ОҚИмын – КӨремін – істеймін!



жүктеу 36.61 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі36.61 Kb.
ОҚИМЫНКӨРЕМІНІСТЕЙМІН!

Күнделікті өмірде біз осы әрекеттер байланысын тұрақты түрде жүзеге асырамыз. Алдымен біз бірдеңеге үйренеміз, одан кейін осы білімімізді іс жүзінде істеп көремін, сосын осы дағдыны меңгерген соң, оны пайдаланып, іске жарата бастаймыз.

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры өз жобасын дәл осылай атап отыр. «Оқимын – Көремін – Істеймін» жобасы Сорос-Қазақстан қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда.

Жоба негізінде – жастарды өз қала/ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту жатыр. Біз қазіргі жастардың көптеген кемшіліктері туралы көп айталатынына қарамастан, олардың өз проблемалары туралы айтып қана қоймай, шешудің өзіндік жолдарын ұсынуға, өз елді мекенінің дамуын жоспарлауға қатыса алатындығына сенеміз.

Қалайша дейсіз бе? Z ұрпағының ерекшеліктерін ескере отырып, біздің жобаға енгізген түрлі әдістер мен технологиялардың көмегімен. Әрине, бәрі оңайшылықпен жүзеге асырып жатқан жоқ. Әр жобаның өз «шақырулары» бар екені айдан анық. Жоба командасына 8 ай ішінде жастарға өз қала/кентінің проблемаларын ТАЛДАП, шағын мәселелерді ӨЗ БЕТІМЕН шешіп, ірі мәселелерді шешу үшін ИДЕЯЛАРЫН ЖИНАҚТАУҒА, СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОЙЛАУҒА үйреніп, өз елді мекенінің болашақ образын жасауға мүмкіндік беретін тәсілдердің тиімділігін тексеру мүмкіндік болды ма? d:\4 документы по проектам\9 фск\2014\отчетность\промежуточный отчет\приложение 6-13 отчеты о проведении обучающих сессий\3 г. семей\г. семей комикс 3.jpg

БІРІНШІ ФАКТ. «ОҚИМЫН». 9 елді мекенде Самар ауылы (Көкпекті ауданы), Курчатов қ., Семей қ., Шүлбі кенті, Октябрь кентінде Соловьево және Жаңа Бұқтырма кентінің қатысуымен, Опытное поле а.(Глубокое ауданы), Шемонаиха қ.(Шемонайха ауданы), Өскемен қаласында 2014 жылдың күзінде Әлеуметтік комикстер жасау бойынша оқыту семинарлары өткізілген. Оларға ұзын саны 147 жас қатысып, 27 әлеуметтік комикс жасалды. d:\4 документы по проектам\9 фск\2014\отчетность\промежуточный отчет\приложение 6-13 отчеты о проведении обучающих сессий\4 п. шульбинск\п. шульбинск комиксы.jpg

Балалар әлеуметтік мәселелер туралы өз ойларын «проблема-себеп-шешім-қорытынды» принципімен суреттерге айналдырып көпді. Оған қоса, өз елді мекенінің картасын жасай отырып, балалар олардың артықшылықтарын (қала/кенттің мықты тұстарын) оп-оңай айтып берді, сондай-ақ назар аударуға тұратын, бірінші кезекте елді мекен басшылығының назарын қажет ететін тұстарын атады. Әлеуметтік комикс жасаған кезде балалар аталған мәселелердің шешімдерін ойластырды. d:\4 документы по проектам\9 фск\2014\ход проекта\семинары участников\п. октябрьский\2015.01.10 зарница\социальная зарница 012.jpg



ЕКІНШІ ФАКТ. «КӨРЕМІН». Әлеуметтік/азаматтық «Жарқыл» циклі бастау алды. Онда жастар өз комикстері негізінде шағын да болса, пайдалы мәселенің шешімін тауып көрді – тайғанақ жүргінші өткеліне құм себу, қала/ауыл келбетіне ақпараттық парақшалармен назар аудару, қарттарға көмек көрсету (отын жару, қар күреу), саябаққа шағын орындық орнату, тұрғындар атынан үндеу-хат дайындау, т.б. мүмкіндік алды. d:\4 документы по проектам\9 фск\2014\ход проекта\семинары участников\п. октябрьский\2015.01.10 зарница\социальная зарница 006.jpg

Ондай «Жарқыл» ойындары Октябрь кентінде, Зырян қаласында өтті. Семей, Курчатов қалаларында, Опытное поле ауылы, Первороссийское ауылында, Соловьево ауылында, Шемонайха қаласы, Шүлбі кенті мен Қалбатау ауылында өткізу жоспарланған. Оған кез-келген қалаған жан қатыса алады. Ол үшін zubr-kz@mail.ru электрондық поштасына хат жазып немесе 8-7232-26-22-20 нөмірі арқылы бізге телефон шалу жеткілікті.



ҮШІНШІ ФАКТ. «ІСТЕЙМІН». Қалалар мен ауылдарда «Жарқылмен» бір кезде облыс аумағында «Болашақ кемесін» жасау іс-шаралары өткізілуде. Ол елді мекен болашағын жастар көзқарасымен қарауға мүмкіндік беретін білдіретін шара. Жастар өз қала/ауылдарының проблемаларына қатысты өздерінің ең креативті ойларын ортаға салады. Бірқатар елді мекендерде жастар өз елді мекенінің болашағы туралы өз көзқарастарына жергілікті билік өкілдеріне, әкімдердің есеп беру кездесулерінде ұсынуы туралы мүмкіндік беруге қатысты келіссөздер жүргізілуде. d:\4 документы по проектам\9 фск\2014\ход проекта\семинары участников\п. октябрьский\2014.11.08 корабль\sam_1924.jpg

Оған қоса, «ЗУБР» ӘКҚ мамандары балаларға ресурстар тарту және ойларын жүзеге асыруға жүзеге асыруға қажетті кеңестерін беруде: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, бизнес-ұйымдармен серіктестік, ҮЕҰ арқылы және т.б. d:\1 фото зубр\2015\01.14-15 риддер\корабль будущего фск\img_5292.jpg

«Болашақ кемелерін» Риддер, Зырян қалаларының, Октябрь кентінің жастары әзірлеп қойды. Кезекте жоғарыда аталған елді мекендер.

«Болашақ кемесін» даярлау әдістемесі баршаға қолжетімді. Біз оны кез-келген қалау білдірген адамға көрсетіп, пайдалану ерекшеліктері туралы кеңес беруге әзірміз.

«Жастар және ресурстар» байланысындағы жақсы құралдың бірі «ЗУБР» ӘКҚ іске қосқан Peoplez.kz шағын әлеуметтік жүйесі. Жүйе «Виртуалды инновациялар – шынайы мүмкіндіктер» жобасы аясында Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы қорының спонсорлық қолдау көрсетуімен жүзеге асырылуда. Жүйеде анықталған проблемалар тіркеліп, идеялар мен жобалар орналастырылады, ал байланыстар ортақ жүйеге қосылып, одақтастар тауып, ресурс тарту үшін қолданылады.



Осы екі жобаның арқасында жекелеген қалалар мен ауылдардағы жағдай сәл де болса жақсаратын болса және жастар осы іске өз үлестерін қоса алса, нұр үстіне нұр.
: sites -> default -> files
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
files -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
files -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
files -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
files -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
files -> Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №4 жббом қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
files -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет