Негізгі шағын комплектілі мектептерде жеткіншектердің салауатты өмір салтын әсемдік дүниесін сақтай білу арқылы қалыптастыру жолдары



жүктеу 81.42 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі81.42 Kb.


ӘОЖ 18:: 37.1

НЕГІЗГІ ШАҒЫН КОМПЛЕКТІЛІ МЕКТЕПТЕРДЕ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ӘСЕМДІК ДҮНИЕСІН САҚТАЙ БІЛУ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

А.З.Әліпбек

ОҚМПИ, Шымкент қ., Қазақстан
Білім беру проблемаларына байланысты шағын комплектілі мектептерде оқушылардың оқу жұмыстарын дұрыс жолға қою – әр уақытта шешімін табуды керек ететін мәселе. Бүгінгі күннің талабы – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Мектеп – әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі, ал шағын комплектілі мектептер ерекше мән беретін білім ордалары.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында шағын комплектілі мектеп оқушыларының саны аз, біріктірілген сынып – комплектісі бар, оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін мектеп деп көрсетілген [1]. Сапалы білім беру жүйесі еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі және мемлекеттің дамуының өзегі болып есептеледі. Осыған орай, шағын комплектілі мектептерге көңіл бөлу, оларға жәрдем беру арқылы болашағымызды бәсекелестікке лайықты тәрбиелеп, білім беріп дамытамыз. Осы жерде Ахмет Байтұрсыновтың «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» - деген сөзін айта кету орынды.

Бүгінде Қазақстанның ауыл мектептерінде көбі шағын комплектілі мектептерге айналуда. Республикада әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қалыптасуы, қала халқының өсуі, көшіп-қонудың артуы, туудың төмендеуі шағын жинақталған мектептердің өсуіне әсерін тигізеді. Республикада шағын комплектілі мектептің үш түрі (типі) бар: бастауыш шағын комплектілі мектеп – (1-4 сынып); негізгі шағын комплектілі мектеп – (5-9 сынып); орта шағын жинақталған мектеп – (10-11 сынып). Өз кезегінде шағын комплектілі мектептер тек сынып – комплектілерден (мұндай жағдай бастауыш мектепте байқалады); сынып комплектілер және оқушылар саны аз сыныптары бар мектептер (бастауыш, негізгі және орта мектеп), сыныпта оқушылар саны аз мектептер (негізгі және орта мектеп) тұрады [2].

Ауылдық жердегі шағын комплектілі мектептегі кең тараған сабақ тұрпатына біріккен, яғни жасы аралас балалардың тізе біріктіріп қызметтесуі, топтасып және ұйымдасып жұмыс жасаулары, балаларды ортақ танымдық іс-әрекетке біріктіреді, олардың ой-өрісін кеңейтеді, салауаттылыққа жетелейді, мұғалімге тақырып өтудегі сабақтастыққа және пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал, жалпы алғанда шағын комплектілі мектептердегі балалардың өзара қарым-қатынастарының шектеулігі мен олардың аздығы сабақ түрлерін байытуды, оқыту әдістерін түрлендіруді талап етеді.

Шағын комплектілі мектептерде жеткіншек-оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін сондай-ақ, ойын әдістері амалдары мен түрлері (рөлдік ойындар, іскерлік ойындар), қалыпты емес сабақтар (саяхат сабақ, аукцион сабақ, театр сабақ) өткізіледі. Жеткіншек-оқушылар рөлдік ойындар ойнағанды ұнатады. Костюм мен модельдері бар рөлдік ойындар оқу үрдісін белсенді ететін маңызды дидактикалық құрал болып табылады. Сөйтіп, шағын комплектілі ауыл мектебі үшін өзекті мәселені шешудің бір нұсқасы – оқушылардың жеке қызығушылығына, таным қабілеттілігіне және мүмкіндігіне сәйкес оқыту, ал бұл – айырмалап оқыту технологиясы жүйесіне жатады. Бұл бағдарламалар оқушының дара ерекшеліктеріне қарай бейімделген.

Ауыл мектебіндегі мұғалімінің негізгі мақсаты – өмір сүру қажеттілігіне сенімділігі бар баланың жеке тұлғасын қалыптастыру. Осыған байланысты, ауылдағы шағын комплектілі мектептерде жеткіншектердің салауаттылығының қалыптасуына ықпал ететін фактор – негізгі әлеуметтік-экономикалық және мәдени-тұрмыстық ахуал. Сондай-ақ, жеткіншектердің салауатты өмір салтының қалыптасуына эстетикалық құндылықтардың әсер ететіні сөзсіз. Өйткені, салауатты өмір салты адам табиғатына аса қажетті әсемдікті, сұлулықты, тазалықты талап етеді. Сондықтан эстетикалық құндылықтар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру – ерекше мәселе болып, шағын комплектілі мектептер жағдайында арнайы зерттеуді қажет етеді. Зерттеу жұмысы және мектеп тәжірибесі көрсеткендей, жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері дүниенің әдемілігіне, сұлулығына деген қызығушылықтары ерекше көрініс беріп, эстетикалық талғамы мен мұратын дамытуға өз бетінше ұмтылыс, талпыныс жасайды. Осыдан келіп, жеткіншектер өмір салтының мәні мен басты құндылығы – әсемдік пен әдемілікті сезіну болып табылады. Сондықтан да, жеткіншектердің салауатты өмір сүруі үшін эстетикалық құндылықтардың рөліне ерекше көңіл бөлу қажет. Оқушының жас ерекшелігіне сай, яғни оның психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, өмірде кездесетін нәрселердің әсемдік, сұлулық жақтарын ажыратып, үлгі-өнеге көрсету, оқушылардың талғампаздығын тәрбиелеу – бүгінгі өмір талабы екенін баса айтуға болады [3].

Негізгі шағын комплектілі мектеп оқушыларының даярлығы нашар, олардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттері қалыптаспаған. Шағын комплектілі мектептерде педагогикалық кадрлардың тұрақталмауы байқалады, ал орнығып жұмыс істеп жүрген мұғалімдердің біліктілігі төмен болып келеді. Бұның барлығы мәдени орталықтармен байланыстың қалыптасуына, мұғалімдердің білімдерін жетілдіретін жүйелердің аздығына, материалдық құралдардың жетіспеушілігіне байланысты.

Сонымен қатар, негізгі шағын комплектілі мектептердегі жеткіншек-оқушылардың салауаттылығын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыруда кездесетін қиыншылықтарға мыналарды жатқызуға болады:

- ғылыми-әдістемелік әдебиеттердің жетіспеушілігі;

- әртүрлі жастағы оқушылармен жұмыс істеудің қиындығы;

- оқушы мен мұғалімге түсетін психо-эмоциональдық жүктеменің ауырлығы;

- мұғалімнің кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі;

- шағын комплектілі мектептердің тірек мектептерден алға орналасуына байланысты мұғалімдердің тәжірибе алмасуының жеткіліксіздігі және т.б.

Қоғамдық жаңару кезеңінде, еліміздегі әлеуметтік-саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезеңінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Сондықтан жоғарыда аталған зерттеулерді негізге ала отырып, қоғамдағы мектеп, отбасы бала тәрбиесіне, әсіресе салауатты өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдарын іздестіру – заман талабы болып отыр.

Осыған байланысты, зерттеу жұмысымыздың барысында жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне сай, меңгеруге тиісті білім мазмұнын анықтай отырып, пәндер мазмұнына қосымша толықтырулар енгіздік. Мәселен, 5-9 сыныптарға 1997 жылдан бастап енгізілген «Салауаттану» пәні, оның да мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салты мен салауаттану ұстанымдары негізін игеруін, салауатты мүдделерге гигиеналық дағдысын және сауықтыру әдістерін іс жүзінде қолдануын қалыптастыру болып табылады [4]. Сондай-ақ, «Технология» пәнінің де жас жеткіншектерімізді салауаттылыққа тәрбиелейтін тұстары өте көп және осы пәннің кейбір тарауларына қосымша тақырыптарды «Салауаттану» пәнімен байланыстыра отырып, толықтырулар енгізуді ұйғардық. «Салауатты өмір салты – әсемдік тәрбиесінің негіздері» факультативтік курсы эксперимент жүргізілген мектептерімізде жеткіншектердің салауатты өмір салты жайындағы дүниетанымы кеңейіп, зерттеу жұмысымыздың нәтижесі оң көрсеткіштер бергендігін байқатты.

Оқу-тәрбие үрдісінде жеткіншектердің сезімдік-эмоционалдық жағдайына әсер ете отырып, эстетикалық құндылықтар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыруды көздеуді мақсат еттік. Оқушылардың салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар арқылы қалыптастыру көп жағдайда сыныптан тыс жұмыстар арқылы жүргізілетіндіктен, біз «Эстетикалық құндылықтар негізіндегі салауатты өмір салты – ұлттық тәрбиенің тірегі» жобасын жасап, оны жүзеге асырдық. Аталған жобаның мақсаты – эстетикалық құндылықтар негізіндегі салауатты өмір салтын жеткіншектердің бойында қалыптастыру. Жобаның негізгі міндеттері:



- денсаулығы мықты, эстетикалық талғамы зор, салауатты жеткіншектерді қалыптастыру;

- жеткіншектердің бойында саналы ғұмырды сақтап қалу үшін әртүрлі жағдайлардағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өз денсаулығына зиянды әдеттерге бейімделуіне қарсы тұруға үйрету.

- жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің, педагог-психологтардың, жеткіншек-оқушылардың және олардың ата-аналарының салауаттылық жайындағы теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикалық өмірмен ұштастыру.

Аталған жобаның мазмұны мынадай үш бағыттан тұрады: бірінші бағыт: «Сыр-сымбат» шығармашылық клубы. Бұл клубтың негізгі мақсаты – эстетикалық құндылықтар арқылы салауатты өмірдің алғы шарттарын қалыптастыру. Шығармашылық клуб жұмысынан күтілетін нәтиже: - сабақпен салыстырғанда, жеткіншектер өздерін емін-еркін сезінеді, практикалық әдіс-тәсілін, жолдарын үйреніп, стрестік жағдайлардан арылады; жүйке жүйелерінің жұмысы нығайып, демалыс мәдениетін дұрыс ұйымдастыруды үйренеді; жеткіншектердің эстетикалық қабілеті дамып, басқа да оң өзгерістерге қол жеткізеді. «Сыр-сымбат» шығармашылық клубы жұмысының нәтижесінде –денсаулығы мықты, эстетикалық талғамы зор, салауатты жеткіншектерді қалыптастыруға мүмкіндіктер берді.

Екінші бағыт: жеткіншектерге және мектеп мұғалімдеріне «Ұрпақ салауаттылығы – ұлт болашағы» атты салауатты өмір салтын насихаттауға арналған мақсаттық бағдарламасы. Мақсаттық бағдарламаның мақсаты - саналы ғұмырды сақтап қалу үшін әртүрлі жағдайлардағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өз денсаулығына зиянды әдеттерге бейімделуіне қарсы тұруға үйрету. Бағдарламаның негізгі қағидасы – тамызығын тапсаң, тас та жанар. Бағдарлама ұстанымы – ереже ұсынғанша, өнеге ұсын.

Үшінші бағыт: «Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру» оқу-әдістемелік құралы - жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, педагог-психологтарға, жеткіншек-оқушыларға және олардың ата-аналарына арналады.

Шағын комплектілі мектептерде жеткіншектердің салауатты өмір салтын әсемдік дүниесін сақтай білу арқылы қалыптастыру жұмыстарын жүргіздік. Мақсаты – эстетикалық құндылықты салауаттылықпен тығыз байланыста қарастыра отырып, өмір салтының мәніне айналдыру. Мұнда сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектермен және олардың ата-аналарымен жан-жақты шығармашылық жұмыстардың формаларыәңгімелесу, диспут, іскерлік ойындар, дөңгелек үстел, баяндама және т.б. әдіс-тәсілдері жүргізілді. Мұндағы негізгі ұстанымдар – жеткіншектердің жас және дара ерекшеліктерін ескеру табиғилық, салауаттандыру, әсемдік – саулық негізі, өмір сұлулығы – денсаулық, жаны саудың – тәні сау. Әдіс-тәсілдері – жеке тұлғаның санасын қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, ынталандыру әдістері, сауалнама, байқау, пікірталас және тест.



Педагогикалық тәжірибелік-эксперименттің қорытынды нәтижесі арнайы бағытталған жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруға айтарлықтай ықпал еткенін айғақтайды. Егер анықтау экспериментінің барысында, жеткіншектердің салауатты өмір салты жөнінде білімінің ең жоғары көрсеткіші экспериментке дейін 44 пайыз болса, эксперименттен кейін - 50,8 пайызға өсті, орта деңгейі - 25,4 пайыздан - 30,5 пайызға көтерілді, ал төменгі деңгейі экспериментке дейін - 30,5 пайыздан -18,5 - ке төмендеді.

Сонымен қалыптастыру экспериментінде жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру туралы білімдерін көтеру мақсатында біздің жасаған әдістемені негізге ала отырып, жеткіншектердің салауатты өмір салты жайындағы білімдерін тереңдету және жетілдіру жолдары қарастырылды.

Педагогикалық тәжірибелік-эксперимент жұмысы эстетикалық құндылықтар негізінде жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарының дұрыстығын, жеткіншектерді (5-9 сынып оқушылары) жас ерекшеліктеріне сәйкес, құндылықтар арқылы оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен жүйесінің тиімділігін дәлелдеді.
Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана; «Дастан» баспа үйі, 2000.

2. А.Асқарбаева, Р.М.Храпченков. Шағын комплектілі мектептердің оқытудың мазмұны мен әдістері. Алматы. – Мектеп, 1961 ж – 88б.

3. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы Алматы, -1987. -120-126 б.

4. Мектеп жүйесіне салауатты өмір салтын енгізу әдістемесі. / Республикалық әдістемелік кеңес жинағы. Алматы, 2002.
Резюме

В данной статье раскрываются возможности обучения, воспитания и типы малокомплектной школы. Также особое внимание обращено формированию здорового образа жизни на основе эстетических ценностей у подростков в малокомплектной школе.


Summary

In this article possibilities of training, education and types of the reveal poorly complete schools. Also the special attention is turned to formation of a healthy way of life on the basis of esthetic values at teenagers in poorly complete schools.




: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет