Оқытуда инновациялық технологияны пайдалану арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру



жүктеу 88.53 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі88.53 Kb.
Оқытуда инновациялық технологияны пайдалану арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру
Г.Б. Башалова

Ақтөбе қаласы, №52 негізгі мектеп

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді,ал оқушы тыңдайды,қабылдайды,ойлайды т.б, таным әрекеттерін жасайды.

«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып,сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

1.Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;

2.Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

3.Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;

4.Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

5.Оқытушының уақытын үнемдейді

6.Қосымша мәліметтер береді.

Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:

- Барлық баланы оқыту;

- Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

- Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;

- Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын басшылыққа алдым.

Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру.

Бұл технологияның негізгі ұстанымдар: әлсін –әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, оқушының жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқытумен тәрбиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процесс болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы: нақты мақсат қоюға дағдыланады, өзіне деген сенімі артады, оқу процесіне белсенді қатысады, жолдастарының пікірін сыйлайды, өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі. Сараптауға, бағалауға дағдыланады әнге деген қызығушылығы артады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. «Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. «Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді. Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір-сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз. Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым- қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді міндеттердің қай- қайсысы да әрекетсіз іске аспайды. Оқу- адамның саналы өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының сана- сезімін дамытуға бағытталады.

“Әрбір бала- болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндет- оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой- өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту.

Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра отырып, оқушылардың жеке, топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Оқушылардың ауызша, жазбаша тілін, ойлау есте сақтау қабілеттерін, әрбір ақпаратты сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сынай қарауы шығармашылық қабілетін дамытады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы

– Әр оқушы сабаққа толық қатыстырылып, деңгейін анықтай алады;

– Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттырады;

– Қызығушылығын оятады;

– Сұрақ қойып, өз ойын еркін айтуға ;

– Мазмұнын толық түсінуге жағдай туғызады.

– Әр сабақтарымда осы сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту технологиясының элементтерін сабақтарымда тиімді қолданамын. Оқытудың әр түрлі технологиясын қолдану арқылы жеке тұлғаның қоршаған ортаға, дүниеге өз көзқарасын қалыптастыруға жол ашады. Жеке тұлғаның қиялын дамыту барысында оларды бақылауға, зерттеуге, ойлауға, сөйлеуге, ойын толық жеткізуге үйретемін.

Сын тұрғысынан дамыта оқыту технологиясы элементтерін пайдаланған 7 сыныптарда « Заттың тығыздығы »тақырыбында өткізген сабағымнан үзінді келтірмекпін.

Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 1 см3 заттың массасын көрсететін шама тығыздық екендігі туралы түсінік беру. Сол заттың тығыздығының формуласын және өлшем бірліктерін меңгерту.

Сабақтың міндеттері:



1) білімділік: Заттың тығыздығына жалпы түсініктеме беру және осы физикалық шаманы салыстырмалы түрде анықтау. Болжамдарды дәлелдеу.

2) дамытушылық: Формуламен жұмыс, жаңа өлшем бірлікпен танысу және есептер шығару.

3) тәрбиелік: дүниетанымды қалыптастыру; құштарлыққа тәрбиелеу; адам баласының сезім мүшелері мүмкіндігінің шектеулілігіне қарамастан әлемді тануға болатындығына көз жеткізу; еңбекке, ынталылыққа және қиындықтарды жеңуге табандылыққа тәрбиелеу; оқушыларды бір заңдылыққа бағынуды үйрету.

Сабақтың түрі: түсіндірмелі-практикалық.

Сабақтың әдісі: дербес жұмыс (тест), жұптық жұмыс(эксперимент).

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, тест, карточкадағы есептер, бағалау парағы,

таразы, гір тастар, әртүрлі қатты денелер: кір сабын, иіс сабын, ағаш, темір

білеуше.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру –амандасу, сабаққа қатынасын тексеру.

Үй тапсырмасы. (тест)

І. Қызығушылықты ояту.

Көлемдері бірдей темір, пластмасса, ағаш алайық. Осы денелерді таразыға тартып, олардың массасын өлшейміз. Тәжірибе нәтижесі арқылы кестені толтырамыз.

Дене

Ағаш

Пластмасса

Темір

Масса, г










Көлем, см










m/V










Қорытынды:


  • Әрқайсысының көлемі 1 см3 болатын әртүрлі заттан жасалған денелердің массалары да әр түрлі болады.

  • Әртүрлі заттардың тығыздығы да әртүрлі болады.

ІІ. Мағынаны тану.

Ол шама заттың тығыздығы.

Көлем бірлігіндегі заттың тығыздығына тең физикалық шама заттың тығыздығы деп аталады.

-заттың тығыздығы (ρο)

m-заттың массасы

V-заттың көлемі

3 көлемдегі массасы 1кг болатын заттың тығыздығы.

Егер заттың тығыздығы мен көлемі белгілі болса, онад заттың массасын қалай анықтауға болады?

Егер заттың тығыздығы мен массасы белгілі болса, ол кезде заттың көлемін қалай анықтауға болады?

Белгілі бір массасы мен көлемі бар заттың тығыздықтарын есептеулер арқылы есептеп алынған мәндері бар. Біз заттың үш күйі болатынын білеміз. Олар : қатты, сұйық және газ. Осы заттың үш күйіне тән тығыздықтың мәндері сіздердің кітаптарыңыздың 218 бетінде 6,7,8 кестелерінде берілген.

Біз қазір күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген заттырдың тығыздығын анықтай қояйық. Ол үшін бізге не қажет: Сызғыш, таразы, кір сабын, иіс сабын, ағаш және темір білеуше, бор, сүт.

Сонымен біз күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген тұрмыстық заттардың тығыздығын анықтап білдік.

Енді жалпы табиғатта кездесетін қатты, сұйық және газ түріндегі заттардың тығыздығын, көлемін, массасын анықтап көрелік. Ол үшін мына карточкадағы есептерді көршілеріңізбен алмастыра отырып шығарасыздар.

ІІІ. Ой толғаныс.

Жаңа өтілген тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін білу мақсатында және сабақты бекіту мақсатында “Өзін - өзі тексеру сұрақтары”.



  1. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?

  2. Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?

  3. Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер?

  4. Тығыздығы мен көлемі бойынша дененің массасын қалай есептейді?

  5. Массасы мен тығыздығы бойынша дененің көлемін қалай есептейді?

Есеп шығару.

Кірпіштің тығыздығы 1,8.103 кг/м3, өлшемі 0,25х0,12х0,65 м екені белгілі болса, онда бұл кірпіштің массасы неге тең болады?



Венн диаграммасы.

Масса Тығыздық


Инсерт әдісі

Не үйрендім?

Не білгім келеді?

Таң қалдырғаны










ІҮ. Үйге тапсырма §32 оқуға беріледі. Қосымша - экспериментік тапсырма: сабынның тығыздығын есептеп келу

Әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеміз.


Мұндай технологияларды қолдану-біріншіден оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді пайдалану қазіргі заман талабы.

Әдебиеттер:



  1. Е.Т. Акитбаев, «Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» 2006.

  2. М. Байжанов, «Педагогикалық инновация және оқытудың қазіргі технологиялары» Қызылорда, 2000.

  3. А.Ж. Қалығұлов, Физиканы оқыту методикасы. Алматы, 1992

  4. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов, Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы,1998

: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> «Педагогика тарихы» пәнінен дәрістер тезисі №1 Дәріс тақырыбы: Педагогика тарихы пәні мен міндеттері. 2 сағат Дәріс тақырыбының мақсаты
2016 -> "Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" Сайыс тақырыбы: “1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліске 100 жыл”
2016 -> Қазақстан республикасының отбасы-неке қатынастарын реттеу заңЫ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет