Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік



жүктеу 6.61 Mb.
бет31/42
Дата19.06.2016
өлшемі6.61 Mb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42

раби-ахир1) көктемнің аяғы, соңы, ақыры, 2) араб ай жылнамасының төртінші айының аты немесе раби II. Бұл раби-ахир айы, қазақша көкек айында Отырардың көз сүрінткен Күмбез Сарайында болған әңгіме еді (Д. Досжанов).

рабғы-әуел1) әуелгі көктем, көктем басы; 2) араб ай жылнамасының үшінші айының аты. Әбунасыр әл-Фараби жасы сексеннен аса бергенде һижраның 339 жылы (милади бойынша 950 жылы) рабғы әуел айында Шам шаһарында (Дамаскіде) дүние салды (А. Машанов).

рабиғус-сани 1) екінші көктем; 2) араб ай жылнамасының төртінші айының аты.

رجب (ражабун) режеп1) араб ай жылнамасының жетінші айының аты. Әл-Фараби Шам (Дамасқ) шаһарында жерленді. Бұл — һижраның 339 жылы режеб айы (қазіргі жыл санау бойынша 950 жылғы декабрь), жасы сексеннен асқан кез («Қ. С. Э.»).

رحم (ражмун) рәжім 1) тасборан қылу; 2) сөгу (беліне дейін жерге көмілген адамды таспен ұрып өлтіру көне арабтардың діни жазалауының бір түрі болған).

رجيم (ражймун) ражим1) таспен ұрылған, соғылған, тасборандатылған; 2) қарғыс атқан (шайтанның теңеуі). Молданың намазынан «Ағуз билла имна шайтан ир ражим» Айналайын алла тағала. Жұрт сені де тыңдамайды, Сен түгіл мына мені де тыңдамайды (О. Әбубәкіров).

رحلة (рахлатун) раһлат1) саяхат жасау, жиһан кезу; сапар, жол жүру; 2) экскурсия; 3) ауыс. көшу, дүние салу. Ұлыңның үстін басып жұлма мерез, Құрма жеп жүреді екен етіп әдет. Жегенін жіңсік көріп, тоқтатпасаң, Дүниеден өтер балаң, — деді,— раһлат (Қаңлы Жүсіп).

رحمن (рахманун) рахманрақымды, қайырымды, мейірімді, кішіпейілді. Асылық қылмай сөйлейін, Рахман атты құдая, Төлеген сынды пендеңе, Жолдас қылғын Иманын («Қыз Жібек»). ...Әр нешік ғаріптердің ісі мүшкіл, Я, рахман, өзің бір жөн табасың да (С. Торайғыров). Май айында керемет Бұлттан аспан күркіреп, Рахман жаңбыр құйып бір Басыла қалды сіркіреп (С. Сейфуллин).

رحمة (рахматун) рақмет1) қайырымдылық, мейірімділік, шапағаттылық; 2) қайғысына ортақтасу, аяушылық білдіру; 3) алғыс (кейбір мұсылман елдерінде). Зар қылып тілеймін Рақметін ...ның, Елжіреп жылаймын, Көңілін аш пенденің (Абай). Рақмет Коммунистік партияға, Орнатқан достық, бақыт түпкілікті (Игібай);

рақымет. Есік жоқ, терезе мен көрпе, жастық, Түк болмас қалжақтаған ерке мастық. Рақымет пазылына тапсырмасақ, Жол бар деп құтылатын қайда қаштық (Әріп). Асығып алла күтті өз сырласын, Қарсы алды оны бөлеп рақыметіне: «Не болды?!» — Мен істедім бәріндағы, Қолымнан келген аяп қалынбады... деді Жәбірейіл (А. Пушкин);

рахмат. Сенсің — жан ләззаты! Сенсің — тән шарбаты! Артықша жаратқан Алланың Рахматы (Абай);

рахмет. Сәуірде көтерілер рахмет туы, Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы (Ы. Алтынсарин). Қызыл Армияға істеген қамқорлығыңыз үшін, Берсеев жолдас, сізге рахмет. Біздің армияны ешбір күш жеңе алмайды. Көп жасап, жаңа табыстарға жетуіңізге тілектеспін. Сәлемімді қабыл етіңіз (И. В. Сталин);

рахымет. Рахымет, асығыспын (Ә. Нұрпейісов). Сәлем беріп келіпсің, Рахымет Кененім! (Жамбыл);

رحصة (рухсатун) рұқсатырзалық, жіберу. Әйел өлмес соқпа дерттен, Сауыға алмас сынған ер. Мен — көмірмін қалған өрттен, Енді рұқсат бізге бер (Абай). Бұл арада бір айта кететін нәрсе, Мұхаммет заңы тіпті жақын қарындастарына да үйленуге рұқсат етеді (Ы. Алтынсарин);

лұқсат. Съезге жиналған бәріміздің атымыздан бауырларыңызды құттықтап, «Қош келіпсіз!» — деуге лұқсат етіңіздер (Ғ. Мүсірепов). Кеш сүтіңді, қамықпа, анам қадірлі, Бөбегіңе батаңды бер, лұқсат қыл! (М. Хакімжанова);

рұхсат. Егер атастырып қойса, өскен соң «сүймеймін» деген жағына ел жақсыларынан рұхсат, мал берген жағының малы айыпқа салауат кетеді (С. Торайғыров). Таңертең келуге рұхсат алып, досымен бірге үйден шықты (Айбек);

ұлықсат. Ханзада келгенде қалың ұйқыдағы Шыңғыс ағыл-тегіл тердің үстінде еді. Айғанымның сонда да оятқысы келгенімен, «ауруын қайталатып аласың» деп дәрігер ұлықсат бермеді (С. Мұқанов).— Ағай, ұлықсат болса, біз үйге қайтайық, — деді ол (Еділбаев).

ұрықсат. Даярмын жеке жүрсең тайынбайтын, Сескеніп еш адамнан тайылмайтын. Көңілің екіншіге ауып жүрсе, Ұрықсат, бетіңізден қайырмаймын! (Бибісара). Жая десем, жал беріп, Шекер десем, бал беріп, Аялап мама емізген Аяулы ана аман бол! Ұрықсат қыл, оқимын (І. Жансүгіров);

рұқсатсызрұқсат етпеу, ырзалық бермеу, өз бетімен. Абайдың үстіне екі егде адам рұқсатсыз кірді (М. Әуезов). Бір күні Бұ Адам құстың қуырдағын жеп отырғанда досы келіп қалып: «Қуырдағыңнан бер», - деп сұрайды. — Бауырым, кешірерсің, бұл дүние зайыбымдыкі, оның рұқсатынсыз еш нәрсе бере алмаймын,— дейді («Бұ Адам»);

рұхсатсыз. Рұхсатсыз тұңғыш жол шығып, Ат қылып ақ тал шыбықты, Барсам бір «үйін» ол жығып, Ауылдан әрі шығыпты (Ж. Молдағалиев);

ұлықсатсыз. Менен түйе ғана үлкен,— деді шал,— босағамды ұлықсатсыз аттағаның үшін ат-шапан айыбың бар... (С. Мұқанов). Кәдеге беретін ештеңесі болмағасын жігіт қызды әке-шешесінен ұлықсатсыз үйіне кіргізді (Ө. Бисенғалиұлы);

ұрықсатсыз. Кір көңілдей жауып қара қанатын Жалықтырды сылбыр сөздей қара түн, Мезі қылды жақтырмайтын қонақтай Ұрықсатсыз айлап жатып алатын (Р. Ғамзатов);

ұлықсатшыл. Пай-пай-пай — ол, ұлықсатшылын қарашы! (А. Сейдімбеков).

رحيم (рахймун) рахимқайырымды, мейірімді, рақымды, кішіпейілді, ізгі ниетті, шапағатты. Бисмилла рахман рахим,— деді молда (Ү. Уайдин);

рақым алла. Күні-түні қылдым зар, Ғаріпке болмас ешкім жар. Жанымды аман құтқарсаң, Рақым алла, еркің бар («Ғашық-наме»);

рақым қайырым, мейірім, аяу. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой (Абай). Сырт қарап отырған Абай әженің кейде шерлі, кейде мейірбан рақым күйін, өзін тербелтіп отырғандай сезеді (М. Әуезов);

рахим. Рахим итігіз... (Ғ. Мүсірепов). Ресей мемлекетіне бағынышты болып, адал қызмет қылмаққа ант аларға мен — Тәуекел оғлы Мәмет мырзаны елші даражасында жіберерге рахим етті,— деді (Т. Ахтанов);

рахым. Көңілің түсер ме екен балдай ертіп, Ғашықтың көз жасына рахым айлап (Ақан сері). Абайдың алдына алақанын көлденең созып, орталық үйді көрсетті: «Кіріңіз, рахым етіңіз!» дегендей (М. Әуезов).

рақымдықайырымды, мейірімді, жаны ашығыш. Бұл Момынбай асқан жуас, өтірік сөйлемейтін, жетім-жесірге рақымды жақсы адам екен («Қ. Е.»). Ұзақшыл, рақымды кең құдай қалай, Жазықсыз жапа тартқан қыршын жанай (С. Торайғыров);

рахымды. Енді біздің бастағы тағриф бойынша... ғылымды, рахымды, ғадаләтті, құдіретті еді (Абай). Ол құдіреті күшті болумен қатар, рахымды деген де сөз (М. Әуезов);

рақымдыққайырымдық, мейірімдік. Жүрегім екеуіне жалбарынар, Рақымдық пен әділ сор деп жалынар. Мен тентек пе, түбінде кім жазалы, Қайғыны жіберуші өзі сынар (Абай);

рақымдылыққайырымдылық, мейірімділік. Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса, игі еді демек, бұлар - жүрек ісі (Абай);

рақымсызқайырымсыз, мейірімсіз, аямайтын. Түсі суық, рақымсыз жаулықтың енді беті ашылып, татулыққа айналғанын Абай «Уһ» деп, күрсіне сүйсініп қабылдап еді (М. Әуезов). Не ғажап кейбір дәулет насқа бітер. Рақымсыз жібімейтін тасқа бітер (Н. Наушабаев);

рахымсыз. Сонан бері рахымсыз көп жыл өтті, Орақ келер, орылар мезгіл жетті. Жылы менен суықтың бәрін көріп, Қайран көңіл қайыспай қайрат етті (Абай). Рахымсыз жауларың, Қаныпезер ашқарақ. Тез жоймасақ, ол залым Тәніне дақ тастамақ! (Жамбыл);

рақымсыздыққайырымсыздық, мейірімсіздік, аямаушылық («Қ. Т. О. С.»);

рахымсыздық. Ахмет хан қалмақты көп шауыпты, көп қырыпты. Қалмақ рахымсыздығына қарай «мынау бір алашы болды ғой», — депті,— жан алушы дегеннің орнына (Абай);

рақымшылрақымды. Рақымжан — ол кәдімгі рақымшыл жан (К. Салықов);

рахымшыл. Ежелден рахымшыл ел емеспіз бе, жоқ-жетіктерге бүйрегіміз бұрып тұрады (Ә. Несин);

рақымшылықрақымдылық. Сүйінші! Ұлды болдық,— дейді. Сонда Бұ Адам сасқалақтап:— О, шешетай, рақымшылық етіп, тезірек айтшы — ер бала ма, қыз бала ма — дейді («Бұ Адам»). Ағамыз бізге көл-көсір рақымшылық тудырмақ болыпты (М. Сатыбалдиев).

رزق (ризқун) рызық1) күнелтуге арналған қаражат (күнделікті керек нәрселер); тамақтану; асырау, күту; 2) үлес, сыбаға; 3) жалақы. Ішпеймін (Шегебайдың жоқшылық зардабы жанына батып, кедейлігіне күйініп, құдайға айтқан күйініші — Н. О.) аталаңды, ет бермесең! Алмаймын азғанаңды, көп бермесең! «Кепілмін рызықыңа!» деген өзің, Осы жерде жатып өлем жеткермесең! (Шегебай). «Жері байдың — елі бай» деген емес пе? Рызықты құдайдан тілеуді қойып, еңбегімізден, жерден тілейтін болдық,— деді ол (С. Омаров);

ризық. Мен келдім жаяу жүріп елден асып, Әйелге кідірмеймін сөзден сасып. Кем болса кім елінен шықпай қалар, Шет жерден ризығы болса нәсіп (Ашубай). Саған да өлшеулі ризық табылар да... (І. Манкин);

ырзық. Ырзық көзі — еңбекте (мақал). Тек қана адам емес, құрт-құмырсқа, Түгел-ақ алады ырзық қарап жүрмей, Әйелден Шамшияның заты басқа, Құрметін көрсетеді ойнап-күлмей (Рахымжан). Ырзығы дүниенің дән емес пе, Адамның әл-дәрмені нан емес пе? (Майса).

ырыз. Кісінің бергені кісіге ырыз болмас (мақал);

ырызық. Жерімді туып өскен сағынамын, Қайтейін, жібермей жүр ырызық-дәм (Ақтөре). Айдаған алыс жерден ырызық-нәсіп, Кім болжар алдағыны болмақ нешік (Жәмел);

яразиқул ғибади құлдардың, пенделердің ризығы, үлесі, сыбағасы. Мен «яразиқұл ғибади» фатиқасын оқыдым, — дейді (М. Әуезов);

рызықтану тамақтану, қоректену. Мен көрдім бір теңізде темір қайық, Әр пенде пайдаланар көріп лайық. Үстінде түндігі жоқ үйді тігіп, Кетеді рызықтанып барша халық (Сапарғали). Дастарқан — теңіз мысал, қайық —паднос, Бұл күнде әмбе халық қойған ықылас. Шыны аяқ — түндігі жоқ үй дегенің, Әр пенде рызықтанып ішпей ме ас (Нұржан);

рызықсыз1) қорексіз, тамақсыз; 2) діни. сыбағасыз, үлессіз.— Біз қалай күн көреміз? — десе: — Алла рызықсыз жан жаратпаған. Өзі асырайды,— деді хажы (Ғ. Мұстафин);

ырызықсыз. Құдай пендесін ырызықсыз жаратқан ба, аздап алыс-беріс саудасын жасап та тұрмын,— деді Жаппаров (К. Тоқаев);

ырызықтықнәсіптік, сыбағалық, үлестік. Жалға алған тоқымдай жер, топырлаған бала-шағаңа ырызықтық бірдеме береді-ау (С. Сматаев);

ырыздық. Сол мол ырыздықты еркін кешіп, ұзын шұбақ жаюлы жатқан алашалардың үстіне әкеп, бірнеше адам тарыны шапшаң-шапшаң електен өткізді (М. Сатыбалдиев). Сонымен қонақжайлық әдетімізге басып бар, ырыздығымызды алдарына жайдық (Т. Құлиясов).

رسالة (рисалатун) 1) миссия, борыш, пайғамбарлық міндет; 2) үндеу хат; трактат, зерттеу; баяндама; 3) диссертация; 4) корреспонденция; 5) дипломатиялық үндеу хаты; 6) хабарлама, білдіру, хабарлау. Жыл сайын бестеп, ондап «жас иіс», жаңа рисалар да туып тұрды (Б. Кенжебаев, Ә. Есназаров). Аристотель геометриялық бейнелерді табиғи денелерден шығару керек дейді. Онысы дұрыс. Олай болғанда анау Евклид еңбектеріндегі геометриялық қағидалардың барлығын осы бағыттағы рисалаға келтіру керек,— дейді Фараби (А. Машанов);

рисалат. Абай шығармаларын оған дейінгі Шығыс кемеңгерлері рисалаттарымен (трактаттарымен) салыстырып, сарапқа салғанда көптеген ұқсас пікірлер мен ортақ жайттарға тап боламыз (А. Көбесов);

ырсалат. Ой ойлап, оқып Омар үшбу хаттан, Мазмұнын аңдап, жазған ырсалаттан. «Данышпан дариядай, ақылға кең, Көзәл» деп ойлаушы едік көңілі озаттан (Таубайдың Жүсібі);

рисола. Ғақлия — ой толғауы түрінде жазылып, философиялық ой түйінін тұжырымдауға бейім рисола (дұрысы: рисала — Н. О.) (трактат) тәрізді шығарма («Қ.С.Э»).

رسم (расмун) ресім1) сызық, план (жердің, қаланың); 2) сурет, көрініс, портрет, келбет; 3) із, белгі; 4) баж салығын жинау, салық; 5) салтанат, ғұрып, салт-сана. Орнымыз медресе оқып жатқан, Талайлар оқу оқып өнер тапқан. Аз-көп деп, бергеніңді молда сөз ғып, Әуелден ресім жоқ ғылым сатқан (С. Торайғыров). ...Ол Сақыға басын изеп, амандық ресімін жасады да, Рахимованың кабинетіне сұраусыз кіріп кетті (3. Шашкин);

рәсім. Қазақ арасында отпен аластау (аластау — «алас» — түнгі жарық, қасиетті от) сияқты ертеден келе жаткан әдет, рәсім де жоқ емес. Отқа май құйып, тілеу тілеп, ауру адам мен малды от айналдырып ұшықтайтын да осы қазақтар (X. Ақназаров). Кенебай елге мәлім бала жастан, Ертектей ел аузында қызық дастан: Ескі әдет, дін-рәсім күшті кезде, Немере қарындасын алып қашқан (К. Әзірбаев);

ресімді. Еңбекшілер династиясына құрмет көрсету, Совет Армиясы қатарына салтанатты түрде аттандырып салу, жастарды жұмысшы қатарына қабылдау, оларға еңбек кітапшасын, паспорт тапсыру, еңбек демалысына шығарып салу секілді ресімді жаңа салт, дәстүрлер жиі өткізілетін болып жүр (С. Аманов);

рәсімді. Ұлық мәртебелі, күн сәулетті император Анна Иоанн қызы ағзам Әбілхайыр Баһадүр ханға зор ілтифат құрмет көрсетіп, рәсімді бөлек сый-сипатын һам рахим қылды,— деді Тәуекелевке (Т. Ахтанов);

ресми1) заңды, белгілі, әдетті, ғұрыпты; 2) формалы, арнаулы. Араб және парсы тілдерінен кірген сөздерді, біз олардың қалыптасу дәрежесіне қарай, екіге ажыратамыз. Олардың кейбіреулері тек кітаби немесе ресми тілде кездеседі, ал кейбіреулері қазақ тіліне қалыптасқаны соншама, кейде олардың қай тілге жататындығын белгілеу де қиынға соғады (І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев). Олар бізге жауынгерлік тәртіпті сақтап, ресми түрде сәлем берген еді (Ж. Жұмақанов);

рәсми. Жұлдыз ғана «менің семіргенім де күлкі ме» дегендей ишаратпен тыжырынып, шайды енжарлау ұрттап, салқын да маңғаз рәсми қалып сақтап қалды (М. Сатыбалдиев);

ресмилеуселқостау, салқындау. Жазбадым, жаздым я қысқа Бұрынғы әзіл, ойынды. Ғапу ет, осы бір тұста Ресмилеу көрдім бойымды (X. Ерғалиев);

ресіміншеәдетінше, дәстүрше. «Ертеде Ибни Тәлип ресімінше» деп, Қойыпсың тағы ағаңды таяп жарға-ақ. Тілепсің «сол аусаптан болғайсыз» деп, Бұл сөзден өлген жақсы болып қадақ (Кете Шегебай).

رسول (расулун) рәсул1) елші, уәкіл; 2) эмиссар (құпия тапсырмалы уәкіл); 3) діни. пайғамбар (Мұхаммедтің теңеуі); 4) алғашқы хабаршы. Дәл уақыты жеткенде, Талайдың гүлі қурайды. Рәсулді алған бұл өлім, Кімнен жөнді сұрайды? (Абай). Шаһарына Хорезм, хиуалық — Миғражда рәсулінің нұры түскен (Әубәкір);

расул. Шам сөнбей, көл су алмай тұрғанында, Болар деп үміт еттім шапағатың. Хажы Әке, бұл сөзімді білсең керек, Расулның айтқанына көнсең керек (Назым).

«Бірі, - деп,— сақилықтың жөн сілтемек» Хадиске берген хабар хақ Расулі. Қайтармақ ойнағанға, шындап жауап, Бұрынғы жақсылардың жүрген жолы (Қаңлы Жүсіп);



рассулулла. «Дін қарындастар, Әһлі Ислам қауымы үш пайғамбарымыз расулуллаж Мұхаммед Мұстафаның жеңілмейтін көк туын көтерсін, ғазават соғысына шықсын»,— деген Әнуардың алдамшы ұранын жергілікті бай, феодалдар, соқыр ишандар гуілдетіп елге жайыпты (Ж. Арыстанов);

равулалла. Бар құдай өз бендеңді өзің оңда, Мұхаммед шапағатты Расулалла («Дастан батыр»);

рәвулла.— Рас, уақытында тәуба келтіргенге Алла тағаланың дәрғаһы кең де, күнәкамрларды пайғамбарымыз рәсулла Мұхаммед Мұстафаның алмас семсері табады,— деді Дамулла (Ж. Арыстанов);

расулия. Алыстан даңқы жер жарған «Медресе Расулия» сыртқы көрінісі Сұлтанмахмұтқа қораш, Баяндағы Рахматолла қазіреттің медресесі сияқты ғана көрінді (Д. Әбілев). Расулияның шәкірттері жаз бойларында Қостанай, Көкшетау атыраптарын аралап, өлеңдете жүреді екен (Қ. Бекхожин).

رشد (рушдун) рушд1) сана, түсінік; 2) саналық, естілік, ақылдылық; 3) жетілу, толығу, кемеліне келу; 4) діни. тура жолға түсу. Мұсылманша оқуды екеу сабақтас болып оқып, рушді сыныфтарын бітірді (С. Торайғыров);

руишдия1) тура, түзу бағыт; 2) орта мектеп. Соған қарай Ғұсманияда мектеп харбия, мектеп рушдиялар салынып, жаңа низамға айналған (Абай).

رضاء (рида’ун) риза1) молшылық; қанағаттылық, қанағаттандыру; рақаттылық; 2) ризашылық; 3) мейірбандық, игі ниеттілік. Пақыр, кедей, кеміне, Кедейі байға теңеліп, Риза болды бәрі де Қобыланды сынды еріне («Қобыланды»). Сорлы асық сарғайса да, сағынса да, Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да. Шыдайды риза болып жар ісіне, Қорлық пен мазағына табынса да (Абай);

рза. Оған да разымын,— деді Әділқан (Ә. Тәжібаев);

ырза. Тартсам мен жарты тиын тамағыма, Ырзамын олда-білде жоғалт көзін! (С. Торайғыров). Жымиып Москваға тәжім етті, Қазақтың бұлбұл болып туған құсы. Ырза ғып Мәскеу халқын ән мен күйге, Сұлуым алып қайтты құрмет, атақ (Қ. Бекхожин);

ризашылдықриза болушылық. Автор кітап жазу ісіндегі өзінің тәжірибесіздігі немесе басқа себептердің салдарынан кеткен кемшіліктерін көрсеткен әрбір оқушыға ризашылдық білдіреді және оларды болашақта түзетіп, толықтыруды еске алады (А. Көбесов);

І ризашылық. Мұхаммед жеке меншікті қорғаған, сондықтан ауқатты адамдардың көпшілігі оған ризашылық білдірген (М. Ысқақов). Саптағы жауынгерлердің көздерінде Грицкоға деген ризашылық сезімі ұшқын атты (Б. Момышұлы);

ырзашылық. Күні кеше ғана өткен, еліміздің тарихында биік бір белесі болып қалар, партиямыздың жиырма төртінші съезі бізге ырзашылық білдіре, сенім көрсете отырып, тамыры терең нұсқаулар берді, ойымызға ой қосты, еліміздің еңбек майданындағы табыстарындай шалқарлыққа шақырады (Ғ. Мүсірепов). Артықбай батыр тым болмаса бір қос жылқыны қыстатып шығаруға өз аузынан ырзашылық етсе, қандай жақсы болар еді (Ғ. Мүсірепов);

ризаласукелісу, көнісу, ризалық. Шатақты қой, ризалас (С. Мұқанов);

ырзаласу. Егізбай менен Сегізбай Тумасымен табысып, Достасып құшақ жайысып, Екі тума ағасы Зияпат сыйлық алысып, Ырзаласып, қоштасып, Екеуі қайтты аулына (Төрехан);

ризалықкөңіл толушылық, разы болушылық. Сай болсын еңбегіңіз сертке лайық Ризалық айтқандайын шын кемеңгер (С. Керімбеков). Ризалықпен қарай бердім сүйсініп, Көңілімде сезім туып бір терең (Ғ. Қайырбеков). Қолын шеш, ризалық ал, кісенді бұз, Шапшаң айт көнесің бе, уақыт тығыз (Абай);

ырзалық. Комиссар Әліби мырза Жангелдин заманның әсерінен әңгіме айтып, көздеген мақсатын, тұтынатын жолын әшкере еткен соң, азаматтар комиссармен кол ұстасып, жұрттың басына түсіп тұрған ауыртпалыққа шара көздеу ниетімен дағдылы жұмысқа кірісетін ырзалық көңілін білдірді (С. Сейфуллин). Мен сойсам қозымды ырзалық бер, Көп болғанда, молдеке бір санын жер (Меңеш).

رعاية (риайатун) риғаят1) қамқорлық; 2) назар, ілтипат, ықылас; 3) қорғаушылық, жақтаушылық, сүйеушілік. Шәукәт, қудрәт, ағзам, хазрет, риғаят, табиғ, ғарызнама сияқты қара халық түсінбейтін, әдейі іріктеліп алынған сөздер бар (І. Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев).

رعد (ра‘дун) рағит1) күн күркіреу; 2) діни. күн күркірететін періштенің аты-мыс. Жалын мен оттан жаралып, Жарқылдап Рағит жайды айдар. Жаңбыры жерге таралып, Жасарып шығып гүл жайлар (Абай).

رعناء (ра‘на’ун) рағна1) жеңілтек; 2) сүйкімді, шырайлы, әдемі, сұлу; 3) гүлдің аты. Аларсың менен хабар жазған хаттан, Рағна таза гүлсің өскен бақтан. Я ата, анада кемдігің жоқ, Асылдан шыққан тегің арғы заттан (Ақан сері).

رعية (ра‘йатун) райят1) шаруа; жерді жалдаушы шаруа; 2) қол астындағы. Әлгі аталған арықтардың иесі — шаих ислам, Мутауалли, қазы, молда, хатиб. Біз сияқты райяттарға сипатпайды. Әне қараңдар, осы отырған түгел мен сияқты жер емген шаруа — райяттар,— деді ол (С. Сматаев).

رفعة (раф‘атун) рафғат1) көтерілу; 2) мәртебелі дәреже; 3) биік мәртебелі буржуазия елдеріндегі премьер-министрдің құрметті атағы. Олай болғанда ғәдалат рафғат болуға кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның хаясы жоқ (Абай). Имам құры инанышпенен болмайды, ғадаләт уа рафғат бірлән болады (Абай).

ركعة (рак‘атун) ірәкәт1) діни. намаз оқығанда тізе бүгіп тәжім ету, сәлем беру, бас ию; 2) намаздың белгілі бөлімі. Егерде намаз палуан пасық шықса, Олардан ыбырат алып, жұрт не білмек? Мың ірәкәт намаздан артық деген Кісіге істеген бір ізет-құрмет (Майлықожа).
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет