Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік



жүктеу 6.61 Mb.
бет23/42
Дата19.06.2016
өлшемі6.61 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42

ханифашыханафия мазһабын жақтаушы. Октябрь революциясынан бұрынғы Россия мұсылмандарының басым көпшілігі ханифашылар болған («Қ. С. Э.»). Совет Одағындағы мұсылман сүниттердің көпшілігі — ханифашылар Қ. С. Э.»);

ханифалықдіни. мұсылмандардың ханифа мазһабына тиісті. Әбу Ханифа — ханифалық мектебінің негізін салушы Қ. С. Э.»). Ханифашыллар шариғатпен бірге азаматтық право ережелерін, атап айтқанда, ислам діні мен бұрынғы халықтың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салт ережелерін (адат) де қолдады. Мұны көшпелі халықтар оңай қабылдады. Олар ханифалық шариғатты ұстай отырып, өздерінің бұрынғы тұрмыс-салт ережелерін сақтап қалды Қ. С. Э.»);

ханифизмдіни. бір құдайға сенушілік. Хашым руынан шыққан, әрі бай, әрі саудагер Мұхаммед (570-633) Мекке саудагерлерінің (610 жылдар шамасында) ханифизм үйірмесін құрады (X. Ақназаров).

حواء (хауаун) хауа (исауи-Ева) — діни. Адам-атаның қабырғасынан жаратылған бірінші әйел, Адам-атаның зайыбы. Ол рас, Хауаға бұрын барған әзірет Адам, Бұл шекті байқамайды қай бір надан. Хауа ана Адамменен сүйтіпті деп, Бұл іске етпеу керек көңілді алаң (Манат қыз). Пейіштің Адам сапи шыққаннан соң, Жылаған баябында неше мүлдет. Адамды Хауанадан айырған соң, Қошуақ болған еді ол пәлекет (Күзен);

қауа. Алдама, қауіпті жау, аулақ, арман! — Құдайдың Қауа қызды сүйгені рас. — Тек, тыңда! Бұл сөзіңе пенде нанбас,— Қауаға құдай ғашық болып күйген (А. Пушкин).

حواس (хауассу) хауасдене сезімдері. Ақыл мен хауас барлығын Білмей дүр жүрек, сезе дүр (Абай). Абай мүтәкәллиминдерді ең басты мәселеде, Яғни кәмалат ғазаматтың баламасы ретіндегі хауасты танытудағы дүниетанымын, сол жолдағы көзқарастың негізін теріске шығарады (М. Мырзахметов);

хауаси хамсабес (дене) сезімдері (көру, есту, сезу, иіс сезімі, дәм сезімі). Адамды жаратушы хауаси хамса заһри бергенде, тахқиқ ойлап, олардың пайдасының барлығы түгел оған мұқтаж боларлығын біліп бергендігі әшкере тұр ғой (Абай).

حوت (хутун) үт1) үлкен, алып балық, кит; 2) астр. Балықтар щоқжұлдызы; 3) күн жылнаманың он екінші айына сәйкес келетін февраль айының аты (22 февраль 21 март). Қиянды кезген самалдың, Қимылы қандай сыпайы, Жауқазын дала, жамал күн, Үт айы келді! Сүт айы! (Д. Қанатбаев);

хұт. Күн жолындағы 12 белдеу жұлдызды еске ала кетейік... хұт (балық) (А. Машанов);

һут. Күн санап көктем жақындай берді. «Һут кірді», күн де көк шыңына өрмелеп, шарықтай берді (А. Арыстанов).

حور (хурун) үр 1) қара көз, сұлу қыздар; 2) діни. ұжмақ қыздары (исламша жаннатқа барған мұсылмандардың үлесіне тиетін сұлулар); 3) ауыс. өте, аса, елден асқан. Солтүстік аудандарында көбіне хор болып, оңтүстікте үр болып айтылады. Иран және кейбір түркі тілдерінде бұл сөз «жұмақ қызы, сұлу қыз» деген мағынада жұмсалады (Ш. Сарыбаев). Іші-сырты тең сұлу Әйел емес, үр деңіз, Ондай үрге жолыққан... Сол секілді жары бар Үр құшқанмен тұр деңіз (Майлықожа). Аппақ тіс, қиғаш қасы, қызыл жүзді, Шашының жерге түскен ұзындығы. Адамзат қанша айтқанмен ондай болмас, Болмаса жұмақтағы үрдің қызы (Мансұр);

қор. Басында кәмшат бөркің жарқыраған, Иығыңда алтын шолпың сылдырлаған. Сипатың жұмақтағы қор қызындай, Жамандар сізді көріп қалтыраған (Ақан сері). Жаннаттан періштелер жерге еніп, Кәусер ап, пердәуіштен ішіп тұрсам. Мәрмәрдан Бағырамға бина салып, Қор қызын жаннаттегі құшып тұрсам (Шәңгерей);

хор. Солүстік аудандарында көбіне хор болып, оңтүстікте үр болып айтылады. Иран және кейбір түркі елдерінде бұл сөз «ұжмақ қызы, сұлу қыз» деген мағынада жұмсалады (Ш. Сарыбаев). Үстіне малы менен жанын үйген, хор қызын аламын деп алтынды үйден... (С. Торайғыров). Өзің де бүгін хордың қызы секілдене қалған екенсің (С. Мұқанов);

хұр. Тақ үстінде толықсыған, Көрді һамбал хұр қызын, Көрмесе оны әр ер адам — Көрмегендей күн жүзін («М. Б. Т.»);

һур. Қаламдай қасы қиылып, ал қызыл түсі алаулап, қара көзі мөлдіреп, алдыңа кеп, «сендікпін, еркіңдемін» деп тұрса, күнәдан қорқып, қалай сақалыңды сипатпассың һур қызына?—деді Мұсақұл (Ж. Арыстанов);

һұр. Ал ерідім, қорғасындай, Ұйықтап кеттім, періштем, Тұрсың күліп һұр қызындай Сығалаған пейіштен . Шаңғытбаев);

һүр. Жарайды жазған хатың, інім Жүрсін! Қиғаш қас, құралай көз нағыз һүрсің! Баласы Алтынайдың болғаннан соң, Кемеңгер, білімге бай анық дүрсің! (Тұрмағамбет). Қошемет сөз ғой, Тәке, «дүр» дегенің! «Қиғаш қас, құралай көз һүр» дегенің. Бұл айтқан сөзіңізден байқалып тұр: «Жазуды жөндей алмай жүр», - дегенің үрсін);

қорылғайынжаннаттың сұлу көз қыздары. Дін мұсылман естіген қорылғайын, Қытай, Шүршіт, Қалипа, үрімменен, Таңмен қайтқан жұлдыздай дәуірің аз, Өте шықты дәрежең дүрілдеген (Ақан сері).

حوصلة (хаусала) әуселе1) жемсау (құстың); 2) қуық; 3) ауыс. сабырлылық, шыдам, төзім. Абралы әулеті, келдек басы өзіне тигенде... сенің әуселеңді сонда көрерміз (Ә. Нұрпейісов). Ол кезде өзім жаспын, аса сөзге де ұста емеспін, ұстаса кетсем, алып ұрарлық та әуселем жоқ, талдырмаш майысқан кезім (X. Есенжанов).

حوض (хаудун) хауыз1) бассейн, су қоймасы, су алабы, резервуар; 2) шелек, дағара, күбі. Парсы, түркі кітаптары бұны біресе... салқын самал хауыздарына әкетеді (М. Әуезов). Хауыздың бетінде көлеңкелер ойнайды (Айбек);

әуіз. Ауланың ортасында су құбыры — әуіз бар (А. Машанов). Алаңша ортасы - әуіз (Д. Досжанов). Алматы қаласында жұрт тынығатын жайлар жасалып, фонтандар, скверлер, гүлзарлар, әуіздер салынады (Ж. Бейсенбаев);

қауыз. Кірсе, ар жағы дөңгелек қалың ағаш, Ішінде бір қауыз бар, ернеуі тас (Абай). Алтыннан соққан кебісім, Сегіз ұжмақ бейішім. Қауыз, қаусар суындай Бейіштен шыққан жемісім («Қобыланды»);

һауыз. Барлығы бірлесіп, бақшаны аралап келіп, һауыздың жағасына тоқтады («М. Б. Т.»).

حولى (хаумййун) әулі1) қора, аула; 2) үй-жай (Бұл сөз кейбір сөздіктерде гректің авли — қора деген сөзінен дейді. К. Юдакин авли — ирандыкі деп берген. Біз пайдаланған сөздіктердің көбінде бұл сөз арабтың х әрпімен жазылған. Бұл әріппен тек араб сөздері жазылады. Осыларды еске алып, бұл сөзді сөздікке енгіздік — Н. О.) Әулінің төрі базарға айналған (Д. Досжанов);

хаулі. Хауліде ат бағушылар халық өлеңдерін айтып, арлы-берлі кезуде... (Айбек);

аула. Советтік қонақтардың келуіне байланысты заводтың ауласына Совет елі мен Иранның мемлекеттік жалаулары ілініп, әбден құлпыра түсті («С. Қ.»). Әр үйдің алдындағы аулаларда, Малынған қызыл гүлді бақша-бақша (Т. Жароков);

аулалыққоралық. Әрбір аулалық клубтың жұмысын арнаулы педагог-ұйымдастырушы жүргізеді (М. Әбуғалиев).

حياء хая, хаяунұят, ұялшақтық, сыпайылық, жұпынылық, кішіпейілдік, өзін төмен ұстаушылық. Пайғамбарымыз... айтыпты: «Мән лә хаяун (хая, хаяун — бір сөз). Уәлә иманун ләһу» - деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ (Абай). Ғадаләт рафғат болуға кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның хаясы жоқ (Абай).

حياة (хайатун) хаят1) өмір, өмір сүру; 2) тұрмыс, тіршілік, күн көру. Ол алтауының бірі — хаят, яғни, тірлік (Абай). Ол — хаят (өмір тіршілік) дариясы,— деді Ибн Жүнейд (А. Машанов);

қаят. Секілді сенің түсің қаят, Жігіт бар ойласаңыз біздей зият (Ақан сері).

حيدر (хайдарун) айдар1) арыстан; 2) Әзірет Әлінің теңеуі. Шын шариғат бұл емес, Еріксіз айдар құл емес, Ақшаға сатып шарғыны, Халықты молла алдаған (Байдырақ).

حيران (хайранун) қайран1) таңырқаған, таңғалған, аң-таң қалған; 2) сасқан, сасқалақтаған; 3) ауыс. қымбат, қадірлі. Ал Кенен шырқап-шырқап әнге салды, Даусын есіткен жұрт қайран қалды. Сай шыққан заманаға бұлбұл еді, Қаратты өз аузына тірі жанды (Бармақ). Екеуінің нұрына, Көрген жанның барлығы Тамаша қайран қалады («Қыз Жібек»). Қайран сөзім қор болды-ау, Тобықтының еліне (Абай). ...Оспан деген жұтқышы тағы шықты, Бара-бара қайтерсің қайран күнім... (С. Торайғыров);

хайран. Жазсам да бұл қағазды қатты ұялдым, Кісі емес бетке айтатын анау-мынау... Алашқа жол бермейтін хайран әкем Бұл сөзге қыла алмады еш омырау! (Назым). Көрсетші өнерің мен хайраныңды (Қалмағамбет);

айран-асыр қайран қалу, таң-тамаша, аң-таң болу. Канададағы Гудзон шығанағындағы Чирчиль қаласының тұрғындары бір күні төсектен тұрғанда көшеде жүрген ақ аюларды көріп, айран-асыр қалды («Л. Ж.»). Шақырымға жақын жерге калай тез жүгіріп жеткеніне Айдостың өзі де айран-асыр қалды (С. Мұқанов);

қайрандаутаңғалу. Аяпберген қайрандады (I. Жансүгіров).

حيلة (хйлатун) айлақулық, амал, әдіс; 2) ойлап шығарылған ептілік, бұлтарыс 3) нәтиже, қорытынды, ақыр, соң (істің).

Айла — ақылдан аспас (мақал). Жүруде не мағына текке айла ғып, Қадірің болып тұрсаң халыққа жағып (Н. Наушабаев). ...Орынын немен болсын толтыруға Жұмсады барлық ақыл, айла-күшін (С. Торайғыров). Жүрек бейне жалаудай Қолдан-қолға ауысты, Іші күйіп алаудай, Айласын жау тауысты (С. Мәуленов);

ила. Шарқан қыздың ила қылмай, адал көңіліне сеніп күлді («М. Б. Т.») Айырып алар дәрмен жоқ, Ажалға ила, жаза не (Қ. Дәрібаев). Балам салды ағашқа кеулеп жерді, Алалық деп иламен мұнша зерді (Майлықожа);

қайла. Электрді тауып аспаннан, жайды бұрып алып, дүниенің бір шетінен қазір жауап алып тұрып, от пен суға қайласын тауып, мың адам қыла алмаста, қызметтер істетіп қойды (Абай). Бұл сөзімнің мәнісін, Ақылменен білетін, Қайласы асқан сұм қайда? (Қожахмет);

хайла. Қазақ жоқ бұ хайлаға алдырмаған, Пары өгіз, майсыз арба салдырлаған (Әбубәкір). Қатты дерт көкіректе болды пайда, Некелеп алар сізді заман қайда? Өзіңіз бір ақылды таппасаңыз, Құрбыңыз таба алмады ешбір хайла (М. Сералин);

хәйлә. Жүністің бір өлеңінде былайша деп жазылған екен: «Хұрмәтлу хат язамын сізге арнап, Хәйләсі бұл дүнияның неше тармақ»... (С. Мұқанов);

айла-тәсілайлалы әдіс. Жауды елемеу дұрыс емес, оның әскерін, айла-тәсілін, мықты, әлсіз жақтарын зерттей біл (В. Суворов);

айла-тәсілшілайлалы, әдісшіл. Аманкелді - көтерілісті ұйымдастыру ісінде байсалды, ақылды, қажет жерінде айла-тәсілшіл, сөйте тұра баладай сенгіш (М. Жұмағалиев);

айла-әрекет қулық әрекет, сұмдық қимыл. Баю үшін нелер сұмдық айла-әрекет қолданған, зымиян Жантық қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігі мол, жаңа образ болып, тиянақты кірді Қ. Ә. Т.»);

айласызамалсыз, ылажсыз. Айласыз бір іс болмас деген сөз бар («А.Ш.»). Тақатсызбын, айласызбын, айласызбын баладай (М. Әуезов);

айласыздықамалсыздық, лажсыздық, шарасыздық. Амалсыздық, айласыздық діңкені құртқан тәрізді (М. Әуезов);

қайласыз. Бір нақыл сөз өрнек бар, «Ерге он түрлі ерлік бар, Бірі күш, тоғызы тәсіл» деп, Қара күштен қайласыз... (Н. Баймұратов);

хайласыз. Пайдасыз тақыл, Хайласыз ғафыл (І. Жансүгіров);

айла-шарқы. Сірә, мысық тышқандарға жыртқыштық жасаудың айла-шарқысымен әуре шығар (М. Сатыбалдиев). Осыдан кейін-ақ ол үйінде жападан-жалғыз қалып, күрестің айла-шарықтарын зерттеді («Л. Ж.»);

айла-амал қулық амал, айла-тәсіл. Айла-амалы құрыған Баймырза: «Қалампыр!» — деп бақыра берді (С. Мұқанов). Нұрғалық деген кісі дәулетті адам, Байлардың айла-амалы қандай қиын (К. Әзірбаев);

айлалау амалдау, тәсілдеу, лаждау. Әлде... қызда қырық есекке жүк болатын айла бар дейтін еді, айлалап жүр ме екен? (Ғ. Мүсірепов). Кездескен соң қиындық, Шыдау керек айлалап (С. Бегалин);

айлалыайлакер, айлашыл. Көзсіз ерліктен айлалы батырлық жақсы (мақал). Славяндар соғыста өте ептейлі және айлалы келетін («СССР тарихы»). Құсы да, иесі де қоразданар, Алпыс екі айлалы түлкі алғанда (Абай);

қайлалыайлалы. Тәсілді күшке сенетін, Жау емес оңай жеңетін, Қайлалы қақпан қанды ауыз (Н. Баймұратов);

айлалықайлакерлік, айлашылдық. Оның мәнісінің түзулігінен жетпессің, кісінің амалшы, айлалылығынан жетерсің деген сөз (Абай);

айлашыамалшы, әдісші, қу, айлакер. Айлашы екен кәрілік, Бірге түнеп, бір жүріп, Сыр білдірмей сұмырай, Мүшеңді алған біртіндеп (Жамбыл);

айлашыламалшыл, әдісшіл, айлакер. Кейде қартаң, сырдай айлашыл бұқпантай адамдар да кезігеді (М. Әуезов). Өрт сөндірушілер дүниеде ең батыр, ең айлашыл, ең қайратты адамдар (М. Сүндетов).

حيوان (хайуанун) айуан1) зоол. жан-жануарлар; 2) ауыс. жыртқыш, сұм, зұлым, азған, арсыз. Айуанға намаз үйреткен - таяқ (мақал). Бір айуан қозғалады қол, аяқсыз, Пайдалы адамзатқа қарағаны-ақ. Омаржан, осылардан хабар айтар, Бала едің көпті көрген кәрі құлақ (Ерімбет). Фашистік айуандар жаңадан дүниежүзілік соғысты ашуға әзірленді Қ. Т. Т. С.»);

қайуан. Көшеде піл жетелеп біреу жүрді, Кім көріпті қайуанды мұндай түрлі. Көрсеткелі ап жүрген жануарды Тамашалап, артынан жұрт боп ерді (Абай). Жай жату - тек бүгінгі жанның қамы, Қаперсіз шөп жейтұғын малдың қамы. Өзді-өзін талап жеген әлі жетсе, Қайуан сақарада онның қамы (Ақан сері);

хайуан. Адам аласы — ішінде, хайуан аласы — сыртында (мақал). Бермесін бұл азапты тірі жанға, Адамзат, пері, шайтан, хайуан малға (С. Торайғыров). Адам баласы қанағатсыздықпен хайуандардың тұқымын құртып, жәбір қылмасын деп... бірін ұшқыр қанатына, бірін күші қуатына, бірін жүйрік аяғына сүйентіп қойған (Абай). Қуат жоғалса, адам баласы хайуан болады, адамшылықтан шығады (Абай);

хаюан. «Хаюан екеш хаюан да сәбиге қас қылмаушы еді ғой». «Жан аяйтын не қалды!» деген дауыстар (Т. Ахтанов). Ертегілер мен мифтерден біз хаюандарды асыранды ету үшін істелген жұмыстың белгілерін көреміз (3. Кабдолов);

айуанат. Бұл жемістерге иелік етіп жүрген бір айуанат болу керек, бірақ оның нендей мақұлық екенін біле алмадық (Дефо). Алты мың айуанаттың бір шақасы, Көрекке ненің еті жаралғаны-ақ? Бір айуан қозғалады қол, аяқсыз, Пайдалы адамзатқа қарағаны-ақ (Ерімбет);

қайуанат. Алты мың жан иесі Қайуанат тұр, Олардың қандай адам қойған атын? Қайуанат, набат атпен, нажас атпен, Әлемнің он сегіз мың білген затын (Ырысжан). Сүйек — адам мен қайуанат денесіндегі қалқаның жеке бөлектері Қ. Т. Т. С.»);

хайуанат. Дыбысты тіл адамдардың хайуанаттар дүниесінен бөлініп шығуына жәрдемдескен күштердің бірі болып табылады (И. Сталин). Бұрын-соңды көрмеген зат — Тау еліне бұл хайуанат (А. Т оқмағамбетов);

айуандық зұлымдық, озбырлық, мейірімсіздік. ...Кім адам, кім айуандық істегенін, Кімнің дос, кімнің қасын анық білер (С. Торайғыров). Істеген айуандығын мойнына алып, Фашистер жауап берді әділ сотқа (Жансаева). Капиталистер табиғат байлықтарын да айуандықпен құртып отырды әкімжанов);

хайуандықайуандық. Білімсіздік хайуандық болады (Абай). Сәбит Дөнентаев Колчак үкіметінің контрреволюциялық мәнін ұғып, халыққа істеген хайуандық істерін көзімен көріп, олардың жексұрындығына әбден көзі жетіп, көңілін сендіреді (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров);

хайуандандыруаздыру. Жоқшылықтың адамды хайуандандырып жіберетіні де болады (Абай);

айуаншылық1) айуанға тән қылық, тағылық; 2) зұлымдық, жауыздық. Айуан айуаншылығын істейді (мақал). Күндерде күн болғанда, Кеудеге зіл толғанда, Дүние азып-тозғанда, Айуаншылық қозғанда (Қ. Аманжолов).

خ
خ ~ خاء (хаун) – араб алфавитінің жетінші әрпі, сандық мағынасы 600.



خارج (харижун) хариджи1) сыртқы, тысқы, шетелдік; 2) шерік қатушы, бөлектеуші: 3) тарих. харижи (Әлиді Мұхаммедтің мирасқоры деп қабылдамайтын бір мұсылман ағымының мүшесі). Билік үшін жүргізілген күрестерде Ғалидың бұрынғы жақтасы, Сирияны билеген Муавие шииттерден бөлініп кетті. Оның маңына топтасқандар хариджиликтер сектасын құрды (X. Ақназаров).

خادم (хадимун) хадім1) қызметкер; 2) үй қызметшісі, малай. Хадімдер патшаға барды жетіп, Зұһражан жаңа өлді деп, мағлұм етіп. Жалғызың өліп қалды дегенінде, Патшаның ес-түсі қалды кетіп («Ғашық-наме»).

خاص (хассун) хас1) ерекше; 2) арнаулы; 3) жеке, өзінің меншік; 4) тиісті (соған ғана хас тек соған ғана тиісті); 5) ауыс. өте, тым, нағыз. Арабша хас — ерекше, арнайы (Ш. Сарыбаев). Сол бір жігіт пен қыз жүзіндегі ерекше қуаныш дала көркімен, оның қайталанбас хас сұлулығымен үйлесім тауып, көршісін бірден баурап әкетеді (Н. Хасанов);

қас. Қас жүйрікте сын болмас, Қас сұлуда мін болмас (мақал). Қас сөзі тілімізде кез келген сөзбен тіркесе бермейді. Тек бірен-саран сөзбен тіркеседі де, «ерекше», «асқан», «өте жақсы» мағыналарында жұмсалады (Ш. Сарыбаев). Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп, Әсте жоқ кеселді істен біттей қорықпақ (Абай);

хаса1) ерекшелік, өзгешелік, қасиет; 2) жекелік; 3) ақсүйектер; 4) ауыс. таза, шын, тұрарлық. Хаса нар қарпымайды қалжақ қағып, Қырқылжың келе бұзар шығар жеңнен (Шегебай). Хаса сұлу сылаңдаған, Көрмесе көңіл мәңгі жұбанбаған (Ж. Кыдыров);

қаса. Қаса сөзі тілімізде кез келген сөзбен тіркесе бермейді. Тек бірен-саран сөзбен тіркеседі де, «ерекше», «асқан», «өте жақсы» мағыналарында жұмсалады. Абайда бұл сөз қаса тұлғасында да кездеседі (Ш. Сарыбаев). Қар аппақ, түлкі қызыл, бүркіт қара, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға (Абай);

хасалықты1) ерекшеліктігі, өзгешеліктігі; 2) қасиеттілігі, қадірлілігі. Лекер, Бітімбай мен Аталықты, Жанқожадан кім көрген қапалықты? Байұзақ одан соңғы адамы еді, Бәрі кісі-ақ еді қасалықты (Абай).

خاصية (хасййатун) қасиет1) өзгешелік, ерекше белгісі; 2) ауыс. жақсылық, адамгершілік, ар-абырой, қадір, құрмет. Қан жүректі қайғылы-ау, Қайрыла кет сен маған. Қасиетін ойлан-ау, Қам көңілдің тынбаған (Абай). Тар заман құрсауында өтсе де өмір, Адамдық қасиетке жастан жармас! Мәз болмай азды күнгі күнкеріске, Есіңе ал келешекті, жора-жолдас! (Шораяқтың Омары);

хасиет. Өлеңде қанша хасиет? Ерлеріне елімнің. Бағалы алтын зерімнің, Бас қосқан ұлы тобына, Байғазыға бермеген (Жамбыл). «Аяма өзіңді. Жер жүзіндегі ең көркем, ең айбынды хасиет осы», - депті Максим деген жазушы (Ғ. Мұстафин);

қасиеттесқасиеті ұқсас, жақсылығы бірдей. Жамбыл Конституцияны күнге теңеп, жердің бар түкпіріне сәулесі мол жететін күн қасиеттес заң деп жырлайды (Л.Ж.»);

қасиеттелуардақталу, қадірлену, құрметтену. Ұлы жазушы М. Әуезов «ешбір тарих дәуірлерінде геройлық қасиет дәл біздің Отанымыздай қасиеттелген емес»,— деп тебірене келіп, ол совет жауынгерлерін «аспанның да, мұхиттың да, жердің де жойқын ерлері» дейді (М. Қозыбаев);

қасиеттеуардақтау, қадірлеу, құрметтеу. Қалмақы ерді үйіне көптен жылқы бітпегенмен, Баймырза тоздырмай сақтап, қасиеттеп, төріне іліп қоятын еді (С. Мұқанов). Бірақ, біз надандықтың арқасында қасиетті қасиеттей алмай келдік (X. Есенжанов);

қасиеттіқадірлі, абыройлы, ардақты, құрметті. Отанды қорғау — Қазақ СССР-інің әрбір азаматының қасиетті борышы Қазақ ССР Конст.») Орынды іске жүріп ой таппаған, Не болмаса жұмыс қып мал таппаған. Қасиетті болмайды ондай жігіт, Әншейін кұр бекерге бұлғақтаған (Абай);

хасиетті. Ғалияның қолынан қымыз тату, бозбалаларға — Меккеге барып, «хасиетті» зәмзәм ішуден кем көрінген жоқ (С. Мұқанов).

қасиеттілікқадірлілік, абыройлылық, ардақтылық, құрметтілік. Міндет-мақсатының қасиеттілігіне жүректері зәредей қалтқысыз болсадағы, миссионерлер көшпенді тіршілік салтына дәл сіңісіп кете алар ма еді? (Дм. Львович). «Қасиеттілік әсерін айқын сезінем»,— деп жазады автор (Б. Бекмұратұлы);

қасиетсізқадірсіз, абыройсыз, құрметсіз. Кез келсе қайғы қат-қабат, Қаңғыртпай қоймас адамды. Қасиетсіз туған — ол да жат, Күңкілдеп берер сазаңды (Абай). Бал салмаса, ара қасиетсіз, жанбай қалған шала қасиетсіз, әдепсіз болса, бала қасиетсіз, әділетсіз болса, дана қасиетсіз Қ. К.»);
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет