Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік



жүктеу 6.61 Mb.
бет14/42
Дата19.06.2016
өлшемі6.61 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42

такаппарлық. ...Жүзінде рақымың бар жан екенсің, Жоқ шығар көңіліңізде такаппарлық? (Айқын қыз). Менмендік, такаппарлық дұрыс па екен, Түсірер ақылыңа атан Ақан (Ақан сері);

тәкаббарлық. Қария қаба сақал жүз жасаған, Қашаннан енді маған сырлас адам:—Тәкаббарлық тіршілік — бірақ рет, Ағаш тұрмақ, мәңгілік тұрмас адам! (М. Рашев). Сильва Капутукянның өлеңдерінде әйелге тән қаншама асқақтық, тәкаббарлық, нәзіктік, жүрегімен берілген әйел затына тән бұйығылық бар десеңізші! (Ф. Оңғарсынова);

тәкаппарлықменмендік, паңдық, Жақсыға тәкаппарлық жараспайды, Дәрежең халыққа толық болса мақтан. Аптықпай, ақымақ құрбым, айла сабыр, Бұл кезде би болып жүр, басын баққан (Құлназар). Тәкаппарлық емес, жол бермеген, жаңа заманның ресмі қалаға барғанда қат-қабат бөгеттерге соқтырды (X. Есенжанов);

тәкәппарлық. Біреуге ол тәкәппарлық боп көрінеді, біреулер көңіл хошы шығар деп шамалайды (М. Сқақбаев).

تكبير (такбйрун) тәкбір1) ұлғаю, арту, көбею; 2) діни. дәріптеу, «Аллаһу әкбар — Ұлы құдай — деп айту формуласы. Әншейін-ақ қасына сүре танитын сопысымақ сұмырайларды жинап алған, қырық мәртебе әсин шулатып шыққызып, әр шыққан сайын, түрегеліп азан, тәкбір айтып... жатыр (С. Торайғыров).



такрар1) қайталау, пысықтау; 2) көп еселік. Қуанай қазірет жар салып, халайықты мешітке жинатты да, өзі екі ракағат намаз соңынан өзгеріссіз такрарланатын уағыз айтты (X. Есенжанов);

тәкірар. Жаттап ал, Жүз айтсаң - жат, мың айтсаң — тәкірар,— деді Мұстапа (Ғ. Мұстафин).

تكلم (такаллумун) тәкәллүмсөйлеу, әңгіме. Бір күні Навои шығармаларының түрік тұқымдас тілдерден алатын тарихи орны туралы түсіндіре келіп, «Тоты тәкәллүм әйләмәс гүлстандән жүдә» деп басталатын өлеңді талдап: «осы сөздердің қазақ тілімен қаншалықты төркіндес екендігін айырып кел», - деп Құдайбергеннің маған тапсырма бергендігі есімде (Қ. Бекхожин).

تكليف (таклйфун) тәклиф1) тапсырма, орындауға тапсырылған іс; 2) салу (салық); 3) міндет, борыш; 4) еңбек; 5) салтанат (церемония); 6) ұсыныс. Белгілі... ешбір нәрсені хикметсіз тәклиф қылмады (Абай).

تكوين (такуйнун) такуин1) жоқтан бар болу, жаратылу; 2) форма, пішін (дененің). Бірі такуин, яғни барлыққа келтіруші деген сөз (Абай).

تكية (такййатун) тәкие1) кезбе, жиһанкез, қаңғырушыларды қабылдайтын үй-жай, орын; 2) дәруіштердің тұратын үй-жайы; 3) тірек, таяныш, сүйеніш. Бірәдәр, сіз едіңіз әуһел-сәлік, Тотыны назым қылған күйге салып. Тәуекел тәкие қып міндім атқа, Мәшһүрден аянбаңыз ғапыл қалып... (Ақан сері).

تلمود (талмуд)* талмудкиіз кітап (яһудилердің әдет-ғұрпы мен заңдарының діни негізінде жазылған көне жинағы. Талмуділім деген мағынадағы көне еврей сөзі. Бұл сөз мұсылман елдеріне араб тілі арқылы келген болу керек Н. О.).



تماشى (тамаша) I тамаша1) жүру, бару; 2) бірге жүру; 3) бой көтеру; 4) ауыс. ойын-сауық. Келіншек көрді мынау тамашаны, Тұрса да көзін жауып жібек шәлі (С. Торайғыров). Өйтпесе сәні келіп, жараса ма, Қалыпты әр жерде ұйықтап бала-шаға, Күн жаңа найза бойы көтеріле, Тарады келген алық тамашаға (И. Байзақов);

II тамаша ғажап, ерекше жақсы, өте қызық, тамаша. Тамаша өмір, шаттық жыр Қала, дала, ой мен қыр, Жабайы жаз ба биыл жаз, Төгілген көктем алтын нұр (Жамбыл). Тамаша Күләнданың нұр сипаты, Қадірсіз болса дағы шыққан заты, Ақылды сыпайылық қасиетімен Жақсы деп жайылған қыз елге аты (Ж. Саин). В.И.Ленин қанатты сөздердің, мақал-мәтелдердің маңызын былайша сипаттайды: «Тым шытырман құбылыстардың мәнін тамаша, дәл көрсететін қанатты сөздер болады» (Қ. Сағындықов);

тамашалауқызықтау, бой көтеру, ойын-сауық құру. Бұл кезде ас үйлерден Ұлжан, Айғыздар да шығып, барлық күтуші, қызметші атаулының баршасы тамашалап қарап қалысты (М. Әуезов). Мәжілісін тойымның, Сауық-сайран, ойынның, Асқақты әмен ашқан күн, Тамашалап, таңғалып (Қ. Аманжолов);

тамашалаушықызықтаушы, бой көтеруші. Өнердің де тыңдаушысы, қызық көріп, тамашалаушысы, айтпақшы, қошеметшісі болуға тиіс қой (С. Бақбергенов). Қ. Ыдырысов бұрын көрмеген елді - көне араб жерін жай ғана тамашалаушы көлденең көз адамы емес, туысқан халық өкілі болып тіл қатады (А. Егеубаев);

тамашалықызықты, сауықшыл, көңілді. Біздің жұрт ат мінеді арғымақтан, Құйысқан, күміс жүген жарқыратқан. Мереке, күнде жиын бәйге қосқан, Байтақты тамашалы халқым жатқан әме қыз). Жылы көп жеріміздің тамашалы, Жырласақ қанша мақтап жарасады (Ғ. Орманов);

тамашалықғажаптық, ерекшелік. Құран уағызы бойынша: табиғаттың тамашалығын да, хайуанаттар мен өсімдіктердің айналадағы белгілі бір жағдайға сай өсіп, жетілуін құдайдың өзі алдын ала көздеп, бәрін де есептеп, пішіп жаратқан. Жануарлар мен өсімдіктер өзгермейді, құдай қандай күйде жаратса, олар дәл сондай қалпында қала бермекші-міс. (X. Ақназаров);

тамашашытамашалаушы. Ат ойнатып шықты Иозеф Неккерман, Бас бәйгені етпеңдер деп текке арман. Тамашашы ел болжалынан тез қайтты, Біріншілік Сен-Сирдікі деп қалған (Оразақын Асқар);

тап-тамашаөте қызық, аса керемет. Кейбір сәт жүзі күліп жас балаша, Көзінен жалын атқан жалт қараса. Бояу жоқ бетінде де, үстінде де, Табиғат еркесіндей тап-тамаша (Қ. Бекхожин);

таң-тамашаөте қызық. Тамашалап қарасаң, Ай мен жұлдыз, күндіз, түн, Орман, тоғай, от пен су, Таң-тамаша, кім қылған? (Шернияз). Береміз ән сал десе, өлең айтыс, Қызға да, балаға да, іріге де. Қалады қыз-келіншек таң-тамаша... (Әшім).

تمام (тамамун) тамам1) толық, жетілген; 2) толық жетілгендік, кәмелет; 3) аяғы, соңы, ақыры. Айыпсыз ата-ананың сіз баласы, Түбінде тамам жұрттың сіз анасы (С. Торайғыров). Ай жарым мұнан соң да өтті заман, Күн санап, менің халім болды жаман. Көз жұмсам, ұйықтасам да алдымда қыз, Басыма диуаналық келді тамам (М. Сералин);



тәмам. Ер жігіттің сұрауы Дүниеде мақсұт тәмам деп... (Н. Наушабаев). Тәмам,—деді Мәлік (Ә. Тәжібаев). Шағаланың шабақ ілісіндей керемет бір ептілікпен тас түйіршіктерін тәмам құртты (М. Сатыбалдиев);

тәмәм. Он бір мен он екіде түркі білдім, Ғылымдық зерек жанның мүлкі білдім. Шығарған мүсәннәфтар назым қылып, Түркіні тәмәм тілдің көркі білдім (Әбубәкір). Аяғы бұл дастанның болды тәмәм, Келмейді көп айтуға менің шамам («Достан батыр»);

тамамат. Бұл мақтуб жанаптарға қабылданса, Сүйінші білдіріңіз бізге нама. «Жақсыға — аз ишарат сөз жетер» деп, Тамамат сөздің артын еттім ада (М. Балтекейұлы);

тамамдалуаяқталу, біту. Колчактың қарасы батты, келмеске кетті. Бұл бәріміз үшін қуаныш,— деді де: Темекі тамамдалды, Шен-шекпен қараң қалды. Погон жыртылды, Правитель құртылды,— деп әдетінше бар даусымен әндете жөнелді (М. Қаратаев);

тәмамдалу. Тыпыршыған тірлігің тәмамдалды, Асқар таудай абырой — бағаң барды. (М. Сатыбалдиев). Мәжіліс тәмамдалысымен қасындағылардан бөлініп жеке кетті (М. Сқақбаев);

тәмәмдалу. Осымен VI съезде жасалмақ баяндамалар мен қосымша баяндамалар тәмәмдалды («Қ. Ә.»). Бақсам, қаһарман қарекеті жеңістен кейін де тәмәмдала қоймаған екен (Ғ. Мүсірепов);

тамамдауаяқтау, бітіру. Әбіш биыл тағы да Петерборға барып, келер жыл оқуын тамамдап қайтатынын айтты (М. Әуезов). Бала көңіл — көгершін, Қалды сол кез алаңдап, Ойынды да қимады, Болған жоқ қой тамамдап (О. Шипин);

тәмамдау. Ұлы Абай бізге бай мұра — мәңгі жасар поэзия қалдырды. Бірақ, сонымен бірге ол бізге өз бастамаларын тәмамдау жөніндегі жұмысты да мирас етті (Ғ. Мүсірепов). Митинг сонда да өткізіліп, мұндай жиналыста сөйлеуге төселген шешендер, адамның саны аз-көп демей, айтайын дегенін бар даусымен тәмамдап шығатын (С. Мұқанов);

тәмәмдау. Бәлей онжылдықты ана тілінде тәмәмдап, сенім арқалап, білім нұрымен сусындауға Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институттың филология факультетіне келді (Е. Шаймерденов). Бәрін сүйіп орындайтын ісіндей етіп, мүлтіксіз тәмәмдауға міндетті (Ғ. Қаллемов);

тәмәмдәу. Асыл жарым Алендаға сағыныш, Бес балама жүрегімде жалыныш. Бәрін соның әз тәмәмдәп өзің айт, Жорықтарда бір еді ғой жанымыз (К. Салықов);

тәмәмдеу. Жарайды, енді, тәмәмдейін сөзімді, Қажытпайын сендерді де, өзімді (К. Салықов);

таматаяқталды, соңы (кітаптың аяғында осылай деп жазылады). Жүргенде бес күн пәни жалғаншыда, Жетіссе бір-біреуге көңілге ұлпат. Ағалық жолы осындай деген-дағы, Қол қойып, сөз аяғын еттім тамат (К. Сүйіншібайұлы).

تمدن (тамаддана) тәмадданамәдениетті болу. Бір кірсем, шыға алмадым той тамадна ұрысы: тамаддана Н. О.). Сыртымнан құрбым жоқты мақтамаған, Мен болып Әмудария құяр едім, Көлденең қатты тілден сақтанамын (Әбубәкір).

تموز (таммузун) тамыз1) июль (айы), қазақша август; 2 ) ауыс. жаз ыстығы (сарша тамыз, шілде тамыз). Алаулаған аңсызға, Құс қаға алмай қанатын, Тамызық боп тамызда Шөбі дір-дір қағатын (Т. Жароков). Күн ыстық, тамыз, бұрқыраған жолдың шаңы тіп-тіке аспанға ұшады (Б. Майлин). Күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз, Жанында қан, малында қалмай маңыз, Оразаның күні еді сол уақытта, Бұл күнде оразаны не қыламыз (Жамбыл). Бағдат қаласының іргетасы хижраның 145 жылы, Мелади бойынша, яғни Ғайсаның туғанынан бастайтын есеп бойынша 762 жылы, тамыз айының 23 күні сәтті сағатында қойылды (А. Машанов).

تنبيه (танбйһун) тәнбі — 1) ояну, қозу; 2) көрсету (бір нәрсені); 3) ескерту. Бас қосқан мәжілісінде Майлыбайдың, Тентекке берген тәнбі ісі тоңқақ. Осындай абыройын ойламаған, Ақымаққа аңғартпай ма ұрып таяқ (Қаңлы Жүсіп).

تنقيد (танқйдун) таңқит — сын (бір нәрсенің кемдігін айту). Жүніс, М...ға былайша деп өлеңмен екінші хат жазды да, маған оқыды: Таңқиттап жазсаңыз да, хат келгенде, «Өңім бе, түсім бе» деп тұрдым біраз... (С. Мұқанов).

تنور (таннурун) І тандыр — нан пісіретін пеш. Күлше нандар тандырға жабылып, бір апталық азық-түліктер дайындалады (С. Айни). Рахметтің машинасы Айбаршаның үйіне кеп тоқтай қалғанда, Дәметкен тандырға күлше жауып жатыр еді (С. Мұқанов);

II тандыр — көптен құрғап қатып қалған зат. Құрт жегендей қуарып, Дәнің тандыр суалып, Елдігің кетіп ыдырап, Алтын жағаң сөгіліп, Абыройың төгіліп, Барыңнан да жақсы еді, Жоқ болғаның мұнан да (Дулат жырау). Жаутаңдап екі жағында Тамыры тандыр жер жатты (Қ. Аманжолов). Күн нұр төкті, қырға қызыл шырайын, Жер-көкке атты, желіні тандыр бұлағын... (І. Жансүгіров).

تنوين (тануйнун) тәнуин (танвин) — лингв. диакритикалық белгілер (дыбысты дәл көрсету үшін әріптердің астына я үстіне қойылатын белгілер. Хатта көбінше дауысты әріптер жазылмайтын араб жазуында бұл белгілердің орны айрықша).

تهليل (таһлймун) тәһлил — 1) айқайлау, 2) қызбалы мақұлдау; 3) даңқын асыру (Алланың). Таспиғын жиі тарта түсіп, өңін Ұлжан жүзінен шұғыл бұрып алып, тәһлил айтып, сыбырлап кетіп, дұғамен бет сипады (М. Әуезов). Мешіті, молдасы, қажысы көп бұл елдің бозбалаларының өлеңдерінде көбінесе: «Тәубихбен зікір тәһлил көп айтасың...» деген сияқты араб сөздері көп араласқан, діншілдік мазмұндағы сөздер көп болады екен (С. Мұқанов).

تهمة (туһматун) тауқымет 1) шек, күдік, шүбә келтіру; 2) айыптау; 3) жала, өсек. Ал, Сүйіндік сол сөзді оп-оңай... айтып салса ертеңіне тауқымет сонда (М. Әуезов). Аға жоқта ел тауқыметі ауыр тиіп отыр ма?— деді Жүзтайлақ (М. Әуезов);



Тауқімет. Өмір-тірліктің басқа салар тауқыметі көп (О. Сәрсенбаев);

төһмәт. Думан-қызық көкпар боп, Бақталасып барлығы, Сиазға атын салады. Бір-біріне жалғайды, Қара төһмәт жаланы (Майлықожа);

түһмат. «Иманды — күмән бұзар» деген болса, һәм иман, һәм дініңді ұрдың қабат... Алжасып аңғырт баһам еткеніңді, Қарулап, қайта-қайта еттің түһмат (Қаңлы Жүсіп);

тауқыметті — 1) шекті, күдікті; 2) жалалы, өсекті; 3) ауыс. ауыр, қиын. Ширыққан конфликт, тауқыметті тіршілікті бастан кешірген толғамды тұлғалар, әлеуметтік кең арна, эстетикалық әсем де әсерлі саз, ыстық сезім, терең ой, құнарлы тіл — толысқан зергер творчествосының төл қасиетіне айналды («Қ. Ә. Т.»).

تواب (тауабун) тәуап — 1) өкініш, опық жеуші; 2) кешіруші, ғапу етуші:

تواريخ (тауарйху) тауарих — тарихтың көпше түрі. Олар заманның көбін ғылымсыздықпен өткізіп, тауарихларын терең білмей, түбі ескерусіз қалып, ата-бабаларының айтуымен, ауыз хабарларынан білгеніне қанағат қылып жүріскен (Абай). Арғы-бергі тауарихқа көз салсаң: шашыраған көп тобырды іргелі... Көз салшы, әне, іргеңдегі орысқа Кеше сонау ноғайлының тұсында Алтын Ордаға тәуелді әрқайсы... Басы. Бірікті! Бүгін, міне, тас қамалға айналып, Қолы батпас небір жойқын дұшпаның Ормандай қалың ел болды,— деді ханға Сауран сұлтан (Т. Ахтанов);

тауарық. Тобықтының зорлығы мен қараңғылығы Оразбайды жеңгенімен, өмірді, тауарықты жеңе алмас, бұза алмас... (М. Әуезов).

تواضع (тауадиун) тауазиғ 1) көнгіштік, тілалғыштық; 2) кішіпейілділік. әдептілік, сыпайлық. Және де айтты жауап Жүсіп Садық, Көп сыйлап, құрмет қылды тауазиғлық. Көп кешікпей тез қайтып келіңіздер, Атаңызға айт деді сәлем құллық («Ғашық-наме»).

توبة (таубатун) тәубе1) өкіну, опық жеу, өткендегі қатесін дұрыстау, түзету; шүкіршілік. ...Көкке жетсе, өз жынысын қорламасқа, Бек мықтап тәубе қылған өгіз батыр (С. Торайғыров). Мал-мүлікке масықпа, Кедейлер адам еместей! Талайлар толып төгілген. Төңкерілген тегештей! «Тойған сайын тәубе қыл!», Айтқаныма егеспей! ұрмағамбет);

тауба. Құдайға мың қабат тауба! Аман-есен келдің бе?— деді Сейдахмет (I. Жансүгіров). Бір балаң Отан үшін құрбан болды, Ер Жәке, тауба қылып орныңнан тұр! (К. Әзірбаев);

тәуба. Бұзылып кетті намаз, үзілді аят, Мешіттің мұнарасы сынғандай-ақ. Түксиіп тұрды бәрі, тәубаны айтып, Алдында әзірейіл тұрғандай-ақ (Қ. Бекхожин). Еламан тағы ішінен шүкірлік тәубасын қайталады (Ә. Нұрпейісов);

тәубә. Дос-жараны сілкініп биікті алып, Дұшпандары қалатын тұйықталып, Тыңдайтын шежіресін тәубә десіп, Айнала қара халық ұйып қалып (Ө. Күмісбаев);

тоба — таңдану, қанағат етуді білдіретін одағай. Баймағамбет: О, тоба! Шошқаны менен басқасы әлі мал демейді (Ғ. Мұстафин). Тоқсан кірдім қамалға, Тоба деп көңілім басылмай, Тұнжырап тұрды көкте бұлт (Ж. Саин). Есерліктің белгісі — Өтірік-өсек, аяңды Іркілместен соғады. Қасам ішіп, ант ұрып, Тіліне алар тобаны (Майлықожа);

тәубешіл — тәубе еткіш, шүкіршіл. Қожанасыр: «О, тәубе, жасаған, әлгі айтылған ақылдың сырын жаңа түсіндім ғой»,— дей берсе керек. Ақсақ-Темір көреген қожаның сөзін естіп қап: «Қожа, неге сонша тәубешіл болып кеттің?»— деп сұрайды («Қож. Ә.»);

тобашыл. Ынжық адам — тобашыл, Тоғышар адам — табашыл (мақал);

тобалық — шүкіршілік, қанағат етушілік.— О, жасаған ием, алла, тобалық еттім!— деп селдір ақ сақалын үш қайтара сипап өтті (С. Бақбергенов).

توت (тутун) тұт — бот. жапырақтарымен жібек құртын асырайтын ағаш және оның жемісі. Мұнан соң сол құртқа назар салып қарап жүрсе, тұт деген ағаштың жапырағын жеп күн көреді екен (Ы. Алтынсарин). Су жағалауындағы кесілген тұт ағаштары біздің үйден көрініп тұрады (С. Айни).

توتيا (тутйа) тотияйын — 1) көкдәрі (металдың күкірт қышқылды тұзы); 2) қиялдағы бір қымбат тастың аты. Бұлар лезде-ақ үшеулеп қойдың жараларын тазалап, құрт түскен жерге тотияйын тықты (Ж. Арыстанов). Шабылған саусақтың қаны тиылмай, құрым киіз күйдіріп басып, тотияйын құйған екен, қолтығы күп болып ісіп кетіпті (I. Жансүгіров);

тотия — еск. көзге жағатын дәрі, сүрмелейтін бояу. Тотия — көзді сүрмелейтін зат (Л. Будагов).

توحيد (таухйдун) тәухит1) біріктіру, бірлестіру; унификация (үндестіру, үйлестіру); 2) діни монотеизм. Мешіті, молдасы, хажысы көп бұл елдің бозбалаларының өлеңдерінде көбінесе: «Тәухиттің көп айт деген кәлимасын, Отына махаббаттың күйді басым...»,— деген сияқты араб сөздері көп араласқан, діншілдік мазмұндағы сөздер көп болады екен (С. Мұқанов).

توراة (тауратун) тәуратдіни. Библия. Замана өзгереді, соған лайық, тұс-тұсында нәби келеді. Тәурат, забур, інжіл, кәлем шарифтей кітаптар келеді дейміз (М. Әуезов). Құран мазмұнының төрттен біріне жуығы - тәурат пен інжілден алынған пайғамбарлар жайындағы аңыз-ертегілер (X. Ақназаров);

таурат. Үн шыққан жер дүниеге биік тұрған, Жаса, - деп жаңа тұрмыс салған ұран. Үн шашқан Коминтерн радиомен Қалсын деп шірік таурат, інжіл, құран (С. Сейфуллин). Мен «инжил», «таурат», «забор», «құранды» түгел оқыдым,— деді («М. Б. Т.»);

тәурәт. Құран бойынша алла Мұсаға тәурәт, Дәуітке забур, Ғайсаға інжіл жіберді-міс (М. Тоқжігітов).

توزيع (таузй‘ун) таузиғ1) бөлу, тарату, үлестіру, бөліп беру, үлестіріп беру; 2) жіберу, тарату. Көңілде пікір, ғибрат болса көзің. Мұлайым тауанға сипат та өзің. Жұмсақ, тәтті тілімнен тәрбие етсең, Біреуге әсер қылмақ сонда сөзің (Әріп).

توطئة (таутиатун) тотия1) дайындау, даярлау, әзірлеу; 2) кіріспе (кітапқа); 3) түсіндіріп тарату, түсіндіріп жаю; 4) астыртын сөз, астыртын келіс. Есебін өткізерсің бір күн қолдан, Орынсыз, опасыз да ойнап-күлсең. Басыңда, пенде болсаң тотия жоқ, Сұлтан боп Сүлеймендей бұлтқа мінсең (Кете Шахар).

توفيق (тауфйқун) таупық1) келісу, тату болу, тыныштық орнату; 2) көмектесу, жәрдемдесу, жәрдем, көмек; 3) табыс, сәт, бақыт; 4) діни. тақуалық, шарапаттық. Тәжірибе айтқан сөзін тапқаннан соң Бас ұрып қайта алмаған айтқан шарттан. «Оқытып жөһиттен де құтылдық» деп, Шеккен жан таупық пен ідаяттан (Шораяқтың Омары). Хажы: «Бишараға нысап, таупық бере гөр», деп құдайға жалбарынады (Ғ. Мұстафин);



таупиқ. Қайда сіздің мақтаулы, алланың! Неге ол көрмейді, көзі көр болған ба? Қайда сіздің таупиғыңыз? (Міртемір). Ия, құдай таупиқ берген біреу болмаса...— деді Күлей (I. Жансүгіров);

таупих. Құранның «Таупих» тарауының 38 сүресінде «құдайға шек келтіргендер ғана кәпірге қарсы соғыстан қашады»... Қорқақты пайғамбар табады деп, аңқаулардың зәресін алады (Ж. Арыстанов);

тауфиқ. Тауфиқ сұрай келгеніңіз бек орынды (А. Сейдімбеков). Император Анна Иоанн қызы ағзам сіздің жазған хатыңызға ілтифат білдіріп, көшпенді қазақ халқына тауфиқ шапағатын тигізіп, өз қарауына аларға ниет қылды,— деді Тәуекел Әбілхайыр ханға (Т. Ахтанов);

тауфық. Бұл емес жаңа шыққан бір жат хабар, (Мұндай іс әркімде бар, әрқандай бар). Жүз жерден бала түгіл үлкен айтсын, Хақ сөзге тауфық етер жан қайда бар? (С. Дөнентаев);

таупықты1) діни. тақуа, дін тәртібін ұстаушы; 2) ауыс. жаман қылықтардан сақтаушы. Мүрит болып ишанға бас июге, Жас басымнан таупықты сопы болып, Сол есіммен тоқты-торым жинауға (С. Торайғыров);

таупықтылықтақаулық; 2) діни. құдайшылдық. Ұлпан осы «таупықтылығымен» біразға дейін бара тұрар ма еді, қайтер еді... (С. Мұқанов);

таупықсыз1) келіссіз, ықтиярсыз; 2) көмексіз, сәтсіз;

тауфиқсыз. Рысқұл қазір тауфиқсыз шығып бара жатып, артына қарап, Ай нұрына малынып, манаураған Талғарды көріп, былтырғы оқымысты орыспен соның шыңына шыққаны есіне түсті (Ш. Мұртазаев).

توكل (тауаккулун) тәуекел — 1) батылдық, бел байлағандық, қайраткерлік; 2)өзіне сенушілік; 3) діни. құдайға сенушілік: Тәуекелде қайғы жоқ (мақал). Молданың Қамар сұлуға айтқаны: — Тәуекел, бекем байла беліңізді! Түсірме бүлгіндікке еліңізді!... (С. Торайғыров). Айтпасам айбарағына абай қылып, Демеймін; «Бәлки, толық жауап берем». Ойналанып нәтпісімді жаздым бұлай, Тәуекел, ендігісін тағы көрем (Шораяқтың Омары);


1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет