ОӘК 042-18-18 14/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013



бет1/3
Дата07.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3

ОӘК 042-18-18.1.14/03-2013

№ 1 басылым 05.09.2013

18Беттің беті



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі ОӘК құжаты


ПОӘК


ПОӘК


042-18-18.1.14/03-2013

«Қазақстан тарихының деректемесі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені



№1 Басылым

18.09.2013



«Қазақстан тарихының деректемесі»
ПӘННІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050203 «тарих» мамандығына арналған




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей

2013

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Студенттердің өздік жұмысы

1 ГЛОССАРИЙ
1.1 Дерек – хабар, мағлұмат түсінігінде.

1.2 Деректану – тарихи дерек туралы ғылым.

1.3 Ұғым – зерттеушілердің тәжірибелік – эмпирикалық және ғылыми-

танымдық іс-әрекеттің барысында қалыптасқан ойлау формасы.

1.4 Терминдер-сол ұғымның сөздік, табиғи тілдік.

1.5 Жылнама-оқиғаны болған жылы бойынша баяндайтын жазба дерек.

1.6 Мемуар-жеке адамдық деректер тобына жататын жазба деректердің бір

бөлігі.


1.7 Шежіре-ата- бабадан жалғасып келе жатқан халқымыздың ауызша тарих

айту дәстүрі.

1.8 Тарихи дерек – адамзат қоғамының дамуын бейнелеу.

1.9 деректанулық талдау – деректердегі мағлұматтық шынайылық дәрежесін,

ғылыми танымдық маңызын анықтау.

1.10 Деректанулық эвристика – деректерді табу, іздеу.

1.11 деректанулық сын – деректердегі мағлұматтың шынайылық деңгейін

анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеу әдістері мен тәсілдерінің

жиынтығы

1.12 Деректанулық аналитикалық сынау – нақты фактілерді анықтау

мақсатында деректер кешенін сынау.

1.13 Деректердің мазмұнын сынау – деректердегі мағлұматтың шынайылық, толықтық деңгейін, ғылыми құндылығын анықтау тәсілі.

1.14 Деректерді сыныптау – деректерді ортақ қасиеттері бар, бір-бірімен

Ерекше белгілермен айырылатын категорияларға бөлу.

1.15 Заманхат – біреудің заманында болған тарихи уақиғадан яки өз ішінде

болған істерден дерек беруі.

1.16 Мәтінтану – жазба ескерткішінің сыни тексерілген тұпнұсқалық мәтінін

анықтау.


1.17 Герменевтика – жазба ескеріткіш мәтініне түсінік береді, талдап көрсетеді.

1.18 Синергетика – ғылыми танымның тәсілі.


2 Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы

1 тақырып. Қазақстан тарихының деректемесі курсының пәні және міндеттері.

1.Қазақстан тарихының деректанулық негіздері.

2.Курстың пәні және міндеттері.

3. Курстың өзге ғылыми салалармен байланысы.

Қазақтан тарихының деректемесі пәні – қазақ тарихының келелі мәселелірн зерттеуге негіз болатын ғылым саласы. Деректанулық және тарихнамалық проблемаларды методологиялық ойлаудан өткізу көп жағдайда тарихи оқиғалар туралы түсінікті байытады және жаңа деңгейге көтереді, тарих ғылымында болған және болып жатқан нәрселерді ғана түсіндіріп қоймайды, сонымен қатар оның қозғаушы күштерінің қандай болғандығын, қандай екендігін де, демек оның ғасырлар бойы қалай дамығандығын және дамып отырғандығын да түсіндіреді.

Тарихи таным процесі барысында адамзат тек қана белгілі бір құбылыстың немесе тарихи тұлғаның орнын анықтау емес, сонымен қатар адамның өзінің табиғаттағы орнын анықтаудың қажеттілігімен де кездеседі. Адам өзін-өзі тани бастағаннан бастап, ол өзін қоршаған ортадағы орнын түсінуге тырысты. Өзінің іс-әрекеттерінің табиғи процестердің қалыптасып дамуындағы ролін нақтылауға ұмтылды. Адам тек қана табиғатты зерттеп қана қоймайды, ол өзін-өзі, өзінің іс-әрекеттерінің, нақты қадамдарының салдарын зерттейді. Осы зерттеу процесінің барысында белгілі бір зерттеу әдістері қалыптаса бастайды. Ғылым өзін-өзі тану қабілетіне жеткенде оның танымдық мүмкіндігі артады, жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне мүмкіндік алады.

Өз-өзін бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Пәннің негізгі түсініктері қандай?

  2. Басқа пәндермен байланыстылығы?

  3. Дамуының негізгі кезеңдері?

Ұсынылатын әдебиеттер:
2-тақырып.

Деректегі тарихи факті мен тарихи шындықтың арақатынасы.

1.Қазақстан тарихы бойынша деректерге қатысты тарихи деректің түсінігі және түрлері.

2. Дерек - өзін-өзі айқындаған зерттеу.

«Тарихи факті» сатысы тарих ғылымының барлық ғимаратының іргетасын құрайды. Іс жүзіндегі деректерсіз бірде – бір тарихи ойдың дамуы мүмкін емес. Алайда, «факті» түсінігі тарихи танымда анықтауды қажет етеді, өйткені ол жан-жақты болып табылады. Оны тарихи тұрғыдан зерттеудің негізгі ерекшелігі, ол зерттеушінің тікелей бақылау пәні болмайтындығына және қандай да бір деректер арқылы танылуында. Тарихты материалистік түсіну онд «факті» зерттеу нысаны ретінде тарихшының санасынан тыс өмір сүреді және оған байланысты емес. Қарапайым және күрделі фактілер болады. өзара байланысты фактілердің тізбегі бола отырып, тарихи үрдіс, өздігінен тарихи факті ретінде қарала алады. Сонымен бірге танушы субъектінің ойында фактінің анық мазмұны бейнеленеді. Адами қабылдаудың көлеңкесі арқылы өте отырып, ол өзінің мәнін өзгертпей, объективтік шындық болып қалады. Бұл шындыққа жақындау, тарихи таным үдерісінің мәнін құрайды.

Тарих ғылымы фактіге қатысты өте күрделі дамудан жасалады. Алғашқы кезде зерттеушінің мақсаты фактілерді жинақтау деп есептеледі. Ол кезде оның табиғаты жайлы мәселе, тіпті, қаралған да жоқ. Кейін біртіндеп, фактімен оны түсіндіру арасындағы қарама – қайшылық анықталды. Тарихшылардың кейбір бөлігі, аталған шындықты толықтыру және түсіндіруге байланысты қатты қарсылық білдірді. Олар егер факті түсіндірілетін болса, онда ол объективті маңызын жоғалтады деп дәлелдеуге тырысты.

Мұндай көзқарастың объектілігі ылғи да таза қиял болды. Ал шын мәнінде, тіпті кез келген зерттеушінің материалдармен бірінші танысуының өзі, мүлдем бейтарап бола алмайды. Ол белгілі бір дәрежеде оның қандай да бір бағалаусыз өмір сүре алмайды.

Тарихнамада қазірге дейін тарихи факті жайлы екі түрлі пікірді көрсетуге болады. Оның біреуі ретінде сипатталып, оны түйсіну және бағалау қажеттілігін жоққа шығарды. Француз тарихшысы Фюстель де Кулан жазба қайнар бәрін білдіреді деп ойлады. Зерттеу деректерінің мәтіні шеңберінен қандай да бір шығу сезік тудырды немесе айыптауға ұшырады.

Басқасы бұған қарама – қарсы көзқараста болды. Бұл көзқарас қазір кеңінен таралды. Ол фактінің нақты шындық ретінде өмір сүруін жоққа шығаруға негізделді. Бұл көзқарасты жақтаушылардың пікірінше, факті ұғымы тарихшының санасында қалыптасады. В. Виндельбанд, Г. Риккерт т.б.оларды көптеген қайталаушылар фактілерді тануға болмайтындығын, яғни оның мәнін ашу тарихшының өз еркінде екендігін «сыни бағытта» насихаттады. Орыстың революцияға дейінгі тарихшысы А.С. Лаппо – Данилевскийдің тарихи фактіні «аталған жеке тұлғаның ортаға, оның ішінде қоғамдық ортаға ықпалы ретінде» бағалады.

Р. Дж. Коллингвуд деректердің дербес маңызын мүлде жоққа шығарады, ол дерекке тарихшының өз бетімен түсініктеме беретініне көңіл бөлуге шақырады. Оның пікірінше, зерттеуші нақтылық сипаттан айырылған, өткенді дербес талқылаушы болып табылады. Осылайша, тарихи факті түсінігі анағұрлым қияли болып шығады.

Э. Карр кез келген оқиға тарихи факті бола алмайды, тек оның ішіндегі тарихи маңызы барлары ғана болады. Ғалым фактілердің ішінен көптеген маңызды ақпараттарды таңдап алып, оны тарихи фактіге айналдыру үшін, өзі зерттеген кезеңге жататын фактілердің санынбілуі тиіс. Э. Каррдың пікірінше, тарих – түсіндіру деген сөз, ал түсіндіру – тарихтың артериялық қаны. Осымен бірге ол ғалым фактілерге «билік етуші жендет» емес деп атап көрсетті. Тарихшы мен факті арасындағы қарым – қатынас – «теңдік қатынас». Олар бір – біріне қажет. Тарихшыда фактісіз негіз болмайды, ал факті тарихшысыз өлі нәрсе. «Тарих деген не?» деген сұраққа жауап бере отырып Э. Карр: «Тарих – тарихшы мен фактілер арасындағы тұрақты үдеріс, қазіргі мен бұрынғы арасындағы шексіз диалог», - деп жазды.

Е. Топольский: «Тарихи фактілерді динамикалық – тұтас жүйе ретінде қарастырылады және олар үнемі өзгерісте болады», - деп атап көрсетті. Ол бұл жерде «біз аталған фактімен қай кезде, ал басқа фактімен қай кезде, ал басқа фактімен қай кезде істес боламыз деген сұрақ туады», - деп жазды.

Тарихи факті мәселесін жасанды күрделендіру тенденциясы бар. Оның табиғаты, оны топтастыру жайлы пікірлер көбінесе ойша жору сипатында болады. Осы пәнге арналған ауқымды әдебиеттер өз алдына нақты тарихи зерттеуді жеңілдету мақсатын қоймайды. Соған қарамастан, жалпы теориялық мәселені қою қажеттігі туып отыр.

Тарихшы жұмысы – зерттеу пәніндегі белгілі бір эмпирикалық және теориялық көзқарасқа таладу жасау. Іс жүзіндегі материалды іріктеу үдерісі, тек таза кәсіби деңгейдің болуы емес, сонымен бірге іріктеу үдерісіне қатты ықпал ететін теориялық тұжырымдарды таба білу болып табылады. Тарихшыға өте жиі кездесетін «тарихи факті» мен «түсінік» арасындағы айырмашылықты анықтауға тура келеді. Мысалы, ІІ Интернационалды оппортунистік элементтердің басымдығы мен «реформизм» түсігінігі жайлы тарихи фактіні араластыру ұсынылмайды.

Сансыз фактілердің ішінен белгілі бір фактілерді таңдай отырып, тарихшы оны түйсінулі, түсіндіруді іс жүзінле асыра бастайды. Материалдың талдау жасалуына қарай, ол лны түсінудің жоғары деңгейіне көтеріле береді. Зерттеудің «эмпирикалық деңгейінен» көтеріле отырып, тарихшы тарихилықтың шынайы мәнін ашатын, логикалық тәсілге көбірек жүгінеді.

«Объективті шындық фактісі» мен «зерттеу пәні ретіндегі фактімен», «ғылыми фактімен» арасындағы айырмашылықты ажыратып алу керек деген пікір таралған. «Ғылыми факті – ол оқғаның өзі емес, оның арнайы түрдегі бейнесі». Осыған байланысты, марксист – тарихшылар арасында «күнделікті» тарихи фактілерден, тарихшының ғылыми – танымдық жұмысының қажетті элементі ретінде ажыратылатын тарихнамалық фактілер деп аталатын ұғым тараған.

Кез келген объектілік шындық тарихи факті болып табылады. Сондықтан тарихшы байқамаған, суреттемеген себепті ешқандай құбылыс тарихи болмай қалуы мүмкін емес. А. Легко бір тарихшы байқамаған құбылысты әр түрлі сыртқы жағдайда және әр түрлі уақытта екінші тарихшы тауып зерттеуі мүмкін екендігін айтты. Бұл сыртқы жағдайлар, тарихшының өз зерттеуінде келтірілген дәлелдер тізбегіне кіреді. Алайда ол фактінің ұзақ уақыт бойына ешкімге белгісіз болып жатып қалуы мүмкін. Бар фактіні жоқ, «тарихи» емес деп жариялау дұрыс емес. Үнемі ізденіс үстінде жүретін тарихшы, өзінің ғылыми құралдарының қорын шексіз көбейту мүмкіндігіне ие болады. Оны алдын ала «тарихи емес» деп есептелген материалдардың белгілі бір щеңберімен шектеп қою дұрыс болмас еді.

Тарихи зерттеудегі фактіні іріктеудің негізгі жағдайы – жалпы қағидаттарды игеру арқылы құбылыстардың қайталанатыны жайлы түсініктерді, өмірде бар тарихи заңдылықтарды пайдалана отырып, жекеден жалпыға өту. Тарихшы зерттеуге тек іс жүзіндегі белгілі бір материалдар жайлы біліммен ғана қаруланбай, бұл материалдың не беретіндігі, нақты не іздеу керектігі жайлы алдын ала ойластыра отырып кіріседі. Іс жүзіндегі материалды тұтасымен іріктеудің объектілігі тарихшының жалпы дүниетанымдық көзқарасына байланысты. Фактіні іріктеу білім деңгейіне негізделген тарихшының өте жауапты жұмысы.

Тарихшылардың көпшілігі зерттеушінің өзі таңдаған ғылыми тақырыпка қатысты барлық фактілерді ескеруі мүмкін емес және ол оған міндетті де емес деген пікірді ұстанды. Мысалы, Э. Сестан: «зерттеу тақырыбын таңдаған және оны әзірлеу үшін фактілерді іріктеген кезде субъективизм билік етеді», - дейді. Ол бұл таңдау «тарихшы өмір сүріп отырған орта мен уақытқа, оның өмірдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни және адамгершілік мәселелрге байланысты көзқарасы байланысты», деді. Тарихшы таңдауы шынында да, ең соңында оның қоғамдық – саяси көзқарасы арқылы анықталады. Бірақ ол фактілерді іріктеуге қалай болса солай қарауды, оның нәтижесіне субъектілік зиян келтіру дегенді білдірмейді. Барлығы зерттеушінің қандай таптық және әдіснамалық көзқарастарды қоғайтынына байланысты.

Тарихи әдебиеттерде тарихи фактіні зерттеумен байланысты үдерістердің сабақтастығына үлкен көңіл бөлінеді. Әрине фактіні зерттеудің сабақтастығының үлкен көңіл бөлінеді. Әрине фактіні зерттеудің сабақтастығын абсолюттендіру мүмкін емес. Ол көп зерттеуді оған талдау жасаудан бастайтындығына немесе бұрын қалыптасқан басқа деректердің негізінде анықтағысы келетіндігіне байланысты. Екінші жағдайда тарихшы берілген нақты жағдайдағы ішкі және сыртқы заңдылықтарды ерте анықтайды. Сондықтан да оның дедуктілік әдісі басшылыққа ала отырып, қаралған фактіге жалпы теориялық алғышарттар негізінде алдын ала талдау жасауға мүмкіндігі бар.



Тақырыпқа арналған сұрақтар

    1. «Тарихи факт» ұғамының мәні неде?

    2. Тарихи таным үрдісіндегі факттың атқаратын ролі қандай?

Ұсынылатын әдебиет

1. Жуков Е.В.Очерки методологии истории. М.,1980.

2. Барг М.А.Категории и методы исторической науки. М.,1984.

3. Тарих. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Астана, 2006. 6-7том.


3-тақырып.

1.Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректердің типтік жіктелуі.

2.Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректер түрлерінің жіктелуі.

3.Жаппай және әмбебап тарихи деректер.

4. Э. Бернгеймнің принципі (тарихи қалдықтар және тарихи аңыздар) бойынша Қазақстан тарихына қатысты тарихи деректердің жіктелуі. В. Дильете, А.С. Лаппо-Данилевскийге сәйкес тарихи деректердің жіктелуі. Қазақстан тарихы бойынша Кеңестік тарихи ғылымда (А.А. Зимин, Л.Н. Пушкарев, И.Д. Ковальченко) өңделген тарихи деректердің жіктелу принципі.

5. Қазақстанның ерте және орта ғасырлардағы тарихы бойынша тарихи деректердің жіктелуінің проблемалары.

Тарихи деректанудың өзекті мәселесі деректегі сақталынған ақпарларды ала білу жолдарын іздестіру және сол ақпарларды тарихи зерттеулерде ғылыми пайдалана білу тәсілдері. Деректанулық сын. В.Н.Татишев деректанулық сын туралы. АЛ.Шлецердің тарихи деректанулық сынды негізгі топтарға бөлуі. В.О.Ключевский “филологиялық сын” және “фактілік сын” туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің деректерді, ғылыми сынның негізгі кезендерін және 14 Ережесін көрсетуі.

Тарихи деректерді талдаудың құрамдас үш бөлігі — методология, методика және техника. Объективтік принцип, тарихилық принцип, партиялық, принцип – деректану методикасының негізгі принциптері. Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңі: деректерді іздеу, табу (деректанулык, эвристика), деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған мәліметтер нақты зертгеулерге пайдалану, тәсілдсрін жасау (методика).



Бекіту сұрақтары:

1. Деректанулық сын дегеніміз?.

2.Тарихи деректерді талдаудағы методика және техника ұғымдарының мәнін ашып бер?.

3.Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңін атаңыз, айырмашылығын атаңыз?.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981.

2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998.

3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002

4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22

5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980


4-тақырып.

1.Қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріндегі деректердің жіктелуі және көзқарастары.

2. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректердің жіктелуі.

3. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректердің жіктелінің біріңғай критерилерін өңдеу.

4.Қазақстан тарихы бойынша тарихи деретердің жіктелуіндегі ауыз әдебиеті нұсқауларының (шежіренің) атқаратын ролі.

5.Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректердің түрлерінің жіктелу детерминациясының проблемалары.

Ш.Уалиханов-қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы ретінде алғаш осы ғылым саласына үлес қосты. Ол аңыз - әңгімелер мен жыр-дастандардың ауызша деректер тобына жататындығын айқындап берді. Шоқан өзінің ғылыми ойларын тарихи деректердің әртүрлі топтары мен қатар жеке деректерге талдау жасап өз бағасын берді. Ш.Уалихановты тарихи деректерді деректанулық сыннан өткізудің өажет екендігін түсінген, деректердің әртүрлі топтарының ерекшелігін, олардың ғылыми маңызын көрсеткен, ұлттық деректі ғылыми негізде кәсіпқойлық дәрежеде талдай білген білген қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы деп тануға болады.

Ә.Бөкейханов – ол ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының сан қилы өмірінде құнды деректер тобын құрайтын өз еңбектері. Деректану ғылымының талаптарына сай, тарихи құжаттарды іздеп тауып жариялауы ол бір ерекшелік болып табылады. Сондай-ақ ол өз шығармаларында айтылған тарихи деректанулық ойлары нақты төл деректерімізді сынауға білдірген көзқарастары еді.

А.Байтұрсынов тарих ғылымының белгілі бір табиғи заңдылықтарға негізделгені, оның жалпы адамзаттық құндылықты басшылыққа алған методологиялық бағдары туралы ғылыми негізде пікір айтты. Деректің құндылығын анықтау үшін оны сынға салу керектігін айтады. Тарих ғылымының негізін тарихи деректер құрайтындығын, деректерде салынған ақпараттарды алып, ғылыми еңбектерде пайдалану үшін тарихи деректану ғылымының қажеттігін айқындады.

Бекіту сұрақтары:

1 Қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріндегі деректердің жіктелуі және көзқарастары қандай?

2. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректерді қалай жіктеледі?.

3. Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректердің жіктелуіндегі ауыз әдебиеті нұсқауларының (шежіренің) атқаратын ролі қандай?.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981.

2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998.

3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002

4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22

5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980


5-тақырып.

1.Қазақстан тарихы деректануының негізгі методологиялық принциптері.

2.Деректанушының зерттеу жұмысы тәжірибесіндегі объективтілік және историзм принциптері.

Тарихи деректанудың өзекті мәселесі деректегі сақталынған ақпарларды ала білу жолдарын іздестіру және сол ақпарларды тарихи зерттеулерде ғылыми пайдалана білу тәсілдері. Деректанулық сын. В.Н.Татишев деректанулық сын туралы. АЛ.Шлецердің тарихи деректанулық сынды негізгі топтарға бөлуі. В.О.Ключевский “филологиялық сын” және “фактілік сын” туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің деректерді, ғылыми сынның негізгі кезендерін және 14 Ережесін көрсетуі.

Тарихи деректерді талдаудың құрамдас үш бөлігі — методология, методика және техника. Объективтік принцип, тарихилық принцип, партиялық, принцип – деректану методикасының негізгі принциптері. Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңі: деректерді іздеу, табу (деректанулык, эвристика), деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған мәліметтер нақты зертгеулерге пайдалану, тәсілдсрін жасау (методика).

Бекіту сұрақтары:

1. Деректанулық сын дегеніміз?.

2.Тарихи деректерді талдаудағы методика және техника ұғымдарының мәнін ашып бер?.

3.Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңін атаңыз, айырмашылығын атаңыз?.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981.

2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998.

3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002

4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22

5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980


6-тақырып.

Қазақстан деректануындағы әртүрлі мектептер мен бағыттардың әдісін қолдану.

1.В. Дильтенің деректі деректанулық сын спецификалық әдісі түсінігі ретінде қарастыруы.

2.А.С. Лаппо-Даниелевскийдің «Бөтен рухтанғанды тану» идеясы мәдениетті зерттеудің әдісінің негізі ретінде.

3.Қазақстан тарихының деректануындағы позитивті методологияға механистік тұрғыдан қараудың себебі мен ерекшеліктері.

Деректанудын, ғылым ретінде пайда болуьшың және қалыптасуының алғышарттары. Орыс жылнамаларын зерттеуші А.Л.Шлецер (1735-1809), неміс ғалымы Ф.Шлейермахер (1768-1834), неміс тарихшылары Б.Нибур (1766-1831), Л. фон Ранке (1795-1886), франңуз тарихшысы П.Дону (1761-1840) т.б. - деректану ғылымының негізін қалаушылар.

XIX ғ. бірінші жартысындағы ірі ғылыми жаңалықтардың ашылуы және ұлттық сананың оянуының деректану ғылымының дамуына тигізген өсері. Г.Ф.фон Штейннің "Ежелгі тарихи деректерді зерттеу қоғамын" құруы. "Герман тарихының ескерткіштері" сериясының жарық көруі. Г.Вайц (1813-1886) жөне оның "Германия тарихының деректануы".

Батыс Европа елдерінде тарихи зерттеу ісімен айналысатын мамандарға деген кажеттіліктің артуы. Ұлы француз буржуазиялық революциясы және мұрағат істеріндегі өзгерістер. 1821 жылы Парижде хартиялар мектебінің ашылуы және оның міндеттері мен маңызы. Батыс Европа елдеріндегі арнайы тарихи зерттеу институттарының ашылуы. Э.Бернгеймнің (1850-1942) "Тарих ғылымына кіріспе" атты оқулығындағы методология, методика, түсініктер және сьшыптау мәселелері. Ш.Ланглуа (1863-1920) мен Ш.Сеньо-бостың (1854-1942) "Тарихи зерттеуге кіріспе" атты еңбектер-нің негізгі бөлімдері және олардағы деректанулық ойлар мен тәсілдер.

Орыс тарихшысы В.О.Ключевский XIX ғ. соңындағы Ресей тарих ғылымыңың ерекшелігі мен міндеттері, тарихи деректер, тарихи сын және тарихи сынның ерекшеліктері туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің (1863-1918) деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи деректер туралы біртүгас жүйелі ғылым.

Кеңестік тарихнамадағы деректану ғылымының дамуы ның негізгі кезеңдері жәпе деректану пәнін оқытудыц ерекшеліктері. Деректанулық орталықтар.

Деректің пайда болуын сынау

Деректі сынаудың мәтінді оқудан, оның дәл мазмұнын, өмір сүру формасын айқындаудан, түпнұсқалығын, уақытын, авторын, жасалынған жерін, пайда болуының нақты тарихи жағдайын, деректі жасаудағы мақсаты мен міндеттерін анықтау.

Деректердің сақталу формалары жоне олардың деректанулық маңызы. Мәтінді дүрыс оқу - жазба деректі талдаудың басты шарты. Деректің пайда болған уақытын анықтау (датировка). Деректің пайда болған жерін анықтау. Дерек авторының не кұрастырушының атын анықтау (атрибуция). Тарихи деректің әлеуметтік функциясын анықтау. Деректанудың шынайылық проблемасы. Тарихи деректану ғылымындағы өкілеттілік проблемасы.

Бекіту сұрақтары:

1.Деректанудың ғылым ретінде пайда болуына не себеп деп ойлайсыз?

2.Деректанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін атаңыз?.

3.Орыс тарихшысы В.О.Ключевский XIX ғ. соңындағы Ресей тарих ғылымыңың ерекшелігі мен міндеттері, тарихи деректер, тарихи сын және тарихи сынның ерекшеліктері туралы пікірлері.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981.

2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998.

3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002

4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22

5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Оқу-әдістемелік материал Кіші мектеп жасындағы тіл дамыту әдістемесі
umkd -> 5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
umkd -> «Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі»
umkd -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> ОҚУ-Әдістемелік кешені (Барлық мамандықтарға арналған)
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> «Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»
umkd -> Ағылшын тілі пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет