Наименование детского сада МҚкк «№9 сәбилер бақшасы»



жүктеу 53.43 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі53.43 Kb.

Наименование детского сада

МҚКК « № 9 сәбилер бақшасы»

ФИО

Айгүл Саукенқызы Батырханова

Должность

тәрбиеші

Стаж работы

19 жыл

Категория

2

Тема

«Үй жануарлары»

Возрастная группа

Естияр тобы



Білім беру салаасы: Қатынас

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты:

1. Балаларды үй жануарларымен таныстыра отырып, олардың пайдасы туралы түсініктерін тереңдету. Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын меңгерту.

2. Дидактикалық ойын, мақал-мәтелдер, тақпақтар, жұмбақтар арқылы балалардың тілін, ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайту.

3. Балалардың үй жануарларға деген сүйіспеншілігін ояту, қамқорлыққа тәрбиелеу.



Құралдар: Үй жануарларының суреттері, д/о «Ненің төлі» арналған құралдар, ыдысқа салынған тағамдар: сүт, қаймақ, айран, құрт.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық қозғаушы.

Ұйымдас-тырушылық ізденушілік.

Рефлексивті кезен:



Жылулық шеңбері:

Атам мені «құлыным-дейді».

Әжем мені «боташым -дейді».

Әкем мені «шырағым - дейді»

Анам мені «қозым - дейді».

Ал шынында мен кіммін? Мен кәдімгі баламын.

Балалар, сендерді әке-аналарын, ата-әжелерін қандай сөздермен еркелетеді?

- Міне, балалар! Бізді еркелеткенде ата-әжелеріміз, әке-аналарымыз, төрт түлік малдың сүйкімді төлдерінің атын қолданады.



Көркем сөз:

- Ал, қазір мен сендерге жұмбақтарды жасырамын сендер жауап беріңдер.

1. «Жарысуға дайын,

менің қасқа... »

2. Моп – момақан өзі,

сүп – сүйкімді...

3. Тастан тасқа секіріп

ұзын салпақ құлақты

қайдан маза кетірген

кім білед...



Сөздік жұмысы: құлыным, боташым

Балалар, ал қазір біз көзімізді жұмып алдымызға қандай тағамдар тұр екенін білу үшін дәмін татып көреміз .

(Ыдыстарда: сүт, қаймақ, айран, құрт тұр).

- Жарайсыңдар, балалар!

Осы тағамдар денсаулыққа пайдалы ма?

- Балалар, тақтада қандай жануарлардың суретін көріп тұрсыңдар.

- Осы жануарларды бір сөзбен қалай атайды?

- Балалар, адамдар осы жануарларды неге, асырайды? Қандай пайдасы бар адамға?

- Сиыр не береді?

- Балалардың дені сау болама, сүт ішсе, ірімшік жесе?

Әр жануарлар туралы сурет бойынша әңгімелесу.

- Балалар, барлығымыз алдымыздағы суретке назар аударайық.

- Балалар, мына жануарды қалай атаймыз?

- Жылқының төлін қалай атаймыз?

- Мына жануардың атын білесіндерме?

- Сиыр, төлін қалай атаймыз?



Дидактикалық ойын.

Біз қазір сендер мен «Төлін тап» деген дидактикалық ойын ойнаймыз.

- Балалар мына жануарлардың кішкентай төлдерін біз атап өттік.

Олар серуенге шығып адасып кетіпті. Ал біз төлін табуға көмектесейік. Және осы үй жануарлардың дауыстарын дауыстайық.

- Сиыр қалай мөңірейді?

- Қой қайтып маңырайды?

- Жылқы қалай кісінейді?

- Түйе қайтып боздайды?



Сергіту сәті:

Құлыншағым құндызым,

Құлдырайды, шабады,

Жылтылдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.

Көркем сөз:

- Балалар, кім үй жануарлар, туралы тақпақ оқып береді.

- «Құлыншақ»,

- «Мысық».

- Қандай тамаша!

- Бүгін біз төрт түлік, үй жануарлар туралы көп білдік. Біздің ата-бабаларымыз «Қойдың, сүті – қорғасын, қойды тепкен оңбасын», «Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл-көсір» - деген мақалдарды текке айтпаған.

Жесе-тамақ, кисе-киім болған жануарлар тіршілігіміздің мәні екен. Балалар, сондықтан біз үй жануарларына қамқор бола білейік.
- Балалар, бүгін бізде қандай оқу іс-әрекеті болды?

- Біз қандай жануарларымен таныстық?

- Біз не білдік?

- Біз ізденуші әрекетімізде қандай тағамдардың дәмін таттық?



Балалар шеңбер бойынша тұрып сөздерді қайталайды.


Балалар ата-анасының қалай еркелететінің айтады.

- тайым.
- қозы.

- лақты.

Балалар тағамдарды татып көріп, дәмінен танып атайды.
- Ия, пайдалы.
- сиыр

- жылқы


- қой

- ешкі


- түйе

- шошқа.

- үй жануарлары.
- Былғары теріден киім тігеді, сүттің емдік қасиеті бар.

- сүт, май қаймақ, ірімшік береді.

- Ия.

Балалардың жауабы тындалады.



- мө-мө

- мә - мә

- ми – оо

- бө - бө - о.

Балалар сөздермен бірге қимыл-қозғалыс жасайды.

- «Құлыншақ».

- «Шапқылауға тоймайды.

Жүйрік құлын бұл жеткен.

Тыным таппай ойнайды.

Өзіне, кім үйреткен».

Мақал – мәтелдерді қайталайды.

- тіл дамыту.


- үй жануарлармен.

- үй жануарлар өте пайдалы

- жылқы төлі

- құлын, ал түйе төлі бота.




Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Әрбір бала үй жануарларының пайдасын және қажеттілігін білуі керек.


Нені игереді:

Үй жануарлары туралы тақпақтар,



Мақал – мәтелдер үйренді.
Нені біледі:

Балалар үй жануарларымен танысып, оларды жабайы жануарлардан ажырата білді.
: files -> caf
caf -> Сабақтың мақсаты: а Білімділік мақсаты
caf -> Тәрбиеші Еңбек өтілімі – 27 жыл
caf -> Мақсаты: Таңыс ертегілер мазмұнын қысқаша айтып кету, ертегінін мазмұнын тындауға қызығушылықтарын арттыру. Ертегінің мазмұның әңгімелеу, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, мәнерлеп сөйлеу дағдыларын дамыту
caf -> Сабақтың тақырыбы: «Ойдан шығарылған ертегілер»
caf -> Сабақтың барысы
caf -> Санаты: 1 Тақыырып: Әжемнің ауылында қонақта
caf -> Лауазымы: Ағылшын тілі мұғалімі
caf -> «Таным» білім беру саласы. Бөлімі: Айналамен таныстыру Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Қысқы орман»
caf -> Павлодар қаласының әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімнің «Павлодар қаласының №8 сәбилер бақшасы» МҚҚК. «Қыс ғажайыптары»
caf -> Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет