Органикалық химияны ойын технологияларын пайдалана отырып оқыту қалдыбек Т. Т



жүктеу 47.92 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі47.92 Kb.
ӘОЖ 37.013
ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОҚЫТУ

Қалдыбек Т.Т.112-13 тобының студенті

Ғылыми жетекші: Битемирова А.Е. – х.ғ.к., доцент

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент


Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы.

Ойын оқушылардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында оқушылардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Сабаққа тиімді қолданылған ойын түрлері - мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне  сенімді көмекші бола алады. Сабақ үстінде оқушылардың  біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра  отырып қатыстыру қажет [1]. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен  орындайды. Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. 

Ойын арқылы оқушы мынаны үйренеді:


  • Қисынды ой-қабілетін дамытады;

  • Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді:

  • Сөздік қоры баийды, тілі дамиды;

  • Зейіні қалыптасады;

  • Байқампаздығы артады;

  • Өзара сыйластыққа үйренеді:

  • Ойынның ережесін бұзбауға, тәртіптілікке баулиды;

  • Бір-біріне деген оқушы сенімі артады;

  • Достыққа, ынтымақтастыққа баулиды;

Сабаққа қызығушылығы артады.

Мен ойын технологияларын пайдалана отырып, органикалық химиядағы майлар тақырыбында интеллектуалдық ойын құрастырдым.



Интелектуалдық ойын  «Химия көшбасшысы»

Мақсаты : Оқушылардың танымдық білімдерін тереңдетіп, теориямен байланыстыра отырып, мәдениетті де, сауатты сөйлеуге дағдыландыру, іскерлік қасиеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығу-шылықтарын арттыру, ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.

Сайыс 5 кезеңге жіктелді :

  1. Бәйге  (оқушылар жылдамдығына қарай, қайсысы дұрыс жауап береді, сол 10 ұпай алады)

 Сұрақтары :

  1. Майдың құрамын анықтаған ғалымдар.(М. Шеврель; М. Бертло)

  2. Майлардың қандай түрлері бар? (Сұйық, қатты)

  3. Адам ағзасына тәулігіне неше грамм май қажет? ( 50—70 г )

  4. Майлар неден алынады? (жануарлар мен өсімдіктерден)

  5. Қой, сиыр, шошқа, кит майы қандай май түріне жатады? (қатты)




    1. Ғажайып жетілік. Қатарлардағы ұпай санының таңдап, онда жасырынып тұрған сұрақтарға жауап береді, соған сай ұпай жинайды.




10

10

10

20

20

20

30

30

30




  1. 101  Табиғи майлар молекуласындағы қаныққан май қышқылдарын ата. ( стеарин, пальмитин)

  2. 102  Сұйық майдың құрамында кездесетін витаминдер. (Е витамині және қан тамырларында холестериннің жиналуына кедергі келтіріп, атеросклерозды болдырмайтын зат — β - ситостерин)

  3. 10 Майлардың тығыздығы қандай? (0,9—0,95 г/см³)

  4. 20Күнбағыс, мақта, жүгері, зәйтүн балық майы қандай майларға жатады? (сұйық)

  5. 20 Еліміздің қай жерлерінде май өндіретін зауыттар бар? ( Алматыда, Өскеменде, Шымкентте)

  6. 20 Майлар нелерде ериді? (Бензинде, керосин мен бензолда)

  7. 301 Табиғи майлар қалай бөлінеді? ( жануар және өсімдік)

  8. 30  Майға су қосып, сілті қатысында қыздырғанда, глицерин және карбон қышқылдары (стеарин және олеин) түзілетінін тапқан ғалым. (Шеврель)

  9. 30  Құрамына қаныққан карбон қышқылының қалдығы кіретін май түрі. (қатты)




    1. « Күміс қақпа» Есептер шешу

1) 30 г метилэтил эфирін алу үшін қанша көлем (қ.ж) этилен қажет.

2) Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы 70% болса,

22 г изопропил спиртінен неше грамм этилизопропил эфирін алуға болады.

3) Құрамында С-40,0%, Н-6,6%, О-53.4% болатын карбон қышқылының формуласын тап?

4) 1 кг 80%-тік сірке қышқылының молекулалық ерітіндісін алу үшін қанша көлем метан (м3.қ.ж) алу керек екендігін анықтау.

5) Егер гидролиз нәтижесінде пайда болған қышқылды гидрлеуге (қ.ж) 13,44 л сутек қажет болса, қанша грамм триолет түзіледі?

6) 89г майды (тристеарат) сумен қосып қыздырғанда, қандай қосылыстар қанша мөлшерде түзіледі? [3]


    1. «Адасқан формулалар» ойынының шарты: Адасқан формулаларды өз орнына орналастыр.




Май қышқылы

С17Н33СООН 

Стеарин

C15H31COOH

Пальмитин

СН3 – СН2 – СН2 – СООН

Олеин

C17H35COOH




    1. « Алтын қақпа» ойының шарты:

Әрбір топқа бір- бірден қызықты тәжірибелер беріледі, онымен танысып, берілген құрал – жабдықтарға сәйкес тәжірибе жасалады.

Тәжірибе 1. Майлардың ерігіштігі.

Пробиркаға 1-2мл бензол құйып оған бірнеше тамшы май тамыз. Пробирканы шайқа май ериді. Егер алынған ертіндіге шыны таяқшаны салып оны фильтр қағазына тамызса, ол буланып қағазда май дағы қалады.

Тәжірибе 2. Сабыннан майды бөліп алу.



1 г сабынды 5 мл дистилденген суда ерітеді, оның үстіне 3 мл күкірт қышқылын құйып, шайқап су моншасына 10-15 минутқа қойыңыз. Бөлініп шыққан қышқылдар ерітіндінің бетіне майлы қабат түрінде қалқып шығады. Егер сабын тоң майдан алынса, суығаннан кейін олар қатады.
Әдебиеттер

  1. Бұзаубақова Қ.Ж. /Жаңа педагогикалық технология/ Алматы, 2004ж.

  2. Г. П. Хомченко. Химия /Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған / алматы «Рауан» 1990.

  3.  Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова,

Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп»2007. 
: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет