«Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы анықтама (2012 жылдың қорытындылары) «Өнімділік 2020»



жүктеу 235.95 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі235.95 Kb.


«Өнімділік 2020» бағдарламасын іске

асыру барысы туралы анықтама

(2012 жылдың қорытындылары)
«Өнімділік 2020» бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асырғаннан бастап (2011 жылдың маусымнан – 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін) барлығы Бағдарламаға Қазақстанның 15 өңірінен және өнеркәсіптің 8 саласынан 51 инвестициялық жоба енді, 2012 жылы – олардың 25 жобасы Қазақстанның 12 өңірінен және өнеркәсіптің 6 саласынан (1-қосымша).

Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде жобалардың жалпы құны 152,6 млрд.теңгені құрады, оның ішінде, 2012 жылғы жобалар бойынша – 74,3 млрд.теңге, олардың ішінде, мынадай құралдар шеңберінде мемлекеттік қолдаудың мәлімделген сомасы:

«инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптамасы үшін төлем» - 63,7 млн.теңге, оның ішінде, 2012 жылғы жобалар бойынша - 35,3 млн.теңге;

«ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» - 67,5 млрд.теңге, 2012 жылғы жобалар бойынша – 30,9 млрд.теңге;

«инновациялық гранттар» - 1,8 млрд.теңге, 2012 жылғы жобалар бойынша –653,6 млн.теңге.

Жобалардың мәлімдеушілерінің өз қаражаттарымен қатысуы және екінші деңгейдегі банктердегі қарыздар 50 млрд.теңгеден астамды құрайды.

Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңі ішінде Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстары анағұрлым белсенді болып табылады. Бағдарлама шеңберінде бірде бір инвестициялық жобаны ұсынбаған Маңғыстау облысы бұрынғысынша белсенділік танытпай отыр.

Бағдарлама операторы «ҚИДИ» АҚ-ның оң сараптамасын алған инвестициялық жобаларды өңірлік бөлу 1-суретте ұсынылған.





1-сурет – Өңірлік бөліністе Бағдарламаға енген инвестициялық жобалар

Бағдарламаға енген жобалардың басым көпшілігі құрылыс материалдары мен машина жасау индустриясы салаларына тиесілі. Ал, ең аз үлесін энергетика және металлургия саласы алып отыр (2-сурет).




2-сурет – Салалық бөліністе Бағдарламаға енген инвестициялық жобалар
2012 жылы Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларымен жұмыс

Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы халықты және кәсіпкерлік субъектілерді ақпараттандыруға бағытталған іс-шараларды жарықтандыру шеңберінде жарнамалық-ақпараттық хабарламалар, оның ішінде, баспасөз хабарламалары дайындалды, жергілікті және республикалық БАҚ-тарға сұхбаттар берілді.

Бағдарлама шарттарын, Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну механизмдерін түсіндіру, құжаттар пакетін дайындауға көмек көрсету мақсатында «ҚИДИ» АҚ ҚР барлық өңірлеріне іс-сапарға шықты.

2012 жылы «ҚИДИ» АҚ Бағдарламаны іске асырудың негізгі мәселелерін жарықтандыратын шамамен 40 семинар мен дөңгелек үстел өткізді, олардың шеңберінде 97 өнеркәсіптік кәсіпорындарына барып қайтты.





Өңір

Жалпы саны

Дөңгелек үстелдер

Семинар- кеңестер

Сапарға барған кәсіпорындар

1

Ақтөбе облысы




1

6

2

Ақмола облысы

1

3

8

3

Алматы облысы

1

1

4

4

Атырау облысы




1

4

5

Алматы қаласы




2

5

6

Астана қаласы




3




7

ШҚО

1

1

10

8

Жамбыл облысы




3

8

9

Батыс Қазақстан облысы




1

6

10

Қарағанды облысы

2

3

8

11

Қызылорда облысы




1

6

12

Қостанай облысы




2

8

13

Маңғыстау облысы

1

1

8

14

Павлодар облысы




3

13

15

СҚО




2

6

16

ОҚО




3

12

 

БАРЛЫҒЫ

6

30

97

Өңірлерге барып қайту шеңберінде «ҚИДИ» АҚ Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларымен 100 меморандумға қол қойды, олардың шеңберінде «ҚИДИ» АҚ инвестициялық жобалардың кешенді жоспарларын қалыптастыруды, оның ішінде, кәсіпорынды тиімді дамыту мен жаңғыртуға кедергі келтіретін институционалдық, құрылымдық және экономикалық сипаттағы кедергілерді бірлесіп талдауды, сондай-ақ, өзара ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау мәселелерін пысықтайды. Оның ішінде, 25 жоба Бағдарламаның қатысушылары болды.

Қазақстанның барлық өңірлерінде үй құрылысы комбинаттарын (бұдан әрі - ҮҚК) ұйымдастыруды жоспарлайтын кәсіпорындарды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. ҮҚК-ның 4 жобасы Бағдарламаның қатысушылары болды: «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС (Оңтүстік Қазақстан), «Шар құрылыс» ЖШС (Астана қ.), «ККК Бетон» ЖШС (Қарағанды обл.) және «Болашақ-Т» ЖШС (Батыс Қазақстан обл.). «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС-нің жобасы бойынша зауытты пайдалануға қосу 2013 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған.



Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері арасында ҮИИДМБ іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды, олардың шеңберінде әрбір облыс/қала Бағдарлама аясында кәсіпорындардың белгілі бір санына жаңғырту жүргізуі тиіс.


Өңір

ҮИИДМБ іске асыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес кәсіпорындар саны

Бағдарламаға кірген кәсіпорындардың саны

2012 жылғы жоспардан ауытқу

2011- 2012 жж. іске асырудың барлық кезеңдері ішінде

2012 жыл ішінде

Ақмола облысы

5

2

1

4

Ақтөбе облысы

көрсетілмеген

4

2




Алматы облысы

10

4

0

10

Алматы қаласы

10

7

3

7

Астана қаласы

көрсетілмеген

2

2




Атырау облысы

10

1

1

9

ШҚО

көрсетілмеген

4

2




Жамбыл облысы

5

2

1

4

БҚО

5

2

2

3

Қарағанды облысы

10

5

3

7

Қостанай облысы

5

5

2

3

Қызылорда облысы

5

2

0

5

Маңғыстау облысы

2

0

0

 2

Павлодар облысы

10

4

1

 9

СҚО

5

1

0

 5

ОҚО

10

6

5

5

БАРЛЫҒЫ:

92

51

25

73


Консалтингтік компаниялармен жұмыс

2012 жылдың қорытындылары бойынша инвестициялық жобалардың кешенді жоспарларын әзірлеу немесе сараптамасы бойынша қызмет көрсету үшін ҚР ИЖТМ жанындағы Кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық комиссия 46 консалтингтік компанияларды мақұлдады, олардың ішінде, 36 отандық және 10 халықаралық. Алайда, бүгін Қазақстанның 16 өңірінен 7 облыс қамтылмай қалып отыр (Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары) (3-сурет).



3-сурет - Кешенді жоспарларды әзірлеу немесе сараптамасы үшін аккредиттелген консалтингтік компаниялар
2012 жылға арналған республикалық бюджеттен 011 «Өнімділік 2020» бағытының шеңберінде жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңартуды және сауықтыруды, жаңаларын құруды қолдау», «инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптамасы үшін төлем» құралдары бойынша 30 млн. теңге бөлінді. Бағдарлама шеңберінде 2012 жылы «ҚИДИ» АҚ-ның 23 жобасы бойынша инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу/сараптау кезінде келтірілген жалпы сома 29,6 млн. теңге Бағдарламаның қатысушыларының шығындарының 50 % мөлшерінде өтелетін болады. Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңі ішінде «ҚИДИ» АҚ 57,5 млн. теңге сомаға инвестициялық жобалардың кешенді жоспарларын әзірлеу/сараптау кезінде келтірілген Бағдарламаға қатысушылардың шығындары өтелді.

2012 жылы 051 бюджеттік бағдарлама бойынша – 15 млрд. теңге бөлінді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Өнімділік 2020» Бағдарламасының шеңберінде «БРК-Лизинг» АҚ 11 жобаны мақұлдады, қаржыландыру сомасы 14,5 млрд. теңге, 7,4 млрд. теңге сомаға 7 жоба қарастырылуда, сондай-ақ келешекте 17,5 млрд. теңге сомаға 12 жоба бар.

2012 жылы 052 бюджеттік бағдарлама бойынша – 10 млрд. теңге бөлінді. 2012 жылы республикалық бюджеттің қаражатынан 10 млрд. теңге сомаға бюджеттік несие ұсынылған (29.10.2012 ж. № 1366 ҚРҮҚ сәйкес).

«ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» құралы бойынша 51 инвестициялық жобаның 42 жоба мәлімдеген, олардың он бірін «БРК-Лизинг» АҚ Директорлар Кеңесі 14,5 млрд. теңге сомаға мақұлдады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Мұнаймаш» АҚ-ның жобасы 100%-ға қаржыландырылған (Солтүстік Қазақстан облысы), 4 жоба бойынша қаржыландыру ашылды: «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС (Оңтүстік Қазақстан облысы), «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «ТэкТитан» ЖШС (Қостанай облысы), «Азия Авто» АҚ (Шығыс Қазақстан облысы).

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ның құрал операторынан 8 жоба басқарушылық және өндірістік технологияларды (басқарушылық технологияларды енгізу жоспарын әзірлеу кезеңінде) енгізуді қолдау түрінде 28,9 млн. теңге сомаға құрал алды.

Жалпы алғанда, Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру экономиканың басым секторларында еңбек өнімділігін 1,5-тен 3 есеге дейін ұлғайтуды, энергияны тұтынуды орташа есеппен 30-40%-ға төмендетуді, қуаттарды 80 %-ға дейін жүктеуді ұлғайтуды болжайды.

2012 жылы бағдарламаны іске асыру өздерінің бірінші нәтижелерін бере бастады, олардың арасында, мұнай өнеркәсібінің бұйымдарын шығару бойынша механикалық-өңдеуші өндірісті жаңғырту бойынша «Мұнаймаш» АҚ-ның жобасын атап өту керек. Жоба бойынша ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру шеңберінде 2012 жылғы қазанда Жапония, АҚШ және Бразилия өндірісінің 12 қазіргі заманғы көп функциональды станоктары пайдалануға енгізілді. Жаңа жабдық жоғары дәлдікпен бөлшектерді дайындауға мүмкіндік береді, ал бұл өнім сапасын айталықтай жақсартады. Бір станок бірнеше кәдімгі станоктарды алмастырады және қажетті бөлшекті дайындай отырып, машина қайрау, фрезерлеу және бұрғылау операцияларын бір уақытта орындайды. Сол себепті, жаңа жобаны іске асыру кәсіпорынға бөлшекті механикалық өңдеу уақытын және өнімнің өз құнын қысқартуға, сондай-ақ еңбек өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша 85% жүктеу кезінде еңбек өнімділігі 3 есеге артқан.

Жобалар бойынша Бағдарлама шеңберінде «Алматы вентилятор зауыты» ЖШС, «Азия Авто» АҚ, «Жакко Қарағанды» ЖШС, «Милх» ЖШС, «Қызылжар-2030» ЖШС, «ТЭК Титан» ЖШС, «Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС және «Цин-Каз» ЖШС қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізудің жоспарын әзірлеу бойынша шығындары өтелді. Мемлекеттік қолдаудың аталған шарасының көмегімен кәсіпорын дайын өнімдерді өндіру бойынша қазіргі заманғы автоматтандырылған желілерді енгізді, басқару жүйесін және маркетингтік-тұрмыстық технологияларды жетілдіру бойынша іс-шараларды өткізді.


2011-2012 жылдары Бағдарламаға кірген инвестициялық жобалардың тізбесі

Р/с

Кәсіпорынның атауы

Өңір

Жобаның атауы

Сала

2011 жылдың инвестициялық жобалары

1

«ЭнергоӘлемі» ЖШС

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ топтық су таратқышының соңғы учаскесінде шағын Есік СЭС-3 салу

энергетика

2

«Оңтүстік-құрылыс-сервис» ЖШС

ОҚО, Шымкент қаласы

Индустриялық құрылыс комбинатын ұйымдастыру (темірбетон бұйымдары зауытын жаңғырту бөлігінде)

құрылыс материалдарының индустриясы

3

«Мұнаймаш» АҚ

СҚО, Петропавл қаласы

Мұнай өнеркәсібі бұйымдары механикалық өңдеу өндірісін жаңғырту

машина жасау

4

«Алматы вентилятор зауыты» ЖШС

Алматы қаласы

Өндірістік қуаттылықтарды кеңейту және жаңғырту

машина жасау

5

«Азия Авто» АҚ

ШҚО

Жылына 60 мың автомобильге дейін өндірістік қуаттылықтарды ұлғайту және автоқұрастыру өндірісінің өнімділігін арттыру

машина жасау

6

«ШиеліТас Оңтүстік» ЖШС

Қызылорда облысы

Әк шығару бойынша зауытты салу

құрылыс материалдарының индустриясы

7

«Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ

Алматы қаласы

Зауыттың өндірістік цехтарын жаңғырту

машина жасау

8

«Politerm» ЖШС

Ақмола облысы

Базальттық жыныстардан жасалатын минеральдық тақталарды және маттарды шығару бойынша зауытты салу

құрылыс материалдарының индустриясы

9

«Жако Қарағанды» ЖШС

Қарағанды

облысы


Полипропилендік және полиэтилендік құбырларды шығару бойынша жаңа желіні орнату

химия

10

«Format Mach Company» ЖШС

Павлодар облысы

Ірі және орта құйманы шығаруды ұйымдастыру үшін өндірісті жаңғырту және кеңейту

машина жасау

11

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС

Павлодар облысы

Метил-трет-бутил эфирі мен полипропилен өндірісін жаңғырту

химия

12

«Лисаковск картон-қағаз кешені» ЖШС

Қостанай облысы

Гофрокартон және гофроыдысты шығару бойынша кәсіпорынды жаңғырту

ағаш өңдеу

13

«Милх» ЖШС

Қостанай облысы

Өндірісті жаңғырту – қазіргі заманғы өндірістік, басқару және маркетингтік технологияларды енгізу. «TetraPak» маркасының қосымша желісін енгізу

АӨК

14

«Мелиоратор» ЖШС

Қызылорда қаласы

Қуаттығы жылына 500 мың тоннаға дейінгі цемент зауытын салу

құрылыс материалдарының индустриясы

15

«Қызылжар-2030» ЖШС

Ақтөбе облысы

Жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту және тартқыш электр қозғалтқыштарын жөндеу бойынша өндірісті жаңғырту

машина жасау

16

«ТЭК Титан» ЖШС

Қостанай облысы

Жылыту жабдығын шығару бойынша кәсіпорынның өндірістік қауыттарын жаңғырту

металлургия

17

«Тараз металлургия зауыты» ЖШС

Жамбыл облысы

Ферроқорытпа өндірісін жаңғырту және кеңейту

металлургия

18

«Күрті» ЖШС

Алматы облысы

Күрті кен орнынан граниттерді өндіру бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңғырту және құрылыс материалдарын шығаратын тас өңдеу цехын салу

құрылыс материалдарының индустриясы

19

«Павлодар фармацевтика зауыты» ЖШС

Павлодар облысы

Фармацевтикалық зауытты қайта жөндеу және салу

фармацевтика

20

«Цин-Қаз» ЖШС

Алматы қаласы

Томат өнімдерін шығару бойынша қазіргі технологиялық желіге автоматтандыру және жаңғырту өткізу

АӨК

21

«АгроҚұсИнвест» ЖШС

Қарағанды облысы

Ет бағытындағы қазіргі заманғы құс фабрикасын ұйымдастыру

АӨК

22

«АЗНО» ЖШС

Ақтөбе облысы

Өндірістік жабдықты жаңғырту

машина жасау

23

«Alma Grad Real Estate» ЖШС

ШҚО

Тез тұрғызылатын ғимараттар (ТТҒ) үшін толық кешенді металл конструкцияларын (ЛСТК, ЛМК, МК) шығару

құрылыс материалдарының индустриясы

24

«Қазстрой-

стекло» ЖШС



Алматы қаласы

Шыныны өнеркәсіптік өңдеу бойынша зауытты жаңғырту

құрылыс материалдарының индустриясы

25

«TT-Group» ЖШС

Алматы облысы

Алматы облысының Сарқанд ауданында Төменгі Басқан СЭС-1 және Жоғары Басқан СЭС-2 салу

энергетика

26

«AlakolPower» ЖШС

Алматы облысы

Алматы облысының Сарқанд ауданында Жоғары Басқан СЭС-1 салу

энергетика

2012 жылдың инвестициялық жобалары

1

«ДОК KZ» ЖШС

Қарағанды облысы Қарағанды қаласы

А3/А4 форматталған қағазды шығаратын компанияны құру

ағаш өңдеу

2

«Кентау трансформатор зауыты» АҚ

ОҚО

Трансформаторларды шығару бойынша зауыттың өндірістік қуаттарын жаңғырту және кеңейту

машина жасау

3

«Шымкент-май» АҚ

ОҚО

Жұмыс істеп тұрған май комбинатын жаңғырту

АӨК

4

«Астана-Жиhазфабрикасы» ЖШС

Астана қаласы

«Астана – жаңа қала» АЭА индустриялық паркінде жиһаз фабрикасын ашу

ағаш өңдеу

5

«Орталықтандырылған техникалық көмек» ЖШС

Қарағанды облысы

Қасбеттік кірпішті және жол-тротуар плиткасын шығару бойынша шағын зауыт салу

құрылыс материалдарының индустриясы

6

«Machinery Service Ltd.» ЖШС

Алматы қаласы

Өндірістік базаны салу және «АСТРА» шағын қуатты генераторларды дайындау үшін қазіргі заманғы жабдықты сатып алу

машина жасау

7

«Океан» ЖШС

Қостанай қаласы

Балықты қайта өңдеу бойынша өндірістік қуаттарды жаңғырту және кеңейту

АӨК

8

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС

Қостанайоблысы

Шанақтарды дәнекерлеуді және бояуды қоса алғанда, CKD-құрастыру әдісімен автомобильді шығаруды ұйымдастыру

машина жасау

9

«Павлодар машина жасау зауыты» АҚ

Павлодар облысы

Механикалық цехты жаңғырту

машина жасау

10

«Фирма АТК» ЖШС

Атырау облысы

Темірбетон бұйымдары зауытын жаңғырту бөлігінде индустриялық құрылыс комбинатын ұйымдастыру

құрылыс материалдарының индустриясы

11

«ФК «Ромат» ЖШС Медициналық препараттар зауыты

ШҚО

Гематогендерді шығару бойынша өндірісті жаңғырту

фармацевтика

12

«JuldyzKenan СО., LTD» ЖШС

Алматы қаласы

Полимерлерден бір жолғы медициналық бұйымдарды шығару бойынша зауыт салу

фармацевтика

13

«СМУ-Шығыс» ЖШС

ШҚО, Зайсан қаласы

Темірбетон бұйымдары зауытын жаңғырту және кеңейту

құрылыс материалдарының индустриясы

14

«МБМ -Кировец» ЖШС

Алматы қаласы

Тетіктерді, жабдықтарды және қосалқы бөлшектерді шығару бойынша зауыт өндірісін жаңғырту және басқарушылық және өндірістік технологияларды жетілдіру

машина жасау

15

«GLB» ЖШС

Астана қаласы

Ірі панельді темірбетон бұйымдарын шығару бойынша комбинатты ұйымдастыру

құрылыс материалдарының индустриясы

16

«БИЭПК» ЖШС

Ақтөбе облысы

Шыны пластикалық құбырларды шығаруды ұйымдастыру

химия

17

«ККК Бетон» ЖШС

Қарағанды облысы

Ірі панельді үй құрылысы элементтері бар темірбетон бұйымдарын шығару бойынша зауытта салу

құрылыс материалдарының индустриясы

18

«Шымкентцемент» ЖШС

ОҚО, Шымкент қаласы

Цемент зауытын жаңғырту

құрылыс материалдарының индустриясы

19

«Химфарм» АҚ

ОҚО, Шымкент қаласы

Шымкент қаласында GMP стандарттарына сәйкес инъекциялық және инфузиялық дәрі-дәрмектерді шығару бойынша жұмыс істеп тұрған қуаттарды кеңейту

фармацевтикалық өнеркәсіп

20

«Азия Гласс» ЖШС

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Тараз қаласында шыны ыдыстар шығаратын зауытты ұйымдастыру

құрылыс материалдарының индустриясы

21

«Ордабасықұс» ЖШС

ОҚО, Ордабасы ауданы, Бадам ауылы

Күркетауық етін өндіретін құс кешені

АӨК

22

«MiningChemicalManufactury» ЖШС

Қарағанды облысы

Эмульсиялық қалыптама (өнеркәсіптік жарылғыш заттар компоненті) және өнеркәсіптік мақсаттағы жарылғыш заттарды шығару бойынша зауытты ұйымдастыру

химия

23

Қазақстандық «Нитрохим» оқ-дәрілерді кешенді кәдеге жарату орталығы! ЖШС


Ақтөбе облысы, Алға қаласы

«Жарылғыш заттардың және солардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» (ТР ТС 028/2012) және «Қазақстан Республикасының жарылғыш материалдар өндірісінің қауіпсіздік үдерісіне қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес өнеркәсіптік жарылғыш заттар мен бастамашылық құралдар өндірісін жаңғырту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру


химия

24

«Орал трансформатор зауыты» ЖШС


Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Орал қаласында кернеулігі 6-10 кВт күш беретін трансформаторлар өндірісі

машина жасау

25

«Болашақ-Т» ЖШС

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Орал қаласында үй құрылысы комбинатын ұйымдастыру

құрылыс материалдарының индустриясы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет