Нарикбаев адилхан умерзакович



Дата29.06.2016
өлшемі316.44 Kb.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Тарих, құқық және экономика институты

«Тарих, саясаттану және әлеуметтану» кафедрасы




НАРИКБАЕВ АДИЛХАН УМЕРЗАКОВИЧ

Жаңа экономикалық саясат кезеңіндегі әлеуметтік-саяси жүйе және қазіргі кезең

(тарихи салыстырмалы сараптама)

6М011400 – Тарих мамандығы бойыншы педагогикағылымдарының магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

диссертация

Ғылыми жетекші:

Тарих ғылымдарының кандидаты,

Н.К.Мыңжас

Қазақстан Республикасы

Қызылорда 2013 ж.

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Бұл магистрлік диссертацияда Жаңа экономикалық саясат кезеңіндегі әлеуметтік-саяси жүйе және қазіргі кезеңдегі жағдай жаңа тарихи тұрғыда талқыланып, жан-жақты ғылыми негізде қарастырылған.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда өтіп жатқансоциомәдени, экономикалық, саяси, рухани жүйелер трансформациясының жалпы бағыты қоғамдық жүйенің әртүрлі элементтерінің қайта түзілу процестерінің қайшылықтарымен сипатталады. КСРО тоталитарлық режимінің күйреуі және қоғамдық дамудың батыстық үлгісіне көшу әлеуметтік инфрақұрылымның, біз үміттенгендей, үйлесімділігін де, тіпті өзіндік ұйымдасудың қалыпты деңгейін де қамтамасыз ете алмады. Әлеуметтік-саяси жүйенің жекелеген құрылымдық элементтері (ғылым, білім, мәдениет, ауыл шаруашылығы, жеке кәсіпкерлік және т.б) өзіндік таңдау еркіндігіне қол жеткізгенімен, дербес дамуға қабілеті келмей, нәтижесінде апаттық ахуалға демегенмен, дағдарыстық ахуалға тап келді.

Осыған орай, құқықтық мемлекетке өту дәуіріндегі егеменді мемлекеттің қоғамдық қатынастары шоғырындағы әлеуметтік-саяси жүйенің ролін анықтау ерекше өзектілікке ие болады. Бұл мәселені шешу әлеуметтік-саяси жүйені өз дамуының ішкі қисыны бар тұтастай саясаттанымдық әлеуметтік феномен ретінде зерттеуді талап етеді.

Тәуелсіз құқықтық мемлекетті құру, бүтіндей алғанда, әлеуметтік қауымдастыққа тән қоғамдық қатынастардың принципиалды түрде өзге принциптерін, негіздерін даярлауды білдіреді. Бұл жалпы қоғамдық қатынастарға да, оның категориялдық түсініктеріне, «әлеуметтік-саяси жүйе» ұғымын, оның құрылымын анықтауға да қатысты.

Әрине, бұл әлеуметтік-саяси жүйенің шығу тегінің тарихи тұғырларын, оның эволюциясын, оны саяси ғылымның зерттеу ерекшеліктерін, методологиялық тұрғыда анықтауды талап етеді.

Әлеуметтік-саяси жүйе эволюциясының тарихи-философиялық, саясаттанымдық рефлексиясы (пайымдалуы) тек теориялық мәселе ғана болып табылмай, тікелей практикалық маңызға да ие болады. Мемлекет дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі өз қайшылықтарымен ерекшеленетін әлеуметтік-саяси жүйе эволюциясының тарихи бұрылыстарын мұқият талдау, оларды категориялды (ұғымдық) түрде логикалық пайымдау, ең алдымен, аталмыш ұғымның мәнін ұғынуға, мемлекеттің әлеуметтік саясатының шынайы болмысын дайындау үшін түйіндер жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мемлекеттің мәні мен қызметтері, оның пайда болуының тарихи, әлеуметтік-саяси негіздері туралы бұрынғы қалыптасқан көзқарастардың қайта бағаланып жатқанын айтсақ та жеткілікті. Өзінің шығу тегі жағынан таптық орган ретінде қарастырылған мемлекетке деген бұрынғы біржақты тәсіл, бүгінгі күні, шын мәнінде мемлекет мәнінің таптық тәсіл шеңберінен тыс өзге көзқарасқа тез ауысып жатыр.

Жоғарыда аталған мәселелер посттоталитарлық жүйедегі мемлекеттердіңің барлығы үшін де өзекті болып табылады. Алайда осы жалпы заңдылықтармен қатар, үш жүз жылдан аса Ресей империясының отаршылдық езгісінің астында болған, ал кейінірек бұл саясатты тоталитаризмнің кеңестік үлгісінде бастан өткізген мемлекет ретіндегі Қазақстанның өзіне тән ерекше белгілері де бар.

Мәселенің өзектілігі, Қазақстанның әлеуметтік құрылымы жағынан да, менталитеті (діні) жағынан да бұрынғы жүйеден әлеуметтік теңсіздік түрінде мұра болып қалған өз этникалық мүдделерін білдіретін көптеген этностардың өкілдерінен құралған мемлекет екендігімен шиеленісе түседі. Егеменді мемлекетті қалыптастырудың бастапқы кезеңінде барлық осы факторлар (ықпалдар) қоғамның ішкі өміріне де, оның өзге мемлекеттермен өзара қарым-қатынасқа да өз әсерін тигізбей қоймайды. Демек, әлеуметтік-саяси жүйені саясаттанымдық талдау әр алуан мүдделердің нақты бейнесін елестетуге, бұл мүдделерді құқықтық негізде реттеуге, мәмілеге келетін шешімдер табуға, қоғам дамуының болашақ кезендерін болжауға мүмкіндік береді.



Тақырыптың зерттелу деңгейі. Социализмнің әлеуметтік-саяси жүйесі заңгерлік, философиялық, саясаттану, тарих, экономикалық ғылымдардың өкілдерінің еңбектерінде зерттелді. Алайда барлық бұл зерттеулер маркстік-лениндік методология шеңберінде жүргізіліп, бұл әлеуметтік-саяси
жүйенің өміршеңдігі таяу болашақтағы коммунистік қоғам құру мүмкіндігі «ғылыми» негіздеумен байланыстырылды.

Қазіргі құбылмалы жағдайларда бұл зерттеулердің нәтижелері тежегіш қызметінде көрініп отыр, сондықтан олардан тез арада құтылу қажеттілігі байқалуда. Әлеуметтік-саяси жүйе дамуын саясаттанымдық талдауға келер болсақ, негізгі ұғымдар мен категориялардың нақты болмысын даярлауда, сондай-ақ, саясаттанымдық тәсілдің өзін анықтауда, теорияларды дайындауда, аталмыш әлеуметтік феноменнің эмпирикалық көрсеткіштерін сараптауда аса зәрулік аңғарылады.

Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің өмір сүрген қысқа ғана мерзімінің ішінде әлеуметтік-саяси жүйенің әртүрлі қырларын тек ғалымдар ғана емес, тікелей істің тұтқасындағы саяси және мемлекеттік қайраткерлер де белсенді түрде пайымдаумен айналысты.

Бұл топқа республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың[1], бұрынғы Жоғарғы Кеңес төрағасы С.Әбділдиннің[2] мен вице-премьер Н.Шәйкеновтің[3] жұмыстарын жатқызуға болады.

Республиканың әлеуметтік-саяси жүйесі дамуының заңдық-құқықтық мәселелері отандық заңгер ғалымдар - С.З.Зимановтың, Г.С.Сапарғалиевтің,М.Т.Баймахановтың, М.К.Сүлейменовтің, С.С.Сартаевтың, Е.К.Котовтың Е.К.Нүрпейісовтің және т.б. жұмыстарында айшықталды.

Бұл мәселенің тарихи қырлары М.Қ.Қозыбаевтың, М.Қ.Қойгелдиевтің, Т.Омарбековтің, М.К.Асылбековтың, М.Ж.Әбдіровтің, Ж.Б.Әбілхожиннің, Б.Г.Аяғанның, Л.Ахметованың, А.Қ.Құсайыновтың, Е.А.Кузнецовтің және т.б. жұмыстарында көрініс тапты.

Ал осы мәселенің саясаттанымдық қыры анағұрлым аз зерттелді. Мұнда төмендегі авторлардың тарихи-саясаттанулық еңбектерін атап өтуге болады: Ж.Х.Жүнісованың[4], Н.А.Аитовтың, М.С.Әженовтың[5]және т.б.

Қазақстандық ғылымда аталмыш мәселенің неғұрлымкөп зерттелген қырына қазақстандық саяси процестер менинституттарға қатысты бүтіндей алғандағы саяси ғылымсаласындағы зерттеулерді жатқызуға болады.

Әсіресе, Б.Әбдіғалиевтің, Р.Б.Әбсаттаровтың, Е.Ж.Бабақұмаровтың,
З.А.Бадретдиновтың, Л.Ә.Байдельдиновтың, С.З.Баймағанбетовтың, Н.Ж.Бәйтенованың, Н.Байтуршинаның, Л.Бакаевтың, А.С.Балғынбаевтың, Ю.О.Булуктаевтың, К.Н.Бұрхановтың, А.Ереминнің, Ж.А.Жансүгірованың, Д.М. Иватованың, Ш.Ишмухамедовтің,Г.Ж.Ибраеваның,Р.К.Қадіржановтың, М.Қозыбаевтың,А.У.Қуандықовтың,Р.С.Құттыбаеваның,Н.А.Логинованың, А.И.Лұқпановтың, М.М.Мәмедовтің, М.С.Машанның, Ж.Молдабековтің,Т.Т.Мұстафиннің,С.З.Чарматовтың,Ж.Наурызбаевтың,С.Оразалинoвтің,А.Т.Перуашевтің,В.Приминнің,Н.В.Романованың,Р.С.Сартаевтың,В.В.Скварцовтың, У.Смағұлованың, К.Л.Сыроежкиннің, М.М.Тәжиннің, Г.Телебаевтың, К.Өтелбаевтың, С.К.Өтешевтің, М.Ш.Хасановтың және т.б. еңбектері ерекше қызығушылық тудырады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Өзіндік біртұтас саясаттанымдық феномен ретіндегі жаңа экономикалық саясат дәуіріндегі Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесінің эволюциялық үдерісін зерттеу, оның тарихи кезендерін анықтау, берілген жүйенің қоғамдық өмірдің өзге салаларымен қарым - қатынасындағы күрделі қайшылықтарды, осы әлеуметтік-саяси жүйенің драмалық (қасіретті) трансформациясы мен оның даму үрдістерін ашу болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер шешуді қажет етеді:

-«Әлеуметтік-саяси жүйе» категориясын, оның құрылымын анықтау;

-саяси тарихтың зерттеу обьектісі ретіндегі әлеуметтік саяси жүйені жіктеу;

- әлеуметтік-саяси жүйенің генезисі (шығу тегі) мен эволюциясының тарихи тұрғылары мен оның трансформациясының негізгі кезеңдерін негіздеу;

-Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы әлеуметтік-саяси жүйенің мазмұнын ашу;

- жаңа экономикалық саясаттың әлеуметтік мәні мен осы кезендегі әлеуметтік-саяси жүйенің мазмұнын көрсету;

- жаңа экономикалық саясаттың әлеуметтік мәні мен осы кезендегі әлеуметтік-саяси жүйенің өзгешеліктерін айқындау;

- әкімшіл-әміршіл жүйедегі жалпы принциптерді ашу;

- әкімшіл-әміршіл тұрпаттағы әлеуметтік-саяси жүйе мен оның дағдарысының мәнін түсіну;

- өтпелі дәуірдегі қоғамның жаңа әлеуметтік-саяси жүйесі қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық, саяси негіздерін анықтау.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізінотандық және батыстық тарихнамадағы, әсересе тарихшылардың,саясаттанушылардың, әлеуметтанушылардың, заңгерлердің, экономистердің, философтардың соны еңбектеріндегі ұстанымдар құрайды.

Зерттеудің ақпараттық базасы ТМД елдері, әсіресе, Қазақстан Республикасының әртүрлі Министрліктері мен ведомстволарынан, Мемлекеттік мұрағаттан, Мемлекеттік статистикалық комитеттен алынған мәліметтерден құралды.

Сондай-ақ, осы мәселеге қатысты арнайы монографиялық
зерттеулер, әсіресе заңгер, әлеуметтанушы ғалымдардыңжүргізген әлеуметтанымдық зертеулерінің нәтижелері де қолданыс тапты.

Диссертацияны жазу барысында әртүрлі әлеуметтанымдық тәсілдер пайдаланылды: статистикалық талдау, салыстырмалы талдау, тарихи және логикалық талдау тәсілдері, бақылау, сұхбаттасу.



Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері.Қазақстанның ХХ ғасырдың 20 жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік-саяси жүйесінің дамуы мен қалыптасу кезеңін қамтиды.

Зерттеу жұмысының нысаны. Жаңа экономикалық саясат кезеңіндегі қалыптасқан әлеуметтік-саяси жүйенің қазіргі кезеңдегі дамуына салыстырмалы талдау жасау.

Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының қалыптасу тарихы және жүзеге асырылу тетіктері; саяси институттар мен азаматтық ұйымдардың әлеуметтік саясат үрдісіндегі іс-әрекеттері мен өзара байланысы.

Зерттеу жұмысының деректік негізі.Диссертациялық жұмыстың деректік негізі теориялық және нақтылы фактілерге негізделген ғылыми зерттеулер.

Тақырыпты зерттеуге теориялық негіз болған әлеуметтік-саяси жүйені терең зерттеген қоғамдық ғылым салалары бойынша зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектері, соның ішінде әлемдік философиялық ой өкілдерінің осы мәселе бойынша жасаған ғылыми тұжырымдамалары. Сонымен қатар, қазіргі замандағы отандық және шетелдік, ресейлік зерттеушілердің әлеуметтік-саяси жүйені талдауға бағытталған ғылыми мақалалары мен монографиялары және зерттеу еңбектері.



Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы.Көтеріліп отырған мәселенің қазіргі кезең талаптарына сай өзектілігімен, жеткілікті зерттелмегендігімен, зерттеу нысанасына ілінбеген тың мәселелерді жүйелеуімен әрі саралап талдауымен, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне тікелей байланысты қажеттілік талабынан туындайды жәнеәрбір тарауда көтеріліп отырған мәселелерге сай анықталады. Диссертацияда қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатына теориялық тұрғыда жан-жақты салыстырмалы тарихи талдау жасала отырып, қоғамның саяси жаңғыруы жағдайында мемлекеттің әлеуметтік саясатының өзіндік үлгісі қалыптасып келе жатқандығы ғылыми тұрғыда негізделді.

Жұмыстың ғылыми жаңалық деңгейі төмендегіше сипатталады:

-біртұтас саясаттанымдық феномен ретіндегі әлеуметтік-саяси жүйе тарихи талдау тұрғысынан зерттелді;

- әлеуметтік-саяси жүйе алғаш рет синергетика категорияларында қарастырылды;

-Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы отаршылдықәлеуметтік-саяси жүйе қызметінің әлеуметтік тетіктері(механизмдері) мен ерекшеліктері айқындалды;

-азамат соғысы жылдарында Қазақстандағы экономикалық өндірістік қатынастардың әлеуметтік-саяси жүйемен өзара байланысы көрсетілді;

-Жаңа экономикалық саясатқа көшудің обьективтіжағдайлары мен субьективті факторлары анықталды;

-большевиктік әлеуметтік-саяси жүйенің қатаң шеңберінде жаңа нарықтық қатынастар қалыптасуының күрделілігі мен қайшылығы сарапталды;

-қоғам дамуының нарықтық экономикалық негіздерін шайқалтуға әкелген тоталитарлық жүйе қалыптасуының ішкі логикасы зерттелді;

- әміршіл-әкімшіл жүйе орнығуының әлеуметтік-таптықкүштері, әлеуметтік-саяси тетіктері айқындалды;

- әлеуметтік саяси жүйені демократияландыру процесінің күрделілігі, қайшылықтары, стратеофикациялық жіктелістің ерекшеліктері баяндалды;

-Қазақстан Республикасы әлеуметтік-саяси жүйесі эволюциясының үрдістеріне ғылыми негіздер жасалды.



Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы.Жаңа экономикалық саясат кезеңіндегінегізгі қағидалары мен тұжырымдарын, түйіндері мен ұсыныстарын әлеуметтік-саяси жүйені реформалаудың қазіргі концепциясын даярлауда қолданыс табу мүмкіндігімен анықталады.

Біртұтас тарихи феномен ретіндегі ЖЭС (жаңа экономикалық саясат) дәуіріндегі әлеуметтік–саяси жүйенің эволюциясын арнайы талдауға арналған диссертацияның теориялық тұжырымдары қазіргі жаңа әлеуметтік-саяси жүйенің қалыптасу ерекшеліктерін жақынырақ ұғынып-түсінуге септігін тигізеді. Зерттеудегі «әлеуметтік-саяси жүйе» түсінігіне ұғымдық-категориалдық талдау жүргізу, аталмыш саяси құбылыстың мәнін пайымдауға, тарихи-саяси ғылымның өзге категориялары арасындағы оның орнын анықтауға мүмкіндік береді.



Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-саяси жүйені зерттеу проблемаларының қойылуымен айқындалады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарына тарихи және саяси талдау жасаудың нәтижесінде ұсынылған негізгі тұжырымдар:

  • қазіргі қоғамның әлеуметтік-саяси жүйесінің дамуында әлеуметтік саясат маңызды рөл атқарады және әлеуметтік саясаттың пәрменді жүргізілуі мемлекеттің тұрақты саяси дамуының кепілі болуымен қатар, экономикалық дамудың сапалық деңгейінің көрсеткіші болып табылды;

  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік-саяси жүйесінің және экономикалық реформалардың нәтижелеріне мейлінше тәуелді болып келетіндігі және әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік институттары сақталғандығы негізделді;

- жаңа экономикалық саясатқа көшудің обьективтіжағдайлары менсубьективті факторлары анықталып, ашылып көрсетілді;

  • большевиктік әлеуметтік-саяси жүйенің қатаң шеңберінде жаңа нарықтық қатынастар қалыптасуының күрделілігі мен қайшылығы сарапталып, тұжырымдалды;

  • жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту барысындағы билік субьектілерінің әлеуметтік саясатты іске асырудағы қызметінің ықпалы жетекші орын алатындығы айқындалды;

  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік-саяси жүйенің бағыт-бағдарын, ерекшеліктерін, ұстанымдарын, даму жолдарын және келешегін сараптау арқылы әлеуметтік-саяси жүйенің орны мен рөлі маңызды саяси ұстаным ретінде негізделді.

Жұмыстың сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі мазмұны, қағидалары мен қорытындылары автордың 8 ғылыми мақалаларына өзек болған, оның ішінде үш халықаралық ғылыми–практикалық конференцияларда («Ғылым және инновациялар: перспективалық технологиялар және техника-2008» атты халықаралық ғылыми-практикалық Интернет конференция (21-31 қазан, 2008 жыл), «Ғылым және инновациялар: перспективалық технологиялар және техника-2009» атты халықаралық ғылыми-практикалық Интернет конференция (21-31 қаңтар, 2009 жыл), «Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі Арал – Сырдария өңірінің орны» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция (23 қазан, 2009 жыл)) мақалалары жарық көрген. Диссертацияда қамтылған зерттеу материалдары теориялық-әдіснамалық және методикалық құралдар ретінде жоғарғы оқу орындарында қолданылады.

Диссертация құрылымы. Диссертация құрылымы оның тақырыбының, мақсаты мен міндеттерінің негізгі бағыттарына сәйкес құрылды. Қорғауға ұсынылып отырған диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны, зерттеу барысында қолданылған әдістер, зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы айқындалды. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар анықталып, зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялану барысы баяндалды.

Жұмыстың бірінші тарауы «Қоғамның әлеуметтік-саяси жүйесін талдаудың теориялық-методологиялық негіздері» деп аталып,олекі тақырыпшадан тұрады.

Бірінші тараудың бірінші тақырыпшасы «Жаңа экономикалық саясат кезеңіндегі әлеуметтік-саяси жүйе және оны зерттеудің жүйелік тәсілі» делініп, онда төмендегідей мәселелер қарастырылды. Қазіргі ғылым мен техникада «жүйе» ұғымының кең таралуы (төменіректе айтылатындай, ол әр түрлі мағынада қолданылады) қандай да бір «метағылымды» қалыптастыруға тырысуды білдіретін ғалымдардың белгілі бір тобының жүйелілік дүниетанымға ұмтылысын білдіреді. Қалыптасқан бағытты «жүйелілік қозғалыс» деген аморфотерминмен белгілеуге болады, өйткені ол ғылым мен техниканың әр түрлі салаларының өкілдерін біріктіріп, пәнаралық сипатқа ие болады. Бұл соңғыларының жетекшілікке алған методологиясын біз онан ары «жүйелілік тәсіл» деген атаумен баяндаймыз.

Жүйелілік тәсілге байланысты ғылыми әдебиетті мұқият зерттегенде, өкінішке орай «жүйе» мен «жүйесіздік» ұғымдарын ажырату мәселесінде ортақ пікірдің жоқ екендігіне көз жеткізуге болады.

Біз өз анықтамамызды беруге тырысайық. Жүйе-бұл төмендегі белгілерімен сипатталатын объектілердің кейбір тобының нақты өмір сүретін қасиеті және теориялық құрылғы:



  1. Жүйе интегралдық саланың пайда болуына әкелетін элементтердің(жайжүйелердің)өзарабағыныштылығы және тұтастылығымен ерекшеленеді;

  2. Жүйе сыртқы ортаның аясында айырықшаланады;

  1. Сыртқы ортамен қатынасында (коммуникациясында) жүйе өзі бүтін түрінде көрсетеді;

  2. Элементтердің (жай жүйелердің) бірінің өзгерісі барысында бүкіл жүйенің сапасы өзгереді.

Сонымен, мынадай тұжырымдар жасауға болады. Жүйелілік тәсіл ХІХ-ХХ ғасырлардың аралығында ұзаққа созылған дағдарысқа душар болған классикалық ғылымның талабына шынайы жауап бере алды. Жүйелік зерттеулердің пәнаралық сипатының арқасында ғылымның дамуында
теориялық ізденістердің қайталануын төмендетуге септігін тигізген білімді универсалдандырудың (әмбебаптандырудың) контртенденциясы пайда болды. Мұның өзі ғалымдардың күш-жігерін рационалды (ақылға сай) ұйымдастыруға, тәсілдерді анықтауларға және ресурстарды басым бағыттарға шоғырландыруға мүмкіндік берді. «Жүйе» категориясы өзінің операционалдылығы мен жоғары эвристикалық (тапқырлық) потенциалын дәлелдеді.

«Әлеуметтік-саяси жүйені саяси талдаудың синергетикалық тәсілі» атты екінші тақырыпшада, статистикалық теориялардың (ойындар теориясы, қателіктер теориясы, статистикалық физика, демография және т.б.) қарқынды дамуымен бірге статистикалық зандылықтар бұрынғыдай өткінші және уақытша деп қарастырылмай, ғылыми ойлаудың мүмкіншіліктік стиліне өту мәселелері талданды.

Синергетиканың өзегін мынадай үш идея құрайды: әралуан қалыптылық, ашықтық, әрбағыттылық жоқтығы.

Бірқалыптылық жағдайы тұрақты (стационарлы) және динамикалық (қозғалмалы) болуы мүмкін. Егер сыртқы және ішкі ықпалдың салдарынан жүйе параметрлері өзгергенімен, жүйе бұрынғы жағдайына қайта оралса, стационарлы бірқалыптылық туралы айтуға болады. Динамикалық тұрақсыз бірқалыптылық жағдайы параметрлердің өзгерісі онан әрі сол бағытта уақыт өте келе күшейе түскен жағдайда орын алады.

Әрқалыптылықты ашық жүйе жағдайы ретінде анықтауға болады, онда оның макроскопиялық параметрлерінде, яғни оның құрамы, құрылымы және әрекетінде өзгерістер жүріп жатады. И.Пригожин өзінің «Тұрақсыздық философиясы» деген мақаласында былай деп жазады: «Біздің табиғат туралы көзқарасымыз дуализмге айналады және мұндай көзқарастың өзегін әрқалыптылық туралы ұғым құрайды және де тек тәртіп пен тәртіпсіздікке әкелетін әрқалыптылық туралы ғана емес, ерекше құбылыстардың пайда болу мүмкіндігіне жол ашатын әрқалыптылық туралы түсінік құрайды, өйткені мұндай жағдайда объектілер өмір сүруінің мүмкін болар тәсілдерінің шоғыры (спектрі) анағұрлым кеңейе түседі»[6].

Ашықтық-жүйенің үнемі қоршаған ортамен зат (энергия, ақпарат) алмасу қабілеті және бір жағынан, «қайнар бұлаққа», яғни берілген жүйенің құрылымдық әртектілігін өсіруге ықпал ететін қоршаған орта энергиясымен суарылатын аймақтарға ие болу қабілеті, екінші жағынан «құяр сағаға», яғни жүйедегі құрылымдық әртектілікті тегістейтін энергияның «шығарылу», таратылу аймақтарына ие болу қабілеті. Термодинамиканың екінші бастауына сәйкес міндетті түрде біртекті, бірқалыпты жағдайға ұмтылатын жабық жүйелерге қарағанда, ашықтық (сыртқы «қайнар бұлақтардың», «құяр сағаның» болуы) әрқалыпты жағдайлардың өмір сүруінің қажетті алғышарты болып табылады.

Әрбағыттылық деп берілген жүйе әрекетінің әртүрлі заңдарына сәйкес келетін өз құрылымында әртүрлі стационарлық жағдайдағы жүйенің қасиетін айтады. Қашанда, мұндай нысандардың әрекетін теңдеу жүйесімен білдіруге тырысқанда, бұл теңдеулер математикалық мағынада әртүрлі бағытта болып қалады. Мұндай қасиеті бар математикалық объектілер де жүйе әрекетін сипаттайтын теңдеулер жүйесін әдетте орындалатын жалғыз шешімінің орнына, көп шешімдердің шоғыры келіп шығады. Бұл шоғырдың әрбір шешімі жүйе әрекетінің мүмкін болар тәсілін сипаттайды.

Соңғы онжылдықтар бойы қалыптасқан ақпараттар қоғам мен адамдар арасындағы қарым-қатынастардың сипатын түбірімен өзгертті. Қосарланған өзара әрекеттер әлі де маңызды рөл ойнайды, дегенмен олардың орнына бұқаралық ақпарат құралдарының, компьютерлік тараптардың, байланыс пен транспорттың жаңа құралдарының арқасында сұхбатқа ондаған, жүздеген адамдар қатыса алатын ұжымдық өзара әрекеттер келеді. Осылайша, ақпараттық қоғам жалпы әлемдік интеграцияның мүмкіндігі мен ықтималдылығының ұлғаюына жағдай жасайды.

«Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы әлеуметтік-саяси жүйе және оның заманауи көрінісі» атты екінші тараудың «Әлеуметтік-саяси жүйе - қоғам дамуының анықтаушы факторы ретінде» деп аталған бірінші тақырыпшада Қазақстанның Қазан төңкерісіне дейінгі Патшалық Ресей тұсындағы әлеуметтік-қоғамдық өмірі талданып, әлеуметтік-саяси жүйе - қоғам дамуының анықтаушы факторы ретінде бағаланады.

Жаңа экономикалық саясат социалистік құрылыс әдістеріне өзгерістер енгізді. Ол шаруалардың экономикалық мүдделерін рынок арқылы қанағаттандыру негізіндегі капитализмді қайта түлетуге ұмтылушылар мен социализм кұрушылар арасындағы экономикалық бәсекеге жол берді[7, с.318]. Ленин жұмысшы табы меншаруа одағын социалистік экономика қалыптастырудың негізгі алғышарты ретінде қарастырды[8, с.220]. ЖЭС - деп жазды ол, «бізге жақын арада шабуылдың кең майданын ашады, шаруа бұқарасымен, миллиондаған ұсақ шаруалармен экономикалық тығыз байланысты береді, біздің одақты, жұмысшылар мен шаруалардың одағын, бүкіл біздің кеңестік революцияның негізін, бүкіл біздің кеңес республикасын жеңімпаз етеді»[9, с.487].

Ленин ЖЭС жағдайында белгілі орынды мемлекеттік капитализмге береді. Оның әртүрлі формаларының даму жолдарын, жеке капиталистердің, сондай-ақ елдің табиғи байлығын пайдалануға қатысатын шетелдік капитал өнімдерінің әрекеттерін партия пролетарлық мемлекет бақылауының астында ұстауға тырысты. Ленин көрсеткендей, мемлекеттік капитализм социалистік нысан болып табылмайды[10, с.280].

ЖЭС-тің 1918ж. көктеміндегі экономикалық саясаттан маңызды айырмашылығы еркін саудаға жол беруінде болды. Мұның үстіне, ЖЭС жағдайында мазмұны өндірістің негізгі құралдарын қоғамдастыруға байланысты түбегейлі өзгерген тауар-ақша қатынастары социалистік өнеркәсіп пен шаруалардың ұсақ ауылшаруашылық экономикалық түйісуін қамтамасыз ететін қажетті құрал ретінде ғана емес, социалистік шаруашылықтың өзін рационалды жүргізудің маңызды факторы ретінде дамиды.

ЖЭС-ті жүзеге асырудың тиімді құралы мемлекеттік жоспарлау болды. Ол халық шаруашылығының жетекші секторы-социалистік секторға шешуші ықпал етті. Жоспарлау халық шаруашылығының қалған секторларына да, ең алдымен ұсақ тауар арқылы шаруа секторына да ықпалын үздіксіз өсіре түсті. Ленин мемлекеттік жоспарлауды жетілдіруге, оның шынайы ғылыми негіздерін орнықтыруға үлкен көңіл бөлді. Сонымен бірге ол жоспарлаушы органдарға белгілі бір әкімшілік функциялар беруді де жақтады. Оның есебінше, жоспарлаудың түпкілікті міндеті ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өзара дұрыс қарым-қатынасын қамтамасыз ету және осы негізде халық шаруашылығының социалистік элементтерін орнықтыру болатын. ЖЭС социалистік жоспарлаудың рөлін күшейтуге бағытталған партия курсына сәйкес келіп қана қоймай, елдің бүкіл экономикалық өмірін реттеудің басты тәсілі ретіндегі жоспарлы жетекшілікті пайдаланудың объективті алғышарттарын кеңейтуге де септігін тигізді.

ЖЭС өзінің мақсаты бойынша да іске асыру әдістері бойынша да социализмді құруға бағытталды. Бұл саясат халық шаруашылығындағы социалистік секторға, экономикадағы Кеңес мемлекетінің әкімшілік тетіктеріне сүйенді. Алайда, жаңа экономикалық саясат социалистік экономика әлі аяғына тұра қоймаған кезінде өтпелі кезеңге есептелінді және экономикалық өтпелі дәуіріне тән барлық қайшылықтармен сипатталды. Пролетарлық мемлекеттің өзінің экономикалық құрылыс тәжірибесі мүлдем болмағандықтан, одан шаруашылық жүргізудің капиталистік тәжірибесінен алған нәрселер де аз болған жоқ. Бұл жағдай жаңа экономикалық саясаттың қайшылығын күшейтті, онда жүйелі социалистік емес, өтпелі сипаттағы элементтер болды. В.И.Ленин ЖЭС-тің мәңгіге емес, бірақ ұзақ уақытқа енгізілетінін бірнеше мәрте қайталап айтты. Сонымен қатар, ол социализмге апаратын ЖЭС-тен өзге жол жоқ екендігінде атап көрсетті. Экономикалық тұрғыда да, саяси тұрғыда да ЖЭС бізге социалистік экономика іргетасын қалаудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді[10, с.60-61], - деген ғылыми тұжырымдамасын алға тартты.

«Жаңа экономикалық саясат дәуіріндегі әлеуметтік-саяси жүйе эволюциясы» атты екінші тақырыпшада жаңа экономикалық саясат дәуіріндегіқоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістер динамикасы талданады.

Жалпы ел үшін ЖЭС-ң енгізілуі барысындағы ең «қиын» міндеттердің бірі ұсақ тауарлы үрдістердің аралық баспалдақтарын қайта құру болса, ал артта қалған аймақтарда патриархалдылықпен, шаруашылықтың капитализмге дейінгі формаларымен, орта ғасырлық қалдықтармен күрес алдыңғы орынға көтерілді.

ЖЭС-тің бас кезінде мемлекет халық шаруашылығындағы маңызды зауыттар мен фабрикаларды өз қолында ұстады. 1923 жылдың жазында Түркістандағы ценздік кәсіпорындардың 84%-ы мемлекеттің қолында болды[11, с.1]. Мұнда негізгі өндірістік қуат, жалдамалы жұмысшылардың көпшілігі жинақталды. Кеңестік шығыста өнеркәсіптік кәсіпорындарды жеке жалға беру тарала қойған жоқ[12, с.43-44]. Соңдықтан бұл жерді мемлекеттік капиталистік үрдіс қалыптаса қоймады. Оның үстіне кейбір жалға берілген кәсіпорындар қайтадан мемлекет қарауына өтті.

Индустрияландыру да, кооперациялау да жұмысшы табы мен шаруалардың одағын онан ары бекітуге бағытталған және бір-біріне бағыныштылық негізінде шешілетін өзара органикалық байланысты міндеттер ретінде түсіндірілді[13, с.22]. Алайда 1920 жылдардың аяғында ЖЭС шеңберінде дайындалған реалистік курс түбегейлі өзгерістерге ұшырады, дәлірек айтқанда, диаметралды қарама-қарсы векторға ие болды. Күш жинақтай бастаған режим партия мен мемлекетке халық шаруашылығы мен қоғамдық-саяси өмірді басқарудың валюнтаристік,әкімшілік-әміршілік стилін танды.

Тәжірибе көрсеткендей, саяси шешімдер қабылдау саласындағы ең сезімтал барометр экономика болып табылады.Қазақстанның ауылдары да асыра сілтеушілік пен бұрмалаудың салдарынан күйзеліске ұшырады. Мал шаруашылығы өлшеусіз зиян шекті. Мұндағы апаттың динамикасы төмендегіше болды. Егер 1928 ж. республикада 6509 мың ірі қара мал болса, 1932 ж.- онан 965 мың ғана қалды. Тіпті соғыс қарсаңында, 1941 ж. колхозға дейінгі деңгей қалпына келмеді (3335 мың бас). Ұсақ мал санындағы апат онан да жаман болды: 18566 мың қойдан 1932 ж. тек 1386 мың ғана қой қалды (соғыстың алдында ғана отарлардағы мал саны 8 млн. Басқа әрең жетті). Жылқы малы 1928 ж. 3516 мың бас есептелсе, оның 3200 мыңы жойылды. (1941 ж.885 мың бас).Өлке үшін дәстүрлі саналатын түйе шаруашылығы саласы мүлдем жойылудың аз-ақ алдында қалды: 1928 ж. олардың саны 1042 мың болса, 1935 ж. 63 мың түйе ғана қалды[14, с.82-83].

Голошекин, өз дәлелдеріне теориялық бояу сіңіругебейім болды. Мысалы, бір мәжілісте ол былай деп оқытты: «Колхозшыларда әлі де жекеменшік институттар басым, бізге билік басындағыларға әкімшілдікті үйрету керек»[15, с.255].Мал басының төмендеуіне қатысты өлкенің партия ұйымының жетекшісі мынадай «аксиома» айтты: «Натуралды шаруашылықтың социализмге өту барысында мал шаруашылығы тұрақсыздығын көрсетті»[15, с.150].

Байлар ахуалды өз жағына пайдалана отырып, шаруалардың бас көтерулеріне антикеңестік бағыт беруге тырысты. Кейде бұлары іске де асты. Мысалы, Батыс Қазақстаннан ауыл көшкен малшылармен осылай болды. Олардың бір бөлігі республика территориясынан шығып, байлардың үгіт-насихатының әсерімен иомуда-қазақ тобы деген атпен басмашылар қозғалысына қосылып, Түркменстанның Красновод, Қазаншы аудандарының халқына террор жүргізді[16, с.176].

Сол жылдардағы трагедиялық оқиғаларды ой елегінен өткізгенде, оның себептері, әдетте дәстүрлі тарихнамада «қателіктер мен асыра сілтеушіліктер» деп белгіленетін «кездейсоқтық» категориясы арқылы ашылмайтындығын түсінуге болады. Керісінше, бұл жерде фатальды (тағдыр) құбылыс орын алған сияқты, өйткені мобилизациялық-әкімшілік және волюнтаристік-зорлықшыл әдістер өзінің табиғатында стихиялы. Олардың субстратында (түбірінде) үнемі саяси-идеологиялық құралдарды экономикалық қатардағы императивтерге контрарлық қарсы қою, құқықтық нормалар мен адами факторды аяққа таптау тенденциялары басым болып келеді. Демек, аталмыш қателіктер мен асыра сілтеушіліктер шын мәнінде қоғамды ұйымдастырудың сталиндік үлгісінің объективті логикасын білдірді.



«ЖЭС – қажеттілігі, түрленуі және өміршеңдігі» атты үшінші тақырыпшада бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен еліміздің қоғамдық өмірінің барлық саласында аса маңызды реформалардың жүзеге асырылуы барысы талданады.

Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарынан көрінуі күрделі де ауқымды міндет. Ол ғылыми жетістіктермен ізденістердің инновациялық дамудың арқасында ғана жүзеге асырылады. Инновациялық ғылымды дамыту туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылы Еуразия университетінің студенттеріне оқыған дәрісінде «Ғылыммен білімді ұштастырғанда ғана келер ұрпақтың кемел тағдырын жасай аламыз. Еркін елдің ертеңі-кемел біліммен ғылымда екенін»[17], -баса атап көрсетті. Инновациялық және технологиялық серпіліс үшін, еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске белсенді енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі.

Ғылыми-техникалық саясатты инновациялық негізде дамытып отырған елдердің бірі - Қытай Халық Республикасы. 1970 жылдары Қытай әлемдік көшбастаушы елдердің алғы шебінен тым алыста болатын, ол кезде Қытай елі үшін өз халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету басты мәселе еді. Бүгінгі таңда Қытай әлемдік рыногта ауқымды тауарлар өндіру мен қызмет көрсетуде елеулі бәсекелеске айналды. Қытайдың мұндай іргелі жетістікке қол жеткізуінің басты себебі ғылымға негізделген өндірісті дамытуында. 1970 жылдары Қытай Ғылым Академиясы қайта құрылған болатын. Бұл өзгеріске бір академия, екі жүйе деген атау берілген еді [18, с.3].

1979ж. Қытай басшылығы 1980 жылдардан келесі ғасырдың ортасына дейінгі елдің экономикалық дамуының стратегиясын жасады:бірінші қадам - 1981-1990 жылдары – ішкі жалпы өнімді(ВВП) екі есе көбейту, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға бетбұрыс жасау болды; екінші қадам - 1990-2000 жылдары - ішкі жалпы өнімді (ВВП) 4 есе өсіру, кедейшілікті жою, социалистік нарықтық экономиканың деңгейін жасау; үшінші қадам .- 2000 жылдан 2050 жылға дейін - ҚХР халқының өмір сүру деңгейін орташа дамыған елдердің деңгейіне жеткізу және ІЖӨ-н 2000-шы жылмен салыстырғанда 4 есе көбейту болды[19, с.171].

Экономикалық өзгерістердің логикасы саяси реформалардың қажеттілігіне сөзсіз итермеледі. Сондықтан, 1986 жылдың көктемінен Қытай баспасөзінде саяси жүйені реформалауға дайындық мәселелері талқылана бастады. Тақырып өзегі саяси билікті ұйымдастыру және оның қызметін қамтамасыз етудің өзара әрекеттесетін құралдарының жиынтығы қоғамға саяси жетекшілік жасау және басқаруды жүзеге асыру т.б. болды. Реформа әу бастан ақ, 1978 жылдың желтоқсанында белгіленген елді модернизациялаудың құрамдас бөлімі ретінде қарала бастады.

Саяси жүйені рефорлаудың негізгі мәселелерінің бірі - оның басты мақсатын айқындау болды. Саяси реформалар жүргізу және Қытайдың сыртқы дүние үшін ашықтығы саясаты даму үстінде келеді. ҚКП-сы басшыларының негізгі бағыты «Қытай ерекшеліктеріне сәйкес социализм» құру болып табылады. Осыған байланысты, қазіргі Қытай басшылары ұстанып отырған саяси бағыт «бір мемлекет - екі қоғамдық құрылыс» қағидасына арнайы тоқтау өзін-өзі ақтайды. Бұл қағида Сянганға (Гонконг), Аомэнге (Макао) және Тайваньға қолданылып отыр.

Қазіргі уақытта экономикалық өсу барлық мемлекеттердің экономикалық саясатының өзекті мәселесі болып табылады. Кірістердің жоғары деңгейін, ЖІӨ-нің тұрақты қарқынмен өсуін қамтамасыз еткен дамыған елдерді ғаламдану әсерінен болатын экономикалық өсудің сапалық өзгерістері және экономикалық өсудің осы елдердің халқына тигізетін әлеуметтік ықпалы толғандырып отыр.

Қазақстанда ұлттық экономиканы құрылымдық қайта құрумен қатар, оның серпінді қарқынмен өсуіне кепілдік беретін факторлар жүйесі әлі күнге дейін қалыптастырылған жоқ. Жаһандану жағдайында Қазақстан үшін экономикалық өсудің сапасын өзгерту қажет, дамудың инновациялық және демократиялық сипаты арқылы көрініс беретін, республиканың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетін қамтамасыз ете алатын, өндірістің инновациялық типіне негізделген экономикалық өсуэкономиканы өндіргіш күштердің жаңа деңгейіне көтеруге, ғылыми-техникалық революцияны жүзеге асыруға және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік беретін «серпінді» (ғылымды көп қажет ететін) салаларды дамытуға ықпал етеді. Қазақстандағы тұрақты қарқынмен экономикалық өсу табиғи ресурстарды пайдаланумен ғана шектелмеуге тиіс, ең алдымен, ол азаматтық қоғамды дамытумен, интеллектуалдық капиталды және инновацияларды шоғырландырумен байланыстырылуға тиіс.



«Жаңа экономикалық саясат кезеңіндегі әлеуметтік-саяси жүйе және қазіргі кезең» тақырыбын оқыту әдістемесіатты төртінші тақырыпшада жалпыға білім беретінорта мектептерде өзіндік біртұтас саяси феномен ретінде тарихнамада орын алған жаңа экономикалық саясат дәуіріндегі Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесінің эволюциялық үрдістерін, оның тарихи кезендерін анықтау, орныққан жүйенің қоғамдық өмірдің өзге салаларымен қарым-қатынасындағы күрделі қайшылықтарды, осы әлеуметтік-саяси жүйенің трансформациясы мен оның даму ерекшеліктерін жан-жақты талдау арқылы, білім беру әдістері талданып, көрсетілген.

Қорытынды
Жалпы теориялық жағынан алғанда бұл қоғам дамуының заңдары тенденция түрінде әрекет жасайтындығымен түсіндіріледі. Сондықтан олардың көрінуі, табылуы ондаған жылдарға созылған. Мүмкін, уақыт ішінде өте ұзаққа созылғандай болып көрінген қарам-қайшылықтардың шиеленісуі, әлеуметтік-саяси жанжалдардың өсуі - бұл жолдың ақылға симайтындығын, тығырыққа тірелгендігін айқын байқатқан болар. Бұған көз жеткізу үшін біздің елімізге бірнеше онжылдықтар қажет болды. Кеңес қоғамын қандай тығырыққа тірелгендігі - толығымен заңдылық болып табылады. Тоталитарлық жүйенің жойылуы да заңдылық.

Біздің еліміздегі «социализмнің» орнығуы өндіріс құралдарына деген қоғамдық меншіктің мемлекеттік меншіктің абсолютті құндылығы идеясының ықпалымен қалыптасты. Мұлдай жағдайда, оның үстіне азаматтық қоғамның жоқ жағдайында, саяси институттар шын мәнісінде шексіз билікке қол жеткізді. Өз кезегінде ол соған сәйкес саяси жүйені туғызды. Оның сипатты ерекшелігі партияның мемлекеттен жоғарғы жағдайы, қоғамның барлық өміріне, оның ішінде жеке адамның өмірінде де тотальды бақылау орнатуы болды.

Тоталитарлық жүйедегі мемлекеттің фетиштенуі оны негізгі қанаушы етті. Айта кететін жайт, этократиялық қоғамдағы қанау неғұрлым айлалы, қатаң және арсыз болды.

Кез-келген ең тартымды дейтін әлеуметтік идеялардың өздігінен жүзеге аспайтындығы белгілі. Әлеуметтік-саяси қатынастар дегеніміз бұл -қоғамдық қатынастардығы барлық кешенінің өнімі және құрамдас бөлімі. Олар қоғам өмірінің экономикалық, саяси, рухани сфераларымен диалектикалық өзара байланыста. Әлеуметтік қатынастардың маңызы, саяси режимдердің институттарының ахуалы көп жағдайларда осы сфералардағы жағдайларға байланысты.



  • ЖЭС кезеңіндегі әлеуметтік – саяси жүйе Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-саяси жүйені зерттеуде ерекше роль атқарады. Сондықтан ел дамуына қатысты зерттеулерде бұл мәселе жан-жақты қаралуы тиіс.

  • Жаңа экономикалық саясатқа көшу жағдайы өзге елдер өмірімен де байланыстыра зерттеліп, еліміздің дамуы үшін қажетті тәжірибелер пайдаланылуы керек.

  • ХХ ғасыр жаңа экономикалық саясат және оның тарихи рөліне терең де көлемді зерттеулер жасалып, оның ел дамуындағы рөліне тарихи нақты баға берілуі керек. Себебі 1916 жылдардан басталатын қазақ даласындағы аштық, босқындық, қудалау 1938 жылдарға дейін созылды. Егер ЖЭС болмағанда қазақ елінің шығыны бұдан бірнеше есе артық болып, халық саны күрт кемір еді


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. Алматы,2007. - 372б.

  2. Абдилдин С. Парламент Казахстана: от Союза к государственности. Алматы,1993. 179с.

  3. Шайкенов Н. Өмірі заңмен өрілген. Астана. Фолиант,2010.Т І, - 432б.

  4. Жүнісова Ж.Х. Республика Казахстан: Президент. Институт демократии, Алматы, 1996. - 294б.

  5. Әженов М.С., СадыроваМ.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.Алматы, «Эверо», 2004. -137б.

  6. Пригожин И. Философия нестабильности.

Web:http://www.philosophy.ru/library/vopros/51.html/

  1. КПСС в резолюциях и решениях съездов, конференций и пленумов ЦК.–М., 1954. –Ч.1. - 541с.

  2. Ленин В.И. Полн, собр.соч. Т.43. - 419с.

  3. Ленин В.И. Полн, собр.соч. Т.44. - 487 с.

  4. Ленин В.И. Полн, собр.соч. Т.45. - 280 с.

  5. Материалы по промышленной статистике Туркестанской ССР, Ташкент, 1924.вып,1. - 164 с.

  6. Краткий отчет Центрального совета народного Туркреспублики за 1922 (1 января – 1 октября 1922 г.) Ташкент, 1922. стр. - 168с.

  7. Гордон Л.А., Клонов Э.В. Что это было? М.,1989. - 182с.

  8. Казахстан 50 лет: Стат. сборник Алма-Ата, 1971. - 184с.

  9. ҮІ-й Пленум Казкрайкома ВКП(б). 10-16 июля 1933 г.: Стеногр. отчет Алма-Ата, 1936. - 321с.

  10. Зевелев А.И., Поляков Ю.И., Чугунов А.И. Басмачество: возникновение, сущность, крах. М., 1981. - 249с.

  11. Назарбаев Н.Ә. Инновациялармен оқу білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына \ Еуразия ұлттық университетінде студенттерге оқыған лекциясы. -Астана 2006.- 27 мамыр.

  12. Иноземцев В. Парадоксы индустриальной экономики \ Мировая экономика и международные отношения.-2004.-№3. - С. 3-13.

  13. Султанов К.С. Реформы в Казахстане и Китае – Астана: «Елорда», 2000. - 472с.


Диссертацияның негізгі мазмұны бойынша төмендегідей еңбектер жарияланды:

  1. Проблемы формирования социально-политической системы общества // Международная научно-практическая интернет-конференция «Основные проблемы и перспективные направления развития научных исследовании-2008» 21-31 октября 2008.-Алматы: КазНАУ.2008.-С. 34-36.

  2. Қоғамның әлеуметтік-саяси жүйесін зерттеудің методологиялық мәселелері // Ізденіс.-2008.-№4(1).-87-89б.

  3. Жаңа экономикалық саясат және әлеуметтік-саяси жүйе (Қытай елінің мысалында) // Ғылым және инновациялар: перспективалық технологиялар және техника-2009: Халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференция материалдары 21-31 қаңтар 2009.-Алматы: КазНАУ.-2009. 94-97б.

  4. Әлеуметтік-саяси жүйені саяси талдаудың синергетикалық тәсілі // Қазақстан жоғары мектебі.- 2009.-№2. -212-215б.

  5. Жаңа экономикалық саясат дәуіріндегі әлеуметтік-саяси жүйе эволюциясы // Тағылым.- 2013.- № 4.18-20б.

РЕЗЮМЕ
Нарикбаев Адилхан Умерзакович


Социально-политическая система в период новой экономической политики и современность.

(сравнительно-исторический анализ)


6М011400-История
Актуальность исследования: Общие направления трансформации социокультурной, экономической, политической, духовной подсистем, присходящей в Казахстане характеризуется противоречивостью процессов преоброзования различный элементов общественной системы. Крушение тоталитарного режима СССР и переход к западной модели общественного развития не смогло, несмотря на наши ожидания обеспечить гармоничную или хотя бы сбалансированную самоорганизацию социальных инфроструктур.

В этой связи особую актуальность приобретает определение роли социально-политической системы в ансамбле общественных отношений суверенного государства в переходный к правовому государству период. Решение данной проблемы требует исследование социально-политической системы как целостного политического социального феномена, имеющего свою внутреннюю логику развития.

Актуальность проблемы усиливается и тем, что Казахстан представляет собой государство, где проживают представители многочисленных этносов, выражающие свои этнические интересы со всеми наследиями, оставшихся от прежней системы в виде социальных неравенств, как в социальной структуре, так и в их менталитете. На начальном этапе строительства суверенного государства все эти факторы существенно влияют как на внутреннюю жизнь общества, так и на его взаимоотношения с другими государствами.

Объектом исследованияявляются основные направления социально-политической системы Республики Казахстан и роль государства в форме политический институтов в ее реализации.

Цель иследования – является исследование процесса эволюции социально-политической системы Казахстана в период новой экономической политики, как своеобразного целостного политологического феномена, определение, исторических этапов эволюции, роскрытие сложнейших противоречий взоимоотношений данной системы с другимисферами общественной жизни, драматических трансформаций социально-политической системы и тенденцию ее развития.

Задачи исследования:

1.Определение категории «социально-политическая система», ее структуры

2.Обоснование исторических рамок генезиса и эволюции социально-политической системы и основных этапов ее трансформации.

3.Социальная сущность новой экономической политики и особенность социально-политической системы этого периода.

4.Сущность социально-политической системы административно-командного типа и ее кризис.

5.Социально-экономические, политические основы становления новой социально-политической системы общества в переходный период.



Методы и методологическая основа исследования. Теоритической и методологической основой исследования составили труды отечественных и западных политологов, историков, юристов, философов, экономистов. Применены различные социологические методы: статистические анализа, сравнительного анализа, контент-анализ, исторические и логические методы, наблюдения, интервью.

Результаты исследования:

  • впервые социально-политическая система рассмотрена в категориях синергетики;

  • раскрыта специфика и социальные механизмы функционирования колониальной социально-политической системы в Казахстане до начала Октябрьской революции;

  • раскрыты объективные условия и субъективные факторы перехода к новой политической экономики;

  • исследована внутренняя логика становления тоталитарной системы, приведшая к свертыванию рыночных экономических основ развития общества;

  • сделаны научно обоснованные прогнозы тенденций эволюций социально-политической системы Республики Казахстан.

Теоритическая и практическая значимость исследованияопределяется возможностью использования основных положений и выводов, предложений и рекомендаций по разработке современной концепции реформирования социально-политической системы.

Теоретические выводы исследования, посвященное специальному анализу эволюции социально-политической системы в период НЭПа, как целостному политологическому феномену, позволяет поближе разобраться и понять специфику становления новой социально-политической системы.



Степень внедрения. Основные содержания и положения исследования изложены в пяти статьях, два из которых были представлены в качестве докладов на международных научно-практических конференциях и опубликованы в соответствующтх сборниках.

SUMMARY


Narikbayev Adilkhan Umirzakovich

Social-political system in terms of new economical politics and modernity

(comparative and historical analysis)
6M011400 – History

Relevance of the study: General trends for transformation of sociocultural, economic, political, spiritual subsystems in Kazakhstan are characterized by contradictions of reform processes of different elements of social systems. Down fall of the totalitarian regime of the USSR and mode to the western model of the social development was unable to ensure a harmonic or even balanced self-organization of social infrastructures.

In this regard the special relevance has an identification of the social-political system role in the complex of social relations of the sovereign state in a transmission to the legal state period. The given problem solution requires a study of social and political system as a safe political social phenomenon having its internal logics of development.

The problem relevance strengthens by the fact that Kazakhstan presents a state where numerous ethnic representatives expressing their ethnic interests with all legacy left from previous system in the form of social inequality both in social structure and their mentality. At the initial stage of sovereign state construction all these factors essentially influence both on internal life of society and its relations with other states.

Object of the research are the basic trends of the social and political system of the Republic of Kazakhstan and the state role in the form of political institutes in its realization.

Purpose of the research is a study of the process of evolution of social and political system of Kazakhstan in the period of new economic policy as a peculiar politological phenomenon, an identification of historical stages of evolution, revealing the most compound contradictions of interrelations of the system with other spheres of social life, dramatic transformations of social and political system and tendencies of its development.

Objectives of the research:

to determine a category of “social-political system”, its structure;



  1. to substantiate historical frames of genesis and evolution of socio-economic system and basic stages of its transformation;

  2. social essence of new economic policy and a peculiarity of socio-political system of the period;

  3. essence of socio-political system of administrative-command type and its crisis;

  4. socio-economic, political basis of establishing the new socio-political system of the society in the transmission period.

Methods and methodological basis of the research. The theoretical and methodological bases of the research are proceedings of the national and western politologists, historians, lawyers, philosophers, economists. The used various sociological methods are as follows: statistic analysis, comparative analysis, content-analysis, historical and logical methods, observations, interview.

Results of the research:

  • socio-political system is first considered in the categories of synergetic;

  • specifics and social mechanisms of functioning a colonial social-political system of Kazakhstan before the October revolution are revealed;

  • objective conditions and subjective factors of transmission to a new political economics are identified;

  • an internal logics of establishing the totalitarian system caused a curtailment of market economic basis for development of economic basis of the society development is studied;

  • scientifically based prognosis of tendencies of evolutions of the RK social-political system is done.

Theoretical and practical significance of the research is determined by the possibility of using the basic statements and conclusions, suggestions and recommendations on development of modern conception for reforming the social and political system.

Theoretical conclusions of the research devoted to the special analysis of socio-political system evolution in the period of NEP as a complete politological phenomenon allow to study and realize specifics of establishing new socio-political system.



Degree of application. Basic content and statements of the research are stated in 5 articles, two of which are presented as reports of the international and practical conferences and are published in the corresponding proceedings.
Каталог: Docs
Docs -> Сабақтың тақырыбы Көсемшенің жасалуы мен түрлері Мақсаты Көсемшенің жұрнақтарын білу
Docs -> Филология факультеті 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Docs -> СӘрсенбай гүлнар сәрсенбайқызы болашақ МҰҒалімдердің бойында ұлттық сананы қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Docs -> Сабақтың тақырыбы Мазмұны Сағат саны 1 Сабатың бастапқы кесіндісі
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Омаров Дәулет Кәрібайұлы Қызылорда облысындағы білім беру және халық ағарту мекемелерінің қызметі
Docs -> Кенжалиева багила онгарбековна қазақстандағы кеңестік ұжымдастыру зардаптары және оны оқыту әдістемесі
Docs -> Сабақтың тақырыбы Мазмұны Сағат саны 1 2 3 4
Docs -> Сарузенова Айгерім Әбдіқадырқызы Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет