Ныганова Айгуль Еламановна Степногорск қаласы №5 С. Сейфуллин атындағы мектеп – лицейінің биология пәні мұғалімі



жүктеу 148.66 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі148.66 Kb.
түріСабақ
Ныганова Айгуль Еламановна

Степногорск қаласы №5 С. Сейфуллин атындағы мектеп – лицейінің

биология пәні мұғалімі
Асқорыту мүшелерінің құрылысы.
Мақсаттары :

Ас қорыту жүйесі құрылысының ерекшелігін және олардың   адам ағзасында орналасуын білу, оқушылардың мүшелер жүйесі туралы танымын, ойды бөліп көрсете білу іскерлігін дамыту, өзін және өзгелерді бағалай алу, санитарлық гигиена туралы өз ойын қорыту.

Міндеттері:

1. Оқушылардың танымдық қасиетін қалыптастыру.
2. Өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.
3. Білім мен білік дағдысын өмірде қолдана білуге үйрету
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, электронды оқулық, «Асқорыту жүйесі» суреті.

Сабақ типі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: электронды көрсетілім, тестік тапсырмалыр, слайдтар.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Мұғалімнің үстелінің үстінде үш түсті жалаушалар, оқушылар санына байланысты дайындалады. Әр оқушы өздеріне ұнаған түсін таңдайды.

Парталар да 3 топқа арналып орналастырылады, әр столға үлкен 1 жалауша қойылады. Оқушылар стол үстіндегі жалаушалардың түсіне байланысты орналасады.
Амандасу

Сабаққа психологиялық дайындық.



Білгенге маржан...

Адам тамақ ішу үшін өмір сүрмейді,

Бірақ өмір сүру үшін тамақтанады.

Эпиграф оқылып, оқушыларға сабақ тақырыбы мен оның мақсаты және сабақ жоспары таныстырылып кіріспе жасалады.

1. Үй тапсырмасын тексеру.

2. Жаңа материалды оқыту.

3. Жаңа тақырыпты пысықтау

4. Қорытындылау

5. Бағалау

6. Үйге тапсырма



ІІ. Үй тапсырмасын тексеруге арналған жұмыстар.

Таратпа материалдармен беріледі


І-топ. 1- тапсырма

1.1 Адам организмі үшін тамақтың рөлі қандай? (жасушалар мен ұлпалардың қалыпты қызметі үшін құрылыс материалы мен энергия көзі заттары алынады.)

1.2 Аш қарынға ұйқыға жатуға болмайды. Неге? (себебі жасушалардан түскен жүйке импульстарының әсерінен мидың жұмысы күшейіп, адамның ұйқысы қашады.)

1.3 Судың тәуліктік мөлшері 1.5-2.мл аспауы керек .Не себебті? (Суды шектен тыс көп пайдалану бүйрек қызметіне ауырлық түсіреді. Ал оның мөлшерінің аз болуы зат алмасуды бұзады.)

1.4 Тағамдық заттардың қоректік заттардан айырмашылығы неде?(тағамдық заттарға - ет, сүт, балық, көкөністер т.б жатады, қоректік заттар – нәруыз, май, көмірсу, су, витаминдермен мин.тұздар)
ІІ топ. 1- тапсырма

2.1 Ас қорыту дегеніміз не? ( Тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым, организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау үдерісі.)

2.2 Қоректік заттар дегеніміз не? (Нәруыздар, көмірсілар,майлар, минералдар, тұздар,су мен витаминдер.)

2.3 Нәруыз организмде негізгі құрылыс материалы . Ол тағы да қандай заттардың құрамына кіреді? (Ферменттер мен гормондардың.)

2.4 Тағамдық заттардың құрамы әртүрлі болуы керек. Себебін түсіндір. (Үнемі біртүрлі тағамдар ішкенде, оның сіңімділігі мен тамаққа деген тәбеті төмендейді және жасушаның тіршілігі үшін қажет заттардың тапшылығы туындайды.)
ІІІ- топ. 1- тапсырма

3.1 Минералдық тұздардың тапшылығы ағзада қандай өзгерістер туғызады?

(сүйектің құрлысының, зат алмасудың, жасуша қызметінің бұзылуына әкеледі)

3.2 Неліктен органикалық заттар организмге бірден сіңірілмейді? (себебі олардың молекулалары өте күрделі, олар асқорыту жолдарында ыдырап барып сіңеді)

3.3 Адам бір тәулікте 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге? (Себебі, біздің асқорыту жүйеміздің және жалпы организмнің қалыпты жұмысы үшін, әр уақытта қоректік заттар болу керек.)

3.4 Ферменттердің рөлі қандай? (Олар жасушада өтетін реакцияларды жылдамдататын – биокатализаторлар)http://livebalans.ru/img/dd.jpg


Сурет бойынша жұмыс.

І-топ. 2 – тапсырма. Тағамдық заттардағы ағза үшін қажетті қоректік заттар түрлерін көрсету және маңызын ашу.


Сурет бойынша жұмысhttp://xn----9sbegbr1boat1a8hf.xn--p1ai/wp-content/uploads/2012/08/%d0%b6%d0%b8%d1%80%d1%8b-%d0%b2-%d0%bf%d1%80%d0%be%d0%b4%d1%83%d0%ba%d1%82%d0%b0%d1%851.jpg

ІІ топ. 2 - тапсырма. Тағамдық заттардағы ағза үшін қажетті қоректік заттар түрлерін көрсету және маңызын ашу.


Сурет бойынша тапсырма.http://notefood.ru/wp-content/uploads/2013/04/bystrye-i-medlennye-yglevody.jpg

ІІІ топ. 2 – тапсырма. Тағамдық заттардағы ағза үшін қажетті қоректік заттар түрлерін көрсету және маңызын ашу.

ІІІ. Жаңа материалды оқыту.

Миға шабуыл.

Неге тағамдық заттарды қанға тікелей жіберсе адам өліп кетеді, мысалы сорпаны немесе сүтті?

(Себебі тағамдық заттар организмге қажетті құрылыс материалы және энергия көзі заттары болуы үшін, олар асқорыту мүшелерінде әртүрлі қортылу процестерінен өтіп, қарапайым құрылымды заттарға дейін ыдыраулары және қан арқылы барып ағза зертханасы болып табылатын бауырда улы заттардан тазартылуы міндетті.)

«Ат адамның қанаты,

ас адамның қуаты»

-демекші, бүгін біз адамның тіршілігі үшін аса маңызды процесстердің бірі - астың қортылуын қамтамасыз ететін мүшелер жүйесінің құрылысына тоқталамыз. Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз:

« Асқорыту мүшелерінің құрылысы»

Слайдта оқушыларға жаңа сабақ тақырыбы мен мақсаты және жоспары көрсетіліп, назарлары бағытталады.

Тақырып жоспары:

1. Асқорыту мүшелеріне жалпы сипаттама.

2. Ауыз қуысы

Жұтқыншақ

3. Өңеш

4. Асқазан

5. Аш ішек

6. Тоқ ішек

7. Сілекей бездері

8. Ұйқы безі

9. Бауыр

Адам организмінің дұрыс қалыптасып, өсіп –дамуы мен тіршілік

әрекетіне қажетті ең негізгі жағдайлардың бірі – дұрыс тамақтану.

«Ой қозғау»

Адам мен сүтқоректі жануарлардың асқорыту жүйесі өте ұқсас болып келетіндігі неліктен? (себебі адамдар да сүтқоректілер класына жатады)

6-сыныпта алған білімдерің бойынша сүтқоректілердің күйіс қайтаратын жануарлардың бірі – сиырдың асқорыту мүшелерін еске түсіріп, атап көріңдер.

(Сүтқоретілірде ауыз қуысына 3-4 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Ауыз қуысы - жұтқыншақпен, ол өңеш арқылы қарынмен жалғасады. Қарындағы көптеген ұсақ бездер қарын сөлін бөледі. Күйіс қайыратын жануарлардың (әсіресе сиырда) қарны көп қуысты. Оны үлкен қарын (таз қарын), жұмыршақ (тақия қарын), қатпаршақ (қырық қатпар) және ұлтабар деп 4 бөлімге бөледі және аш ішек пен тоқ ішек).

Кез келген тіршілік иесі сияқты адам организмі де үздіксіз жұмыс істейді. Мұның барысында кейбір жасушалар тозып, бұзылып немесе тіршілігін жойып жатады. Олардың орнын жаңа жасушалар басып, қалпына келтіріп отырады. Бүкіл тіршілік процестерінің үздіксіз жүруіне куат, яғни энергия пайдаланылады. Міне, организмге қажетті осы «құрылыс матералдары» мен энергия көзі – астан алынады. « Ас адамның арқауы» дейді халқымыз, ал астың қорытылуы өте күрделі процесс және ол асқорыту жүйесі деп аталатын мүшелер тобында жүзеге асады.

Асқорыту жүйесі

Асқорыту жолы Асқорыту бездері

* ауыз қуысы * 3 жұп сілекей бездері

* жұтқыншақ * ұйқы безі

* өңеш * бауыр

* асқазан

* аш ішек

* тоқ ішек

Асқорыту жолының ұзындығы, шамамен 8-10м. (Сурет бойынша жұмыс)

«Асқазан мен ішек құрылысы»




Асқорыту жолының қабырғасы

Құрайтын ұлпалары


Қызметтері



1

Ішкі


эпителий ұлпасы

қорғаныш

2

Ортаңғы

бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы

жиырылу

3

Сыртқы


дәнекер ұлпасы

тірек-қорғаныш

Асқорыту бездері қандай бездерге жатады және олардың бөлетін секреттерін есімізге түсіріп көрейік. (сыртқы секрециялық бездері сілекей безі – сілекей, бауыр – өт бөледі, аралас секрециялық без ұйқы безі – асқорыту сөлін және инсулин гормонын бөледі)

«Бауырдың қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері»


Бауырдың қызметтері: 1) өт бөлу

2) залалсыздандыру

3) зат алмасуға қатысады

Көмірсулар бауырда гликоген-жануар крахмалына айналып, қорға жинақталады.

Оқушылардың электрондық оқулықпен және кітаппен жұмысы.

І- топ 1-тапсырма





Ас қорыту мүшелері

Құрлысы

Қызметі

1

Ауыз қуысы







2

Жұтқыншақ







3

Өңеш






ІІ-топ 1- тапсырма





Ас қорыту мүшелері

Құрлысы

Қызметі

1

Асқазан







2

Аш ішек







3

Тоқ ішек






ІІІ-топ 1- тапсырма





Ас қорыту бездері

Құрлысы

Қызметі

1

Сілекей бездері







7

Ұйқы безі







8

Бауыр






2. «Сәйкестігін анықта» . Берілген сұрақтарды оқи отырып, төмендегі тірек-сызбадағы мүшелерді аықтап, белгіле.

І-топ 2-тапсырма

Бауыр

Асқазан

Ұйқы безі





































1.Асқорыту жолының ең кең бөлігі

2.Гликоген жинақталады

3.Аралас секрециялық безге жатады

4.Ең ірі асқорыту безі

5.Тұз қышқылын бөлетін бүрлері бар

6.Улы заттардан тазартатын ағза зертханасы

7.Инсулин гормонын бөледі

8.Өт бөлетін мүше

9. Лангерганс аралшықтары бар без

10. Өңештен кейін орналасады

11. Сілтілік реакция көрсететін асқорыту сөлін бөледі

12.Ас қорытуға да сөл бөлуге де қатысатын мүше


ІІ-топ 2- тапсырма

Ауыз қуысы

Жұтқыншақ

Тоқ ішек




































1. Төменгі жағы тарылып өңешпен жалғасады

2. Астың механикалық ұнтақталатын орны

3. Асқорыту мен тынысалу жүйелерінің ортақ мүшесі

4. Бұл бөлімнің басы «соқырішек»

5. Астың шыламданып, ас түйіріне айналуы

6. Құрт тәрізді өсіндісі бар

7. Астың қорытылуы басталады

8. Бір бөлімі иммундық жүйенің мүшесі болып табылады

9. Тік ішекпен аяқталады

10. Ұзындығы 11-13см бұлшықетті мүше

11. Көмірсулар қорытылып бастайтын мүше

12. Өңештен бұрын тұрады
ІІІ-топ 2- тапсырма

Өңеш

Сілекей безі

Аш ішек




































1.Жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын мүше.

2.Асқоыту жолының ұзын бөлігі

3.Бір бөліміне бауыр мен ұйқы бездерінің өзектері ашылады

4.Сыртқы секрециялақ қызмет атқарады

5.Оның бір бөлігі мықынішек болып табылады

6.Астың негізгі қорытылуы аяқталады

7.Оның қызыметінен ас шыламданады,залалсызданады

8.Қабырғасы қалың бұлшықетті іші қуыс түтік

9. Саны үш жұп

10. Асқазаннан бұрын орналасады

11. Жоғарғы бөлігі көлденең жолақты,төменгі бөлігі біріңғай салалы бұлшықеттен түратын түсі қызыл мүше

12. Оның іші шырыш бөлетін бір қабатты эпителиймен астарланған.
І-топ. 3- тапсырмасы

Дәм сезу рецепторлары орналасқан. (Тіл)

Асқорыту жолы неше қабаттан тұрады (үш)

Құрт тәрізді өскіні бар ішек. ( Тоқ ішек)

Бүрлері болмайтын ішек бөлімі –(тоқ ішек)

Асқазан сыйымдылығы (3л)

Аш ішектің бастапқы бөлімі (12 елі ішек)

Асқазан астында 2-ші бел омыртқа деңгейінде орналасады (ұйқы безі)

Ұзынша,қиғаш,сақина болып орналасқан бұлшық еттері бар(асқазан)

Ұйқы безінің ұзындығы (10-12 см)

Бадамшалардың қызметі (микробтарды фагоцитоздайды)

ІІ-топ. 3-тапсырма.

асқорыту жолының ұзындығы – (8-10м)

Салмағы 1500 грамм – (бауыр)

Аш ішек бүрлерінің саны- (4 млн)

Тоқ ішектің ұзындығы –(1.5 -2м)

Сілекей бездері неше жұп – (3)

Сфинктер түзеді –(асқазанның сақина тәрізді бұлшықеттері)

Астың негізгі сіңірілуі өтеді – (аш ішекте)

Тістер бекінеді – (қызыл иекке)

Ең үлкен асқорыту безі (Бауыр)

Майларды ұсақ тамшыларға ыдыратады –( өт)

ІІІ-топ 3-тапсырма

Сәйкетігін тап



1.

Ас қорыту мүшесі басталады.




а) бөбешік

2.

25 см іші қуыс бұлшық етті мүше




ә) бауыр

3.

Ұзындығы 5-6 метр болады.




б) ауыз

4.

Ең үлкен ас қорыту безі.




в) өңеш

5.

Аш ішектегі ұсақ өсінділер.




г) ашішек

6.

Ауыздағы кішкене тілшік .




ғ) бүрлер

7.

Сөйлеу қызметіне қатысыды




д) ұлтабар

8.

Әрі тыныс алу,әрі ас қорыту мүшесі




е) қарын

9.

Өңештен кейінгі асқорыту жолы




ж) жұтқыншақ

10.

8-15 см құрт пішінді тұйық өскін




з) тіл

11.

Он екі елі шек




и) соқыр ішек

4 – тапсырма. Мүшелерді атап жаз.






Мүшелерді ата

1




2




3




4




5




6




7




8




http://player.myshared.ru/1148776/data/images/img66.jpg




Мүшелерді ата

1




2




3




4




5




6




7




8




9




10




11




http://fs00.infourok.ru/images/doc/239/181424/1/hello_html_m17b44b91.png





Мүшелерді ата

1




2




3




4




5







ІІІ. Жаңа материалды пысықтау.

3.1 Тест жұмысы.

1. Бауырдың қызметі:

А) сілекей бөледі

Ә) ас қорыту сөлін бөледі

Б) өт бөледі

2. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?

А) тілде

Ә) ұрттың сілемейлі қабығында

Б) жұмсақ таңдайда

3. Тоқішектің бөлімдері:

А) ашішек, жиекішек,тікішек

Ә)соқырішек, тікішек, ұлтабар ұшы

Б) соқырішек, жиекішек, тікішек

4. Асқорыту мүшесінің бұл бөлігінде нәжіс қалыптасады

А) ашішекте

Ә) тоқішекте

Б) асқазанда

5. Мойын омыртқасының алдыңғы бөлігінде орналасқан аскорыту мүшесі:

А) өңеш

Ә) жұтқыншақ



Б) асқазан

6. Ашішектің бөлімдерін ата:

А) ұлтабар, тікішек,ашішек

Ә) ұлтабар, ашішек, мықынішек

Б) соқырішек,жиекішек, тікішек

7. Ауыз қуысынан кейін орналасқан:

А)жұрқыншақ

Ә) өңеш


Б) асқазан

8. Адамда асқорыту жолының ұзындығы:

А) 3-5 м

Ә) 8-10м


Б) 15-18м

9. Ұлтабар орналасқан:

А) асқазаннан кейін

Ә) жиекішектен кейін

Б) тоқішектен кейін

10. Асқорыту жолы мүшелерін ретімен орналастыр:

А) ауыз қуысы, өңеш, жұтқыншақ,асқазан, ашішек, тоқішек

Ә) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш,асқазан, тоқішек, ашішек

Б) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш,асқазан, ашішек, тоқішек
Жауаптары: 1Б ; 2А ; 3Б ; 4Ә ; 5А ; 6Ә ; 7А ; 8Ә ; 9 А;10Ә
IV. Қорытындылау.

Ал енді, тағы да қайталап өтейік:

1. Асқорыту жүйесі қандай бөлімдерден тұрады (асқорыту жолы, асқорыту бездері)

2. Ұлтабар ұшы дегеніміз асқорыту мүшелерінің қандай бөлімі?(асқазаннан кейін орналасқан ашішектің бастапқы бөлімі,оны 12 елі ішек деп те атайды)

3. Асқорыту жолының ең кең және ең ұзын бөлімі?( кең-асқазан, ұзын-ашішек)

4. Астың механикалық жақсы ұнтақталуының маңызы қандай деп ойлайсың?

(оқушының ойын тыңдап, талқылау)
V. Бағалау.

Бағалау парағы. (Әр топқа жасалады)




Топтағы оқушылар тізімі

Үй тапсырмасы бойынша ұпай саны


Жаңа материалды игеру бойынша ұпай саны


Тест

Қортынды баға


1

2

3



4

5













VI. Үйге тапсырма
«Апыл – ғұпыл ішкен ас,

асқазанға түскен тас»



деген халқымыз, соған орай организмнің саулығы тағамның құндылығы мен оның қабылдану жағдайына тәуелді екендігі жайында айта келіп, «Дендеріміз сау,ғұмырымыз ұзақ болғай!»- деп сабағымды аяқтаймын.
: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем туралы өткен материалды қайталау Сабақтың мақсаты
Razrabotkaurokov -> Мухтар Ауэзов
Razrabotkaurokov -> Сабақ Тақырыбы: «Гг дыбысы мен әрпі»
Razrabotkaurokov -> Боранбаева Анар Ташеновна Көкшетау қаласы №7 «Айша» бала бақшасының тәрбиешісі КӨктемгі ормандағы туған күн тобы
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: Пысықтау
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: Аңдар, балықтар, құстар. Қайталау.
Razrabotkaurokov -> Сабақтың атауы Хайуанаттар дүниесі Мақсаты Күтілетін нәтиже
Razrabotkaurokov -> Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Пайдаланған әдіс: Жұппен, топпен, ой қозғау, сұрақ-жауап, талдау, іздену, салыстыру




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет