Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік



жүктеу 6.61 Mb.
бет29/42
Дата19.06.2016
өлшемі6.61 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42

II дүние осы дүниедегі өмір, тіршілік, өмір сүру. Дүние бірде олай, бірде бұлай (мақал). Схемадағы сөздерден бірнеше синонимдік қатарды бөліп шығаруға болады: дүние — өмір (Ә. Болғанбаев). Қазақ орта жасқа келген кісі. Кішкене көзі жымиып, күлімсіреп тұрған сияқты,— Айда, Иван, кетер дүние екі айналып келмейді,— деді (Ғ. Малдыбаев);

III дүние байлық, молдық. Есепсіз дүние жоқ (мақал). Дүние бос махаббатсыз мал секілді,— деген сөзін Абайдың есіңізге ал (С. Торайғыров). Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз (Абай);

IV дүние зат, нәрсе, мал, мүлік. Дүниеқор — дүниенің құлы (мақал). Схемадағы сөздерден бірнеше синонимдік қатарды бөліп шығаруға болады: дүние — зат (Ә. Болғанбаев);

V дүние жаратылыс, табиғат. Схемадағы сөздерден бірнеше синонимдік қатарды бөліп шығаруға болады: дүние — жаратылыс, табиғат (Ә. Болғанбаев). Дүниеде тас қатты, тастан да бас қатты (мақал);

I дүния өмір, тіршілік. Бәйбішені бір күні толғақ қысты, Толғатқанға қатындар жиылысты. Тоғыз ай, тоғыз күні толған шақта, Дүнияға шырылдап бір қыз түсті. (С. Мұқанов). Босанып аман-есен Қалампыр жас, Болашақ батыр сонда дүния көрді (О. Шипин);

II дүния осы дүниедегі өмір, тіршілік. Жадид дінді қуаттай отырып, оны ғылыммен жалғастырады, «дүния» мен «ахрет» оқуын қатар жүргізеді (С. Мұқанов);

III дүния байлық, молдық. Сіздерге дүния пұл қажет болса, Маған тең табылмай ма елден бағлан (Назым). Үй ішінде басталды алыс, Астан-кестен болды дүния (Ә. Сәрсенбаев). Той болды жиязы артық, палуан сайыс, Айдады күндік жерге жорға жарыс, Шашуға тойға әкелген сан жетпейді, Дүнияны төгіп жатыр жақын, алыс (Ғ. Малдыбаев);

дүниетануәлемтану. Дүниетанудың әдемі бір әдісі — салыстыру . Байпақов, Б. Нұрмұғамбетов);

дүниетаным. КПСС Орталық Комитеті «Совет кинематографиясын одан әрі дамытудың жолдары» жайлы қаулысында совет адамдарының эстетикалық талғамын, дүниетанымын қалыптастыруда және коммунистік құрылыс ісінде кинематографияның маңызы артып отырғандығы атап көрсетілген Қ. Ә.»). Есенберлин шығарма үшін оқиға, кейіпкер, сурет бояуларын екшеуіне, оларды қажет, зәру мөлшерде қолданылуына, оның коммунистік дүниетанымы бірден-бір құбылнама болғаны да түсінікті (Р. Бердібаев). Коммунизм құрылысын өрістету, коммунистік ғылымды игеру біртұтас шешілетінін түсінген әрбір жас қашанда дүниетанымын дұрыс қалыптастыруға, құбылыстарға әрдайым дұрыс баға беру қағидаларын игеруге құштар («Л. Ж.»);

дүниетанымдықәлемтанулық. Дүниетанымдық, суреткерлік жағынан жұрдай «диалогтар» әрқашан да шын өнердің бағын ашпақ емес (Ә. Мәмбетов);

дүниетанымдылықәлемтанушылық. Жартығасырлық тәжірибемен кемелденген көп ұлтты советтік әдебиеттерді өзінің дүниетанымдылық позициясының айқындығымен байытқан социалистік реализм өнер, әдебиет алдына әлі де биік талаптар қояды (М. Қаратаев);

дүние-жиһаз жабдық мүліктері, заттары. Көшенің екі бетіндегі кең жаймаларда қытайы жібек, күнге шағылысқан әр алуан асыл тас, алтын, күміс бұйымдар, былғары мен шұға, аң терілері, шартараптың саудагерлері әкелген ірі-ұсақ дүние-жиһаз ыбырсып жатыр (Ә. Кекілбаев). Абайдың өз тұсындағы үй-мүлкі, дүние-жиһазы, ыдыс-аяқ, төсек-орындарының бәрі көзге ерекше жылы көрінеді (А. Сатаев);

дүниежүзі бүкіл әлем, бүкіл жер жүзі. Хорезм мәдениетінің іргетасын қалаған — Қаңлы-Қыпшақ елдері. Сол ерте заманның үзілмей келе жатқан мәдени қоры араб мәдениетіне келіп жалғасты. Мұса ибн Мұхаммед әл-Хорезми, Абунасыр әл-Фараби, Әбулрайхан әл-Бируни, басқасын қойғанда, дәл осы үш есімнің өзі-ақ дүниежүзінің мәдени ошағының үш аяғы деуге болады (А. Машанов). Сонау Орхон-Енисей жазуларын, ескі түркі, шағатай сөздерін, дүниежүзі тілдерінің тарихын Құдайберген бізге кітапсыз-ақ, жақсы ұғындырған еді (Қ. Бекхожин);

дүниежүзілікбүкіл әлемдік, бүкіл жер жүзілік. Ә. Тәжібаев Москвадағы А. М. Горький атындағы дүниежүзілік әдебиет институтының жанындағы екі жылдық жоғары курсты тамамдады Қ. Ә. Т.»). Мұның бәрі - қазақтың ұлы халық ақыны Жамбылдың дүниежүзілік өшпес даңқының айғағы (М. Қаратаев);

дүниеқұмармалқұмар. Жоқ, жоқ, өзі дүниеқұмар болса керек, — деді ол (С. Ақтаев);

I дүниедей әлемдей. Бейімбет Майлиннің творчествосы маған өзекті тұтас дүниедей әсер етеді (Т. Әлімқұлов);

II дүниедей заттай, нәрседей, мүліктей. Парадта командованиемен бірге, біздің құрама полктің алдында қолыма ұстап өткен қылышты аса қымбатты асыл дүниедей көріп, әлі күнге дейін сақтап келемін (Л. И. Брежнев). Қол жазуды ермек ет, Жатпа бекер, Бұл көңілсіз дүниедей Көп жыл өтер (Абай);

дүниеқоңыз дүниеқор. Ойыңда болсын, досым,— деді Фараби,— өз басынан өзі мін таба алмағандар дүниеқоңыз хайуандар деп біліңіз (А. Машанов).— Мен әлгі дүниеқоңызды сұрастырып біліп едім,— деді ол (М. Қаратаев);

дүниеқоңыздықдүниеқорлық. Дүниеқоңыздық та,— дейді Бәкен (С. Мұқанов). Әлбетте, шектен шыққан құлқынқұмарлық, дүниеқоңыздық . Ахметов);

дүниеқоңыздылық дүниеқорлықтық. Көпшілік мәдени және қоғамдық жұмыстарға қатысуға уақытым жоқ дейтін сылтаудың түп-төркіні дүниеқоңыздылыққа байланысты болса керек (С. Қасиманов);

дүниесымақ. «...Бұны айтамыз-ау, тіпті, әңгіме деп айтуға батылың жетпейтін дүниесымақтардың жинаққа енуі қандай қажеттіліктен туды екен?» («Л. Ж.»);

дүниеліауқатты, дәулетті. Ақылға болды жүйрік үш баласы, Үшеуі де дүниелі, білімді еді. Жазуға да жетілді парасаты, Қылышты да сөйлете біліп еді («Ә. X. Д.»)

I дүниелікжер жүзілік, әлемдік. Не керек сөзің тірі — өзің тірі, Алтындай жарқырайды жайнап гүлі, Жүз жыл болды, қара жер сені алғалы, Сен дүниелік ақынсың осы күні (Жамбыл).Біздің романистеріміз дүниелік әдебиеттің озық үлгілерін қашан да қадағалап, үйреніп отырса, теріс емес (М. Әуезов);

II дүниелікөмірлік. Мектеп, медреселерде ешқандай дүниелік ғылым-білім, ана тілі, қазақ әдебиеті сияқты пәндер оқытылмаған Қ. Ә. Т.»). Дина бүгін осынау дүниеліктің бәрін тастамақ (С. Бақбергенов);

III дүниелікбайлық. Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді (Абай). Қайдан келдің, сұм балам, түсің қашып? Не көрдің сен сұмдықты кітап ашып? Кішкентайдан жиылған дүниелігің, Қайда кетіп барасың, жерге шашып (Қарашаштың әкесі);

IV дүниелік заттық. Екі мың сомның қаншама ақша екенін, оған нендей дүниеліктер сатып алуға болатынын ойлап басым қатты (Ғ. Қабышев). Толып жатқан керек-жарақ, майда-шүйде - шопандар мен жылқышыларға қажетті дүниеліктер (К.Ахметбеков);

дүниешілдікдүниеқоңыздық, дүниеқорлық. Жеке сәттіліктің тар мағынасындағы дүниешілдігіне бөленген және неге болса да тікелей қатысы жоқ деп есептейтін парықсыз семьяда селқос адам өседі («Т. С.»);

дүние-мал. Бір ажал жетіп өле қалсам, Иеленіп қалар кім дүние-малды («Б. Ж.»);

дүние-мүкәммал. Өмір бойы жиған дүние-мүкәммал бірге кетті (С. Жүнісов); дүние-мүлікбайлық. Кім бақытты, кім бақытсыз?— деп сұрапты Сағдидан.— Кімде-кім тамақты ішіп-жесе, дән ексе, сол бақытты, қызығын көрмей, өліп кетіп, дүние-мүлік артында қалған адам - бақытсыз (Сағди). Жер, жесір, құн, барымта дауларының бәрінде де бір жағынан дүние-мүлік таласы болса, екінші жағынан атақ-абырой үшін тартыс жатады (Б. Адамбаев);

дүнияуи1) дүниелік, дүниежүзілік; 2) шын (осы дүниенің болуы); 3) бұқара (дүниелік). Олардан басқа да оқылатын «дүнияуи» сабақтар да көп екен, мысалы, хайуандардың, өсімдіктердің тіршілігі, жердің, күннің, жұлдыздардың жаратылысы сияқты ғылымдар... (С. Мұқанов). Құранда діни мәселелермен бірге дүнияуи мәселелер де бар,— деді мұғалім (І. Жансүгіров);

жер-дүниежер жүзі, әлем. Аз ғана алаудың өзі жер-дүниені жылытып жібергендей, бүкіл аймақ елең етіп, керемет күйге құлақ түргендей (Б. Сейтәков). Бәрі есте. Ол да нұрлы Май күні еді. Көңіл күн, құшағымыз ай, гүл еді. Жер-дүние жатты жеңіс туын жыр ғып, «Жаса, — деп, — Октябрьдің әйгілі елі». (Ж. Молдағалиев);

دنئ (данй’ун) даниятжаман-мінез, арамдық, бетсіздік. Мен сіздей Көлдейбектен көргенім жоқ. Балаңның көңілі аулақ, — деп, — данияттан. Желқабыз, жеңіл мазһап балаң бар, — деп, Көңіліне делбе құсын ұялатқан (Шораяқтың Омары);

دهر (даһрун) дәһір1) заман, дәуір, ғасыр; 2) тағдыр, жазмыш.

دهرى (даһрййун) дәһри1) атам заманғы, ғасырлар бойы болып келе жатқан; 2) еркін ойлы, дінсіз; 3) материалист. Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі, Өзіне құмар қылған оның әмірі. Халыққа мақұлық ақылы жете алмайды, Оймен білген нәрсенің бәрі — дәһри (Абай);

دهى (даһа) даһашабуыл жасау, жабылу, бақытсыздыққа ұшырау. Жүсіпті ерте бастан ерке үйретіп, Еттірген өздеріңіз зауық-сапа. Сондықтан бір шамалды шашқан шығар, Ақыры болар демей мұндай даһа (Шораяқтың Омары);

دوأء (дауаун) дауа1) дәрі, дәрі-дәрмек; 2) ауыс. амал, лаж, әдіс (емдеу). Дауа тапсам: дене ауру көрмес болса, Қартайып, тозбай, адам өлмес болса... (С. Торайғыров). Жаралы болған жүрекке Дауа бер, жамап қарайын (Абай);

дауаи1) емдік; 2) дәрілік. Далада, таза ауада болды. Ащы исі бұрқыраған жусан әлі мұрынында тұр. Дертке шипа, дәрі, дауаһиы (дұрысы: дауаи Н. О.) шөп! (Ә. Нұрпейісов);

дауасыздауа жоқ, лаж жоқ, емі жоқ. Кәрілік — дауасыз дерт (мақал). Не өзің ит, немесе бар елің ит, Дауасыз бір пәлеге, міне, қалдың (Абай). Сәтсіз күн болған екен шыныменен, Дауасыз сөнер емес жанған өртің. Тәуірлік қамын ойла жігіт шақта, Айтулы бір перизат болса тап та (Ақан сері);

дауалау1) амалдау, лаждау; 2) ауыс. көңілі тыну, місе ету. Бір кезде кетпенді жығып, қызды алып, оның көңілі дауалады (Ғ. Мұстафин). Жарқын түсінде самолетке отырып, парашютпен түспекші болды, бірақ, жүрегі дауаламайды (М. Иманжанов);

дауалышипалы, жағымды. Кеудемді тосып лебіңе, Кенеле жұттым ауаңды. Қарпыды тынбай мені де, Қайратты қолың дауалы (Ғ. Орманов).

دوأة (дауатун) дәуітсия сауыты. Сияма дәуіттегі үңілгенде, Көзімнің жанарында кең дүние (Д. Әбілев). Қолында молдалардың дәуіт, қалам... (Жүсіп қожа). Ақын өлеңін кітап арасына салды. Көңілі сергіп, орнынан тұрып, қаламы мен дәуітін текшеге алып қойды (Айбек).

دوأم (дауамун) дауам1) ұзақтық, ұзындық; 2) тұрақтылық; 3) жұмыс уақыты. Қожаға Нақып атты бізден паям, Болғайсыз есендікте әли дауам (Қаңлы Жүсіп). Өнерге іші-тысы толған қандай, Ішінде жаһалаттың солған қандай? Жиырма жыл медреседе дауам етіп, Қапшығы садақаның болған қандай? (С. Торайғыров);

дәуем. Екібастұз заводындағы жұмыскерлерге білік үйретіп, дәуем қызмет қылып тұратын сенімді, пысық кісілер жіберу керек (С. Сейфуллин);

дауамау1) ұзамау; 2) ауыс. шыдамау. Басында шоқыға бәрі бірдей шықпақ болып ұмтылысып еді, бірақ азғана тырмысып барғаннан кейін көбінің басы айналып, жүректері дауамады (Т. Ахтанов);

дауамдау1) ұзаққа созу; 2) тұрақтау. Шабыт дегеніміз не? Үлкен тебіреніс, қолға өнеріңді дауамдау кезіндегі қабілет, көңіл көтеріңкілігі, яки құштарлық (Ә. Сәрсенбаев).

دور (даурун) дәуір1) айналым, айналыс; 2) дәуір; 3) шеңбер; 4) алмасу; 5) кезектесу; 6) алмастыру; 7) сессия; 8) цикл; 9) рөл; 10) өлең; 11) ауыс. бақытты уақыт, бақытты кез, бақыт жұлдызы. Аз жазып хал-жайымды түсіндірдім, Сөз өріп сегіз салға жапырақтай. Сыйласып бір-біріне жанын беріп, Өтілсе, қызықпенен дәуірлері (Ұлбай қыз). Көр, міне, Қамар қандай, аға, бауыр, Келе ме қайта айналып, өткен дәуір?.. (С. Торайғыров);

дәуірлеуөркендеу, өріс алу, күшею. ...Дәуірледі даңқымыз дүниеге Желбіреген жемістің жайлауындай (С. Мәуленов). Ақын аты бұрынғыдан да биіктеп, даңқы дәуірледі. Көп ақындар Қасымды ұстаз санап, оған өлеңдерін арнады (С. Мәуленов);

дәуірлікмезгілдік. Қазір... совет әдебиетінде жарқырап көрінген заман мен қоғамның барша өзекті мәселесінің бәрін де адам арқылы ашу, көркем шығарманы жалаң саяси, не әлеуметтік проблемаға құрмай, негізінен адамгершілік проблемаларына құру, сол арқылы үлкен дәуірлік, қоғамдық шындық таныту (Т. Әлімқұлов). «Біздің жүрегіміз партияға, халыққа қызмет етеді», - дейді Шолохов. Дәуірлік ғаламдық қайраткерлердің сыры бұл (Т. Әлімқұлов).

دوران (дауранун) дәуран, дәурен1) уақыт, кезең, мезгіл; 2) процессия; 3) ауыс. бақытты уақыт, кезең, бақыт жұлдыздары. Ұйықтамай түн бойынша бірге жүріп, Жан бірге, дүние бөлек дәурен сүріп (С. Торайғыров). Тіршілік бұны жігіт етіп өсіріп, жастық дәуреннің таңы атқан шақта, сол аспанның асыл, әсем нұры бұл үшін Тоғжан болып танылып еді (М Әуезов);

дәурендейбақытты уақыттай, кезеңдей, мезгілдей. Жарасымды жас дәурендей балбырап, неше түрлі өрнекті әсем суреттерін көзіңнің алдына әкеліп, басыңдағы ауыр халіңді бір сәт ұмыттырып жібереді (С. Омаров).

دورة (дауратун) даурат1) айналым, айналыс; 2) дәуір, кезең, мезгіл, 3) цикл; 4) кезек; 5) сессия (шақыру мезгілі).— Біздің астрономия (һаят) ғылымында бас шеңберді Хамал даурат (деферент) дейді (А. Машанов).

دولة (даулатун) дәулет1) мемлекет; 2) үстемдік; 3) династия; 4) құбылмалы (тағдырдың); 5) ауыс. байлық, құдірет, игі, ырыс, бақыт; Отанның малын олжа көрме, Ол — халық дәулеті (мақал). Мемлекет меншігі — бүкіл халық дәулеті болып саналады. («Қазақ ССР Қонст.»). Мал дәулеттің байлығы, Бір жұтасаң жоқ болар, Оқымыстың байлығы, Еш жұтамақ жоқ болар (Ы. Алтынсарин). Кейбір сөздер қолдану аясын өзгертті, мәселен, дәулет деген сөз бұрын жеке адамға біткен ен байлықты, мал-мүлікті айтатын болса, енді жеке адамға емес, колхоз-совхоз бен өндіріс орындарындағы мемлекеттік меншікті айтатын болды (Ә. Болғанбаев);

дәулеттімалды, ауқатты, бай, дүниесі мол. Көп дәулетті болыпты, Мүсәпір, пақыр, нашарлар, Жиып алып баршасын, Бірдей бөліп беріпті («Б. Ж»). Бауырыңа партиясы Лениннің, Орнатты мол дәулетті колхозды, аулым (К. Әзірбаев);

дәулетсіз. Қайраты бұл дүниенің - мал менен пұл. Патшадай малды кісі, кедейлер — құл. Сұңқардай құр ағытқан бауын тұтып, Дәулетсіз қор болды ғой қайратты ұл (Молда Мұса).

ديار (дйарун) дияр — дар-дың көпше түрі. Үшінші — жиһаз, Йәмен, Мекке болды, Бір шеті бұ ықыламның Кафта болды. Төртінші — Африка уа Андалис, Уә Дияр, Мысыр шеті тақта болды (Әбубәкір). Андижан дияры Омар-Шейхтың үлкен баласы Бабур мырзаға қалған (I. Есенберлин). Күмбез Сарайдың тақ қойылған Дияр деген бөлмесі (Д. Досжанов).

ديانة (дйанатун) диянат1) сену, дін тұту; 2) діни ілім; 3) тақуалық, діншілдік; 4) ауыс. адалдық. Ей, Нақып, ғибрат ал, жазған хаттан, Бір қиял шығарыпсың көңіл шаттан... Шерменде «шариғаттың жолы осы» деп, Бермеңіз халыққа нұқсан диянаттан (Қаңлы Жүсіп). Деп айтты сонда шайқы падишаға.— Ұлықсың ықтиярлы бек, диянат! «Құрмасын қойғыз ұлымның» дегеніңде, Бар еді өз басымда сол сұхбат. Құрма жеп, осы уақыт отыр едім, Беруге жарамадым мен ғибрат (Қаңлы Жүсіп);

дианатты1) тақуа, діншіл; 2) адал. «Тұтқан тең тәңірі әмірін тұтпағанмен» Депті ерлер дианатты, дүрім, тыңда ұрмағамбет).

دين (дйнун) дін — наным, сенім, илану (Дін — табиғат пен әлеуметтің адамға түсініксіз күштері оның санасында табиғаттан тыс, ғылымға қарсы қиялды керемет бейне туғызып, содан құдай, әулие деген сияқты ұғым пайда болып, құдайға құлшылық ету керек деген соқыр сенім. Дін — қалың бұқараны рухани қысымда ұстап, оны қанау үшін үстемдік таптың зор идеологиялық құралы. Біздің елде Совет Өкіметі орнатылғаннан кейін ғибадатханалар мемлекет пен мектептен ажыратылған — Н. О.). Дін — халық үшін апиын (К. Маркс). Дін деген өтірікке нану деген, Көңілге енбес хиялды алу деген, Бұл молданың өтірігіне нану деген, Жетегіне соқырдың еру деген (С. Торайғыров). Дін дегеніміз халықтың басын айналдыратын апиын (К. Маркс). Біз мемлекет жөнінде ғана діннің әркімнің жеке басының ісі болуын талап етеміз. Ал, діннің біздің партиямызға қатысы жөнінде біз оны әркімнің жеке басының ісі деп ешбір санай алмаймыз (В. И. Ленин);

дінбасыдіни басшы. Кешқұрым мұнда көпестер, Думаның бұрынғы мүшелері, уақытша үкіметтің мүшелері, жоғары дінбасылар, майдангер офицерлер мен қазақ тобының мүшелері, бикештер, георгий кавалері кездесіп, бас қосатын (Дм. Снегин). Дінбасылар дәстүрлі мұсылмандық уағыздарды жастардың қазіргі өмір жағдайларына, білім өресі дәрежесіне үйлестіру шараларына баса назар аударуда (Қ. Нұрмағамбетов);

діндесдіні бірге, бір діндегі. Көзіңді аш, есіңді жи, енді ойнама, Мені сен өз діндесің деп ойлама! Мен отқа шоқынамын, дініме көн, Менде бардың бәрінен қауіп ойлама! (Абай).— Ие, діндес елміз, солай болуы да мүмкін,— деді Арғынғали (Ә. Сәрсенбаев);

дінсіздінге сенбейтін, құдайға сенбейтін, құдайсыз, атеист. Жіберді әлгі қапты жерге атып, Антұрған шал дәулетке қалды батып. Қап жерге түскеннен соң дінсіз кәпір, Арқанды алып кетті жұла тартып (Абай). Дінсіз (адам) деген бұрын ең жексұрын, елден шыққан күнәкар кісі деп есептелсе, біздің дәуірде оң мен солын таныған, көзі ашық оптимист-материалист кісілерге айтылатын болды (Ә. Болғанбаев);

дінсіздікдіннен безгендер. Сұм шалдың дінсіздігін сонда білді, Қарамай, бір қайрылман жүре берді. Кәпірдің қайрылмасын білгеннен соң, Жүгіріп жалтыр тастан жол іздеді (Абай);

дінші. Дінбасылары өздерінің ұстаған жолынан жалт беруде. Олар қазір «Ислам мен социализмнің әлеуметтік принципі бір» дегенге шейін барып жүр. Тіпті, кейбір шығыс мемлекеттеріндегі діншілер беттері бүлк етпейтін «ислам социализмі» деген бірдеңені де қоңырсытып жүр (М. Тоқжігітов). Бұрын шариғатқа сүйенген молдалар әйелдерді мешітке және діншілердің үйінде өткізетін хатым-құранға қатыстырмайтын, қазір олар әйелдердің мешітке баруына рұқсат етті (М. Тоқжігітов);

діншілдіндар, дінге берілген, құдайшыл. Ескі молда бұрынғы жұртты алдаған, Адастырып жастарды көп арбаған. Бес жыл оқып, бес әріп танымадың Діншіл соқыр, надандар нанды саған (И. Байзақов). Діншіл, құдайшыл адам бұрын ең қасиетті кісілер болса, біздің дәуірімізде ең кертартпа адамдар (Ә. Болғанбаев);

діншілдікдіндарлық, дінге берілгендік, құдайшылдық. Сол өзінің діншілдік түсінігі бойынша ол жердің жаралуы жөнінде... (М. Әуезов). Жаңалықтың жауабы — діншілдікті, ескіліктің санадағы қалдықтарын сынай суреттейді («Қ. Ә. Т.»).

دينار (дйнарун) динар ескі. арабтың алтын ақшасы; 2) Ирактың, Югославияның сомы. Ей! Бір жарым динар тұратын затты мен... Арзан берем! Тіпті тегін берем! («Т. С.»). Тұғанбектің жанында жиырма бес динары бар еді (Айбек).

دينى (дйнййун) діни1) дінге тиісті, дінге қатынасы бар; 2) діндар, діншіл. Ертедегі қазақтардың діни нанымдары басқа халықтардың діни нанымдарына ұқсас болды (X. Ақназаров). Сұлтанмахмұт жастайынан көп оқыды. Әуелде діни мектептер біраз уақытын алғанмен, ол кейін әр түрлі пәндерге, көркем әдебиетке жан-тәнімен кірісіп кетті (Ш. Айманов);

дини. Дини құрапат болғаш, соң күлмәскә нәрсә! — деді мұғалім (I. Жансүгіров);
ذ
ذ ~ ذال (залун) зәлараб алфавитінің тоғызыншы әрпі, сандық мағынасы 700. Зәл, зәлиллік көрген соң сайрай бер тіл, Рә, риза қылмағыңны яр өзің біл (Абай).

ذات (затун) зат1) ие, қожа (бір нәрсеге); 2) иелік зат; 3) кісі. жеке басы, жеке адам; 4) мән, мәніс, маңыз; табиғат, жаратылыс; 5) соның өзі; 6) ауыс. нәрсе, бұйым. Заттың жаңасы жақсы, Достың ескісі жақсы (мақал). Зат есім — грам. Заттың (нәрсенің) атын білдіретін сөз табы («Қ. Т. Т. С.»). Алла тағаланың заты (жаратылысы) ешбір сипатқа мұқтаж емес (Абай);

: uploads -> files
files -> Результаты городских конференции колледжистов «информационные технологии в современном мире»
files -> Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
files -> Перечень поступивших заявлений в отношении Договора №104
files -> М. А. Шолохов «Судьба человека». Судьба человека и судьба Родины
files -> Урок усвоения новых знаний. Оформление доски: Тема «маленького человека» в повести Н. В. Гоголя
files -> Сапа рәсімі шебер сынып
files -> Әдістемелік нұсқаулық астана
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы балаларды толық КҮн болатын шағын орталықтарда


1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет