Оқыту үшін бағалау арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру



жүктеу 128.33 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі128.33 Kb.
Абылхаирова Г.Т.

Павлодар қаласы

№26 ЖОМ

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі



Оқыту үшін бағалау арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалiм оқушының тақырыптың мәнiн өз бетiмен меңгеруiн түсiнуi мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсiл бұл үдерiске оқушының өзiнiң де қатысуын талап етедi. Осылайша, оқушы да өзiнiң оқуы үшiн жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершiлiктi көбiне сабақ беру барысында мұғалiм қалыптастыратын ортада сезiнiп, қабылдайды. Сондықтан мұғалiмде Шульман «мұғалiмнiң үш көмекшiсi» ( Шульман, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады.

Бiлiктiлiктi арттыру бағдарламасының негiзгi мазмұны сабақта жетi модулдi ықпалдастыра отырып, функционалдық сауатты тұлға қалыптастыруға негiзделген. Модульдердiң жетеуi де оқу барысында бiр-бiрiн толықтыра отырып, тығыз байланыста болады.Соның ішінде Оқу үшiн бағалау және оқуды бағалау модулiн сабақта қалай қолдануға болады туралы айтқым келеді.

«Бағалау» терминi «жақын отыру» дегендi бiлдiретiн латын сөзiнен шыққан. Бағалаудың негiзгi сипаты бiр адам басқа адамның не айтып, не iстегенiн немесе өзiн-өзi бақылау жағдайында өзiнiң дербес ойлауын, түсiнiгiн немесе тәртiбiн мұқият бақылауы болып табылады.

«Бағалау – бұл оқушының шынайы қол жеткізген іс – әрекет нәтижелерін жоспарланған мақсаттармен салыстыру үдерісі»

Бағалау кезінде біз оқушылармен бірге отырамыз. Бағалауды олармен және олар үшін жасаймыз.Өзімнің сабақтарымда бағалау әр кезеніңде жүргізіледі. Бағалаудың екі түрі болады: формативтік және жиынтық бағалау.

«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалаудың» ерекшелігі мен маңыздылығы мұғалімнің және оқушының іс-әрекетін бақылау, бағалау, тұжырымдауда басты рөл атқарады, себебі мұғалім оқушының жас ерекшелігін, белсенділігін, ойының ұшқырлығын, нақтылығын саралай отырып оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін, ерекшеліктерін байқайды. Оқушы өзін-өзі, жұбын, топты бағалауда өзінің, жұбының, тобының жұмысына сыни тұрғыдан қарап, саралап, талдап, «Мен үшін не маңызды? Оған қалай жеттім, жетемін? Тағы нені білуім, толықтыруым керек» деген сауалдарды қоя алады. Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданатын термин.

Бағалаудың басты мақсаттары:

1.Оқытудың қиындықтарын анықтау.

2.Керi байланыс.

3.Уәж.

4.Болжау және сұрыптау.



5.Стандартты бақылау және анықтау.

6.Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилiн бақылау.

Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлiгi.

Бағалау түрлерi:

1.бақылау;

2.алынған мәлiметтердiң интерпретациясы;

3.бұдан арғы iс – әрекеттi анықтау үшiн қолданылуы мүмкiн шешiмдердi қорытындылау.

Дәстүрлi сабақтар барысында оқушылардың сыныптағы оқу үдерiсiне түгел қатыспайтындығы байқалатын. Күнделiктi сабақта түсiнбей қалған тақырыптар көлемi ұлғайып, үлгерiмi орташа балалар сабаққа құлықсыз қатысты. Бұл тығырықтан шығу жолын iздестiргенiммен, нәтиже көңiлге қонымсыз болды. Осы тұста Бағдарлама модульдерi оқу нәтижесiне түбегейлi өзгерiс енгiзетiнiне сенiмдiмін. Сондықтан өз сабағымның әдiстемесiн өзгерте отырып, оқушылардың пәнге деген белсендiлiгiн, қызығушылығын арттыру және бiлiм деңгейлерiн көтеру үшiн балалардың көңiлдерiне қаяу түсiрмейтiндей етiп, тапсырмаларды бағалау критерийлерi арқылы өзiн, сыныптасын, тобын дұрыс бағалай бiлуге баулу мақсатын көздедiм. Сабақ барысында мен Александрдiң мына теориясын басшылыққа алдым:

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсiл емес. Мұғалiмдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективтi немесе жеткiлiктi дәрежеде объективтi емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сонда – ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсiнiк, сонымен қатар өзiн – өзi бағалау, қабiлеттiлiк және күш–жiгер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. (Александер, 2011)

Сонымен қатар оқытуды жақсартатын бес басты факторға сүйендiм. Олар:

1.Оқушылармен тиiмдi керi байланысты қамтамасыз ету;

2. Оқушылардың өзiндiк оқуға белсендi қатысуы;

3. Бағалау нәтижелерiн ескере отырып, оқытуды өзгерту;

4. Бағалаудың оқушылардың өзiн –өзi бағалауы мен қызығушылығына едәуiр ықпал ететiндiгiн мойындау, бұл өз кезегiнде бiлiм алуға түбегейлi түрде ықпал етедi.

5. Оқушылардың өздерiн –өздерi бағалай алуы және өздерiнiң оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсiнудiң қажеттiлiгi.

Сабағымда Бағдарлама модульдерiн толық пайдалана отырып, оң нәтижеге жету үшiн бiрiншi, сыныптағы ахуалды ретке келтiру мақсатында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды алға қойдым. Балалардың бiр-бiрiмен емiн-еркiн әңгiмелесуiн, ойларын өз-ара қысылмай ортаға салуын, түзетуiн, көмек көрсетуiн, арқа сүйеуiн, орталарындағы талантты-дарынды балаларға iлесе отырып, оқуды үйренуiн, оқуға ынталануын, өздерi қол жеткiзген нәтижеге бiрге қуана бiлуге дағдылануын мақсат еттiм.

Сыныптағы бiрлескен жұмыс бiлiм берумен ғана шектелмей, мұғалiмнiң сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қамтамасыз етуiне бағытталады. Оқу мен оқытуда жетiстiкке жету үшiн оқушы өзiн еркiн және қауiпсiз сезiнуiне мұғалiм сабақта жағдай жасауы керек. Бағалау әдiл болу үшiн оқушылармен бiрлесе отырып бағалау критерийлерiн жасап алу керек. Оқушының әрбiр жауабы, ұсынысы, идеясы, шешiмi құнды болып есептелетiнiн және бағаланатынын ескерту керек. Әр сабақта жаңа тақырыпты өздерi оқып, жұбымен, одан соң топта талдап, мысалдар келтiредi. Топта әрқайсысы өз ойын, идеясын ортаға салып, шешiм қабылдауды үйренедi. Бұл жерде Барнстың «Оқыту мұғалiмдi селқос тыңдағанда емес, сөйлеу, талдау, дәлелдеу нәтижесiнде iске асады» деген пiкiрiн басшылыққа алдым.

Бағалау оқушы өзiнiң қандай сатыда тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажеттi деңгейге қалай жету керек екендiгiн анықтау үшiн керек үдерiс. Оқыту үшiн бағалау және оқуды бағалау –бiлiм сапасының нәтижесi, яғни көрсеткiшi.

Мұғалiмдер мен балалар үшiн өздерiнiң қандай мақсатқа жетудi көздейтiнiн, мақсатқа жету өлшемдерiн  түсiну не үшiн керек екенiн бiлу маңызды. Осыған байланысты бағдарлама критерийлi бағалау тәсiлдерiн де қарастырады.  Мен өз тәжiрибемде қалыптастырушы бағалаудың бiрнеше түрiн қолданамын. Алғашқы сабақтар топтамасынан-ақ мен оқушыларды бiр-бiрiн  «Екi жұлдыз,бiр ұсыныс» арқылы бағалауын ұсындым..Бұл бағалауды қолданғандағы менiң ең негiзгi мақсатым-өзгенi бағалау арқылы өзiнде жоқты табу немесе өзгенiң жетiстiгi арқылы өз кемшiлiгiн тауып, оны түзетуге бағыттау. Бұл-оқушылардың алға жылжуы үшiн жасалатын алғашқы қадам. Сабақ барысында оқушылардың айтқан пiкiрi мен үшiн құнды.Ал оның сондай құнды екендiгiн ұғындыру және қолдау көрсету мақсатында мен үш шапалақ тәсiлiн де тиiмдi қолдандым. Бұл – оқушыларды ынталандыратын бiрден-бiр тәсiл екендiгiне көз жеткiздiм.Оқушының жетiстiгiн қолдау оның өзiңе деген сенiмдiлiгiн арттыра түседi. Керi байланыс жасау – оқушының оқуын жақсарту үшiн қажет нәрсе. Сондықтан әр сабағымда өтiлген сабақ бойынша   оқушылардың не үйренгенiн, оған қалай қол жеткiзгенiн,ненi дамыту қажет екендiгiн, қандай сұрағы бар екенiн стикерге  жазуын дағдыға айналдыруға тырыстым.

Жұппен жұмыс істеу кезінде сыныптастарды бағалау және өзін-өзі бағалау – бұл балалардың бір-бірінің жұмыстарына немесе өз жұмысына жай баға қоюдан біршама өзгеше. Оқыту үдерісін жақсарту үшін бұл әрекет балаларды өз жұмыстарының сапасына қатыстыруы және оны қалай жақсартуды ұғынуына көмектесуі тиіс.

Сыныптастарын бағалау балаларға бір-біріне құнды кері байланыс ұсынуға мүмкіндік береді, осылайша, олар бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі қолдайды. Бұл оқыту үдерісінің бағалы өлшемін ашады: қарым-қатынас жасау, талқылау, түсіндіру және бір-бірін тартысқа шақыру мүмкіндігі балаларға дербес оқу шегінен шығатын әрекетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сыныптастарын бағалау өзін-өзі бағалау қабілетін дамытуға көмектеседі, ол балаларға өз прогресі үшін үлкен жауапкершілік алуға көмектесе отырып, тәуелсіз оқуға ықпал етеді. Сыныптастарды бағалау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерін ойластырыңыз, мысалы, жауап алу кезінде «жұппен талқылау және қалғандарымен бөлісу»

Әрбір тапсырма үшін болжанған нәтижелерді және олардың оқу мақсаттарына қатысын түсіндіріп, бұл орайда балалардың оқу ұсынатын мүмкіндіктерді ұғынатынына көз жеткізу керек (мүмкін, өте қабілетті балалар үшін оқытуды ұзарту немесе балалардың нақты қызығушылығымен өзара байланыс орнату мүмкіндіктері бар шығар).

Балаларға өз жұмысының сапасын бағалауға көмектесу үшін нақты табыс критерийлерін ұсыну керек.

Уақыт өткен сайын балаларға өз жұмыстарын және басқалардың жұмысын бағалауды үйретіп және тиісті тілді қалыптастыру керек.

Балаларды өз оқуларын талдап отыруға үнемі және жиі итермелеу және олардың келесі қадамдарды анықтауына бағыттану керек.

Бағалау сызбалары не үшін қажет?

1) Біркелкілік - барлығы бірдей өлшемдермен жұмыс істейтіндігін әркім білуі үшін;

2) Сын - не жақсы, ал нені жақсартуға болатынын түсінуге көмектесу үшін;

3) Қарым-қатынас – одан не күтілетіні, неге қол жеткізгені және нені жақсарту мүмкін екендігін әркімнің түсінуіне көмектесу үшін.

Топтық жұмыста өте белсендi оқушылар, әсiресе постер құрастыруда құнды пiкiрлер айтып, көшбасшылық танытады. Оқушылар өздерiн сабақтың кезеңдерi көрсетiлген бағалау критериилерi бойынша бағаласа, ал постердi бағалау кезiнде оқушылар арасында келiспеушiлiктер болады. Сондықтан сабақта постердi бағалау үшiн балалармен бiрлесе отырып, бағалау дискрипторын жасау керек. Ол төмендегiдей болады:


1

Тақырыптың ашылуы

Балдық жүйе арқылы бағалау ( max 2 min 1)







2

Мәлiметтiң толықтығы





3

Көрнекiлiгi, дизайны





4

Қорғауы





5

Регламент сақтауы





Сабақтың бағалау кезеңiнде оқушылармен «Соңғы бес» минут ойыны өткiзiлiп, өтiлген тақырып бойынша бiр–бiрiне сұрақ қойып, тақырыпты түсiну деңгейлерiн тексерiп, бiр- бiрiн бағалайды.

Сабақтың бұл кезеңiнде оқушылар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.

Қызығушылығын тудыратын, ерекше дағдылар, көзқарастарын анықтау мақсатында сурет бойынша жұмыстар беруге болады.

1. Сурет бойынша мәтiн жаз.

2.Сұрақ құрастыр.

3. Суретке ат қой

4. Құрастырған мәтiндегi меңгерулердiң астын сыз.

Бұл жұмыс оқып, тыңдалған соң, «Бармақпен» бағаланады. Дәлелдер айтып, ең негiзгiсiн табу үшiн қиялдауды үйренедi.

Сабаққа қажетті жетістік критерийлерін анықтау керек (көп емес!), оларды да оқушыларға айту керек. Оларды қалай жазатыныңыз өзімізге байланысты (қалай болғанда да олар оқушыларға түсінікті тілде жазылуы керек). Ең бастысы, олар оқыту міндеттеріне қол жеткізуде «жетістікке апаратын қадамдарды» көрсетуі керек, сабақтың басында оларды оқушылармен талқылап, негізгі білімдерін бекіту үшін сабақ бойы қолдану қажет.

Бірнеше сабақ өткізгеннен кейін оқушылардан өз жұмыстарын өзім ұсынған жетістік критерийлері бойынша бағалауларын сұраймын.

Олардан өз ойларын төмендегілерді қолдана отырып айтуларын сұрауға болады:


  • Ишаралар: «қолдың бас саусағын жоғары көтеру», «төмен түсіру» немесе «қимыл бағытын ауыстыратын қолдың бас саусағы»

  • Бағдаршам сигналдары:

– жасыл сигнал = Мен жақсы орындадым, сары = Мен жартылай орындадым, бірақ тағы жұмыс істеу қажет және қызыл = Маған көмек керек.

  • Оқушылардың орындаған жұмыстары табысты сабақтың критерийлеріне қаншалықты сәйкес екендігі туралы оқушылар пікірлерінің түсініктемелері.

Сонымен қоса, оқушылардан критерийлер бойынша жұмыс туралы не ойлайтындарын сұрауға болады.

1) төменгі сыныптағы оқушылар үшін эмоциялар символдарын (смайликтер) қолдануға болады, оларды шеңберге алу немесе бояу қажет


Жетістікке жету үшін мен не істеу керектігін білемін

  


Жетістік критерийлері маған жұмысты жақсы орындауға көмектесті

  


2) Немесе, жоғары сынып оқушыларымен сандарды шеңберге алу тәсілін қолдануға болады.

Төменде сабақтарда оқытудың бірнеше тәсілдері көрсетілген:

әр іс-әрекеттен қаншалықты көп білгеніңізді көрсететін санды шеңберге алыңыз:





Мен көп білдім (үйрендім)

Мен көп білген жоқпын

Мен аз білдім

Жетістік критерийлеріне қол жеткізу жұмысы

3

2

1

Өз жұмысымды бағалау

3

2

1

Өздік жұмыс

3

2

1

Сабақта өзiн –өзi әдiл бағалауға жетелеу үшiн «Даналық ағашы» ойыны өткiзуге болады. Алдын–ала дайындалып әкелген алманың суретттерiне оқушылар өтiлiген тақырыптар бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтарына жауап алған соң, жоғары деңгейдегi сұрақтар ағаштың жоғарғы жағына, орта деңгейдегi сұрақтар ортасына, төмен деңгейдегi сұрақтар төменгi жағына жапсырылады. Бұл оқушылардың өзiн – өзi шынайы бағалай бiлуiне ықпал етедi. Үлгерiмi жақсы оқушылар көшбасшылық таныта бiледi, жоғары дәрежелі сұрақтар қойып, мысалмен дәлелдейді. Өздері құрастырған жоғары дәрежелі сұрақтары балалардың көңiлiнен шығып, шапалақ соғып, қолпаштайды.

Бағалау барысында қиындықтар болды көбінесе балалар бір – бірін ренжетпеу үшін 5 баға қояды. Кейбір оқушылар әлі де бірін–бірі бағалауда немесе өзін- өзі бағалауда нақты баға қоя білмейді. Сабақта уақыт ұтымды пайдаланбайды, безендіруге көп уақыт жұмсалады. Жоспарлауда тапсырмалар тым көп және жүктемелерін шектен тыс болуына әкеледі. Бірақ келесі сабақты жоспарлағанда, қайта қарастырып кері байланыс орнату қажетілігін түсіндім. Балалардың өзара бағалау мен сабақтың мұндай түрі ұнайтындығын байқадым.

Оқуды бағалау және оқытуды бағалау модулiн кезiнде қолдану сыныптағы оқушылардың белсендiлiктерiн арттырып, бiлiмге деген құлшыныс әкеледi.

Оқушылардың өзiн-өзi бағалау арқылы жеткен жетiстiгi:

-жауаптарын мұқият тыңдай бiлдi;

- өз көзқарастарын, өз пiкiрлерiн дәлелдi қорғай бiлдi;

- өзiн-өзi, достарын тексерушi, бағалаушы болды;

- өз еңбегiн саралап, қорытындылай алды.

Оқушының өзiн-өзi бағалату жұмыстарының нәтижесiнде менiң түсiнгенiм:

Бағалау – оқушының оқу үрдiсiнде қаншалықты табысты болғандығын, бiлiм игерудегi олардың жетiстiктерiн, өсуi мен дамуын айқындау деп ойлаймын.

Бағалау- оқушының қолынан не келетiндiгiн бақылау екендiгiн байқадым.

Бағалау – оқу үрдiсiнiң қаншалықты нәтижелi екендiгiн анықтап, мақсаттардың қандай дәрежеде жүзеге асып жатқанын бақылау болып табылатындығына көз жеткiздiм.

Бағалау – оқушының бiлiмiн әрi қарай дамытып, олардың алдағы бiлiм игеру әрекеттерiнiң деңгейiн қалайша жақсартуға болатындығын бiлу, жоспарлау және оқушыны соған ынталандыру болып табылады.

Бағдарламадағы жетi модульге сүйене отырып өткiзген сабақтарым өз жемiсiн берiп, менi ғана қуантып қойған жоқ, сонымен қатар көңiлдерi қуанышқа толған, ынтымақ пен сыйластық қалыптасқан ортада оқушылар бiр-бiрiнен қалай оқу керектiгiн де үйрендi. Өзiн-өзi реттеуге дағдыланып, Бағдарламада көрсетiлгендей оқушылар метатану үдерiсi арқылы түсiну, бақылау және оқу тәжiрибесiне қадағалау жүргiзу қабiлеттерiн дамытты.

Өз тәжiрибемнен түйгенiм – балалардың кешегi жағдайына қарап, бағалауға болмайды. Әр оқушы мiнсiз оқушы болуға талпынады. Мұғалiмнiң мiндетi- сабақты жан –жақты ойластырып, оқушыға бiлiмдi меңгеруiне жағдай жасай бiлуiмiз керек. Әлi де болса бағалаудың басқа да, оқушыларды қызықтыра түсетiн түрлерiн сабақтарымда қолдануду жалғастырамын деп ойлаймын.

Белгiлi бiр нәтижеге жету үшiн бiраз уақыт керек сияқты.Оқыту үшiн бағалау мен оқу үшiн бағалауды сабақтарымда  қолданғанымда  мынандай қортындыға келдiм: оқушылар ынтымақтастықта бiрлесе жұмыс жасап, бiлiмдi бiрге меңгердi, сыни тұрғыдан ойлауға, еркiн сөйлеуге, ой бөлiсуге, өзiн және сыныптасын шынайы бағалауды үйрендi. Бұл жетiстiк бағдарламаның нәтижесi.
Пайдаланған әдебиет:

1.Мұғалiмдерге арналған нұсқаулық.

2.А.Әлiмов «Интербелсендi әдiстеменi ЖОО –да қолдану мәселелерi. 108- бет.

3. «Мұғалім КZ» журналы № 2,5 2013 жыл









©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет