Наурыз мерекесі қарсаңында өткізілген «Екі жұлдыз» байқауы



жүктеу 37.86 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі37.86 Kb.
Наурыз мерекесі қарсаңында өткізілген «Екі жұлдыз» байқауы

Арысбек : Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық!

Наурыз тойда жиналып,

Шаттанып бір қалайық.

Айнұр :Добрый день дорогие гости, учителя и ребята!

Арысбек:Міне , шуақты да шырайлы ,мерекеміз Наурыз мейрамы да келіп жетті.

Айнұр:Наурыз –қазақ халқы үщін береке бірліктің

Арысбек: ел-жұрт , ағайын –туыс арасындағы татулықтың

Айнұр:ерен еңбектің

Арысбек:жаңарған тіршіліктің ұлы символы.

Бірге:Наурыз мерекесі құтты болсын!

Арысбек: 22 наурызда күн мен түн теңеледі.Табиғат гүлге өріс төлге толғанда адам жаны да жаңарып, жасарып жырды аңсайды.

Айнұр: Послушайте!

Ведь если звезды зажигают-

значит ,это кому-нибудь нужно?

Значит это необходимо,

Чтобы каждый вечер над крышами

зажигались хоть одна звезда?

И ведь не случайно эти слова Владимира Маяковского звучат в нашем зале.

Арысбек:Шалқытып мерекеде ән салайық.

Өнерпаздар өнеріне тамсанайық.

Айнұр : Сегодня в конкурсной программе «Две звезды» мы выявим своих «звездочек».А оценивать их будет наше жюри в составе:

1.

2.

3.



Арысбек:Ал біздің сайысымызды «Қара жорға» биіашады.

Айнұр: Арысбек бүгінгі кеш өте ерекше, себебі бұл сайыс Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Арысбек: Ия,Айнұр, Кеште ерекше, қатысушыларда ерекше. Ал жас жұлдыздарымызды айтсаңшы, өз ата-аналарымен қосылып өнерлерін паш етеді.

Айнұр: Сонымен ән айту кезегі 1-ші жұпта.

Арысбек:Мөлдір шықтай жаудыраған жанары

Таудай болған ниеті мен талабы,

Сыныптастар сенімін ақай аламын,

Бүгінгі сайыста бар күшімді саламын-деп келген Лаураны жеңгесі Сәулемен сахна төріне қошеметпен шақырамыз.

Айнұр: Лаура жеңгесі Сәулемен

Арысбек:Ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, асықпай қадам басатын,үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді,ниеті ізгі, мың бұрала майысқан ...

Айнұр:Айтпасаң да болады,бәрі түсінікті.сен 6-шы сынып оқушысы Бисара туралы айтып тұрсың ғой?! Олай болса қарсы алайық,Мәкен Бисара жеңгесі С...-мен

Арысбек: Қонақжайлылық -қазақ халқының ертеден қалыптасқан асыл қасиеттерінің бірі.мейлі күндіз, мейлі түн келсен,қонақпыз деп келген адамды құшақ жая қарсы аламыз. Сол әлі күнге дейін өз мәнін жоғалтпай, ата-анадан балаға жалғасып келеді.

Айнұр:Ендеше келесі орындалар ән осы бір асыл қасиеттің дәлелі болмақ. Қарсы алыңыздар Әнел анасы Ботагөзбен «Қазақы дастарханым»

Арысбек:Сұңғақ бойы келбетіне сай түскен,

Қашпайтұғын тапсырылған бар істен,

Ренжімей күлімдейтін,

Ашуы еш білінбейтін,мерекелік шаралардың басында жүретін...

Айнұр:Арысбек сен не деп кеттің?!

Арысбек:Жұмбақ жасырып тұрмын.

Айнұр: Ләззат апай не Жанбота апай шығар?!

Арысбек: Таппадың Айнұр. Ол біздің мерекелік шаралардың басында жүретін Бибігүл апайдың қасында жүретін талантты шәкірті Серікболсын ғой.

Айнұр: Олай болса келесі жұпты , Серікболсынды анасы Зинат апаймен «Әкешім,анашым» әнімен сахна төріне шақырамыз.

Арысбек: Рябиновые бусы-как- ...

Айнұр: Арысбек,ты что-то перепутал.Не рябиновые бусы, а «Уральская рябина» . Встречайте , следущая пара Новиков Владимир с тетей Любовь Ивановной.

Арысбек: Өзіңмен Арыстың бойында таныстым...

Айнұр: Тоқта, тоқта Арысбек . Бұл әнді орындайтын сен емес едің ғой!

Арысбек: Иә,Айнұр, армандауға да болмай ма?!

Айнұр:Онда сен армандай бер.Біз келесі әнге кезек береміз. «Арыс жағасында» - орындайтын 10 сынып оқушылары Аслан мен Баян.

Айнұр: Арысбек назови мне дерево на букву «К» которое я загадала.

Арысбек: Клен

Айнұр: А вот и неверно.Это калина.вучит песня «Ой , цветет калина» в исполнений Гулшат Куанышбаевны и Расчетина Владимира.

Арысбек: Айнұр, сен қалай ойлайсың, қазіргі заманда қай тілді білген жөн?

Айнұр:Арысбек соны да ,білмейсің бе? Әрине өз тіліңді,сосын шет тілін.

Арысбек:Бәрекелді Айнұр, онда келесі кезекті қазақ тілінің білгірі, ана тілдің жанашыры, сөзі алтын, көңілі жарқын шәкірттерінің сүйіктісі Мадина Қабдешқызы мен ұлы Нарботаға «Бегімайдың жыры» әніне берейік.

Арысбек: Айнұр, а ты не забыла ,что скоро день Победы,надо бы уже концерт подготовить.

Айнұр: Конечно не забыла, у нас даже номер уже один есть, сейчас увидишь. «Смуглянка» исполняют ученицы 8 класса Камила и Диана.

Арысбек: Мектептің ең сүйкімді баласы бар.

Жүрегінде кең байтақ даласы бар.

Жолдыбай ,сен сезіне алсаң бақыттысың,

Қасыңда нағыз әнші әкесі бар.

Айнұр: Ендеше 7 сынып оқушысы Жолдыбайды әкесі Нұржеңіспен қошеметпен қарсы алайық.

Арысбек: Бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз



Екеуі бірге : Келесі «Екі жұлдыз» сайысында кездескенше хош,сау болыңыздар.

 

Тайбай орта мектебінің



директордың тәрбие ісінің орынбасары

Абишева Ләззат Әуелбекоқызы


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет