«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары Орыс тілде оқитын оқушылар үшін



жүктеу 135.63 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі135.63 Kb.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Үлгі
Негізігі мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауға

емтихан материалдары
Орыс тілде оқитын оқушылар үшін

Қазақ тілі пәні


Емтихан құрылымы

  1. Тест сұрақтары 30

  2. Оқылым (мәтін) 170-200 сөзден тұрады, оның 5 жауап нұсқалары болады

  3. Берілген тақырыптар бойынша ауызша әңгімелеп айтады


Бағалау критериі және орындау уақыты

Тестте әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады, дұрыс емес жауапқа – 0 балл . Тестті орындау уақыты – 45 минут.

Оқылым 170-200 сөзден тұрады, оның 5 жауап нұсқалары болады- жоғарғы балл критерийге сәйкес -6 балл.

Оқылымды бағалау критерийлері

Оқылымды бағалау критерийлері

Балл саны

Оқу техникасы

1

Мәтіндегі басты тірек сөздерді табу (1-тапсырма)

1

Мәтінге сәйкес ақпаратты табу(2-тапсырма)

1

Мәтінде жауабы бар сұрақты табу (3-тапсырма)

1

Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтау (4-тапсырма)

1

Мәтінге лайық тақырып қою (5-тапсырма)

1

барлығы

6

Сөйлесім

Сөйлесімдегі алған тақырыбы бойынша ауызша сөйлеуге (әңгімелеуге) 20 минут уақыт беріледі (Егер сөйлесім тақырыптары оқушыларға алдын ала таратылса, сөйлесуге 10 минут жеткілікті).



Сөйлесімді бағалау критерийлері

Сөйлесімді бағалау критерийлері

Балл саны

Тақырып бойынша сөйлесімнің көлемі (15 сөйлемнен кем болмауы керек)

1

Сөздік қор

2

Сөйлеу мәдениеті, (жүйелілік, мағыналылық)

2

Тақырыпты ашу,ой тұжырымдау

3

барлығы

8


Сөйлесім (айтылым) дағдыларын бағалауға мысал ретінде келесі бағыттағы тақырыптар ұсынылады:

  1. Қазақстан (рәміздер, тарихи мағлұматтар, жәдігерлер, географиясы, қалалары)

  2. Салауатты өмір салты

  3. Жас ұрпақ

  4. Салт –дәстүрлер

  5. Туған жер

  6. Экология

  7. Ұлттар достастығы

  8. Спорт, туризм (көрікті жерлер)

  9. Достық қарым–қатынас

  10. Табиғат

  11. Ақпарат көздері

  12. Білім

  13. Отбасы

  14. Ақпарат көздері

  15. Мектеп өмірі

  16. Ғаламтор жүйесі



Мысал ретінде мәтіннің үлгісі

Қазан айының соңғы күндері. Құстар топ-топ болып тізбектеліп, жылы жаққа қайтып жатқан-ды. Мен ұлым Қазтайды ертіп, Егіндібұлақ көлінің жағасына келіп, табиғаттың күзгі көрінісін тамашалап тұрғанмын. Аспанда жападан-жалғыз ұшып бара жатқан қоңыр қазға көзім түсті. Ол ауық-ауық аянышты дыбыс шығарып барады.

- Әке, мынау құс не деп барады? Неге жалғыз қалған? – деп сұрады Қазтай.

- Бұл – қоңыр қаз. Жылы жаққа қайтқан өзінің тобынан қалып қойғанға ұқсайды. Енді не істерін білмей жетімсіреп, басына қауіп төнген түрі бар сияқты.

- Әке, ол басқа құстардың тобына неге қосылмайды?

- Қосылуы қосылар еді-ау, бөтен құстар өзінің тобына ала ма?

Осы сәт тыраулаған тырналар сән түзеп, жылы жаққа кетіп бара жатты. Қоңыр қаз соңдарынан ілесе беріп еді, бір-екі тырна бөлініп шығып, қазды қуып тастады.

Енді біраздан кейін аспанда тізіліп, ақ шатыр құрғандай аққулар тобы өте берді. Қоңыр қаз: «Түбі бір туысың емеспін бе, мені де қосып алыңдар», - дегендей қаңқ-қаңқ етіп, оларға жанаса беріп еді, бір-екі аққу бөлініп шығып, қазды қуып жіберді.

- Әке, мына аққулар да жалғыз қазды тобына қоспады ғой, - деп Қазтай құсты аяп кетті.(173 сөз)

1.Мәтіннен басты тірек сөздерді табыңыз

А) ақ шатыр, бөтен, ауық-ауық

В) жылы жаққа, қоңыр қаз,құстардың тобы

С) сән түзеп, аянышты дыбыс, ақ шатыр

Д) аққу,Қазтай, күзгі көрініс

Е) жалғыз, тырна, жетімсіреп
2.Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз

Қоңыр қаз жылы жаққа қайтқан ... қалып қойғанға ұқсайды.

А) аққулардан

В)құстардың тобынан

С) тырналардан

Д) өзінің тобынан

Е) бөтен құстардан
3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз

А) Күзгі табиғат қандай?

В) Қоңыр қаз қалай ұшып бара жатты?

С) Қоңыр қаз кімдердің тобына қосылды?

Д) Қазтай аққуларды аяды ма?

Е) Барлық тырналар кімді қуып тастады?


4. Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз

А)Құстар топ- топ болып жылы жақтан келіп жатқан-ды.

В) Әкесі Қазтаймен түнгі аспанды тамашалап тұрған.

С) Басына қауіп төнген түрі бар сияқты

Д) Енді біраздан кейін аспанда тізіліп, ақ шатыр құрғандай шағалалар

тобы өте берді.

Е) Аққулар да жалғыз қазды тобына қосып алды.
5. Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз

А) Аспандағы құстар тізбегі

В) Жалғыздың үні шықпас

С) Аңға шыққан отбасы

Д) Басқа құстардың тобына қосылу

Е) Ержүрек қаз



1

В

2

D

3

В

4

С

5

D

1- мәтіннің жауап кілттері

Бағалау жүйесі.


  1. Тест

Барлық тестерді бағалау дихотомикалық шкала бойынша өткізіледі.

Әрбір дұрыс жауапқа 1балл қойылады.

Қате жауапқа 0 балл қойылады.


  1. Оқылым (мәтін)

Оқу техникасына және әрбір дұрыс орындалған тапсырмаға 1 балдан қойылады.


  1. Сөйлесім (айтылым)

Көрсетілген критерийлерге сәйкес барлығы 8 балл қойылады.

Емтихан жұмыстарының орындалу уақыты

1.Тест

30 тестік тапсырманың әр сұрағына 1,5 минуттан беріледі. Барлығы 45 минут.

Тест жұмысынан кейін үзіліс беріледі.

2.Оқылым

Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындауға 25 минут уақыт беріледі.



3. Сөйлесім

Сөйлесімдегі алған тақырыбы бойынша ауызша сөйлеуге (әңгімелеуге) 20 минут уақыт беріледі (Егер сөйлесім тақырыптары оқушыларға алдын ала таратылса, сөйлесуге 10 минут жеткілікті).

Барлық емтихан тапсырмалары бірге-100%

Тест бөлігі

68%

Оқылым бөлігі

12%

Сөйлесім бөлігі

20%

Барлығы

100%


Балдарды бағаға айналдыру шкаласы
89-100 % - «5» (39- 44 балл)

72-88% - «4» (32-38 балл)

55-71% - «3» (24-31 балл)

54% және төмен – «2» (23 балл және одан төмен)

Тест 9-сынып ( орыс сыныптары үшін)


1. Дауысты дыбыстар қатарын атаңыз

A) э, қ, ы

B) а, и, ұ

C) ғ, қ, ө

D) ж, ұ, д

E) п, й, б


2. Қaтаң дауыссыз дыбыстар қатарын табыңыз

A) қ,т,о,з

B) д,б,ж,з

C) қ,т, п,с

D) н,ң,л,м

E) а, ы, м,т


3. Синонимдік қатарды белгілеңіз

A) анық, айқын

B) ер, жуас

C) бүгін, биыл

D) жаз, тер, қаз

E) тақ, танау, күн


4. "Көзді ашып-жұмғанша" деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз

A) ақырын

B) сылбыр

C) асықпай

D) тез

E) оқыс
5. Шығыс септік жалғаулы зат есімді табыңыз

A) ықыласпен

B) көлге


C) өзеннің

D) тауды


E) жерімнен
6. Туынды сын есімді белгілеңіз

A) қызыл


B) қарлы

C) жаман


D) үлкен

E) кең


7. Болымсыздық есімдігін табыңыз

А) дәнеме

В) бірдеме

С) кімде-кім

D)әлдекім

Е) біреу


8. Қатыстық сын есімді табыңыз

A) әдемі


B) ширақ

C) кішілеу

D) сапалы

E) қызғылт


9. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз

A) Таңертеңнен кешке дейін ойнады.

B) Күн шықты.

C) Мұғалім көңілді.

D) Мектеп тап – таза.

E) Таң атты.


10. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін аңықтаңыз

A) түсіндірмелі

B) құрмалас

C) бұйрықты

D) хабарлы

E) жай
11. Ашық, қысаң дауысты дыбыстар қалай жасалатынын анықтаңыз

A) езудің қатысына қарай

B) тілдің қатысына қарай

C) жақтың қатысына қарай

D) салдардың қатысына қарай

E) еріннің қатысына қарай
12. Жазылуда түбірі өзгеріске ұшыраған кейінді ықпалды табыңыз

A) Түнгі дала.

B) Олар шекарадан өтті.

C) Оның айтқан сөзіне сенбеді.

D) Жүрегі бір жамандықты сезгендей.

E) Бәрі бірге келді.


13. Сөйлемдегі диалект сөзді анықтаңыз

A) Бүгін азанда ерте ояндым.

B) Табалдырықта отырма.

C) Бидайға орақ түскелі тұр.

D) Бау-бақшадан жеміс тердік.

E) Оның нағашысы әскерден келді.

14. «Момын» сөзіне синоним болатын тұрақты тіркесті табыңыз

А) төбесі көкке жетті

В) жүрегінің түгі бар

С) төбе шашы тік тұрды

D) қой аузынан шөп алмас

Е) бетінің оты шығу


15. Зат есімнен сын есімді жасайтын жұрнақты табыңыз

А) үлкен үй

В) ыстық сорпа

С) жаңа киім

D) биіктеу жер

Е) қарлы боран


16. Біріккен сөздің қайсысы кіріккен сөзге жататынын анықтаңыз

А) темірқазық

В) түймедақ

С) тасбақа

D) бүгін

Е) ешкім
17. Сөздерді де, сөйлемдерді де байланыстыра алмайтын шылауларды белгілеңіз

А) септеулік

В) жалғаулық

С) қарсылықты жалғаулық

D) демеулік

Е) ыңғайластық жалғаулық
18. Қос сөздің үстеу қызметінде тұрғанын көрсетіңіз

А) он - он бес

В) жата - жастана

С) іні-қарындас

D) жап - жасыл

Е) аға-іні


19.Берілген сөйлемде сан есімнің қай түрі кездесетінін белгілеңіз

Отыз-қырықтай адам жиналған екен.

А) есептік

В) бөлшектік

С) болжалдық

D) жинақтық

Е) топтау

20. Берілген сөйлемдерден шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз

А) Ерте келсең, маған айт.

В) Ол ертерек келсе екен.

С) Ал ол болса қалаға кетті.

D) Қайта-қайта оқыса да, түсінбеді.

Е) Кино басталса, ол ұйқыға кетеді.


21. Есім сөзден болып тұрған баяндауышты анықтаңыз

A) Ол кешкісін келіп еді.

B) Ердің сыншысы-ер.

C) Дала тіршілігі енді басталды.

D) Ауыл кешкісін келіп еді.

E) Елге баруға мүмкіншілік жоқ.


22.Сөйлемнен меңгеріле байланысқан сөз тіркесін ажыратыңыз

Талай ұмытылмас ұзақ түндерді мен кітаппен өткізуші едім.

А) талай түндерді

В) ұзақ түндерді

С) ұзақ өткізуші едім

D) кітаппен өткізуші едім

Е) ұмытылмас түндерді


23 «Өкіну» мәніндегі фразеологизмді табыңыз

А) аузына құм құйылу

В) қой аузынан шөп алмас

С) төбе шашы тік тұру

D) бармағын тістеу

Е) бес саусақтай білу



24. Бір түбірге әртүрлі қосымша жалғанған қос сөзді анықтаңыз

А) айта- айта

В) аз-ақ

С) айтып-айтпай

D) тұс-тұсына

Е) сеп-семіз


25. Құрамында «жас» сөзінің антонимі бар біріккен сөзді табыңыз

А) Өмірзақ

В) Қалампыр

С) Қарынбай

D) Қартқожа

Е) Ерқосай


26. Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратуға болатынын табыңыз

А) интонациясына қарап

В) мағынасына қарап

С) орын тәртібіне қарап

D) сөйлем құрылысына қарап

Е) сөздердің орналасуына қарап



27. Іс-қимыл мен оны орындаушы арасындағы қатынасты білдіретін категорияны анықтаңыз

А) етіс категориясы

В) есім категориясы

С) рай категориясы

D) көсемше

Е) шақ категориясы



28. Бастауыш қызметіндегі тұрақты тіркесті табыңыз

А) Аузы күйген үрлеп ішер.

В) Олар көптен бері қырғи қабақ болып, бір-бірін аңдысып жүр.

С) Олар суықта қалып, тісі тісіне тимей жаурады.

D) Істің насырға шапқанын сезген Оспан сыртқа шығып кетті.

Е) Ұяттан кірерге тесік таппаған бала қып-қызыл болып кетті.



29. Толымды сөйлемнің толымсыз сөйлемнен ерекшелігі неде екенін көрсетіңіз

А) іс-оқиғаның атауы

В) бастауыш түсіріліп айтылады

С) айтылуға тиісті мүшелер қатысады

D) ешқандай айырмашылық жоқ

Е) айтылуға тиісті мүшелер тегіс қатыспайды



30. Берілген сөйлем құрмалас сөйлемнің қай мағыналық тобына тән екенін анықтаңыз

Ол келе жатыр еді, жол екіге бөлінді.

А) түсіндірмелі

В) ыңғайлас

С) қарсылықты

D) кезектес

Е) себеп-салдар



Жауап кілттері


1

В

2

С

3

А

4

D

5

Е

6

В

7

А

8

D

9

А

10

А

11

С

12

D

13

А

14

D

15

Е

16

D

17

D

18

В

19

С

20

А

21

В

22

D

23

D

24

С

25

D

26

В

27

А

28

А

29

С

30

В



: site -> nis -> repository -> file -> Beibut%20gotovimsa%20k%20attestatcii
Beibut%20gotovimsa%20k%20attestatcii -> Қазақстан тарихы Тас ғасыры Тас дәуірі
Beibut%20gotovimsa%20k%20attestatcii -> «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Негізгі мектеп түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау Химия
Beibut%20gotovimsa%20k%20attestatcii -> Қазақстан тарихы, 11 сынып 6-сынып сұрақтары
Beibut%20gotovimsa%20k%20attestatcii -> Аоо «Назарбаев Интеллектуальные школы» Образец Экзаменационная работа по Истории Казахстана для итоговой аттестации выпускников cтаршей школы в Назарбаев Интеллектуальных школах за 2012-2013 учебный год
Beibut%20gotovimsa%20k%20attestatcii -> Физикалық география
Beibut%20gotovimsa%20k%20attestatcii -> «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі
Beibut%20gotovimsa%20k%20attestatcii -> «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі
Beibut%20gotovimsa%20k%20attestatcii -> История Казахстана
Beibut%20gotovimsa%20k%20attestatcii -> «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Жоғарғы сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға арналған тест
Beibut%20gotovimsa%20k%20attestatcii -> «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет