Оқытуда акт пайдалану



Дата08.07.2016
өлшемі255.41 Kb.
Оқытуда АКТ пайдалану

Бағдарлама аяқталғанда мұғалімдер сандық технологияларды және АКТ-ны сабақ беруде тиімді пайдалануды білетін болады. Осылайша, олар жұмыс, демалыс және қарым-қатынас үшін АКТ-ны сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады. Осындай дағдылар негізінде АКТ туралы білім, оларды ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жеткізе білу жатыр.



Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәре-жеде сандық сауаты бар, себебі ол өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңіл-детуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді. Осы тарауда ұсынылған ақпараттар мұғалімдерге оқыту барысында ғылыми жетістіктерді пайдалану, оқытуды жетілдіру мақса-тында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсетуге арналған.



Білім салалары

Рефлективті кәсіпқойды даярлау жеке тұлғалық, жалпы мәдени білімділікті, кәсіби-педагогикалық, тәжірибелік шеберлікті, сыныпта практикалық зерттеу жүргізу тәжірибесін және әлеуметтік, мінез-құлықтық ғылымдар саласындағы зерттеулерді білуді қажет етеді. Осы Бағдарлама оқу мен білім беру үдерісінің ғылыми-теориялық білімдерінің тәжірибелік сабақтар нәтижесінде алынған тәжірибелік білімдерден айырмашылығына ерекше көңіл аударады. Бұл ретте мұғалім даярлығының сапасы теориялық және тәжірибелік білімдердің бірлігін қажет ететіні ерекше атап көрсетілген (14-сурет).



Білікті мұғалім үшін жоғарыда аталған білім түрлері: теориялық және тәжірибелік білімдер

өзара тығыз байланыста болуы тән. АКТ енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің

біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқу және оқыту үдерістерін

жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған

кезде, анықтаушы фактор білім беру үрдісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы

білімнің қалыптасқандығы болып табылады (15-сурет).

Келесі тарауда аталған салалардың әрқайсысына түсініктеме беріліп, олардың өзара әрекеттесуі

нәтижесінде қалыптасатын оқыту түрі анықталады.




Пәндік білімдер (ПБ)

Пәндік білімдер дегеніміз – оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Айталық, химия пәнінің білікті мұға-лімі қазіргі заманғы ғылыми идеялар мен тұжырымдамаларды жеткілікті түрде біліп, химия туралы практикалық түсінігі болады. Мысал үшін, Ұлыбританияда аталған сапалық белгілер бакалавриат дәрежесінде, сонымен қатар химия саласында дипломнан кейінгі білім беру деңгейіндегі оқу барысында жетілдіріледі. Орта мектептегі 11 жастан 18 жасқа дейінгі оқушыларға арналған химия пәні бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне сәйкес түсінікте ұсынылып, ұғындырылады. Химия пәні мұғаліміне оқытылатын пәнді жақсы білу, химияда қолданыла-тын түйінді ұғымдарды, теориялар мен шараларды түсіну қажет. Оның үстіне жаратылыстану ғылым-дарының мұғалімдері зерттеулер жүргізудің ерекшелігін, теориясы мен әдістемесін түсінуі керек. Алайда пән мазмұнын жан-жақты білу мұғалімнің біліктілігіне және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдары мұғалімінің біліктілігі педагогикалық білімдерді дамыту қажеттігін көрсетеді.



Педагогикалық білімдер (ПБ)

Педагогикалық білімдер – білім берудің жалпы негіздерін, білім беру мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үрдісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар ПБ құрамына сабақта қолданылатын тәсілдер мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім оқушылардың білімдерді меңгеруінің және дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалық білімге ие, олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын мәнісінде, педагогикалық білімдер оқытудың саналы, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді. 16-суретте педагогикалық білімдерге негізделетін тиімді оқу мен оқытудың он түйінді ұстанымы сипатталған.



Жаратылыстану ғылымдарын оқыту төменгі сынып оқушыларының ғылыми идеяларды қалыптасты-руының ерекше тәсілін қажет ететіндігін айта кету керек, бұл білімдердің педагогикалық аспектісі болып табылады.



Білімдердің педагогикалық аспектісі (БПа)

Білімдердің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айналдыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы болып табылады (Shulman, 1986). Жаратылыстану ғылымдары саласындағы білім беру мәнмәтінінде аталған біртұтастық оқытылатын ғылыми тұжырымдамаларды білікті түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуінде көмектесу қабілетімен ажырамас байланыста болуын көздейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдарының білікті мұғалімі абстрактілі ғылыми идеялар мен үдерістерді оқушы-лардың белгілі бір тобына бұларды өз бетімен зерттеу үдерісін қамтамасыз ете отырып ұсынатындай етіп, құрамдас бөліктерге бөле алуы тиіс.БПА нәтижелілікті қамтамасыз ететін аналогия, суреттеу, мысалдар, түсіндіру және көрсету әдістерін қолдана отырып, білім беруде ғылыми идеяларды қолданудың тиімді, оңтайлы формалары болып табылады. Шын мәнінде, БПА оқушыларға ғылымды түсінікті жолмен көрсетудің әрі ұсынудың тәсілі болып табылады. Сонымен қатар білімдердің педа-гогикалық аспектісі мұғалімнің оқушылардың жекелеген тақырыптарды оңай не қиын меңгеруінің себептерін түсіндірумен қамтамасыз етеді. Бұл себептер кей жағдайларда білім алушылардың ғылыми тұжырымдамаларды түсінбеуімен, ал кейде әртүрлі жастағы және білім деңгейі әртүрлі оқушылардың мектепке өз наным-сенімдерімен немесе теріс ұғымдарымен келетіндігімен түсіндіріледі.



Технологиялық білімдер (ТБ)

Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар, сандық бұқа-ралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласын-дағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. Оның үстіне, ТБ құрамына перифериялық құрыл-ғыларды орнату және алып тастауды, бағдарламалық жабдықтау жүйелерін, құжаттарды құру және мұрағаттауды т.б. білу кіреді.



Білімдердің технологиялық аспектісі (БТА)

Білімдердің технологиялық аспектісі – технологиялық білімдер (ТБ) мен пәндік білімдердің (ПБ) өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. АКТ қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, білім беру технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек.Мысалы, жаратылыстану ғылымдары саласында желі арқылы қолжетімді көптеген үлгілеулер (симуляциялар) бар. Үлгілеу (симуляция) олардың әрекет етуі туралы мәлімет алу үшін жаратылыстану жүйелерін немесе адам жүйелерін ғылыми үлгілеу үшін жиі қолданылады. Үлгілеу (симуляция) баламалы шарттардың және іс-әрекет жоспарларының болжамды шынайы әсерлерін көрсету үшін қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ үлгілеу нақты жүйе, оған қол жеткізу мүмкін болмауына байланысты қолданыла алмаған жағдайда немесе оның қолданылуы қауіпті болса не рұқсат етілмесе, жүйе енді жасалып жатқанда немесе мүлде жоқ болғанда қолданылады.



Технологиялық педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ)

Үш білім саласының қиылысу ортасында Технологиялық педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек. Оның үстіне, Мишра мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады.Сонымен қатар зерттеушілердің айтуынша, осындай мұғалімдер зертханада жұмыс істейтін ғалымдармен немесе жаңа технологияларды пайдалану жөнінде білімдері жеткіліксіз бағдарламашылар мен тәжірибелі мұғалімдер сияқты технологиялық сарапшылармен салыстырғанда ауқымды кәсіби білімге ие болады.

Қорыта келгенде, жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын интеграциялау мұғалімнің

қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек.





Сандық бейнені (видео) қолдану

Бағдарламалық жасақтама (БЖ)

Windows-тың көшірмелерінің көбісінде бейнені редакциялауға мүмкіндік беретін тегін және қолданыста өте жеңіл Windows MovieMaker бағдарламалық жасақтамасы бірге жүреді. БЖ-ның тегін болуына қара-мастан, бейнені редакциялауда таптырмайтын жақсы құрылғы. Осы БЖ-ның бізге ұсынатын мүмкін-діктері құны жүздеген фунтқа жететін басқа бағдарламалар ұсынатын мүмкіндіктерден еш кем түспейді. Бірақ бұл құрылғыда қолданушылардың көбі әдетте қолдана бермейтін бірқатар жоғары техникалық функциялар жоқ. БЖ орнатылған iMovie деп аталатын Macintosh компьютерінің көбісінде осыған ұқсас функциялар орналастырылған.Кейде бейнекамераны қолдану қиын болып жатады, дегенмен Сізде камерамен бірге жүретін диск және қолдану жөніндегі нұсқаулық болса, жұмысыңыз жеңілдейді. Бағдарламалық жабдықтарды сенімді түрде колданудың жалғыз жолы – оларды пайдалануды бастау. Ол үшін кез келген қысқа бейнеклипті жүктеп алып, өзіңіздің бағдарламалық жасақтамаңызға енгізіп, онымен мұқият жұмыс істеңіз. Бұл жұмыс алғашында біраз уақытыңызды алуы мүмкін, бірақ кейіннен

жеңіл және жылдам жұмысқа айналады.

Жарықтандыру

Бұл нағыз проблема болуы мүмкін. Сандық камералардың көбінде автоматты жарықты икемдеу функ-циясы бар. Түсіп тұрған жарық көзі сай болып, әрі камераңыз жылжымай, бір жерде тұратын болса, бұл функция ыңғайлы болады. Ал камераңыз орын ауыстырып, жарық түсу деңгейі өзгеріп тұрса, бұл нағыз проблемаға айналуы мүмкін. Егер камераңыздың орнын ауыстырып тұруды жоспарласаңыз, орын ауыстыру жолын алдын ала ойластырыңыз, өйткені дұрыс емес орынға (мысалы, терезеге арқаңызбен) тұрып қалуыңыз мүмкін. Фотосуреттерде жарық деңгейін өзгерту айтарлықтай оңай, Windows MovieMaker сияқты кейбір бейнебағдарламалар да жарық деңгейін өзгертіп, редакциялай алады. Бірақ жарықтандыру мәселесін алдын ала ойластырып алған дұрыс.



Микрофондар

Көптеген камералардың орнатылған микрофоны бар, бірақ Сізге түсіріп жатқан бейнеңіздің дыбыстық жолы маңызды болса, екінші микрофоныңыз болғаны дұрыс. Кейбір сандық бейнекамералардың екінші микрофонды қосуға арналған 3,5 мм ұясы болады, Микрофонды қосар алдында камераға орнатылған микрофонның өшіріліп, теңшеулердің барлығын жөнге салғандығыңызды және микрофонды ұстау ыңғайлы екендігін тексеріңіз (ұзын сымы бар микрофон пайдаланыңыз). Тағы бір тәсіл – саунтрек және баяндауды бөлек жазып, кейін оны қосу. Бейнені редакциялауға арналған БЖ Сізге саундтректерді кейіннен қосуға мүмкіндік береді (бірнеше рет те қосуға болады).



Аудио және подкастинг

Подкастинг – бұл балаларға өз жұмысы мен жаңалықтарын Интернеттегі өте үлкен аудиториямен бөлісудің керемет тәсілі. Мектептер не істеп жатқандары туралы айту үшін және балаларының жетіс-тіктерін мерекелеу үшін Интернетті жиі пайдаланады, ал подкастинг – бұны көрсетудің тамаша тәсілі.

Подкаст деген не? Подкаст радиоқойылымға ұқсас (интернетте орналастырылған, цифрланған бағдар-лама). Бірақ тікелей эфирден шығарудың орнына подкаст жазылады және кейіннен кез келген уақытта тыңдай алатындай етіп Интернет арқылы таратылады. Жалпыға қызықты ойын-сауықтан бастап бел-

гілі тақырыптар бойынша (мысалы компьютерлер/ музыка/ білім) мамандандырылған мыңдаған

қолжетімді подкасттар бар.

Қалай тыңдау керек

Сіз подкасттарды оларды жасаған адамдардың web-сайттарынан тікелей тыңдай аласыз (төмендегі кейбір мысалдарды қараңыз). Бірақ Сізге де iPodder және iTunes сияқты БЖ пайдалана отырып, подкасттарға «жазылуға» болады. Бұл бағдарламалар соңғы шоуларды автоматы түрде жүктейді және Сіз оларды өз компьютеріңізден және/немесе mp3 плеермен тыңдай аласыз. Подкастқа жазылу үшін Сізде RSS таспа (бұл ақпарат подкастың web-сайтында болуға тиіс) болу керек. iTunes-те анықтама бар, Сіз тек «Жазылу» («Subscribe») түймесін басып, шоуға жазыла аласыз.



Подкаст жасаудың балалар үшін қандай пайдасы бар?

• Өз жұмысын көрсету үшін оларға мыңдаған адамнан тұратын әлеуетті аудиторияны құрады.

• Сауаттылық дағдыларын дамытуға көмектеседі (сценарийлер, сұхбат жазу және т.б.) әрі балаға сөйлеу машықтарын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді, сонымен қатар олар АКТ-ні қолдану жөнінде белгілі бір дағдыларды үйренеді.

• Подкасттар интерактивті болуы мүмкін және аудитория өз пікірлерін білдіре алады, бұл

балаларға олардың жұмысы туралы бағалы кері байланыс алуға мүмкіндік береді.

• Подкаст құру командамен жұмыс істеу машықтарын дамытуға да үлкен пайдасын тигізеді. Тамаша бағдарлама жасауға ұмтылғандықтан, балалар бір-бірімен ынтымақтасуға тырысады.



Подкастты қалай құруға болады?

Мектеп подкасты мектептің web-сайтына орналастырылатын бір оқиғадан бастап, келушілер RSS таспасы арқылы жазыла алатын музыкасы мен сұхбаты бар апта сайынғы радиоқойылымға дейін өзгере алады. Сіздің подкасттың қандай болатыны жеке өзіңізге ғана байланысты.Подкаст құру үшін Сізге жазатын құрылғы (ішкі және сыртқы микрофон) мен Audacity бағдарламалық жасақтамасы (http://audacity.sourceforge.net/) бар компьютер қажет. Бұл бағдарламалық жасақтама тегін жүргізіледі және Сізге жазба жасап, содан кейін оны mp3 файл ретінде экспорттауға мүмкіндік береді. Кейінірек Сіз оны мектептің web-сайтына жүктей аласыз.Сондай-ақ төмендегілерді пайдалана отырып, өзіңіздің подкастыңызды әзірлей аласыз:

• Жазбаны ғимарат ішінде емес, mp3 плеерінің жазба құрылғысын пайдалануға мүмкіндігі бар нақты бір жерде, мектептің жанында немесе ұжыммен серуенге шыққанда жазып көріңіз. Сонда Сіз бұл түсірілімді өз компьютеріңізге жүктеп, өз шоуыңызға қоса аласыз.

• Подкастшыларға арналған плей-парақтарының күйін келтіруге және подкасттардан тікелей mp3-ке жазуға мүмкіндік беретін күрделі бағдарламалық жасақтама Mixcast Live (PC) пайдаланыңыз. Сонымен қатар өзіңіздің мектеп подкасттарыңыз үшін iTunes және Nicecast комбинациясын пайдалануыңызға болады.



Подкастқа не қосуға болады?

• Мектеп жаңалықтары – балалар мен ата-аналарға мектепте не болып жатқаны туралы хабарлаудың тамаша тәсілі.

• Балалар жұмыстары – балалар өз жұмысын басқа біреулермен бөліскенді жақсы көреді. Олардан өз бастарынан кешкен оқиғалары жайлы жазуды немесе мектепте жасап көрген іс-әрекеттері туралы есеп жазуын сұраңыз.

• Мектеп өлеңдері.

• Сұхбат – мектеп ұжымымен, балалармен, қоғамдастық мүшелерімен және мектепке келушілермен.

• Музыка – авторлық құқықтың бұзылатынына байланысты подкасттарда коммерциялық музыканы пайдаланбағандарыңыз жөн. Авторлардың ресми келісімін алған жағдайда ғана подкасттарда автор музыкасын пайдалануға рұқсат беріледі.



Wiki беттері

Wiki дегеніміз не?Wiki бір топ адамға HTML немесе басқа бағдарлама тілін білмей-ақ, web-сайтты бірлесіп дамытуға мүмкіндік береді. Кез келген адам wiki-де беттерді қоса алады немесе редакциялай алады – бұл толық эгалитарлы (тең құқылы) болып табылады. Беттің атымен жаңа сілтемені жасай

отырып, кез келген адам wiki жаңа беттерін жасай алады. Беттер иерархиялық қағидатпен емес, олар-дың арасындағы гипперсілтемелермен байланыстырылған.



Case study: wiki бетін жаратылыстану ғылымдарының сабақтарында пайдалану

Сабақ жоспарына қысқаша шолу

Сабақ басталғанға дейін мен үш оқушыдан тұратын топты ұйымдастырдым. Мен оқушыларды тек олардың қабілеттерін ғана емес, тұлғалық ерекшеліктерін негізге ала отырып, ең тиімді комбина-циялар жасайтындай етіп топтастыруға тырыстым. Тұтастың бөлшектерін қалай бөлуге болады деген сияқты нақты тақырып бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен тұратын жеті түрлі wiki беттерін жасадым. Ақпарат дұрыс, дұрыс емес немесе жартылай аяқталмаған болуы мүмкін еді және де бұл оқушылар үшін бастапқы материал болатын.Мен жасаған wiki беттерінде топ ішінде талқылауға түрткі болатын «бастапқы материалдың» белгілі бір мөлшері болды. Әртүрлі топ үшін түрлі мөлшердегі материалды таңдауыма барлық оқушылар үшін тапсырмалар спектрін қамтамасыз ету себеп болды. Ал бір топқа ең қиын тапсырма берілді, оларға ешқандай материал берілмей, тек таза парақ пен атауы берілді.

Оқушыларды wiki-ді пайдалануға тартуды қамтамасыз ету

Бұл оқушылар тобы үшін сабақта wiki-ді пайдалану жаңалық болды. Біз алдыңғы сабақта«Википедия» деген не екенін түсінуге бірнеше минут қана бөлдік, бірақ тақырып толық ашылған жоқ. Оқушыларды тарту және оларды әрекеттерге қатыстыру үшін, оларда біреудің жұмысын өзгертуге және оны өзінің түсінігімен ауыстыруға жеткілікті сенімділігі болуы тиіс. Сабақтың басында пайда болатын проблемалардың алдын алу үшін, мен өзімнің wiki беттеріме белгісіз бір дереккөз араласып кеткендей етіп көрсетіп, одан әрі тақырыпты қайта қарау кезінде беттердің толық кешенінің болуы үшін оларды түзетуге сынып оқушыларынан көмек сұрадым.Менің беттерімді өзгертуде және үй жұмысы ретінде берілген бір-бірінің wiki беттерін редакциялау тапсырмасы кезінде де оқушыларда қиындық тудыратыдай ешқандай мәселе болған жоқ, бұл «өзін-өзі жетілдіру» ретінде қаралды.Жұмыстың бұл түрін пайдалануға үйренген сынып, кейін бір-бірінің жұмысын емін-еркін түзете және жақсарта алу мүмкіндігіне ие болды. Менің ойымша бұл олардың wiki-ді дұрыс пайдалануын дамытуға көмектесті.

Білімнің технологиялық аспектілері (БТа)

Сандық сауаттылық – бұл сандық технологияны пайдалана отырып, ақпараттың орналасқан жерін анықтау, ақпаратты ұйымдастыру, түсіну, бағалау және құру қабілеті. Техникалық жағынан сауатты болу оқушылардың сандық құралдарды пайдалана білуін + сыни тұрғыдан ойлауын + әлеуметтік хабардарлығын + оқуға әлеуметтік тартылуын білдіреді. Төмендегі диаграммада онлайн және смартфондарда қолжетімді web 2.0 құрал-жабдықтары кейбір түрлері көрсетілген (17-сурет).

17-сурет. Web 2.0 құрал-жабдықтары



Мазмұнды білудің технологиялық аспектісінің электрондық қауіпсіздігі

БАҚ-пен жұмыс істеудегі құзырлылық дәстүрлі және жаңа байланыс қызметтері ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдалану үшін адамдарға да, қоғамға да машықтарды, білім мен түсінікті игеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар БАҚ көздерімен жұмыстағы құзырлылық адамдарға мазмұнды және коммуникацияларды басқаруға, осы қызметтерді пайдаланумен байланысты әлеуетті тәуекелдерден өзін және өзінің отбасын қорғауға көмектеседі.Бірақ мұғалімдердің негізгі рөлі оқушыларға Интернетті қауіпсіз пайдалануды үйретуге негізделеді.



Ең үлкен қауіп: жеке ақпаратты ашатын оқушылар

Шын мәнінде тыйым салынған деректерді онлайн режимде көру оқушылар үшін аса қауіпті емес. Өзі туралы ақпаратты көрсететін баланың аңқаулығын пайдаланатындардан нақты қауіп төнеді. Әсіресе тіл алмайтын жасөспірімдер ата-аналарының ескертулеріне көңіл бөлмейтіндіктен болар, соларға көп қауіп төнеді. Бала өзі туралы, мысалы үйдің телефоны немесе мекенжайы туралы жеке ақпаратпен онлайн бөлісуінен туатын қатер әдепсіз суреттер қараудан әлдеқайда қауіпті.

Интернетті пайдалану кезінде балаларыңызды жеке ақпаратты сақтауды үйрету Сіздің негізгі міндетіңіз болуы тиіс. Қандай жағдай болмасын Сіздің балаларыңыз Интернетте өзінің атын, телефонының нөмірін немесе мекенжайын толық жазбауы тиіс.Технологияларды пайдалану жөніндегі ұсыныстар 4-кестеде көрсетілген.



Технологиялық педагогикалық және мазмұнды білім (ТПМБ)

5-кесте АКТ-ны енгізу кезінде мұғалімдердің тәсілдеріндегі өзгерістерді көрсетеді:



Кейс-стади

Бұл тапсырма менің тәжірибемде Менделеевтің периодты кестесіндегі бір элемент туралы ақпарат жинау үшін оқушылар жеке жұмыс істейтін, барлығына аян «текшені қалыптастыру» қағидатына негізделген тапсырмаларды оқытуды қолдану нәтижесінде құрылды. Жиналған ақпарат, әдетте, тұсаукесер жасау үшін текше түрінде жинақталады. Мен бұл идеяны ақпарат жинау үшін лайықтауды және оқушылар оны маған ұсына алатын жаңа жолдарды қарауды ұйғардым. Мен сынаулар және қателер әдісімен оқушыларды шағын топ болып (3–4 адам) жұмыс істеу қажеттігі туралы қорытындыға келдім, онда әр оқушы жеке элементпен жұмыс істейді, кейін олар өздерінің зерттеген ақпаратын хабарлама немесе жарнамалық ролик түрінде ұсынуы тиіс.

Жұмыс сызбасы өзімнің жаратылыстану пәні бойынша екі сабағыма және тағы бір сабаққа негізделеді, бірақ бұны үш сабақта істеуге немесе екі сабаққа дейін қысқартуға болады. Сатып алушыларға әсер ету үшін БАҚ жарнамалық роликті қалай пайдаланатынына көп уақыт бөлуді ұйғардым. Мәселен, егер сабақта уақыт жеткіліксіз болса, оқушыларға өздерінің жарнамалық роликтерін ойлап шығаруға және айналысуға қосымша уақыт беруге болады. Бірақ мен осы идеялар қалай болғанда да, қысқаша болса да, көрсетілгенін, түсіндірілгенін ұсынамын, себебі оқушыларда еліктейтін үлгі болатындықтан, түпкі жарнама роликтерін анағұрлым ықшам әрі ұтымды етер еді.Сабақтар топтамасында оқушыларға жарнамалық роликті редакциялауға және оларға әсер мен атаулар қосу үшін, содан кейін оны сыныппен көріп, ең жақсы роликке сынып қалай дауыс беретінін бақылау үшін мен соңғы сабақты пайдаландым. Дегенмен түсірілген ролик-терді ғана көрсетіп немесе мұғалім оларды өзі редакциялауы арқылы уақытты үнемдеуге болады.Мен роликтер түсіру үшін оқушыларды топпен үзіліс кезінде немесе түскі ас уақытында жұмыс істеуге шақырған пайдалы екенін анықтадым. Бұл шынында да нәтиже берді, себебі оқушылар роликтерінің сыныптан тыс тұсаукесерінің алдында өздерін сенімді ұстады және

оларды жазып алу үшін барлығы қайтіп келуге тырысты.

САБАҚ

Сабақ жарнамалық роликті және жарнамалаушылар адамдарды өз өнімін сатып алуға қалай көндіретінін түсіндіруден басталды; бұл сондай-ақ PowerPoint тұсаукесері мен түрлі жарнамалардың сандық бейнеклиптерін көрсету түрінде ұсынылды. Біз аяқтағаннан кейін сыныпты 3–4 оқушыдан тұратын топтарға бөлдік. Әр топқа зерттеу үшін түрлі элемент берілді және олар кітаптар мен Интернетті пайдалана отырып, оның негізгі сипаттамалары туралы ақпарат жинады. Осыдан кейін, топтардан өз элементі туралы жарнаманы қалай ұсынатыны туралы ойлау сұралды. Оқушыларға көмек ретінде, әр топқа оқушылар қосуға тиіс ақпарат туралы нұсқаулығы бар жұмыс парағы берілді. Бірінші сабақ оқушылар өзінің болашақ жарнамаларының жоба жазбаларын толтырумен және өздеріне қажет болатын қосымша материал (мысалы, қосымша слайдтар және т.б.) табумен аяқталды. Оқушылар сыныптан шыққанға дейін, оларға үзіліске және түскі асқа берілген уақытты жарнама түсіру үшін де пайдалану ұсынылды. Келесі сабақта бейнені жасауға, редакциялау және көрсету үшін Microsoft Movie

Maker пайдалануға шамамен 30 минут бөлінді.
Пайдаланылған әдебиеттер

Koehler, M. J., Mishra, P., & Yahya, K., (2007). Tracing the development of teacher knowledge in a

design seminar: Integrating content, pedagogy and technology. [Жобалық семинарда мұғалімнің білімін

дамытуды қадағалау: Біріктіретін мазмұн, педагогика мен технология.] Computers & Education,

49(3), 740–762.

Mishra, P., & Koehler, M. J., (2006). Technological pedagogical content knowledge: A framework

for teacher knowledge. [Технологиялық педагогикалық мазмұндық білім: мұғалімнің білімі үшін

құрылым.] Teachers College Record, 108(6), 1017–1054.



Shulman, L. S., (1986). Those who understand: Knowledge growth in teaching. [Түсінетіндер үшін:

оқытудағы білімнің өсуі.] Educational Researcher, 15(2), 4–14.Faculty of Education
Каталог: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет