Науаи мемлекеттік педагогика институты



жүктеу 0.73 Mb.
бет1/3
Дата20.06.2016
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3
ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚҚА БІЛІМ БЕРУ УӘЗІРЛІГІ
НАУАИ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
Шет тілдер факультеті

«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы



ТАҚЫРЫП: Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары

ОРЫНДАУШЫ: Абдикадирова Аякөз

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: оқытушы Сарманова Ғ.Н.

Науаи – 2012



Қазақ тiлi кафедрасының № 1 сан кафедра жиналыс қаулысынан
К Ө Ш I Р М Е

Науаи қаласы 28. 08. 2011 жыл.

Қатысқандар:
Тўхтаева Қ. Д.

Қумақбаева Г.К.

Айменова Е.Р.

Ұзақбаева Ж.Х.

Сарманова Ғ.Н.

Темирбаева С.Қ.




КΥН ТӘРТIБIНДЕ



  1. 4 «а»–курс талапкері Абдикадирова Аякөздің «Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары» атты кәсiптiк бiтiру жұмысын жазуға рұхсат етiлсiн.

  2. Абдикадирова Аякөзге «Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары» тақырыбы кәсіптік бітіру жұмысы етіп берілсін.

  3. Оқытушы Сарманова Ғ.Н. ғылыми жетекшi етiп бекiтiлсiн.

Кафедра меңгерушiсi: аға оқытушы Кумакбаева Г.К.



Қазақ тiлi кафедрасының № 10 сан кафедра жиналыс қаулысынан
К Ө Ш I Р М Е

24. 05. 2012 жыл.


Қатысқандар:

Тўхтаева Қ. Д.

Қумақбаева Г.К.

Айменова Е.Р.

Ұзақбаева Ж.Х.

Сарманова Ғ.Н.

Темирбаева С.Қ.

КΥН ТӘРТIБIНДЕ

4 «а»– курс талапкері Абдикадирова Аякөздің «Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары» тақырыбына жазған кәсiптiк бiтiру жұмысы талапқа жауап бередi. Жұмыс кафедра талқысынан өттi деп есептелсiн.


Кафедра менгерушiсi: ___________ аға оқытушы Кумакбаева Г.К.


Давлат аттестатция коммиссиясининг
РАИСИГА
Навоий давлат педагогика институти «Хорижий тиллар» факультети 4 «а»– курс талабаси Абдикадирова Аякөзнинг «Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары» мавзуидаги малакавий битирув иши ҳимоя қилиш учун юборилади.

Рейтинг қайдномасидан кучирма, малакавий битирув иши рахбарининг мулоҳазаси, кафедранинг ишни химояга тавсия этиш хақидаги хулосаси, такризлар илова қилинади.

Факультет декани: ____________ доц. Тўхтаева Қ. Д.

Навоий давлат педагогика институти

«Қозоқ тили ва адабиёти» кафедрасининг

малакавий битирув иши хақидаги

Х У Л О С А С И.
«Хорижий тиллар» факультети 4 «а»– курс талабаси Абдикадирова Аякөзга «Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары» мавзуидаги малакавий битирув иши кафедра йиғилишида мухокама қилинган ва Давлат аттестаңия комиссиясига химояга тавсия этилади.
Кафедра мудири: ______________ катта уқит. Кумакбаева Г.К.

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ.......................................................................................................3-7
1.ТАРАУ. Көрнекілік әдісі туралы түсінік..............................................8-10

1.1. Әдебиет сабағындағы көрнекі құралдар түрлері және

маңызы.....................................................................................................11-13

1.2. Әдебиет пәнінде көрнекілікті қолдану принципі...........................14-30


2.ТАРАУ. Әдебиет пәнін оқытуда техникалық құралдарды пайдаланудың дидактикалық принциптері........................................................................31-43

2.1. Заманға сай техникалық құралдарды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану – мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол.......44-52

2.2. Көрнекілікті пайдаланудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері.....53-58

2.3. Әдебиет сабақтарында деңгейлік тапсырмалар мен тірек сызбаларды қолдану жолдары........................................................................................59-64



ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................65-66

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


К І Р І С П Е
Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында Өзбекстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі – ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Білім мен тәрбие берудің негізі жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту кезек күттірмейтін мәселе. Педагогика ғылым ретінде өте күрделі. Оның күрделілігі – жүз мыңдаған компонненттерден бас қатырарлықтай шиеленісе байланысып жатуында. Ал, оның жауапкершілік өлшемі – адам. Мұны біз ұстаздық өмірімізде күн сайын, әрбір минут сайын ұмытпайық.

Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді. Ұстаз еңбегінің күрделілігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуында, баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді тануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір – қасиетті сезіндіру. Бүгінгі ұстаз, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін қастерлейтін, сыйлайтын, оны өзгеге таныта, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы керек. Ұстаздың оқу – тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой – сезіміне әсер ету үшін: біріншіден, саяси сауатты, жан – жақты білімді болуы; екіншіден, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін, шеберлікпен жеткізе білетіндей әдіскерлік икемділігі; үшіншіден, оқушының психологиялық ой - өрісін бақылай алатын сезімтал психолог, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілігі қажет. Сонда ғана ол – нағыз ұстаз.



Менің кәсіптік бітіру жұмысымның тақырыбы: «Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары» деп аталады. Көрнекілік-әрбір сабақтың тірегі. Мұғалім кейбір түсінуге қиын, көп күш кететін мәселелерді жеңіл, тез оңай меңгерту үшін көрнекілікті қолданады.

Бұл тақырыпты жазудағы мақсатым: Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Сондықтан әдебиет сабақтарында көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдана білу мұғалім алдында тұрған бірде бір міндет.

Кәсіптік бітіру жұмысының өзектілігі: Мұғалімнің оқыту процесін жетілдіре түсудегі жұмысының бір түрі – сабақтың формалары мен оның құрылымын дамыту, оқытудың жаңа әдістерін талмай іздестіру. Олай болса, мұғалім сабақта қандай мақсат көздейтінін, оған жету үшін қандай әдіс тәсілдер мен көрнекі, техникалық құралдар қолданатынын нақты, алдын – ала жоспарлап алуы керек. Техникалық құралдарды оқу процесінде жүйелі пайдалану мұғалімнің түсіндіру әдісін жетілдіріп, оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысына да жақсы әсерін тигізеді.

Көрнекі түрде оқыту – оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту деп түсінбеу керек.



Үйренілу дәрежесі: Сабақта жаңа технологияларды, техникалық құралдарды жан жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының шарттары;

а) Компьютер интернет желісі арқылы ақпарат әлеміне енуге және оны сараптауға, талдауға мүмкіндік береді.

б) Компьютер оқушының зерттеу - танымдық әрекетінің құралы ретінде ерекшеленеді.

в) Компьютер-қатысымдық құрал. Оны тек сурет салу, презентация жасау ғана емес, сол сияқты субхат жасау, жазу, тыңдау әрекетінде қолдана алуға болады.

г) Компьютер оқушыға өз әрекетінің нәтижесін айқын, тез көрсетеді.

е) Компьютер көмегімен берілген жаттығуды, істі орындауда уақыт үнемделеді.

ж) Оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамытады, оқушының оқу белсенділігі артады, оқушының өз бетімен ақпарат алу қабілеттерін жетілдіруге ықпал етеді.

Тақырыптың негізгі жаңалығы: Әдебиет сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір – бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналық, көрнекілік, жүйелік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым – қатынас т.б. Әдебиетті оқытуда көрнекілік принципінің ролі ерекше. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан чехтың ұлы ғалымы Ян Амос Коменский, К.Д.Ушинский т.б. Осы принцип негізінде Я.А.Коменский алғашқы оқытудың әдістемесін («Ұлы дидактика») жазды. К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, «көрнекілік – баланың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды1» - деді. Алайда психологтардың тұжырымы бойынша бастауыш мектеп жасындағы баланың ойлау түрі бірте – бірте көрнекі қимылдан көрнекі – бейнеліге ауысады, тіпті мұнда қандай да деңгейде абстракты ойлар да жүзеге аса бастайтыны белгілі. Сондақтан, сурет 1-ші сыныпта көп болғанымен, оның бірте – бірте сынып ауысқан сайын азаюы осы қағидаға лайықталған. Оқыту процесінде сөзбен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді.

Менің кәсіптік жұмысымның маңыздылығы: Оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда көрнекіліктердің өзіндік маңызы зор. Жалпы таным процесі есту, көру, сезу арқылы жүзеге асатынын филиолог ғалымдар өте ертеден-ақ айтқан. «Көрнекілік» дегеннің өзі көру етістігінен шықса да, қазір оның мағынасы кеңейді.

Көрнекілік-әрбір сабақтың тірегі. Мұғалім кейбір түсінуге қиын, көп күш кететін мәселелерді жеңіл, тез оңай меңгерту үшін көрнекілікті қолданады.

Әдебиет сабағында көрнекіліктің бірнеше түрге жіктеуге болады:

1. Көру көрнекіліктері. Оған сызба, үлестірмелі кеспе қағаздар, оқулық, кітаптар, буклеттер,экранды және техникалық құралдар жатады.

2. Есту көрнекіліктері. Оған техникалық құрал түрлері, қосымша материалдардан алынған әңгімелеу жатады.

3. Көру, есту көрнекіліктерінің екеуіне жататын – кино, телехабарлар оқу фильмдері де көрнекіліктердің маңызды бір саласы болып есептелінеді.



Көрнекі құралдардың қолдану тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек сабақты сырт түрлендіру рөлін атқармай, мұғалімнің беретін ақпаратын еселеп, көрнекті түрде жеткізе алатын тірек болуға тиіс. Алдымен, көрнекілік оқушыға эстетикалық әсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан ықпал етуі керек. Әр сабақта көрнекілікті пайдаланудың реті, көлемі сақталуға тиіс. (20мин)

Менің кәсіптік бітіру жұмысымның теориялық жағы: Оқыту, білім беру арқылы адамның танымын ұлғайта, дамыта отырып, кейбір құбылыстардың сырын тез меңгеру, танып-білу әрекетінің ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік жасаймыз. Адамзат баласының ұзақ жылдар бойына танып, білген заңдылықтарын, ұғым мәндерін ғылыми жинақталған жүйелі білім салалары арқылы жас ұрпақтың өткен тәжірибені тез меңгеруіне, ұғынып, түсінуіне жол ашамыз. Дүниетанымын кеңейте отырып, жаңа іс-әрекеттерді тез игеріп кетуіне қолқабыс етеміз. Мұнда ғылымның көрінісі, берілісі болып табылатын мектепте оқытылатын жеке пәндердің алар орны ерекше. Жеке пәндерді оқыту арқылы оқушы танымының толығуына, қалыптасуына, дамуына, өздігінен өмірлік құбылыстарды дұрыс танып, игеруіне, оған ықпал етуіне мүмкіндік береміз.

Менің кәсіптік бітіру жұмысымның практикалық жағы: Ғылыми ұғымдарды, заңдылықтарды меңгерту жеңіл процесс емес. Ол көп еңбектенуді, білім жүйелерін дұрыс меңгертіп игертуді қажет етеді. Білімді меңгертуде, оқытуды ұғымдастыруда әрбір оқушының өзіндік ерекшелігін ескеріп отырғанымыз жөн. Біреу есіткенді,біреу көргенді, біреу сезім арқылы сезгенді тез қабылдап, түсініп ұғынатын,танып білетін болады. Кейде ұғымдарды талдап, түсіндіруге оқушының ой-әрекетініс-қимылға көшіретін,соған негіз қалайтын қозғаушы нәрсе жағдай қажет болатыны болады. Адам бір нәрсені, затты, құбылысты кездестіргеннен кейін ғана оны танып білуге, оның ерекшелігін, сырын ұғынып, түсінуге кірісетіні ақиқат. Көрмеген, кездестірмеген, білмеген нәрселерді оқу арқылы өзінің бұрынғы білім, танымына сүйену арқылы, білген, таныған заттарына,құбылысына оны салыстыру нәтижесінде оны толық білуге, тануға ұмтылыс жасайды. Бала бір пәнді оқи отырып, қзіне таныс емес бірақ ғылымда танылған заңдылықтарды, айқындалған нәрселерді,ұғымдарды, құбылыстарды танып білуге кіріседі. Мұғалім осы жағдайды ескере отырып , әр сабақ барысында материалды тез, жеңіл меңгеруі үшін әр түрлі тәсілді, амалды , әрекетті пайдаланады. Соның ішінде көрнекілік ерекше орын алады.

Кәсiптiк бiтiру жұмысым төмендегiдей жазылған

  1. Кiрiспе бөлiмi.

  2. Негізгі бөлім.

  3. Қорытынды, қолданылатын әдебиеттерден тұрады.

Қорыта келіп айтқанда, әдебиет сабақтарында техникалық көрнекіліктер компьютер және ақпараттық технологиялар оқушының жаңаша оқу қабілетін қалыптастырып, оқушының өзіндік қызмет жасауына, шығармашылығының дамуына бағытталған. Қазіргі заманның даму қарқынында компьютерлік технологияны білім беруде кеңінен қолдануға мүмкіндік туады. Енді сол технологияны меңгеріп, жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру, мұғалім алдында тұрған үлкен міндет.


1.ТАРАУ. Көрнекілік әдісі туралы түсінік

Мектепте өзге пәндердің оқыту әдістері сияқты әдебиет сабағын оқытудың да өзіне тән міндеті мен бағдарламасы, оқыту әдісі бар. Соның бірі көрнекілік әдісі2.

Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Оқыту процесінде мынандай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі - әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері – кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

Академик Ю. Н. Бабанский өзінің «Оқу-тәрбие процесін оптималдандыру» деген еңбегінде әдістерді мынадай үлкен үш топқа жинақтайды.



  1. Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері.

  2. Оқушылардың оқу-таным қызметін көтермелеу әдістері.

  3. Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.

Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, бір топтағы оқыту әдістеріне: сөздік (әңгіме, лекция, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация, портрет, суреттеу, мүсіндер), практикалық (поэтикалық талдау, көркем мәтінмен жұмыстар, әдістер жатады. Сондай-ақ, репродуктивтік, эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, әр топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі, ерекшелігі болады. Төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық.


Сөздік әдіс

Көрнекілік әдіс

Практикалық әдістер

Зерттеу әдісі

Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді қалыптастыру, соның ішінде теориялық білім беру, жаңа ұғымдарды оқушыға жеткізуде бұл әдіс өте тиімді. Сөздік әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің күре тамыры деуге де болатындай.

Берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету мақсаттарында өте тиімді болады. Сондай-ақ оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселелерінде де маңызы бар.

Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді. Бұл әдіс кітаппен жұмыс түрлері кезінде жазушы тілі, стилін анықтауда өте тиімді.

Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы.

Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып, пайдалануы керек. Көркемдеп оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен рөл атқарады. Ол оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді. Бұл әдістің негізгі тәсілдері мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркем сөз шеберлерінің оқуы, күйтабақты, үнтаспаны тыңдауы т.с.с. болып табылады. Мұғалімнің мәтінді әрі мәнерлей, әрі түсінік бере оқуы, оқушыларды осы жұмысқа баулуы, мәтінге жуық әңгімелету, жоспар жасау, негізгі оқиғаларға ат қойғызу, жинақтау т.б. шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері. Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану (қабілетіне қарай өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды, т.б.) тиімді тәсіл ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне де жатады. Мұғалім осы жұмыстың басы-қасында, оны ойластырушы да, орындаушы, орындатушы да болып қызмет атқарады.




1.1. Әдебиет сабағындағы көрнекі құралдар түрлері және маңызы
Мұғалімнің оқыту процесін жетілдіре түсудегі жұмысының бір түрі – сабақтың формалары мен оның құрылымын дамыту, оқытудың жаңа әдістерін талмай іздестіру. Олай болса, мұғалім сабақта қандай мақсат көздейтінін, оған жету үшін қандай әдіс тәсілдер мен көрнекі, техникалық құралдар қолданатынын нақты, алдын – ала жоспарлап алуы керек. Техникалық құралдарды оқу процесінде жүйелі пайдалану мұғалімнің түсіндіру әдісін жетілдіріп, оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысына да жақсы әсерін тигізеді.

Көрнекі түрде оқыту – оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту деп түсінбеу керек.

Әдебиет сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір – бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналық, көрнекілік, жүйелік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым – қатынас т.б. Әдебиетті оқытуда көрнекілік принципінің ролі ерекше. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Ян Амос Каменский, К.Д.Ушинский т.б. Осы принцип негізінде Я.А.Коменский алғашқы оқытудың әдістемесін («Ұлы дидактика») жазды. К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, «көрнекілік – баланың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды» - деді. Алайда психологтардың тұжырымы бойынша бастауыш мектеп жасындағы баланың ойлау түрі бірте – бірте көрнекі қимылдан көрнекі – бейнеліге ауысады, тіпті мұнда қандай да деңгейде абстракты ойлар да жүзеге аса бастайтыны белгілі. Сондақтан, сурет 1-ші сыныпта көп болғанымен, оның бірте – бірте сынып ауысқан сайын азаюы осы қағидаға лайықталған. Оқыту процесінде сөзбен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді.

Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің, оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе балалармен бірге көрнекі құралдарды дайындап алуына мүмкіндік береді. Көрнекі оқу құралдарды табиғи және суретті құралдар деп бөлу қабылданған. Әдебиет сабағында пайдаланылған табиғи көрнекі құралдарға айналадағы өмірден алынған нәрселер: дәптерлер, қарандаштар, шыбықтар, кубиктер т.с.с. жатады. Суретті көрнекі құралдар ішіне бейнелік көрнекі құралдар жеке бөлініп көрсетіледі: Заттар, суреттер, фигуралардың, қағаз бен картоннан жасалған кескіндері, заттардың немесе фигуралардың кескіндері салынған кестелер. Суретті көрнекі құралдың екінші бір түрі шартты (символдық) құралдар болып табылады: портреттік символдардың, схемалар, суреттер, сызбалар. Суреттік көрнекі құралдар да жатады. Олар: оқу фильмдері, диофильмдер, диофозитивтер, нитербелсенді тақта. Көрнекі құралдарды пайдалану тұрғысан алғанда жалпы сыныптық және жекелік деп бөлінеді. Жалпы сыныптық көрнекі құралдарды бүкіл сынып болып пайдаланылады (кейде оларды демонстрациялық деп атайды). Жекелік көрнекі құралмен әрбір оқушы жеке пайдаланады. Көбінесе жалпы сыныптық, және жекелік құралдар мазмұны жөнінен бірдей және айырмашылығы тек үлкен – кішілігінде ғана болады: геометриялық фигуралардың модельдері, кеспе цифрлар, сызба құралдары т.с.с. Дайындау тұрғысынан алғанда көрнекі құралдар баспахана тәсілімен немесе фабрикада дайындалған және мұғалімнің немесе балалардың өздері қолдан жасаған көрнекі құралдар деп бөлінеді. Қолдан жасалған құралдар дайын көрнекі құралдарды толықтырады: бұлар – арнайы тапсырмалар үшін әр түрлі суреттер мен сызбалар, құрастырмалы геометриялық фигуралар, цифрлар мен жеке сөздерді алмастыруға болатын кестелер т.б. көрнекі құралдарды жасауға балаларды қатыстырып отырған пайдалы3. Мұның білімдік және тәрбиелік маңызы зор, білім мен біліктерді саналы түрде және берік меңгеруге, белгілі бір еңбек дағдыларына төселдіруге көмектеседі. Өздері қолдан жасалған құралдармен жұмыс істегенде бала еңбекті құрметтей білуге үйренеді.

Әдебиет сабақтарында көрнекілікті дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады. Нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын, тұжырымдарға келулеріне көмектеседі4.

Қорыта келгенде, қай пәнді болса да оқушыларға түсінікті, қызықты, тартымды және күнделікті өмірмен байланыстыра өткізу – оқытудың ең басты талабы. Барлық сынып балаларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін оқу процесінде үздіксіз дамыту, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін, сабақтарда көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызы зор. Сабақта тиімді пайдаланылған көрнекі құралдар мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың тиянақты меңгеруіне көмегін тигізеді. Көрнекілік оқушыларды сергітіп, тапсырманы тез ынтамен орындауға, өз беттерімен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушылардың ойланғыштық, іздемпаздық қабілетін арттырады. Сондықтан да күнделікті өткізген сабақтарында түрлі көрнекі құралдарды көп пайдаланып отыру өте тиімді.




1.2. Әдебиет пәнінде көрнекілікті қолдану принципі
Адам өзін қоршаған ортаның, құбылыстың, табиғаттың сырларын, ерекшеліктерінтанып білуге әрдайым талпынып, іздену, ұғыну, түсіну үстінде болады. Сыртқы дүниенің әсерінесту, көру, сезу арқылы түсініп, анып, біліп сол туралы ұғым, ой қалыптасады. Танымы дамиды. Жалпы таным дегеніміз білмеуден білуге қарай, шала білуден толық білуге қарайжүйелі жүріп отыратын адам ойының күрделі процесі болып табылады5. Оқыту, білім беру арқылы адамның танымын ұлғайта, дамыта отырып, кейбір құбылыстардың сырын тез меңгеру, танып-білу әрекетінің ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік жасаймыз. Адамзат баласының ұзақ жылдар бойына танып, білген заңдылықтарын, ұғым мәндерін ғылыми жинақталған жүйелі білім салалары арқылы жас ұрпақтың өткен тәжірибені тез меңгеруіне, ұғынып, түсінуіне жол ашамыз. Дүниетанымын кеңейте отырып, жаңа іс-әрекеттерді тез игеріп кетуіне қолқабыс етеміз. Мұнда ғылымның көрінісі, берілісі болып табылатын мектепте оқытылатын жеке пәндердің алар орны ерекше. Жеке пәндерді оқыту арқылы оқушы танымының толығуына, қалыптасуына, дамуына, өздігінен өмірлік құбылыстарды дұрыс танып, игеруіне, оған ықпал етуіне мүмкіндік береміз,

Ғылыми ұғымдарды, заңдылықтарды меңгерту жеңіл процесс емес. Ол көп еңбектенуді, білім жүйелерін дұрыс меңгертіп игертуді қажет етеді. Білімді меңгертуде, оқытуды ұғымдастыруда әрбір оқушының өзіндік ерекшклігін ескеріп отырғаныьыз жөн. Біреу есіткенді,біреу көргенді,біреу сезім арқылы сезгенді тез қабылдап, түсініп ұғынатын,танып білетін болады.Кейде ұғымдарды талдап, түсіндіруге оқушының ой-әрекетініс-қимылға көшіретін,соған негіз қалайтын қозғаушы нәрсе жағдай қажет болатыны болады. Адам бір нәрсені, затты, құбылысты кездестіргеннен кейін ғана оны танып білуге, оның ерекшелігін, сырын ұғынып, түсінуге кірісетіні ақиқат. Көрмеген, кездестірмеген, білмеген нәрселерді оқу арқылы өзінің бұрынғы білім, танымына сүйену арқылы, білген, таныған заттарына,құбылысына оны салыстыру нәтижесінде оны толық білуге, тануға ұмтылыс жасайды. Бала бір пәнді оқи отырып, қзіне таныс емес бірақ ғылымда танылған заңдылықтарды, айқындалған нәрселерді,ұғымдарды, құбылыстарды танып білуге кіріседі. Мұғалім осы жағдайды ескере отырып , әр сабақ барысында материалды тез, жеңіл меңгеруі үшін әр түрлі тәсілді, амалды , әрекетті пайдаланады. Соның ішінде көрнекілік ерекше орын алады. Әдебиет пәні сабағында көрнекіліктің орны айрықша. Мұның басқа пәндердегі көрнекіліктен мәні, мазмұны,түрі, құрылысы жағынан да өзгеше өзіндік ерекшелігі бар екенін түсініп, білуіміз керек. Өйткені әдебиет пәні әдебиет тарихын таныстырумен бірге әрбір жазушының шеберлік ерекшеклігін, көркемдік, тілдік жаңалықтарын, мәдениетімізге қосқанын үлесін, алатын орнын танытатын болады. Әдебиеттің негнізгі құралы - сөз. Сөз арқылы талай-талай кестелі өрнектер жасай отырып, адам сезіміне тікелей әсер ету арқылы оқушы дүниетанымын қалыптастыратын болады. Мұғалім өз жұмысында, күнделікті сабағында сөзді ерекше қолданып, пайдаланып отырады. Жазушының тіл, сөз шеберлігіне айрықша мән беріп, өзінің талдау, түсінігіне тірек, ойына қазық етіп, материалдыұғындыруға дәлел, дәйек етеді.

Мұғалім сабақ барысында, оның тақырыбын ашу үшін жазушы шығармашылығын, туындысын, оның мән-мағынасын,ой төркінін мақсат-бағдарын айқындау үстінде шығарманың өзіне, ондағы сөзге, сөз қолданыстарына тікелей арқа сүйенуіне тура келеді. Жазушы шығармаларынан алынатын үзінділер, мысалдар мұғалім ойының, түсінігінің ,ұғымды, құбылысты меңгертудің тірегі, дәлелі болмақ. Демек әдебиет сабағында сөз ерекше орын алады. Сөзді көрнекілік ретінде кеңінен қолданатын, пайдаланатын болады.

Көрнекілік әр-бір сабақтың тірегі. Сол арқылы мұғалім кейбір түсінуге қиын, көп күш жұмсауды керек ететін мәселелерді жеңіл, тез, оңай меңгерту, түсіндіру, таныту үшін қолданатын болады. Бұл жерде көрнекілік пен көрнекі құрал деген ұғымды ажыратып, айқындап алуымыз керек. Өйткені практикада мұны бірінің орнына бірін жиі қолданатынымыз көп кездеседі.

Әдебиет пәні сабағында өтіп отырылған материалдың ішіндегі ұтымға, құбылысқа, ой жүйесіне, оқиға желісіне, шығарманың тілдік, кейіпкерлік құрылысына, туындыдағы іс-әрекетке оқушының көңілін баса аударту арқылы оны дұрыс таныту, танымын қалыптастыру, түсінігін тұрақтандыру, ойын жетілдіру, дамыту үшін мұғалімнің тарапынан көрсетілетін, ұсынылатын, берілетін, айтылатын нәрселердің, құбылыстардың заттардың көрінісін көрнекілік дейміз де, соның жеке алынып, даярланып, ретке келтіріліп, безендіріліп, арнайы жабдықталып, формаға түсіріліп оқушыға ұсынылған түрін, материалды көрнекі құрал дейміз6.

Жазушы шығармасын оқыту барысында мұғалім сол жазушының негізгі шығармаларын, жазушының туған жерін, жылын тақтаға жазып отырып түсіндіреді, немесе кейіпкерлерді талдағанда туындыдан үзінділер, шығарма жайында кей пікірлерді дәлелдеме ретінде келтіріп отыруы мүмкін, бірақ бұл жүйеленбеген бір ыормаға келтірілмеген нәрсе. Дегенмен мұнда мұғалім өз ойының негізгі кезеңдерін айқындауды негіз етіпотырғаны белгілі. Мұны кқрнекілік десе , бұған керісінше мұғалім сабақ өтерден бұрын өткізілетін тақырыбына арнайы схема, таблица, плакат даярлап, соны сүйеніш ете отырып, жаңа материалды түсіндірсе не қайталап пысықтаса , практикалық жұмыстар жүргізсе , ол көрнекі құрал болып есептеледі. Сонымен бірге бұл көрнекілік деп те аталады. Бұдан аңғарғанымыздай көрнекілік ұғымы кең де, ауқымды.

Әдебиет пәні сабағында мынандай көрнекіліктер пайдаланылады:


  1. Сөздік көрнекілік

  2. Заттық көрнекілік

  3. Сызбалы көрнекілік

  4. Суретті-түсіндірмелі көрнекілік

Сөздік көрнекілік. Басқа пәндерден гөрі әдебиет сабағында жиі қолданылатын көрнекілік. Өйткені әдебиеттің басты құралы сөз. Сөз арқылы жазушы кейіпкер бейнесін, оның қарым-қатынастық көріністерін, табиғат суретін әсем кестелеп, көркемдеп оқырманына жеткізе біледі. Олай болса жазушы мақсатын, шығарма тақырыбын, оның тілі ерекшелігін, шығарма көркемдігін, кестелі суреттерді, кейіпкерлердің өзіндік, даралық ерекшеліктерін сол туындының өзінен, одан алынған дәйекті мысалдарға сүйену, жүгіну, үзінді келтіру арқылы ғана дәлелдеуге, оқушыны иландырып, сендіруге болады. Сөздік көрнекіліктің жүйесін дұрыс қолданғанда ғана оның тиімділігін арттыра аламыз. Сөздік көрнекілікті шартты түрде бастамалы, сипаттамалы, дәлелдемелі, жинақтамалы деп төртке бөліп, жіктеп саралай қарастыруды жөн деп есептейміз.

Жазушының өмір жолы мен шығармышылығын өтер алдында шығармадағы кейіпкерлерді талдау үшін сол жазушының өз шығармаларынан немесе басқа жазушылартуындыларынан алынған , өтілгелі отырылған сабақ тақырыбының мән-мазмұнын ашуға септігін тигізетін, оқушы ойына қозғау салатын немесе оның тақырыпқа деген ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыруға бастама бола білетін, материалды, тақырыпты бастауға негіз етіп алынатын үзінділерді бастамалы сөздік көрнекілік дейміз7.

Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын өтер кезде, сабақ тақырыбын талдауды бастар алдында М.Мақатаевтің Сәкенге арналған өлеңінен Мынандай үзінді келтіре отырып:

Ғажапсың аға ғажапсың,

От кешкен алғаш озатсың,

Халқыма келген азатсың,

Тар – жол тайғақ кешуді,

Кешіп өткен қазақсың,- деп бастау арқылы Мұқағали өз өліңінде ғажап деп таңдана , тамсанып отырған ақыны кім? Неге, не үшін от кешкен, халқын қандай азаттыққа бастап жүр? Қандай тар жол, тайғақ кешуді басынан қткізген? Кім үшін?

Сәкеннің ғаламат, ғажайып ақындық ерекшелігін, от кешкен азапты өмірін , халқының азаттыққа ұмтылысынбастаудағы ролін , таржол тайғақ кешкен өмір кезеңдерін ақынның туындыларын жан-жақты талдау, танысу, оқып үйренуарқылы ғана терең ізденіс барысында ғана білетін боламыздеп сабақты бастайтын болсақ, бастама үшін М. Мақатаевтің өлеңін тілге тірек, бастау, негіз етсек, осындай басқыш арқылы сабақты жалғастырсақ, оқушыны ойлануға, әр бір өлең жолына, ақын ойына зер сала, зейін қоя оқуына түрткі жасаймыз.

Абай шығармашылығын өтер алдында ақынның:

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,- деген өлеңін бастама ретінде пайдалансақ, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын өту алдында Абайдың:

Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,

Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.

Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,

Мен не болсам болайын, сен аман бол,- деген өлеңін бастама ретінде пайдалансақ, тұтас та күрделі шығарманы талдаудың мақсат, мүддесін айқындауға жол салатын боламыз. Осы мақсат үшін Абайдың мынандай өлең жолдарын пайдалануғада болады:

Ғашықтық тілі – тілсіз тіл,

Көзбен көр де іштен біл.

Сүйісер жастар қате етпес,

Мейлің илан, мейлің құл.

Мұғалім ойының бастауына негіз боларлықмұндай көрнекілік түрін жеке кейіпкерлерді талдау кезінде де кеңінен пайдалануға, қолдануға болады8. Абай жолы эпопеясында Абайдың өмірді тану,біле бастауы , айналасына деген көз қарасы Қодар мен Қамқа оқиғасына тікелей байланысты қалыптасатынына, Абай бойындағы адамгершілік ізгіліктің оянуы осы оқиғадан бастау алатыны белгілі.

Олай болса Абай әлемінтүсіну үшін романдағы осы эпизотты жан-жақты түсіндіруден , оның мән-мағынасынұғындырып білуден, осы жағдайға байланысты оқушы көзқарасын дұрыс қалыптастырудан бастағанымыз жөн болмақ. Романның келесі оқиғаларын, даму барысын логикалықбайланыс жүйесін түсінуде бұл көркемдік детальдың алатын орны ерекше.

Осы оқиғаны талдаудан, тақырыпты бастаудан, әңгімеге кірісуден, кейіпкерлерді мінездемелеуден бұрын Б.Тәжібаевтің Қара тастың монологы деген өлеңінен:

Тыңдашы, адам, тыңдашы, уа, халайық!

Кедейліктен басқа оларда барма айып.

Мен ақ шақпақ тас едім,

Ұяты мен күйігінен солардың,

Жүзім күйіп, кеттім, міне, қарайып,

Қандай кінәм бар еді, уа, халайық!- деген үзіндіні келтіре отырып , бұл қандай тас, қай жердің тасы, ненің күйігінен қарайып кеткен, ненің кінәсі? Дей отырып, жасалған қылмыстың қара тастың да қабырғасын қайыстырып, адамдардың жасаған қылмысының ұятынан қайғылы күйге түскенін айта келіп, Құнанбай бастаған топтың іс-әрекетіне оған деген жас балаң Абай бойында туындаған ашу-кекке талдау бере отырып, роман кейіпкерлерін,олардың ара қатынасын, оның роман идеясы мен тақырыбын жан-жақты ашуға қосқан үлесін танытуға кіріссек, оқушы матетиалды меңгеруге ынталы да қызыға қатысары даусыз.

Мұғалім көркем шығарманы талдап түсіндіруде шығарма кейіпкерлерінің суретіне, бейнесіне үлкен мән бере отырып, сол тәсілдер арқылы жазушының белгілі бір мақсат көздейтінін, тыңдаушысы мен оқырманын нақты бағытқа бағдарлай отырып, оқушының көркемдік танымын дамытуға, сезімталдығын жетілдіруге үлкен мән беретіндігі ұғындыруға кірісетіні айқын.

Сол жолда көркем шығарма мәтінін кең пайдалану, мысалдар келтіру арқылы кейіпкер ерекшелігін білдіретін сипаттаулардан үзінділер келтіретін болады. Сөздік көрнекіліктің мұндай түрін сипаттамалы деп атағанымыз жөн.

Мысалы, - Қозы Көрпеш жырындағы Баян бейнесін, оның сипатын мұғалім өз сөзімен жырдағыдай келістіре суреттеп бере алмасы белгілі. Жырдың сол үзіндісін мұғалім өз мәнінде мәнеріне келтіре отырып, оқушыға жеткізе білсе, оның әсері, ықпалы ерекше болмақ.

Тал шыбықтай бұралған қзі керім,

Мінеки , оны айтатын келді жерім.

Қыпша бел алма мойын, сұлу Баян

Сипаты жаннан асқан ол бір ерім

Тал бойының міні жоқ қолаң шашты

Шашының ұзындығы тізін басты

Гүл төгілер аузынан меруерт тісті,

Ондай жан дүниеде жаралмасты.

Аппақ көрік, маңдайлы, қылығы наз,

Малың түгіл басыңды берсең де аз

Сыртыңнан күлімсіреп сөйлесе де,

Көңілі хош болмайды,баймен араз.

Жұрт айтатын темірлі күймесі бар

Қозы Көрпеш дегенде дүниесі тар.

Анда-санда болмаса сөйлеспейді,

Жалғыз жатып Қозы үшін қылады зар.

Сондай-ақ Абай жолы эпопеясынан алынған мына бір үзіндіге көңіл аударып көрейікші:.... Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жал-тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай сақшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя бері салғырттығы жоқ, сергек, қатал күзетші.

...Жалғыз көз, шүмет емес, томпақша, тесіле,сыздана қарайды. Кірпігінде сирек қағады. Иығына бота ішігін жамылып,шалқия отырып сөйлеген Құнанбай, осы үйде әркімге қарамайды.

Келтірілген үзінділерден оқушылар жеке бейненің сыртқы түр,түсін, суретін, сипатын көріп қана қоймайды. Оның ішкі сезім дүниесін, түсінік түйсігін, өзіне ғана тән мінезерекшелігін,басқалардан айырмашылығын,алыс, жақын мінездестігін жалпы адамға тән сыр сипатын да аңғаратын болады.

Оқушы осындай бейнелі сипатты көзіне елестете отырып, кейіпкерлердің ішкі дүниесіне үңілетін болады. Сол арқылы олардың қыр-сырын танып, ұғынуға тырысады. Кейіпкер сипаты арқылы көп нәрсені аңғарып түсінуге ұмтылады. Мұғалімнің да міндеті кейіпкер сипаты арқылы оқушыны жазушыныңкөркемдік тәсіліне , бейнені дәл бере білу ерекшелігіне , шеберлігіне тамсандыра , таңдандыра, еліктіре отырып,көркемдік әлемнің мән,мағынасын ,құдіретін түсіндіру.

Осы бағытта бейнелі сипаттаудың ерекше орын алатынын ұғындырамыз , ұғынуына мүмкіндік жасауымыз керек. Осындай сипаттамалы сөздік көрнекілік арқылы оқушының танымдық ой қиялын жетілдіретін де боламыз.

Сөздік көрнекіліктің ішінде ерекше орын алатыны дәлелдемелі көрнекілік. Мұнда жоғарыда айтылған көрнекіліктер сияқты жетекшілік рольді тек мұғалім ғана атқарып қоймайды, оқушылар да тікелей қатысып , араласып, белсенді іс-әрекет атқарады. Оқушының өздігінен дербес жұмыс істеуіне ,әдеби танымының дұрыс қалыптасуына ықпал етеді. Бұл жерде мұғалім де, оқушы да дәлелдеуге алған бір мысалына мұқият жауапкершілікпен қарап, ол келтірілген мысалдар,айтылған,айтылатын,айтылайын деп отырған немесе бұрыннан айтылып келе жатқан ой-пікірді,тұжырымдарды айқындап,нақтылай түсетін ой желісіне тірек бола алатын үзінділерболғаны жөн.

Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырының негізі махаббат. Махаббатқа беріктілік,оған деген тұрақтылық, сол жолдағы кездесер қиындыққа көрсетілер мызғымас табандылық қарапайым пенденің қолынан келе беретін жеңіл-желпі әрекет емес. Шынайы махаббат өз жолында қандай бір кедергілер кездеспесінқайыспай,қажымай қарсы тұрса,нендей бір ауыртпалық,қиыншылық болса да шыдамдылықпен төзімділікті көрсетуді,құрбандыққа баруды талап етеді. Қозы аузынан айтылатын:

Алдымда неше қатар тұрса да оқ,

Тартылып бұл сапардан қалуым жоқ,

Сұлуын дүниенің жисаңдағы,

Бір жарымдай болмайды көңілім тоқ,- деген нағыз шынайы махаббаттың не екенін бұл жерде ана мен баласының диалогын толық келтірсе де болады, махаббат жолында сүйіскен жастарға алапат толқынды күш те тоқтау бола алмайтынын көрсетсе , Баянның әкеге айтқан:

Емін еркін жапанда жүрген емен

Бір Қозыдан басқаны көрген емен

Елден бура жиып ап шөктіретін

Мүйіз көк термешелі інген емен,- махаббат дертінің әке алдындағы перзенттік парызын да ұмыттыратын, көзсіз іс-әрекетке де жетелейтінін байқатады. Мұнда да Баян мен Қарабай диалогын келтіруге де болар еді.

Мінекей мұнда келтірілген үзінділер бір ғана нәрсені дәлелдеуге дәлелдеме ретінде пайдалануға, махаббаттың лапылдап жалын атқан ересен күш екеніне, оның тасқынды асау толқынына еш нәрсенің кедергі бола алмайтындығына тыңдаушыны сендіру,иландыру, мойындату.

Мұндай дәлелдемелік көрнекіліктер жазушы туындыларының ерекшеліктерін, өзіне тән шеберліктерін, шығармадағы кейіпкер сипатын суреттеудегі айшықты көркемдік өрнектерді т.б. танытып білдіру мақсатында қолданылып отырады. Мұның үлгісін әрбір сабақ сайын мұғалімнің өзі көрсетіп, оқушылардың өзі да сөулеуі мен жауаптарында жүйелі қолданылып отыруын талап етуге тиіспіз. Әрдайым мұғалім оқушыға ойыңды немен, қалай дәлелдейсің, мысал келтір, мысалың ойыңды дәлелдеуге сәйкес келеме? Т.б. сұрақтар қоюы арқылы оқушының ізденуіне мүмкіндік жасап отырамыз.

Мұғалім өстіп талдап отырған тақырыбын ондағы айтылатын ойдың қорытынды түйінін жинақтап, оқушы назарын сол негізгі тұжырымды пікірге аударып отыруы керек. Осындай оқушы ойын бір нысанаға бағыттау үшін мұғалім сабақ соңында өз баяндауын қорытындылай,баяндай келіп пайдаланылатын мысалдарды,дәлелдеррі, үзінділері сөздік көрнекіліктің, шартты түрде, жинақтамалы түрі деп аталады.

Мысалы: қазақ поэзиясының ерекше дарыны Ілияс өмір жолын, шығармашылығын бағдарламалық сағат көлемінде талдай келіп, соңғы сағатында қазақтың кең сахарасының құла белін, жазира даласын тамсандыра алған қазақ күйінің құдіретті күшін поэзия тілімен тамылжыта жеткізе білген, сонысымен поэзиямыздың шаң жұқпас саңлақ та сәйгүлік жүйрігіҚұлагері атанған, әлем көгіндегі жарық жұлдыздан жарқырай жайнап, дүниеден тез өткен Ілияс ізі, үні, үлгісі, әдебиетіміздің тарихынан мәңгі орын алады. С. Мәуленов сөзімен айтсақ

Күйшінің күй тартқанда мұрагері,

Даланың қалған ұйып құла-белі.

Жұлдыздай жарқ-жұрқ етіп жайнап өткен

Қазақтың өлеңінің Құлагері,- халқымызды таңдандыра, тамсандыра поэзиямызға өз үлгі өнегесін қалдыра отырып, поэзия Құлагері дүниеден сол Құлагердей қайғымен өтіп кетті- деп ақтайтын болсақ мұғалімнің мұндай нысаналы, жинақтамалы ойын, Ілиястай поэзиямыздың дара тұлғасын оқушылар терең тани отырып, тебірене қабылдайтын болады.

Осы сияқты поэзия алыбы Жамбылдың шығармашылық өмір жолын талдап өте отырып, аяқтау сабағында ақынның өз сөзі:

Жақсы сөз бейне шам-шырақ,

Орнаған мықтап көңілге.

Жақсы сөздің иесін

Ұйғара алман өлімге,- деген өлеңімен аяқтап, барлық сабақ бойында айтылған. Бағдарламада қанша сағат берілсе, соның соңғы сабағында келтірілуі керек. Ой пікірімізді жинақтасақ, оқушылар ақын туындыларының халық жүрегінен орын алуының себебі елінің мұң-мүддесін жырлайында, ақындық дарынын, сөз маржанын солардың тілегінен шығуға бағыттануында екендігін түсінетін, сонысы үшін халқымыз ақынды қадір тұтып, құрмет ететінін білетін болады.

Жинақтамалы, қорытындыламалы көрнекілік суреткердің өзіне тән ерекшелігін білдіру үшін, назарын бөлу үшін қолданылады.

Әдебиет пәні сабағында сөздік көрнекілікті қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, ой-қиялын жетілдіруге, әр бір сөзге мән бере қарауға, сөзді, сөйлемді орнымен қолдануға, сөз мәнін дұрыс түсінуге, айшықты, көркем, тартымды сөйлеуге, ойын орынды дәлелдермен жеткізе білуге үйрететін боламыз. Сөздік көрнекілікке қойылатын талаптар:

Мұғалім қолданған әр бәр мысал, үзінді, шығарма мәтініне толық сай, сәйкес келуі керек.

Алынған, келтірілген әрбәр сөздің мәні, ұғымы оқушыға түсінікті болуы тиіс.

Мұғалім келтіретін мысалдарын баяндаумен үйлесімді қолдана білуі керек.

Мұғалімнің шығармадан алған мәтіні ойды түсіндіруге көмек ететін айқын, мәнді, көркем болуы тиіс.

Алынған мәтін екі ұшты пікір тудыратын болмауы керек.

Алынған мысалдар даулы пікірлерді шешуге көмек ететін, дәйек бола алуы тиіс.

Мұғалімнің келтірілген үзінділері беделді, танымал,ұлағатты, ғалым адамдардікі болғаны жөн.

Бір сабақтың үстінде келтірілген мысал, үзінділердің қайталануынан қашуымыз керек.

Алынған мысал, үзінділер мүмкіндігінше туындының соңғы нұсқасынан алынғаны жөн.

Заттық көрнекілік. Бұл көрнекіліктің оқушылар үшін тарихи тәрбиелік мәні ерекше. Оқушылардың тарихи танымын дамыта отырып, олардың өмір тәжірибесіне деген құлшынысын арттыру арқылы адамгершілік санасының дұрыс қалыптасуына ықпал ететін болады. Заттық көрнекілік жазушының өмір жолын, шығармашылық ізденісін, әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын, оның танылу аймағын танытуды мақсат тұтады. Бұл көрнекілік жазушының әр кезде шыққан басылымдарын,қолтаңбаларын, архивтік құжжаттарын, заттарын, жазушы шығармалары бойынша жасалған түрлі қойылыстарды, көріністерді, жазбаларды, мұражай дүниеліктерін қамтиды. Осыларды сабақта пайдалана отырып, оқушы бойында жазушы еңбегіне, өмір жолына деген құрметті, ілтипатты, ынталылықты, қызығушылықты арттырамыз.Жазушы қолтаңбасы былай қарағанда елеусіз нәрсе сияқты.Ал оқу тәрбиесі үшін үлкен мәні бар. Бағдарлама бойынша өтіп отырған жазушы қолтаңбасының ата-аналардан, оқушылардан табылуы ерекшеқұбылыс. Ол қолтаңбаның жазылу тарихы, оның мәні, жазушы өмірінің елеусіздеу көрінетін бір кезеңін көрсете отырып, сол жазушының шығармашылық лабараториясының ізін байқау үшін ерекше мәні бар. Жазушы қалдырған қолтаңбаға байланысты кейін нендей шығарма туындады, онда сол ортаға байланысты не қамтылған, қалай көрсетіліп, қалай суреттелген, жазушы шығармасының жазылуына орта қалай ықпал еткен деген сияқты сұрауларға жауап іздей отырып, жазушы лабараториясының жасырын сырларын аңғаратын боламыз9.

Сүйтіп жазушының әрбір дүниесіне мән бере отырып, жазушылықтың қыр-сырын оқушыларға жан-жақты таныстыруға, білдіруге мүмкіндік аламыз.

Жазушы шығармаларының әр жылдардағы басылымдарын, ондағы өзгертулер мен толықтыруларды оқушыларға көрсете отырып, жазушы шеберлігін, тіл ұстартудағы жетістіктерін байқататын болсақ, жазушы пайдаланған заттарды, үй-ішілік дүниелерін көрсету арқылы оның адамдық, пенделік қарапайым өмір тіршілігімен таныстырамыз. Жазушы шығармаларының әлем тілдеріне аударылған туындыларымен оқушыларды таныстыру арқылы, олардың бойында мақтаныш сезімін қалыптастырамыз. Заттық көрнекіліктерге не жатады:



  1. Баспадан шыққан әр кездегі шығармалары.

  2. Жазушы қолтаңбалары(түрлі жазбалары)

  3. Жазушы өмірін білуге көмектесетін, соған байланысты заттар(суреттер, құжаттар,үй мүліктері,өзі пайдаланған жазба құралдары т.б)

  4. Жазкшының әлем тілдеріндегі басылымдары

  5. Отбасылық суреттері

  6. Түрлі жазбалары, кино, теледидар көріністері

  7. Жазушының дауысы, қойылымдарының үзінділері жазылған пластинкалар.

Заттық көрнекіліктерге қойылатын талаптар:

1.Ұсынылатын заттардың табиғилығы.

2.Заттардың нақтылығы,айқындылылығы

3.Жазушы өміріне сәйкес келуі

4.Заттардың, қолтаңбалардың тарихилығы.

Келесі сызбалы көрнекілік. Бұл шығарма кейіпкерлерінің өзара қарым-қатынасын, байланысын, жүйесін, өмір жолының даму барысын, тілдік, портреттік сипаттамалары арқылы берілген мінез ерекшелігін, жазушының өмір жолымен туындыларының тарихи кезеңдермен сабақтастығын,әдеби құбылыстардың үндестігін, тамырластығын,жазушы өмір сүрген, оның туындылары жазылған географиялық аймақтарды көрсетуге, аңғартуға арналған сызба арқылы көрсетілген көрнекі құрал. Шығармадағы оқиға желісінің қазығы болып табылатын басты кейіпкердің іс-әрекеті, солар арқылы жазушы ойы, мақсаты, бағыты айқындалатыны белгілі. Осы бір мәселені көрнекі құралдар арқылы нақтылы сызбалармен көрсетіп, айқындай түспесек, кейде оқушы бұл туралы толық ұғым ала алмауы мүмкін. Сондай жағдайда сызбалы көрнекіліктің көмегі ерекше.

Сызбалы көрнекілікті шартты түрде үшке:

Схема


Таблица

Карта деп бөліп қарастыруымыз керек. Схемада тек адамдар кейіпкерлер тізбегі беріледіде, олардың өзара байланысы, қатысы көрсетіледі (қосымша). Ал таблица жазушының өмір жолын, соған байланысты шығармаларын, олардың жыл мерзімдерімен, жеке кейіпкерлердің тілі, портреті арқылы мінездегі ерекшеліктерін көрсетуді мақсат тұтады. Карта жазушы жүріп өткен жолды, туындылары жазылған аймақты көрсетуге арналады. Сабақта схема,таблица, карта қолдану арқылы оқушының әдеби құбылысты, оның ішкі құбылысын толық түсінуіне жағдай жасау көзделеді. Сүйтіп сызбалы көрнекілікті құрал арқылы шығармадағы образдар жүйесін, жазушының өмірін, шығармашылығын тарихи кезеңдермен бірлігін, тіл ерекшеліктерін, мінез айырмашылықтарын, оның өмір сүрген ортасын, шығарманың жазылған аясын, әдеби байланыстар желісін, шығармалардың әлемге танылу аумағын көрсете аламыз. Оқушының көру қабілетіне, қабылдауына тікелей ықпал етеміз. Танымын кеңейтеміз.

Суретті-түсіндірмелі көрнекілік. Бұл көрнекі құрал тек көрнекілік қызмет атқарып қоймайды, сонымен бірге өнердің бірлігін, сабақтастығында танытуға септігін тигізеді. Мұнда сурет туындылары жалаң алынып қоймастан, әдеби шығармалармен бірлікте алына отырылып, осы екі өнердің туфстас қасиетімен бірге өнер тілдерінің өзіндік даралықтары да барлығын, әрқайсысы құбылысты өзінше пайымдап, өзінше кқркемдеп бейнелейтіндігін оқушы түсініп, ұғынатын, саралап танитын болады. Портрет, плакат, иллюстрация тілі – өзіндік дара тіл. Олар бояу арқылы сөйлеп, өрнек тудырады, көркем бейне жасайды10. Өнердің бұл туындылары бір жағынан көркем шығармалармен сабақтасып, байланысып, ерекше бір жүйе түзетіні де болады. Суретті – түсіндірмелі көрнекі құралды қолдану үстінде осындай бірлік тұтастығын оқушыға сездіре отырып, олардың эстетикалық сезімі мен танымының дамуына ықпал ететін боламыз. Бір мезетАбай бейнесі деген көрнекілікке назар салып көрейікші. Мұнда ұлы тұлға АбайдыңАзамат-ақын болып қалыптасуына дейінөткен жолы, соған алып келген кезеңді оқиғалар сурет тілімен жүйеге келтіріліп берілген. Сол ақын өткен жолдың әрқайсысы романда кқркем тілмен шебер бейнелене отырылып, Абайдың өсу жолы, өмірлік асулары сан қырынан көрсетіліп тұтастық құраған. Соны көркем бейнелеудегі суретші мен жазушы үндестігі, сарындастығы неде? Суреткерлердің өзіндік, даралық ерекше табыстары қандай? Деген сұрақтарға оқушылар жауап іздейтін, өзінше ой түйіп, пайымдайтын, талдап түсінетін болады. Мұндай салыстырмалы ой әрекетін ұйымдастыру оқушы тарапынан белсенді танымдық әрекеттің қалыптасуына мүмкіндік тудырады. Бұдан бөлекҚұнанбай бейнесі  деген көрнекі құралда суретпен қоса соған сай мәтін беріле отырылып түзілген.Мұндағы мақсат мәтін мен суреттеу арасындағы сәйкестік пен айырмашылықты аңғарта отырып, әр өнердің өзіндік бейнелеу тәсілі барлығын, әрбір суреткер сол заңдылыққа бағынатынын байқатуды ойластырудан туған. Міне суретті-түсіндірмелі көрнекілікті сабақта әдеби шығармаларды оқытып талдау үстінде қолдану арқылы оқушылардың тек тыңдаушы болып қалмай, сол материалды терең талдай түсінуге белсенді қатысуын, тікелей араласуын қамтамасыз етеміз. Сөйтіп суретті-түсіндірмелі көрнекілік сабақ материалын түсінуде ғана қызмет атқарып қоймайды. Сонымен бірге танымдық роль атқарады, яғни біріншіден, материалды дұрыс түсінуге көмектессе, екіншіден, өнердің өзара байланысын аңғаруға жәрдем етеді, үшіншіден өнердің басқа салаларынан да мәлімет беруге мүмкіндік тудырады.

Бұл көрнекі құралдарға қойылатын талаптар:

1.Көрнекі құралдағы суреттер, жазулар класс оқушыларына толық көрінетін болуы керек.

2.Әрбір көрнекі құрал өтілетін тақырыпқа арналған, соның мазмұнын ашатын болуы тиіс.

3.Көрнекі құрал тартымды безендірілген, бояулары айқын болғаны жөн.

4.Көрнекі құралға оқушы назарын ерекше аудартуға арналған мәтін, сурет ерекше бояумен берілуі керек.

5. Бір сабақта 1 не 2 ғана көрнекі құрал қолданылуы тиіс.

6. Көрнекі құралда бір мәселенің қайталануынан сақ болуы керек.

7.Көрнекі құралда жүйеліліктің, хронологиялық реттің сақталуын қатты қадағалау.

8.Көрнекі құралда берілетін әрбір мысал тексерілген, дау тудырмайтын, түсінікті, өтіліп отырылған материалды дәлелдеуге көмектесетін болуы керек.

9.Мүмкіндігінше көрнекі құрал өтілейін деп отырған материалды толық қамтитындай болғаны жөн.

10. Көрнекі құралды класта пайдаланғанда уақыт көп кетпейтігіндей етіп жасау,(іліп қою, алу, қайта пайдалану)

Көрнекілікті даярлау, пайдалану кезінде басшылыққаалатын негнізі үстанымдар:

Өтілейін деп отырылған материалды оқушылардың жеңіл меңгерілуіне ықпал, көмек ететін болуы керек.

Оқушылардың ынтасын, қызығуын, белсенділігін арттыратын болуы тиіс.

Оқушының материалды есінде, жадында дұрыс сақтауына мүмкіндік жасайтын болуы керек.

Оқушының байқау, бақылау, көру сезімін жетілдіруге жәрдем ететін болуы тиіс.

Оқушының ойлау қабілетін танымын дамытатын болуы керек.

Оқушылардың әрбір өткен материалды талдай, саралай білуіне, тақырып ішіндегі қосалқы материалды, негізгі ойды ажырата алуына көмектесуі керек.

Оқушының өздігінен дербес жұмыс істей білу әрекетіне қозғау салып,жол көрсетуі.

Көрнекі құрал оқушыны шығармашылықпен ойлануға жетелейтін болуы тиіс.

  1   2   3


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет