Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы



жүктеу 2.13 Mb.
бет1/12
Дата29.06.2016
өлшемі2.13 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы

Западно-Казахстанская областная научно-универсальная библиотека им. Ж. Молдагалиева

Өлкетану әдебиеттері бөлімі

Отдел краеведческой литературы


Қазақ өлеңінің жырдариясы
(ақын Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған биобиблиографиялық көрсеткіш)

Орал, 2010

Уральск, 2010

ББК 91

Құрастырушылар: Иргалиева С.С.

Шакелова Д.С.

Саиноваа С.Ж.

Жұбан Молдағалиев: Биобиблиографиялық көрсеткіш.-Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ Баспа орталығы, 2009.-б

© М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспа орталығы,2010


ҚҰРАСТЫРУШЫДАН
Қазақтың көрнекті ақыны, республиканың халық жазушысы, өмір шындығын өзіндік өрнекпен тапқыр бейнелеп, оқырмандарын лирика шәрбатынан сусындатқан ақынның бірі - жерлесіміз Жұбан Молдағалиевтің туғанына биыл 90 жыл.

Әдебиет саласындағы жартығасырлық шығармашылық еңбегінде оның қаламынан көптеген жырлар туды, сондай-ақ еңбек жолында қоғамдық қызметтерді де абыроймен атқара білген қайраткер. 1948-1963 жылдар аралығында ол газет-журналдар редакцияларында, 1963-71 және 1979-83 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді. Осындай қызмет бабында ол жазушылар съездерінде, Жазушылар одағы басқармасының пленумдарында, әр түрлі одақаралық жиындар мен кездесулерінде баяндамалар жасап, сөздер сөйледі. Сондықтан ақынның поэзиялық туындыларынан басқа көптеген баяндамалары, сөйлеген сөздері, заманымыздың, әдебиетіміздің көкейтесті мәселелеріне арнап жазған очерктері мен публицистикалық мақалалары да баршылық. Жұбан Молдағалиев көркем аударма саласында да елеулі еңбек етті. Міне осыған байланысты ақынның шығармаларын және оның өмірі мен қызметіне арналған әдебиеттерді бір жерге жинақтап биобиблиографиялық көрсеткіш етіп шығарудың қажеттігі туындайды.

Осыған орай Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы ақынның мерейтойына арнап биобиблиографиялық көрсеткіш әзірледі.

Көрсеткіштің мақсаты – ақынның шығармаларын, оның қызметі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттерді тауып оқуға көмектесу, қазақ әдебиетінің озық туындылары қатарындағы ақынның өлең, поэмаларын насихаттау.

Көрсеткіште 1939-1987 жылдар аралығында шыққан әдебиеттер тұтастай қамтылған. Биобиблиографиялық көрсеткішті құрастыруда Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қорындағы кітаптар, жинақтар, журналдар мен газеттер және библиографиялық көрсеткіштер, осы кітапхананың каталогтары мен картотекалары, ҚР Ұлттық кітапханасы шығарған библиографиялық көрсеткіш пайдаланылды.

Көрсеткіш қазақ және орыс тілінде. Жұбан туралы орамды ойлар, өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет, Жұбан Молдағалиевтің шығармалары, мерзімді басылым беттерінде жарияланған шығармалары, баяндамалар, сөздер, очерктер мен публицистикалық және әдеби-сын мақалалары, аудармалары, Жұбан Молдағалиев құрастыруға, редакциялауға қатысқан және алғы сөз бен кіріспе жазған кітаптары түгел қамтылған. Сондай-ақ ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар хронологиялық тәртіпте, мерейтойына байланысты жарияланған әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіпте орналасқан. Құралға көмекші ретінде Ж. Молдағалиев шығармаларының алфавиттік көрсеткіші, есімдер көрсеткіші және басылымдардың аттары қоса берілген. Көрсеткішке 2010 жылдың шілде айына дейінгі материалдар енгізілген.

Биобиблиографиялық көрсеткіш - әдебиет зерттеушілеріне, әдебиетті сүйіп оқитын көпшілік оқырмандар қауымына, ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына, кітапхана қызметкерлеріне арналады.


ЖҰБАН ТУРАЛЫ ОРАМДЫ ОЙЛАР
«Ақын Жұбан Молдағалиев бүгінгі күннің ең актуальды мәселелеріне жедел үн қосып отыратын, соның өзінде де шығармаларынан асығыстық ақауы кездеспейтін алымды талант».

Ғ. Мүсірепов
«Жұбан поэзияда оңай жолды іздемейтін, өз творчествосына барынша қатал, жалпы қазақ әдебиеті алдындағы жауапкершілікті айнытпай ту етіп көтерген қалам қайраткері».

С. Шаймерденов

...Бар қазақ Жұбанға сенбеп пе еді,

Ақынын пайғамбардай көрмеп пе еді,

Есінен туған елдің шығар қалай

Жырыңмен жас ұрпағын тербеткенің....!

Ә. Тәжібаев

«Жұбан Молдағалиев лирикасы – мол дүние, әрі алуан сипатты сырлы жырлар».



М. Әлімбаев
«Жұбан Молдағалиев – қазақ поэзиясындағы, әдебиетіміздегі ірі құбылыс. Ол – Оралдың ғана ақыны емес, қазақтың Жұбаны».

З. Қабдолов
«Туған республикамыздың құрдасы Жұбан бүкіл саналы өмірін Отаны мен отандастарының бақытты жолына арнады».

С. Қирабаев
...Атақ үшін – кеше сенен қызғанған-

Ағайындар таласып жүр өзара

Бірақ олар тектен-текке алқынар

Келер ұрпақ басқашалау талпынар

Дегенмен біз бақыттымыз Жұбаға

Даласы бар,

Даладай кең халқы бар!

Қадыр Мырза Әлі

«Жұбан Молдағалиев – қазақтың жыр дүлділінің бірі, қазақ поэзиясында өз дауысы, өз мәнері, өлеңдегі өз бағыты қалған ірі дарын».



Мүсілім Базарбаев
«Поэзияда да, өмірде де, қуанышта та, қиын шақта да ол Жұбан екен. Жұбан аға екен. Мың өліп, мың тірілген, суыққа тоңған, ыстыққа күйген жан екен. Бірақ мынау келте өмірде алған бағытынан, адалдығынан қайтпапты. Еліне, халқына ол сонысымен мәңгілік ардақты, мәңгілік қадірлі».

Д. Нұрмұханбет
«Жұбан мұрасы – келешекте де жұртшылық кәдесіне аса беретін аса құнды мұра. Ол жылдар озған сайын бүкіл бітім-болмысымен, мәнімен де, нәрімен де жарқырай түсетін асыл қазына».

С. Сейітов

ЖҰБАН МОЛДАҒАЛИЕВТІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНАН ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ
Жұбан Молдағалиев Ақжайық (бұрынғы Тайпақ) ауданының Жыланды деген жерінде, 1920 жылдың 5 қазанында дүниеге келген.

Ел қатарлы ауыл мектебінен білім алған Жұбан 1940 жылы Оралдағы ауыл шаруашылық техникумын бітіргеннен кейін Совет Армиясы қатарына алынады.

Ж. Молдағалиев – қазақ поэзиясындағы, әдебиетіміздегі ірі құбылыс. Ол - Оралдың ғана ақыны емес, қазақтың Жұбаны. Оны Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктерімен де ерен істері, поэзиямен де дәлелдеді. Жұбан 1948-1952 жылдары «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, 1958-1963 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы қызметтерінде болған.

1953-1954 және 1963-1971 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, көркемөнер және архитектура саласындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетінің, «Новый мир» журналы редколлегиясының және «Библиотека поэта» басылымы редколлегиясының мүшесі болған.

«Жеңіс жырлары» деген атпен тұңғыш өлеңдер жинағы шыққан. Содан бергі жылдары ішінде «Нұрлы жол», «Жыр туралы жыр», «Ғашық көзбен», «Заман тынысы», «Айттым сәлем», «Байқоңыр баспалдақтары»», «Ақ жалын», т.б. барлығы 60-тан астам кітабы, әр кезеңде қазақ, орыс тілдерінде таңдамалы шығармаларының бір томдығы, қос томдығы, үш томдығы жарық көрді.

1970 жылы «Кісен ашқан» поэмасы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына, 1978 жылы «Қыран дала» және «Сел» поэмалары үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. КСРО Қорғаныс Министрлігі сыйлығының лауреаты және А. Фадеев атындағы Алтын медальдің иегері. Көптеген шығармалары ағылшын, неміс, француз, поляк, испан, венгер, араб, монғол, словак және басқа шетел тілдеріне аударылған. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.

Ұлы Отан соғысы кезінде жауға қару мен қаламды қатар жұмсаған айбынды жауынгердің ақындық таланты да өмірдің сол бір ауыр кезеңдерінде, қан майданның өлім мен өмір қазанында қайнап қалыптасты. Жас талаптың, алғашқы өлеңдері Отан қорғау тақырыбына арналды.

Өмірдің сын сағаттары жас талапты тез есейтіп, ержеткізді. Ол күндерде оның қаламы ұшталып қана қойған жоқ, ой-сезімі идеялық жағынан да шынығудың дәуірі болды. Өйткені, оның осы тұстағы өлеңдерінің қай-қайсысын алсақ та азаматтық пафоска, патриоттық ой - сезімге толы.

Өмір шындығын шынайы бейнелап, образ жасауға талпынған алғашқы адымдары мен ізденістерін «Атака», «Батыр туралы баллада», «Ер қабірі», «Әлия», «Солдат сыры», «Жауынгер хаттары» сияқты өлеңдерінен көруге болады.

«Батыр туралы баллада» жаумен бетпе-бет айқасқан нағыз жалынды күрескер, күрес майданында көтерілген қызыл жалаудың құдіретті рухын танытады.

Ал, «Ер қабірі» өлеңінде автор соғыста қаза тапқан ерлер өлімінің басқа өлімдерден өзгешелігіне ой жіберіп, дүниені азат еткен жауынгерлер қабіріне әркімнің де бас июге қарыздар екенін еске салады.

Жас талаптың майдан өміріне, Отанға, туған жерге, ерлер ерлігін жырлауға арналған, ыстық ықыластан туған шағын лирикалары соғыс кезінде осылайша туындап жатты.

Жас ақын соғыстан кейінгі дәуір шындығын азаматтық сезіммен бейнелей білді. Оның 1945 жылы Жеңіс күніне арнаған «Жеңімпаздар сәлемі» атты өлеңінде туған халқын тарихи Ұлы жеңіспен құттықтайды.

Жең түріп түстің, енді сен

Жолына бейбіт еңбектің,-

деген өлең жолдары соғыс табы кетпей жатып, жаңа дәуірдің кезек күттірмейтін міндеті, бейбіт еңбекке көшу, соғыс салған жараны жазу екенін түсінгеннің белгісі болатын.

Бейбіт еңбекті, соғыстан кейінгі ауыл өміріндегі өзгерістерді туған даланың бейбіт еңбекпен түлеуін өз поэзиясының өзекті тақырыбы етіп алды. «Ауыл түтіні», «Ақ Жайық», «Бұлақ», «Жаңалық», «Кең жайылып барады» деген өлеңдерінен ауыл өмірін нақты, үлкен оймен жырлай бастағанын көреміз.

Өмірді нақты жырлаумен бірге, уақыт тынысына ой жүгірту, жаңа адамдардың қарапайым, адал махаббаты, сезім сырларына үңілу ақынды жаңа бір белеске талпыныс жасатты. Оның «Уақыт», «Жол туралы аңыз» өлеңдерінде біздің дәуіріміздегі уақыттың айырықша қоғамдық қызметіне философиялық мән берілген.

Бұл тұстағы «Махаббатты таңдасам», «Аққу» өлеңдері де образға бай туындылар. Ақын махаббат ұғымына тек жастықтың сүю сезімін сыйғызып қана қойған жоқ, ел мен туған жерді сүю, жар сүю, ананы сүю - жалпы алғанда сүйе білу сезімінің байлығын сыйғыза білді.

Менің де махаббатқа жаным құмар,

Сол ғана табындырар, жалындырар.

Сол маған ана сыйлап, бала өсірткен

Сол маған жар сүйдірген жанын қияр.

Сол үшін - өмір тілеп жүргенім де,

Сол үшін қанат ұрам жыр көгіне.

Сол ғана ел мен жерді сыйғызады

Адамның жұдырықтай жүрегіне, - дейді.

Жұбан Молдағалиевтің соңғы жинақтарының бірі «Жиырма бес» деп аталады. Бұл кітап - жиырма бес жылғы ақындық еңбектің жемісі десе болғандай. Өйткені, бұл кітапқа ақынның таңдамалы туындыларының біразы енген.

Жинақтағы «Мен қазақпын» деген поэма казақ поэзиясының соңғы жылдардағы көрнекті табысы болып бағалануда.

Қазақ халқының ерте заманғы бастан кешкені мен өмір жолы баяндалады. Ақын бұл арқылы бүгінгі өмірдегі өзгерістерді бейнелеуге мүмкіндік тапқан. Поэма халық тағдырын тұтас танытуға құрылған.

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген -

деп басталып, қазақ халқының азаттыққа дейінгі өмір жолы суреттеледі. Бұл шумақ поэманың алғашқы бөлімінің идеялық түйіні іспетті.

Автор ажалсыз ананы да, пәк сәбиді де, батыр жігітті де, қара көз сұлуды да көріп, жол таппай қараңғыда қамалған халық трагедиясын көркем образдармен де аша білген.

Халықтың жауынгерлік салты, күрес үстінде туғаны, әр-түрлі жорықтар шабуылы оны ерлік пен ізгілік мінездерге шыңдағаны қазақ бейнесінің қалыптасуына тарих қосқан үлестей елестейді. Ол Шыңғыс шабуылын да, Темірдің жезтырнағын да көрді. Ақ табан шұбырындылықты бастан кешірді. Осының бәріне төтеп беріп, өзінің ерлік салтын сақтап қалған халық характерін ашады. Қазақ характерін ашуда оның ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресі тарихының да едәуір маңызы бар. Ол хан мен патшаға қарсы күресте Исатай найзасы болып жарқылдап, Махамбет боп тілінен жыр төгеді. Орыс, қазақ шаруаларының достығын, азаттық пен тәуелсіздік жолындағы күрестердің жолын әңгімелейді.

Халықтың революциялық күрес кезіндегі өмірінде қазақ мінезінің жаңа сипаттары қалыптаса бастайды. Енді ол мың өліп, мың тірілген тарихын емес, мың бірінші рет тіріліп, енді өлмеске бел буғанын айтады.

Қазақ, халқының қазіргі дәуіріндегі шат-шадыман өмірі мен тұрмысын, өзгерген даланы, салтанатты қаланы, Байқоңырдан старт алып жатқан алып кемелерді, қазақтың дарынды ұл-қыздарын мақтан етеді.

Поэманың құндылығы - образдылығы мен ойлылығында, сезімталдығы мен тіл шұрайлығында.

1967 жылы жарық көрген Жұбанның «Айттым сәлем» жинағын оқи отырып, ақынды азаматтық, саяси лирикалар саласында өсу, іздену жолында көреміз.

Абай атындағы республикалық сыйлыққа ұсынылған бұл жинаққа ақынның отыздан астам лирикалық өлеңдері мен «Айттым сәлем» және «Туған жер» атты дастандары енген. Жинақтағы өлеңнің негізгі тақырыбы - туған жер, ана, шынайы махаббат, халқымыздың өткені мен бүгінгі тарихы, оның нұрлы болашағы.

Кітаптағы ана тақырыбына арнаған жырдың бірі - «Мен қазақ әйеліне қайран қалам». Бұл өлең қазақ әйелдерінің өмір шежіресі десе болғандай.

Жұбан әйел туралы ескі ұғымға дау айтып, әйел анаға деген халықтық көзқарасты дәріптеп, қоғамдағы алатын орнымен қадір-қасиетіне жүгіндіреді.

Жұбан Молдағалиев лирик қана емес талантты эпик ақын. Қазақ поэзиясының бұл саласын дамытуда үлкен үлес қосып келеді. Ол өмір фактілерін нақты жырлап, одан қоғамдық үлкен түйін жасауға көбірек барады.

Жұбанның «Қиял қанаты», «Дала дастарқаны», «Жыр туралы жыр» т. б. дастандарын оқудың өзі бір ғанибет.

Ақынның туындыларындағы көркем тіл, тапқыр ой, шебер қиюласқан образдар лирикалық толғауға айналып жатады. Жұбан шығармаларын оқығанда, оның оқырмандар ойынан дәл түсіп, олармен сырласа отырып жазғандай әсер аласың. Ол қазақтың тіл байлығын, мақал-мәтелін, қанатты сөздерін тұрақты сөз тіркестерін орынды пайдаланады.

Адамгершілікті, жан тазалығын, ар тазалығын ардақтайтын Жұбанның асыл жырлары сафы алтындай күйінде туындай беретініне сенім мол.

Жұбан Молдағалиев өмір университетінен тәлім ала жүріп, шығармашылығының жолында ізденгіш те тапқыр, сөз зергері, жыр жампозы атанды. Ол Мұхтар, Сәбит, Ғабит, Ғабиден, Әбділдә сияқты, әдебиеттің ірі өкілдерімен қызметтес, қаламдас болды. Олардан үйрене жүріп, өзгеше жазған, өзінше жазған.

Жұбан Молдағалиев - республикамыздағы әдеби бірлестіктерді ұйымдастырушылардың бірі.

Жұбан Молдағалиев Қазақ КСР-і және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің депутаты болып бірнеше мәрте сайланған халық қалаулысы. Ол «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

1985 жылы Қазақ КСР-інің «Халық жазушысы» атағына ие болған сөз зергері, қазақ көркем сөзінің жыр дариясы.

Еліміз үшін ауыр болған 1986-87 жылдарда сол оқиғаға байланысты Колбиннің алдында сөйлеген сөзі бүгін де нағыз азаматтықтың эталонындай аңызға айналды. Қазақ халқына «ұлтшылдар», «шовинистер» деген ауыр кінәлар тағылып, Мәскеудің қылышынан қан тамып тұрған кезде олай сөйлеу - «Мен қазақпын» дейтін қайсар қазақ Жұбанның ғана қолынан келсе керек.

Қазақтың көрнекті ақыны Жұбан Молдағалиев 1988 жылғы 6 қазанда дүниеден кетті. Бірақ оның қалдырған мұрасы, тындырған еңбегі саптан шығып қалмайтын, келешекте де оқырманын табатын құнды дүниелер. Ол жылдар озған сайын бүкіл бітім-болмысымен, мәнімен де, нәрімен де жарқырай түсетін асыл қазына.

Ж. Молдағалиев бақилық сапарға аттанып кетсе де, ол біздің барша оқырмандарымыздың жадында, зердесінде мәңгілік қалатын арқалы ақын, айбынды азамат.

ЖҰБАН МОЛДАҒАЛИЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫ
1949

1. Молдағалиев Ж. Жеңіс жырлары: Өлеңдер.-Алматы:КБМБ.,

1949.-39 б.

2. Молдағалиев Ж. Қызыл галстук: Өлеңдер.-Алматы:

Казмемоқуқұралбас, 1949.-72 б.
1951-1954

3. Молдағалиев Ж. Бақыт елі: Өлеңдер жинағы.-Алматы, 1952.-

200 б.

4. Молдағалиев Ж. Бастаушымыз партия.-Алматы: ҚКӘБ., 1954.-



76 б.

5. Молдағалиев Ж. Нұрлы жол: Өлеңдер мен поэмалар.-Алматы:

ҚКӘБ., 1951.-79 б.
1958-1961

6. Молдағалиев Ж. Жесір тағдыры: Поэма.-Алматы: ҚКӘБ.,

1961.-124 б.

7. Молдағалиев Ж. Жыр туралы жыр: Өлеңдер мен поэмалар,-

Алматы: ҚКӘБ., 1958.- 84 б.

8. Молдағалиев Ж. Поэмалар.-Алматы: ҚКӘБ., 1960.-130 б.


1963-1965

9. Молдағалиев Ж. Ғашық көзбен: Өлеңдер мен поэмалар.

Алматы: Жазушы, 1964.- 100 б.

10. Молдағалиев Ж. Жиырма бес: Дастандар мен өлеңдер.-

Алматы: Жазушы, 1965.- 405 б.

11. Молдағалиев Ж. Замана тынысы: Поэмалар мен өлеңдер.-

Алматы: ҚКӘБ., 1963.- 88 б.
1967-1970

12. Молдағалиев Ж. Айттым сәлем: Өлеңдер мен поэмалар.-

Алматы: Жазушы, 1967.-124 б.

13. Молдағалиев Ж. Жиырма бес: Дастандар мен өлеңдер.-

Алматы: Жазушы, 1967.-124 б.

14. Молдағалиев Ж. Кісен ашқан: Өлеңдер мен дастан.-Алматы:

Жазушы, 1969.- 96 б.
15. Молдағалиев Ж. Таңдамалы: Өлеңдер.1т.-Алматы: Жазушы,

1970.- 384 б.

16. Молдағалиев Ж. Таңдамалы шығармалар: Поэмалар.2т.

Алматы: ҚКӘБ., 1970.-344 б.


1973-1975

17. Молдағалиев Ж. Қызыл қайың: Өлеңдер.-Алматы: Жазушы,

1973.-176 б.

18. Молдағалиев Ж. Қыран дала: Дастан және өлеңдер.-Алматы:

Жазушы, 1974.- 88 б.

19. Молдағалиев Ж. Сел: Поэма, өлеңдер.-Алматы: Жазушы,

1975.-128 б.
1977-1980

20. Молдағалиев Ж. Байқоңыр баспалдақтары: Дастан және

өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1977.-140 б.

21. Молдағалиев Ж. Қызыл галстук: Поэма.-Алматы: Жалын,

1980.-20 б.

22. Молдағалиев Ж. Мен қазақпын! Поэма.-Алматы: Жалын,

1978.-160 б.

23. Молдағалиев Ж. Шалқыма: Өлеңдер.-Алматы: Жазушы,

1978.-152 б.

24. Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы: Өлеңдер.1т.-Алматы:

Жазушы, 1979.- 688 б.

25. Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы: Поэмалар.2т.-Алматы:

Жазушы, 1980.- 432 б.
1981-1988

26. Молдағалиев Ж. Ақ жалын: Өлеңдер мен поэма.-Алматы:

Жазушы, 1985.-136 б.

27. Молдағалиев Ж. Жомарт дала: Дастаннан үзінді.-Алматы:

Жалын, 1982.-36 б.

28. Молдағалиев Ж. Жыр күнделіктері: Таңдамалы өлеңдері.-

Алматы: Жалын, 1981.- 256 б.

29. Молдағалиев Ж. Кісен ашқан: Өлеңдер мен поэма.-Алматы:

Жазушы, 1988.- 96 б.

30. Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы: Публицистика.

Очерктер. Әдебиет туралы толғаныстар.3т.-Алматы: Жазушы,

1981.-440 б.



2000-2009

31. Молдағалиев Ж. Қызыл қайың: Таңдамалы.-Астана: Елорда,

2000.- 375 б.

32. Молдағалиев Ж. Мен – қазақпын: Өлеңдер мен поэмалар /

Құраст. Е. Дүйсенбайұлы.-Алматы: Раритет, 2007.-240 б.

33. Молдағалиев Ж. Мен қазақпын: Өлеңдер мен поэмалар.-

Орал: Ағартушы, 2009.- 348 б.

34. Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы.1т.-Орал, 2000.-295 б.

35. Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы.-2т.-Орал, 2000.-239 б.

ЖҰБАН МОЛДАҒАЛИЕВТІҢ МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМ БЕТТЕРІНДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН ШЫҒАРМАЛАРЫ
Поэмалар. Өлеңдер
1939-1940

36. Молдағалиев Ж. Ер боламын: [Бір жастың альбомынан] //

Екпінді құрылыс.-1940-23 ақпан.

37. Молдағалиев Ж. Кел жолдастар жырлайық: Өлең // Екпінді

құрылыс.-1939.-1 маусым.

38. Молдағалиев Ж. Менің антым: Өлең // Екпінді құрылыс.-

1939.-24 қыркүйек.
1941-1942

39. Молдағалиев Ж. Алға // Отан үшін.-1942.-9 желтоқсан.

40. Молдағалиев Ж. Анадан хат // Отан үшін.-1942.-24 қазан.

41. Молдағалиев Ж. Ант // Отан үшін.-1942.-11 шілде.

42. Молдағалиев Ж. Бала өлтірушілерге өлім // Отан үшін.-1942.-

21 қараша.

43. Молдағалиев Ж. Ел үшін // Отан үшін.-1942.-8 тамыз.

44. Молдағалиев Ж. Қанды қағаз // Отан үшін.-1942.-9 қыркүйек.

45. Молдағалиев Ж. Қарындасыма: [Майданнан хат] // Екпінді

құрылыс.-1941.-18қыркүйек.

46. Молдағалиев Ж.Қуаныш туралы жыр: [Қ. Тасқараев

туралы] // Отан үшін.-1942.-6 қараша.

47. Молдағалиев Ж. Қызыл ту // Отан үшін.-1942.-30 желтоқсан.

48. Молдағалиев Ж. Махаббат үшін // Отан үшін.-1942.-16

желтоқсан.

49. Молдағалиев Ж. Мергенге // Отан үшін.-1942.-4 қараша.

50. Молдағалиев Ж. Өмір туралы сыр // Отан үшін.-1942.-23

қыркүйек.

51. Молдағалиев Ж. Рахмет // Отан үшін.-1942.-22 шілде.

52. Молдағалиев Ж. Құттықтаймын // Отан үшін.-1942.-25 шілде.

53. Молдағалиев Ж. Серт // Отан үшін.-1942.-6 тамыз.

54. Молдағалиев Ж. Сүйген жарға // Отан үшін.-1942.-29 тамыз.

55. Молдағалиев Ж. Туған елге // Отан үшін.-1942.-7 қазан.

56. Молдағалиев Ж. Үш орден // Отан үшін.-1942.-1 тамыз.


1943

57. Молдағалиев Ж. Алға // Советтік Қарағанды.-1943.-1 қаңтар.

58. Молдағалиев Ж. Біз де алғыс алайық // Отан үшін.-1943.-6

ақпан.


59. Молдағалиев Ж. Біз жеңеміз // Отан үшін.-1943.-23 ақпан.

60. Молдағалиев Ж. Жаса, жаса, мәңгі жаса // Отан үшін.-1943.-2

қараша.

61. Молдағалиев Ж. Жауынгер қызға // Отан үшін.-1943.-10



наурыз.

62. Молдағалиев Ж. Жеңіс құрметіне // Отан үшін.-1943.-19

қыркүйек.

63. Молдағалиев Ж. Жолдасыма // Отан үшін.-1943.-3 сәуір.

64. Молдағалиев Ж. Жоя бер жауды, жоя бер // Отан үшін.-1943.-

16 қаңтар.

65. Молдағалиев Ж. Қазақ: Поэма // Соц. Қазақстан.-1943.-24

қараша; Ленин туы.-1943.-5 желтоқсан.

66. Молдағалиев Ж. Қайнасын кек, қайнасын // Отан үшін.-1943.-

14 сәуір.

67. Молдағалиев Ж. Қайратты қазақ халқына // Отан үшін.-1943.-

13 ақпан.

68. Молдағалиев Ж. Қуаныш туралы жыр: [Қ. Тасқараевқа

арналған] // Соц. Қазақстан.-1943.-19 ақпан.

69. Молдағалиев Ж. Өстік біз бәріміз де бір анадан // Отан үшін.-

1943.-17 сәуір.

70. Молдағалиев Ж. Сәлем саған, Украина // Отан үшін.-1943.-28

қыркүйек.


1944

71. Молдағалиев Ж. Бес жылдықтың картасы: Өлең // Соц.

Қазақстан.-1944.-17 қараша.

72. Молдағалиев Ж. Күтті оны // Майдан ақиқаты.-1944.-22

маусым.

73. Молдағалиев Ж. Қане, достар // Майдан ақиқаты.-1944.-



31 желтоқсан.

74. Молдағалиев Ж. Қарақат көз қарындас // Майдан ақиқаты.-

1944.-24 қыркүйек.

75. Молдағалиев Ж. Латыш қызына // Соц. Қазақстан.-1944.-

24 қазан.

76. Молдағалиев Ж. Отан // Соц. Қазақстан.-1944.-17 маусым.

77. Молдағалиев Ж. Сәлем хат // Майдан ақиқаты.-1944.-5

желтоқсан.

78. Молдағалиев Ж. Сенсің менің сүйгенім. Бауырыңа бас

хатымды // Отанды қорғау.-1944.-4 ақпан.

79. Молдағалиев Ж. Солдат сыры // Екпінді құрылыс.-1944.-

20 желтоқсан.


1945

80. Молдағалиев Ж. Бауырыңа бас хатымды: Өлең // Қызыл

Армия.-1945.-29 наурыз

81. Молдағалиев Ж. Екінші Белорус майданы әскерлері

жауынгерлерінен қазақ халқына хат: [Өлеңмен жазылған

хаттың текстісі Жұбан Молдағалиевтікі] // Жеңіс туы.-1945.-

18 қазан.

82. Молдағалиев Ж. Майдан дәптерінен // Соц. Қазақстан.-1945.-9

мамыр.

83. Молдағалиев Ж. Отан // Соц. Қазақстан.-1945.-17 маусым.


1947

84. Молдағалиев Ж. Азамат қуанышы // Лениншіл жас.-1947.-

26 шілде.

85. Молдағалиев Ж. Әлия: [Совет Одағының Батыры Әлия

Молдағұловаға арналған] // Әдебиет және искусство.-1947.-

№5.-35-36 б.

86. Молдағалиев Ж. Бейтаныс қыз: Өлең // Лениншіл жас.-

1947.-28 маусым.

87. Молдағалиев Ж. Бесжылдықтың картасы // Соц. Қазақстан.-

1947.-17 қыркүйек.

88. Молдағалиев Ж. Галстук // Пионер.-1947.-№7.-5-6 б.

89. Молдағалиев Ж. Гүлдей бер май күніндей // Лениншіл жас.-

1947.-1 мамыр.

90. Молдағалиев Ж. Достық тілек // Қазақстан пионері.-1947.-

11 желтоқсан.

91. Молдағалиев Ж. Жас жолдас // Пионер.-1947.-№10.-7 б.

92. Молдағалиев Ж. Жырдан тілек // Лениншіл жас.-1947.-18

қазан.


93. Молдағалиев Ж. Құтты болсын // Лениншіл жас.-1947.-1

қараша.


94. Молдағалиев Ж. Мақтан, қуан, күлімде // Қазақстан пионері.-

1947.-7 қараша.

95. Молдағалиев Ж. Мектеп // Пионер.-1947.-№10.-6 б.

96. Молдағалиев Ж. Москва // Лениншіл жас.-1947.-7 қыркүйек.

97. Молдағалиев Ж. Москва // Әдебиет және искусство.-1947.-

№9.-12 б.

98. Молдағалиев Ж. Одер жағасында // Лениншіл жас.-1947.-

23 ақпан.

99. Молдағалиев Ж. Сәлем саған май күні // Қазақстан пионері.-

1947.-1 мамыр.

100. Молдағалиев Ж. Сен де әзірлен, пионер // Қазақстан

пионері.-1947.-25 қыркүйек.

101. Молдағалиев Ж. Туған ел туралы өлеңдер // Әдебиет және

искусство.-1947.-№21.-21 б.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет