Қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің 25-30 қаңтардағы онкүндігіне талдау жасау 2015-2016 оқу жылы Петровка орта мектебінде қаңтар айының 25-30-на



жүктеу 31.88 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі31.88 Kb.
   

Қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің 25-30 қаңтардағы    онкүндігіне талдау жасау

2015-2016 оқу жылы

Петровка орта мектебінде қаңтар айының 25-30-на дейінгі аралықта «Гуманитарлық бағыттың пәндеріне оқушылардың көңілдерін аудару үшін әр түрлі педагогикалық технологияларды қолдану» тақырыбында гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндік апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: «Оқушылардың ұлтжандылықтарын және мәдениеттіліктерін қалыптастыру, олардың жеке және шығармашылық мүмкіндіктерін ашу үшін жағдай жасау».

    Онкүндік өткізу барысында пән мұғалімдері  жауапты да үлкен жұмыстар  атқарды. Ашық сабақтар, сыныптан тыс іс - шаралар, түрлі танымдық викториналар, қойылымдар дайындалды.

Петровка ОМ қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің құрамында 5 мұғалім бар. Бұл апталықта бірлестіктегі 5 мұғалімнің 4-уі сабақ жүргізді, бір мұғалім денсаулығына байланысты өткізе алмады (Журова Т.А.)

    Дәстүр бойынша қоғамдық-гуманитарлық  бірлестігі онкүндігінің ашылуы  барысында  оқушылар жиынында  оның  жұмыс жоспарымен таныстырылды.  Онкүндік  25 қаңтар күні салтанатты түрде ашылды.

    25 қаңтар орыс тілі мен  әдебиет пән мұғалімі Дубилевич И.Н. орыс әдебиетінен 6 сыныпта «Древнетюркская мифология» атты ашық сабақ өткізді. И.Н. Дубилевич аталған сабақты тартымды да қызықты етіп өткізді, оқушылар белсенділік танытып, топтарға бөлінді, флипчарттар жасап, қорғады.

     26 қаңтар күні  қазақ тілі пәнінен  Бижанова С.К. 5 сыныпта «Қыс мезгілі» атты ашық сабағын өткізді. С.К. Бижанова сабағында жаңа технологияларды қолдана отырып, СТО, ойын әдістерін жете қолданды, оқушыларды топқа бөліп сабақ жүргізді. Оқушылар қызығушылықтарын танытып, сабаққа белсенді қатысты. Касенова Г.Қ. аталған күні 2 ауысымда 3 сыныпта қазақ тілінен «Менің туған күнім» атты тақырыпта ашық сабақ берді. Г.Қ. Касенова өз сабағында ой қозғау бөлімінде жаңа тақырыпты білу үшін сөзжұмбақты, СТО әдістерін, АКТ қолданды. Оқушылар топта жұмыс істеу барысында «Қыс мезгілі» тақырыбы бойынша кластер жасады.

26 қаңтар күні тарих мұғалімі Прилуцкая Л.А. 7, 10 сынып оқушылары арасында «Исторический биатлон» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Аталған іс-шара 8 бағыт бойынша өтті. Олар: хронология, столицы, основатели, термины, племена, верования, города, культура. Ойынды бастамас бұрын Л.А. Прилуцкая оқушыларды ойынның шартымен таныстырып өтті. Бұл іс-шарада 7 сынып оқушылары жеңімпаз атанды.

27 қаңтар күні тарих мұғалімі Прилуцкая Л.А. 6 сыныпта Қазақстан тарихынан «Усуни» атты тақырыпта ашық сабақ берді. Оқушылар бұл сабақта Үйсіндер туралы аудио материалдан қосымша мәлімет алды, картамен жұмыс жасап, сөзжұмбақ шешті.

Бижанова С.К. қазақ тілінен 4-6 сынып оқушылары арасында «Қазақшаңыз қалай?» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Аталған сыныптың оқушылары 2 топқа бөлініп, 7 кезеңнен тұратын ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындап, белсенділік танытты.

28 қаңтар күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі И.Ф. Маевская 1 сыныпта «Му favourite toy» атты қызықты ашық сабағын өткізді. Бұл сабақта 1 сыныптың оқушылары Англиядағы Мэри деген қыз туралы ертегі тыңдап, фонетикалық жаттығу жасады, Дд, Ее әріптерімен танысып, оларға қатысты жаңа сөздерді меңгерді, жұптық жұмыстар орындады, сөйлесу құрастырды.

Түстен кейінгі уақытта, акт залында қазақ тілінің мұғалімі Касенова Г.Қ. мектеп оқушыларына 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Мақта қыз бен мысық» атты ертегіні және  ағылшын тілінің мұғалімі И.Ф. Маевскаямен біріге отырып, «Рождественская Золушка» атты ертегіні оқушылар назарына паш етті.

29 қаңтар күні орыс тілі және әдебиет мұғалімі Дубилевич И.Н. мультимедиялық кабинетте «В гостиной Николая Рубцова» атты поэзия кешін өткізді. Бұл іс-шараға 9-10 сыныптың оқушылары қатысып, Николай Рубцовтың өлеңдерін жатқа оқыды.

Апта бойы 3-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша ең  үздік  дәптер  байқауы  өткізілді. Бұл байқаудың жеңімпаздары: 3 сынып (қазақ тілінен) – Матерн Валерия, Легостаева Дарья, 4 сынып – Невидловская Юлия, 7 сынып - Хидирова Рафика, Вайгум Диана, Бухмиллер Ирина, Евсеева Евгения, орыс тілінен – Котлярчук Арина, Маевская Лариса (9 сынып ), ағылшын тілінен – Савинцева Ангелина, Ларченко Алена (6 сынып), Бухмиллер Ирина

(7 сынып), Котлярчук Арина, Маевская Лариса (9 сынып ). Жеңімпаз аталған оқушыларға пән мұғалімдері тәтті сыйлық пен оқу құралдарынан сыйлықтар берді.

Онкүндіктің    жабылуы  5-10 сынып оқушылары үшін би кешімен аяқталды.



 

   


          Орындаған ҚГБ ӘБ жетекшісі      Г.К. Касенова

 




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет