Оқыту үрдісіне өзгеріс енгізу үшін мен не істедім



Дата03.07.2016
өлшемі42.75 Kb.
Оқыту үрдісіне өзгеріс енгізу үшін мен не істедім
Халел Марзия
Атбасар қаласы №7 қазақ орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Оқыту үрдісінде өзгеріс енгізу үшін мен не істедім деген сұраққа тоқталар болсам, ең әуелі мен өзгеріс енгізу үшін менің жаңа формация педагогі ретінде қалыптасуым керек екенін түсіндім. Осылайша алдыма үлкен мақсат қоя отырып заман талабына сай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ  тәрбиелеу  жаңа  формация  мұғалімінің  еншісіне  тиері  анық деп білемін.

Жаһандану заманында  ұлттық  бәсекеге  қабілетті  болудың  көрсеткіші – білім деңгейімен  өлшенеді. Сапалы  білім  негізі жан - жақты  ақпараттық  материалдарды, көрнекі  құралдар  мен  ұтымды  технологияларды, тиімді  әдіс-тәсілдерді пайдалана  отырып,  білім  алушыға  ешбір  кітаптан  таба  алмайтын  білім  беру.  Өйткені,  тек  оқулықтағы   білімді  жеткізуші  мұғалімнің  құны  жоқ  деп  ойлаймын.  Оқулықтағыны  оқушы  өзі  де  оқып  алады.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.Сондықтан осы маман иесі қазіргі заман талабына сай құзіретті маман иесі болуы шарт.Құзіреттілік жаңа формация педагогіне тән қасиет.



Соңғы кезде еліміздің білім беру ісінде түбегейлі өзгерістер еніп жатқаны баршаға аян.Ең бастысы әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында алғашқы қадамдар болып отыр.Үшінші базалық деңгей бағдарламасы бойынща жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсының ашылуы соның дәлелі. Бұл курста бізге пайдалы болғаны 7 модулді тереңінен танып, сыни тұрғыдан ойлау технологиясымен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен жетік таныстық.7 модулді оқыту бойынша менің көзқарасым заман талабына сай оқушыларға сапалы да тиянақты білім беру, мұғалімдер аясындағы үлкен міндет деп ойлаймын.Кез келген ұстаз осы ұлы есімге сай ұрпаққа білім беруді өзінің тікелей парызы деп білуі шарт.Баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын оқу мен тәрбие.Бүгінгі білім беру оқу-тәрбие үрдісінде пәнге танымдық дербестікті дамыту құралы ретінде қызығуды қалыптастырудың мәні барған сайын ұлғайып келеді.Яғни осы курстан алғанымыз мұғалімнің ең басты міндеті дайын білімді дағдыларды меңгертіп қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта ізденетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін рухани бай жан-жақты дамыған жеке тұлғаны жетілдіру болып отыр.Сондықтан мұғалім өз жұмысын оқушының өздігімен білім алуына бағыттауы қажет екенін білдік.Қорыта келгенде Кембридж тәсілінің жаңа жобасы мұғалімнің сабақ барысында тек жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға жол ашатынына көзіміз жетті.Мұғалімнің тығыз ынтымақтастығында бола отырып оқушы өз дамуының жаңа сатысына бірте-бірте көтеріледі.Оқушы бойындағы оқуға деген қызығудың аз да болса көрінісін дер кезінде байқау, танымдық қызығуды біртіндеп қалыптастыру үшін барлық жағдайды жасау, оқушының ойын ояту түйінді сұрақ қою, оны таңғажайыптармен таңырқата білу, белсенді өзіндік іс-әрекеттерге қатыстыру, міне бүгінгі таңдағы мектеппен мұғалімнің басты міндеті болып отыр.Яғни сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану,оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.Оқушыны пәнге қызықтыруда назар аударатын негізгі мәселенің бірі баланың таным белсенділігін арттыру болып табылады. Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса оны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын ал мұғалім болса сол әрекетті басқарып, бағыттап отыруы керек. Сабақ үстіндегі оқушылармен жүргізілген жұмыстар олардың өздерін әрекетке қосады, яғни олар ой толғайды, талдау жасайды, меңгерген мазмұнын қорытады.Осылайша шәкірт бойындағы шығармашылық қиял, дарын,қабілет бастауы ашылады. Шәкірттердің оқулық материалымен шектелмей, ізденгені, өзіндік ойын, тұжырымын айтуға талпынуы бұл-үлкен жетістік деп білемін. Осылайша алға қойған мақсатыма жету үшін, жеті модульдік оқыту технологиясын әр сабағымда қалай тиімді қолданам деген ой мазалайтын болды .Бұл айтылған жеті модульдік оқыту технологиясы оқу үрдісі құрылымын өзгертіп ғана қоймай, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және олардың жеке қабілеттерін көре білуге,топта жұмыс істеу барысын бір-бірінің пікірін тыңдай білуге, өз бойымда пайда болғанын сездім.Ойын ортаға салып, басқа оқушылармен ой бөлісуге толық жағдай жасауға мүмкіндік береді деген ой пайда болды.Сөйтіп әр сабағымды өткізер алдында алдыма үлкен жоспар қойып, сабағыма 7 модулді тиісінше қолдануға әрекет етіп алдын –ала мақсат, міндеттермен толықтырып отырдым. Осылайша мен өзімнің кәсіби –құзіреттілігімді арттыру барысында барлық алған дәрісімді жүзеге асыра отырып оқушыларымды көп білім нәрімен сусындата алдым. Қазіргі уақытта өз оқушыларымның оң нәтижесіне көзім жетті. Кәсіби құзіреттілігімді арттыру барысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2-апталық біліктілікті арттыру курсында дәріс алудамыз. Дәрістің тиімділігі сондай Ақмола облысының әрбір өңірлерінен келген әріптестермен ой бөлісіп, тәжірибемізді алмасудамыз.Дәріс беріп жатқан оқытушыларымызға көп-көп рахметімізді айта отырып, жұмыстарына табыс, еңбектеріне жеміс тілейміз.

Атбасар қаласы

7 қазақ орта мектебі




Педагогикалық кеңестегі баяндама


Баяндама тақырыбы: «Оқыту үрдісіне өзгеріс енгізу үшін мен не істедім»

Дайындаған: Халел Марзия





2013-2014 ж
Каталог: images -> stateiki
images -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
images -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың шығармашылық портреті. Білімділік мақсаты
images -> Сабақтың мақсаты: Білімділік
images -> Сабақтың тақырыбы: алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
images -> Абылай хандығы Сабақтың мақсаты
images -> Сабақтың тақырыбы: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты. § 32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
images -> Қазақстан республикасы экономикалық Қылмысқа және сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы күрес агенттігі
images -> Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құқықтарытары мен бостандықтарының сақталуына жете маңыз беріліп келеді
images -> Павлодар мемлекеттік педагогикалық институы «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінен дәріс курстары
stateiki -> Сто педагогикалық технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет