немесе басқа да дауысты дыбыстармен айта береді.

  • А, О, У, И, Ы, Е, Ә т.б..

Дауысты дыбыстарға ерекше көңіл бөлу керек. Көмкеріп (прикрытый), ашық дыбыстарды жинақы, ауыз қуысының көмегімен толтырып әдемі шығу үшін, дауысты дыбыстарға жаттығулар жасап дағдылану қажет.

  • Дыбыс алу дегеніміз, грек тілінде – Фонация – (phone) – звук. Біз сөйлегенде сөздің бәрі жазылғандай айтылады. Ал, ән салғанда дауысты дыбыстар өзгертіледі. Мысалы:

А – дыбысы – О дыбысына жақын

Е – дыбысы – Э дыбысына жақын

И – дыбысы –Ы дыбысына жақын

У – О – дыбыстары өзекті орындалады.

  • Әнші ән салғанда немесе дыбыс шығарғанда қандай дене мүшелері қызымет етеді?

  • Ауыз, мұрын қуыстары, тіл, жұтқыншақ, дыбыс желбезектерінің көмегі бар, кеңірдек, бронхалар, өкпе, диафрагма және дем алуға қатысатын кеуде қуыс бұлшықтары, қарын бұлшықтары, дауыс аппаратын құрайды.

Өткен сабақтарды еске түсірейік.

  • “Диафрагма” дегеніміз не? Кеуде қуысы мен асқазан ортасындағы дене мүшесі .

Студенттің суреттерге назар аударуы, дауысты дыбыстарды айтқанда ауыздың дұрыс ашылуын, дыбыстың анық естілуін қадағалап отыру қажет.

А” – дыбысының айтылуы 4 сурет

Ә” – дыбысының айтылуы 5 сурет

И” – дыбысының айтылуы 6 сурет

О” – дыбысының айтылуы 7 сурет

Ө” – дыбысының айтылуы 8 сурет

У” – дыбысының айтылуы 9

Осы айтылғандар ән техникасын дұрыс меңгеріге септігін тигізеді.



ІҮ. Тәжірибелік бөлім. Тақырыпқа байланысты бейнетаспаны көру.

Дыбыстау мүшелері, олардың дыбыс шығарудағы қызыметі.

Сөйлеу тілдің дыбыстары қалай болса солай тәртіпсіз, кездейсоқ жасала бермейді. Тіл дыбыстарының әрқайсысының жасалу жолы, белгілі бір тәртібі бар. Бір – бірімен айтылуы, жасалу жағынан айырмашылығы бар тіл дыбыстары (фонемалар) белгілі дыбыстаушы мүшелердің қызметі арқылы шығады.

Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы адамның дыбыстаушы мүшелерінің қызыметін жақсы білмейінше, белгелі тілдегі дыбыстардың артикуляциясы (дыбысталуын) дұрыс түсіну қиын.

Адамның дыбыстаушы мүшелері негізгі үш саладан тұрады:



  1. Тыныс мүшелері.

  2. Тамақ.

  3. Қуыс мүшелері.

  1. Тыныс мүшелері. Дыбыс шығаруда қатысы бар тыныс мүшелері деп аталатын мүшелердің ең бастысы - өкпе. Өкпе екі тарам қолқа арқылы кеңірдекпен жалғасады. Өкпе ауаны ішке тартқанда кеңейіп, ауаны сыртқа шығарғанда семіп отырады. Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаны сыртқа шығуына байланысты. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығады да, өкпеге бірден тез өнеді. Өкпенің, қолқаның, көмекейдің және жоғары резонаторлардың құрылысы.

  2. Тамақ және дауыс шымылдығы. Тамақ деп кеңірдектің кеңейген жоғары тұсы аталады. Тамақ сыртқы жағында жұтқыншақ немесе өңеш – тамақ жүретін жол болады. Оның ішкі жағында дауыс шымылдығы болады. Дауыс шымылдығы тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екә жағынан бір – біріне қарсы біткен жиырылмалы ет. Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің сыртқы екеуі жалған дауыс шымылдығы деп аталады. Бұлар дыбыс шығаруға қатыспайды, ал тамақ ішкенде, екі жағы қатты жымдасып, асты өңешке асырып жіберіп тұрады. Тек нағыз дауыс шымылдығы ауырған жағдайда қарлыққан, баяу дыбыс шығаруға шамасы келеді.

Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің жиырылмалы астыңғы екеуі нағыз дауыс шымылдығы деп аталады. Дауысшымылдығының аралығы қуысы немесе дауыс түтігі делінеді.

Дауыс шымылдығы өкпеден келген ауаны тосқауылдап, бірде керіліп, екеуінің арасы жымдасып тұрады да діріл пайда болып, үн шығады. Бірде жиырылып, екеуінің арасы ашылып тұрады да діріл пайда болмай, үн шықпайды. Дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда болуы арқылы жасалады. Үнді дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы сәл ғана керіледі де дауыс шамалы болады. Ал, қатаң дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да ешқандай діріл пайда болмайды, міне сондықтан да ол дыбыстардың құрамында үннің “қатысы болмайды”.



  1. Қуыс мүшелері. Өкпеден келген ауа керіліп тұрған дауыс шымылдығына соғылып, дірілдің әсерінен пайда болған дауыс неме үн тікелей қуыс мүшелеріне түседі де, белгілі резонанс (жаңғырық) пайда болады. Қуыс мүшелеріндегі кедергі мүшелердің қызметі арқылы дыбыстарға әртүрлі өң “рең” беріледі, тіл дыбыстары бірінен бірі ерекшеленеді. Қуыс мүшелеріне:

  1. Ауыз қуысы.

  2. Мұрын қуысы жатады.

Ауыз қуысында дыбыс шығаруға қатысы бар мүшелері: тіл, ерін, тіс түбі, таңдай, кішкене тіл, иек.

Тіл. Бұл – дыбыс шығаруда көп жұмыс атқаратын өте жылдам жылжымалы мүше. Ауыз қуысында бірде ілгері – кейін, бірде жоғары – төмен жүйіткіп, ауыз қуысындағы өзге мүшелерге не қақтығысып, не жуысып тұруынан дыбыстарға әр түрлі рең береді.

Ерін. Дыбыс шығаруда қатысы бар жылжымалы мүшенің бірі – ерін. Екі ерін бір – біріне жымдасып тұрып, өкпеден келген ауаның оны бұзып өтуінен [п. б] дыбыстары пайда болса, астынғы еріннің үстіңгі ерін мен тіске келіп қатысуынан [ф. в] дыбыстары шығады, екі еріннің дөңгеленіп алға қарай шүйіріліп тұруынан ө, о, ү, ұ, у, дыбыстары жасалады. Сол сияқты дыбыс шығаруда екі еріннің кейін керілуінен дыбыс сапасы өзгереді. Сөйлеу тіліндегі езулік дауысты дыбыстарды: а, е, и, ә, э, і ән айтуда еркіндік дауысты дыбыстарына жуықтап дөңгеленте орындайды.

Тіс. Кейбір дыбыстарды шығаруда тістің белгеле бір мөлшерде қатысы бар. Біра, бұл жылжымалы мұше емес, ауыз қуысындағы жылжымалы мүшелер тіл мен еріннің тіске жуысуының соқтығысуынан дауыссыз дыбыстардың түрлері жасалады.

Таңдай. Мұның өзі қатты таңдай, жұмсақ таңдай болып екіге бөлінеді. Қатты таңдай үстіңгі күрек тіс тұрған қызыл иектен басталады да, ең соңғы тістің тұсынан бітеді. Жұмсақ таңдай ең соңғы тістің тұсынан басталып, кішкене тілден барып бітеді. Тілдің ұшы, орта, артқы шенінің біріне қатты таңдайға, не жұмсақ таңдайға жуысуынан, соқтығысуынан дыбыстардың сапасы өзгеріп шығады.

Кішкене тіл. Кішкене тіл бірде мұрын жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны ауыз қуысына қарай өткізеді. Бірде ауыз жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны мұрын қуысына өткізеді. Сөйтіп, дыбыстардың өзгеріп жасалуына әсер етеді.

Иек. Иек ауыз қуысын бірде кеңейтіп, бірде тарылтып тұрады. Иек төмен түссе, ауыз қуысы кеңейеді де, ашық дауысты дыбыстар пайда болады: а, ә, о, ө, е. Иек жоғары көтерілсе, ауыз қуысы тарылады да, қысаң дауысты дыбыстар пайда болады: ы, “, и, ұ, ү, у. Сөйлеу тіліндегі қысаң дауыстыларды ән айтуда иекті төмен түсіріңкіреп, ашық даусыты дыбысты айту кезіндегі иектің қалпына жуықтап айтылады.

Мұрын қуысы. Ол- қуыс мүшелерінің екінші түрі. Мұрын қуысының дыбыс шығарудағы қызметі кішкене тілмен тығыз байланысты. Кішкене тіл жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны мұрын арқылы өткізеді. Содан барып мұрын жолы: м, н, ң үнді (сонор) дауыссыз дыбстары пайда болады. Бұл дауыссыз дыбыстар мұрын арқылы айтылғанымн олардың жасалуы ауыз қуысындағы кедергі мүшелердің қызметі арқылы болады. Сондықтан да жасалуы жағынан ерін дауыссызы (м), тіл ұшының дауыссызы (н), тіл арты дауыссызы (ң) деп аталады.

Дауысты дыбыстарды шығаруда дыбыстау мүшелеріне күш түсед, ал, дауыссыз дыбыстарды шығаруда күш ауыз қуысындағы кедергі мүшелерге ғана түседі.

Ән айтуда дауысты дыбыстардың ролі ерекше. Өйткені, дауысты дыбыстар созылымға бейім келеді де, ән айтудың негізін қалайды. Олар ән айту процесінде дыбыстау мүшелерінің қызметіне байланысты және ұлғайтқыш қуыс мүшелерінің ықпалымен сан құбылып, көптеген бояулар табады. Сондықтан, адам дауысы тек дауысты дыбыстардың көмегімен ғана өзінің көркемдік қасиетін және әуенін барынша көрсете алады. Олай болса, дауысты дыбыстарды дұрыс айтып үйрену, олардың әрқайсысына тән артикуляциялық пішінмен, үн нақышын таба білу басты міндет. Сондықтан, сөзбен әуенге қатысты дауысты, дауыссыз дабыстардың айтылу ерекшеліктеріне жақсы мән беруіміз қажет. Бұл ән айтудың сауатты болуына көмегін тигізеді.

Вокализ – көбінесе құлаққа жағымды, тек қана жақсылық пен инабаттылық сезімін беретін әуендер қатарына жатады.

Музыкалық терминалогияларды жаттап, айнаға қарап тұрып дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуын қайталау.

Қолданылатын әдебиеттер: 1. № 9 385-434с.

2. № 14 47- 68с

3. 1№ 18 21- 23с
Сабатың тақырыбы: Артикуляция және дикция. Вокализді нотамен беттен оқу. Шығарманы талдау, сольфеджио айту.


  1. Артикуляцияның маңызын түсіндіру

  2. Қатаң және жұмсақ дыбыстарды атакалау әдістері.

  1. Күнделікті тұрмыста адамдардың бір – бірімен ұғынысуында қолданылатын тіл дикциясы. Бұған актерлердің сахнада сөйлеу дикциясы және адамдардың бір – бірімен тіл қатынасы жатады.

  2. Әншілердің жеке- жеке дикциясы. Дикция кең мағыналы ұғым. Ол тіліміздегі әрбір дауысты және дауыссыз дыбыстардың, сөздер мен сөйлемдердің бұрмаланбай таза айтылуы ғана емес, сонымен бірге жеке сөздер қурылысы жағынан әрі сауатты , әрі ұғымды тартымды болып келуінде. Әнмен айтылатын сөздерді құрап тұрған барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың ашық айқын естілуі қажет.

Дикция әннің сөздерін дұрыс, анық және дауысты дауыссыз дыбыстардың орындалу қағидасын білу техникасы тұрмыс – салт өлең әндерді өз ырғағымен, өз сазымен ауыздан – ауызға тарап, халық ортасында бағасын ала білді. Дауысты дыбыстар: а, о, у, и, ы, е, дыбыстары ерекше көңілге болуы кажет етеді, Көмкеріп, ашық дыбыстарды жинақы, ауыз қуысының көмегімен толтырып әдемі шығуына дағдылану қажет. Әндегі дауссыз дыбыстардың ішінде әсіресе айтуға қиың: қ, п, т, ф, х, және с, ш, ц, щ, и, сияқты әріптердің міндетті түрде берік айтып, қысқа айту қажет, ал а, ш, ц, г, щ, дыбыстарын қысқа, үстіртін айтқан жөн.

Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы адамның дыбыстаушы мүшелерінің қызметін жақсы білмейінше, белгілі тілдегі дыбыстардың артикуляция (дыбысталуын) дұрыс тусінү қиын.

Тілдегі сөздің мағнасын және сөздің тұлғалық көріністің түрлендіруге себеп болатын тіл дыбыстарын фонема дейді.Әнді жинақы жабық шеңберлі дыбыспен (академиялық) үлгімен айту Вокал техникасындағы тағы бір маңызды вокалдық әдістің бірі болып, шығарманы орындау барысында бірыңғай вокалдық желіні сақтай алады. Ауыздың сыртқы формасының әнді айтуда өте үлкен маңызы бар, бірақ барлық әншіге бірыңғай тәсілді ұсына беруге болмайды, өйткені әрбір орындаушының өзіндік өзгешеліктері бар.

кция – (латынша) – айтылу, айту деген мағынаны береді. Ол негізінде екіге бөлінеді:

Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы адамның дыбыстаушы мүшелерінің қызметін жақсы білмейінше, белгілі тілдегі дыбыстардың артикуляция (дыбысталуын) дұрыс тусінү қиын.

Тілдегі сөздің мағнасын және сөздің тұлғалық көріністің түрлендіруге себеп болатын тіл дыбыстарын фонема дейді.

Дыбыс жүргізудің тәсілі ретінде үнемі қатаң атаканы қолдану дұрыс болмайды, өйткені бұл дауыс аппаратының күштелуіне әкеп соғуы мүмкін. Қатаң атаканы орындаушылық немесе әдістемелік тәсіл ретінде сирек жағдайда қолданылуы тиіс, мысалы, сылбыр ән айту кезінде.

Шығарманы айту кезінде вокалдық тәрбиенің мақсатын табысты шешуге қолданылған әдісті мақсаттылықпен таңдау өз мүмкіндігін тигізеді деп ойлаймыз. Вокалды шығармамен жұмыстың күрделілігі соншалық, ол тек қана жалпылама сезімі мен дыбысталуы бар бірегей шығармашылык, топ қана емес, сонымен қатар ол өзінің вокалдық және әртүрлі музыкалық ерекшеліктерімен берілген жекешелердің қосылған ортасы.. Оқьпушы үнемі өзара байланысты екі мәселені шешуге тырысады:

а) техникалық сапасына сай музыкалық топ құрайды;

б) вокалды шығарманы үйрету барысында әрбір жеке қатысушысын өзінің аспабы, яғни өз әншілік дауысымен үйретеді.

Жұмыстың бастапқы сатыларында айрықша көп қиындықтар кездеседі. Әнді орындау барысында кездесетін ең бірінші қиындық - бұл шығарманың мәтінін мәнерлеп айтуға өту. Егер шығарманың тесситурасы сөйлеуден жоғары болса, балалар дауыстарын қатты кернеп, айқайлап айтуға мәжбүр болады.

Балалардың дауысымен жұмыс істегенде дыбыс бастамасының алатын орны ерекше. Дыбысты дайындау және онын бастамасы - атака деп аталады. Вокалдық практикада атаканың үш түрі бар: қатаң, жұмсақ және үзік дыбыс бастамасы. Сондықтан да, балалардың дауысымен жұмыс істегенде, қандай атака кезінде баланың дыбыс шымылдыңы іске қалай қосылады және қандай дауыс атакасымен жұмыс істеу қолайлы екенін ескерген жөн. Негізінен, бала дауысымен жұмыс істегенде жұмсак дауыс атакасын қолдану дұрыс деп саналады. Сонымен біз дауыс аппаратымен біршама таныстырып болған соң, өзіміз музыка сабағында пайдаланған орындаушылық шеберлікті дамытуға ықпалын тигізген әдістемелік тәсілдерді қарастырайық.


Қолданылатын әдебиеттер:

1. №12 45-63с

2. №18 23-55с

3. №20 25-33с

4. № 6

5. № 7


6. №32

7. № 34, 35



1-межелік бақылау

1. Вокализді орындау.

2. Шығарманы жатқа орындау

3.Реферат (өткен тақырып матералдар бойынша)



Сабақтың тақырыбы: Резонатор. Регистрлер. Диапазон.

        1. Шығарманы талдау.

        2. Дауыс диапазонымен жұмыс: арпеджио айту жаттығулары.

Әдістемелік нұсқау: Әнді жинақы қойылған дауыспен орындағанда көңіл аударарлық маңызыбар мәселе,резонаторларды пайдалана білу.

Резонаторлар деп, дыбысты жаңғыртып қызмет атқаратын мүше, немесе күшейткіш орынды, аумақты айтады. Дыбыс мүшелері, яғни дауыс желбезегі әлсіз, әрі нәзік мүше, оған үн күшін қосушы күшейткіш резонаторладыңүлкен ролі бар. Ол тек дыбысты күшейтіп қана қоймай,сонымен біргеоған өте мол тембрлік рең бояу береді. Резонаторлар кеуде және бас резонаторлары болып екіге бөлінеді.Көмейден төмен орналасып, кеуде клеткасына шоғырланған қуыстар кеуде резонаторларын құрайды. Көмейден жоғары жатқан қатты таңдай, тіс, мұрын, шеке қуыстары, бет қанқа қуыстары бас резонаторларын құрайды. Резонаторладың қызметін әрбір әнші және басының тәжіребесінде тексеріп, оны физикалық сезім арқылы бақылап отыруына болады. Кеуде резонаторларын дұрыс пайдалануда әнші қолын көкірегіне қойып,оның дірілін байқалады.

Сол сияқты жоғарғы дыбыстарды айтқанда кеңсірікке қол саусақтарын болар-болмас тигізіп, бас резонаторының дірілін сезуге болады. Резонаторлардың дұрыс пайдаланылғанын есту мүшелері арқылы да тексеріп отыруға болады.

Тәжіребелі әншілер дауыс үнділігін күшейту мақсатында көмейден шығарған дыбыстырезонаторларға сәйкестендіріп жіберіп отырады. Бас резонаторлары көбінде жоғары дыбыстарды, ал кеуде резонаторлары төменгі дыбыстарды айтуға қолданылады.

Дауыс диапазонының дыбыс қатары өзінің дыбыс бояуымен ерекшеленіп – регистр деп аталанады.

Регистрлер, резонаторлар сияқты бас регистрі және кеуде регистрі болып бөлінеді. Мысалы, дауыс диапазонының жоғары дыбыстары жоғары, немесе бас регистрі деп аталады. Төменгі дыбыстар -төменгі, немесе кеуде регистрі деп аталады.

Бас және кеуде резонаторларымен қатар әншілер пайдаланатын орта немесе аралас регистр - микствты регистр болады. Мұны әншілер жоғарыда айтылған түрлерімен қатар пайдаланады. Регистрлерді дұрыс пайдалануда дыбыстарды вокальдық дұрыс позицияда айтудың үлкен ролі бар, бұлар өзара тығызбайланысты. Сондықтанда оларды үнемі өзін-өзі бақылай отырып қалыптастырады.




Сабақтың тақырыбы:

Вокальдық үш бағыт: халықтық, акдемиялық, эстрадалық

onlin режимінде осы бағыттар бойынша орындаушыларды тыңдау..

legato, non legato. жаттығулары.

Сабақтың мақсаты: Жаңа технологиялар мен әдістерді, бағыттарды еңгізу

және олармен танстыру арқылы студияға қатысушы

жас әншілердің эстетикалық талғымы мен музыкалық

сауатын ашу, дамыту.

1. Білімділік: студенттердің вокалдық дүниетанымын кеңейту,

сауатын ашу.


  1. Дамытушылық: Эстетикалық талғамын дамыту және вокал өнеріне

деген қызығушылығын арттыру.

  1. Тәрбиелік мәні: Жаңа технологияларды еңгізу арқылы халық

өнеріне сыйлауға және оны дәріптеуге тәрбиелеу.

  1. . Жаттығулар мақсаты: дауыс аппаратын қыздыру және алынған тақырыпқа байланысты белгілі бір мақсатты көздейтін жаттығулар

  2. Тақырыптың мақсаты, міндеттері:

а) Вокал өнеріндегі үш бағытпен толық таныстыру

б) Академиялық, халықтық және эстрадалық үлгідегі шығармаларды бейнетаспада көрсету.

в) Блиц - сұрақтар қою

г) Оқушылардың орындауында үш бағыттағы шығармаларды тыңдау

1-ші жаттығу: Дауысты дыбыстар әріптердің ерекшелігін ескере отырып, бір дыбысқа барлық әріптерді айту.

2-ші жаттығу: Тыныс алу түрлеріне арналады, әр түрлі әдіспен диафрагманың көмегімен жасау.

3-ші жаттығу: Музыкалық штрихтарға арналған Legato, mon legato, stokatto

Жаттығуды білсеңдер, тұрып жасайық

1. “Академиялық” бағыт музыкалық өнерде – классикалық үлгі бойынша, белгілі бір дәстүрі бар стильге жатады. Академиялық үлгідегі ән айту әдісі таза дыбыс шығару, ансамбльдік үндестікте, динамикалық ерекшелігімен, әдемі, жұмсақ дыбысталумен анықталады. Дыбыстың шеңберлі жинақылығы, әуендегі дауысты дыбыстардың академиялық үлгіде көбінесе еркіндік дауыстыларға жуықтап, дөңгеленте жинақтап, қойылған дыбыспен орындалуын дыбыстың құрамындағы “жинақты үлгі” деп атайды, немесе вокалды позицияның дұрыс үлгісі дейді.

2. “Халықтық” бағыттағы үлгі өзінің табиғылығымен ерекшеленеді. Әр халық өзінің дәстүрлі ән өнері ғасырдан – ғасырға жалғастырып келеді. Мұндағы ән айту үлгісі әр халықтың тұратын география орнына, салт – дәстүріне қарай дамиды. Мысалы, грузин халқы көп дауысты әндер үлгісінде, ал қырғыз халқы тамақты қысу арқылы, татар халқы пентатоникалық қосылыстарымен орындаса орыс халқы хороводтың және дауысты дыбыстарды ашық айту үлгісінде дамығанды өздерің білесіңдер. Қазақ халқы музыкасы да ертеден дамыған, өзінің мәнері, салты, дәстүрі бар – музыка. Ендеше, халықтың бағыттағы ән айту үлгісі табиғи дауыс, мәнерлі, халықтық тақырыпта болуы шарт.

Ал, «Эстрадалық» бағыттағы үлгі соңғы жылдары ерекше дамыған, жастардың кәзірде еліктейтін музыкалық өнердің бір түрі. «Эстрада» - ұғымы ертеректе концерттік қойылымдардың сахнасы деген мағына берген. Ал, эстрадалық өнер немесе бағыт – бұл сахналық өнердің әр түрлі орындау формаларының бірлескен жеңіл, сауықтылық өнеріне жатады. «Эстрадалық» ән айту мәнері, бұл әнді әртүрлі аспаптармен сүйемелдеу, дыбыстарды өз еркіне жеткізу, динамикалық ерекшелігімен айту сияқты үлгілерімен сипатталады. Соңғы кездері эстрадалық үлгі электрондық аспаптарда жазылған фонограммалар арқылы орындалып жүр. (Осы бағыттарды бейнетаспада мысалдар көрсету).

Қолданылатын әдебиеттер:

1. №20 9, 30-33с

2. № 13

3. № 30


4. № 31

5. № 35


6. № 39

7. № 40


8. № 46

9. № 48


Сабақтың тақырыбы: Академиялық стиліндегі шығармалар. Романс. Шығарманы фраза бойынша әуенін жаттау.

Сабақтың мақсаты: техникалық және көркемдік фразировкалаын анықтау аркылы орындаушылық шеберлігің дамыту. Негізгі тапсырмалар:

1. Динамикалық белгілерге f. mf. р. вокальдық жаттығулар.

2. Академиялық стилімен танысу.

3. Шығарманы фраза бойынша әуенін жаттау



Әдістемелік нұсқаулар: Арнайы әдебиеттермен танысу, академиялық стилиндегі орындаушылық дәйексөздерге ерекше назар аудару.

. “Академиялық” бағыт музыкалық өнерде – классикалық үлгі бойынша, белгілі бір дәстүрі бар стильге жатады. Академиялық үлгідегі ән айту әдісі таза дыбыс шығару, ансамбльдік үндестікте, динамикалық ерекшелігімен, әдемі, жұмсақ дыбысталумен анықталады. Дыбыстың шеңберлі жинақылығы, әуендегі дауысты дыбыстардың академиялық үлгіде көбінесе еркіндік дауыстыларға жуықтап, дөңгеленте жинақтап, қойылған дыбыспен орындалуын дыбыстың құрамындағы “жинақты үлгі” деп атайды, немесе вокалды позицияның дұрыс үлгісі дейді.



Қолданылатын әдебиеттер:

1. №20 9, 30-33с

2. № 13

3. № 30


4. № 31

5. № 35


6. № 39

7. № 40


8. № 46

9. № 48
Сабақтың тақырыбы: Шығармадағы ритм сұреттерімен жұмыс жасау. Staccato штрих жаттығулары.



Сабақ мақсаты: метр, акцент, ырғақ, такт және такт сызығы деген ұғымдарға түсініктеме бере отырып музыкадағы затактыны ажырата білуге үйрету.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Акцент- бір дыбыстың айналасындағы басқа дыбыстардан өзінің қаттылығы мен ерекшеленуі.

Метр – акценттелген және акценттелмеген біркелкі уақыт қиындыларының периодты қайталанбалы тізбегі. Метрдің қалыптасуына қолданылатын акценттер метрлік акценттер деп аталады. Метрлік акценттердің арасындағы уақыт қиындылары біркелкі болып бөлінеді – үлес.

Акценттелген үлес - күшті немесе ауыр үлес деп аталады.

Акценттелмеген үлес- әлсіз немесе жеңіл үлес деп аталады.

Өлшем – метрдің санмен берілуі. Төменгі сан қандай ұзақтықтағы ноталар екендігін білдірсе, жоғарғы сан сол берілген ұзақтықтағы ноталардың неше үлес екендігін білдіреді. өлшем кілт пен кілттік белгілерден кейін қойылады.

Такт - бір ауыр үлестен келесі ауыр үлеске дейінгі аралық. Тактілерді бір – бірінен бөліп тұратын тік сызықты такт сызығы деп атайды.

Затакт –шығарманың тактіге толмайтын әлсіз үлестен басталуы.

Тапсырма:

Акцент, такт, өлшем, затакт, такт сызығы, ауыр, жеңіл үлестерді шығармалардан мысал ретінде тауып көрсету. Шыгармаларды талдау және әуенін жаттау



Әдістемелік нұсқаулар:

өлшемдерді көбінесе шығарманың басында кілттен кейін іздеу керек және кездескен өлшемдерді жазып алыңыз.

Қолданылатын әдебиеттер.

1.№ 9


2. № 12

3.№ 17


2- межелік бақылау.

1. Вокализді орындау.

2. Шығарманы жатқа орындау

3.Реферат (өткен тақырыптық матералдар бойынша).


Сабақтың тақырыбы: Халық әндері және халық композиторларының әндері .

“Халықтық” бағыттағы үлгі өзінің табиғылығымен ерекшеленеді. Әр халық өзінің дәстүрлі ән өнері ғасырдан – ғасырға жалғастырып келеді. Мұндағы ән айту үлгісі әр халықтың тұратын география орнына, салт – дәстүріне қарай дамиды. Мысалы, грузин халқы көп дауысты әндер үлгісінде, ал қырғыз халқы тамақты қысу арқылы, татар халқы пентатоникалық қосылыстарымен орындаса орыс халқы хороводтың және дауысты дыбыстарды ашық айту үлгісінде дамығанды өздерің білесіңдер. Қазақ халқы музыкасы да ертеден дамыған, өзінің мәнері, салты, дәстүрі бар – музыка. Ендеше, халықтың бағыттағы ән айту үлгісі табиғи дауыс, мәнерлі, халықтық тақырыпта болуы шарт.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. № 21


2. № 22

3. № 23

4. № 24

5. № 25


6. № 26

7. № 27


Сабақтың тақырыбы: Орфоэпия. Орфэпиялық дыбыстармен жұмыс.

  1. Ұяң, қатаң дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыру.

  2. Вокалдық – техникалық жаттығулар арқылы дыбыстарды таза айту.

  3. Әнді ансамбльмен айтуға дағдылану (дуэт, трио, т.б.)

Студенттерді ән айтуға оқыту вокалды - техникалық дағдылардың белгілі бір жинағын үйретумен байланысты. Ән айтуда резонаторларды айрықша ұйымдастыру талап етіледі. Әрине, жылжымалы резонаторлармен басқару да саба? барысында өзінің көмегін тигізеді. Оқытушының вокалдық есту ?абілеті өте жоғары болуы керек. Тәжірибелі оқьпушы дыбысталу сапасын баланың дауыс аппараты дұрыс немесе дұрыс емес жұмыс жасағанын анықтап, онда болып жат?ан кішкентай да өзгешеліктерін бірден байқайды. Жаттығудың «қ» дыбысынан басталуы балалардың дауыс аппаратын активтендіріп, бірден ай?ын, таза дыбыс шығаруға жетелейді. Қатаң «к» дыбысынан кейінгі орналасқан «а» дауысты дыбысынын кұлаққа жағымды, майда болып шығуына, сөз тексінің мазмұнына лайықты сезімталды?пен орындауды талап ету әсерін тигізеді. «Гүл» деген сөзді айт?анда «ү» дыбысының созыла айтылуын қадағалан жөн. Әдетте практикада созылу ұзақтығы мүмкін бола тұрса да, дауысты дыбыстың орнына дауыссыз дыбысты созып тұрып алатын жағдайларда кездесіп қалады («ү»-нің орнына «л»). Жаттығуды бір мезгілде бастап, бірдей аяқтауда, онын характерін жеткізе білуде мұғалімнің дирижерлік қол қимылын окушылардың дұрыс түсіне білуінін мәні зор. Әуен өз дәрежесінде орындалған соң, берілген тональды?тан бастап жарты тоннан жоғарылатып айт?ызуға болады. Алғаш?ы жаттығу балалардың орындауына (звук) дыбыстардан басталып, бірінші октаваның сиb ,-си ноталарынан аспауы қажет. Бірте-бірте сыныптың әнді орындау қабілетінің ?алыптасуына орай, орындау диапазоны кеңейтіле береді13-сабақ-Бұл жаттығуды орындағанда орфоэпия заңдылы?тарына сүйенуге тура келеді. Әдетте балалар әрбір сөзді жазылуы бойынша айтады, сондықтан дыбыс легі үзіліп - үзіліп естіледі. Мұғалім жаттығу?а қойылатьгн талапта мынадай құбылыстарға көңіл аударуы тиіс: «әлі-ақ ұйықтап қаласын» деген сөйлемдегі «әлі-ақ» деген сөзде «а» дыбысыны? ыкпалынан «і» дыбысы түсіп қалады, ал «қ» қатаң дыбысы келесі «ұйықтап» сөзінің бірінші дыбысы «ү» -нің әсерінен «ғ»-ға айналады. Сонда жазылуы «әлі-а?» болғанмен, орындалғанда «әлағ» болып айтылады.

Ән сөзінің ашық, таза айтылуы да әншіліккке баулудың негізгі компоненті болып табылады. Орныдалатын шығарманың мазмұнының тыңдаушыға дұрыс жетуі үшін, баланың әрбір дыбысты ай?ын айта білуінің маңызы зор. Мұғалім дыбыс шығаруға қатысатын ауыз, ерін, тіл, көмекей, төмеңгі жақ сүйегінін жұмысын өзі өте жақсы меңгеріп, оны балаларға ұғымды тілде жеткізе білуі тиіс.

«Гәк», «гик», «гай» буындарында кездесетін «г», «к» дыбыстары таңдай дыбыстарына жатады. Сондықтан бұл дыбыстар бірден дауыстың жоғарғы позицияда құрылуына жағдай жасайды, ал «ку», «гу», рай», т.б. буындағы «у» дыбысы болса, ежелден дауысты көмекейден ?ысын шығаратын адамдардың сол дауыс аппаратын босатуға ?олданылатыны белгілі.

«У» дыбысы ерін дыбыстары ?атарына жат?анмен, өзінің акустикалы? формасы жағынан терең, көлемді естіледі. Орфоэпия грек тілінде «огfоc» - дұрыс, «eроэ» - сөз. Сөзді дұрыс айта білу деген сөз. Алғашқы әншілікке баулу жайлы еңбектердің өзінде-ақ сөзді дұрыс айта білу мәселесіне назар аударылған.

Ю.Барсов өзінің «әншілікке тәрбиелеу тарихынан» деген еңбегінде, Ломакинның «ән айту методтары» (1837 жылы басыл-ған) деген еңбектерінде былай дейді: «ән айтудағы ең бір есте ұстайтын нәрсе – сөзді анық айту. Сәзді дұрыс айта білмеу әнді мүлде түсініксіз етіп жібереді». Бұл ескертулер ?азір де өзінің мәнін жойған жо?. Көптеген ұстаздар ән айту барысында дыбыс-тың күшті де дұрыс шығуына ден қояды да, сөзі назардан тыс қалып қояды, бұл мүлде жіберуге болмайтын қателік.

«...Көптеген әншілер әдемі де қатесіз сөйлей алмайды», -дейді - Станиславский, - міне сонды?тан да олардың салған әні тартымды естілмейді, көп жағдайда сөздерін ұға алмайсың» (33).

?алай болғанда да, ән айтушыларға да халы?тың тіліндегі әріптердің айтылуына, олардың сөз құрау ерекшеліктеріне ден қоймауға болмайтындығын сезінуі ха?. Мәселен, тілінде тама?пен айтылатын ?атаң дауыссыз дыбыстар ән айтуда қиынды?тар келтіреді деп саналған.

Зерттеуші С.Татубаев жұмсак дауысты дыбыстардың көптеп кездесуі, (а, ә, е, о, ұ, ү, і, ы) қазақ әніндегі сөздің айтылу үнділігін арттыратынын жазған еді. Көптеген қазақ сөздерінде ?атаң дауыссыз дыбыстардың жұмсақ дауыссыз дыбыстарға ауысып айтылып жататын кездері болады. Мәселен «?» және «К», жұмсак дауысссыз «Г» жэне «?» дыбыстарын; мұның бәрі айтылған әріптердің мынадай әріптермен қатар келуіне байланысты өзгеріп отырады «а, е, ы, і, ж, з, и, л, м, н, ң, р, у» сия?ты, немес керсінше «қ» жэне «к» дыбыстары «ғ» және «г» дыбыстарымен ауысады. Вокал пәнінің мұғалімі мынадай ерекшеліктерді есте ұстағаны жөн, егер «б» әрпі дауысты «а, э, е, о, о, у, ү, ы, і», немесе «в» әрпіне жа?ын болып айтылады. К. Ниеталиеваның ?аза?тың орфоэпиялык сөздігінде бұл таңба былай белгіленеді: «б».



Жазылуы: Айтылуы:

Асыр сап ойнадық («Сүйікті мектебім») - асыр саб ойнадық

Жайнап өскен («Біз өмірдің гүліміз») - жайнап өскен

Келіп ем («?оңырау») - келіб ем

Егер алдыңғы сөз дауысты дыбысқа ая?талып, келесі сөз дауысты дыбысты сөзден басталса, онда алдыңғы сөздің соңғы дауысты дыбысы түсіп қалады. Мысалы:

Жазылуы: Айтылуы:

Шилі өзен («Шилі өзен») - шил" өзен

Жерде отыр - || - - жерд" отыр

Бізді ойла - || - - бізд11 ойла

Тұра алмаймын («?арғаш») - тұр" алмаймын

?ара орамал («Гауһартас») - қар" орамал

Ша?ырса анаң - || - - шақырс" анаң

Сүйеді ел («батыр бала Болатбек») - сүйед" ел

Етікші ата («Етікші») - етікш" ата

Кейбір сөздердің «айтылуы» және «жазылуы» заңдылы?тарын мысалға келтірдік. Бұл заңдылықтарды са?тай отырып, жұмыс істеу музыка маманының мектеп оқушыларын ән айту мәдениетіне баулу жолында жетістіктерге жетуіне көмектесетіні сөзсіз



Сабақтың тақырыбы: «Вокал өнеріндегі жанрлар, олардың ерекшелігімен ұқсастығы»

Сабақтың мақсаты: Вокал өнерінің барлық саласынан білімдер жәнеәншілік дауысты шебер пайдалана білуге қажетті мағлұматтармен таныстыру:

  1. Білімділік: Ән өнері туралы жинақтаған білімін қолдана білуге баулу.

2 Дамытушылық: Дауысты вокалдық – техникалық жағынан жетілдіру және ән айту шеберлігін дамыту.

3 Тәрбиелік мәні: Вокалдық біліммен ілімнің кешенді қорытындысы нәтижесінде, академиялық концерттерде, тыңдауларды және байқауларда өзін - өзі ұстай білуге, сахна мәдениетіне тәрбиелеу.

Вокал өнерінің алуан түрлерімен танысу. Олар: «Вокализ», «Ән», «Романс», «Баркоролла», «Баллада», «Эллегия», «Ария», «Контата», «Ортатория». Вокализ – бұл сөзсіз орындалатын әуен. Вокализ көбінесе құлаққа жағымды тек қана жақсылықпен инабаттылық сезімін беретін әуендер қатарына жатады. Вокализді әрине дауысты дыбыстарға немесе буынға сүйене отырып орындайды. Басқа да музыкалық шығармалар сияқты вокализдің де жай және күрделенген түрлері бар. Оны әншінің вокалды техникасының жетілуіне, дамуына байланысты күрделеніп отырады.

- Ән дегеніміз – үнділік, көркемдік қасиеттері бар әуеннен құралады. Бүгінгі кезде айтылып жүрген әндер дауысына қарай халық әні, лирикалық ән, эстрадалық, опералық орындалатын әннің түрлері және т.б. болып бөлініп жүр. Тарихтың прогрестік жолымен дамуы дүниеге алуан – алуан идеялық мазмұнды әндерінің көлемді шығармалардың тууын жеделдетті. Мысалы: «Амангельді сарбаздарының маршы», «Өндіріс», «Жас қазақ» т.б.

Халық әндерінің бір ерекшелігін айтпай кетуге болмайды. Әрбір әнді байқап қараса, олардың өлеңдері бірнеше шумақтан пайда болып, сол шумақтардың ішіндегі тармақтары бір – бірімен ырғақ жағынан сәйкестеніп келеді. Бұны біз шумақтық әндер дейміз.

Романс – испан тілінен алынған. Орта ғасырда Испанияда жергілікті роман тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда болып, ХҮІ ғасырдан бастап «романс» жанр болып тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналған, музыкалық сүйемелеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармалардың қатарына енеді.

Романстың әннен айырмашылығы, екі – үш бөлімнен құралып, кең ауқымды, терең сезіммен, баяу екпінмен орындалатын ән. Жай әндер мен романстардан басқа көлемді әндер де бар, олар ария, ариетта, аризо, каватина, баллада және т.б.

Баркоролла – (Италия телінен қайық) қайықшылардың, балықшылардың әні. Өте салмақты, өлшемі көбінесе 6/8 (мысалы: «Венецианская ночь» М.Глинки, «Спит безмятежно моря», Моцарттың «Идоменей» деген операсынан алынған.

Элегия – (грек тілінен аударғанда арыз айту әні). Ән көңілсіз, терең ойлы мінезі болады. Фортепианоға арналған атақты элегиялар С.Рахмановтың, Чайковскийдің шекті оркестрге арналған Серенададан алынған элегия, дауысқа, фортепианоға, виоленчельге арналған Вик.Калинкованың элегиясы жатады.

Кантата – (латын тілінен аударғанда Kantate - өлең айту). Ең басында аспаптық сүйемелдеу жалғыз дауысты айтылатын пьеса түрінде пайда болады. ХҮ – ХҮІ ғ.ғ. басқа еуропалықтар сияқты италияда кәсіби музыкалық қалыпта, үлкен полифониялық стильде дамыды. Контатада операдан кейін дамып кең ауқымды тарала бастады. Ол өзіндік ерекшелігімен қалыбы жағынан арниялық, мінезі жағынан речитативтік жағынан операға жақын болады.

ХҮІ ғ. Аяғында Флоренцияда композиторлар мен әншілердің қауымдастығы мен көркем үйірме ашылып, өнердің көне түрін қалпына келтіруге үлкен жұмыс жасады. ХҮІІ ғ. Италия контантаның маңызы, бөліктері махаббат лирикасымен ерекшеленеді. Кантата жанры пайда болғаннан кейін оның жаңа түрлері пайда бола бастады. Мысалы, рухани кантатада.

Кантата кең қанат жайды. Көбінесе Германия мен Англияда хор кантаталары көп тарады. Кантата немістің атақты композиторы И.С.Бахтың мәдени шығармашылық өте жоғары орын алады. Бах шіркеудің жанынан кеңсе ашып, кұдайға сыйына отырып әуен шығарады. Осылайша Бахтың 300-ге жуық кантатасы жарық көреді. Олар философиялық, лирикалық, рухани, комедиялық кантата болды. Бахтың кантаталарының тақырыбы терең ойлы және халықтың үміті мен күресі қайғы – қасіреті жайында болады.

Оратория – қуатты католик шіркеуі әлсіреп тұрған кезде католиктер өздерінің дінін қалпына келтіру үшін әр түрлі шаралар қолдана бастады. 16 ғасырда Рим шіркеушілері халықты бибилия оқуға тарта бастады. Бос уақыттарында шіркеуден тыс бір ерекше жерлерде, яғни «ораторияларда» библия оқып отырып ерекше бір сарынмен рухты жандандыратын әуендер шығарған. Сондықтан бұл шіркеу әндерін оратория деп атап кеткен.

Осы жанрларды бейне таспадан және аудио кассеталарды тыңдау.

1-ші межелік бақылау

        1. Вокализ

        2. Шығарманы орындау

3. Шығарманы талдау

Сабақтың тақырыбы: Мелизмдер. Мелизмдер жаттығулары

Сабақтың мақсаты: Шығармада музыкалық ырғақтық әшекейлеулерді нақты орындау.

Негізгі тапсырма:

1. Арнайы мелизмдері бар вокальдық-техникалық жаттығулары

2. Мелизмдері бар әуенді таза орындау

Мелизмдердің негізгі түрі: трель, группетто, ұзақ және қысқа форшлаг, мордент.




: ebook -> umkd
umkd -> Оқу-әдістемелік материал Кіші мектеп жасындағы тіл дамыту әдістемесі
umkd -> 5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
umkd -> «Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі»
umkd -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> ОҚУ-Әдістемелік кешені (Барлық мамандықтарға арналған)
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> «Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»
umkd -> Ағылшын тілі пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған


  1   2


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет